Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесін құру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Садбенова Мадина Серикжановна

Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесін құру

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Мамандығы 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Алматы 2018
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік факультеті

Ақпараттық технологиялар, математика және физика кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесін құру

Беттер саны 87
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны 17
Қосымшалар 28

Орындаған Садбенова Мадина Серикжановна

2018 ж. ____ _______________ қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісінің м.а.,а-ш.ғ.к., асс.профессор

_______________

Серікбаев Ә.У.

Жетекші:
аға оқытушы

_______________

Дильмагамбетова Б.М.

Арнайы тараулар кеңесшілері:

Экономикалық бөлім
т.ғ.к., профессор

_______________

Қарымсақова Г.

Өміртіршілік қауіпсіздігі

_______________

Сапарбаев С.

Норма бақылау
ф-м.ғ.к., доцент

_______________

Киргизбаева Б.Ж.

Сарапшы

_______________

_______________

Алматы 2018 жыл

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
7
1. БӨЛІМ
7
1.1. БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
7
1.1.1. Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері
7
1.1.2. Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау
10
1.2. АВТОМАТТАНҒАН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ ТЕОРИЯСЫ
14
1.2.1. ДК негізіндегі АЖО нұсқаларын таңдау
14
1.2.2. АЖО-ның тілдік құралдары
16
1.2.3. Автоматтанған жұмыс орнын сұрыптау
19
1.3. Жобалау құралдарының сипаттамасы
22
1.3.1. ДҚБЖ- ны өңдеудегі Delphi ортасының құралдарын мәліметтер базасында пайдалану
38
1.3.2. SQL тілі
39
2. бөлім
43
2.1. Есептің қойылымы
43
2.1.1. Мәліметтер қорының концепциясы
46
2.1.2. Мәліметтер базасының жұмысы үшін инструменталды құрал
49
2.1.3. Мәліметтер базасымен жұмыс істеудегі компоненттер
55
2.2. ПРОГРАММАНЫҢ БАЯНДАЛУЫ
58
2.2.1. Жалпы мағлұматтар
58
2.2.2. Функционалдық тағайындар
58
2.2.3 Логикалық структураның баяндалуы
59
2.3. Бағдарламаны жүктеу және іске қосу
62
2.3.1. Техникалық жабдықтар
62
2.3.2. Кіріс деректер
62
2.3.3. Шығыс деректер
62
2.3.4. Бақылау мысалдарының баяндалуы
62
ҚОРЫТЫНДЫ
64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
65
ҚОСЫМША А
66
ҚОСЫМША Ә
67

КІРІСПЕ
Адамның бүкіл тарихы бойында оның алдында ақпаратты жинақтау, сақтау және өңдеу тапсырмалары тұрды. Ұзақ уақыт бұл тапсырманы шешу үшін әртүрлі әдістер мен аспаптар, қағаз, баспа станогы, тіпті адамның өзінің жадысы, және оның басқа да зерделі қабілеттіліктері сияқтылар, қолданылып келді. Бірақ барлық осы және көптеген басқа әдістер ақпараттың үлкен көлемдерін қолданғанда қолайсыз болды. Ал адамдардың қажеттігі үнемі артып отыратыны белгілі, сондықтан жақында адамдарға ақпаратты өңдеу және жинақтау, осы қажеттіліктерді адам қызметінің алуан түрлерінде қанағаттандыра алатын, қалай болғанда да ақпаратты жинақтау, өңдеу және таратумен байланысты, жаңа аспаптары қажет болды. Адамдар осылай машиналардың жаңа түрін жасау қажеттігіне келді - электронды-есептеуші машинасы(ЭЕМ).
Компьютерлерді қолдану ақпаратты жинақтау мен өңдеуді едәуір ықшамдады. Қажетті ақпаратты компьютер жадысында сақтауға көшу қажетті ақпаратты іздестіру, өңдеу (өзгерту, толықтыру және жою) және берілу уақытын едәуір азайтуға мүмкіндік берді. Ақпаратты өңдеудің бұрын қолданған аспаптарын қолдану бұл салада электронды есептеу машиналарын қолданумен ешбір салыстыруға келмейді. Мұндай жұмыстарды орындау кезінде ақпаратты сақтау, іздестіру және өңдеу бойынша жұмыстың үлкен бөлігін электронды есептеу машинасы өзіне алады. Ал бұл өз кезегінде мұндай ақпараттың ақиқаттығы мен сапасын жоғарылатқанда жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.
Алғашында ЭЕМ тек қана сандық ақпаратты өңдеу үшін қолданылды. Алайда ақпараттың үнемі өсіп отыратын масштабында, сапаны жоғарылату, қиындықты және ақпараттың жеткізілу уақытын төмендету мақсатымен әртүрлі өндіріс деңгейлерін автоматтандыру мәселесі пайда болды. Бұл мәселені шешу үшін автоматтандырылған жүйелердің пайда болуына әкелген жаңа иілмелі технологияларға көшірілді.
Өркениеттің қазіргі кезеңі қоғамның дамуында ақпараттың мәні артуымен, байланыс құралдарының, өмірдің барлық тараптарының компьютерленуімен, ақпаратты жинау және өңдеу үшін қажетті мүлтіксіз ақпараттық технологиялардың пайда болуымен сипатталады. Осындай қоғамның дамуымен адамдарға кез-келген уақытта ақпаратты анық және тез алуына мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларды құру қажеттігі туады. Бүгін ақпараттың тек гипермәтін түрінде көрсетілуі күнделікті өсіп отыратын ақпараттық жүйелер қолданушыларының талаптарын қанағаттандыра алмайды. Қалыптасқан жағдай ақпараттық жүйелерді құру құралдарының жаңа ұрпағын шығару қажеттігіне әкелді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты ХҚКО-ның атқарылатын негізгі міндеттерді жаңа технологияларды қолдана отырып шешуге мүмкіндік береді. Осы мақсатқа байланысты келесі міндеттер қойылды:
oo автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО) құрудың теориялық негіздерін анықтау;
oo АЖО құруда қолданылатын ақпараттық технологияларға талдау;
oo программаны қолданушы оператордың негізгі міндеттерін анықтау;
oo оператордың негізгі міндеттеріне сәйкестендірілген АЖО құру.
Дипломдық жұмысты жазу барысында құрылған міндеттерді шешу үшін программалау ортасы ретінде Delphi 7.0 таңдалды. АЖО мәліметтер базасы ретінде құрылды.



1 Оператордың автоматтандырылған жұмыс орнын құрудың теориялық негізі
1.1 Дербес компьютер базасында оператордың АЖО-ның принциптері

Автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО), немесе шет терминологиясында жұмыс станциясы (work-station) түсінігін нақты функцияларды орындауды автоматтандыру үшін қажетті құралдармен жабдықталған қандай да бір мамандықтың маман-қолданушының орны ретінде түсінеміз. Мұндай құралдар ретінде дербес компьютер, басқа да көмекші электронды құрылғылар, айтып кететін болсақ: диск жинақтағыштар, оптикалық оқитын құрылғылар немесе штрихталған кодты оқитын, графика құрылғылары, және жергілікті есептеуіш желілер және т.б.
Әлемде АЖО-ның ең көп тарағаны ІВМ РС архитектуралы дербес компьютер. АЖО негізінде есептеуіш техниканы қолдану бойынша арнайы дайындалмаған қолданушыға бағытталған.
АЖО-ның негізгі белгілеуі ретінде жұмыс орындардағы ақпаратты өңдеп, орталық мекеменің кейбір басқару міндетін тапсыру жүйесі, дербес компьютер және АЖО-ның жергілікті желілеріне бір уақытта кіру мүмкіндіктерінің негізінде өздерінің мәліметтер базасын қолдану, кейбір жағдайда ауқымды есептеуіш желілер болып есептеледі.
Осындай АЖО-да информатика ортасында жоспарлау, модельдеу, оптимальды процесстер, әр түрлі ақпараттық жүйелерде шешім қабылдау іске асырылады.
Кез-келген АЖО-ны құру принциптері жалпы болу керек:
oo жүйелік;
oo иілгіштік;
oo тұрақтылық;
oo тиімділік.
Жүйелік.АЖО-нын функционалды белгілеуі бар жүйе құрылымы ретінде қарастыру керек.
Иілгіштік.Жүйе ішкі жүйелердің құру модульдігіне және олардың элементтерін стандарттауға ыңғайланған.
Тұрақтылық. АЖО-ның жүйесі ішкі және сыртқы факторларға әсер етуіне қарамастан негізгі функцияларды орындау керек. Бұл дегеніміз, оның бөлек бөлімдерінде болған кідірістерді жылдам жойып, жүйенің жұмыс істеуін тез орнату.
АЖО-ның тиімділігі жүйені пайдалану және құру шығындары туралы айтылып кеткен, жоғарыда келтірілген принциптердің іске асырылу деңгейінің интегралдық көрсеткіш ретінде қарастыруға болады.
Өндірістік кәсіпорындарда АЖО-ның шешімін қабылдау, мәліметтерді өңдеу, басқару, жоспарлау, құралы ретінде негізгі құрылымдық автоматтандырылыған басқару жүйесі болып табылады. АЖО- бұл нақты маманға бағытталған (администратор, экономист, инженер, архитектор, дәрігер, мұғалім, зерттеуші, кітапханашы және т.б. көптеген) арнайы жүйе, программалық жасақтау және техникалық құралдар жиыны.
Сонымен қатар, АЖО-ның кез-келген қызметке бірнеше жалпы талаптар қоюға болады, оны құру кезінде қамтамасыздандыру керек:
oo ақпаратты өңдеу құралдарының бар болуы;
oo сұхбатты (интерактивті) тәртіпте жұмыс істеу мүмкіндігі;
oo эргономиканың негізгі талаптарын орындау: операторлар арасындағы функцияларды рационалды бөлу, жұмыстың ыңғайлы талаптарын құру, АЖО-ның конструкциясының ыңғайлылығы адам-оператордың психологиялық факторларының есебі, АЖО-ның элементтернің түсі және т.б.
oo АЖО жүйесінде жұмыс істейтін жоғары деңгейлі және сенімді болып келеді. ДК жеткілікті;
oo Программалық жасақтау;
oo Рутиндық процесстерді автоматтандырудың максималдың деңгейі.
АЖО-ның құрылымы техникалық, ақпараттық, программалық және ұйымдастырушылық ішкі жүйелер жиынынан тұрады.
Техникалық ішкі жүйе туралы жоғарыда айтылып кеткен. АЖО-ның тікелей құрайтын техникалық құралдар жиыны, басқа АЖО-мен байланыс құралдарын қосу керек, сонымен қатар басқа да байланыс құралдары (телефон, телекс, телефакс).
Ақпараттық ішкі жүйелерге дискілік жинақтауыштардағы локалды берілегндер базасында сақталатын ақпарттар массиві жатады. Осы жерге мәліметтер базасын басқару жүйелерде жатады.
Программалық жасақтауға операциондық жүйелер, сервистік программалар, қолданушының стандартты программалары және қолданбалы программалар пакеті енгізіледі. Сонымен қатар, шектеулі қажеттілк бойынша программалық жасақтауға графикалық ақпаратпен жұмыс істеу үшін программалр пакеті кіреді.
АЖО-ның ұйымдастырушылық жасақтауы өзінің мақсаты ретінде олардың жұмыс істеуін, дамуын, кадрлар дайындалуын ұйымдастыру.
АЖО-ның жобалау әдістемесі оның жұмыс істеу әдістемесімен байланысты емес, өйткені дамушы АЖО жұмыс істеуі оның даму мүмкіндіктерін қолданушы алдын алады.

1.2 Оператордың АЖО-ның тілдік құралдары

АЖО-ның тілдік құралдары қолданушы іс-әрекетінің және ДЭЕМ әсерінің арасындағы мәндік сәйкестік қажет. Оларсыз оқыту, сұхбат ұйымдастыру, қателерді табу және процесстерді жөндеу мүмкін емес. Осындай тілдерді жасау қиындығы, олардың процедуралық тіл берілген әрекеттің орындалуын көрсетсе, онда процедуралық емес қажетті әрекеттерді бөлшектеусіз орындау қажет.
Сонымен қатар, АЖО-ның тілдері қолданушылық-бағытталған және кәсіби бағытталған болуы тиіс. Бұл қолданушы классификациясының арасындағы ерекшеліктермен тығыз байланысты. Осындай әдістің қарапайым болып көрінетін байланысты жаратылыстану тілдерді қолдану күрделі емес нәтижелерді алу мақсатында үлкен конструкцияларды пернетақта арқылы енгізу мүмкіндіктері артықшылығы бере алмайтындығы ескеру қажет.
Барлық тілдер сияқты АЖО-ның тілдер негізін алдын-ала анықталған терминдер, сонымен қатар әдістерді сипаттау көмегі арқылы жаңа терминдер орнатылуынан тұрады. Бұл АЖО-нын жобалау кезіндегі қажеттілікке әкеледі, яғни тілдің барлық негізгі семинтикалық конструкциясын және терминдер арасындағы семантикалық қатынасты жәнне олардың жиынтығын анықтау. Осыған байланысты АЖО-ның қарапайым классификациясында қажеттілік туындауы мүмкін, мысалға, сандық, мәтіндік, аралас, өңдеу тәртібінде кейбір қолданушыларды мәліметтерді беру мүмкіншілігі. Күрделі жағдайларда АЖО-ның классификациясы мәліметтер базасын ұйымдастырумен анықталады. Тілдер мүмкіндіктері көбінде ережелер тізімімен анықталады, осы бойынша қолданушы ақпараттық қажеттіліктерді іске асыру сәйкестігін формальды конструкциялар құруы мүмкін. Мысалға, кейбір АЖО-да барлық мәліметтер және конструкциялар кестелік түрде фиксирленеді (кестелік АЖО) немесе арнайы түрдегі операторлар (функционалды АЖО).
Қолданушы тілдері АЖО-ның сұхбат түрі бойынша бөлінеді. Ақырында, сұхбатты қолдау құралдарында қолданушыға қажетті тілдік конструкцияларды анықтайды. АЖО-ны өңдеу кезіндегі сұхбаттар: формаларды толтыру сұхбаты, ДЭЕМ сұхбат, гибриттік сұхбат, оқытылмаған қолданушының сұхбаты және ақпарттың фиксирленген кадрлар сұхбаты. ДЭЕМ сұхбат кезінде АЖО-ның қолданушысы тілдер конструкциясынан және мнемониканы оқудан толық босатылады.осы әдістің модификациясының бірі мәзір әдісі болып табылады.
Формаларды толтыру сұхбаты кезінде қолданушы дисплейдегі арнайы таңдалған формалармен толтырылады.
Гибриттік сұхбат ДЭЕМ және қолданушымен жасалған болады.
Оқытылмаған қолданушының сұхбаты кезінде ДЭЕМ жауаптары толық анықтылығымен қамтамасыз етілуі қажет.
Ақпараттың фиксирленген кадрлар сұхбаты кезінде ДЭЕМ тізіміндегі бар жауаптарды таңдайды, бұл жағдайда қолданушы тек қана қысқа жауаптарды таңдайды, ал негізгі ақпарат автоматты түрде беріледі.
АЖО-ның құрамына міндетті түрде әр түрлі программалық компоненттер, БББЖ, трансляторлар, анықтамалық жүйелер және т.б. АЖО-ның негізгі компонеттер оның құрамын және әртүрлі қасиеттер бойынша АЖО-ның классификациясының мүмкіндігін қамтамасыздануын анықтайды. АЖО-ның дамуы бойынша екі үлкен класқа бөлінеді: қызметтік және интеллектуалдық. Осы екі АЖО-ны әр түрлі қолданушыларға арналған. Сонымен қатар, қолданушы бірнеше АЖО-мен қолдана алмайды. Мысалға, қызметтік персонал интеллектуалдық АЖО-нын керек етпейді.
Ұйымдастырушылық басқару ортасында қызметтік АЖО-ны мынадай болады:
oo ақпараттық-анықтамалық;
oo есептеуіш;
oo мәтінді өңдеуші.
Интеллектуалдық АЖО-рын мәліметтерге бағытталған және білімге бағытталған (даталогиялық және фактологиялық) деп бөлуге болады. Ақпараттық - анықтамалық АЖО-ны қандай-да бір басқару процесіне қызмет етеді. Есептеуіш АЖО-ның мазмұны бойныша әртүрлі және қолданушының көптеген категориялары қолданылады. Мәтіні өңдеуші АЖО-ның әртүрлі құрылымдағы мәтіндік ақпартты генерациялау және өңдеу үшін арналған.
Даталогиялық типті интеллектуалдық АЖО-ры мәліметтер базасын және қолданушы тілдерін қолдануға негізделген. Бұл АЖО-дағы білім базасы жоқ, яғни басқарылатын объектінің қасиеттерін түсіндіруді қамтамасыз ететін ережелердің жиналуы мүмкін емес. Білім базасы қоғамдық компонент болғандықтан АЖО-ның фактологиялық типіне жатады.
Ұйымдастырушылық басқаруды автоматтандыруды іске асыру үшін бірнеше негізгі функцияларды атап өтейік:
oo интерпретация (жүйелердің және олардың арасындағы қарым-қатынасты орнату үшін пәндік аймақтағы айғақтарды және мәліметтерді сипаттау және талдау);
oo диагностика (іздеу басқарылатын объектінің сипатталау және анықталуы);
oo мониторинг (АЖО-ның жұмыс істеуінің үзіліссіз қаралуы және алынған нәтижесінің белгілеуі);
oo жоспарлау (әрекет тізбегінің қамтамасыздандырылуы);
oo жобалау (қолданушы интерфейсінен қамтамасыздандыруы және дамуы).
1.3 АЖО-ның жіктелуі

АЖО-ны жеке, топтық, ұжымдық болуы мүмкін. Топтық және ұжымдық АЖО-ры ЭЕМ жүйелерінің тиімді жұмыс істеу мақсатында- мамандарға (ұжымдарға) АЖО-ның жұмысын ұйымдастырудағы талаптарды жою қажет және осындай жүйедегі әкімшілік функцияларды нақты анықтайды. Адам-машина болып келетін АЖО-ның жүйесі, ашық, иілгіштік қасиеті бар. Мұндай жүйеде мыналармен қамтамасыз етілуі керек:
oo мамандардың ақпаратты өңдеудің машиналық құралдарға максималды жақындауы;
oo сұхбаттық тәртіпте жұмыс істеу;
oo компьютердің жоғарғы өнімділігі;
oo рутиндік процесстердің максималды автоматтандырылуы;
oo мамандардың өзін-өзі оқыту мүмкіндігі.
АЖО-да шешілетін есептер шартты түрде ақпараттық және есептеуіш болып бөлінеді. Ақпараттық есептерге, кодтау, классификация, жиын, құрылымдық ұйымдастыру, жөндеу, сақтау, іздеу және ақпаратты беру жатады. Ақпараттық есептер арифметикалық және мәтінік сипаттағы және күрделі емес қатынастағы есептеуіш және логикалық процедураларды енгізеді.
Есептеуіш ақпараттық есептер формалданатын және толық емес формалданатын болып бөлінеді. Формалданатын есептер формалды алгоритм базасында шешіледі және екі топқа бөлінеді: тікелей есеп және математикалық модельдер негізіндегі есептер. Тікелей топтағы есептер жай алгоритмдер көмегімен шешіледі. Күрделі есептерге әр түрлі математикалық модельдерді қолдану талап етіледі.
АЖО-ның құрылымы - бұл оның ішкі жүйелері мен элементтерінің жиыны. Қамтамасыз ету жүйелеріне: техникалық, ақпараттық, программалық және ұйымдастырушылық жатады.
Техникалық жасақтау техникалық құралдар комплексін берерде, негізгі ретінде прогроаммистерсіз, операторларсыз және т.б. маманның жұмысын қадағалайтын профессионалдық дербес компьютер қызмет етеді. Топтық АЖО-да мұндай компьютермен 4-6 адам қолданады. Техникалық құралдар комплексіне желіде бірнеше АЖО-мен байланысу үшін коммуникациялар құралдарын және телефондық байланыс құралдарын жатқызуға болады.
Ақпараттық жасақтау-бұл жергілікті мәліметтер базасында сақталынатын ақпараттар массиві. Ақпарат негізінде магниттік дискіде сақталады және ұйымдастырылады.
Ұйымдастырушылық жасақтау АЖО-ның даму жұмысын істеуін ұйымдастыру әдістерін және құралдарын, сонымен қатар кадрлар квалификациясын жоғарлату және дамытуды енгізеді. Ұйымдастырушылық жасақтаудың ішкі жүйелеріне топтық және ұжысдық АЖО-ры үшін АЖО-ның әкімшілік функцияларын енгізеді: жобалау, жоспарлау, есеп, бақылау, талдау, инфражүйелермен байланыс және т.б.
Программалық жасақтау жүйелік және қолданбалы программалық жасақтаудан тұрады. Жүйелік жасақтаудың негізі болып операциондық жүйе және жасақтаудың жүйелері есептеледі, мысалға Бейсик алгоритмдік тіл. Жүйелік программалар ақпаратты өңдеудің рационалдық технологиясымен қамтамасыз етеді. Сервистік программалар операциондық жүйенің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Қолданбалы программалық жасақтау қолданушы программалары және әртүрлі белгілеудегі қолданбалы программалар пакетінен тұрады. Қолданбалы программалар пакеті модульдік принцип бойынша орындалған және белгілі бір анықталған кластағы есептердің шешуіне бағытталған. Қолданбалы программалық пакеті проблемалық программалық жасақтаудың негізігі түрі болып табылады.
1.4 Мәліметтер базасын ұйымдастыру және функционалды есепті шешудің инфологиялық моделі
Мәліметтер базасы дегеніміз - ақпарат сақтауға арналып ұйымдастырылған құрылым. Қазіргі жағдайда мәліметтер базасы деректерден басқа олармен монекуляция жасайтын әдістермен құралдарда сақталады. Мәліметтер базасын қарастырайық ондағы деректермен көп қызметкерлер жұмыс істейді бірақта барлық базаға ешкімнің кіруге мүмкіндігі жоқ әр қызметкер тек қана өзіне тиісті мәліметтерді өзгерте алады. Мәліметтер базасына жақын байланысқан түсінік мәліметтер базасын басқару жүйелері (система управление базами данных (СУБД). Мәліметтер базасын басқару (МББЖ) жаңадан база құруға оны толтыруға, өзгерістер еңгізуге ақпарат беруге арналған программалық құралдар әлемде әр түрлі. Мәліметтер базасын басқару бір консепцияға негізделген. Ақпарат қайдан шығады, қалай қай уақытта және қандай мақсатта қолданылады. Мәліметтер мен ақпарат арасында қандай айырмашылық бар. Мәліметтер тек олардың мәні қажет болған кезде ақпаратқа айналады, шешім қабылдауға керек болғанда мәліметтер ақпарат болады.
Мәліметтер базасын құру
Мәліметтер базасын бір-бірімен байланысқан мәліметтер жиынтығы ретінде анықтайды мынадай сипаты бар. Көп қосымшаларға қолдану мүмкіндігі бар. Қажетті ақпаратты жылдам алып және өзгертуге мүмкіндік бар. Ақпараттың артық қайталануын минималды түрде сақтайтын қолданбалы программаларға тәуелсіз жалпы ақпаратты іздеу жүйесі бар. Бұлардың ішіндегі ең негізгісі ол ақпаратты басқаратын мәліметтердің оларды өңдейтін программа тәуелсіздігі.
Мәліметтер базасының жіктелуі
Мәліметтер базасын екіге бөлуге болады.
1. Жергілікті мәліметтер базасы. Жергілікті мәліметтер базасындағы деректер бір локальді құрылымында сақталады. Диск, дискілік торапта сақталады. Бірнеше қолданушылар арасында мәліметтерді алу үшін жергілікті мәліметтер базасында блакировка файл әдісі қолданылады.
2. Қашықтағы мәліметтер базасы. Қашықтықтағы мәліметтер базасы деректер алыста орналасқан компьютерде сақталады. Қашықтықтан мәліметтер базасында жұмыс істейтін программалар 2 бөлімнен тұрады:
1. Клиенттік;
2. Серверлік.
Клиенттік бөлімі қолданушы компьютерде жұмыс істейді. Программаның серверлік бөлімінде қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Қашықта орналасқан компьютермен байланыс сұраныс арқылы жүргізіледі. Программаның серверлік бөлімі қашықтағы компьютерде жұмыс істейді.
Ақпараттық жүйенің жабдықталуы
Барлық ақпарат жүйеге бірдей болады. Олардың функционалдық бөлімдеріне қарамайды. Зерттеу облысына тәуелді емес. Жабдықтау бөлімінің құрамына келесілер кіреді:
1. ұйымдастыру бөлімі-одан бүкіл жүйенің мақсаты және атқарылатын функциялары тәуелді. Ұйымдастыру бөлімінің 4 топ компоненттері болады.
1-топ. Ол маңызды методикалық материалдар, жүйені жасау және оның қызметін регламенттайды, оған жатады:
1) жалпы салалық әдістемелік материалдар ақпарат жүйесін жасауға арналған;
2) тіптік жобалау шешімдері;
3) кәсіпорынды зерттеу, оны ұйымдастыру және жүргізу әдістемелік материалдары;
4) жобалау құжаттарын жасау, еңгізу сұрақтарының әдістемелік материалдары.
2-топ. Компоненттеріне ақпарат жүйелерін тиімді жобалап және қызметін жүргізу құралдар жиынтығы, бұған жатады:
1) басқару есептерінің кешені, оны шығаратын программалық пакеттермен бірдей;
2) кәсіпорынды типтік басқару құрылымдары;
3) унификацияланған құжаттар жүйесі;
4) жалпы жүйелік және салалық.
3-топ. Ол техникалық құжаттар жүйені зертеу, жобалау және енген процесте жасалады, оған жатады:
1) Технико-экономикалық зерттеу;
2) Техникалық тапсырма;
3) Техникалық және жұмысшы жобалар және құжаттар.
Құқықтық жабдық мақсаты ол ақпарат жүйені жасау процесін және пайдалану регламентін көрсетеді. Заңды құжаттар жиынтығы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, нәтижелік ақпаратты беру қатынастарын реттейді.
Ақпараттық жүйені
oo Жүйе жасаушылармен және тапсырыс беруші арасындагы келісім шарт.
oo Жүйені жасаушылар арасындағы қатынастарды реттейтін құжаттар
oo Ақпарат жүйенің бөлімдерінің құқықтық мүмкіндіктері. Техникалық құралдары қолданатын адамдардың құқықтық қатынастары.
Ақпарат жүйелерінің жабдықтау бөлімдері барлық жүйелерге бірдей. Олар қандай функцияда орындауға қарамастан және қай облыста қолданатынына қарамастан жабдықтау бөлімінің құрамына мына бөлімдер кіреді.
oo Ұйымдастыруды жабдықтау;
oo Құқықтық, техникалық, математикалық, программалық, ақпараттық және технологиялық жабдықтар.

С ы р т қ ы о р т а Шығыс қорлары
Шығыс қорлары
І ш к і о р т а



Қайта өңдеу
Қайта өңдеу

Кіріс қорлары

Кіріс қорлары

М ә л і м е т т е р

Мәліметтерді электронды өңдеу жүйесі
Мәліметтер базасы
Мәліметтер базасы
М ә л і м е т т е р м ә л і м е т т е р

Программалық жабдықтау
Программалық жабдықтау

Ақпараттық басқару

Ақпараттық басқару


С ы р т қ ы о р т а

1.1-сурет. Мәліметтерді электронды өңдеу жүйесінің құрылымы

Ұйымдастыру жабдықтау мынандай топтан тұрады:
Жүйені құруды және оның формасын регламенттайтын методикалық материалдарға ақпараттық жүйені тиімді жобалау құралдары жатады.
Ақпараттық жүйелермен мамандардың екі түрі жұмыс істейді: басқарушы ақырғы пайдаланушылар, деректерді өңдеу бойынша мамандар.
Ақырғы пайдаланушы - бұл өзі шығаратын ақпараттық жүйені немесе ақпаратты қолданатын адам. Бұған жүйені кәсіби талдап, жобалап құратын мәліметтерді автоматтандырылған өңдеу мамандары (инженер-системоаналитиктер, инженер жобалаушылар, программистер) кірмейді.
АЖ жабдықтарын қолдану тәсілдері бойынша ақырғы пайдаланушылардың екі түрін атап өтуге болады: тікелей ақырғы пайдаланушы, ол АЖ жабдығымен қолмен жұмыс істеу арқылы бірлесе атқарады, тура емес ақырғы пайдаланушы, ол АЖ ақпаратты тек қана қолданады, оның жабдығымен жұмыс істемейді. Жүйенің құрылымын, технологияларды, алгоритмдерді т.с.с бейнелеу стандарттарын қолданбай үлкен, динамикалық және эффективті АЖ жасау мүмкін емес. Жүйелерді жобалаудағы көпжылдық тәжірибе жобаның осы эелементтерін көрнекі түрде бейнелеуде графикалық құралдарды қолданудың ыңғайлы екендігін көрсетті. Жүйенің жобасын кәдімгі мәтін түрінде жазуға да болады, бірақ онда блок-схемалар болмаса оны түсіну қиынға түседі. Жобалаудың арнайы құралдары қолдану ресурстары, процестерді және коммуникацияны құжаттандырылған түрде бейнелей отырып, концептуалды айқындылықты алуға мүкіндік береді. Бұл кезде кестелік формалар, диаграммалар, белгілер қосылған блок-схемалар және т.б кеңінен қолданылады.
Ақпараттық жүйелердің ресурстары
Ақпарарттық жүйені матрицалық көрсету екі түрлі элементтің жинағын бейнелейді: процесстер (енгізу, өңдеу, шығару, сақтау, бақылау) және ресурстар (қондырғылар, программалар, мәліметтер, адамдар, өнімдер). Нақты жағдайда Менеджменттің ақпараттық жүйесімен (МАЖ) адамдар жұмыс істейді. Олар қондырғыларға мәліметтерді енгізеді және ақпаратты (жүйе өнімін) қолданады.
МАЖ - бұл адамдық-машиналық жүйе (1.1-сурет). МАЖ жұмыс адамдардың екі түрлі ресурсынсыз - ақырғы пайдаланушы (менеджер) және консультант (жүйелік аналитик, программист, инженер) жұмыс істеуі мүмкін емес. Адамдар жүйенің басқа барлық ресурстарын біріктіреді, толықтырып, өзара әсерін ұйымдастырады. Консультанттардың қажеттілігі ақырғы пайдаланушылар саны көбейіп, ақпарарттың біріктірілуі күшті болатын ірі ұйымдарда туындап, ұлғаяды.
Ақпарарттық технологиялар рыногында сатылып, сатып алынатын басқа ресурстар төрт топқа бөлінеді: техникалық ресурстар (жабдықтар), программалық ресурстар, мәліметтер базасы, телекоммуникациялар.
Телекоммуникацияларда да ақпараттық жүйелер байланысы процестерін қамтамасыз ететін, арнайы ресурстар топтарына ерекшеленген жабдықтар мен программалар пайдаланылатындықтан, халықаралық сауда жүйесінде біршама басқаша номенклатура қолданылады.
Анағұрлым тармақталған топ - жабдықтар ресурсы. Программалық ресурстар номенклатуралары да кең. Мәліметтер ресурсы - бұл әртүрлі деңгейдегі (корпоративті, фирмалар, жұмыс топтары, жеке) мәліметтер базасы жиыны.
Ақпараттық жүйені құру кезінде жобалаушылар жұмыс істеп тұрған жүйенің ресурстары мен процестерін талдайды, одан кейін оларды жаңа ақпараттық технологиялар негізінде неғұрлым эффектвті өзара әсерлесетіндей етіп жобалайды.
АЖ жобаларын ендіру сатысында ресурстар бөлігі рынокта алынады, ал біраз бөлігі (мәліметтер базасы және кілт арқылы программалар) ұйымның өз күшімен тікелей объектіде жасалады. Ресурстарды сатып алу мәселелері менеджерлер мен директорлардың қатысуы арқылы шешіледі, сондықтан болашақ менеджерлер ақпараттық жүйелердің ресурстарының қызметі мен түрлерін білуі қажет.
АЖ негізгі ресурстарын анықтау жүйесі
Қазіргі кезде мамандар күнделікті жұмыстарында компьютермен программаларды көмекші ретінде қолданып қана қоймай, ақпараттық технологияларды өз бизнестерінің негізгі объектісі жасай алады. Сондықтан осы құралдарды әлемдік стандарттарда анықталатын номенклатурада талдай білуі керек.
Сауда статистикасы аймағында ЕС стандарттары талаптарын қанағаттандыратын Халықаралық жұмыс топтары EITO TASK FORCE мен IDC корпорациясының келісімдеріне сәйкес келетін негізгі анықтамалар жүйесі бар. Осы материалдарды шолу мен меңгеруді жеделдету үшін класстар мен подкласстардың құрылымын графикалық түрде көрсетеміз.
Сауда статистикасы аймағында ЕС стандарттары талаптарын қанағаттандыратын Халықаралық жұмыс топтары келісіміне сәйкес келетін негізгі анықтамалар жүйесі:
1. Ақпараттық технология және ақпараттық коммуникациялық технология жалпы анықтамалары
Техникалық жабдық компоненттері
Программалық жабдықтық компоненттері
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (ИКТ)
2. Аппараттық жабдықтар (компьютерлік құрылғылар)
Мәліметтерді өңдеу жүйелері
Көппайдаланушыларға арналған жүйелер
Үлкен жүйелер
Орта жүйелер
Кіші жүйелер
Жұмыс станциялары
Дербес компьютерлер (ДК немесе ДЭВМ)
Портальды ДК
Үстел үстіндегі (Настольные) ДК
ДК арналған принтерлер
Офистік жабдықтар
Жазу машинкалары
Калькуляторлар
Көшіру техникасы
Басқа офистік және функциональды жабдық
Желілік жабдықтар
ЖЕЖ (ЛВС) интерфейстері
Интеллектуальные концентраторы ЛВС
Терминальды серверлер
Желіаралық жабдық
Мәліметтерді таратудың басқа жабдығы
3. Программалық жабдықтар
Жүйелік программалық жабдық
Көмекші программалық-утилиттер
Қолданбалы программалық құралдар
Қолданбалы программалық шешімдер
4. Қызметтер
Кәсіби қызметтер
Есептеуіш қызметтер
Желілік қызметтер
Техникалық қызметтер және жабдықты қолдау бойынша қызметтер
5. Телекоммуникациялық жабдықтар
Пайдаланушылар отыратын орындарға орналастыру
Коммуникациялық қызметтерді қамтамасыз ететін құралдар
6. Коммуникациялық қызметтер
Дыбысты (дауысты) тарату желісі қызметі
Мәліметтерді тарату желісі қызметі
пайдаланушы жұмыс істейтін орында жабдықтарды орнату және қамтамасыз ету қызметтері.
Ақпараттық технологиялар (АТ) және Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың (АКТ) жалпы анықтамалары Ақпараттық технология (АТ) түсінігі көрсетілген келісімдегі мәтінде өндіріске қатысты айтылады:
oo техникалық жабдықтау компоненттері (есептеуіш жүйелер мен желілер, офистік жүйелер, мәліметтерді өңдеу және тарату құралдары және т.б.) немесе аппараттық құралдар (компьютерлік жабдықтар);
oo программалық жабдықтар компоненттері (жүйелік, қолданбалы, көмекші) немесе программалық өнім (программалық құралдар);
oo әртүрлі қызметтер түрлері (кәсіби, есептеуіш, желілік, ақпараттық, техникалық).
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың неғұрлым кең түсінігі телекоммуникациялық құрылғылар және коммуникациялық қызметтермен бірге қарастырылған ақпараттық технологияларға қатысты.
Аппараттық құрылғылардың сауда номенклатурасында жалпы қолданылатын құралдардың алты тобы ерекшеленген: мәліметтерді өңдеу жүйелері, көппайдаланушылар жүйесі, жұмыс станциялары, дербес компьютерлер, ДК арналған принтерлер, офистік жабдықтар. Офистік желілік құрылғылар құрамында мәліметтерді тарату аппаратураларының топтары бар.
Мәліметтерді өңдеу жүйелері (есептеуіш жүйелер) орталық процессорлар және негізгі периферииялық құрылғыларды қамтиды. Перифериялық құрылғыларға мәліметтерді жинақтау және сақтау құрылғылары, терминалдар және т.б., сонымен бірге негізгі конфигурацияны кеңейту кезінде қосылатын компоненттер жатады.
Үш түрлі (үлкен, орташа, кіші) жүйені қамтитын Көппайдаланушылар жүйесі түсінігі бірпайдаланушыға арналған жұмыс станциялары мен дербес компьютерлерге қатысты емес. Әдетте көппайдаланушы жүйелердің ортақ белгісі, олар екі одан да көп пайдаланушылардың көпмәселелі режимінде жұмысын қолдау болып табылады.
Үлкен жүйелерге жалпы қолдануға арналған қуатты әмбебап ЭЕМ, суперкомпьютерлер, ғылыми зерттеулерге арналған мамандандырылған жоғары жылдамдықты ЭЕМ жатады. Есептеуіш жүйелердің үлкен топтарға жатқызылуының кретрииі бірінші кезекте оның бағасы болып табылады.
Көппайдаланушы орта жүйелерге кіші әмбебап ЭЕМ деп аталатын, осыған ұқсас кретерийлер бойынша дәстүрлі супермини ЭЕМ жатады.
Көпмәселелі режимде екі және одан да көп пайдаланушылар жұмысын қолдамайтын бірпайдаланушыға арналған компьютерлік жабдықтардың көппайдаланушылар жүйесінен ерекшелігі, олар 2.3 топқа жұмыс станцияларына жатқызылды.
Дербес компьютерлер (ДК немесе ДЭЕМ) 2.4 тобын екі түрлі компьютерлер құрайды: портальды және үстел үстіндегі (настольные).
Жабдықтарды таңдау кезінде дербес компьютерлердің сапасын бағалау, әдетте көрсеткіштердің көп бөлігін келесі топтарға біріктіру арқылы жүзеге асырылады: (1) сенімділік (надежность), (2) жалпы сапа, (3) қолданбалы программалардың болуы, (4) бар программалық жабдықтармен сәйкестілігі, (5) қолданыстағы компьютерлермен аппараттық сәйкестігі, (6) қолдану қарапайымдылығы.
ДК арналған принтерлер 2.5 топқа жатады.
Офистік жабдықтар түсінігі (2.6 топ) әртүрлі жазу машинкаларын (электрондық, электрлік және механикалық), калькуляторлар (қол, қалта, настольный, кәсіби), көшіру техникаларын (дербес, сандық және түрлі-түсті), сонымен бірге басқа офистік және функциональды жабдықтарды (мысалы, электрондық кассалық аппараттар, электрондық сауда жабдықтары, банкомат есептеуіштері т.с.с.) қамтиды. Офистік жабдықтарға бірнеше бөлімдерден тұратын желілік жабдықтар да жатады (2.6.5 позиция)
Желелік жабдық анықтауына көппайдаланушы жүйелерді, ДК немесе жұмыс станцияларын жергілікті желіге қосу құрылғылары, сонымен бірге техникалық және программалық жабдықтың басқа категорияларында саналатын серверлер жатады.
Желілік жабдықтың негізгі категориялары жергілікті есептеуіш желі интерфейстері, терминалды серверлер, желіаралық жабдық және мәліметтерді таратудағы басқа аппаратуралар болып саналады. Басқа категорияларына модемдер, дестелерді коммутациялау құралдары, сандық ауыстырып-қосқыштар, коммутациялық процессорлар, топтық контролерлер т.б. жатады.
Аталған жалпы қолдануға арналған аппараттық құралдар экономиканың әртүрлі салаларында кеңінен қолданылады. Бұдан басқа арнайы құралдар (специальные средства) да бар. Мысалы, банктік ақпараттық жүйелерде банктік автомат-кассирлер, кредиттік карточканы авторизаторлары, пластикалық карточкаларды оқуға арналған құрылғылар кеңінен қолданылады. Сонымен бірге әскери, полициялық және т.б. арналған ерекше құралдар бар.
Телекоммуникациялық жабдықтар пайдаланушы категориясына қатынасқа негізделіп топтастырылған. Сәйкесінше жабдықтардың екі тобы бар. Біріншісі пайдаланушының жұмыс істейтін орнына байланысты топтастырылған. Телекоммуникациялық жабдықтардың екінші тобы коммуникациялық қызметтерді көрсетуді қамтамасыз етеді. Мұнда программалық өнім құрамында оның 4 тобы ерекшеленген: жүйелік программалық жабдық, көмекші программалық-утилиттер, қолданбалы программалық құралдар, қолданбалы программалық шешімдер.
Ақырғы пайдаланушының ақпараттық жүйесі (АПАЖ) концепциясы.
АПАЖ ресурстары: ақырғы пайдаланушының компьютерлік қосымшалары, қондырғылар, программалар, адамдар, көпшілік мәліметтер базасы.
1.5 Есептің қойылымы
Белгілі бір аймақтағы паспорттық үстелге байланысты ақпараттық жұмыс орнын құру. Бұл жұмыс жаңа технологиялық программалау базасында ақпараттық жүйе құруға арналған. Жұмыстың мақсаты тіркеу жүйесін ұйымдастыру және азаматтарды штрих-коды, төлқұжат нөмірі, жеке куәлік нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты бойынша іздестіру. Жұмысқа қажетті әр түрлі есеп беру жұмыстарын жүргізу. Азаматтар туралы мәліметтерді енгізіп, құжаттандыру (төлқұжат және жеке куәлік алу үшін форма-1 өтініші), мұнда осы құжаттағы барлық пунктері ескерілуі қажет. Азамат мәліметтері бес негізгі параметрі бойынша қарастырылады: тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, ұлты. Жаңа формаларға нұсқауларды және автор туралы мәліметтерді енгізу.
Программада қызметкерлер жайлы мәліметтер сақталған: қызметкер коды, тегі, аты, әкесінің аты, адресс, телефон, қызметкер суреті және т.б. Программа интерфейсі қазақ тілінде жасалған.

2 Халыққа қызмет көрсету орталығы АЖО құру үшін программалау ортасын таңдау
2.1 Delphi объектілі-бағытталған ортасы
АЖО құруды жобалау үшін ең алдымен программалау ортасын таңдап алу қажет. Ал мен паспорттық үстел АЖО құру үшін Delphi объектілі-бағытталған ортасын таңдадым. Компьютерді, программалау ортасын пайдалану технологиясының жұмыс жасауға өзіне тән талаптар қоятыны белгілі. Сондай талаптардың бірі - жұмыс жасауға қажетті мәліметтер базасын (МБ) құру. Күнделікті өмірде біздің кездестіретін нәрселеріміздің барлығы қандай да бір қордың элементтері болып саналады. Мәліметтер базасымен жұмыс істей білу бүгінгі таңда компьютермен жұмыс істеудегі маңызды дағдылардың біріне айналды.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) - мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған программа. Олардың қатарында DBASE, FOXPRO, MICROSOFT ACCESS, т.б. программалар бар. Microsoft office пакетінің кұрамындағы Microsoft Access ең қолайлы, көп тараған программа. MS Аccess программасының Access2.0, Access3.0, Access95, Access97 т.б. сияқты бірнеше нұсқалары бар.
MS Access-ті пайдаланатындар - көбіне есептеу техникаларымен жұмыс істейтін, бірақ программалаумен айналыспайтын адамдар. Мұндай тұтынушыларды бұл программаның оқып-үйрену жеңілдігі, көптеген мәселелерді өздері программаламай-ақ шешу мүмкіндігі, сондай-ақ МБ-дағы қажетті объектілерді жылдам құруға мүмкіндік жасайтын құралдары бар болғандығы қызықтырады. MS Access-тің тағы бір артықшылығы - жергілікті желіні қолданудағы мүмкіндіктер.
Деректер қоймасы қазіргі кезде компьютерді мәліметпен қамтамасыз ету процесстерінің негізін құрайды және де ол адамның барлық дерлік қызмет саласына кіреді десе болады.
Деректер қоймасында бір-бірімен байланысқан мәліметтер сақталады. Коммерциялық компаниялардың деректер қоймасында инвентарлық мәліметтер, қызметкерлер, келісім шарт, туралы мәліметтер сақталады . Деректер қоймасымен жұмыс істеуге арналған көптеген коммерциялық деректер қоймасын басқару жүйелері (ДҚБЖ), Borland компаниясынан Interbase, Microsoft компаниясынан Access және FoxPro, Corel компаниясынан Paradox, Oracle Corporation компаниясынан Oracle, FileMaker компаниясынан FileMaker Pro және т.б. Деректер қоймасы" термині деректер қоймасының мәліметтері сақталатын файл деп және сол файлдарды басқаруға арналған ДҚБЖ программасы деп те айтылады.
Delphi - Windows топтамасының операциялық жүйесiнде жұмыс iстеуге бағдарланған жоғарғы деңгейдегi программалар құру ортасы. Delphi-де программа Turbo Pascal тiлiнiң жалғасы болып табылатын Object Pascal тiлiнде қазiргi заманғы визуалдық технологиямен жасалады. Object Pascal және Delphi созылмалы, ұзақ эволюцияның нәтижесi және де қазiргi мезетте ең алдыңғы қатарлы компьютерлiк технологияның өнiмi болып табылады. Delphi-дiң мүмкiндiктерi консольдық қосымшамен басталып деректер базасымен аяқталады.
Delphi - де дайын бөліктерді біріктіру арқылы программа құруға болады және осы құрылған программаны тексеруге және жұмыс істеуге болады.
Delphi - дегі программалаудың бір ерекшелігі, программист өзінің істеп отырған жұмыстарын шешімдерін, нәтижелерін көзбе - көз көруіне болады болып табылады (визуалды программалау).
Программаны құруды пернетақта және тышқан арқылы басқаруға болады. Delphi- дің көптеген элементтері Windows - тің стандартты компоненттеріне ұқсас болып келеді. Delphi - дің интегралдау аймағына келесі мүмкіндіктермен кіруге болады.
Windows - тың жұмыс аймағында - монитор экранындағы негізгі аймақ Delphi - дің сілтеуіші орналасуы мүмкін. Оны тышқанмен активтендіру керек. Бұл нұсқа ең тез және оңай болып келеді.
Компьютер программасын жасауда әйгілі Борланд компаниясы программаға көптеген жасау программаларын ұсынды. Ол қарапайым Паскаль тілінен бастап кейіннен Borland Pascal7 түріне айналды. Олардың негізінде объектіге бағыталған программалау амалдары мен Windows операциялық жүйе қолданылатын көзбен шолу тәсілі қосылып, бұл компания жаңа программалық құралды әлемге паш етті. Оның аты грек Delphi аңызы тұрған Delphi атымен аталған бұл ұйымның оңалып жаңғырғанын білдірген болар. Delphi 1, Delphi2, Delphi3, Delphi4, Delphi5, Delphi 6, Delphi 8 версиялары бірін - бірін толтыра келе, сапа, көркем, ыңғай әлін екпіндетті. Оған қоса компания Borland атын Inprise атына ауыстырды.
Басты терезе
Негізгі программаны орындау алдында қосылатын болғандықтан басты терезе деп аталады. Басты терезесін жаппай қалғандарын жауып қоюға немесе көлемін өзгертуге болады. Басты терезенің көлемі өзгертілмейді, бірақ онда орналасқандардың орнын ауыстыруға мүмкіндік береді. Басты терезе меню командалары және орналасқан құрал саймандары арқылы Delphi программа өңдеу барысын басқарады.
Форма беті
Ол құрылатын программаның негізгі объектісі. Ол Windows интерфейсінің құрамы. Windows бағдарламасын терезесінде көрсетіп информацияны алмасып басқарады. Мысалы: Delphi-ді де біз терезе арқылы игереміз.
Егер компонент жолынан бір объектіні шертсек ол белгіленеді. Форма бетін шертсек сол объект формада пайда болады. Енді форманың басқа жерінде, формада орналасқан компонент фокусты формаға қайтарады да белгіленбей көрінеді.
Пайда болған объектінің орнын көлемін жүгіртпе курсормен өзгертуге болады. Ол үшін оны шертіп қайта белгілеу керек. Енді объект жақтарынан ұстап тартып, көлемін өзгертеміз. Ал объект бетінде сол кнопкамен шертіп, жібермей басқа жерге апарып жібере салсақ, компанент сол жерге орнын ауыстырады. Белгіленген объектіні жою үшін Deletе пернесін басамыз немесе Edit менюінде осы команданы шерту керек.
Объект инспекторы
Объкт инспекторы - терезесіне қарасақ ол екі қосымша беттен тұратынын көреміз. Олар:
oo Параметрлер (Properties) - объект сипаттары
oo Оқиғалар (Events) - объект әдістері
Бұл терезені F11 пернесінің немесе Buд менюінде Object Inspector командасының көмегімен ашып-жабуды басқаруға болады. Форманы белгілеу үшін оның кез-келген бос жерін белгілеп, шерту керек.Caption - бас тақырыбы. Бұл жолдағы Form жазуды өшіріп программаның өзіміздің құрған мазмұнына қарай жазамыз және басқада форма сипаттамаларын өзгерте аламыз. Color - форма бетінің түсін анықтап, оны сол жолдағы төмен көрсететін бағыттарды шертіп, түсетін тізімнен қалаған түсті таңдап аламыз. Мысалы: clBlue түсін таңдап алсақ сол түске өзгереді. Font - тұсындағы +" белгісін шертсек қосымша сипаттар шығады. Сол жолда пайда болған ..." белгіні шерткенде Word программаға көз үйренген шрифты анықтайтын сұхбат терезе шығады. Сонда осы формада қолданатын қаріп сипаттамасын анықтап, төмендегі шыққан сипаттамаларды қарастырайық.
Heigt - биіктігі; Width - ені;Тop - сол жақтағы жоғарғы бұрыштың координаты; Left - экранның сол жағының бұрышының координаты. Бұл сипаттар терезенің көлемін экрандағы орнын, оның программа өңдеу барысында өзгерсе де, өзгеріп отыратын форманы әр жерге жылжытып, бұрыш жақтарын тартып, созып көруге болады.
Position - позиция, орналасқан орын сипатының мәні PoDesianed-өңдеу түріне және Windowstate - мәні, Wsvormol кәдімгі болса Psition мәні PoDefault, Pas anly-ne, PoDcfoult size onlu болса онда оның бетін жауып шығады, ал Ws Minimized болғанда сауал тақтасында программа белгісі ғана шығады. Сол жерден шертіп, оны көруге болады, көп сипаттамалары да басқа объектіге ортақ.
Delphi ортасында жасалатын қосымша жоба ретінде біріктірілген бірнеше элементтерден құралады. Жобаның құрамына келесі элементтер кіреді:
oo Жобаның коды (DPR)
oo Формалардың сипаттамасы (DFM)
oo Формалардың модульдері (PAS)
oo Модульдер (PAS)
oo Жобаның параметрлері (ОРТ)
oo Ресурстардың сипаттамасы (PIES)
Келтірілген файлдармен қатар өзге де файлдар құрастырылуы мүмкін, мысалы олардың резервтік көшірмелері - DPR-файлдарға арнап DP көшірмелері, PAS-файлдарға арнап - РА көшірмелері.
Delphi-ді іске қосу кезінде автоматты түрде Project 1 атты жаңа жоба құрастырылады, оның атауы Delphi-дің басты терезесінің тақырыбында бейнеленеді. Аталмыш жобаның құрамында Form l бір формасы бар, оның атауы Форма құрастырушының терезесінде көрініп тұрады. Құрастырушы алдын-ала ескерілген түрде ұсынылатын жобаны өзгертіп, сонымен қатар өздері кезінде Delphi-ді іске қосқаннан кейін соңғы әзірленген қосымша іске қосылатын орта параметрлерін іске қоса алады.
Әдетте жобаның файлдары бір каталогта беріледі. Салыстырмалы түрде қарапайым болып келетін жобаның өзінде файлдар көп болғандықтан, ал жобаға жаңа формаларды қосқан кезде бұл файлдардың саны көбейеді, олай болса әрбір жаңа жобаға арнап жеке каталог жасап, сол жерде жобаның барлық файлдарын құру керек.
Жобаны компиляциялау және орындау
Жобаны компиляциялау барысында орындауға дайын файл құрылады, ол (ЕХЕ) қосымшасы немесе (DLL) серпінді түрде жүктемеленетін кітапхана болуы мүмкін.
Компиляция нәтижесінде алынатын қосымшаның атауы жоба файлының атымен сәйкес келеді, ал қосымшаның өзі автономды болып келеді және өзінің жұмысы кезінде Delphi-дің қосымша файлдарын қажет етпейді.
Компиляция процесі ProjectCompile Project 1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейнетақымен қамтамасыз ету
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құқықтық негіздері
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы
Халыққа қызмет көрсету орталығының деректер қорын жобалау
Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйесі
Персоналды пайдалануды жоспарлау
Халыққа қызмет көрсету орталығы
Бұқаралық ақпарат
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
«Жастар ресурстық орталығының» Веб сайтын құру
Пәндер