Қазан түрі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Андатпа

Бұл дипломдық жұмыста «Ақкент» қазандығындағы су даярлау цехінде

өтетін процесстерді автоматтандыру қарастырылды. Фильтрлерді

регенерациялауға баратын тұзды ерітіндіні автоматты түрде әзірлеу үшін

арнайы қондырғылар таңдалды.

Кіріспе бөлімінде қазандық жайлы сипаттама жазылды, сонымен қатар

қазандар типі мен жұмыс істеу принципі туралы сөз қозғылды. КВ-ГМ-20-

150 су қыздыру қазанын жылулық есептеуі жүргізілді.

Негізгі бөлімде су даярлау цехіндегі негізгі қондырғылардың құрылысы

және жұмыс істеу процессі туралы айтылды. Негізгі қондырғылардың

ішіндегі бірінші сатыдағы Na-катионитті фильтрі және екінші сатыдағы Na-

катионитті фильтрлері есептелді. Осы фильтрлерді регенрациялайтын

ерітіндіні автоматты әзірлеу процесі ұйымдастырылды.

«Өміртіршілік қауіпсіздігі» бөлімінде су даярлау цехін жарықтандыру

жағдайы қарастырылды. Өрт қауіпсіздігі мен микроклимат жайлы айтылып

өтті.

Дипломдық жұмыстың экономикалық бөлімінде

автомататтандыру

объектісінің өз бағасын есептеуі жүргізілді.

Аннотация

В этой дипломной работе рассматривается автоматизация процессов,

которые протекают в водоподготовительном цехе котельной «Аккент».

Выбраны специальные установки для автоматического приготовления

солового раствора на регенерацию фильтров.

Вступительной части приводится описание котельной и говорится о типе

котлов и их приципе работы. Приведен тепловой расчет водогрейного котла

КВ-ГМ-20-150.

В основной части рассматриваются основные оборудования

водоподготовительного цеха и их принцип работы. Было расчитано Na-

катионитный фильтр первой ступени и Na-катионитный фильтр второй

ступени, которые являются основным оборудованием. Организован процесс

автоматического приготовления регенерационного раствора для этих

фильтров.

В разделе «Безопасность жизнедеятельности» рассмотрены освещение

помещения водоподготовительного цеха, техника безопасности и

микроклимат.

В разделе экономики в дипломной работе расчитано себестоимость

автоматизации объекта.

Abstract

In this thesis work is considered to automate the process, where the boiler shop at

the water-treatment "Akkent. ". Selected special settings for automatic cooking

Nightingale solution regeneration filters.

Introductory part is a description of the boiler when it is spoken about the type of

boilers and their pritsipe work. Приведен тепловой расчет водогрейного котла

КВ-ГМ-20-150.

The main part deals with the main equipment in the water-treatment shop and

the principle of work. Had been calculated Na-cationite first stage filter and Na-

cationite second stage filter, which are the basic equipment. Organized process of

automatic cooking regeneration solution for these filters.

In the section "Safety" is considered the room lighting the water treatment

plant. Said safety and microclimate.

In the economy as a research paper itself is targeted cost automation object.

Мазмұны

Кіріспе . . .

I Тарау. Қазандық туралы жалпы мағлұмат . . .

1. 1 Нысананың сипаттамасы . . .

1. 1. 1 Қазандықтың жалпы сипаттамасы . . .

1. 1. 2 Қолданылатын отын сипаттамасы . . .

1. 1. 3 Қазандықтың технологиялық схемасы . . .

1. 1. 4 Негізгі және көмекші қондырғылар . . .

1. 1. 5 КВ-ГМ-20-150 су қыздыру қазанын жылулық есептеу . . .

II Тарау. Су даярлау қондырғылары . . .

2. 1 Су дайындау қондырғысының сүлбесі . . .

2. 2 Деаэратор сүлбесі . . .

2. 3 СДҚ реагент қоймасының сүлбесі . . .

2. 4 Бірінші сатыдағы Na-катионитті фильтрлер . . .

2. 5 Екінші сатыдағы Na-катионитті фильтрлер . . .

2. 6 Комплексондарды дозалауға арналған автоматты дозалаушы

қондырғы . . .

2. 7 Алматы қаласындағы «Ақкент» қазандығындағы су даярлау

қондырғыларын есептеу . . .

I I I Тарау. Автоматтандыру . . .

3. 1 Автоматика тарихы . . .

3. 2 Электрлік жабдық, технологиялық бақылау, автоматтандыру және

басқару жүйелері. .

3. 3 Су дайындау стансалар

3. 4 Қайтымды сумен қамдау жүйелері.

3. 5 Автоматты басқару жүйелер . . .

3. 6 Таблетка түріндегі тұзды автоматты түрде қосу . . .

3. 7 Тұзды ерітіндіні дайындауды автоматтандыруға арналған қондырғылар

жиынтығы . . .

IV Тарау. Экономикалық бөлім . . .

V Тарау. Өміртіршілігінің қауіпсіздігі . . .

Қорытынды . . .

Әдебиеттер тізімі . . .

Қосымшалар . . .

Кіріспе

Энергетика кез келген мемлекеттің экономика салаларының негізгісі

болып табылады, себебі осы салада өндірілетін өнімсіз (энергия) қазіргі

адам өмірін елестету мүмкін емес. Сала ретінде энергетиканың мақсаты -

алғашқы энергетикалық ресурстар концентрациясынан екіншілік энергияға

айналдырып, сол энергияны соңғы тұтынушыларға жеткізу. Заманауи

энергетика жоғарғы деңгейдегі автоматтандырылған үрдіссіз бұл мақсатты

жүзеге асыра алмайтыны айқын.

Жылутехникалық бақылауды автоматты түрде жүзеге асыруда

қазандықты автоматтандырудың маңызы өте зор. Оның көмегімен жылу

технологиялық процесті автоматты реттеу, дистанциялық басқару, қалыпты

эксплуатация режимінен ауытқу кезіндегі дабыл қағу жүзеге асады.

Осы уақытқа дейін қазандықтарда технологиялық бақылауды жүзеге

асыратын комплекстер ескіріп, сенімділіктері төмендегендіктен

қолданылатын аспаптарды жаңартып, қазіргі заманғы жетілдірілген

қондырғылармен алмастыруды талап етеді.

СДҚ, ХСТ- ды автоматтандыру су дайындау қондырғыларын жабдықтаудың

апатты және номиналды режимін есептік қалыптастыру, дыбыстық және

жарықтық сигнализацияны жүзеге асыру, технологиялық параметрлерді,

процесстерді электронды архивтендіру, суды тазарту, суды дайындау

жүйесін бақылау үшін жасалады.

Жергілікті комерциялық объектілердегі өндірістік кәсіпорында суды

тазалау, суды дайындау жүйесін басқару және қадағалауды заманауи

тәсілмен автоматтандыру барысында жобаны жүзеге асыру жұмыстарын

орындау және ұйымдастыру үшін негізгі міндеттер төмендегідей:

1. Су-химиялық, су дайынындау режимін автоматты бақылау және

басқарудың шешімін әзірлеу үшін мәлімет жинақтау;

2. СДҚ, ХСТ-ды бағдардамалық жасағын өңдеу, жобалық, іздеулік,

есетеулік шешімін құру;

3. СДҚ, ХСТ-ды автоматтандырудың техникалық-экономикалық

тиімділігін есептеу;

4. Суды тазалау және су дайындау жүйесін басқаруды және бақылауды

автоматтандыру қондырғысын жасау.

I Тарау. ҚАЗАНДЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ

1. 1 Нысананың сипаттамасы.

Жалпы қуаты 174, 122 МВт (150Гкал/сағ) . Қазандық Алматы қаласы

Алатау ауданындағы «Алғабас», «Ақселкент», «Ақбұлақ»

ықшамаудандарының көп қабатты тұрғын үйлерді, инфраструктуралы

объекттерді жылумен, ыстық сумен және ауамен қамдауға арналған.

Жылулық жүктемеге сәйкес қазандықта әрқайсысының өндірулігі 4 т/сағ

болатын екі ДСЕ-4-14 ГМ бу қазаны, жылу өндірулігі 23, 26 МВт (20

Гкал/сағ) болатын екі КВ ГМ - 23, 26 (20) - 150 су қыздыру қазандары және

жылу өндірулігі 63, 8 МВт (55 Гкал/сағ) болатан екі КВ ГМ - 63, 8 (55) - 150

типті су қыздыру қазандары орнатылған.

Қазандықтың жалпы орнатылған қуаты - 179, 66 МВт (154, 48 Гкал/сағ),

сонымен қатар

- ыстық су бойынша - 174, 45 МВт ( 150 Гкал/сағ) ;

- бу бойынша - 5, 21 МВт (4, 48 Гкал/сағ, 8 т/сағ) .

Жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін жылутасығыштардың

параметрлері:

- жылу жүйесін реттеудің температуралық графигі - 130-70 ºС;

- жылумен қамтамасыз ету жүйесі - ашық, екіқұбырлы;

- жұмыс істеу уақыты - тәулік бойы, жыл бойы;

- жылумен қамтамасыз ету бойынша сенімділік категориясы -

екіншілік.

Мазутты шаруашылық қазандығын бумен қамтамасыз ету үшін бу

қазандары орнатылған. Қазандыққа негізгі отын ретінде табиғи газ алынған,

резервті отын мазут.

ДСЕ-4-14ГМ бу қазандары және КВ-ГМ-23, 26(20) -150 су қыздырғыш

қазандары биіктігі 60 м және ауызының диаметрі 1, 5 м металдан жасалған

түтін моржасына қосылған, КВ - ГМ-63, 8(55) - 150 су қыздырғыш қазаны

биіктігі 60 м және аузының диаметрі 2, 4 м металды түтін моржасына

жалғанған.

Түтін моржасы ( Н = 60 м ) төрт мунарадан ( каркастан жасалған ) және

мұнараның ішінде бекітілген екі жұқа қабырғалы цилиндрлік қабықшадан

( Д = 2, 4 м; Д = 1, 5 м ) жасалған, газ өткізетін өзектен тұрады. Жылулық

жүйедегі толақтыратын су мен бу қазандарына арналған қоректік су

сапасына қойылған талаптарды қамтамасыз ету үшін, су дайындау

қондырғысы қарастырылды.

Технологиялық қондырғының жұмыс режимін тұрақтандыруды

қамтамасыз ету үшін, технологиялық қондырғыны басқару және қадағалауды

автоматтандырылған жүйесі (АБЖ ТҚ) шығарылды.

1. 1. 1 Қазандықтың жалпы сипаттамасы

Қазандық Алматы қаласы Алатау ауданындағы «Алғабас», «Ақселкент»,

«Ақбұлақ» ықшамаудандарының көп қабатты тұрғын үйлерді,

инфраструктуралы объекттерді жылумен, ыстық сумен және ауамен

қамдауға арналған.

Жылулық жүктемеге сәйкес қазандықта әрқайсысының өндірулігі 4 т/сағ

болатын екі ДСЕ-4-14 ГМ бу қазаны, жылу өндірулігі 23, 26 МВт (20

Гкал/сағ) болатын екі КВ ГМ - 23, 26 (20) - 150 су қыздыру қазандары және

жылу өндірулігі 63, 8 МВт (55 Гкал/сағ) болатан екі КВ ГМ - 63, 8 (55) - 150

типті су қыздыру қазандары орнатылған.

Қазандықтың жалпы орнатылған қуаты - 179, 66 МВт (154, 48 Гкал/сағ),

сонымен қатар

- ыстық су бойынша - 174, 45 МВт ( 150 Гкал/сағ) ;

- бу бойынша - 5, 21 МВт (4, 48 Гкал/сағ, 8 т/сағ) .

Жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін жылутасығыштардың

параметрлері:

- жылу жүйесін реттеудің температуралық графигі - 130-70 ºС;

- жылумен қамтамасыз ету жүйесі - ашық, екіқұбырлы;

- жұмыс істеу уақыты - тәулік бойы, жыл бойы;

- жылумен қамтамасыз ету бойынша сенімділік категориясы -

екіншілік.

Бу қазандары мазут шаруашылығын бумен қамтамасыз ету үшін

орнатылған, біреуі жұмыстық, екіншісі резервті. Негізгі отын ретінде Qнр =

8000 ккал/м3 ( 33, 52 МДж/м3 ) болатын табиғи газ қолданылады. Резервті

отын ретінде маркасы «М100» мазутты қолданады Qн = 9680 ккал/кг ( 40, 559

МДж/кг ) .

Мазутты жылу орталығына жеткізу көлік транспорты арқылы жүзеге

асырылады. Мазут жер бетіндегі металдан жасалған әрқайсысының

сыйымдылығы 1000 м3 болатын үш резервуарда сақталады.

ДСЕ - 4 - 14 ГМ бу қазаны және КВ ГМ - 23, 26 (20) - 150 су қыздыру

қазандары биіктігі 60м, сағасының диаметрі 1, 5 м болатын металл түтін

құбырына жалғанады.

КВ ГМ - 63, 8 (55) - 150 су қыздыру қазандары биктігі 60 м, сағасының

диаметрі 2, 4 м болатын металл түтін құбырына жалғанады.

Бу қазандары және жылу жүйесін сапасы жоғары қоректік сумен

қамтамасыз ету үшін СНиП РК 4. 02-08-2003 «Қазандық қондырғылар» және

НР 34-70-051-83 «Жылу жүйесіндегі қоректік және жүйелік судың сапа

ережелеріне» сәйкес су дайындау қондырғылары қарастырылған.

1. 1. 2 Қолданылатын отынның сипаттамасы

Негізгі отын ретінде Qнр = 8000 ккал/м3 ( 33, 52 МДж/м3 ) болатын

табиғи газ қолданылады. Резервті отын ретінде маркасы «М100» мазутты

қолданады (Qн = 9680 ккал/кг ( 40, 559 МДж/кг ) . Мазутты жылу орталығына

жеткізу көлік транспорты арқылы жүзеге асырылады. Мазутты жер бетіндегі

металдын жасалған әрқайсысының сыйымдылығы 1000 м3 болатын үш

резервуарда сақталады.

a) Газ тәрізді отынның сипаттамасы

Газ тәрізді отындар жанатын және жанбайтын газдардың қоспасынан

тұрады. Жанатын газдарға көмірсутектер, көміртегі оксиді жатады. Ал

жанбайтын бөліктеріне азот, көміртегі (II) оксиді және оттегі жатады. Бұлар

газ тәріздес отындардың масылын құрайды. Оның құрамында су-булары,

шәйір, тозаң секілді қоспалары болады. Табиғи газдарға ілеспе және табиғи

газ кіреді. Жасанды жанар газдар жергілікті белгіленген отын ретінде

болады. Оларға генераторлық, кокстық және доменді газдар жатады.

Генераторлық газды қатты отынның толық жанбауынан алады. Коксті және

домен газдары кокс пен домен пештердің қалдықтары болып саналады.

Өнеркәсіптік бу генераторлар мен су жылытқыш қазандарда табиғи

және ілеспе газдарды пайдаланады. Табиғи мен ілеспе газдар метанды

көмірсутек қоспалары мен жанбайтын масыл газдардан тұрады. Ілеспе газға

қарағанда табиғи газда метан көбірек, кейбір табиғи газдарда оның құрамы

98%-ға жетеді. Ал ілеспе газда жоғары молекулярлы көмірсутектер көбірек

болады, метанға қарағанда. Метан көмірсутектерді көбінесе шектік деп

аталады, себебі оларда төрт валентті көмірсутектері бар, оның эмпирикалық

кейіптемесі CnH2n+2. Негізгі шекті көмірсутектері: метан (CH4), этан (C2H6),

пропан (C3H8), бутан (C4H10), пентан (C5H12) және тағы басқа. Қалыпты

шарттарда (101, 8 кПа қысым және 00С температура) бутанға дейін алдыңғы

қатар иіссіз, түссіз газ болады, ал қалғандары - сұйықтар.

Газ тәрізді отынның қасиеттері болып уыттылығы және

жарылғыштығы, осы екеуі оның қолдануына әсерін тигізеді. Жасанды газда

көміртек оксидінің болуынан ол уытты болып саналады. Табиғи және ілеспе

газдар уытты болмайды, бірақ жоғарғы шек көмірсутектері елеулі

шоғырлауында нашақорлы қасиетке ие болады.

Жанар газдарға кіреді: сутегі H2, метан CH4, басқа көміртек

байланыстары CmHn, күкіртсутегі H2S және жанбайтын газдар, екі оксидті

көміртек CO2, оттек O2, азот N2 және кішкене мөлшерде сулы-булар H2O.

Кейбір табиғи газдардың құрамында күкіртсутегі бар, күкірсутек -

қатты у және адамның жүйке жүйесіне зақым тигізеді, сонымен қатар

металлды жегіп тастайды.

Газдағы күкіртсутектің болымды шоғыры 100 м3-қа 2 г-нан аспайды.

Белгілі шоғырда газ ауамен бірге жарылғыш қоспаны құрайды, оны

жандыру кезде тұтану қабілеттігі бар. Газ ауалы қоспаның

жарылғыштығы төменгі және жоғарғы шек тұтануы мен жарылғыштығымен

сипатталады. Төменгі шек жарылғыштығы деп газ ауалы қоспадағы газдың

минимал шоғыры. Жоғарғы шек жарылғыштығы деп газ ауалы қоспадағы

газдың максималды шоғыры. Жоғарғы және төменгі шек жарылғыштығында

тұтануы болуы мүмкін. Сондықтан, ауадағы газдың тұтануы белгілі бір

шекарада болады.

Газ тәрізді отынның құрамы көлем бойынша %-бен беріледі және

барлық есептеулер қалыпты жағдайдағы құрғақ газдың куб метріне

салыстырады (101, 8 кПа және 00С) . Қоспаның құрамы (сулы бу, шәйір, тозаң)

құрғақ газдың г/м3-пен өрнектеледі.

Жылыту қазандықтарын орта және төменгі қысымды газдың желілерге

қосады. Газ шығындары 250 м3/сағ аспайтын шағын қазандықтар газды

төмеңгі қысымды газ құбырларынан алады.

б) Мазуттың сипаттамасы

Сұйық қайраттық отынның негізгі түрі мұнайды өңдегенде алынатын

мұнай мазуты.

Мұнай мазуты олардың тұтқырлығына байланысты бірнеше түрге

бөлінеді. ЭС-да негізінде таңбасы (маркасы) 100 мазут жағылады. Ошақтық

мазут таңба ішінде олардағы күкірт мөлшеріне байланысты үш сұрыпқа

бөлінеді: аз күкіртті (Sж ‹0, 5%), күкіртті (Sж =0, 5-2%) және көп күкіртті (Sж

>2, 0%) .

Ошақ мазутының күлділігі өте аз және әдетте 0, 1 - 0, 3% -дан аспайды.

Мазуттағы су мөлшері 0, 5%-дан 5%-ға дейін, кейде одан да жоғары

(суланған мазуттар) 10 %-ға дейін болады.

Мазутты құю, ағызу, бүркігіштің (форсунка) жұмыс істеу нәтижелігі

мазут тұтқырлығына байланысты. Мазутты сақтағанда оның тұтқырлығы

өседі. Ыстықтық (температура) 75 0С-тан төмендесе мазут тұтқырлығы кенет

өседі. Мазут қоюланады.

1 кесте - Отынның сағаттық есептік максималды шығыны

1. 1. 3 Қазандықтың технологиялық схемасы

а) Қазандықтың схемасы

Қазандықтың жылулық схемасы тәуелсіз екі бөлікке бөлінеді:

Булық бөлігі

Бу қазандары мазут шаруашылығын бумен қамтамасыз ету үшін

арналған. Бір қазан жұмыстық, екіншісі резервті. Қазанның біреуінен

қысымы 0, 9МПА (9 кгс/см2) тең өндірілетін бу мазут шарушылығына

беріледі: мазут қыздырғыштарына, мазут сақталатын резервуарға, авто

құйылу эстакадасына.

Бу қазандарын қоректендіруге баратын қорек суды дайындау үшін

редуцияланған бу атмосфералық деаэраторға беріледі. Бу қазандарын

қоректендіру су дайындау қондырғыларынан келетін химиялық тазартылған

су және мазут шаруашылығынан келетін конденсат қоспасымен жүзеге

асырылады.

Қазандардың

үздіксіз үрлеу жылуын пайдалану үшін

жылуалмастырғыш және үздіксіз үрлеудің кеңейткіші қарастырылған.

Сепаратордан өткізілген бу кеңейткіштен атмосфералық деаэраторға

жіберіледі, ал су химиялық тазартылған суды қыздыру үшін

жылуалмастырғышқа барады.

Атмосфералық деаэратордың выпарын суытқыш арқылы химиялық

тазартылған судың бөлігін қыздыру үшін қолданады.

Мазут шаруашылығындағы орташа сағаттық будың шығыны - 3, 0 т/сағ

құрайды. Қоректік су атмосфералық деаэраторына арналған бу шығыны -

0, 4-0, 5 т/сағ құрайды.

Су қыздыру бөлігі

Жылулық схемадағы су қыздыру бөлігі 130-70 °С температуралық

график бойынша жылумен, сумен қамтамасыз ету және желдету үшін

қарастырылған.

Қарсы желілі су желілік сорғылардан қарсы желілі су коллекторына

беріледі. Су коллектордан қазандарға беріледі.

Тура желілі су қазандардан магистральді коллекторға, сосын жылу

желісіне тұтынушыларға жіберіледі. Сонымен қатар, тура желілі су 110-130

°С температурада қазандардан өз мұқтаждық коллекторларына беріледі. Өз

мұқтаждық коллекторларынан су шикі, химиялық тазартылған су

қыздырғышына және вакуумдық деаэраторға қыздырғыш ретінде беріледі.

Су қыздыру қазандарында су шығынын қазан арқылы тұрақты және

қазанға кірердегі желілік судың температурасын 70°С деңгейінде ұстап тұру

қажет. Сонымен қатар, су қыздыру қазандары аз жүктемеде мазутпен жұмыс

істегенде қазаннан шығардағы желілік судың температурасын 150°С ұстап

тұру қажет.

Бұл талаптарды орындау үшін рециркуляция сорғылары

қарастырылған. Әрбір қазандағы жұмыс параметрлерін реттеу үшін: қазанға

кірердегі қарсы желілі судың температурасын реттегіш, желілік су шығынын

реттегіш қарастырылған. Қазаннан шығардағы берілген температура отын,

ауа реттегіштерімен реттеледі.

Шығындарды толықтыру және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін

жылулық желіні қоректендіру келесі сұлба бойынша жүреді:

Химиялық тазартылған су 25°С температурада химиялық тазартылған

судың қыздырғышына беріледі. Содан кейін химиялық тазартылған су

қыздырғыштан 55°С температурасымен вакуумдық деаэраторға беріледі.

Вакуумдық деаэратордан су өздігінен ағып аккумулятор багына барады. Осы

бактардан су қоректік сорғы арқылы желілік сорғыларға жіберіледі.

Вакуумдық деаэраторда химиялық тазартылған және қыздырушы

судың ағынын реттеу үшін химиялық тазартылған және қыздырушы судың

реттегіші қарастырылған.

Жұмыстық судың жылуын пайдалану үшін химиялық тазартылған су

су дайындау қондырғыларынан кейін суытқышқа жіберіледі. Бактағы су

деңгейін тұрақты ұстап тұру үшін деңгей реттегіші қарастырылған.

б) Су өңдеу схемасы

Су өңдеу сұлбасы мен қондырғылары "Водно-технологические и

водно-химические режимы" орталығының ұсынысымен «Алматы энергетика

және

байланыс институтының» профессоры Р. Н. Календарёвтың

басшылығымен ұсынылған.

-

Су өңдеудің аралас әдісін пайдалану мүмкіндігі бар бір сатылы

Na- катиондау - жылу жүйесін қоректендіруге арналған суды Na-катиондау

және комплексондар арқылы өңдеу;

-

Екі сатылы Na-катиондау - бу қазандарына баратын суларды

өңдеуге арналған.

Қазандықтың үнемді және тиімді жұмыс жасауы үшін жүйелік және

қоректік су сорғылары жиіліктік электржетекті реттеу қондырғыларымен

жобаланған. Сол арқылы қазандыққа түсетін жылулық жүктеме талаптарына

сәйкес берілген параметрлер бойынша электрқозғалтқыштың жылдамдығы

мен моментін дәл реттеуге болады.

Электржетекті сорғыларға жиілікті реттеуді қолдану келесі

мүмкіндіктерді тұғызады:

-

Жылулық жүйе мен қазандық қондырғылардың тиімді жұмыс

істеуін жоғарлатады;

-

-

Сорғылардың бірқалыпты қосылуы;

Отын мен электр энергиясын үнемдеу.

Бастапқыда су сорғылар арқылы шикі су қыздырғышына барады. Ол

қыздарғышта су 25 0С - қа дейін қыздырылады. Қыздырғыштан 25 0С

шыққан су Na-катиондау әдісімен жұмыс істейтін су дайындау

қондырғыларына барады. Суды жұмсарту үшін 4 автоматты қондырғы

орналастырылған. Әр қондырғының құрамына:

1. Na-катион фильтрі - 2

2. Фильтрді жуу мен регенерациялау процестерін автоматты басқару

электрохимиялық блоктары - 2

3. Тұз еріткіш бак - 1

Су дайындау қондырғыларынан химиялық тазаланған су химиялық

тазаланған су қыздырғышына жіберіледі. Қыздырғыштан химиялық

тазаланған су 55 0С - мен вакуумдық деаэраторға жіберіледі.

Бу қазандарына арналған қоректік су 2 сатылы Na-катиондау әдісімен

тазаланады. Бу қазандарын қоректендіретін су химилық тазаланған су мен

мазут шаруашылығынан тазаланып келетін конденсат қоспасынан тұрады.

Жылу желісін қоректендіру үшін химиялық тазаланған су

қыздырғыштан 55 0С - пен вакуумдық деаэраторға жіберіледі.

Вакуумдық деаэратор қорек судағы агрессивті газдарды жоюға

арналған. Қорек су вакуумдық деаэратордан t = 70 0C - пен бакқа жіберіледі.

Қоректік сорғы арқылы су кері су желісінің коллекторына (желілік

сорғы) беріледі.

1. 1. 4 Негізгі және көмекші қондырғылар

а) Бу қазандары

ДСЕ-4-14 ГМ бу қазанының технкалық сипаттамасы:

Бу өндірулігі, т/сағ

- 4, 0;

Будың шығардағы жұмыстық қысымы, МПа ( кгс/см2 ) - 0, 7-1, 3 ( 7-13 ) ;

Қорек су температурасы, °С

Есептік ПӘК, табиғи газ / мазут, %

Өлшемдері L х В х Н, мм

Қазан комплектісіне кіреді:

- оқшауланған қазан блогы

- ГМ-2, 5 типті газмазутты оттық

- Құбырлар және арматура

- лестница және площадка

- 50-104;

- 91/90;

- 4680 х 3100 х 3260.

- 1 шт. ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой бруцеллезі
Қазан хандығының құрылуы
Қызылорда ЖЭО-ң қоректік суын дайындау сұлбасы
Тарихи жыр табиғаты
Татарстан Республикасы
Тұрмыстық лексика: киім-кешек және ыдыс-аяқ атауларындағы ұлттық таным негіздері
БАҒЫС ЖШС ҚАЗАНДЫҒЫМЕН АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ ЛАСТАНДЫРУ КӨЛЕМІН ТӨМЕНДЕТУІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ
Тоғызқұмалақ ойынының жобасын жасау
Жер жұмыстарының технологиясы
300 орынды көпшілікке ортақ асхананың көкөніс цехының жобасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz