Спорт дүкенінің тауар айналымының автоматтандырылған жүйесін құру


Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Ташбаева Назерке
Спорт дүкенінің тауар айналымының автоматтандырылған жүйесін құру
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Мамандығы 5В070300 - «Ақпараттық жүйелер»
Алматы 2018
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Инженерлік» факультеті
«Ақпараттық технологиялар, математика және физика» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Спорт дүкенінің тауар айналымының автоматтандырылған жүйесін құру
Беттер саны 85
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны 17
Қосымшалар 28
Орындаған Ташбаева Назерке Омарбекқызы
2018 ж. «» қорғауға жіберілді
Жетекші:
аға оқытушы
Экономикалық бөлім
т. ғ. к., профессор
Норма бақылау
ф-м. ғ. к., доцент
Алматы 2018 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Соңғы жылдарда Интернет жылдам түрде дамып, адамдардың өзара хабарласудың жаңа әдістері пайда болды. Бұл дамудың ең алдында World Wide Web тұр. Күнделікті осы жаңа коммуникациялық аяда мыңдаған жаңа сайттар ашылады, ал қолданушыларға жаңа қызмет түрлері ұсынылып жатады. Нарықтың кеңінен дамуымен қатар, оларды игерген жаңа технологиялар мен өндірушілерге деген үлкен сұраныс пайда болды.
Қазіргі таңда интернет-технология ақпаратты жіберудің және компьютерлік өңдеудің ең дамыған, алдыңғы қатарлы салалардың бірі болып табылады. Интернет қашықтан оқуға, интернет-дүкенге, интернет-банкингке және тағы да басқа әртүрлі ресурстарға қатынас жасауға мүмкіндік береді. Бұл қосымшалар қолданушылардың интерактивті өзара қарым-қатынастарын қамтамасыз ететін тораптық компьютерлік технологияларға негізделеді. Интернет-қосымшаларды құруды және оны жүзеге асыру принциптерін білу ақпараттық технологиялар саласындағы мамандардың ең маңызды кәсіби дағдылары болып табылады.
Қазіргі таңда өзінің Интернет-өкілі жоқ бірде-бір фирманы немесе ұйымды кездестіру мүмкін емес. Бүгінде сайт бизнестің кіріспе атрибуты ретінде қажет, мысалға, фирмалық бланк, буклет немесе визитка сияқты. Өндірісте берік позицияға ие болған және тұрақты табысы бар ірі компаниялар корпоративті сайттармен танымал. Web-сайттарда осы компания жайлы, оның ұсынатын тауарлары мен қызметтері, прайс - парақтары және мекен - жайлары туралы ақпараттармен танысуға болады.
Сонымен қатар сайттар арқылы кез келген уақытта жаңартылатын ақпараттарды біліп отыруға болады. Web-сайттың көптеген жетістіктері бар. Біріншіден, сайт компанияға желі арқылы жаңа клиенттер мен серіктестер табуға мүмкіндік береді. Екіншіден, көптеген жарнамаларға кететін шығындар мен уақытты үнемдейді, сонымен қатар осы сайт арқылы компания өзінің өнімі туралы қолданушыларға толық ақпарат береді. Үшіншіден, компанияда клиенттермен жұмыс істеуде сапалық сервисі қамтамасыз етіледі. Мысалға, офистерге қарағанда, сайтқа кез келген уақытта кіріп, толық ақпарат алуға болады. Сонымен қатар сайттағы прайс - парағы мен логотиптер көрнектірек болады.
Интернеттегі ресурстар санының көптігін ескере отырып, қазіргі кездегі Web-қосымшалар тораптық мәліметтер базаларының басқару жүйелерін (МББЖ) қолданады. Мұндай МББЖ-ды қолдану сұраныстарды тез, әрі тиімді өңдеуге және мәліметтерді сақтауға мүмкіндік береді.
Бұл дипломдық жұмыста компьютер және оның қосалқы бөлшектерімен online режімде танысуға, оларды таңдауға және сатып алуға тапсырыс беруге мүмкіндік беретін Web-қосымша құрылған. Қосымшаны құру барысында PHP (Personal Home Page) технологиясы және мәліметтер базасының MySQL сервері қолданылған.
1 ИНТЕРНЕТ ДҮКЕНІН ҚҰРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
- Желілік интернет дүкен
Интернет желісі арқылы тауарларды сатып алу қазіргі таңда кең қолданысқа ие болып отыр. Интернет дүкені арқылы үйреншікті сатып алу процесіне деген көзқарасты, экономикаға қомақты әсерін тигізе алады. Электронды коммерцияның дамуының маңызын Интернет желісінің ары қарай дамуымен тығыз байланыстырады, яғни бұл интернет дүкен желі үшін оның дамуына қаражат әкеле алатын қозғалтқыш күш болып табылады.
Интернет дүкен бұл - тауарларды немесе қызмет қөрсетулерді дүние жүзі бойынша барлық желі қолданушыларына сататын және жарнамалайтын Интернеттегі орын.
Интернет дүкен бұл - Интернет желсінде бизнесті жүзеге асыру мақсатында екі «материалды емес материяның» үйлесімі: компьютерлік ақпарат және олардың электронды орналасуы.
Компьютерлі ақпарат жағынан: ақырғы соңда сіздің дүкенінізге айналатынның барлығы (яғни экранда пайда болатын компания логотипі, фирма жайындағы ақпарат, өнім каталогы және т. б. ) сіздің немесе фирманың иелігіндегі компьютерде туындайды, ол арқылы сіз Интернет желісіне қосыласыз, және де барлық ақпарат сонда сақталады.
Электронды орналасуы жағынан: дүкен жазылған компьютер интернеттің бір бөлігі, сондақтан ол оған кіріп шыққысы келген немесе ақпаратпен танысқысы келген желінің кез-келген қолданушысы үшін ашық.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық технологиялардағы төңкеріс бизнесті жүргізу жайындағы барлық дәстүрлі көзқарастарды өзгертуде. Электронды коммерция әдеттегі бәсекелестіктегі мүмкіндіктерді теңестіреді, яғни үлкен және кішігірім компанияларға бір деңгейдегі сапа, баға және өнім түрлерінен сайысқа түсуге мүмкіндік береді. Жергілікті газетте жарнама беру бағасымен теңдей бола отырып, ол сауда ұжымдарына дүниежүзлік нарыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл кішігірім компаниялар үшін кейде жалғыз мүмкіндік.
Тауарлар мен қызмет көрсетулердің алға жүруі жағынан немесе потенциалды сатып алушыларды хабарландыру жағынан (бұл жағдайда, Интернет желісінің қолданушылары) интернет дүкендер де сол баяғы функцияларды атқарады, мысалға:
- брошюралар мен листовкалар;
- каталогтар;
- газеттер мен журналдардағы хабарландырулар;
- радио және телевизиядағы роликтер;
- плакаттар және жарнамалық тумбалар.
Алайда интернет дүкеннің оларға қарағандағы ерекшелігі, оған деген сұраныс жоғалғаннан кейін өзі де қоса жоғалып кетпейді (мысалға, газет бетіндегі жарнама) . Ол еш нәрсеге тәуелсіз жұмыс істей береді, яғни өз қызметтерін сіздің қалауыныздың шегіне дейін ұсынып, сіздің уақытыңызды шектемейді.
Сонымен қатар сатып алушылармен байланысты қамтамасыз ететін түрлі интерактивты байланыс құрылғылары бар, олар мультимедияға негізделген және де тапсырыстарды өңдеуде де колданылуы мүмкін.
Интернет дүкенді құру ақпарат пен жарнаманы жаюға негізделген болатын болса, онда Интернеттегі бизнесті элктронды пошта, таратулар тізімі мен телеконференциялар арқылы жүзеге асыруға болады, олар да сол мақсаттарға құрылған емес пе? Бірақ мұндай байланыс формалары өте тартымды болғандықтан, жарнама тарату мақсатында қолданылған кездерінде қолданушылардың бұрыс реакциясын туғызады. Мультимедиялық мүмкіндіктері бір жағынан дүкендердің түрлі-түсті витриналарына жақын. WWW жүйесі, Интернеттегі жарнама мен коммерция үшін артығырақ.
Интернет дүкендер басқарушылар үшін жаңа, қолданыстағы жарнама түрлерінен асып түсетін мүмкіндіктерді береді, оның қызмет алаңы мен аудиториясы күннен күнге кеңеюде.
1. 1. 1 Жеке интернет дүкен артықшылықтары
Бүгінгі күнде әрбір фирманың, оның өз өнімдерін бүкіл әлемге ұсынуға мүмкіндік беретін жеке интернет дүкені болуы мүмкін. Өйткені олар кез-келген мезгілде осындай дүкенге кіріп, сол мезгілде өздерінің тапсырысын беру мүмкіндігіне ие. Артықшылығы айқындай анық - уақыт үнемділігі. Тапсырыс берушіге сатушыға жолуғудың қажеті жоқ, сатушының өзі потенциалды сатып алушыларға өз ұсыныстарымен келеді.
Интернет дүкенде сатып алу және сату операцияларын қай жерден немесе қай уақытта болмасын жүзеге асыруға болады. Ол үшін тек компьютер және желімен байланысты қамтамасыз ететін кез-келген құрылғы қажет.
Сонымен қатар мұндай дүкен ешқашан жабылмайды. Сатып алушылар оған жылдың әр мезгілі мен тәуліктің кез-келген мезетінде кіре алады. Осылайша интернет дүкендегі өнімге қол жеткізе алатын адамдар саны көбейеді, өйткені олар өнімді өздеріне ыңғайлы уақытта, сүйікті орнынан қозғалмастан сатып ала алады.
Неліктен өз интернет дүкенді құрып, өнім немесе қызметтерді интернет арқылы сату және ұсыну мүмкіндігімен қолданбасқа? Осыны жүзеге асыру қиынға соқпас - интернет дүкенді құр да, сата бер.
Интернет дүкеннің қарапайым дүкенмен салыстырғанда артықшылықтары аз емес. Олар:
- сатулар көлемін ұлғайту: қосалқы сату мекенін құрса, сатылатын тауарлар немесе қызметтер көлемі ұлғаяды;
- өткізу рыногін кеңейту: қазіргі күнде интернет желісінде 50 миллионнан астам адам қолдануда, олардың көбі сіздердің компанияларыңызбен, өнімініңізбен және қызметтеріңізбен танысатын болады;
- өңдіріс шығындарын азайту: ұсыныс пен тауарларды және қызметтерді сатуға кететін шығындар интернет дүкен арқылы сатылғанда азырақ, сондықтан өндірістік шығындар азаяды;
- бәсекелестеріңізден озу: потенциалды сатып алушыларға тауар жайындағы ақпаратты жеткізу процессі бірнеше секундты ғана алғандықтан, сіздің бірінші болу мүмкіндігіңіз артады;
- басқа мемлекеттермен сауда-саттық жүргізу мүмкіндігі: сіз өз өніміңізді кез-келген мемлекетте, онда қарапайым дүкен орталығын ашпай-ақ сата аласыз;
- жер бетінің кез-келген бір нүктесінде сату мүмкіндігіне ие боласыздар: өйткені сіздің дүкеніңіз электронды және барлық келесімдер онлайн режимінде орындалады;
- күн немесе түн болғанына қарамастан, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, жылына 365 күн жұмыс істей аласыз, сіздің интернет дүкеніңіз, яғни сіздің бизнесіңіз сіз дем алғанда, ұйықтағанда немесе басқа да істермен айналысқанда жұмыс істей береді;
- сіз бір-бірімен байланыссыз бірнеше жобаға ие бола аласыз: үйреншкті бізнес шарттарына сәйкес бір мезгілде бір-бірімен байланыссыз бірнеше жобамен айналысу мүмкін емес, мысалға қаражаттық инвестициялар мен комикстерді сату. Ал Интернетте қанша дүкен керек болса, солардың барлығын ашуға болады, және олардың әр қайсысы өз міндетін атқаратын болады;
- копрорация-алыптарымен бәсекеге түсіп, онда жетістіктерге жетуге болады: өйткені барлық интернет дүкендер бір принцип негізінде құрылады (компьютерлік графика, текст және т. б. көмегімен), кішігірім компания немесе жеке кәсіпкер фирма-алыптардың дүкендерінен кем түспейтін дүкенді құрулары мүмкін;
- өзіңіздің ой идеяныз дұрыс немесе бұрыс екендігін едәуір қаражаттың көмегінсіз тексеру мүмкіндігі: яғни сізге офисті жалға алу, құрал-жабдықтарды сатып алу, жарнама және жұмысшылардың жалақысы сияқты шығындарға мыңдаған долларлық қаражат қажет емес. Интернет дүкенді құру - бұл өз жобаңыздың тиімділігін тексере алатын арзан және тиімді әдіс;
- бұқарамен байланыстарыңызды тығыздату және компаниядағы ішкі қарым-қатынасты жақсарту: дүкен әрдайым бұқара үшін ашық, сондықтан онда соңғы пресс-релиздерді көрсетуге, жаңа өнімдердің әзірленуі жайында ақпарат беру, сұрастыруларды және тағы басқаларды өткізу сіздің фирмаңызға танымалдылық әкеліп, оның сол саладағы орнын жақсарта түседі;
- сатып алушыларға деген қызмет деңгейін жоғарлату: егер үйреншікті дүкендер белгілі бір тәулік мезгілінде жабық болатын болса, интернет дүкендерді демалыс уақытында да ашық қалдыруға болады, онда сатып алушылар әрдайым өздеріне қажетті ақпаратты таба алады;
- барлық жұмыс персоналы үшін бір тек мәліметтер банкін қамтамасыз етеді: офистерде болмаған жұмыскерлер үшін (олар семинарда немесе клиенттермен кездесуде болулары мүмкін), электронды дүкен ақпаратқа қол жеткізудің қолайлы құралы болады, офис жабық болған жағдайда да;
- бүгінгі таңда әрбір адам және әрбір мекеме өзінің қоғамдық статусы жайлы, Интернет адресінің болуы және интернет дүкені болуы жайында ойлануда, ол яғни әсіресе бизнес жайында заманға сай жүруін білдіреді.
Негізгі түсініктер
Электронды бизнес дегенде Интернеттегі барлық жұмыстық қарам-қатынастарды айтады. Яғни, сауда-саттық, жеткізу, өнімді тарату жайындағы келісім, факторинг, лизинг, жобалау, консалтинг, инжиниринг, инвестициялық келісімдер, сақтандыру, эксплуатация және концессия жайындағы келісімдер, сонымен қатар банк қызметтері, ортақ қызмет ету және де басқа да өндірістік және іскерлік ынтымақтастықтар.
Электронды бизнес субьектілерінің қарым-қатынасы электронды байланыс және ақпаратты өңдеу құралдары арқылы жүзеге асады, олардың негізін корпоративті желілердің және Интернет желісінің ақппаратты-программалық қамтамасызы құрайды.
Көбінесе «электроннды бизнес» терминин электронды коммерции (E-коммерции) түсінігімен теңдестіреді. Электронды коммерцияға электронды бизнестің Интернет арқылы сауда-саттықпен байланысты түрлерін ғана жатқызған жөн. «Электронды коммерцияға» сәйкес болар түсінік бұл -«Электронды сауда-саттық». Электронды сауда-саттық бұйымы ретінде тек өнімдер ғана емес, қызметтер де түсініледі, соңғысының құрамына ақпараттық қызмет көрсетулер жатады.
Жалпы жағдайда электронды коммерция жүйесі ретінде белгілі бір Интернет-технологияны түсініледі, ол жүйе қатысушыларына келесідей мүмкіндіктерді береді:
- түрлі категориялардағы өнім мен қызметтерді өндіруші және жеткізушілерге Интернетте өздерінің өнімдері мен қызметтерін қоюға, сонымен қатар клиенттерден тапсырыстарды қабылдау және өңдеуге мүмкіндік береді;
- сатып алушыларға (клиенттерге) - стандартты браузерлер арқылы қажетті және ұсынылған тауарлар мен қызметтер жайында ақпаратты қарастыруға (каталогтар, прайс-беттер), тапсырыстарды рәсімдеуге (өтінім, сұраныс) және тапсырыс берілген тауарларға (қызметтерге) қол жеткізуге мүмкіндік береді;
- өндірушілер мен жеткізушілерге - төлемдерді қабыл алуға, ал сатып алушыларға - кейбір төлем жүйесін қолдана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға; бұл жағдайда жүйенің бір қатысушысы ретінде банк болады.
Жүзеге асырылған электронды коммерция жүйелерінде негізінен электронды коммерцияның екі схемасы қолданылады.
А схемасы: «бизнес-пайдаланушы» (business-to-customer, b2c) . Бұл схема сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым-қатынасты суреттегенімен қатар, басқа да бір-бірімен байланысты организациялар арасындағы байланыстарды сипаттайды («жеткізуші-өндіруші», «дилер-дистрибьютор») . Бұл схеманың негізгі варианты - «сатушы-сатып алушы» - каталогтармен сату және үйге жеткізу арқылы сауда-саттықтың пайда болуынан бері өзгерген емес.
Б схемасы: «бизнес-бизнес» (business-to-business, b2b) . Бұл схема ортақ бизнеске қатысатын екі организация арасындағы қарым-қатынасты сипаттайды.
Интернет дүкен - бұл қосалқы жүйе, ол электронды коммерция жүйесінің технологиясы негізінде құрылған. Әдеттегі дүкен сияқты интернет дүкен келесі функцияларды атқарады: сатып алушыға тауар (қызметтер) беру, тапсырыстарды өңдеу, тауарларды сату және жеткізу.
Интернет дүкеннің әдеттегі дүкеннен негізгі ерекшелігі мүмкін болар жағдайлардың барлығында Интерентті қолдану.
Электронды коммерции провайдері деп Интернетте төлемдерді орындау қызметтерін жүзеге асыруға көмектесетін организацияны айтады, ол электронды коммерция организациясы үшін басқа да қызметтерді атқаруы мүмкін.
Интернеттегі негізгі төлем құралдары болып несиелік карточкалар мен электронды салт ақша саналады. Электронды коммерцияның провайдерлері ролінде банк құрылымдарымен және Интернет-провайдерлерімен тығыз байланысты фирмалар болады. Қазақстанда электронды коммерция провайдерлерінің саны әлі аз.
Электронды коммерцияның провайдерлерінің жуықталған жұмыс істеу схемасы келесідей болады. Интернет дүкен сатып алушыдан тапсырысты қабылдап, сатып алушыны электронды коммерцияның провайдері серверні қайта адрестейді. Соңғысы қорғалған протокол арқылы сатып алушының несиелік картасының мәліметтерін біледі де, белгілі бір банкпен байланыса отырып оны верификациялайды, ақшаны алып оны дүкен шотына жібереді. Мұның барлығы сатып алушы үшін ешқандай қиындыққа соқпайды, одан тек төлем ақы суммасынан процент алынады (5-10%) .
1. 1. 2 Интернет дүкен түрлері
Онлайн режимінде жұмыс істейтін интернет дүкендердің функционалды мүмкіндіктеріне байланысты, оларды келесі үш категорияның біріне жатқызуға болады:
- интернет-витрина;
- сауда-саттық автомат;
- автоматталған дүкен.
Интернет дүкеннің Интернет-витрины түрінде болған жағдайында бұл қарапайым web-сайттың логикалық түрде кеңейтілген түрі, онда тауарлар жайында барлық ақпарат орналастырылып, қажетінде жаңартылып тұрады. Негізінде Интернет-витрина тек жарнамалық функцияны орындайды. Мұндай интернет дүкенге кіргеннен кейін қолданушы қарапайым циклдан өтуі қажет: компанияға телефон шалу немесе оған кіріп шығу, төлеу және жеткізу.
Сатып алушының тауарды сатып алуға дайын болғаны мен нақты сатып алу арасында бірталай уақыт өтеді. Интернет-витринаны құру және оны басқаруға кететін шығындар көлемі едәуір аз. Мұндай категориядағы интернет дүкен өзін тек бір жағдайда ғана ақтайды, егер ондағы өнімді зерттеу қарапайым дүкен шегінде өте көп уақытты қажет ететін болса.
Сауда-саттық автоматтың Интернет-витринадан айырмашылығы -онда нақты сауда жүзеге асырылады. Сауда операцияларын жүргізу жүйесі қандайда бір әдіспен организацияның бизнес-процесімен интеграцияланған. Жасалған тапсырыстар бойынша берілген ақпарат бірнеше өніммен өңделуі мүмкін: автоматталған түрде, немесе менеджердің көмегі арқылы. Мұндай интернет дүкен сатып алушылар саны шектелнген пилоттық және тестілік жобалар үшін қолайлы.
Автоматталған дүкен жалпы жағдайда автоматты түрде тапсырысты қабылдайды, счет жазып береді, төлемді қабыл алады, сонымен қатар тауарды сатып алушыға жеткізу туралы тапсырысты құрастырады. Сауда операцияларының бизнес-процестермен интеграция деңгейі жоғары. Менеджер тек жүйенің жұмысына деген жалпы бақылауды жүргізеді. Мұндай түрдегі интернет дүкендер жетерліктей күрделі болуда, және оларды құру үшін қомақты қаржы қажет, алайда олар сатулар көлемін әсерлі түрде жоғарлатады.
1. 1. 3 Электронды коммерцияның даму болашағы
Қолданушының таңдау мүмкіндігі теориясы мен альтернативті шығындар конценциясына сүйенер болсақ, онда Қазақстандағы Интернет компаниялары жақын арада Интернет коммерцияның жылдам өсуіне сенім арту дұрыс болмас.
Электронды сауданың қызметтеріне деген төлеу қабілетіне ие болған сұраныс деңгейі қазіргі кезде едәуір төмен. Сұраныс деңгейі өседі, егер Интернет-дүкендер үйреншікті дүкендерге қарағанда жетерлік жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсете алса - тиімді бағалар, қосалқы қызмет көрсетулер, тауарға төлеудің сенімді жүйесін, жылдам және аздан жеткізу жүйесін қамтамасыз етсе. Сатып алушыларды тартуда маркетингтік және жарнамалық шаралар үлкен роль атқарулары керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz