Мәліметтер базасы типі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Әлемдегі миллиoндаған пpoграммистеp Delphi-де жұмыс жасайды және oлаpдың көбісі Delphi-де мәліметтеpді өңдеуге және сaқтауғa арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB -парақшалары және т. б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
Қазіргі кезде жиі қолданылаты белгілі бір программалау тілдері, олардың құрлымы, қазіргі кездегі программалардың дамуының негізгі тұжырымдамалары қарастырылады. 80-жылдардың ортасында программалауда жаңа бағыт орын алды, оны объектілі- бағытталған программалау(ОБП) деп аталады. Delphi - қазіргі кездегі жеке қолданбалы Windows программаларын құруға мүмкіндік беретін, сонымен қатар интернетте және корпоративтік жүйелерде жұмыс жасауға арналған күшті жүйелердің бірі. Delphi - бұл бірнеше маңызды технологиялардың комбинациясы:
- Машиналық кодта жоғары өндіруші компилятор;
- Құрауыштың объектілі- бағытталған үлгісі;
- Қолданбаларды көрнекті тұрғысы;
- Мәліметтер қорын тұрғызу үшін масштабталған орта;
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Delphi-де мәліметтер қорын құру принципінің теориялық негізін зерттеу және студенттердің үлгерімін автоматтандыру мен мәліметтер қорын құру ерекшелігін қарастыру, Database Desktop көмегімен мәліметтер қорын құру.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - қазіргі ақпараттық технологиялар қарқынды дамуы кезінде қуатты мәліметтер қоры мен жұмыс істеу қажеттілігі мен өзектілігі артып келе жатыр. Сондықтан мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын бағдарламалар ішіндегі танымал нұсқаларынң бірі Borland Delphi ортасында мәліметтер қорын ұйымдастыру, басқару, ондағы мәліметтердің өңдеу және сақтау мамандардың пікірі бойынша тиімді.
1 Автоматтандырылған ақпараттық жүйесін тұрғызу
- Студенттердің оқу үлгерімін қадағалаудың ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты
Қaндай бoлмасын aвтoмaттaндырылғaн ақпараттық жүйенің мақсаты техникалық базасына байланыс ұстап тұратын, ақпараттарына қолдану саласына байланыссыз кез келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып табылады. Ұстаздар мен студенттердің жұмысын автоматтандыру ақпараттық жүйесін тұрғызу мақсаты екі жағдайдан тұрады: ұстаздардың қажеттілігін енгізу мен студенттердің оқу үлгерімін қадағалаудың жоғарғы түсімділігін қамтамасыз ету.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаттарына байланысты оның негізгі есебі төмендегідей:
- ақпараттың толық болуын қамтамасыз ету;
- ұстаздардың қажеттіліктерін енгізіп, қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру;
- ақпараттың тиімділігін және оның айқындылығын енгізу;
- программалық жұмыстың техникалық тиімділігін арттыру;
- ұсынылатын мәліметтердің нақты және дәл болуын қамтамасыз ету;
- қызметкерлер мен студенттердің жұмысы және үлгерімі туралы берілетін ақпараттарының жеделдігін арттыру.
Жүйенің ақпараттық функционалдық құрылымы қосымша мәліметтер кешенінің қосуға және болашақта одан әрі қарай дамыта түсу үшін керек.
Ақпараттық жүйені (АЖ) құру мақсаты- ақпаратты өндіруді автоматтандыру болып табылады. Бұл бөлімше қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді, себебі анықтама-қағаз, мәліметтер және басқа құжаттарды толтыруға, студенттердің оқу ақысын, студенттердің оқу үлгерімі бойынша ақпаратын өңдеуге уақыт жұмсалмайды.
АЖ-ің негізгі мақсаты - нақты объектінің басқару жүйесін қазіргі заманғы есептеу техникасының жабдықтары және экономика әдістерімен дамыта түсу. АЖ-ні жобалаудың ерекшелігі экономикалық объектіні басқару фукциясының көптеу бөлігін немесе барлығын құрап қамтуды қарастыратын жүйелік ыңғайда қолдану болып табылады. АЖ-ні жобалау әр түрлі мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті қажет ететін кезең. Кезең - бұл жұмысты ұтымды жоспарлау мен ұйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі.
Жүйені енгірудің негізгі мақсаты:
- өңдеу, іздеу және мәліметтерді сақтау, анақтамаларды көру түрінде автоматтандыру;
- алынған дұрыс ақпараттарды қабылдау үшін қолдану;
- есеп беруді автоматтандырылған түрде алу;
- бірегей МБ құру.
Сонымен қатар келесілер қамтылуы тиіс:
- жұмыс жеделділігі;
- ұсынылған мәліметтердің дұрыстылығы;
- қағазбен жұмыс көлемінің азаюы.
Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) - ақпараттың нақты есеп шешімдеріне қатысатын және сипатталатын жиыннан, функционалды басқаруды өндейтін нақты қолдану саласы кешенінен құрылған жүйе.
АЖО қолданушының персоналды электронды есептеуіш машинаны тікелей қолданумен байланысты.
Автоматтандырылған жұмыс орнын анықтаудың екі ыңғайы бар: техникалық және функционалды. Техникалық ақпарат жүйесі құрамында процессор, монитор, клавиатура, тышқан, принтер және сканер кіретін минималды құрал жиынтықты негізінде персоналды компьютер (РС/ПК) физикалық модуль анықталады. Сонымен қатар физикалық модуль құрамына қажет программалық құралдар кіреді, олар барлық құралдар: операциондық жүйе, сервисті программалар және т. б. қатынасы мен жұмысын қамтамасыздандырады.
Студенттік бөлімшенің ақпараттық жүйесін құрғанда оған жүйелі позиция тұрғысынан келу керек. Мәліметтерді өңдеудің орталықтанған формасы автоматтандырылған жұмыс орнын қолдану болып табылды. Бұл икемді және сенімді ақпараттық жүйе құруға және ЭЕМ -ді қолданушының қатынасын рационалды етеді.
- Жобаның есеп тапсырмасын талдау
Студенттердің оқу үлгерімін қадағалау процесінің бақылаудың, басқарудың және шұғыл немесе статистикалық ақпараттардың шығаруын автоматтандыру кешенін жасау қажет.
Бұл жүйе келесі есептердің автоматтандыруын қамтамасыз ету қажет:
1. студенттердің аты-жөні, туған жылы, жеке күәлігі, жынысы, мекен-жайы, ұлты, мамандығы, сертификат номері, оқуға түскен жылы;
2. студенттің жеке коды, топ №, зачетканың №;
3. оқытушылардың аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы, жеке коды,
е-mail, телефон;
4. кафедра менгерушісі, оқытушылар тізімі, пәндер аты;
5. сессия мерзімі, пәндер аты, алған бағасы, орташа бағасы;
6. пәндер аты, топ №, алған бағасы.
Есеп 1 - Студенттердің кодын, зачетканың №, жынысын, тұрғылықты мекен-жайын, өшіру, іздеу, түзету процесстерін автоматтандыру;
Есеп 2 - Студенттердің оқитын тобы, тобының номері, топтың аты процесстерін автоматтандыру;
Есеп 3 - Пәні, студенттің аты-жөні, бағасы, тобы процесстерін автоматтандыру;
Есеп 4 - Пәндер аты, семестр, бөлімше, емтихан процесстерін автоматтандыру;
Есеп 5 - Аты, мамаңдығы, меңгеруші процесстерін автоматтандыру;
1. 3 Жобаны құрудағы ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Ақпарттық жүйе - жеке бөлім мен элементтерге бөлуді қажет ететін күрделі жүйе. Толық жүйеге істей алмайтын нәрсені жеке элементтерге бөліп істей алуға болады. Жүйе элементтері мен бөлімдері неғұрлым нақты әрі толық бөлінсе, бөлім қатынасы анық болса, соғұрлым жүйені функциялау мен құру үрдісі тиімді болады.
Ақпараттық жүйені (АЖ) құраушы элементтер, өзінің алатын орнына қарай функционалдық және жабдықтайтын болып екіге бөлінеді. АЖ-нің функционалды бөлімі - ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалды бөлім ішкі жүйе қамтылған кешен жиынынан тұратын функционалды ішкі жүйе кешенін құрайды. Функционалды ішкі жүйе - нақты белгілер бойынша бөлінген жүйенің салыстырмалы тәуелсіз бөлігі.
Әрбір кіші жүйе кешен жиынына бөлінуі мүмкін. Кіші жүйе - нақты белгімен белгіленген жеке жүйе бөлімі. Кешендер жиыны - нақты белгі бойынша топталған жиын.
Ақпарат жүйесінің негізгі талаптары қызметкерлер орындайтын жұмыс кешенін автоматтандырылған түрде орындалуы.
Ақпарат жүйесінің құрылымы - ішкі ортамен байланысын анықтайтын ішкі кеңістік - уақтылы байланыстарды салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы және жеке жүйе астары элементтерімен байланысты.
Ақпараттық ресурстар дегеніміз - бір фирмадағы құндылықтар мен материалды ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз. Оған ішкі жадыда сақталатын негізгі және көмекші мәліметтер массиві мен кіру құжаттары жатады.
Ақпарат жүйе ресурстарының келесілеріне талаптар қойылады:
- техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
- программалық қаматамасыз етуге қойылатын талаптар;
- ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
- Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар;
- Лингвистикалық жабдықтауға қойылатын талаптар;
Техникалық қамтамасыз ету - АЖ функционалдылығы үшін қолданудағы техникалық құралдар кешені.
Басқарудағы ақпараттық үрдісі жеке операциялармен орындау, оның шешімдерінен тұрғызылады. Барлық операция үш саты бойынша топталады: ақпаратты алу, түрлендіру және тұтыну. Бірінші саты экономикалық объект шартындағы үрдісінде пайда болатын алғашқы ақпаратты жинау мен тіркеу тобынан тұрады. Қайта өңделген ақпарат тобы уақыт пен кеңістіктегі мәнін, формасын, құрылымын, өзгеру операциясын орындайды. Үшінші саты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданатын ақпаратты біріктіруге арналған операциялар тобы.
Ақпаратты басқару үрдісінің негізгі сатыларына сәйкес келесі техникалық құралдар қолданылады: ақпаратты жинау мен тіркеу, ақпаратты жіберу; машиналық тасығыштарды дайындау, ақпаратты өңдеу техникасын ұйымдастыру. Ақпаратты жіберу құралдары кеңістіктегі мәліметті өңдеу ортасы мен оны қолданатын жерге өткізуде қолдану. Техникалық құралдар жиынтығы кез-келген объектінің, өңделетін ақпараттың көлемі мен спецификасына тәуелді.
Техникалық қамтамасыз ету келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
Ақпараттық жүйенің, есептердің өнімділігін, берілген есепті автоматты түрде дұрыс есептелуін қамтамасыз етуін орындау қажет;
Жаңа ақпараттандыру объектілерін ЭЕМ және автоматтандырылған жұмыс орындарын енгізу жүйе конфигурациясына өзгерістерді енгізу мүмкіндігінің болуы;
- Ақпараттық диалогты режимде өңделуін қамтамасыз ету;
- Есептеуіш техника құралдарының құрамына бір типтегі, сериялы шығарылатын құралдар болуы керек.
Қазіргі АЖ-сіне келесі техникалық құралдар кешені кіреді:
- есептеу техникасының құралдары;
- телекоммуникация мен байланыс құралдары;
- /ЛЕЖ/ жабдықтау құралдары;
- Студенттік бөлімшенің қызметін автоматтандыру;
Әртүрлі деңгейде құрылған АЖ мүмкіншілігі техникалық құралдар құрамынан, оның архитектурасы мен функционалды мінездемесіне тәуелді. Сондықтан АЖ жобалау сатысында техникалық құралдарды белгілі бір параметлерде сақтау, ақпаратты өңдеу мен жіберу, функционалды құралдар, интерфейс жиыны сияқты талаптары нысандалады.
Техникалық және программалық құралдардың құрамы келесі міндеттерді атқаруы тиіс: еркін түрде мәліметтерге қол жеткізуді қалыптастыру, өңдеу үрдісін максималды түрде автоматтандыру, техникалық құралдар кешенінің істен шығып қалғанда ақпараттарды қайта қалпына келтіру және сақтауды қамтамасыз ету, сонымен қатар өңделетін ақпараттардың құпиялылығын сақтау керек.
Студенттердің оқу үлгерімін есепке алуда ақпарат жинау, өңдеу үшін техникалық құралдар кешені келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:
- Процессор: Pentium II 500 МГц және одан жоғары;
- процессор жиілігі (оперативная память) : 16 Мб және одан жоғары;
- Зерделі сақтаушы құрылғы: 10 Mb және жоғары;
- Windows 10 операционды жүйе;
- Принтер.
Техникалық құралдар кешені ақпараттың ауысуының негізгі шарттарына толығымен сай болуы керек және де жүйе астарынан қызмет ету үрдісі кезінде құрал-жабдықтар кешені максималды түрде тиімді болуы қажет.
. Программалық қамтамасыздандыру математикалық негізінде құрылады да нақты «жұмыс істейтін» форма болып табылады.
Кесте 1.
Техникалық құралдар кешені
Процессор
Зерделік сақтаушы құрылғы
Дыбыс картасы
МҚДЖ
Бейне картасы
Аналық плата
Қоректендіру блогы Жазатын дисковод (CD-RW)
Иілгіш дисктерге арналған дисковод (FDD)
Монитор
Батырмалар тақтасы
Тышқан
Intel, 2. 4MHz
512Mb
120Gb
17 дюймдік
102 батырмалы
2 баспалы
Принтер
Сканер
Ксерокс
Ескерту: Windows 10 программасында жұмыс істегенде, жүйеде Microsoft Internet Explorer немесе одан жоғары версиясы орнықтырылған болуы керек. Техникалық құралдар кешені 1-кестеде көрсетілген. Программалық қамтамасыздандыру - АЖ мен техникалық құралдар кешенін функционалдығын қамтамасыздандыру мақсатында өңдейтін программа жиынынан тұрады
Программалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек:
- МБ мәліметтер құрамын кеңейту мүмкіндігі;
- МБ әсерін тигізе алатын жаңа формаларды өндіру мен кіріс формаларының өзгеруі;
- Оқудағы қаржы функцияларының жоспары мен құрамын динамикалық анықтау;
- МБ көптеген сақталған мәліметтен мәліметті анықтау үшін іздеу саласын анықтау;
- шығу мәліметтерін өңдеу мен таңдау әдістерін анықтау.
Пакетті пайдалану максималды түрде ыңғайлы болу үшін келесі мүмкіндіктер қарастырылуы керек:
- диалогтың икемді болуы;
- абсолютті түсінікті болуы;
- қолданудың қарапайымдылығы;
- үйренуге жеңіл болуы;
- жұмыс істеу барысында керек анықтамалардың шығуы;
- тиісті дәрежеде ақпаратты қорғау.
Программалық қамтамасыз етуді өңдеу кезінде үнемдеу бойынша қолданатын қағидаларын ескеру, яғни олар ыңғайлылық, тираждау ыңғайлылығы және т. б. Ақпараттық жүйедегі айналыста болатын ақпарат көлемінің үлкен болуына байланысты программалық қамтамасыз ету келесі талаптарға сәйкес келуі керек: Microsoft Windows 10 операциондық жүйесі, Microsoft Windows NT Server 4. 0, Microsoft Windows Office, Delphi ЕХ3. Программалық жабдықтау 2-кестеде көрсетілген.
Кесте 2.
Программалық жабдықтау
Workstatіon 4. 0
MS Offіce XP
Ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар. Басқару кезеңі ақпаратсыз жүзеге асырылмайтындықтан, АЖ-дағы ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте қажет. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне - ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау ақпаратты жатады.
Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне - ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.
Ақпаратты қамтамасыз ету болып экономикалық ақпаратты кодтау және біркелкі жүйенің бірлігі болып табылады. Ақпаратты қамтамасыз ету үшін төмендегі талаптарды қанағаттандыруы керек:
- Есептеу жүргізетін объектілер мен субъектілердің сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс, сонымен қатар ақпарат анық және өзекті болуы керек;
- Есептеу мәліметтерінің есебіне қойылатын талаптарына сай келуі және ақпараттың толық болуы керек;
- Ақпарат құпиялылық деңгейі бойынша жіктелуі тиіс;
- Ашық ақпаратқа қол жеткізу максималды түрде жеңілдетілгені жөн;
Ақпаратты қамтамасыздандыру ақпараттық ресурстардан (кіретін, аралық және шығатын мәлімет), оларды жүргізетін құрлдардан тұрады.
Ақпарат жүйесіндегі ақпаратпен жабдықтау, жүйеде қолданылатын мөлшерлік - анықтама ақпаратты және экономикалық ақпарат пен құжаттардың жіктелуін қамтиды. Ақпаратты жабдықтау 3-кестеде көрсетілген.
Кесте 3
Ақпараттық жабдықтау
Математикалық қамтамасыздандыру - ақпараттық жүйе есептерін шешудегі, ақпараттық жүйені өңдеудегі математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер жиыны .
Математикалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек:
- Ақпаратты жинау және өңдеу алгоритмін, сонымен қатар ЭЕМ мәліметтерді енгізу дұрыстылығын бақылау;
- Мәліметтерді іздеу, іріктеуі құжаттарды принтерге басып шығару алгоритмдерін құрастыру;
- Қолданылатын математикалық әдістер техникалық және программалық құралдардың мүмкіндіктерін ескеру керек;
Алгоритмнің кез-келген формасы қолданылады:
- формулалық,
- таблицалық,
- блок-схема,
- жазбалық.
Ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар. Автоматтандырылған ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің негізгі шарты ұйымдастырумен жабдықтау. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз -ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол ақпараттық жүйені тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай-ақ жүйе қызметін реттейтін құқықтық актілерді қамтиды.
Ақпараттық жүйені тұрғызу - ақпарат кезеңдерін зерттеуді, жобалау шешімдері мен жобалау құжаттарын өңдейді, жүйе элементтерінің әрекеттеріне ену ретін анықтауды қарастыратын күрделі жұмысы көп кезең.
Ұйымдастырумен жабдықтау ақпараттық жүйенің тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономикалы - математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастыру мен жабдықтаудың мақсаты жүйені тұрғызу мен әрі қарай қолданудың ұйымдастыру - құқықтық негізін қалыптастыру. Оған ақпараттық жүйенің функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның енгірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.
Белгілі ережелерге бағындыру құжаттары ақпараттық жүйені тұрғызудың, жұмыс істеу мен модернизациялаудың барлық деңгейлерінде мемлекеттік басқару ұйымдары және тапсырма беруші мен жұмысты орындаушы арасындағы өзара қатынасты белгілі ережелерге бағындыратын құжат түрінде болып бөлінеді. Ақпараттық жүйені өңдеу мен жұмыс істеу мақсаттары, экономикадағы нарықтық қатынастардың әсерінен және техникалық жабдықтар жиынының сапалық және сандық өсу қарқынынан уақыт өткен сайын, онымен ақпараттық жүйені қолданушыларды қамтамасыз етуге байланысты тереңдетіле түсуде. Осының барлығы ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істетудің ұйымдастыру - құқықтық актілеріндегі және ұйымдастыру - әдістемелік шешімдеріндегі ұйымдастырумен жабдықтау есептерінің өзгеруіне әкеледі.
2 Жобаны құрудағы мәліметтер базасы
2. 1 Арнайы программалық қамтамасыз етуді таңда
Бүгінгі күнде пайдаланушы ДҚБЖ -ның көп түрлері белгілі, ал бірақ солардың ішіндегі ең таңымал деп dBase, Paradox, FoxPro және Access білеміз.
Осы МББЖ жеке түрде қарастырып шығайық.
Ең алғашқы МББЖ-ның өндірілген версиясы dBase - dBase II (сол кездегі Ashton-Tate компаниясына тиісті болған, кейінірек Borland компаниясына өткен) 80-шы жылдардың басында пайда болған. Пайдалануда қарапайымдылығына, компьютер ресурстарын қажет етпейтінділігіне, өндіруші-компанияның маркетингілік саясатының ұқыптылығына байланысты бұл өнім үлкен дәрежеге жетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz