Ағысты линиядағы тиекті реттеу кезіндегі сораптың сипаттамасы


Аңдатпа
![]()
Дипломдық жоба сумен жабдықтайтын сорғыш станцияның
автоматтандырылуына арналған. Жобада сорғыш станцияның қысқаша
сипаттамалары мен сорғы қондырғысының жұмыс тәртібінің сипаттамасы
берілген.
Сорғының ЖТ-АҚ жүйесіндегі статикалық сипаттамалары, оның ішінде
механикалық сипаттамалары көрсетілген. Сонымен қатар, U/f=const кезіндегі
асинхронды қозғалқыштың шынайы және жасанды механикалық
сипаттамаларына есептеулер жүргізілген.
Күштік сұлба элементтері мен параметрлері есептеу арқылы Siemens
фирмасының MICROMASTER 440 жиілік түрлендіргіші таңдалынды.
Берілген жиілік түрлендіргіштің негізгі ерекшеліктері қарастырылып,
аналитикалық шолу жасалған.
Matlab бағдарламасы ортасында ЖТ-АҚ сызықталған жүйесінің моделі
құрастырылып жылдамдық және тоқ бойынша көшу процесінің графиктері
алынған.
Жобаның өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде сумен жабдықтайтын
сорғыш станциялардығы ақаба суларды гидроциклондар арқылы тазалауға,
дренчерлік автоматты өрт сөндіру жүйесіне есептеулер жүргізілген.
Дипломдық жобаның экономикалық бөлімінде жиілік түрлендіргіш
базасында жаңа электржетек жүйесінің қаржылық - экономикалық тиімділігі
қарастырылған.
Аннотация
Дипломный проект посвящен автоматизации насосной станции
водоснабжения. В проекте дано краткое описание насосной станции и режим
работы насосной установки.
Показаны статические характеристики, коктретнее механические
характеристики системы ПЧ-АД. А также сделаны расчеты естественных и
искусственных механических характеристик АД при U/f=const.
С помощью расчета
параметров и элементов силовой схемы
преобразователя частоты был выбран преобразователь частоты фирмы
Siemens MICROMASTER 440. Рассмотрены основные особенности
выбранного преобразователя частоты и сделан аналитический обзор.
В программной среде Matlab была спроектирована модель
линеаризованной системы ПЧ-АД и выведены графики переходного процесса
по скорости и по току.
В разделе безопасности жизнедеятельности произведен рассчет очистки
сточных вод и расчет автоматической дренчерной системы пожаротушения в
насосных станциях водоснабжения.
В экономической части дипломной работы рассматривалась финансого -
экономическая эффективность новой системы электропривода на базе
преобразователя частоты.
Abstract
This thesis project is dedicated to the automation of water pumping station.
The project is a brief description of the pumping station and the operation of the
pumping unit .
Showing the static characteristics, namely mechanical characteristics of the
FC-IM system. And also made calculations of natural and artificial mechanical
characteristics of FC-IM, when U/f = const.
With the calculation of the parameters and elements of the power circuit of
the frequency converter has been selected inverter Siemens MICROMASTER 440.
Considered the main features of the selected frequency converter and made an
analytical review .
In the programming environment Matlab was designed for the linearized
system model of FC-IM and output graphics transient speed and current .
In the section of life safety produced calculations sewage treatment and
automatic deluge system exinguishing in water pumping stations.
In the economic section of thesis examined finance - economic efficiency of
the new electric drive system based on the frequency converter.
Мазмұны
Кіріспе . . . . . . … . . . 7
1 Сорғыш станциясының технологиялық картасы . . . 9
1. 1 Сорғы қондырғысының жұмыс тәртібі . . . … . . . 9
1. 2 Реттеу тәсілдері және техникалық-экономикалық тиімділік … . . . 14
1. 3 Электр тиегін таңдау және негіздеу . . . 23
2 ЖТ-АҚ жүйесінің статикалық сипаттамалары . . . 29
2. 1 ЖТ-АҚ механикалық сипаттамалары . . . . . . ……… 31
2. 1. 1 U/f=const (f=50Гц) кезіндегі АҚ шынайы механикалық сипаттамасы . . . 31
2. 1. 2 U/f=const (f1=40, f2=30, f3=20) кезіндегі АҚ жасанды механикалық
сипаттамаларын есептеу . . . 34
3. Жиілік түрлендіргіші және күштік сұлба элементтері мен параметрлерін
есептеу. . . . . . . . 40
3. 1 Инвентор мен түзеткіштің күштік элементтерін таңдау және есептеу. … 40
3. 2 Жиіліктің сериялық түрлендіргіші мен аналитикалық шолуы . . . … . . . 45
3. 3 Қоректендіруші желіге жиілік түрлендірушінің әсерінің бағасы. . …… . . . 50
3. 3. 1 Электрэнергиясының сапасының сұрағы . . . 50
4 ЖТ-АҚ жүйесінің математикалық моделі . . . 54
4. 1 ЖТ-АҚ жүйесінің математикалық сипаты . . . ……… . . . 54
4. 2 MATLAB ортасында ЖТ-АҚ моделі . . . . . 58
5 Өміртіршілік қауіпсіздігі . . . 61
5. 1 Сумен жабдықтау кәсіпорындарында ақаба сулардан тазалау әдістері . . . 62
5. 2 Ақаба суларды гидроциклондар арқылы тазалауға есеп жүргізу . . . 66
5. 3 Станциядағы дренчерлік автоматты өрт сөндіру жүйесін есептеу . . . 70
6 Экономикалық бөлім . . . 78
6. 1 Асинхронды қозғалтқыш - тиристрлік жиілік түрлендіргішті жүйені
енгізудің экономикалық дәйектемесі . . . 80
6. 2 Инвестицияның қаржылық-экономикалық көрсеткіштері . . . 85
6. 3 Негізі шығындар есептеу . . . 85
6. 4 Жобаланатын жүйенің тиімділігінің есебі . . . 88
Қорытынды . . . . …… . . . . . . 86
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . 87
Кіріспе
Өндіріс
аймақтарында электроайналымдарға
шығындалатын қуат
мөлшерінің басым бөлігі желдеткiш пен
сорғыштарға жұмсалады.
Коммуналдық шаруашылық саласында бұл үрдіс айқын көрініс тапқан.
Сорғыш бекетінің қызметі берілген қысымды ұстап тұру болып
табылады. Өндіріп алынатын сұйықтық шығыны
нақты жағдайларға
байланысты елеулі өзгеріске ұшырауы мүмкін. Барлық сорғыш станциялары
төтенше жағдайлардың туына байланысты максималды шығынға (мысалы: су
тасқыны, өрт т. б. ) есептеледі. Ендеше әртүрлі тұтыну жағдайындағы қалыпты
жұмыс жүйесін қамтамасыз ететін реттеу құралдарын қарастыру қажет.
Тұтынуды (тәулік бойғы, маусымдық) азайтуда реттелмеген сорғы нақтылы
жылдамдықта айнала береді де гидрожүйеде артық қысым туғызып қуат текке
шығындалады. Мұндай жағдайда қысым нақтылы қысымнан бірнеше есе
жоғары болады. Артық қысымның кесірінен су, жылу ысырап болып,
құрылғының ресурсы төмендейді.
Егер сорғыш қалыпты жылдамдықта жұмыс жасаса, оны жіберуді
реттеудің қарапайым тәсілі - дроссельдеу, яғни сорғыштың қысымды
құбырындағы ысырмасын жартылай ашып қою болып табылады. Осы
сипаттағы мысалға ғимаратты жылыту жүйесі мен ыстық және суық сумен
жабдықтау станциялары жатады. Бұл станциялардың максималды өнімділікке
негізделген механизмі біраз уақыт төмен өнімділікпен жұмыс жасайды. Бұл
әртүрлі уақыт аралығындағы қажеттіліктің өзгеріп отырғандығын білдіреді.
Кейбір деректер бойынша салқын сумен жабдықтау сорғылардың тәуліктік
орташа мөлшердегі жүктемесі максималды 50-55% құрайды.
Сумен
жабдықтаудың осы күнгі реттелмеген электроайналым жүйесі суды тұтынуды
азайту үшін пайдаланылатын қуатты айтарлықтай төмендетуді қамтамасыз
етпейді, сондай-ақ жүйедегі қысымның елеулі өсуіне себепші болады, бұл
судың азаюы мен сумен жабдықтау жүйесі мен технологиялық жабдықтау
жұмысына кері әсерін тигізеді.
Қазіргі уақытта тұтынуды реттеу құбырды қалқалағыш арқылы тиімді
қиманы өзгерту арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда сорғыш реттеу болмаған
кездегідей қалқалағыштың қысымға қарсы тұруына қуат шығындайды, ал
қысымның артуы сұйықтықтың азаюы мен құрылғылардың істен шығуына
әкеледі.
Тұтынудың өзгеруін ауық-ауық реттеуде
коммутация арқылы
гидрожүйені сорғылардың түрлі санымен қамтамасыз етіледі. Мысалы, егер
бір сорғы қажетті тұтынуды қамтамасыз етпесе, онымен қатар екіншісі,
үшіншісі және т. б. қосылады. Мұндай реттеулердің кемшілігі олардың
кідірмелілігі болып табылады. Мұндай реттеулердің сапасын тұрпайы
дискреттілігі үшін қанағаттанарлық деуге болмайды, ал бұл қуат пен
өндірілетін сұйықтықтың азаюына әкеледі. Онымен қоса, сорғыштарды қосу
мен айыру жүйедегі
гидросоққылардың жиіленуі,
ал
сорғыш
қозғалтқыштарының іске қосқыш тоғы
тізбектегі
токтың ырғуын
көрсеткіштен 5-7 есеге арттыруы құрылғылардың ресурстарына кері әсерін
тигізіп, бұзылуына әкеледі.
Барлық айтылғандар сорғыш станцияларында тұтыну мен су құбырлар
жүйесіндегі қысымды реттейтін жаңа технологияларды енгізудің қажеттілігі
туралы, бұл сорғыш станцияларының жұмысының тиімділігін арттырып, суды
қолдануда ысырапқа жол бермей, технологиялық құрылғылардың қолдану
мерзімін арттырады.
Бітірушінің жұмысында қарастырылған сұрақтарды заманауи
жылдамдықты өзгертушінің көмегімен сорғыштың электроайналымының
айналым жылдамдығын бірқалыпты реттеу жолымен шешуді ұсынылады.
Негізгі бөлім
1 Сорғыш станциясының технологиялық картасы
1. 1 Сорғыш қондырғысының жұмыс тәртібі
Сорғыш қондырғысының жұмыс тәртібі суды тұтыну тәртібінің
өзгеруіне тікелей байланысты.
Суды тұтыну тәртібі тәуліктік, апталық, және т. б. сутұтыну кестесіне
сай сипатталады. 1. 1-суретте шағын елді мекеннің тәуліктік сутұтыну
кестесінің үлгісі берілген.
Q
Q
Q
Q
Q
Q
Q
Q
Q
Q
Q
Q
Q
Q
t, сағ
Сурет 1. 1 - Сутұтынудың тәуліктік кестесі.
ат.
Q
![]()
Сурет 1. 2 - Ірі сужүргізу станциясының бір жылға су жіберуінің қисық
орналасуы.
Сутұтыну кестесі біркелкі еместік коэффициенттерімен сипатталады.
Біркелкі еместіктің максимальді коэффициенті:
Kmax=Qmax/Qcp,
Qmax- максимальді сутұтыну;
Qcp- сутұтынудың орташа көрсеткіші.
Біркелкі еместіктің минимальді коэффициенті:
Kmin= Qmin/Qcp,
(1. 1)
(1. 2)
Qmin- сутұтынудың төменгі көрсеткіші.
Сутұтыну тербелісінің диапазоны мынадай қатынастармен сипатталады.
λ = Qmin/ Qmax.
(1. 3)
Бұл сондай-ақ
максимальді және
минимальді
біркелкі
еместік
коэффициенттері арқылы да көрінеді.
λ = Кmin/ Кmax.
(1. 4)
Әдетте ір құбыр құбырдың өзінен, сорғыштық және құйғыштық
станциялардын тұрады. Құбыр желілерінде айдаудың төмендегідей сызбасы
қолданылады:
1) аралық, басқы немесе аралық сорғыш станциясы суды келесі
сыйымдылыққа қотарады;
2) әрбір сорғыш станцияларында орнатылған
резервуарлар арқылы;
мұнда су келесі сорғыш станциясында бітеді де одан әрі қарай айдап қотаруға
алып кетеді;
3) қосылған резервуармен су айдау транзитті орындалады, резервуар
буфер қызметін атқарады;
4) сорғыштан - сорғышқа; су айдау құбырдың өн бойына транзитті түрде
орындалады.
Алғашқы екі сызба су қотару технологиясы мен магистральді құбыр
жұмысы тәртібін басқаруда соншалықты қарапайым; жетіспейтіні - әр
станцияға ірі сыйымды ыдыстардың қажеттілігі, қосымша сұйық жоғалту.
Үшінші сызба бірінші(екінші) мен төртінші арасындағы аралық болып
табылады. Ол төртінші сияқты транзитті, бірақ алдыңғы сорғыштардың
есебінен келесі станцияға өтердегі қысымды сүйеу режимін қамтамасыз ете
алмайды.
Төртінші сызба барынша үдемелі, бірақ ол айдаудың технологиялық
үрдісін басқару үшін қиындау:
құбырдың өн бойында су жібердің бір
қалыпты болуын, барлық сорғыш станцияларында қажетті өзара қатысты
тегеуріндердің болуын талап етеді.
Сәт сайын желілерде тікелей жұмыс істейтін сорғыш қондырғыларын
аралық сыйымдылығы бар ыдыстарсыз жіберу су тұтынумен тең (кему
болмағанда және өндірістік емес шығындар) .
Шындығында су жіберудің кез-келген жүйесінде кему мен өндірістік
емес шығындар болады, оның маңызы көп жағдайда жалпы су жіберудің 15-
20% құрайды. Олай болса, сорғыш қондырғысының жіберуі сутұтынудан осы
мәнде көп болуы керек.
Тұрақты су тұтыну кезінде қондырғылар үнемі беру және қысым немесе
тегеурінмен жұмыс жасайды, олардың өзара арасалмағы бар:
Pпол = H*Q*γ*g,
(1. 5)
Н - тегеурін, Па;
Q - беру;
g - еркін түсу үдеуі, м/с2.
Су тұтыну өскен сайын беруді көбейтуге тура келеді. Сондықтан
құбырларда қысымды жоғалту артады. Бұл кемулерді теңестіру үшін сорғыш
қондырғыларымен таратылатын қысымды көбейту қажет. Су тұтынуды азайту
үшін беру мен қысымды азайту керек. Су тұтыну мен беруді сәйкестендіру
қазіргі уақытта көбіне жұмыс істеп тұрған сорғыш агрегаттарының немесе
сорғыштардың тегеурінді желілеріндегі ысырмалардың ашылу дәрежесінің
және сорғыш қондырғыларының өзгеруі арқылы жүзеге асады.
«Қалалық
су арнасы»
жүйесі қарамағындағы барлық сорғыш
станцияларын шоғырланған сыйымдылық арқылы автоматты режимде
жұмыс істейтіндер мен
қалалық су құбыры желісінен тұрақты режимде
жұмыс істейтіндер деп бөлуге болады.
Жинақтаушы сыйымдылық арқылы қолданушыға су беру сорғы
құрылғысының жұмыс істеу уақыты әртүрлі уақыт аралығында сорғы
құрылғысын беру су пайдаланудан өзгеше болатынымен негізделеді. Егер су
берілу су қолданудан көп болса, сұйыққоймадағы су деңгейі көтеріледі, егер
аз болса, су деңгейі төмендейді. Су берілу мен су қолдану бірдей болған
жағдайда сұйыққоймадағы деңгейі бір орында тұрақталады.
Бір агрегаттан тұратын сорғы қондырғысының жұмыс уақытын реттеу
белгіленген төменгі мәнге дейін су деңгейін төмендеуі кезінде агрегат қосу
немесе белгіленген жоғарғы мәнге дейін су деңгейін жоғарлату кезінде
агрегатты өшіру арқылы жүзеге асырылады. Содан соң цикл қайталады. Егер
электр қозғалтқыш жүктемесі атаулы мәнге жағындағанда, ал қуат ондаған
кВт-тан аспаған жағдайда берілген станция жеткілікті электр қуатын үнемді
тәртіпте жұмыс істейді. Үлкен қуатта және жиі жіберу кезінде, соның ішінде
мезгілінен бұрын құрылғының тозуы әсерінен қосымша жоғалтулар пайда
болады.
1. 3-ші суретте ұдайы тәртіпте жұмыс істейтін сорғыш станциясының
сантехникалық сұлбасы көрсетілген.
1 - қалалық су таратқыш; 2, 3, 4, 8, 15, 16 - технологиялық ілмекті
қысқыштар; 7, 11, 12 - қайырмалы қақпақ; 5, 6, 13 - сорғылар; 17 - желінің
қысымды су таратқышы; 9, 14 - негізгі электр қозғалтқыштары; 10 - сақтық
электр қозғалтқыштары.
Сурет 1. 3 - Ұдайы тәртіпте жұмыс істейтін сорғыш станциясының
сантехникалық сұлбасы
Берілген станцияның сорғы қозғалтқышы желіге тікелей қосу арқылы
қосылады және әрдайым жұмыс істеп тұрады. 5 және 13 (6) сорғылары
қалалық су таратқыштан 1 суды алып, қайырмалы қақпақ 7 (11, 12) және ілмек
арқылы (8) қысымды су таратқышқа (17) жібереді.
Сорғы өнімділігі берілген су таратқыштан су шығындары 17 және де
әдетте жеткілікті қоры бойынша таңдалады. Сәйкесінше қормен электр
қозғалтқыш та таңдалады. Тәулік бойы су сапасына байланысты су
таратқышта қысым тербелісі байқалады. Түнгі уақытта су сапасының күрт
төмендеуі әсерінен қысым көрсетілген мәннен жоғары көтеріліп, электр
қуатын жоғалтуға әкеліп соқтырады, өйткені қозғалтқыш тұрақты жиілікпен
айналады, дегенмен нәтижеінде қосылыстардағы, ілмектегі және винтельдегі
су жоғалтуларын азайтады.
Мұндай жағдайда міндетті түрде шығынға байланысты құбыр
өнімділігін реттеу ұсынылады.
![]()
1. 2 Реттеу тәсілдері және техникалық-экономикалық тиімділік
Реттеллетін әсерлердің құрылыс-технологиялық немесе шұғыл-
қолданылатын түрлері болады.
Құрылы-технологиялық әсерінен сорғы-құбыр жүйесінің
параметрлеріне келесілерді жатқызуға болады:
1.
техникалық тапсырмаға сәйкес құбырдың геометриялық және
техникалық параметрлерін таңдау;
2.
3.
сорғы парамертлерін сәйкестендіру;
сорғы дөңгелектерінінің параметрлерін өзгерту мақсатында
нүктелендіру;
4.
осы мақсатпен сорғы дөңгелектерін алмастыру.
Осы шаралардың барлығы монтаждау және құбырды салуды жобалау
кезеңінде орындалады, бирақ күнделікті құбырды пайдалануда
қолданылмайды, сондықтан келісіде оны қарастырмаймыз.
Қазіргі уақытта құбыр жұмысының тәртібін реттеудің төрт тәсілі
белгілі:
- тізбектей (параллель) сорғыны қосу тәсілімен реттеу;
- құбырды дросселирдеу тәсілімен реттеу;
- тартқыштың жіберу бөлігінің оның кірісіне қайта іске қосу әдісімен
реттеу;
- жетек электр қозғалтқышының айналу жиілігін өзгерту арқылы реттеу.
Бірінші тәсіл қосымша сорғыларды қажет етеді. Қуаттың кең
аралықтағы мәнін өзгертуге рұқсат етеді. Егер олардың мінездемесі сәйкес
болса, сорғы-құбырдың пайдалы әрекет коэффициенті сәйкесінше жоғары
болады.
Алайда бұл әдістің кемшіліктері бар. Бұл әдістің басты кемшілігінің бірі
ағысты таратудың бақылау дискреттілігі. Бұл жүйеде ағысты станцияда
құбырды жасау екінші бір кемшілік болып табылады. Мұндай жағдайда
толқынның қысымы құбыр ішіндегі судағы дыбыстың таралуына көлденең
таралады, бұл құбырда ақаулардың тууына әкеледі.
Көрсетілген кемшіліктер таза түрде өзі қолданбайды, ол дросселеу
әдісімен үйлесімін тәжірибеде кең түрде тапты.
Екінші әдіс - дросселдеу, ол линия немесе ағыс тиегімен іске асады.
Сорғының ағысындағы тиектің беруін реттеу ағысты линиядағы кедергінің
үлкеюіне негізделген. Бұл әдіс кең таралған, себебі бұл жағдайда қосымша
қондырғыны орнатуды қажет етпейді.
Бұл реттеу әдісінде желі сипаттамасы өзгереді. Ағысты құбырдағы
тиекті жапканда құбыр кедергісі үлкееді. Құбыр сипаттамасы (1. 4-сурет) Q-H
сорабының сипаттамасын R1 нүктесінде қиып өтеді. Сорапты орнатудағы ПӘК
ағыстардың айырымы, яғни дамып келе жатқан сораппен желі талап етілген
сораптың айырымы артқан сайын азаяды.
Бұл жағдайда ағысты беру азайған жағында ғана реттеу жүзеге асады.
Ағыс тиегін реттеу экономдылығын қуат және сорапты қондырғының ПӘК-
ны анықтау қажет.
Сорап ағысының беруін жұмыс тәртібінің өзгеруіне сәйкес өзгертуді
реттеу деп атаймыз. Орта сораптар сорапты линиядағы тиектің ашылу
сатысына қарай өзгеру жолымен немесе жұмыс сақиналарының айналу
жиілігінің өзгеру жолымен реттеледі.
Тиекті ашып немесе жапканда Q-H құбырының сипаттамалары өзгереді.
Ол оның гидравликалық кедергісіне тәуелді. Тиекті жапқанда құбыр
сипаттамасы улкееді, бұл жағдайда А1 сорабының жұмыс нүктесі А2
жағдайына ауысады. Және де беру Q2 мәніне дейін азаяды, сораппен іске
асатын ағыс H2 мәніне дейін өседі, ал құбырдағы ағыс H/2мәніне дейін азаяды.
Құбырдағы ағыстың азаюы тиектегі ағыстың ΔH жоғалуынан болады.
Тиекті ашу сатысын кюбейте отыра, құбырдың сипаттамасын азайтуға
болады. Салдарынан беріліс көбееді де, сораппен іске асатын ағыс азаяды, ал
құбырдағы ағыс көбееді. Бұл дроссерлеу деп аталатын реттеу әдісінің
экономдылығы аз, себебі тиектегі қосымша гидравликалық кедергіні басу
үшін тиекте қосымша энергия жұмсалу қажет.
Сурет 1. 4 - Ағысты линиядағы тиекті реттеу кезіндегі сораптың сипаттамасы
Реттеу кезіндегі жұмсалатын қуат:
ΔN= γ QR hд/102 η R,
мұндағы hд - тиекпен реттеу кезіндегі жұмсалатын ағыс;
η R - QRберілісіне сәйкес келетін ПӘК ағысы.
(1. 6)
ПӘК қондырғылары келесі формуламен анықталады:
η р. қон=НR/ НR1* η R η қоз,
(1. 7)
мұндағы НR - QR беріліс шығынына керек ағыс;
НR1 - шығынды беріліс кезіндегі сораппен іске асатын ағыс.
Шығынды беріліс кезіндегі сораппен іске асатын ағыс:
QR(НR1= НR+ hд) ;
(1. 8)
мұндағы η қоз - ПӘК қозғалтқышы.
(1. 6) және (1. 7) формулаларынан көрініп тұрғандай ағысты тиекпен
реттеу тиімді емес, әсіресе бұл аз ағысты болып және улкен берілісі бар
сорапты қондырғыларда байқалады.
Үшінші әдіс - сұйықтықты қайта жіберуді реттеу. Бұл сораптың
тұрақсыз жұмысын жою үшін қолданылады және бұл ағысты линиядан сорып
алғыш линияға сорапты беру арқылы жүзеге асады.
Мұндай жағдайда сораптың жалпы берілісі күшееді де, желіге беру
азаяды. Желідегі шығынның азаюына байланысты оның сипаттамасы өзгереді
және сорап арқылы ағыс азаяды. Сорып алғыш құбырға сұйықтықтың қайта
берілуі сораптың кавитационды қасиеттерін жақсартады, бірақ
циркуляцияның болуы ПӘК жүйені нашарлатады.
Экономикалық жағынан қарағанда бұл реттеу әдісі ns > 300 тез өту
коэффициенті бар сораптарға және беріліс кезінде қуаты азаятын сораптарға
жақсы әдіс. Шапшаңдақ коэффициенті аз сораптардағы қайта жіберу берілісін
реттеу сорап қуатының және электрқозғалтқыш қайта жүктеуінің улкеюіне
алып келеді.
Бұл реттеу әдісін іске асыру үшін циркуляциялық құбыр қондырғысы
және қосымша арматура орнату қажет, бұл орнату габариттерінің улкеюіне
алып келеді. Бұл әдіс қалалық аймақтардағы сумен қамтамасыздандыру
жүйесінде кең таралмаған.
Төртінші әдіс - сорғыш станциядағы электр жетегінің айналу жиілігінің
өзгеруі бар құбырлардың жұмыс істеу тәртібін реттеу. Бұл әдіс белгілі
әдістердің ішіндегі ең прогрессивті әдіс болып табылады. Бұл реттеу әдісі
кезінде құбырдағы тиек толық ашық тұрады. Соған қарай, қосымша
гидравликалық кедергі және гидравликалық кедергідегі қосымша шығындар
болмайды. Және де сораптағы барлық гидравликалық қуат құбыр арқылы
сұйықтың таралуына жұмсалады. Сораптың айналу жиілігі өзгергенде Q-H
сораптың сипаттамасы өзгереді. Айналу жиілігін азайтқан кезде, Q-H
сипаттамасы астыға ауысады (Сурет 1. 5) . Мұнда А1 жұмыс нүктесі құбыр
сипаттамасына қарай А2 жағдайына түседі, бұдан беріліс желідегі ағыс және
сораппен болатын ағыс сияқты азаяды.
1 - Q-H сорабының номиналды айналу жиілігіндегі сипаттамасы; 2 -
айналу жиілігінің азайған мәніндегісипаттамасы; A1 - тиекті толық ашқандағы
құбыр сипаттамасы; H1, H2 - Q1берілісіне сәйкес келетін ағыс; Hст - ағыстың
статистикалық құраушысы.
Сурет 1. 5 - Сораптың жұмыс тәртібін реттеу
Айналу жиілігін арттырған сайын беріліс, сорап пен желі ағысы
күшееді. Бұл реттеу әдісі экономды, бірақ қосымша реттелген электр тиегін
қажет етеді. Алдын ала жасалған есептеме элетрэнергия шығынының 4000тг-
ге шейін құрайтындығын көрсетеді.
Сумен қамтамасыздандыру сорабының өнімділігі сумен
қамтамасыздандыру тәртібіне сәйкес өзгеруі тиіс. Қолданатын сораптың
қуаты келесі формуламен анықталады:
Q
ω*
мұндағы Q* - беріліс, с. б. ;
РХХ* - бос жүрісті қуат, с. б. ;
ω - сораптың жұмыс дөңгелегінің жиілігі, с. б. .
(1. 9)
Реттелетін электр тиегін қолданғанда берілген Q*Зберілуін қамтамасыз
ету үшін сорап айналу жиілігі келесідей табылады:
ω* З =
Н С * + ( Н Х * − Н С * ) Q * 2 З
Н Х *
,
(1. 10)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz