Пайдаланушыларға (абоненттерге) телекоммуникация жүйелерінің қызметін онлайн төлеуге арналған web - қосымшасын құру
8
9
10
11
Аңдатпа
Жобаның мақсаты пайдаланушыларға (абоненттерге) телекоммуникация
жүйелерінің қызметін онлайн төлеуге арналған web-қосымшасын құру.
Дипломдық жоба PHP, CSS, HTML және JavaScript тілдерін қолдана
отырып құрылған, ал деректер қоры MуSQL Server негізінде жүргізілген.
Тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде еңбек жағдайларына, жұмыс орнына
талдау жасалынған. Инженердің жұмыс орнындағы өрт кезіндегі эксплуатация
уақытын және кондиционерлеуді есептеу жүргізілген.
Ал техника-экономикалық негізделуі бөлімінде барлық баптар бойынша
жобаны жүзеге асырудағы шығындар анықталған және жобаның өзіндік құны
мен зияткерлік еңбектің бағасы есептелген.
Аннотация
Целью проекта является - разработка web-приложения для онлайн оплаты
услуг телекоммуникационных систем.
Дипломный проект разработан с использованием языков PHP, CSS,
HTML и JavaScript, а база данных проведена на оснавании MуSQL Server.
В главе Безопасности жизнедеятельности анализируются трудовые
условия и рабочее место. На основании полученных данных сделан расчет по
кондиционированию и при пожаре расчет времени эвакуации.
В главе Технико-экономического обоснования проекта по всем статьям
определены расходы по осуществлению проекта, себестоимость и цена на
реализацию.
Abstract
This project aim is - create web-application for online paying the service of the
telecommunication system.
Diploma project was devised by languages as PHP, CSS, HTML, JavaScript
and date base was done by MуSQL.
Labor conditions and working place were analyzed in chapter Life safety.
Calculation of air conditioning and time of evacuation were done on base of
given information in this chapter.
In chapter Feasibility justification of the project expenses of implementation
the project, prime cost and price of realization were identified.
12
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...8
1 Интернет технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1 Қазіргі таңдағы web-технологияның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..9
1.2 Web-технологиялар арқылы ақпараттандыру ісін
ұйымдастыру..10
1.2.1 WWW технологиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2.2 "Клиент-сервер" технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
Қарапайым аримфметикалық
операцияар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...19
Циклдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Уақыт пен мерзім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қатарлармен жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
1.3 Мәліметтер базасын құру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
1.4 Веб-сайт түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2 Телекоммуникация жүйесінің қызметін төлеуге арналған web-
қосымшасын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.1 Web-қосымшасының функционалдық құрылымын
жасау ... ... ... ...29
2.2 Web-қосымшасының
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
2.3 Пайдаланушының (абонент) навигациялық сұлбасын
құру ... ... ... .31
2.4 Программалық құралдар
сипаттамалары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..32
HTML гипермәтіндік тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
HTML кодтағы CSS ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
JavaScript тілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
PHP (Personal Home Page) - сценарийлерді құру серверлік тілі ... ... ... .37
PHPMyAdmin басқару панелі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
Dreamweaver бағдарламалау
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 40
3.Бағдарлама скриншоттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
4 Өміртіршілік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
4.1 Еңбек шартының анализы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
4.2 Есептеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
4.2.1 Эвакуация уақытын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 9
13
4.2.2 Кондиционерлеу жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
4.3 Тіршілік қауіпсіздігі бөлімі бойынша қорытынды ... ... ... ... ... .60
5 Техника - экономикалық негізделуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .61
5.1 Ұсынылып отырған қызметтің сипаты мен артықшылықтары ... ... 61
5.2 Тұтас сегмент мен позициялау ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
5.3 Маркетинг-микс қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
5.4 Бағдарламалық қамтаманың өңделуінің еңбек өнімділігінің
есептелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
5.5 Бағдарламалық қамтаманы өңдеуге кеткен шығынның есептелуі...66
5.6 Қосымша шығындар статьясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 7
5.7 Өзіндік құн нәтижесінің кестесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..71
5.8 Бағдарламаның бағасына есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
5.9 Минималды бағаны, кірісті және пайданы есептеу ... ... ... ... ... ... ...7 1
5.10 Бағдарламалық өнімді иемденудегі кәсіпорындардың бірмезгілдегі
шығындарын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...73
5.11 Қолдану аясындағы жылдық бірмезгілдегі шығындарды есепте..73
5.12 Ақпараттық өнімді енгізуден алынған үнемдеу мөлшері мен табысты
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74
5.13 Пайда мен шығындарды есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...75
5.14 Ақшалай құралдардың қозғалысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...76
5.15 Экономикалық тиімділікті есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74
5.15.1 Таза ағымдағы құндылықты есептеу (Nеt present value, NPV) ... 77
5.15.2 Пайда индексін есептеу (Profitability index, PI) ... ... ... ... ... ... ... .78
5.15.3 Табыстың ішкі нормасын есептеу (Internal rate of return, IRR) ... 79
5.15.4 Өтімділік периодын есептеу (Payback period, PBP) ... ... ... ... ... ..79
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..80
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .81
А қосымшасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8 2
Ә қосымшасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8 5
14
Кіріспе
Қазір
абоненттердің көбісі, тіпті барлығы дерлік өзінің
телекоммуникация қызметін қолданғаны үшін төленетін қаражат мөлшерін
арнайы қазпошта және қазақтелеком мекемелері арқылы барып төлейді, ол
пайдаланушының уақытын және еңбегін талап етеді, яғни телекоммуникация
жүйесінен келетін есептік түбіртек(квитанция)арқылы төлем жүргізу толықтай
ыңғайлы жүйе емес, сондықтан банкте салымдары бар абоненттер үшін үйде
отырып-ақ пайдаланған қызметтері үшін онлайн төлем жүргізу жұмысты
жеңілдетіп, уақытты үнемдейді.
Осы дипломдық жобадағы басты мақсатым - телекоммуникация қызметін
пайдаланушыларға онлайн төлем жүргізу және телекоммуникацияның
ұсынатын қызметтерін таңдап, сол қызметті өзіне қосуға тапсырыс беруге
мүмкіндік беретін web-қосымшасын құрастырып шығу.Ақпараттық жүйе
толықтай қолмен таза HTML, PHP, MySQL, CSS, Java Script, Ajax
технологияларын қолданып жасалды. Бұл технологияларды қолданудың
өзіндік ерекшелігі бар:
− ақпарттық жүйенің алатын көлемі салыстырмалы түрде әлдеқайда аз
болады;
− көлемнің аз болуы, бағдарламаны хостингке салып, интернет
парақтарынан ашқанда жылдамдығы мен ақпартты өңдеуі әлдеқайда тез өтеді;
− пайдаланушылар мен тапсырыс берушінің кейін келе бағдарламаға
басқа функционалдар қосқысы келген жағдайда, бағдарламы жаңарту жағдайы
жеңілдетіледі;
− қолмен жазылған бағдарлама өзгерту кезінде түсінуге де жеңіл
болады.
Жобаны ашып түсіндіретін болсам, бұл жүйеде пайдаланушыларға
қажетті бөлімдер қарастырылған, яғни қызмет түрімен танысу мүмкіндігі, сол
жерден бірден қызмет түрін қосуға тапсырыс жасау мүмкіндігі және ең негізгісі
абоненттердің онлайн төлем жасау мүмкіндігі, сонымен қатар
пайдаланушылардың ой пікірімен бөлісу мүмкіндігі қарастырылған. Ең
басында абонент осы web-қосышаның ұсынатын функциялары толығымен
қолдана алуы үшін міндетті түрде тіркелуден өтуі керек.
Осы жобаны іске асыру арқылы абоненттер уақытын үнемдеуге
мүмкіндік алады.
15
1 Интернет технологиялары
1.1
Қазіргі таңдағы web-технологияның маңызы
Осыдан біраз жылдар бұрын компьютер арқылы ақпарат жіберуді тек
тәжірбиелі қолданушылар ғана білген болса, қазірде әлемдік желіні пайдалану
компьютердің өзі қандай танымал болса, дәл солай танымал бола бастаған.
Қазіргі таңда компьютер комуникацияларын пайдалану үшін аса білімді қажет
етпейді. Кез-келген қарапайым қолданушыға түсінікті және еш қиындықсыз ин-
тернет желісін пайдалануы веб технологияның жетістігі десе болады. Себебі
интернет желісіндегі ақпараттар белгілі бір технология негізінде құрылады.
Қарапайым тілмен түсіндірсек, кітапханадағы кітаптар жік-жігімен қалай рет-
теліп, қол жеткізгенге оңай орналастырылса, интернетте де дәл солай реттеліп,
web порталдар, web сайттар, web парақтар түрінде келеді.
Web-сайт немесе сайт (ағыл. website, web - өрмек және site - орын) - ол
HTTPHTTPS протоколдары арқылы іске асырылатын және тек бір ғана адреске
бағытталған бір немесе бірнеше web-беттердің жиынтығы. Сайт беттері ортақ
түпкі адреспен, сонымен қатар, әдетте, басты атаумен, логикалық құрылымы
мен, авторымен және бет келбетімен біріккен. Барлығына қол жететін сайттар
жиынтығы дүниежүзілік өрмекті құрады.
Web-сайт - ол жарнама орны. Онда мекеме жайлы барлық керекті ақпар
атты (мекеме қызметі, орындалған жұмыстары, байланыс телефондары, рекве
зиттер және т.б.) орналастыруға болады.
Сайт тәулік бойы жұмыс істейді және ақпаратты тұтынушыларға ыңғайлы
уақытта жеткізуге мүмкіндік береді.
Сайт адресін барлық жарнамалық материалдарда (визитка немесе бил-
бордта, әр түрлі анықтамалық кітаптарда және т.б.) орналастыруға болады. Әр
дайым өзгертулер енгізу, жаңалықтарды жаңарту, хабарламалар орнату жылдам
және оңай орындалады. Сонымен қатар, өте аз уақыт, күш және қаражат жұм
салады.
Сайтқа кіруші тұтынушы болып саналады. Тұтынушы санына қарай сайт
мәртебесі артады. Web-сайт арқылы потенциалды тұтынушылар шеңбері кеңей
еді. Тұтынушылар іздеу серверлері арқылы сайтты таба алады, ол арқылы меке
менің қызметтерімен танысып, хабарласып, нағыз тұтынушыға айналады.
Сайттағы пайдаланушылар интернет арқылы қажетті деректерді көрсетіп,
сұраныс жасап және тапсырыс беруі мүмкін. Сондай қызмет жасау арқылы
пайдаланушылар сайттан керек деректерін тез тауып ала алады.
Web-сайт - пайдаланушылармен қарым-қатынас орнату үшін керек. Сайт
көмегімен пайдаланушыларға жаңалықтарды және т.б. жеткізуге болады. Соны
мен қатар, сайтта Сұрақ-жауап бөлімін құруға болады, онда пайдаланушылар
өз сұрақтарын, ойларын жазады және сол сұрақтарға толық, жоғары квалифика
цияланған жауап жазуға болады.
16
Міне, алда айтылған жағдайларға қарасақ, Web технологиясының біздің
өмірімізде алатын орны ерекше. Қандай салада болмасын адамдардың тез және
оңтайлы жұмыс істеуіне көмек береді. Инновация заманына сай бұл салада
ерекше қарқынмен дамуда. Енді бұл технологияның басқа да қырлы жақтары
нан көрінуін уақыт өте келе күтудеміз.
1.2
Web-технологиялар арқылы ақпараттандыру ісін ұйымдастыру
Ақпарат деп кей байланыс формаларының белгіленуі немесе материалдық
әлемнің белгілі заңдылық класына бағынатын, және оның адам санасындағы
бейнесі болатын обьектілердің, үдерістердің, құбылыстардың тәуелділіктерін
айтамыз.
Ақпарат мәліметтерге тәуелділігіне, өздерімен жұмыс істеу әдістеріне
байланысты белгілі бір қасиеттермен сипатталады. Солардың маңызды түрлері
төменде көрсетілген:
− ақпарат қоршаған орта туралы өзі келгенге дейін болмаған жаңа
мәлімдемелер береді;
− ақпарат тасымалдаушыда өзінің белгілер мен сигнал түрінде
келетініне қарамастан ақпарат материалды емес;
− белгілер мен сигналдар тек оны танып қабылдай алатын алушы үшін
ғана ақпарат жеткізеді;
− ақпарат физикалық тасымалдаушыдан ажырамайды, сонымен қоса
белгілі бір тасымалдаушыға байланысты емес және белгілі бір тілге
байланысты емес;
− ақпарат дискреттік - ол хабарлама түрінде берілетін нақты
мәліметтерен тұрады;
− сонымен қатар, ақпарат үзіліссіз - ол жинақталып және біртіндеп
дамиды.
Ақпараттың сапасын көрсететін қасиеттер төмендегідей:
− репрезентативтілігі - таңдау дұрыстығы және берілетін құбылысқа
ақпараттың бара-бар құрылуы осылай аталады;
− мазмұндылығы - хабарламадағы семантикалық ақпарат санының
өңделетін ақпараттың көлемінің қатынасына тең болатын ақпараттың
семантикалық көлемі;
− жеткіліктілігі - шешім қабылдау үшін хабарлаушы көрсеткіш
жиынтығының құрамының тығыздығы;
− қол жеткізушілігі - ақпаратты көрсету формасының ыңғайлылығы;
− өзектілігі - ақпараттың сол сәтте қолданудағы құндылық деңгейі;
− құндылығы - нақты мәселелерді шешудегі маңыздылығы;
− түсініктілігі - қолданушының білім деңгейіне ақпараттың мазмұны
ның сәйкестігі;
− ықшамдылығы - хабарланатын мәлімдемелердің баяндаулығының
сығылу деңгейі.
17
Технология сөзі өнер, шеберлік, істей алу дегенді білдіретін гректің
techne сөзінен шыққан, гректің logos сөзі - түсінік, оқу дегенді білдіреді.
Технология - бұл ғылыми және инженерлік білімнің жиынтығы. Ол өнім
немесе қызмет көрсетуді іске асыратын материалдық, техникалық, энергетика
лық, өндірістің еңбек факторларының жиынтығы.
Ақпараттық технология - бұл ақпаратты сақтаумен, өңдеумен айналыса
тын адамдардың еңбегін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін үйрететін, өзара байла
нысқан ғылыми, технологиялық, инженерлік дисциплиналар кешені.
Жалпы, кез-келген ақпараттық технологиялар қажет ақпаратты талап
етілген сапа мен белгіленген тасымалдаушымен жеткізуге бағытталған болып
табылады.
Ақпараттық технологиялар негізгі үш компоненттен тұрады:
− техникалық құралдар кешені - есептеуші, телекоммуникациялы және
техникалық ұйымдастыру;
− программалық құралдар жүйесі
-
жалпы
(жүйелік) және
функционалды (қолданбалы) программалық жабдықтама;
− ұйымдастырушылық - әдістемелік қамтамасыз ету жүйесі.
Жүйе бір мақсатқа жетуге бағытталған бүтін, өзара байланысқан элемент
тер жиынтығы.
Қоғамның дамуының қазіргі деңгейі жалпы ақпараттанумен сипатталады,
яғни барлық ғылым мен техника салаларына компьютеризация мен ақпараттық
технологиялардың енуімен сипатталады. Осыған байланысты негізгі мағынасы
болып, күнделікті қызметте ақпаратты өңдейтін құралдар мен әдістердің қолда
нуы болады. Жаңа ақпараттық технологияның әсер етуімен өндірісте және
басқару процестерінде үлкен өзгерістер болып отырады. World Wide Web -
әлемдік компьютерлік торап құрамында алуан түрлі ақпарраттары бар
миллиондаған сайттардан тұрады. Адамдар Internet технологияларын қолдану
арқылы сол ақпараттарға қол жеткізеді. WWW кеңістігінде пайдалану үшін
арнайы программалар - Web техноглогиялары қолданады. Web браузердегі
бүкіл ақпарат WWW негізгі байт элементтері болып табылатын Web парақтар
түрінде беріледі.
Web-парақтар мультимедия технологиясын қолдағандықтан, өзіне түрлі
ақпараттарды біріктіре алады: текст, графика, дыбыс, анимация, видео. Web-па
рақтардың қаншалықты сапалы және әдемі жасалуы көп жағдайда торапқа
байланысты.
Қолданушылар тартымды және графикамен, анимация шегімен безендір
ілген, сонымен қоса, дұрыс, жылдам жүктелетін Web-парақтарды қарайды.
WWW технологияларының кең мүмкіндіктері WWW серверінің өсу
нәтижесіне және Internet желісінің өсуінің салдарынан пайда болады. WWW
сервер
-
бар ақпараттарды сақтайтын, қолданушыларға гипермәтіндік
құжаттарға қол жеткізетін, глобальді немесе ішкі корпоративті торап.
Қолданушы WWW-серверімен қарым-қатынас жасау үшін арнайы
программалық жабдықтама - браузер (англ. browser) яғни көру программасы
деп атайтын жабдықтама қолданылады.
18
WWW-серверінің жұмыс жасау схемасы келесідей:
1 Торапты қолданушы браузер деп аталатын программалық жабдықтама
пакетін жібереді. Оның құрамына келесі функциялар кіреді. Сервермен
байланыс орнатады, сонан соң:
а)
б)
в)
қажет құжатты алады;
алынған құжатты көрсетеді;
қолданушы әрекеттеріне жауап қату, жаңа құжаттарға қол
жеткізу.
Қолданушының әсер етуімен немесе браузерді жібергеннен кейін, WWW
cерверімен байланыс орнатады және оған берілген құжатты алу үшін сұраныс
жібереді.
2 WWW-сервер сұраған құжатты іздейді және браузерге нәтижені
қайтарады.
3 Браузер құжатты алып, қолданушыға көрсетеді және оның қозғалысын
күтеді.
1.2.1 WWW технологиялары
Бұл технология World Wide Web (қысқартылғаны - WWW немесе жай
Web) - Әлемдік өрмек жүйесін қолдануға негізделеді. Бұл жүйе құралдық ор
таның әртүрлілігін және гипермәтінді түсініктеме негізіндегі ақпараттың
форматын біріктіру әрекеті болып табылады. Гипермәтін ұғымы белгіленген
сөздерді, сөйлемді немесе тіптен пиктограммаларды сәйкес ақпаратқа осы
немесе басқа құжатқа сілтеме жасауда қолдану деген мағына береді. WWW
навигаторлар деп аталатын және қолданушыға WWW жүйесінде жұмыс істеуді
қамтамасыз ететін программалар гипермәтінің түсініктемесін желінің түрлі
түйіндерінде орналасқан құжаттар арасында байланыс жасай отырып кеңейтеді.
WWW жүйесінде құжаттар әдетте толық полиграфиялық форматта көрсе
тіледі және құрамында графикалық ақпараттар мен фотосуреттер, аудио, видео
файлдарға сілтемелер бар. Осылайша, WWW жүйесі - гипертекст+мульти
медиа+ақпаратты навигация бөлімдерден тұрады. WWW - навигаторларға
Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer сияқты кең танымал про
граммалар жатады. Өздерінің интеграциялау тапсырмаларын орындай отырып,
WWW - навигаторлар тек қана WWW-серверлерінің ақпаратына ғана емес,
басқа да жүйелердің ақпаратына (телеконференция, FTP, Gopher т.б) рұқсат
алуды іске асырады.
WWW технологиясы қолданушылардың мойындауына тез қол жеткізді
және бүгінгі күні заманға сай Интернетті қалыптастыратын ең әйгілі құралдар
дың қатарына кіреді. 1995 жылы интернетке WWW-серверлердің саны әр
бірнеше айда екі еселеніп отырды, ал оларға арналған жалпы трафик тұрақты
түрде бірінші орынға шықты. Интернетте индексті іздеуді WWW-сервердің
және басқа бірнеше жүйелердің (FTP, Gopher) 90%-ына жуық орындауға мүм
кіндік беретін жүйелер (Yahoo, Lycos т.б) қарқынды дамуда.
19
WWW-серверді өңдеушілерінің энтузиазмын түсіну оңай. Ақпараттық
мәселе қандай болмасын анықтамалық жүйелер, әр түрлі бағыттағы құжаттарға
архив (мысалы, жарнама материалдарын), мәліметтер базасына, оқыту жүйесіне
әдемі интерфейс құру - осының бәрі WWW-технологиясының негізіне жатады.
1.2.2 "Клиент-сервер" технологиясы
Бұл дипломдық жобадағы программалық жабдықтау клиент-серверлік
технологияларға негізделген.
Мұнда интернет желісінің сервері деп клиент машинасының сұранысы
бойынша web-парағын бейнелейтін, сондай-ақ көптеген басқа пайдалы функ
цияларды орындайтын, арнайы программа орнатылған компьютер аталады (ол
сервер, web-сервер немесе http-сервер деп те аталады.) Жергілікті желідегі
компьютерлердің өзара қарым-қатынас сипаты олардың функционалдық мін-
деттерімен байланыстырылған. Тікелей қосылуы жағдайындағы тәрізді, жер
гілікті желі шегінде клиент және сервер түсініктері пайдаланылады. Яғни,
сіздің үйдегі компьютеріңіз сервермен байланысып, одан қажетті мәліметтерді,
мысалы, web-парағының кодын алған кезде, ол клиенттің рөлін орындайды,
ал бұл жағдайда барлық жүйе клиент-сервер байланысы деп аталады.
"Клиент-сервер" жүйесі деп қолданушының қарамағына өз қорларын
беретін алыстағы компьютер мен осы қорларды пайдаланатын қолданушының
компьютері арасындағы ақпаратты беру механизмін атайды. Мұнда өзінің
қорларына қосылуды ашатын компьютер - "сервер", ал бұл қосылуды алушы
"клиент" деп аталады.
"Клиент-сервер" технологиясын қысқаша келесідей түрде көрсетуге
болады:
− клиент сұранысты жаса йды және серверге, басқаша айтқанда
сұранысты өңдейтін программаға жібереді;
− бұл программа сұранысқа сәйкес қорытынды жасайды және оны
клиентке жібереді;
− клиент қорытындысын алады, оны дисплейде бейнелейді және
қолданушының әрі қарайғы әрекетін күтеді. Қоданушы сервердегі жұмысын
аяқтағанша, цикл қайталана береді.
Клиент-сервер технологиясы - бұл компьютерлердің бірінен (сервер)
екінші компьютерге (клиентке) өз қорларын ұсынатын, жергілікті желідегі
компьютерлердің өзара қарым-қатынасының ерекше тәсілі.
Жоғарыда ескертілгендей, Интернет қорларын тарату принциптеріне
қолданылатын негізгі түсініктердің бірі, "клиент-сервер" тәсіліне сәйкес мәлі
мет беруді ұйымдастыру болып табылады. Бұл технологияның қалай жұмыс іс
тейтінін талдап көрелік.
Клиент браузеріне web-парақты жүктеу үшін сервер, серверлік компью
терде орнатылған http-сервер деп аталатын арнайы программаға сұраныс
жібереді және одан алынған мәліметті өңдейді. Мұнда браузердің міндеттеріне
серверден белгілі бір параққа сұраныс жасау, оны алып және қолданушының
20
экранына бейнелеу жатады. Әрі қарайғы әркетті сервер өзіне алады. Ол сұра
нысты қабылдайды, сұралған құжатты іздейді және клиентке табылған файл
дың мазмұнын немесе мұндай файлдың табылмағанын не оған қосылуға қандай
да бір тыйым салынған қателіктер туралы хабар береді. Бұл үдерісті түсіну
үшін маңызды сәт, http-серверінің берілген құжатының мазмұнын талдамай
тындығы болып табылады. Ерсі айтқанда, сұралған файлдың ішінде не бар еке
ні http-серверге бәрібір, ол тек оны броузерге жеткізеді, алынған ақпараттың
бейнеленуі мен құрылымы жөніндегі барлық жұмысты браузер өзіне алады. Бі
рақ, бұл ережеде де өзгешеліктер болады.
Сондай-ақ, сұрастырылған парақты іздеу, серверлік компьютердегі осы
сайтқа бөлінген белгілі бір директорияда жүзеге асырылатынын атап өту керек.
Бұл директорияға сілтеме қолданушының енгізген адресінде болады. Егер
сұраныс нақты бір құжатқа емес, тұтастай сайтқа арналаған болса, онда http-
сервері берілетін файл атауының орнына автоматты түрде бастапқы парақ
деп аталатын файлды береді. Бастапқы парақ index.html атымен аталады
(кейбір жағдайларда - default.html). Бұл құжат міндетті түрде, сіздің сайтың
ызды орналастыру үшін бөлінген түпкі каталогта немесе егер бұл алдын ала
айтылған болса, WWW деп аталатын директорияда орналастырылуы қажет.
Қалған басқа файлдардың барлығын осы каталогта немесе салынған дирек
торияда орналастыруға болады. Әсіресе бұл, бірнеше тақырыптық тараулардан
немесе айдарлардан тұратын сайттарда өте қолайлы.
Сондай-ақ, серверлік директория құрамында сіз жасап салған бумалардан
басқа, тағы да бірнеше каталогтар болады. Біріншіден, бұл CGI-BIN папкасы.
Мұнда CGI-скриптері мен сіздің сайтыңызда қосылатын басқа да интерактивті
қосымшалар, сондай-ақ сервердің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті бірнеше
қызметтік директориялар орналастырылады. Бастапқы кезде оған көңіл ау
дарудың қажеті жоқ. Кейде index.html сақталған каталогта бірнеше қосымша
файлдар болады. Олар: not_found.html - егер http-сервер қолданушы сұраған
файлды таба алмаған жағдайда бейнеленетін құжат, forbidden.html - сұратыл
ған құжатқа қосылуға тыйым салынған қателіктер туралы хабарлау ретінде бей
неленеді, robots.txt - іздестіру машинасымен сіздің сайтыңыздың индексация
лау тәртібін арнайы түрде сипаттайтын файл.
Барлық айтылғандарға қарай отырып, клиент броузері, ақпаратты сервер
ден тек ала алады және оны өңдей алады. Ал оны орналастыру мен өзгерту,
егер файлдарды серверге жүктеу серверлік web-интерфейсіне қосылған арнайы
CGI-скриптерінің көмегімен НТТР хаттамасының негізінде жүзеге асырылған
жағдайда ғана болады. Барлық басқа жағдайларда, арнайы программалық
құралы арқылы қажетті файлдарды автоматты түрде оларды сізге бөлінген
сайттағы директорияға бере алатын, ftp-серверін пайдалана аласыз. Бұл екі
жағдайда да жүйеге қосылу үшін сізге тіркеліп, атыңыз бен пароліңізді (құпия
код) білу қажет болады.
21
1.2.3 Apache сервері
Apache HTTP-сервері кроссплатформалы программалық жабдықтама
болып табылады, ол Linux, BSD, Mac OS, Microsoft Windows, Novell NetWare,
BeOS операциялық жүйелерімен жұмыс жасауға негізделген.
Apache - тің басты ерекшелігі ол сенімді әрі кез келген жүйемен жұмыс
жасауға арналған конфигурациясы болып табылады. Ол мәліметтерді көру үшін
ішкі модулдерді қосуға мүмкіндік берумен қатар, мәліметтер қорын басқару
жүйесін қолданушылар аутенфикациясына, қателер туралы хабарламаларды
түзетугежәне т.б. қолдануға мүмкіндік береді.
Сервер 1995 жылдың басында жазылған, оның атауының шығу тегі a
patchy сөзімен және ол NCSA HTTPd 1.3. бүкіләлемдік өрнектің серверінің
қателерін түзетуімен байланысты болып отыр. Кейіннен 2.х нұсқасына арналып
сервер қайта жазылып шықты да, бірақ NCSA кодтарын қабылдамады. Apache
веб - серверін Apache Software Foundation ашық қоғамы құрып, демеушілік
етуде. Қазіргі Apache веб - серверінің құрамына көптеген программалық
өнімдер, солардың қатарында МҚБЖ Oracle және IBM WebSphere . 1996
жылдың сәуірінен бері интернеттегі ең атақты HTTP - сервері болып табылуда.
Netcraft стасистикасына сүйенетін болсақ Apache өзінің қолдану аясын
төмендегеідей үлгіде көрсетуде:
− 2007 жылдың тамыз айында барлық веб - серверлердің 51% қамтуда;
− 2009 жылдың мамыр айында - 46 %;
− 2011 жылдың қаңтар айында - 59 %, бұл дегеніміз 160 млн астам сайт
осы Apache серверін қолданады деген сөз.
Apache архитектурасының ядросы мынадай негізгі функциональдық
мүмкіндіктерге ие:
− конфигурациялық файлдарды өңдеу;
− HTTP протоколын қамтиды;
− модульдерді жүктеу жүйесі бар.
Ядро (модулге қарағанда) толығымен Apache Software Foundation - де
бөгде программистердің көмегінсіз құрастырылады. Apache ядросы толықтай С
(си) программалау тілінде жазылған.
Apache - тың конфигурация жүйесі текстік конфигурациялық файлдарға
негізделген. Ол үш шартты конфигурация деңгейін қамтиды:
− сервер конфигурациясы (httpd.conf);
− виртуальды хост конфигурациясы (httpd.conf c версии 2.2, extrahttpd-
vhosts.conf);
− директория деңгейінің конфигурациясы (.htaccess).
Конфигурациялық файлдардың өзіне тән директив шығарларына
негізделген тілі бар. Іс - жүзінде ядроның барлық параметрлерін конфигурация
файлы арқылы МРМ
басқаруына дейін өзгертуге мүмкіндік береді.
Модульдердің басты бөлігінің өзіндік параметрлері бар. Модульдердің жарты
бөлігі өзінің жұмысында операциялық жүйелердің конфигурациялық
22
файлдарын пайдаланады (мысалы etcpasswd и etchosts ). Сонымен қатар,
командалық жолдар кілті арқылы параметрлерді енгізуге де болады.
1.2.4 Арасне web-серверін орнату
Арасhе Web-серверінің орнатушысын жіберіңіз. Нәтижесінде
лицензиялық келісімі бар терезе пайда болады. одан кейін Арасhе екінші
версиясының жаңа кіріспесі туралы ақпараты бар келесі терезеге өтіңіз.
Суретте көрсетілген келесі терезе сервер туралы ақпарат ендіруге мүмкіндік
береді; сервердің домендік аты. Сервердің аты, басарушының электрондық
почтасының аты. Егер орнату локальды машинада жүретін болса, домендік атау
мен сервер атауына өріске localhost ендіру керек болады. терезенің төменгі
бөлігінде сервер сұранысты қабылдайтын порт нөмерін таңдау керек болады.
(80 немесе 8080). Ол төмендегі. суретте көрсетілген (сурет 1.1). Localhost - бұл
ІР - мекен жайымен байланысты локалды машинада серверді пайдалануға
арналған атау.
Бұдан кейін орнату тәслі ұсынылады. Стандартты (Typical) немесе
таңдаушы (Custom). Бұл тәсіл сервер компонентін қолмен таңдауға мүмкіндік
береді. Келесі терезе сервер орнатудың каталогын таңдауға мүмкіндік береді.
Бұл C: Program Files Apache Group, дегенмен біз басқа каталогты таңдауды
ұсынамыз. Мысалы С: www. Бұдан кейін орнату шебері орнату процесіне дайын
екендігін хабарлайды.
Сурет 1.1 - Арасне web-серверін орнату
Сосын Install түймесін басқан соң сервер файлдарын көшіру жүзеге
асырылады. Егер құру сәтті шықса, Windows автоматты түрде Apache жібереді.
23
Теру кезіндегі сәтті инсталляциядан кейн браузер терезесіне http:
localhost немесе http:127.0.0.1- на сервер бетіне жүктелуі керек.
Енді Apache ні басқаруды үйрену керек. Атап айтсақ серверді жіберуді,
тоқтатуды, және жүктеуді үйрену керек. Бұл операцияларды орнатудың
көптеген тәсілдері бар: ApacheMonitor, көмегімен, Windows сервистерін
басқару консольын пайдаланып, Пуск мәзірінің пункттерін пайдалану.
Басқарудың консолдарын жіберу үшін мына командаларды орындаңыз.
Пуск -Настройка-Панель управления-администрирование- Службы.
Команда орындалғаннан соң сурет 1.2 де көрсетілгендей терезе пайда болады.
Консолдың пайда болған бетінде, төменде берілген суреттен Apache 2 сервисін
таңдау керек. Оң жақтағы түймешікті басу арқылы ашылған контексті мәзір
сервистің жіберуін, тоқтатуын, жүктелуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сурет 1.2 - Службы терезесі
Windows қызметтері жүйенің стартында фондық қосымшаларды
шығаруды жүзеге асырады. Бұл үшін свойства терезесіне өту керек. Сервистің
контекстік мәзірінен свойства пунктін таңдап, пайда болған терезеде "Тип
запуска" тізімінен "Авто" пунктін таңдау керек.
Енді С: www Apach 2conf. Бумасында орналасқан Apache - http. conf.
Web-серверінің конфигурациялық файлын орнатуға кірісу керек. Есте сақтаған
24
жөн бұл файлда жүзеге асырылған өзгерістер күшіне серверді қайта жүктегенне
кейін ғана енеді.
Сервер Apache ISO-кодтауына орналастырылған. Яғни сервер бұл
кодтауға жазылғанның бәрін сіздің файлыңыз деп санайтын болады. Кодтауды
кодтауға өзгерту үшін Windowsта http.conf ашып, мына қатарды табу керек:
AddDefaultCharset ISO-8859-1
Оны мынаған өзгерту керек:
AddDefaultCharset - WINDOWS - 1251
Бұдан кейін бізге кеңейтілген файлдардың орналасқан бумасын құру
керек болады. Оларды мына мен жаймен табуға
болады.
http:locakhostindex.html. Бұл үшін сіз бәріне дайын болатын буманы таңдау
керек. Бұл былай болсын C:wwwscripts.
Php-да айнымалылар және экранға шығару
PHP- тілінде экранға шығару өте оңай, мысалы:
?php
echo "My first Program !!!";
?
Скрипт дегеніміздің не екенін түсіну үшін алдымен айнымалылармен
танысып алайық. Айнымалының аты, типі жәлне мәні болады. Айным. ының
атына кез келген алфавиттік символмен сандар бола алады. PHP кез келген
айнымалы $ белгісімен басталуы тиіс. Айнымалылар типтері бойынша өзара
бұтінсанды, бөлшек санды, қатар, обьектті, логикалық және массив болып
бөлінеді. Айнымалы типін алдын ала Паскаль тіліндегідей анықтаудың қажеті
жоқ. Айнымалы типтері шартты түрде жүреді. Әр айнымалы автоматты түрде
өз мәніне сәйкес типке ие болып отырады. Мысалы: $a=5 жазуы
айнымалывның аты $a екенін, типі бүттін сан екенін, мәні 5-ке тең екенін
білдіреді.
Мысалы:
?php
$name = 6;
$h12 = 4.89;
$file_type = "pathindex.phtml";
$os = "Welcome to PHP ";
?
Скрипттің екінші қатарында $name айнымалысының мәні бүтінсаны 6
мәнін қабылдап тұр.
Үшінші қатарда $h12 айнымалысының мәні 4,89 бөлшек санын қабылдап
25
тұр.
Төртінші және бесінші қатарда айнымалыға қатар типі тағайындалып
тұр.
Қарапайым аримфметикалық операциялар
Басқа бағдарламалау тілдеріндегі сияқты кез-келген арифметикалық
операциялар орындауға болады.
Мысалы:
екі санның қосындысы
бағдарламасын қарастыратын болсақ:
?php
$a = 5;
$b = 3;
$d = $a + $b;
echo $d
?
Скрипт жұмысының нәтижесі экранға 8 санын шығарады. PHP тілі
барлық математикалық функцияларды, көп деңгейлі жақшалармен, логикалық
операциялармен, бірге көбейту немесе азайту операцияларын және т.б.
көптеген операцияларды орындай алады. Айнымалыны бірге көбейту
операциясы С тіліндегідей $a++; орындалады. Бірнеше элементке бір мәнді
тағайындауда мүмкін: $a = $b = 7; PHP тілінде стандартты емес арифметикалық
өрнектің орындалуына мысал:
?php
$b = $a = 5;
$c = $a++;
$e = $d = ++$b; - алдын-ала көбейту, яғни үш айнымалының мәні
6-ға тең;
$f = 2 * ($d++); - айнымалының мәні көбейгенге дейін екі есе
көбейту;
$g = 2 * (++$e); - айнымалының мәні көбейгеннен кейін екі есе
көбейту;
$h = $g += 10;
?
Тізбектелген сандарды бір қатарға бос аралық түрінде экранға шығар.
Біздің жағдайда тізбектер саны беске дейін болсын.
Мысалы:
?php
$i = 1; echo
$i++; echo "
$i++; echo "
$i++; echo "
$i++; echo "
$i;
".$i;
".$i;
".$i;
".$i;
?
26
Егер есепте бір қатарға емес бағана түрінде шығару керек болса, онда
тырнақшалар орнына br қатар ауыстыру HTML-тегін қою керек: echo
"br".$i; Сонда нәтижеде сандар бір баған бойына орналасқан түрде шығады.
Қарапайым логиткалық және шартты операторлар
Салыстыру қарапайым түрде ұйымдастырылады: "егер-онда-болмаса".
Бұл үшін PHP-де келесі конструкция қолданылады:
if
( )
{
}
else
{
}
бұл оператордың түрлі синтаксисі бар, бірақ жоғарыда келтірілген
синтаксис ең тиімді әрі дұрысм болып есептеледі.
Мысалы:
?php
$a = 5;
$b = 9;
if ($a == $b) {echo $b - $a;}
else
{echo $b.$a;}
?
Бағдарлама нәтижесі 95 - ті көрсетеді, себебі $a -ға $b тең емес, ал echo
$b.$a; командасы айнымалыларды рет-рнетімен шығарады. Мұндағы нүкте
айнымалыларды бір-бірімен жабыстыру үшін қолданылады.
Циклдер
Бағдарламалаудағы циклдер дегеніміз - бір операцияның бірнеше рет
қайталануы. PHP-де циклдерді ұйымдастыру үшін келесі операторлар
қолданылады: while, do...while, for және foreach. Циклге мысал ретінде бірнеше
файлдарды көшіру қызметін көрсетуге болады. Оның алгоритмі төмендегідей
болады:
файлдар санын беру;
көшірілген файлдар есептегішінің мәнін нөлге қою;
файлды көшіру;
есептігіштің мәнін берілген файлдар санына теңдігін тексеру;
егер тең болмаса, онда көшірілген файлдар есептегішінің мәнін
арттыру және цикл басына;
қайта келу;
егер тең болса, онда циклды аяқтау.
Циклдық әр қайталануы итерация деп аталады.
Енді PHP-де циклдерді ұйымдастыру мысалын қарастырайық:
?php
$i = 0;
$n = 10;
while ($i =$n):
27
echo $i. "br\n" ;
$i++;
endwhile;
?
Скрипттің мағынасы өте қарапайым. $i айнымалысына циклдың
басындағы мәнді тағайындаймыз да, $n айнымалысына циклдың соңындағы
мәнді тағайындаймыз. Ары қарай циклды while() операторы арқылы ашып,
жақшаның ішіне берілетін шартты жазамыз. Ол шарт $i =$n болғанша
орындалады. Бұл цикл шарты бұлған заматта цикл аяқталады. еndwhile
операторы циклдың аяқталғанын білдіреді. Скрипт, браузер экранына баған
бойынша бірден онға дейінгі сандарды шығарады. Себебі echo операторының $i
айнымалысынан кейін қатарды ауыстыратын br HTML-тегін қойдық.
Жоғарыдағы есепке тағы да басқа бір вариантын көрсетейік:
?php
$i = 0;
while ($i=10)
{
echo $i++. "br\n";
}
?
Бұл екі бағдарламаның нәтижесі бірдей болады.
Енді PHP-де do...while операторының құрылысын қарастырайық. Бұл да
цикл болып саналады, оның while операторынан ерекшелігі "дейін" емес
"кейін", яғни цикл жұмысы оператордан кейін аяқталады. do...while циклі үшін
тек бірақ синтаксис бар:
?php
$i = 0;
do
{
echo $i. "br\n";
$i++;
}
while ($i = 10);
?
Енді for циклына мысал келтірейік, оның синтаксисі:
for (expr1; expr2; expr3) (операторлар тіізбегі)
(expr1) - өрнегі шартсыз болып есептелінеді және циклдың басында
орындалады. Әр итерацияның басында (expr2) өрнегі орындалады. Егер ол
ақиқат болса, онда цикл жалғасады да ішкі операторлар орындалады. Егер ол
жалған болса, онда цикл аяқталады да әр итерацияның соңында (expr3) өрнегі
28
орындалады. Бұл өрнектердің әрқайсысы бос болуы мүмкін. Егер (expr2) өрнегі
бос болса, онда цикл шексіз орындалады. Шексіз орындалуды break операторы
арқылы тоқтатуға болады.
Мысалы:
?php
$a = 0;
while ($a 5)
{
if ($arr[$a] == "atop" )
{
break;
}
$a++;
}
?
Егер continue операторы кездесетін болса, онда басқару келесі жақын
циклге беріледі.
Мысалы:
while (list($key,$value)=each($arr))
{
if ($key 2)
{
continue;
}
}
Енді сандарды for операторы арқылы экранға шығару есебінің мүмкін
жолдарын қарастырайық.
Мысалы:
for ($i = 1; $i = 10; $i++)
{
print $i ; }
Мысал 2 -
for ($i = 1;; $i++)
{
if ($i 10)
{ break; }
print $i;
}
Мысал 3 -
$i = 1;
for (;;)
{ if ($i 10) {
break; }
print $i; $i++;
}
29
Уақыт пен мерзім
PHP-де уақыт форматымен жұмыс істеу үшін көбінесе date функциясы
қолданылады. Оның синтаксисі $date = date("параметр"); Параметрлер бірнеше
болуы мүмкін және олар бір-бірінен үтір арқылы ажыратылады. Онда төмендегі
параметрлерді қолдануға болады:
а - "am" немесе "pm" мәндерін қабылдайды;
А - "AM" немесе "PM";
d - ай күні, сандық, екі сан (бірінші орынға нөл қою керек), яғни 01-ден
31-ге дейін;
D - апта күні, мәтіндік, үш әріп, мысалы: "Fri";
F - ай, сандық, мысалы: "February";
h - сағат, сандық, екі сан, 12 сағаттық формат;
H - сағат, сандық, екі сан, 24 сағаттық формат;
i - минут, сандық, екі сан, яғни 00-ден 59-ға дейін;
j - ай күні, сандық, бастапқы нөлсіз;
l - апта күні, мәтіндік, мысалы: "Wednesday";
L - төрт жылда қайталанатын жылды көрсетеді, яғни "0" немесе "1";
m - ай, сандық, яғни "01"-ден "12"-ге дейін;
M - ай, мәтіндік, үш әріп, мысалы: "Feb";
n - ай, сандық, бір сан, яғни "1"-ден "12"-ге дейін;
О - Гринвич уақыты бойынша сағат аралығы, мысалы: "+0200";
s - секунд, сандық, екі сан, яғни 00-ден 59-ға дейін;
S - ағылшынша реттік жалғау, мәтіндік, екі символ, мысалы: "nd" және
"th";
t - ағымдық айдағы күндер саны, яғни "28"-ден "31"-ге дейін;
U - Unix ғасырынан басталатын секунд, яғни 1970 жылдың 1 қаңтары;
Y - жыл, сандық, төрт сан;
w - апта күні, сандық, мысалы "0" саны жексенбіні білдіреді;
y - жыл, сандық, екі сан, мысалы: "99";
z - жыл күні, сандық, мысалы: "299".
Осы параметрлерді қолдану арқылы біз өзіміздің сайтымызда ағымдық
уақытты пайдалана аламыз. Оның ішінде ең көп қолданылатыны ағымдық
уақыт пен мерзімді шығару. Аптаны, айды, күнді шығару сайтта өте пайдалы
болып есептеледі. Мысалы, сайтымызға кірушілерді тәулікке байланысты
уақытпен қарсы алатын болсақ, онда бағдарлама коды төмендегідей болады:
?php
$h = date("H")
if ($h = 5 && $h = 11) echo "Қайырлы таң !";
if ($h = 12 && $h = 18) echo "Саламатсызба !";
if ($h = 19 && $h = 24) echo "Қайырлы кеш !";
if ($h = 1 && $h = 4) echo "Қайырлы түн !";
? ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
30
Бұл скриптте серверден date("H") функциясы арқылы ағымдық сағат
уақытының мәнін аламызда, оған талдау жүргземз. Алынған мән қай аралықта
орналасқанына байланысты сәйкес сөздерді экранға шығарамыз. Егер
бағдарлама кодына назар аударатын болсақ, онда сағат белдеуінсіз және сәйкес
уақыт аралығынсыз тек сервер уақыты ғана алынып тұрғанын көремз.
Сондықтан уақыт аралығын бағдарламаға алдын-ала енгзуімізқажет. Оған
мысал ретнде келес код бола алады:
$time = date("H:i");
$time1 = date("H");
$time2 = date("i");
$time_s = 7;
$time1 = $time1+ $time_s;
if ($time1 = 24) { $time1 = $time1 - 24; }
$time = "$time1: $time2";
Бірінші қатарда ағымдық уақытты алу сервердің сағат белдеуі бойынша
іске асырылады. Ары қарай түрлі дұрыс уақыт белдеуі бойынша бағдарлама өзі
есептейді. $time_s айнымалысындаөз уақыт аралығы сақталады.
Массивтер
Массив дегеніміз - сандар немесе белгілерқатары және олардың басқа
айнымалылар секілді өз аты мен мәндері болады. Бірақ одан да басқа олардың
индекстері болады. PHP-де массив былайша өрнектеледі: $массив_аты[индекс].
Мысалы:
?php
$a[0] = 1;
$a[1] = 12244;
$a[2]=0 "example";
?
Бұл мысалдың нәтижеснде $a массиві құрылып, оның 0,1 және 2
ұяшықтарына 1, 12244 және example мәндері тағайындалады. Енді echo $a[2]
командасын берсек онда экранға example сөзі шығады.
Біз қарастырған массив бірөлшемді, одан басқа көп өлшемді массивтерде
бар.
Массив ұяшықтарымен кез-келген операциялар жасауға болады:
арифметикалық, логикалық амалдар қолдану, салыстыру операциялары,
арттыру, азайту және т.б.
PHP-дің басқа бағдарламалау тілдерінен ерекшелігі мұнда бүтіндей
файлды массив ретінде алуға болады және бұл мүмкіншілік көптеген қызықты
амалдар қолдануға жол ашады. Оның форматы:
?php
$a = file("файл_аты");
?
31
Бұл команданың нәтижесінде $a массивінде файл мазмұны болады.
Әр массивтің ағымдық элементі анықтайтын ішкі көрсеткіштері болады.
Массивпен жұмыс басының кезінде ішкі массив көрсеткіші бірінші элементте
орналасады. end(), next(), prev(), және reset() функциялары массивтің ішкі
көрсеткішінің орнын ауыстырады.
end( ) функциясы массив ішкі көрсеткішін соңғы элементке орнатады.
next() функциясы массив ішкі көрсеткішін бір элемент алға жылжытады. prev()
функциясы массив ішкі көрсеткішін бір элемент артқа жылжытады. reset()
функциясы массив ішкі көрсеткішін бірінші элементке орнатады. current()
функциясы массив ішкі көрсеткіші тұрған массив элементін шығарады. sort()
функциясы массивті өсу реті бойынша сұрыптайды. rsort() функциясы массивті
кему реті бойынша сұрыптайды. Мұнан басқа PHP-де массивтермен жұмыс
істеу үшін көптеген арнайы функция түрлері бар.
Қатарлармен жұмыс
Қатар дегеніміз - символдар тізбегі. Сондай-ақ сандарда әріптермен тең
дәрежеде қатар ретінде теңесе алады. Қатар тек символдан немесе тіпті бос
болуы мүмкін. Қатармен жұмыс әр уақытта оны енгізуден басталады. Ең
қарапайымы қажет қатарды бір айнымалыға тағайындау. Оны жасаудың түрлері
өте көп: файлдан оқу, массивтен немесе формадан таңдап алу, т.с.с. Бізге тек
алынған қатармен не жұмыс жасауымыз керек, соны білсек оның жолы көп.
Мысалы: Бірнеше қатарды жалғастыру қажет болсын:
?php
$str = "сәлем";
$sto = "хат";
$qwer = "!";
$mir = $str." ".$sto;
echo $mir.$qwer;
?
Скрипт жұмысының нәтижесінде бірнеше бөліктен құралған "сәлем хат!"
сөзі экранға шығады. Қатарлармен арифметикалық амалдар қолдануға
болмайды. Ол үшін айнымалыларды алдын-ала анықтап алу керек. Егер қатар
файлдан оқылып немесе формадан оқылып жатса онда қатар өңделуге тиіс
болады. Ол үшін алдымен орындалатын амал қайталанатын бос аралықтарды
жою - chop(str).
Мысалы:
$str = chop($str);
нәтижеде $str қатарында қайталанатын бос аралықтар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz