Дәнді дақыл түрі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Сәбит Сержан Сәбитұлы

Сусымалы материалдарды кептіруге арналған құрылғының тиімділігін арттыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар

Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Технология және биоресурстар факультеті

"Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: "Сусымалы материалдарды кептіруге арналған құрылғының тиімділігін арттыру"

Беттер саны 61

Сызбалар мен көрнекі

материалдар саны 8 сурет, 8 кесте

Қосымшалар жоқ

-

Орындаған:

Сәбит С. С.
-Орындаған:: 20 18 ж. " ___ " қорғауға жіберілді
-Орындаған:: Кафедра меңгерушісі, б. ғ. к., қауымд. проф.
:
Сәбит С. С.: Мамаева Л. А.
-Орындаған:: Жетекші,
:
Сәбит С. С.:
-Орындаған:: т. ғ. д., профессор
:
Сәбит С. С.: Оспанов Ә. Ә.
-Орындаған::
:
Сәбит С. С.:
-Орындаған::

Норма бақылау

т. ғ. к., доцент

:
Сәбит С. С.: Тимурбекова А. К.
-Орындаған::
:
Сәбит С. С.:
-Орындаған::

Рецензент

т. ғ. д., профессор

:
Сәбит С. С.: Алтаев С. А.

Алматы 2018

МАЗМҰНЫ

бет

АНЫҚТАМАЛАР . . .
7
АНЫҚТАМАЛАР . . .: КІРІСПЕ . . .
7: 9
АНЫҚТАМАЛАР . . .:

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . .

1. 1 Сусымалы дәнді дақылдардың құрылымдық-механикалық қасиеттері . . .

1. 2 Сусымалы дәнді дақылдардың физика-химиялық және технологиялық қасиеттері . . .

1. 3 Электрофизикалық әдістердің жалпы сипаттамасы . . .

1. 4 Астық массасының сіңіргіштік (сорбциялық) қасиеті . . .

1. 5 Астық массасының жылу физикалық және масса алмастыру қасиеттері . . .

7:

14

14

17

20

22

25

АНЫҚТАМАЛАР . . .:

2 негізгі БӨЛІМ . . .

2. 1 Астықты қабылдау, орналастыру және сақтаудың технологиялық негіздері . . .

2. 2 Астықты кептіру технологиясы мен техникасы . . .

2. 3 Астықты тездетіп салқындату технологиясы мен техникасы . . .

7:

28

28

34

36

АНЫҚТАМАЛАР . . .: 3 СУСЫМАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ КЕПТІРУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА ҰСЫНЫС . . .
7: 47
АНЫҚТАМАЛАР . . .: 4 КЕТТІРГІШ МАШИНАЛАРҒА ЖӘНЕ КЕПТІРУ ҮРДІСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАР . . .
7: 50
АНЫҚТАМАЛАР . . .: 5 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . .
7: 53
АНЫҚТАМАЛАР . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
7: 57
АНЫҚТАМАЛАР . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
7: 58

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:

жылу процестері - жүру жылдамдығы берілген және шығарылған жылу жылдамдықтарымен анықталады;

қыздыру - өңделетін материалға жылу беру арқылы температурасын жоғарлату. Химия технологиясында қыздыру зат алмасу және процестерді жылдамдату үшін қолданылады;

салқындату - қайта өңделген материалдың температурасын жылуды шығару арқылы төмендету процесі. Суытқыш агенттер ретінде су, ауа, мұздатқыш ерітінділер қолданылады;

конденсация - жылу шығару арқылы заттардың буын сұйылту процесі. Конденсацияланатын бу мен хладоагент контактісінің принципіне сай жіктеледі;

буландыру - ұшқыш заттарды ұшыру арқылы қатты ұшпайтын ерітіндіні қанықтыру процесі. Буландыру процесінің өту жағдайлары бу аппаратының жұмыс көлеміндегі бу қысымы мен ерітінді қысымының теңесуі болып табылады;

абсорбция - сұйық абсорбентпен газды немесе булы қоспадан газды немесе буды жұту процесі. Абсорбция процесі Рауль заңына бағынады. Абсорбент қысымы таза абсорбент қысымының ерітіндідегі мольдік үлесімен көбейтіндісіне тең;

кептіру - қатты материалдан буландыру немесе пайда болған буды бөлу арқылы ұшқыш компоненттерді бөлу процесі;

какао жарма - какао бұршақтарының құырылған және ұсақталған дәндері, майдың массалық бөлшегі 50 % кем емес, ылғалдылықтың массалық бөлшегі 3 % кем емес, какаовелланың массалық бөлшегі 2 % кем емес;

какао күнжарасы - жартылай майсыздандырылған сығымдалып үгітілген какао, ылғалдылығының массалық бөлшегі 7, 5 % артық емес;

какао майы - какао бұршағынан алынатын май қышқылдарының және ұқсас заттар үшглицеридтерінің қоспасы немесе бос май қышқылдары бар какао бұршағының құрамдас бөліктері, олеин қышқылына қайта есептегенде 1, 75 % артық емес сабындалмайтын заттар, петролеинді эфирді қолданып анықтағанда 0, 5 % артық емес, сығымдалған какао майлары үшін 0, 35 % артық емес;

какао өнімдері - какао бұршағын қайта өңделген өнімдері, шоколад өндірісінде қолданылады: какао жарма, үгітілген какао, какао майы, өндірістік какао ұнтақ;

қант күлділігі - қанттағы минералдық заттардың массалық үлесі, пайызбен берілген;

қант түстілігі - шартты бірлікпен немесе оптикалық тығыздық бірлігімен белгіленген қант ерітіндісінің боялу дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш;

қант ұнтағы - өлшемі 0, 2 мм артық емес құмшекердің майдаланған кристалдары;

қант-шикізат - құмшекер, қант-рафинад және сұйық қант өндіру үшін шикізат болып табылатын, сахароза мен қант еместерден құралған жекеленген кристалдар түрдегі қант қызылшасын немесе қант құрағын қайта өңдеуден алынған өнім;

қант ылғалдылығы - кристалды қанттағы ылғалдың массалық үлесі, пайызбен берілген;

қанттың гранулометриялық құрамы - жалпы массадағы белгілі өлшемдері бар қант кристалдары фракцияларының қатынасы, пайызбен берілген;

қаттылық - жұмылдырылған күштің бұзушы әсеріне қарсы болатын материалдың қасиеті, бұл тұста бірге өзгермейтін пішіні мен құрылымдық элементтердің өзара орналасуы сақталады;

құмшекер - 0, 45 % қоспасы бар кейбір кристалдарының өлшемі 0, 2 ден 2, 5 мм дейін болатын сахароза түрлес тағамдық өнім;

майдалау - сыртқы күштің әсерінен қатты дененің механикалық бұзылу (майдалану) үдерісі;

меласса - соңғы кристаллизациялы утфелді центрифугалау кезінде бөлінетін кристаларалық ерітінді түріндегі қант өндірісінің қосымша өнімі;

өндірістік какао ұнтақ - какао күнжарасын ұнтақтау жолымен алынатын кондитерлік шикізат, құрамында какао майы 12 % артық емес, ылғалдылығы 7, 5 % артық емес, ұнтақталу дәрежесі 3 % артық емес;

сахарозаның инверсиясы - сутегі иондары немесе ферменттер әсерінен су ерітіндісіндегі сахарозаның глюкоза мен фруктозаға айналу үрдісі;

сұйық қант - дайын тағам өнімі ретінде, сонымен қатар тамақ өнеркәсібі мекемелерінде қайта өңделу үшін қолданылатын әртүрлі тазалық дәрежедегі сахарозаның сулы ерітіндісі;

үгітілген какао - какао бұршағын механикалық бұзып, қуырып қабығынан ажыратып ұнтақталған өнім, оның құрамында какао майының массалық бөлшегі 50 % кем емес, 3 % кем емес ылғалдылықтың массалық бөлшегін құрайды;

ұнтақталған какаовелла - какао майының массалық бөлшегі 3 % артық емес, ылғалдылығының массалық бөлшегі 10 % артық емес, ұнтақталу дәрежесі 30 % артық емес.

КІРІСПЕ

Сусымалы астықты ұзақ мерзімге қоймаларда немесе элеваторларда сақтауда дәнді дақылдарды алдын ала кептірудің маңызы аса зор. Өйткені астық дақылдары дәндерінің сақталу барысында түрлі өзгерістерге ұшырауы, нәижесінде ыластанып бүлінуінің бірден бір себебі астық массасы ылғалдылығының тиісті мөлшерден біршама асып кетуінде екені мәлім.

Сондықтан астықты сақтау алдында оны кептіреді. Ал сусымалы астық кептіргіш қондырғылардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру аса маңызды және өзекті шара болып табылады. Бұл тұста кептірілетін астықты сақтау үрдісін және оған қойылатын талаптарды білудің қажеттілігін айта кеткен жөн [1] .

Астықты сақтауда өтетін физиологиялық үрдістер. Астық массасын бүкіл тірі организмдердің өмір сүру жағдайы бірдей жиынтығынан құрылған деп қарастыруға болады. Астык массасынынң тірі компоненттер түрінде құрамына кіретіндер: негізгі дақылдар, арам-шөптер тұқымдары, микроорганизмдер, зиянкес жәндіктер [2, 3, 4] .

Осы аталған тірі компоненттерден тірі тіршілігінің арқасында үрдістер жүріп жатады. Оны жалпы мағынада физиологиялық үрдістер деп атайды. Осы үрдісті білу арқылы оны басқарып астық массасының шығымын азайтып және сапасын арттыруға болады [2, 3] .

Дақылдардың дәні мен тұқымының тұқымдық, технологиялық, азық-түліктік қасиеттерін сақталу уақыттарын оның ұзақтық сақталуы деп атайды.

Астық массасында өтетін физиологиялық үрдістерге мыналар жатады: демалуы, орудан кейін пісіп жетілу және ұрықтанып өсуі [2, 4] .

Астықты сақтаудың ұзақтылығы туралы түсініктеме. Түрлі дәнді дақылдардың дәндері және тұқымдарының көпшілігі орып жинау, одан әрі тасымалдау және сақтау кездерінде тірі организмдер қатарына жатады. Тірі материя өмір сүру, тіршілік етудің керекті шарты тұрақты зат алмасу болатын болса, осының бәрі астық жиымында орын алады. Тіршілік әрекеті негізгі формасы газ алмасу /тыныс алу/ болып табылады. Одан басқа, көп астық партияларының дәндері мен тұқымдарында орақтан кейінгі пісіп жетілуі деп аталатын күрделі физиологиялық биохимялық процестер әлі жүріп жатады. Астық қорын сақтауды дұрыс ұйымдастырмаудың салдарынан болатын өніп кету құбылысы орын алу мүмкін [2, 4, 5] .

Астықты сақтау барысында осы процестердің әдісін тауып белгілі бір жөнге салып отыру арқылы дән шығынын азайтып, тұқымдық және технологиялық сапаларын арттыра түсуге болады. Астықтың әрбір партиясын сақтау және оны халық шаруашылығында тиімді пайдалану тәжірибиесінде әрбір дәнді дақылдың сақтау ерекшеліктері мен сақтаудың мүмкін мерзімі туралы мәселенің елеулі мәні бар [2, 3] .

Дәннің, тұқымның тұтынушылық қасиеттерін (тұқымдық, технологиялық, азық түліктік) сақтай алатын мерзімді ұзақ мерзімді сақтауға төзімділік, (ұзақ тіршілік, ұзақ өмірлілік) деп атайды.

Тұқымдыққа арналған дәннің ұзаққа төзімділігі, оған тұқымдық тірілік қабілетінің толық сақталу талабы қойылатындықтан, оның техологиялық төзімділігінен көп аз болады.

Тұқым шаруашылығында биологиялық және шаруашылық ұзаққа төзімділік деген түсініктер бар. Биологиялық төзімділік деп ең болмаса бірлі жарым тұқымдары өсіп өну қабілетін сақтаған уақыт аралығын атайды. Іс жүзінде, шаруашылық тәжірибиесінде төзімділіктің маңызы жоғары. Шаруашылықтық төзімділік дегеніміз тұқымның өнгіштігі мөлшері бойынша кондиция шамасында болып, тұқымдық сапасы бойынша мемлекеттік талапқа сай бола алатын мерзімі [2, 3, 4] .

Технологиялық төзімділік деп астық партияларының азықтық, жемдік және техникалық мұхтаждыққа пайдалануға жарайтын қасиеттерін жоя қоймаған мерзімді айтады.

Дәннің және тұқымның ұзаққа төзімділігі көп факторларға байланысты. Олардың негізгілері ботаникалық түрі, өсу, өсіру, пісу, өңдеу (тазарту, кептіру, дәрілеп улау және т. б) және сақтау жағдайлары. Қолайлы жағдайларда кейбір өсімдіктің тұқымдары өзінің тіршілікке қабілетін ондаған жылдар сақтай алса, ал басқа бір өсімдіктің тұқымдары бірнеше сағат қана өмір сүреді [2, 3] .

Барлық өсімдіктердің тұқымдарын олардың биологиялық төзімділігі бойынша шартты түрде микробиотиктер, мезобиотиктер және макробиотиктер деп үш топқа бөлінеді.

Бірінші топтағылар өнгіштігін бірнеше күннен 3 жылға дейін, екіншідегілер 3 жылдан 15 жылға дейін және үшіншідегілер 15-100 жылға және оданда көпке дейін сақтайды [2, 4, 5] .

Ауыл шаруашылық өсімдіктері тұқымдарының көпшілігі ыңғайлы жағдайда 5-10 жыл өнгіштігін сақтайды да, мезобиотиктер тобына жатады. Құрғақ тұқымдарды төмен температура жағдайында сақтағанда олардың биологиялық төзімділігі жоғары болады, бірақ өнгіштік %-ының аздығынан шаруашылықтық мәні төмен [2, 4, 6] .

Дала дақылдарының ішінде ең көп ұзаққа төзімділігімен бұршақ дақылдары, сұлы, қонақ, жүгері, бидай көзге түседі. Ұзаққа төзімділігі төмендеу болатын қара бидай, ат қонақ, тары және жылтыр дәнді арпа тұқымдары. Биология ғылыми тұқымдардың тіршілік қабілетінің ұзақ сақталғанда жоғалту себебіне әлі егжей-тегжейлі түсініктеме бермей келеді.

Ең ықтимал себебі ретінде дәннің ақуыздарының тозуынан деген қағидаға сүйенуге болады. Тұымдардың тіршілік кабілетінің жоғалуы ақуыздың коагуляциясымен (ыдырауымен) қатар жүретіндігі байқалған. Тұқымның өнгіштігінің жоғалуы түйіршік ядросындағы хроматиннің біртіндеп толуынан деп жорамалдауға болады. Бұл түйіршіктердің бөлінуін және оның санының көбейюін реттейтін процестерді бұзуға әкеліп соғады [2, 4, 5, 6] .

Ескі ұзақ сақталған дәндердің тұқымдық бүршігін зерттеу онда айтарлықтай елеулі өзгерістердің болатындығын көрсетіп отыр. Мұндай тұқымды сепкенде жарамсыз, қисайған бүршіктер береді де, көбінесе өнбей қалады.

Тұқымдарды ұзақ уақыт сақтағанда тіршілік қабілетін жоюының табиғатын ашу жолында әртүрлі төзімділікпен сипатталуын анықтау үшін ғылыми тәжірибиелер, зерттеулер кең түрде жүргізілуде. Мысалы, Калифорния технологиялық институтында 1948 жылы өсімдіктердің 100 түрінің тұқымдарын сақтау тәжірибесі қойылды. Зерттеуді арнаулы жоспар бойынша 2037 жылға дейінгі, яғни 90 жыл жүргізу көзделіп отыр [2, 4, 5, 6, 7] .

Қоймада 7-ден 10 жылға дейін сақталған бидайдың және қара бидайдың партияларын нан пісіру сапасы бойынша бағалаудың арқасында ұнның шығымы ұн тартқандағы энергия шығыны және пісірілген нанның сапалық көрсеткіштері аз уақыт сақталған астықты өңдегендегі көрсеткіштерінен көп айырмасы жоқ екенін көрсетті [2, 5] .

Астықты ұзақ уақыт сақтағанда оның ұны мен нанының сапасы дәннің бастапқы қасиеттері мен белгілеріне байланысты екенін дәлелденген жайт есебінде қарауға болады. Мәселен, шыны тәрізді жұмсақ бидайдың ұнды жұмсақ бидайдан беріктігі артық. Жақсы пісіп жетілген, дүрыс кептіріліп салқындатылған астық партияларының нандық сапасын төмендетпей, өзгеріссіз 10 жылдай сақтауға болады [2, 4, 5 ] .

Жарма дақылдарының сақтау мерзімі ұзарған сайын дәндері сынғыш, морт бола бастайды да жоғары сапалы жарманың шығымы азая түседі. Майлы дақылдардың тұқымдарында майлар ыдырайды және тотығып қышқылданады. Мұндай тұқымнан алынған май тамаққа, тіпті кейбір техникалық мақсатқа да пайдалануға жарамайды [2, 6] .

Тұқымға арналған астықты сақтау тәртіптері. Астық қабылдау кәсіпорындарына сондай-ақ сұрыпты дәнімен мамандандырылған астық қабылдау кәсіпорындары және кейбір тұқым шаруашылығы зауыттары дайындайтын тұқымдық дәнде түседі. Осындай кәсіпорындар қызметкерлерінің негізгі міндеті- дәнді тұқымдық қорға дер кезінде құю, оларды сақтауға төзетіндей күйге келтіру, сапасын егіс кондициясына жеткізу, бүкіл сақтау мерзімі бойы дәнге мұқият бақылау жасап отыру. Сақтауға қойылған тұқымдық дәнге салғырт қарау оның өнгіштігін күрт төмендетуі ықтимал [2, 4, 5] .

Егіске көп тұқым жұмсалатын біздің елімізде оның өнгіштігінің болмашы төмендеуінің өзі орасан шығынға ұшыратады, себебі бұдан әр гектара жұмсалатын себу нормасы көбейеді. Бидай 60-65 млн гектар жерге себілетін болса, өнгіштіктің 1 процент нашарлауы себу нормасын 70 мың тоннаға дейін өсіретіні есептеп шығарылды. Оның есесіне өнбейтін дән азықтық және жемдік мақсатқа пайдалануға әбден жарамды [2, 4, 6, 7] .

Әр түрлі дақылдардын сортты және будан туқымдары мемлекеттік қорға сақтық қор есебінде және ауыл шаруашылыгына тандаулы аудандастырылган және перспективалы сорттар енгізу үшін келіп түседі.

Тұқым жинау және дайындау басталғанға дейін тұқым шаруашылықтары астық қабылдау касіпорындарында сортты егістерді апробациялау актілері мен жүгері егісін зерттеу актілерін тапсыруға тиіс. Бұл құжаттар егістерді апробациялау жөніндегі нұсқаға сәйкес толтырылады.

Сортты тұқым партиялары сорттық және егістік сапасын куәландыратын арнайы құжаттармен бірге әкелінеді. Оған жататындар: тұқым аттестатын (тұқым анықтамасы, тұқым куәлігі) және кондициялылығы туралы куәлік. Құжат болмаған жағдайда сортты тұқым қабылданбайды [2, 4, 7] .

Астық қабылдау лабораториясының қызметкерлері құжаттар мен актілер мәліметтер дұрыстығын тексереді, одан соң партияларды орналастыруға қажетті сапалық көрсеткіштерді анықтау, сондай-ақ толық тауарлық және ауыл шаруашылық талдау жасау үшін дән үлгісін алады [2, 4, 7, 8, 9] .

Сортты дән жоспарға сәйкес таңдаулы қоймаларға орналастырылады, бұл дәнді оның сорттық тазалығы мен кондициялылығын сақтауға, яғни олардың сапасының егістік дән жөніндегі стандартқа сай болуын қамтамасыз етеді [2, 4, 7, 8, 9, 10] .

Дән партиялары дақылдар, сорттар, репродукциялар, сорттық тазалық категориясы, тұқымдық стандарт класы ішінде ылғалдылығы бойынша бөлек орналастырылады. Класқа жатпайтын тұқым сапасына қарай бөлек қойылады. Оларды орналастырылуда тұқымның сорттық тазалығын сақтауға басты назар аударып, әр түрлі сорттар мен дақылдардың араласып кетпеуіне сақ болған жөн. Тұқымдық дәнді құрғақ күйінде қапта сақтау кезінде қаптар қатарының саны туралы нұсқау 1 - кестеде берілген [2, 4, 7, 8] .

1 - кесте

Тұқымдық дәнді құрғақ күйінде қапта сақтау кезінде қаптар қатарының саны туралы нұсқау

Дәнді дақыл түрі
Дән температурасы, 0С
<10
>10
Дәнді дақыл түрі: Бидай, қара бидай, сұлы, арпа, қарақұмық
Дән температурасы, 0С: 8
8
Дәнді дақыл түрі:

Бұршақ, жасымық, үрмебұршақ, күнбағар,

зығыр

Дән температурасы, 0С: 8
6
Дәнді дақыл түрі: Күріш, тары, қытайбұршақ, үпілмәлік (майкене), күнжіт, көкнәр, арахис, қыша, рапс, арыш
Дән температурасы, 0С: 6
4

Ылғалдылығы мен тазалығы бойынша класқа жатпайтын тұқым партиясы жиналғаннан кейін өңделеді.

Тұқымдық дәнді сақтау . Астық қабылдау касіпорынының басты міндеті-тұқымды сақтап, өнгіштігі мен өну энергиясын жақсарту [2, 4, 7, 8, 9, 10] .

Ылғалдылығы жоғары дән қарқынды тыныс алған кезде дән араларындағы кеңістікте көмірқышқыл газ жиналады да, дән клеткалары анэробты тыныс алудан пайда болатын өнім этил спиртінің әсерінен өледі. Құрғақ дән әлсіз тыныс алады. Оның өнгіштігі тіпті қалың қабат етіп салынғанда да сақталады [2, 4, 7, 8, 9] .

Тұқым өнгіштігін төмендететін ең басты фактор- микроорганизмдер, кенелер мен жәндіктердің дамуы. Қызу да дән өнгіштігін нашарлатады. Ылғалдылығы шеткі мөлшерден жоғары тұқымды салқындату оның өнгіштігіне зиян тигізеді. Ылғалдылығы жоғары болған сайын тұқым да суыққа сезімтал келеді.

Жинаудан кейінгі өңдеу түрлері мен тәсілдері де тұқым өнгіштігін төмендетуі мүмкін. Өнгіштік жарақат алу, кептіру кезінде күйіп қалу, тұқымды дезинфекциялау салдарынан да кемиді. Сақтау мерзімі ұзарған сайын тұқым өнгіштігі де кеми береді.

Тұқым өнгіштігі мен өну энергиясына әсер ететін себептерге жасалған талдау, сақтаудың негізгі тәртібі тұқымды құрғақ, таза және салқын күйде ұстау екенін көрсетеді. Сақтау мерзіміне байланысты тұқым ылғалдылығы әр түрлі болуға тиіс. Ылғалдылығы шеткі мөлшерден екі пайыз төмен болған жағдайда ғана тұқымды ұзақ сақтауға болады. Ылғалдылығы шеткі мөлшерден бір пайыз төмен дән аз сақталады. Тұқымды 5-10 градустан төмен температураға дейін ғана салқындатуға болады. Тұқымдық дәнді ойдағыдай сақтау үшін оны үнемі және мұқият бақылап отыру қажет (2 - кесте) [2, 4, 7, 8, 9, 11] .

2 - кесте

Тұқымдық дән температурасын бақылау мерзімдері

Ылғалдылық деңгейі
Жаңа орылып жиналған тұқымдықтың түскенінен бастап 3 ай бойы
Басқа үйіндінің температурасы, 0С/
0 0 С-тан төмен болса

0 0 -тан +10 0 Сқа

дейін болса

+10 0 С-тан жоғары болса
Ылғалдылық деңгейі: Құрғақ
Жаңа орылып жиналған тұқымдықтың түскенінен бастап 3 ай бойы: 3 күнде 1 рет
Басқа үйіндінің температурасы, 0С/:

15 күнде

1 рет

15 күнде

1 рет

10 күнде

1 рет

Ылғалдылық деңгейі: Құрғақтау
Жаңа орылып жиналған тұқымдықтың түскенінен бастап 3 ай бойы: 2 күнде 1рет
Басқа үйіндінің температурасы, 0С/: 10 күнде 1рет
10 күнде 1рет
5 күнде 1рет
Ылғалдылық деңгейі: Ылғалды
Жаңа орылып жиналған тұқымдықтың түскенінен бастап 3 ай бойы: күн сайын
Басқа үйіндінің температурасы, 0С/: 7 күнде 1рет
5 күнде 1рет
Күн сайын

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстанда өсірілетін дәнді және бұршақ дәнді дақылдарды майдалауда қолданылатын майдалағыш машиналардың заманауи бағыттарын талдау.

Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер орындалуы керек:

  • зерттеу тақырыбы бойынша әдеби шолу жасау;
  • кептіргіш машиналарының жіктелуімен және кептіру технологиясымен танысу;
  • сусымалы массаларды кептіруде қолданылатын қондырғылардың негізгі түрлерімен танысу;
  • сусымалы материалдарды кептіруге арналған құрылғының тиімділігін арттыруға ұсыныс жасау;
  • кептіруге және кептіру үрдісіне қойылатын талаптарды меңгеру;
  • кептіру технологиясы өлшемдерін анықтайтын әдістемені игеру.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Сусымалы дәнді дақылдардың құрылымдық-механикалық қасиеттері

Бидай шикізаты қайта өндіру процесінде тағам өнімдерін әр түрлі механикалық әсерлерге ұшырататын қатты дисперсті жүйе болып табылады.

Бидай шикізатының механикалық жүктелуінің нәтижесінде, қайта өндіру үрдісінде серпімділік, беріктілік, қаттылық (қатаңдық), ағымдылық, морт сынғыш, сыртқы үйкеліс және тағы сол сияқты реологиялық қасиеттер маңызды болып табылады [10, 11, 12] .

Беріктілік материалдың технологиялық өңдеу процесіндегі (майдалау, араластыру, түйіршіктеу) сыртқы күштердің бұзушы әсеріне төтеп беруін жасай алатын қабілеттілігін анықтайды [12] .

Беріктілікті бағалау үшін ағымдылық шегі, уақытша төтеп беруі, беріктілік шегі және сол сияқты басқа да әр түрлі бақылау өлшемдері пайдаланылады.

Беріктілік шегі σ р нәтижессінде материалдың бұзылуы жүзеге асатын қуат болып табылады. Өз кезегінде σ р шамасы деформация түріне (ажырау, сығылу, жылжу, кесілу және сол сияқтылар) байланысты, өйткені әр материалдың беріктілік шегі әр түрлі.

Материалдардың серпімділік қасиетін сипаттау үшін ерекше мәндерді пайдаланады [12] :

  • Юнгтың серпімділік модулі:(1)
  • Пуассон коэффициенті:(2)
  • жылжу модулі:(3)
  • серпімділіктің көлемді модулі:(4)

мұндағы σ - қалыпты күш; τ - жанама күш; - созылыңқы деформация; - көлденең деформация; γ - жылжу деформациясы.

Қаттылық - материалдың өзгермейтін форманы сақтай отырып, қосылған күштің деформациялаушы әсеріне төтеп бере алатын қасиеті және құрылымдық элементтердің өзара орналасуы [12] .

Гук заңының орындалуы шегіндегі қарапайым деформация жағдайында қаттылық серпімділік модулінің туындысы немесе дененің кейбір физикалық сипаттамаларының жылжу модулі ретінде сандық анықталыды [12] :

  • созылу-сығылу кезінде: көлденең қиылысу ауданындағы серпімділік модулінің туындыларыY = E · F;
  • жылжу кезінде: көлденең қиылысу ауданындағы жылжу модулінің туындыларыY = G · F;
  • иілу кезінде: инерцияның осьтік моментіндегі серпімділік модулінің туындыларыY = E · I.

3 кестеде ылғалдылықтың екі түрлі мәнді кезінде әр түрлі дақылды дәннің құрылымдық-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері көрсетілген [11, 12, 13] .

3 кесте

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егіс
Майбұршақ дақылы, үрмебұршақ дақылы және агротехникалық шаралар
Асбұршақ дақылы
Атбас бұршақ және бөрібұршақ дақылдарын өсіру технологиясы
Күздік бидай және қара бидай
Жасымық біржылдық бұршақ тұқымдас өсімдік
Сұлы, қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу жайлы
Күздік дәнді - дақылдар
Сұлы және қарақұмықты өндіру технологиясы және зерттеу
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы. Өсіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz