Жас боксшыны ұрысқа дайындау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Аталмыш дипломдық жұмыс барысында бірқатар мемлекеттік құжаттар негізгі алынды.

МББС (ГОСТ) 7. 32 - 2001. Ғылыми - зерттеу жұмысы туралы есеп. Рәсімдеу құрылымы мен ережелері

МББС (ГОСТ) 7. 1 - 2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастыруға қойылатын жалпы талаптар мен ережелер.

Қазақстан Респбұликасының «Білім туралы» 27 2007 жылғы № 319-III 3ҚР (01. 01. 2017ж. өзгерістермен және толықтырулармен) заңы.


АНЫҚТАМАЛАР

Ептілік - адамның қимыл-әрекеттерін тиімді меңгеруге және оны уақытылы өзгермелі жағдай талаптарына сай қайта құра алуына мүмкіндік беретін бағдарлы қабілеттері мен морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.

Төзімділік ( жалпы) - адамның ұзақ уақыт бойы біркелкі қарқынды жұмысты тірек-қимыл аппаратының басым бөлігінің қатысуымен орындай алу қабілеті.

Иілгіштік - қимыл-қозғалысты үлкен теңселумен орындауға мүмкіндік беретін адамның морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.

Қимыл іс-әрекеттері - Адамның еңбек, тұрмыстық, ойынды және басқа да мақсаттарда жүзеге асыратын көптеген қимылдардың жиынтығы.

Қимыл дағдысы - Құрамды элементтері автоматты түрде орындалатын қимылдар жиынтығы.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ЖДД - жалпы дене дайындығы

ӘТД - әдістемелік техникалық дайындық

АҚҚ - артериялық қан қысымы

БЖСМ - балалар мен жас өспірімдер спорт мектебі

ОЖЖ - оқу-жаттығу жиыны

БДТ - бақылау дисперістік талдау


КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестілігі. Қазахстан Республикасының экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл ауқатын арттыру, денсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары қойылған .

Жас жеткіншектерді дене тәрбиесі және спорт арқылы баулу, салауатты өмір салтын құруға үйрету, спорттық жетістіктер арқылы Қазақстанды әлемге таныту қазіргі кездегі маңызды жұмыстардың бірі болып саналады.

Қазақстан 1996 жылдан бастап Олимпиадалық, Әлемдік және халықаралық жарыстарға жеке спорттық команда ретінде қатысуда. Шеберлігі жоғары спортшы дайындау ұзақ уақытқа созылатын педагогикалық жұмыс екендігін ескере келіп, болашақ сапалы спортшы ізбасарларды дайындау қазіргі кездегі республикадағы барлық спорт мектептерінің алдына қойылған негізгі мінденттердің бірі болып саналады.

Болашақ спортшыны қабылдау, оны белгілі бір спорт түріне бейімдеу спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жүзеге асырылады. Бастапқы дайындық топтарындағы жұмыс спорт түрінің ерекшелігіне байланысты бір жылдан үш жылға дейінгі уақытқа созылады. Осы бастапқы дайындық тобынан бастап спорттық іріктеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Қазіргі спорттық жаттығулар нәтежиесі және ғылыми ізденістер қорытындылары адамның туа біткен қабілеті мен жүре келе үйреткен қаблеттерді ұштастырғанда ғанаспортта үлкен жетістіктерге жетуге болатындығы дәлелденіп отыр. Спорт саласында баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, қай спорт түріне бейімі, дарыны бар екендігін анықтау ғана болашақта үлкен жетістікке жетуге кепілдік береді.

Қазіргі Қазақстанның спорттық мектептеріндегі қабылданған іріктеу жұмыстары тәртібі кезінде Кеңес өкіметі ұсынған әдістемелер бойынша өзгеріссіз келеді. Бұл іріктеу тәртібі сол кездегі 250 млн халық санына негізделіп жасалған болатын және Кеңес өкіметі атынан бір ғана команда олимпиадалық ойындарға қатынаса алатын. Қазір Қазақстан олимпиада, Әлем және тағы басқа жарыстарға өзі жеке команда ретінде қатысады. Сондықтан қазіргі спорт мектептеріндегі іріктеу жұмыстары 16 млн Қазақстан халқының мүмкіндігін ескеріп, басқаша ұйымдастырылуы қажет деп білеміз [1] .

ҚР дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарына арналған Мемлекеттік бағдарламасының 5. 6 бөлімі бойынша Спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау бөлімінде «Дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамыту, спорт резервін даярлау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеу -халықаралық спорт ұйымдарының жылдам өзгермелі талаптарын, спортшыларды даярлаудың түрлері мен әдістерін үнемі жетілдіруді, жаңадан келгендерден бастап халықаралық дәрежедегі шеберге дейін республика спортшыларын тәрбиелеу жүйесін одан әрі дамытуды ескере отырып, оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыруға деген жаңа көзқарастарды талап етеді.

Қазақстанның дүние жүзінің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру стратегиясына қол жеткізуі, республика спортшыларынан халықаралық аренада жоғары нәтижелерге жетуді талап етеді.

Спорт резервін даярлау және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеудегі проблемаларды табысты шешу үшін түпкілікті нәтижеге -әлем, Азия чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында жүлделі орындарды иеленуге қабілетті спортшыларды тәрбиелеуге едәуір ықпал ететін факторларды қатаң ескеру қажет [2] .

Осы жердегі бір қатар талаптар: таңдаған спорт түріне мамандану үшін оның арнайы талаптарына жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүйесінің қатаң түрде сай болуы; спорт мамандығын таңдау, көпжылғы даярлықтың күллі жүйесін әзірлеу, жарыс қызметінің тиімді құрылымын анықтау кезінде нақты әрбір спортшының жеке бейімділігі мен қабілеттеріне барынша ден қою; жаттығу және жарыс жүктемесінің, тынығудың, тамақтанудың, жұмыс қабілетін қалпына келтіру, ынталандыру құралдарының және іс-қимыл мүмкіндіктерін жұмылдырудың қатаң теңгермелі жүйесіне ұмтылу; даярлықтың дәстүрден тыс құралдарын кеңейту - спортшы ағзасының іс-қимыл мүмкіндіктерін толық ашуға мүмкіндік беретін аспаптарды, жабдықтарды және әдістемелік тәсілдерді пайдалану; спортшылардың жаттығу әсерлерінің факторларына бейімделу процестерін жеделдетуге, олардың басты жарыстарға тікелей даярлығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін орташа биіктіктегі және биік таудағы жағдайларда спортшыларды даярлаудың тиімді әдістемесін жетілдіру; бүкіл спорттық жаттығу жүйесін жарыс қызметінің оңтайлы құрылымына қол жеткізуге бағдарлау» деп көрсетеді [3] .

Сондықтан біздің зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі қазіргі Қазақстан жағдайында спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында спортқа дарынды балаларды іріктеудің және жаттықтырудың жаңа тың жолын ұсыну болып табылады [4]

Жас спортшылардың дайындығына педагогикалық бақылау жасау, спорттың әдістемесі мен теория мәселелерінде аз зеріттеліп жүрген тақырып. Әдебиеттерді талдау және алдыңғы қатарлы спорттық тәжірибе көрсеткендей педагогикалық бақылаудың әдістері мен құрамдарының көбінесе әдістемелік негіздері жоқ болып келеді. Жас спортшылардың дайындығын әр қырынан қарағанда қалыпты деңгейі заман талаптарына, спорттық резервтерді дайындауды басқару жүйесіне сай емес. Жас спортшылардың дене-күш дайындығын кезеңді бақылау мәселесі мен қажетті дене-күш даму деңгейін бағдарлау осы уақытқа дейін толық қаралмай келген іс.

Осы көрсетілген мәселелерді шешу, зерттеу жас спортшылардың дайындық деңгейінің көтерілуіне, жаттықтырушылар үшін ізбасарлар дайындығын жетілдіруге тиімді жұмыс болып табылады [5] .

Осы зерттеулер өз тараптарынан көтерген мәселені шешудің өзіндік жолдарын ұсынғанымен спортқа дарынды ізбасарды іріктеу, іздеу оны жаттықтырудың жаңа жолдарын ұсынбайды, ізденістердің көбі Кеңес Одағы кезіндегі нормативтік шектеулерден аса алмаған. Сондықтан біз қарастырып отырған тақырып бойынша қазіргі Егеменді Қазақстан жағдайын есепке алып қарастырған еңбектер жоқ болып шықты [6] .

Зерттеу нысаны - с порттық мектептердегі бастапқы дайындық топтарындағы балалар. Бастапқы дайындық топтарындағы жұмысты ұйымдастыру әдістемесі.

Зерттеу пәні - спортшының психологиялық ерекшеліктерін және олардың дамуын зерттеу.

Жұмыстың мақсаты - спортшы ізбасарлар дайындау мақсатында Қазақстандағы спорттық мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарындағы жұмысты жүргізу әдістемесін өзгерте отырып, спортқа дарынды балаларды іріктеу жолын ұсыну болып табылады.

Зерттеу міндеттері:

  1. спортқа дарынды балаларды іріктеу, олардың қай спорт түріне бейімі бар екендігін анықтаудың ғылыми педагогикалық негізін жасау;
  2. спорт мектептеріндегі бастауыш дайындық топтарындағы жұмысты ұйымдастырудың мақсаты мен міндетін өзгерту;
  3. бастапқы дайындық топтарындағы сабақтың мазмұны мен мақсатын өзгерту;
  4. спортшы денсаулығының үлкен жүктемелерді атқаруға қабілеттілігін арттыру, денсаулығына зиян келтірмеу жолдарын қарастыру.

Зерттеу әдістері:

  • ғылыми-зерттеу, педагогикалық әдебиеттерге шолу;
  • сауалнама жүргізу;
  • әлемдегі және Қазақстандағы спортшыларды дайындаудағы ерекшеліктерді салыстырмалы түрде зерттеп, спортқа дарынды ізбасарларды дайындаудағы ғылыми зерттеулерді талдау;
  • қазіргі Қазақстан жағдайындағы спорттық ізбасарларды дайындаудың педагогикалық-әдістемелік жолдарын саралау;
  • жаттықтырушылар, спорт мамандары және ата-аналармен осы көтеріліп отырған мәселеге байланысты сұрақ-жауап өткізу;
  • математикалық-статистикалық сараптама жүргізу.

Зерттеу әдіснамасы - Спорт мектептеріндегі алғашқы дайындық топтарына келген жас балалар болашақта қай спорт түріне өздерінің бейімі бар екендігін білмей келеді. Осы жағдайды зерттеу түзету болашақта балалардың спорт түрлеріне бейімділігін ерте кезден анықтауға көмектесіп жаттықтырушыларға балалардың денсаулығын сақтауларына, спортқа дарынды балаларды ерте кезден анықтауға көмектесіп, отандық спорттың сапалы сатыға көтерілуіне көмектеседі.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы. Әлемдік спорттық көрсеткіштердің өсуін зерттей отырып, Егеменді Қазақстанның қазіргі жағдайында спорттық жетістіктерге жетуді ғылыми негізге сүйенуін қарастыру.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Дипломдық жұмыста ұсынылған тұжырымдарды спортшы дайындау бірқатар жұмыстарында басшылыққа алуға болады: спортшы ізбасарларды іріктеуде, мамандандыруда пайдалануға болады; жоғары оқу орындарында маман дайындау ісінде, арнайы курстарда зерттеу нәтежиелерін пайдалануға ұсынамыз; жылдық цикл кезеңінде жас спортшылардың дайындық деңгейін тестілеу-бағалау; жылдық цикл кезеңінде жас спортшылардың жаттығу процестерін реттеу, ұйымдастыру; БЖСМ, үшін оқу-жаттығу бағдарламалар жасау; спорт мектептері үшін әдістемелік нұсқаулар жазу.

Жұмыс құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тaрaудaн, қорытындылaр мен пaйдaлaнғaн әдебиеттер тізімінен тұрaды.


1 ЖАҢАДАН БАСТАҒАН БОКСШЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Бокстың даму тарихы

Бокстың басқа да спорт түрлерi сияқты өзiнiң көне тарихы бар. Бокс - ағылшын тілінен қазақшаға аударғанда қораптың ішінде жұдырықтасу деген мағананы білдіреді. Оның арғы атасы - бұдан шамамен бес мың жылдар бұрын ешбiр ережесiз өтетiн жұдырықтасу болған. Ертедегi Месопотамияда, Египетте, Алжирде табылған жартастардағы суреттерден, қазба жұмыстарының нәтижесiнде табылған заттардан жұдырықтасу көп елдердiң халықтар арасында кең тарағанын көрсетедi. Ежелгi грекия мемлекетiнiң дамуына себепкер болған крит-микен дәуiрiндегi мәдениет қалдықтарында бейнеленген жұдырықтасудың өрнектерi бiздiң заманымызға дейiн жеттi.

Жұдырықтасып сайысу, әсiресе, ежелгi Грекияда кең таралған. Атақты Гомер өзiнiң «Илиадасында» Троя қаласы үшiн шайқаста қаза болған жауынгерлерге арналған естелiгiнде жұдырықтасу жарысын өткiзгенiн баяндайды. Әрине, ол уақытта ринг болмаған, жарыс ережелерi де өте төмен, ұрыс кезiнде құшақтау, аяқпен тебу рұқсат етiлген, уақыт белгiленбеген. Сайыскерлердiң бiрi ессiз құлағанда, немесе жеңiлгендiгiн мойындап, үлкен бармағын ашып бiр қолын жоғары көтерген кезде ғана сайыс тоқтатылатын болған. Салмақ дәрежелерi болмаған, қолға киетiн қолғап та жоқ, ұрыс жалаңаш жұдырықпен жүргiзiлген. Кейiн келе жұдырықтарын жұмсақ былғарымен орауды қолданды. Әдеби естелiктерден қалған нұсқалар ертедегi Грекиядағы бокстың әдiстерiн, тәсiлдерiн көрiп танысуға мүмкiндiк бередi. Сайыскерлер тiк тұрып сайысқан. Оларға ең керегi жылдамдық, ептiлiк болған. Сайысқа шыққан адамдар туралы сол кездерi аңыздар, өлеңдер шығарып, олардың бейнелерiн ыдыстарға, үйлерге салды.

Жұдырықтасумен ақындар, мемлекеттiк қызметкерлер және жазушылар да шұғылданды. Мысалы, атақты математик Пифагор өте күштi сайыскер болып, Олимпиада ойындарына қатысқан.

Жұдырықтасуды 23-шi-Олимпиадаға (бiздiң дәуiрге дейiн 688 ж. ) кiргiзумен байланысты ұрыс жүргiзудiң ережелерi шықты. Смирна деген қаладан шыққан Ономаст деген боксшы заңдар жиынтығын шығарған. Заңға байланысты құшақтауға, аяқпен тебуге, белбеуден төмен соққы жасауға, қолдың iшiнде қатты заттарды қысып ұстауға т. б. тыйым салынған. Осы ережелердi Ономаст өзi үшiн шығарған деген лақап таралған. Себебi, осы олимпиадада өзі жеңiмпаз атанған. Кейiн осы ережелер жаңартылып ары қарай жетiлдiрiлген. Жеребе тартып жұптар құрастырылған, кездесу уақыты жеңiс анықталғанға дейiн өткiзiлген, төрешiлер жасы қырықтан асқан сайыс ережелерiн жақсы бiлетiн адамдардан тағайындалған. Бiзге жеткен суреттерде төрешiлердiң қолында жүзiм бұтағы бейнеленген. Соған қарағанда, оны төрешi ұрыс жүргiзу кезiнде пайдаланған. Кейiн келе жұдырықтасу барлық елдерге тараған. Қазiргi таңда бокс Азия құрылығында ұлттық спорт түрлерiнен кем дамымаған [35] .

Бiздiң дәуiрiмiзге дейін 650 жылдарда Қытайда да жүдырықтасу кеңінен тарады. Соның бір дәлелі Шао-Линь және Тай-Ки жұдырықтасу мектебі болған.

Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 616 жылдары 41 олимпияда ойындарында алғаш рет жастар арасында жұдырықтасудан жекпе-жектер өткізілді.

Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 400 жылдар арасында кәсіпқой атлеттер пайда бола бастады.

Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi 300 жылдары көтеген дәлелдерге сәйкес Үндістанда да жұдырықтасу дамыған.

Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi IV ғасырда жұдырықтасуды үйрену мен жаттығу жасау арнаулы мектептерде жүргiзiлдi. Онда жылдамдық пен ептiлiк басты қасиет болып есептелдi. Жұдырықтасушылар жарақаттан сақтану үшiн қолдарын май сiңген терiмен орап алған. Жекпе-жектiң уақытына шек қойылмады. Қарсыластар салмақ дәрежесiне бөлiнбеген. Жекпе-жек бәсекелестердiң бiреуi жарысты жалғастыра алмай қалған жағдайда ғана тоқтатылған. Ежелгi Элладада жұдырықтасу көрермендер тамашалайтын қызық ретiнде өткiзiле бастады. Сол кезден бастап жекпе-жектi өткiзу тәртiбi де өзгерiп, сайысшыларға арнайы қолғаптар жасалды. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiн III ғасырда Ежелгi Римде де жұдырықтасу кеңiнен тарады. Ол жерде жұдырықтасу сайыстары амфитеатрларда өткiзiлдi. ІІ ғасырда император Октавиан Августың құрметiне Рим қаласының маңында жұдырықтасудан арнайы жарыс өткiзiлдi.

Ежелгi Түркі елдерiндегi сайыстардың дамуы. Ежелгi түркi халықтары арасында да сайыс ойындары дами бастады. Сол кезде-ақ балаларды жасынан атқа мiнуге, садақ атуға, күштi және шыншыл болуға үйреткен. Жұдырықтасу сайыстары ежелгi түркi халықтар арасында да кеңiнен тарады. Мұндай жарыстар сайысшылардың жас ерекшелiктерiне қарай өткiзiлдi. Ежелгi үйсiн, керей, найман мемлекеттерi тұсында түркi халықтары жұдырықтасуды батылдыққа, ептiлiкке, табандылыққа, шапшаңдық пен күштiлiкке тәрбие құралы ретiнде пайдаланған. Жұдырықтасу сайыс кезiнде жалаңаш жұдырықпен де, қолғап киiп те сайысқа түсуге рұқсат етiлiп, жұдырықтың қатты тиюiне себеп болатын заттарды пайдалануға тыйым салынды. Сайысшылар бiрiн-бiрi аяқтан шалуға немесе баспен соғуға, жығылған кезде ұруға және тебуге рұқсат етiлмедi. Ереженi бұзғандарды сайысшылардың өздерi- ақ жазалап отырды. [36]

Ағылшын боксы. Қазiргi кездегi бокстың шыққан отаны Англия деп саналады. Себебi, ХVI-ХVII ғасырларда қала тұрғындарына, шаруаларға қару асынуға тыйым салынған. Сондықтан олар өздерiнiң дау-жанжалдарын жұдырықтасумен шешкен. Бокстың алғашқы ережелерiн цирк иесi Джеймс Браутон ойлап шығарды (1743ж. ) . Ереже жетi талаптан тұрды. Бiрақ ұрыс мерзiмi шектелмедi. Тұңғыш рет қолға қолғап кию енгiзiлдi. Брайтон өзiнiң бокс мектебiн ашып, онда көптеген атақты боксшылар дайындап шығарды. Сондықтан ол бүкiл Англияға атақты кiсi ретiнде танылды. Содан жүз жыл өткен соң 1838 жылы «Лондонның жүлделi рингi» деген жаңа ереже пайда болды. Ереже 29 тараудан тұрды. Жарыстың заңдылық жағы да ескерiлдi. Бiрақта дөрекi әдiстермен, жалаңаш жұдырықпен өтетiн жекпе-жек Англия патшайымын бейжай қалдырмады. Виктория патшайым бокспен айналысуға тыйым салды. 1867 жылы Квинсбери мырза боксты спорт түрiне айналдыратын жаңа ереже шығарды. Бокстың созылу уақыты раундтарға бөлiнiп, үзiлiстер пайдаланылды. Құшақтасу, аяқпен шалу тоқтатылды. Ұрыстың жүргiзiлуi ширақ, жылдам өтетiн болды. Қолға қолқаптар кию мiндеттелдi. Бұл жекпе-жектi ұпай санымен аяқтауға әкелдi. Спортшыларды салмақ дәрежелерiне бөлу жеңiстi ауыр салмақтан басқа да боксшылардың жеңуiне мүмкiндiк бердi. Бокспен қарапайым адамдар ғана емес үстем тап өкiлдерiнiң де айналысуы басталды. Жақын арада бокспен айналысу ақсүйектер үшiн өздерiн-өзi қоғамдық жерде сыпайы ұстаумен бiрдей болды. Көптеген атақты адамдар боксшылардың еңбегiн мырзалықпен төлеп, болашақтан үмiткер спортшыларды дайындайтын мектептер ашып, өз көмектерiн көрсеттi. Ағылшын боксшылары әлемдегi күштiлер деп есептелдi. Сондықтан да оны «ағылшын боксы» деп атады. Квинсбери ережелерi қазiргi кездегi әуесқой және кәсiпқой бокстың негiзiн қалады. Бокстың осы заманғы олимпиада ойындарына енгiзiлуi үшiншi Олимпиада 1904 жылы Сент-Луис (США) қаласында өттi. Бұған тек америкалық спортшылар қатысты. Осы ойындардан кейiн бокс көптеген Европа елдерiнде дами бастады.

Ресей боксы . Ресейде бокс ХIX ғасырдың соңында дами бастады. Ол жерге де боксты алып келген ағылшындар болды. Ресейде боксты алғашқылардың бiрi болып М. Кистер Мәскеудегi атлеттер ұйымында ұйымдастырды. Осы ұйымда Франциядан Петербургке көшiп келген Э. Лусталло бокспен шұғылданды. Мәскеуде алғаш рет бокстан жарыс 1895 жылы 15 шiлдеде өткiзiлдi. Кейiнгi жарыс Петербургте 1898 жылы 31 мамыр айында өткiзiлдi. 1913 жылы тұңғыш рет Ресей бiрiншiлiгi өткiзiлiп, оған 15 боксшы қатысты. Бұл бiрiншiлiкте боксшылар жеңiл, орта және ауыр үш салмақ дәрежесiнде жарысқа шықты. Ресейде бiрiншi ресми бокс ережесi 1915 жылы «Санитас» спорт қоғамының бөлiмiнде шығарылды. Бұл ережелер халықаралық жарыстарда қолданылып жүрген тәжiрибеге сай сегiз салмақ дәрежесiн бекiттi. Қолғаптың салмағы да белгiлендi. Оның салмағы 227 гр (8 унций) болып, ұрыс мерзiмi үш минуттан үш раунд болды. 1916 жылы Петроград қаласында кезектi Ресей бiрiншiлiгi өткiзiлдi. Бұл жарысқа 23 боксшы қатысып, ұрыс мерзiмi үш минуттан төрт раунд болды. [37]

Кәсiпқой бокс . Қолғапсыз жұдырықтасудағы көптеген қатыгездiктердi көрермендер ұнатпады. Квинсберри 1867 жылы бокстың жаңа ережесiн қабылдаған соң, ағылшын боксының орнына кәсiпқой бокс пайда болды. Квинсберри ережесi бокста бетбұрыс жасады. Боксшылар соққының күшiн азайтатын жұмсақ қолғап кидi. Қорғану әдiстерi мен тәсiлдерiне де өзгерiстер енгiзiлдi. Күресуге, аяқтан шалуға тыйым салынды. Ал боксшылар рингте сайыс кезiнде еркiн қозғалуға мүмкiндiк алды. Сондықтан да бокс спорт түрi ретiнде қалыптаса бастады. Квинсберри ережесi кәсiпқой және әуесқой бокстың жаңа ережелерiнiң негiзi болып саналады. Кәсiпқой бокс ХVIII ғасырдың аяғынан бастап Америка құрылығында және Еуропа мемлекеттерiнде (Германия, Франция, Англия) дами бастады. ХIХ ғасырдың аяғында кәсiпқой бокстың халықаралық ассоциациясы құрылды. Бұл ассоциация әр елдердегi ережелердi жинақтап, бiр жүйеге келтiрдi. Кәсiпқой бокстағы кездесулер бiрнеше раундтан тұрып, әр бiр раунд үш минутқа созылды. Кәсiпқой бокс ережесiнiң әуесқой бокс ережесiнен айырмашылығы - бокс қолғабының кiшкене болуы мен сайыстың ұзаққа созылуы. Ал шабуыл мен қорғаныс кезiнде ережеден тыс кейбiр әдiстерге де рұқсат берiлетiн. Мұндай жағдайлар кәсiпқой бокста тәртiпсiздiк пен қатыгездiктiң көбеюiне алып келдi. Кәсiпқой бокстың негiзгi мақсаты мол пайда табу. ХХ ғасырдың ортасынан бастап АҚШ-та және Еуропа елдерiнде (Англияда, Германияда) кәсiпқой бокс зор қарқынмен дамыды. Атақты кәсіпқой боксшылар Мухамед Али, Формен, Патерсон, Холлифильд, Тайсон, Льюс, Джонс, Головкин т. б. КСРО өкiметi құлағаннан кейiн ТМД елдерiнде де кәсiпқой бокс дами бастады. Әсіресе Украиндық боксшылар ағайынды Кличколар, Маскаев сынды былғары қолғап шеберлері кәсіпқой бокста жоғарғы жетістіктерге жетті.

Қазақстанда да ХХ ғасырдың соңында кәсiпқой боксшылар саны көбейе бастады. Қазақстандық алғашқы кәсіпқой боксшылар Мирошишенко, Ружников, Абдрахманов, Хакимов, Присяжнюктар өнер көрсетті. В. Жировта Олимпиада жеңiмпазы болғаннан кейiн, кәсiпқой боксқа ауысып, әлем чемпионы атанды. Алғашқы қазақ боксшысы М. Мәзiмбаев 2005 жылы Алматыда өткен кәсiпқой боксшылар арасында әлем жеңiмпазы болды. Әлем бiрiншiлiгiнiң жеңiмпазы және 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарының күмiс жүлдегерi Г. Головкин де кәсiпқой бокске ауысып әлемнің бірнеше дүркін чемпионы атанды. Ал Қазақстан боксының түлегi қарағандылық О. Маскаев 2006 жылы ең ауыр салмақ дәрежесiнде кәсiпқой боксшылар арасында әлем бiрiншiлiгiнде топ жарды. Азия чемпионы Б. Шүменов те соңғы кездері кәсіпқой бокстан үлкен жетістіктермен көрініп жүр. 2009 жылы қарашада академияның түлегі М. Жақсылықов кәсіпқой бокстан Азия чемпионы болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Боксшының техникалық, тактикалық дайындығының жас ерекшеліктер негіздерін жетілдіру
Алыс арақашықтықпен ұрыс әрекетіне оқыту
Боксшының айналмалы жаттығу кешенін қолдану әдістемесі
Жарыс кезіндегі боксшының психологиялық дайындығын шыңдау
Бақтияр Артаев
Боксшы соққысының маңызы
Жас боксшыларды дайындағанда қолданылатын дене жаттығулар жүйесі
Боксердің техникалық және физикалық дайындығы
Бокстың әдіс тәсілдері
Қазақстанда спорт және дене тәрбиенің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz