Сөйлеу әрекеттестігі: қабылдау және түсіну үдерістері


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ЕУРОПА ТІЛДЕРІ
КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Сөйлеу әрекеттестігі: қабылдау және түсіну үдерістері
Орындаған: И. Ж. Жанибекова
4-курс студенті
Ғылыми жетекші: Ж. Қ. Ибраева
филол. ғыл. докт., профессор
Пікір жазушы: Э. К. Еркебекова
филол. ғыл. канд.
Норма бақылаушы: Ж. М. Уматова
филол. ғыл. канд.
Қорғауға жіберілді:
« »2016 ж.
Жалпы тіл білімі және Еуропа тілдері
кафедрасының меңгерушісі
филол. ғыл. докт., профессор Г. Б. Мадиева
Алматы, 2016
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының тақырыбы: Сөйлеу әрекеттестігі: қабылдау және түсіну үдерістері
Диплом жұмысының құрылымы: : диплом жұмысы, кіріспе, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, пайдаланылған материалдар мен дереккөздерден тұрады.
Диплом жұмысының көлемі:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Тірек сөздер: психолингвистика, афазия, патопсихолингвистика, нейролингвистика, дактилология, тактильді коммуникация, кинесика, проксемика т. б.
Диплом жұмысының нысаны:
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:
- мектеп жасындағы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған жеткіншек балалардың сөйлеу әрекеттестігін зерттеу;
-мектеп жасындағы есту-сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың қабылдау үдерісінің ерекшеліктерін бақылау;
- мектеп жасындағы есту және сөйлеу ақаулары бар балалардың түсіну әрекеттестігін зерттеу;
- 15-16 жастағы есту және сөйлеу ақаулары бар балалардың сөйлеу әрекеттестігін, экспериментальды әдістемелердің көмегімен өткізілген жұмыстардың нәтижесін шығарып, талдай отырып, қабылдау және түсінісу ерекшеліктерін айқындау;
Диплом жұмысының әдістері: жұмыстың барысында жаппай сұрыптау, жүйелеу, баяндау, түсіндіру, талдау, бақылау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының материалдары ретінде есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-инетрнатының 10 класс оқушылары (15-16 жас аралығындағы) 6 бала. Атаулы оқушылардың сөйлеу, сөйлесу ерекшелктері мен қабылдау және түсіну үдерістері бақыланды, және әртүрлі ситуацияларға байланысты көңіл-күй әсерінен сөйлеу әрекеттестігінің өзгеруі бақылауға алынды. Төрт айда жүргізілген бақылаулар нәтижелері жазылып, ерекшеліктері айқындалды.
Диплом жұмысының дереккөздері ретінде Ж. Қ. Ибраева, Г. Л. Зайцева, А. Р. Лурия, Л. С. Выготский, А. А. Леонтьев, Л. С. Цветкова, И. А. Зимняя, В. П. Белянин, И. Н Горелов, В. А. Пищальникова, Л. В. Щерба, Е. Д. Хомская . . . және т. б ғалымдардың зерттеу жұмыстары мен көрсеткіштері қолданылды.
Диплом жұмысының нәтижелері:
МАЗМҰНЫ
РЕФЕРАТ
АНЫҚТАМАЛАР
КІРІСПЕ
1 ПCИХOЛИНГВИСТИКA:ДAMУЫ, ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ МЕН ПӘНІ
- Отандық және шет ел психолингвистикасының дамуы
- Сөйлеу әрекеттестігі: қабылдау және түсіну үдерістері
- Патопсихолингвистика-психолингвистиканың арнайы тарауы ретінде
- Сөйлеудің жүйелі бұзылуы және оның түрлері
- Патологиялық ауытқулары кездесетін балалардың қабыладу және түсіну ерекшеліктері
- Дактилология: дактильді тіл сөйлеу құралы ретінде
2 СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТТЕСТІГІ: ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ
2. 1 Эксперимент информанттары, құрылымы
2. 2 Жеке және әмбебап эксперимент
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
АНЫҚТАМАЛАР
Психолингвистика - (фр. linguistigue - лат. lingua - тіл) - психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Бұл бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г. Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер ХХғ. 60-жылдарынан бастап қолға алынды.
Патопсихолингвистика жеке тұлғаның ыдырауы немесе өзгеде психологиялық ауытқулары кездесетін адамдардағы сөйлеу процестерінің қалыптасуы мен ағынының патологиясын зерттейді.
Нейролингвистика (грек, neuron жүйке, латынша lingua тіл) - неврология мен тіл білімінің түйіскен жерінде пайда болған, мимен байланысты тіл жүйесін зерттейтін ғылым саласы. Мидың зақымдануынан сөйлеудің бүзылуы (афазия) орта ғасырлардан белгілі, бірақ оның зерттелуі 19 ғасыр 2-жартысында басталды. Оны зерттеуде И. А. Бодуэн де Куртенэ, В. А. Богородицкий, В. Щерба т. б. тіл қызметінің үш құрамнан - фонация (дауыстап айту), аудиция(қабылдау), церебрациядан (мида болатын процесс) тұратынына сүйенген. . Сөйтіп, казіргі нейролингвистика адамның сөйлеу қызметін комплексті зерттеудің бір саласы болып табылады.
Дактилология немесе басқаша айтқанда қол әліпбиі - есту немесе сөйлеу дефекті бар адамдар мен олардың қоршаған ортасында адамдардың тілдесуі үшін пайдаланылатын таңбалар жүйесі.
Брока орталығы - мидың маңдай бөлігінің екінші және үшінші қатпарларында орналасқан француз антропологы және хирургі Броктың 1865 жылы ашқан жаңалығы. Тілдің немесе екінші - сигналдық жүйенің іс-әрекеті мидың маңдай бөлігі мен сөзді айту, есту және жазуды көру талдағыштары арқылы орындалады. Сөзді айту талдағышы дыбыс аппаттары мен бұлшық еттері рецепторларынан мәлімет алып, сөйлемдер құрастырып сөйлеуді жүзеге асырады.
Вернике орталығы - Бас миының ақпаратқа және сөйлеу актісіне жауап беретін орталығы. Ми қыртысының самай бөлігінде орналасқан. Вернике зонасы ғалымдардың пікірінше ақпараттың қабылдап, қорытылуына жауап береді деп санайды.
Сөйлеу онтогенезі - Сөйлеудің дамуы немесе сөйлеу онтогенезі, ағыл. language development - жазу, сөйлеуге қатысты процестердің, әдістердің және кезеңдердің кешенді әрі ауқымды ұғымы. (бала тілі немесе ересек адамның бүкіл ғұмырындағы тіл) қарым-қатынасын, вербалдық ой-өрісін, әдеби шығармашылығын сипаттайды.
Афазия - мидың белгілі бір жерінің жинақталып зақымдалуынан бұған дейін қалыптасып, дұрыс жетіліп келе жатқан сөйлеу тілінің толық немесе ішінара жойылып кетуін сипаттайды. Көбінесе ересек адамдарда кездеседі.
Алалия - баланың құрсақтағы немесе тілі шыққан нәрестелік даму кезеңінде бас миы қабыршағының сөйлеу тілін қалыптастырып, жетілдіретін аймағының органикалық зақымдануынан сөйлеу тілінің жүйелі түрде дамымауы немесе мүлде болмауы жатады.
Кинесика - адамдардың эмоциялық рефлекстерін бейнелейтін дене мүшелерінің қимыл-әрекеті. Кинесикаға қимыл, ым-ишара, қозғалыс, кейіп, жүріс-тұрыс жатады
Проксемика - адамдардың коммуникация процесіндегі ара қашықтықты (дистанция) және коммуникацияға түсушілердің бір-біріне қатысты кеңістіктегі бағдарын (ориентация) қарастырады. Мәселен, бұрыла қарау - қасындағы адамның сөзін тыңдауға, әңгімелесуге дайын, пейілді екендігін білдіру;
Тактильді байланыс (еng “haptic communication”) - адамның басқа бір адамға тікелей физикалық контакт беретін байланыс нысаны болып табылады. Мысалы, қол алысу, иықтан немесе арқадан қағу. Сондай-ақ, әр адам өзіне қолайлы шекараларын анықтайтын тактильді шекаралы бар.
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаты. Мектеп жасындағы балалардың афазияға ұшырау себебінен сөйлеу әрекеттестігінің өзгеруі, тілдік қабілетінің ерекшеліктері, дактильді әліпби, бейвербаль амалдар және оларды қолдану арқылы тілдесу ерекшеліктері мен қабылдау және түсіну үдерістерін зерттеуге бағытталған.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы, кіріспе, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, пайдаланылған материалдар мен дереккөздерден тұрады.
Диплом жұмысының өзектілігі . Тіл - адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ» (Ахмет Байтұрсынов) . Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.
Психолингвистика туралы айтатын болсақ, жалпы тіл біліміне қатысы жоқ оқырманда көптеген сұрақтар тууы мүмкін (Психолингвистика дегеніміз не? Психологиялық термин ба? Ғылымның саласы ма?) Психолингвистика ғылымының қалыптасу тарихына үңілсек: психолингвистика алғашында теориялық пән ретінде пайда болған жоқ, керісінше тәжірибеге бағытталған концепция болып пайда болды. Жиырмасыншы ғасырдың 40-50 жылдары кейбір әлеуметтік мәселелерді тек пәнаралық тұрғыдан шешуге болатынын анықталды. Шетел тілін неше жастан оқыту керек? Шетел мәдениетін қалай ұғу? Шетел тілін үйренгенде ана тілден аударама, әлде жаңа ойлау жүйесі қалыптаса ма? деген сұрақтарға жауап беру үшін тіл мамандарына психологиялық білім қажет болды. Сол кезден бері көптеген зерттеулер жүргізіліп, бірнеше психолингвистикалық мектептер мен теориялар пайда болды. Солардың бірі, АҚШ-тың ғалымы Ноэм Холмский, зерттеу нысанын келесі тұрғыда қарастырған - психолингвистиканы құрайтын «тілдік мүмкіндіктер» (lingustic competence) және «тілдік белсенділік» (linguistic performance) деп айтты. Біріншісі тілді меңгеру болса, екіншісі меңгерген тілді пайдалану. Біріншісі лингвистиканың зерттеу нысаны болса екіншісі психологияның нысаны. Біріншісі екіншісін анықтап тұр және екіншісі бірінші үшін негіз деген екен. Әр түрлі ғалымдар психолингвистика ғылымына әр түрлі анықтама берген. Егер біреуі психолингвистиканың зерттеу нысаны деп - адамның сөйлеу әрекеті және оны комплексті моделдеу заңдылықтарының біріккен жүйесі десе, екіншісі психолингвистиканың негізгі зерттеу нысаны деп - тек тіл, және оны меңгеру деп түсінген, үшінші біреуі зерттеудің негізі деп адамның сөйлеу әрекетін іске асыру мүмкіндіктері, сөйлеу, ақпарат алмасудың психофизиологиялық үдерісі ретінде қарастырады. Сонымен психолингвистиканың зерттеу нысаны бірнеше болғандықтан, ғылымның атынан белгілі болып тұрғандай, екі үлкен көне ғылым: психология мен линвистикадан бастау алатынын көреміз. Психолингвистиканы әлі күнге дейін бір анықтамамен шектеуге болмайды, психолингвистиканы зерттеуші мектептердің әрқайсысының өзіндік теориялық анықтамасы бар. Менің айтайын дегенім, психолингвистиканы - адамның сөйлеу әрекетінің психологиялық және лингвистикалық аспектілерін, және тілді пайдаланудың әлеуметтік-психологиялық аспектілерін зерттейтін ғылым деп қарастыру зерттеуші ғалымдардың көптеген анықтамаларына қайшы келмейді. Бұдан басқа бұл ғылым герменевтика, медицина, нейрология, философия, педагогика, психология, лингвистикалық антропология, мәдениаралық коммуникация, танымдық лингвистика, паралингвистика, этнолингвистика, сынды пәндермен байланысады. Көріп отырғанымыздай психолингвистика ғылымы кең әрі ауқымды сала. Психолингвистика ғылымының бір тармағы «жас мөлшер психолингвистикасы» деп аталады. Бұл ғылымға адам баласының тілін түсіндіру, тілді динамикалық тұрғыдан, әсер ету тұрғысынан зерттеу тән. Сонымен қатар сөйлеп жатқан адамның сөзді қабылдауына, меңгеруіне және психологиялық қалпына басты назар ауады.
Қазіргі уақытта афазияға ұшыраған балалардың сөйлеу тілі әлі де жалпыға көп түсініксіз. Сонымен бірге, қоршаған ортамен байланыс жасау қиындықтары жиі кездесуде. Осыған орай қарапайым тіл қолданатын орат мен ''ерекше'' балалардың қабылдау және түсіну үдерістерінің ерекшеліктерін айқын көрсету мәселесі қарастырылған. Дефекті бар балалардың өзінің достарының арасында тұйықталып, аз сөйлеуге тырысады. Қоғамда өзін қолайсыз сезініп шеттетіліп қала береді. Сондықтан да ерте жастан бастап сөйлеу тілін түзету ұтымды болады. Неғұрлым қоршаған ортамен байланысы түсінікті болса, бала бойында қандай дефект болса да, белсенді, ашық мінезді, көпшіл болады. Көбінесе балалардың сөйлеу тілі грамматикалық жағынан толық жетілмеген болып келеді. Дактильді тіл тек орыс тілінде ғана оқытылады. Яғни афазияға ұшыраған қазақ балаларының ана тілінде білім алу мүмкіндігі жоқ. Зерттеу жұмысында осы мәселелер қарастырылады. Теориялық тұрғыдан алғанда бала тілінің лингвистикасы ғылымындағы актуалды проблемалардың талдауына үлес қосады. Тәжірибелік жағынан қарайтын болсақ 1) тәжірибе барысында алынған нәтижелер психолингвистика, педагогика, мамандарының жұмысында қолданыс таба алады; 2) зерттеу нәтижелері дефекті бар балалар тобынан құралған балалар тілін ары қарай зерттеуде негіз болуы мүмкін; 3) алынған нәтижелер мектеп педагог мамандардың қажетіне, немесе жалпы тіл білімін, бала тілінің сөйлеу ақауларын зерттеу, психолингвистиканы оқу барысында қажеттілігін тудыру мүмкін.
Диплом жұмысының нысаны: Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған немесе нашарлаулары кездесетін жеткіншек балалардың сөйлеу әрекеттестігі, яғни қабылдау және түсіну ерекшеліктері;
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:
- мектеп жасындағы есту және сөйлеу қабілеті бұзылған немесе дефекті бар балалардың сөйлеу әрекеттестігін зерттеу;
-мектеп жасындағы есту және сөйлеу ақаулары бар балалардың қабылдау үдерісінің ерекшеліктерін бақылау;
- мектеп жасындағы есту және сөйлеу ақаулары бар балалардың түсіну үдерісін зерттеу;
- 15-16 жастағы есту және сөйлеу дефеекті бар балалардың сөйлеу әрекеттестігін, экспериментальды әдістемелердің көмегімен өткізілген жұмыстардың нәтижесін шығарып, талдай отырып, қабылдау және түсінісу ерекшеліктерін айқындау;
Диплом жұмысының әдістері : жұмыстың барысында жаппай сұрыптау, жүйелеу, баяндау, түсіндіру, талдау, бақылау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының материалдары ретінде есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-инетрнатының 10 класс оқушылары (15-16 жас аралығындағы) 26 бала. Атаулы оқушылардың сөйлеу, сөйлесу ерекшелктері мен қабылдау және түсіну үдерістері бақыланды, және әртүрлі ситуацияларға байланысты көңіл-күй әсерінен сөйлеу әрекеттестігінің өзгеруі бақылауға алынды. Екі жыл көлемінде жүргізілген бақылаулар нәтижелері жазылып, ерекшеліктері айқындалды.
Диплом жұмысының дереккөздері ретінде Ж. Қ. Ибраева, Г. Л. Зайцева, А. Р. Лурия, Л. С. Выготский, А. А. Залевская, Н. Хомский, И. А. Зимняя . . . және т. б ғалымдардың зерттеу жұмыстары мен көрсеткіштері қолданылды.
Диплом жұмысының нәтижелері.
- Афазия салдарынан өзгеше келетін жеткіншек балалардың тілінің психолингвистикалық аспектілер айқындалды;
- психолингвистика ұғымына толық анықтама берілді;
- психолингвистиканың даму кезеңдеріне қысқаша шолу жасалды;
- психолингвистиканың жанама ғылымы айырмашылықтары айқындалды;
- жасалған тәжірибелерден нәтиже алынып, қорытынды жасалды;
1 ПСИХОЛИНГВИСТИКА: ДАМУЫ, ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ МЕН ПӘНІ
1. 1 Отaндық жәнe шeт eл психолингвистикaның дaмуы
Психолингвистикa (фр. linguistigue - лaт. lingua - тіл) - психология мен лингвистикaның aрaлығындaғы ғылым сaлaсы. Ол сөйлеу процесін, оның мaзмұны, коммуникaтивті рөлі, сөздің ойғa қaтысы тұрғысынaн зерттейді. Психолингвистикa - тілді зерттейтіндіктен лингвистикaлық пәндерге де, тілді психикaлық феномен ретінде қaрaстырaтындықтaн психологиялық пәндерге де жaтaтын кешенді ғылым. Психолингвистикaдa психологиялық сaрaптaмaлар aрқылы тексерілетін сөйлеу әрекеті және aдaмның психофизиологиялық сөйлеуін ұйымдaстыру модельдері жaсaлaды. Психолингвистика, сараптамалық пән ретінде, тілді онтогенезде дамыту, мeктeпкe дeйінгі сөйлeу тәрбиeсі және логопeдия мәсeлeлeрі, ана тілін жәнe шeт тілін оқыту, орталық мидағы сөйлeу ақаулары, үгіт-насихаттаудағы, бұқаралық aқпaрaт құрaлдaры мен жaрнaмaдaғы сөйлеу ықпалы мәселелері сeкілді бірқатар прaктикалық міндeттeрді тeориялық тұрғыдaн түсінугe мүмкіндік бeрeді.
Психолингвистика - ХХ ғасырдың 50-інші жылдары пайда болған жас ғылым. Психолингвистиканың дамуы мен қалыптасуын нақты кезеңдерге бөліп қарастыру мүмкін емес, себебі А. А. Залевскаяның айтуы бойынша, көптеген бағыттар хронологиялық тұрғыда қоса дамып, бірге өмір сүріп келеді. Осығaн қaрaмастaн, қaзіргі ғылым психолингвистикa кезеңдерін топтaстыруды және оның жетекші ғылыми бaғыттaрын қaтaр қояды. Ресей психолингвистикa мектебінің негізін қaлаушы А. А. Леонтьевтың шетелдік және отaндық ғылымдaғы психолингвистикaлық ойды дaмытуғa жaсaлғaн терең ғылыми тaлдaуын ескере отырып, негізгі кезеңдерін бөліп көрсетуге болaды. Алғашқы кезеңде психолингвистикалық идеялар қалыптасқан, яғни психолингвистиканың пайда болуына дейінгі кезең сипатталған. Бұл бағыттың негізін қалаушы неміс ғалымы Г. Штейнталь (1823-1899) тілді тек жеке адам психологиясының көрінісі емес, этнос психологиясының да көрінісі ретінде қарастырды. Белгілі лингвистер Бодуэн де Куртенэ, де Соссюр еңбектерінде аса назар аударылған тақырып болып сөйлеу әрекетінің әлеуметтік сипаты болып саналады. Психолингвистикаға жаңа мағына енгізіп, ойлаудың сөзге, сөздің ойға талассыз алмасуын сөйлеудің даму процесі деп түсіндірген Америка ғалымдары Ч. Осгуд, Т. Сибсок және т. б. Психолингвистикaлық бaғыттың өкілдеріне Г. Штейнтaль, В. Вундт, А. А. Потебня және т. б жатқызамыз, олaрдың тұжырымдaмaлaры В. фон Гумбольдттың сөйлеу әрекеті мен тілді социум мен халық арасындағы байланыстырушы ретінде түсіну идеясының ықпал етуімен қалыптасты. Бұл кезеңнің психолингвистикасы үшін Г. Штейнтальдің заттық және тілдік ойлау жайлы пікірлері маңызды болып табылады. [3, 6 б. ]
Зaттық ойлaу жaйлы пaйымдaй отырып Г. Штейнтaль адам онда табиғи ойлау саласынан бөлінетін «ұғымдар туралы түсінікке» сүйенеді деп болжады. ХХ ғасыр лингвистикасының негізін салушы швейцар ғалымы Ф. де Соссюрдің өте қызықты пікірлері бойынша, тіл абстрактілі супертұлғалы жүйе, ал тілдік қабілет индивидтің қызметі. Әлеуметтік жүйе ретіндегі сөйлеу және тілдік қабілет- тілдің дәнекері арқылы жүзеге асыратын бір индивидуалдық акті ретінде шектеледі. Белгілі отандық психолингвист, Ленинград фонология мектебінің негізін қалаушы Л. В. Щербаның еңбектерінде Ф. де Соссюрдың идеялары көрініс тапқан. Отандық психолингвистиканың қалыптасуына Л. В. Щербаның идеялары зор ықпал етті. Психолингвистиканың екінші кезеңін Қалыптасу және қарама-қайшы идеялар кезеңі деп атауға болады. ХХ ғасырдың екінші жартысында тіл білімінде генеративтік лингвистиканың пайда болуы тіл туралы ғылымда жаңа дәуірдің басталғанын білдірді. Н. Хомскийдің идеялары негізінде тіл біліміндегі формалдық бағыттың бір бұтағы ретінде генеративті лингвистика пайда болды, ол идеяларын алғаш әлемге танымал болған және автордың өзі бірнеше мәрте өзгерткен, ол «Синтаксические структуры» (1957 ж. ) атты жұмысында жариялады. [4, 430 б. ]
1970-інші жылдардың ортасында үшінші ұрпақ психолингвистикасы қалыптасты. Бұл кезең американдық лингвист Дж. Верчтің және француз психолингвистикалық мектебінің өкілдері Ж. Мелер, Ж. Нуазе, Д. Дюбуа және т. б. есімдермен байланысты. А. А. Леонтьев атап көрсеткендей, үшінші ұрпақтың психолингвистері көбіне маркстік тұрғыдан бейімделген психологияға бағдарланған, оның көрнекті өкілі кеңестік психологиялық мектептің негізін қалаушы Л. С. Выготский болды. Отандық психолингвистиканың дамуы мен қалыптасуына бұл ғалымның көптеген идеялары қазіргі ғылым үшін де өзекті болып табылады. Американдық лингвист Дж. Кесс психолингвистиканың дамуының негізгі төрт кезеңін бөліп көрсетеді: қалыптасу кезеңі, лингвистикалық кезең, когнитивтік кезең, когнитивтік ғылымның ағымдық кезеңі. [4, 45-49 б. б. ]
Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер XX ғ. 60-жылдарынан бастап қолға алынды. Бұл жерде М. М. Мұқанов, А. А. Залевская, М. М. Копыленко, Б. С. Мучник т. б. еңбектерін атап өткен жөн. Бізде осы саладағы зерттеулер үш бағытта жүргізілді (екінші, бөгде тілді меңгеру; сөйлеудің пайда болуы мен оны түсіну; ойлау мен қарым-қатынастың арақатысы) . Бұл мәселелер «Ойлау мен қарым-қатынас» атты Бүкілодақтық симпозиумда (Алматы, 1973), «сөзбен ойдың механизмдері» атты (Целиноград, 1976) ғылыми конференцияларда талқыланды. Қазақстан психолингвистері (М. М. Мұқанов, Н. М. Құрманбаев, М. К. Қайырбаева, Ш. С. Баймешева т. б. қостілділік, оны меңгерумен түсіну, іштей сойлеу т. б. ) мәселелерін жан-жақты зерттеді.
Қазақстандағы психолингвистика салыстырмалы отандық тіл білімінің біршама жас саласы болып табылады, соған қарамастан қазіргі таңда Қазақстан Республикасында және шетелдерге танымал ғалымдар Э. Д. Сүлейменова, Н. Ж. Шаймерденова, Л. В. Екшембеева, Г. Б. Мәдиева, Ә. К. Шаяхметова және т. б. жетекшілігімен зерттеулердің айтарлықтай салмақты қоры жинақталды деуге болады. Атап айтқанда, қазіргі қазақстандық психолингвистика мынадай бағыттар бойынша дамып келеді: екінші тілді меңгерудің психолингвистикалық қыры, билингвизм жағдайында балалар тілінің даму ерекшеліктері, сөйлеу қатынасының және , тілдік сананың ұлттық-мәдени ерекшелігі, психолингвистиканың бұрын зерттелмеген-сөйлеу патологиясы, сөйлеудегі қателер және т. б. секілді қырлары бойынша әртүрлі зерттеулер жүргізілуде. [ 1, 25б. ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz