Дағдарыс жағдайында шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің ақпараттық жүйесін құру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Ақпараттық жүйелер кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісінің м.а. __________ Тукеев У.А.
____ ___________ 2016 жыл
Дағдарыс жағдайында шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің ақпараттық жүйесін құру тақырыбында
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5B070300 - Ақпараттық жүйелер
Орындаған
____________________
(қолы)
Султанова Д.Е.
Ғылыми жетекші, доцент
____________________
(қолы)
Сапакова С.З.
Норма бақылаушы
____________________
(қолы)
Самбетбаева А.Қ.
Алматы 2016
Түйіндеме
Дипломдық жұмыс 45 беттен, 27 сурет пен 11 кестеден, кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кілттік сөздер: AJAX, ASP .NET MVC 4, CSS, ENTITY FRAMEWORK, HTML, JAVASCRIPT, SQL, ДАҒДАРЫС, ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ, САЙТ, ТАҢДАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУШЫ ТҰЛҒА, ШҚҚЖ.
Жұмыстың мақсаты: дағдарыс жағдайында жылжымайтын мүлік таңдауда шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің (ШҚҚЖ) ақпараттық жүйесін құру.
Зерттеу әдістері: дипломдық жұмысты жүзеге асыру мақсатында ASP .NET MVC 4 және web-технологиялар қолданылды.
Кіріспеде мәселенің өзектілігі талқыланып, дипломдық жобаның негізгі талаптары қарастырылған.
Бірінші тарауда шешім қабылдау теориясының негізгі түсініктері келтірілген. ШҚҚЖ құрылымы мен оның сараптау жүйелерінен айырмашылығы қарастырылып, артықшылықтары мен классификациялары келтірілген, сонымен қатар заманауи біріктірілген интеллектуалды жүйелер саралауы жүргізілген.
Екінші тарау ақпараттық жүйені жобалау мен оны жүзеге асыру кезеңдерін сипаттауға арналған.
Үшінші тарауда ШҚҚЖ құруға арналып таңдалған программалық жабдықтар мен программалық өнімнің жұмысы сипатталған.
Қорытынды дипломдық жұмыс нәтижесінде алынған негізгі түйіндерден тұрады.
Қолдану аясы: дипломдық жұмыс қорытындысын қарапайым қолданушылар мен міндеттері жылжымайтын мүлік таңдаумен тікелей байланысты болатын қызметкерлерге тұрғын үй таңдауда шешім қабылдауды қолдау мақсатында Ғаламтор желісіне орналастыруға болады.
Реферат
Дипломная работа содержит 45 страниц, включая 27 рисунка и 11 таблиц, введение, три основных раздела, заключение, приложение, а также список литературных источников.
Ключевые словa: AJAX, ASP.NET MVC 4, CSS, ENTITY FRAMEWORK, HTML, JAVASCRIPT, SQL, БАЗА ДАННЫХ, КРИЗИС, КРИТЕРИИ ПРИНЯТИЯ РЕШЕНИЙ, ЛПР, САЙТ, СППР, СТРАТЕГИИ ВЫБОРА, ЭС.
Цель рaботы: разработка информационной системы поддержки принятия решений (СППР) в выборе недвижимости в кризисной ситуаций.
Методы исследования: для реализации дипломной работы были использованы ASP .NET MVC 4 и web-технологии.
Во введении отражена актуальность задачи и описаны главные требования к дипломному проекту.
В первом разделе описаны основные понятия теории принятия решений. Рассмотрены структуры СППР и его отличия от экспертных систем, приведены его преимущества и классификации, а также проведен обзор современных интегрированных интеллектуальных систем.
Второй раздел посвящен описанию этапов процесса проектирования и реализации информационной системы.
В третьем разделе описаны выбранные програмные средства для разработки СППР и работа програмного продукта.
Заключение включает основные выводы по дипломному проекту.
Область применения: результаты дипломной работы можно разместить в сетях Интернет для поддержки принятия решений в выборе жилья как для обычных пользователей, так и для сотрудников, чьи деятельности напрямую связаны с выбором недвижимости.
Abstract
Final thesis consists of 45 pages, including 27 images and 11 tables, introduction, three main chapters, conclusion, appendix and list of used literature.
Key words: AJAX, ASP.NET MVC 4, CRISIS, CRITERIAS OF DECISION-MAKING, CSS, DATABASE, DSS, ENTITY FRAMEWORK, ES, HTML, JAVASCRIPT, SITE, SQL, STRATEGIES OF CHOICE.
Aim of work: tо develope an information system to support decision-making when selecting property in crisis situations.
Research methods: ASP .NET MVC 4 and web-based technologies were used to realisе this work.
The introduction reflects the urgency of the problem and describes the basic requirements for the diploma project.
The first chapter describes the basic concepts of the theory of decision-making.
It deals with the structure of the DSS and its differences from expert systems, given its benefits and сlаssifications, as well as a review of modern integrated intelligent systems.
The second chapter describes the steps of the development and realization an information system.
The third chapter describes the selected software tools for the development and operations of the DSS software product.
Conclusion contains the main conclusions of the diploma project.
Application area: the results of this graduate work can be placed in the Internet networks to support decision-making in the choice of housing for ordinary users, and employees whose activities are connected with the choice of real estate.
Мазмұны
Кіріспе 6
1 Шешім қабылдауды қолдау жүйесі (ШҚҚЖ) 8
1.1 Шешім қабылдау теориясының негізгі түсініктері 8
1.2 Шешім қабылдауды қолдау жүйесінің құрылымы 9
1.3 Сараптау жүйесі (СЖ) мен шешім қабылдауды қолдау жүйесінің (ШҚҚЖ) арасындағы айырмашылықтар 11
1.4 ШҚҚЖ артықшылықтары 14
1.5 ШҚҚЖ классификациясы 15
1.6 Заманауи біріктірілген интеллектуалды жүйелер 16
2 Шешім қабылдауды қолдау жүйесін жүзеге асыру 20
2.1 Шешім қабылдау ортасының сипаттамасы 20
2.2 Шешім қабылдау кезеңдері және олардың сипаттамалары 20
2.2.1 ШҚҚЖ ақпараттық жүйесін құрудың I кезеңі: мәселені анықтау 22
2.2.2 ШҚҚЖ ақпараттық жүйесін құрудың IІ кезеңі: шешім қабылдау критерийлерін қалыптастыру 22
2.2.3 ШҚҚЖ ақпараттық жүйесін құрудың IІІ кезеңі: мүмкін болатын шешімдер нұсқасын жинақтау 31
3 ШҚҚЖ ақпараттық жүйесін құрудың IV кезеңі: шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің ақпараттық жүйесін құру 33
3.1 ШҚҚЖ ақпараттық жүйесін құруда қолданылған программалық жабдықтар 34
3.2 Жылжымайтын мүлік таңдауда ШҚҚЖ ақпараттық жүйесі программалық өнімін құру жұмысының сипаттамасы 35
Қорытынды 44
Пайдаланылған әдебиеттер 45
А қосымшасы 46
Ә қосымшасы 47
Б қосымшасы 54
В қосымшасы 60
Г қосымшасы 67
Ғ қосымшасы 69
Д қосымшасы 73
Е қосымшасы 78
Ё қосымшасы 80
Кіріспе
Ақпараттық жүйелер техникалық көзқарас тұрғысында ұйымдастыруды басқару және шешім қабылдауды қолдау мақсатында ақпаратты жинайтын, өңдейтін, сақтайтын және үлестіретін өзара байланысқан компоненттер жиынтығы ретінде анықталған.
Іскерлік көзқарас тұрғысында ақпараттық жүйелер қоршаған ортаға жауап ретінде ақпараттық технологияларға негізделген ұйымдастырушылық және басқару шешімдері болып табылады.
Шешім қабылдаушы тұлғаның (ШҚТ) міндеті күрделілік деңгейі әртүрлі мәселелерге байланысты күнделікті шешім қабылдау қажеттілігімен байланысты. Бұл жағдайда ақпараттық жүйелер, әсіресе автоматтандырылған ақпараттық жүйелер зор көмек көрсетеді.
Шешім қабылдауда ең негізгі мәселе қандай да бір мақсатқа жету үшін барлық мүмкін шешімдердің (альтернативалардың) ішінен ең тиімді нұсқаны таңдау немесе оларды осы мақсатқа жету жолында ықпал ету деңгейі бойынша саралау үшін таңдау стратегиялары жиынтығын жинақтау болып табылады.
Шешім қабылдаудың келесі мәселесі - альтернативаларды бағалау критерийлерін іздеу және көпкритерийлікті еңсеру.
Кейінгі негізгі мәселе - таңдау мәселесінің өзі және шешімді жүзеге асыру. Шешім қабылдау үрдісінің сатылары мен кезеңдерінде туындайтын мәселелерді шешудің көптеген тәсілдері бар. Сәйкес математикалық аппарат түріндегі бұл тәсілдердің барлығы арнайы ақпараттық жүйелерде - шешім қабылдауды қолдау жүйесінде (ШҚҚЖ) жүзеге асырылған [1].
Шешім қабылдауды қолдау жүйесі көптеген елдерде бұрыннан қолданылып келеді, алайда біздің елімізде әзірге кең қолданыста емес.
Еліміздегі және жалпы жаһандағы дағдарыс жағдайы экономиканың барлық арналарына әсер етуде. Оның ішінде жылжымайтын мүлік нарығының белсенділігі нөлдік көрсеткішке жуықтады. Жалдама бойынша белсендік 80%-ға, ал сату-сатып алу 90%-ға төмендеді. Алайда, экономикалық дағдарысқа қарамастан, сарапшы мамандар мүмкіндік болған жағдайда, жылжымайтын мүлікті сатып алған жөн деген пікірді ұстанады. Сол себепті туындайтын келесі мәселе - жылжымайтын мүлікті таңдауға қатысты шешім қабылдауда қателеспеу. Бұл мәселе тек қарапайым тұрғындарда ғана емес, жұмысы тікелей жылжымайтын мүлік таңдаумен тығыз байланысты болатын қызметкерлер үшін де өте маңызды. Осыған орай шешім қабылдаушы тұлғалардың жұмысын жеңілдету мақсатында дағдарыс жағдайында шешім қабылдауды қолдау ақпараттық жүйесі жасалуы - әрі экономикалық әрі әлеуметтік өнім болар еді.
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыста дағдарыс жағдайында жылжымайтын мүлік таңдауда шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің ақпараттық жүйесін құрудың маңыздылығы, міндеті және функциялары келтірілген. Шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің артықшылықтары, олардың даму тарихы және қазіргі уақыттағы өзектілігі, сонымен қатар шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің сараптау жүйелерінен айырмашылықтары зерделенді. Шешім қабылдау үрдісіндегі қолданылатын математикалық модельдер, критерийлер мен таңдау стратегиялары қарастырылып, құрылған ақпараттық жүйеде қолданылды.
Дипломдық жұмыс барысында келесідей міндеттер қойылды:
1. Шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің ақпараттық жүйесін құру жұмысының мәнін, негізгі ерекшеліктерін, артықшылықтарын және оның компоненттерін анықтау.
2. Заманауи біріктірілген интеллектуалды жүйелердің тағайындалымы, негізгі функциялары және жұмыс сипаттамаларымен танысу.
3. Шешім қабылдау теориясының негізгі түсініктерін қарастыру және шешім қабылауда қолданылатын дәстүрлі критерийлерді дипломдық жұмыс мәселесіне сай қолдану.
4. Шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің ақпараттық жүйесін құруды жүзеге асыру құралдарын, функционалды мүмкіндіктерін зерделеу.
1 Шешім қабылдауды қолдау жүйесі (ШҚҚЖ)
1.1 Шешім қабылдау теориясының негізгі түсініктері
Шешім - бұл белгілі бір мақсаттар үйлесімін, оларға бағытталған іс-әрекеттер мен қолда бар ресурстарды қолдану тәсілдерін таңдау.
Әлеуметтік-экономикалық жүйелер аясында шешім - бұл нақты мақсатқа жету жолында көптеген нұсқалардың ішінен бір альтернативаны таңдауы, тиімділігі, болжауы мен талдауының нәтижесі.
Шешімдер классификациясы 1.1-суретте келтірілген:
1.1-сурет. Шешімдер классификациясы
Тар мағынада шешім қабылдау - бұл таңдау нәтижесі, нұсқалар талдауының жасалған акті. Кең мағынада - бұл уақыт аралығында созылатын үрдіс [2]. Бұл шешім қабылдау кезеңін қоса алғанда, шешім дайындау бойынша барлық кезеңдер мен сатылардың жиынтығы.
Кез келген шешім қабылдау үрдісі мына элементерді қамтиды (1.2-сурет):
1.2-сурет. Шешім қабылдау үрдісі элементтері
1.2 Шешім қабылдауды қолдау жүйесінің құрылымы
ШҚҚЖ қолданылуы экономикалық мақсатқа негізделген және олар арқылы шешілетін мәселелердің күрделілігімен анықталады.
Сонымен, шешім қабылдауды қолдау жүйесі (DSS - Decision Support System) - шешім қабылдаушы тұлғаға шешім қабылдауда көмек көрсету мақсатында жасалған интерактивті компьютерлік жүйелер [3].
Итерационды үрдіс нәтижесінде шешім қабылдау әрекеті жүзеге асады (1.3-сурет). Оның қатысушылары:
oo басқару объекті және есептеуіш бөлігінің рөлін атқаратын шешім қабылдауды қолдау жүйесі;
oo кіріс деректерін беретін және компьютердегі алынған есептеу нәтижелерін бағалайтын басқарушы адам.
Жаңа кіріс деректерін енгізу
Шешім
қабылдауды
қолдау жүйесі
Шешім таңдау
Есептеу нұсқасы
Шешім қабылдаушы тұлға
1.3-сурет. Шешім қабылдауды қолдау ақпараттық технологиясының итерационды үрдісі
ШҚҚЖ негізгі құраушылары:
oo деректер қоры,
oo модельдер қоры және
oo программалық ішкі жүйе, ол деректер қорын басқару жүйесінен (ДҚБЖ), модельдер қорын басқару жүйесінен (МҚБЖ) және қолданушы мен компьютер арасындағы интерфейсті басқару жүйесінен тұрады.
Шешім қабылдауды қолдау ақпараттық жүйесінің құрылымы, негізгі технологиялық операциялар анықтайтын блоктар функциялары 1.4-суретте қарастырылған [4].
Модельдер
қоры
Деректер көздері:
* операционды деңгейдің АЖ-і
* құжаттар
* сыртқы дерек көздері
* ішкі дерек көздері
Деректер
қоры
Басқарудың программалық ішкі жүйесі
Шешім қабылдаушы тұлға
ДҚБЖ
МҚБЖ
Интерфейсті басқару жүйесі
1.4-сурет. Шешім қабылдауды қолдау ақпараттық технологиясының
негізгі құраушылары
Шешім қабылдауды қолдау ақпараттық жүйесінің бұл ерекшелігіне бірнеше өзіндік сипаттамаларын атап кетуге болады:
oo құрылымы нашар мәселелерді шешуге бағытталуы;
oo компьютерлік деректердің қолжетімділік пен өңдеудің дәстүрлі әдістерінің математикалық модельдер мен олардың негізінде есепті шешудің әдістерімен үйлесімділігі;
oo компьютерді кәсіби деңгейде меңгермеген қолданушыға қолайлылығы;
oo қолда бар техникалық және программалық жабдық ерекшеліктері мен қолданушы талаптарына бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей жоғары бейімделушілігі.
Шешім қабылдауды қолдау ақпараттық технологиясының негізгі ерекшелігі - адам мен компьютердің өзара әрекеттестігін ұйымдастырудың сапалы жаңа әдісі.
Шешім қабылдаушы тұлға қалаған уақытында итерационды үрдісті аяқтай алады. Бұл жағдайда ақпараттық жүйенің қолданушымен бірге шешім қабылдауға арналған жаңа ақпарат құру мүмкіндігі болады.
Шешім қабылдауды қолдау ақпараттық жүйесі басқарудың кез келген деңгейінде қолданыла алады. Сонымен қатар, басқарудың түрлі деңгейінде қабылданған шешім бір-бірімен байланысуы қажет. Сондықтан жүйенің де, технологияның да маңызды функциясы басқарудың түрлі деңгейінде де, бір деңгейінде де шешім қабылдаушы тұлғалардың байланысы болып табылады.
1.3 Сараптау жүйесі (СЖ) мен шешім қабылдауды қолдау жүйесінің (ШҚҚЖ) арасындағы айырмашылықтар
Шешім қабылдауды қолдау жүйелері келесідей даму кезеңдерінен өтті:
1) Алғашқы жүйелер - транзакцияны өңдеу жүйелері (TSP) - бұл алдын ала берілген формада ақпаратты тіркеу, жинақтау, сақтау және беру секілді операцияларды орындауға арналған компьютерлік жүйелер. Көріп отырғанымыздай, осындай шешім қабылдайтын жүйелер аясында тек ақпараттық қамтамасыз етілу ғана орын алатын.
2) Басқарудың автоматтандырылған жүйесі (БАЖ, Батыста ол МIS - Management Information System) - басқарудағы шешім шығаруға қажетті ақпаратпен уақытылы қамтамасыз ету үшін деректерді бірнеше дерек көздерінен таңдап, біріктіруге арналған компьютерлік жүйе.
Бұл концепцияның негізгі мәні - ортақ есептеуіш ортада ақпаратты өңдеуді орталықтандыру, жұмысшылар санын қысқарту және үстеме шығындарды азайту мақсатында деректерді өңдеудің аппараттық және программалық құралдарын қолдану, деректер қоры, деректер қорын басқару жүйелері түсініктерінің пайда болуы. МIS блок-схемасы 1.5-суретте келтірілген.
1.5-сурет. МIS деректер өңдеу және ақпарат даярлау сұлбасы
3) Келесі кезең - DDS жүйелері. Бұл басқаруда шешімдер нұсқаларын жасау мен тексеруге арналған деректер қоры, менеджердің жеке тәжірибесінің бірігу нәтижесінде жүзеге асатын басқару объектісінің қалыптасқан ережелерін, модельдерін қолданатын диалогтік компьютерлік жүйе.
4) Ақпараттық жүйелер дамуының ең биік шыңы - сараптау жүйелері.
Сараптау жүйелері (СЖ) жасанды интеллект әдістерін қолдану және дамытудағы маңызды практикалық нәтиже және ЭЕМ қолданатын интеллектуалды (шығармашылық) сипаттағы мәселелерді шешу тәсілдерін зерттейтін ғылыми пәндер жиынтығы ретінде пайда болған [5].
Сараптау жүйелері - қандай да бір пәндік аймақта шешім қабылдау барысында сарапшы қызметін атқаратын программалар жиынтығы. Сараптау жүйелері кеңес береді, талдау жүргізеді, диагноз қояды. Кәсіпорында СЖ қолдану жұмыс тиімділігіне және мамандар біліктілігін арттыруға ықпал етеді.
Төменде 1.6-суретте сараптау жүйесі функцияларының негізгі ұстанымдары келтірілген.
1.6-сурет. Сараптау жүйесі функцияларының негізгі ұстанымдары
Сараптау жүйелерінің ең басты артықшылығы - білімді жинақтау және оны ұзақ уақыт бойы сақтау қабілеті. Адамға қарағанда сараптау жүйелері кез келген ақпаратқа объективті көзқараста болады, бұл жүргізілетін сараптау жұмысының сапасын жақсартады.
Көп көлемді білімді өңдеуді талап ететін мәселені шешу барысында қателік жіберу мүмкіндігі өте төмен.
Сонымен қатар, сараптау жүйесін құру жұмысы шешім қабылдаушы тұлғадан мүлдем бас тартуға мүмкіндік бермейді. ШҚҚЖ өз жұмысын жақсы атқаратын болса да, кейбір салаларда адам құзіреті компьютердікінен айқын асып түседі.
Шешім қабылдау үрдісін автоматтандырушы ШҚҚЖ шешім қабылдаушы тұлғаның орнын баспайды, ол берілген мәселенін шешімін табу барысында өз көмегін ұсынады.
Сараптау жүйелері мен шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің арасындағы негізгі айырмашылықтары 1-кестеде қарастырылған [6].
1-кесте. Сараптау жүйесі мен шешім қабылдауды қолдау жүйесі арасындағы айырмашылық
Негізгі ерекшеліктер
Жүйе
ШҚҚЖ
СЖ
1. Мақсат
ШҚТ-ға шешім қабылдауда көмектесу
Сарапшылар қызметін баламалап, олардың
орнын басу
2. Шешім қабылдаушы
ШҚТ жәненемесе жүйе
Жүйе
3. Басты бағыттама
Шешім қабылдау
Сараптама тарату, сараптама таралымын көбейту
4. Қолдау объекті
Тұлғалар, топтар, ұйымдар
Тұлғалар (басымдылығы бар) және топтар
5. Ақпарат түрі
Сандық
Символдық
6. Мәселе туындаған аймақ сипаттамасы
Кешенді, кең, күрделі
Тар
7. ДҚ мазмұны
Нақты
Нақты, процедуралық
8. Логикалық пайымдаулар жасау
Қабілеті жоқ
Қабілеті бар, шектелген
9. Түсініктемелер алу мүмкіндігі
Шектелген
Бар
1.4 ШҚҚЖ артықшылықтары
Жасанды интеллектісі бар машиналар ешқашан да сарапшы мамандардың орындарын баса алмайды. Алайда, кейбір жағдайларда шешім қабылдауды қолдау жүйелерін пайдалану сарапшылар білімін қолданғаннан тиімді болып табылады.
Шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің негізгі артықшылықтары:
1) Тұрақтылық.
Адамға ұмытшақтық тән. Сондықтан сарапшының кәсіби қызметіндегі кез келген үзіліс оның білімінің толықтығына әсер етуі мүмкін. Ал шешім қабылдауды қолдау жүйесі өзіне жүктелген білімді бастапқы қалпында жылдар бойы жадында сақтай алады.
2) Еңбек ресурсын көп қажет ететін мәселелерді шешу
Шешім қабылдауды қолдау жүйелері өз жадында көптеген фактілерді, ережелерді және мәселелердің шарттарын сақтайды. Бұл оған деректермен оперативті түрде тез жұмыс жасауға және қандай да бір шешімге тез тоқталуға мүмкіндік береді.
3) Таратудың қарапайымдылығы
Бір адамның екінші адамға білім беру үрдісі - ұзақ уақыт алатын, зор еңбекті талап ететін және көп жағдайда қымбатқа түсетін үрдіс. Оған қарағанда сарапшыны алмастыратын программа тарату әлдеқайда жеңіл болып табылады.
4) Нәтижелердің тұрақтылығы
Шешім қабылдауды қолдау жүйелері тосқауылдарға төзімді. Адам болса, шешуі тиіс мәселеге тікелей қатысы жоқ сыртқы факторлардың әсеріне оңай беріледі. Шешім қабылдаушы тұлға эмоционалды факторлардың әсерінен бірдей жағдайда түрлі шешім қабылдауы мүмкін.
5) Нақты емес пайымдауларды жүргізу қасиеті
Шешім қабылдауды қолдау жүйелері нақты емес деректерді қабылдап, олармен пайымдаулар жүргізу қасиетіне ие. Осындай жүйелерге толық емес ақпаратқа сүйенетін жоспарлау және болжау жүйелері жатады.
6) Құны
Аса білікті мамандардың көмегіне жүгіну көп жағдайда қымбатқа түседі. Ал, шешім қабылдауды қолдау жүйелері болса, бастапқы құруына қаржы талап еткенімен, қолданыста аса көп қаржы жұмсалмайды. Сонымен қатар, сараптау жүйесін құру жұмысы шешім қабылдаушы тұлғадан мүлдем бас тартуға мүмкіндік бермейді. Шешім қабылдауды қолдау жүйелері өз жұмысын жақсы атқаратын болса да, кейбір салаларда адам құзіреті компьютердікінен айқын асып түседі. Шешім қабылдау үрдісін автоматтандырушы шешім қабылдауды қолдау жүйелері шешім қабылдаушы тұлғаның орнын баспайды, ол берілген мәселенін шешімін табу барысында өз көмегін ұсынады.
1.5 ШҚҚЖ классификациясы
Шешім қабылдауды қолдау жүйелерін классификациялау (1.7-сурет) барысында келесілерді ескерген жөн:
- жүйенің шешім қабылдауда атқаратын рөлі;
- жүйе жұмысының негізгі тағайындалымы, бағытталуы;
- қолданушыларды қамтуы.
1.7-сурет. ШҚҚЖ классификациясы
1.6 Заманауи біріктірілген интеллектуалды жүйелер
Біріктірілген интеллектуалды жүйелер (БИЖ) - білімге негізген автоматтандырылған ақпараттық жүйе. БИЖ программалық, лингвистикалық және логикалық-математикалық құралдар жиынтығы. Оның негізгі міндеті - табиғи тілдегі дамыған диалог режимінде адамзат қызметін жүзеге асыруды қолдау және ақпарат іздеуге көмектесу.
Жаңа шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің ақпараттық жүйелерін құрмас бұрын, алдымен заманауи БИЖ түрлерін қарастырып, олардың қызметін, мүмкіндіктерін зерделеп, олардан сапасы асатын өнім жасау үшін жаңа талаптар, міндеттер қою қажет. Сондықтан, төменде келтірілген заманауи БИЖ-нің ең дамыған бес түрін қарастырайық.
Выбор шешім қабылдауды қолдау жүйесі
Бұл ШҚҚЖ сарапшы мен шешім қабылдаушы тұлға берген ақпарат негізінде қарастырылып отырған баламалар басымдылықтарының сандық сипатын алуға және көптеген критерийлер бойынша өзара салыстыра отырып, олардың ішінен ең тиімдісін анықтауға мүмкіндік береді.
Программа жұмысы қажетті тізбекте анықталмағандық жағдайында шешім қабылдаудың құрмалас әдістерінің кезеңдерінен өтуде операторға көмектесуге арналған мастер түрінде ұйымдастырылған.
"Выбор" ШҚҚЖ-сі өндірістік кәсіпорындағы басқару және жоспарлау үрдісінде пайда болатын кең көлемді мәселелерді шешуге тағайындалған.
Жүйе келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
oo өнімді өткізу нарығын талдау;
oo сатып алушылар қызығушылықтарын бағалау рейтингін жасау;
oo тиімді өндірістік программа мен құндық саясатты анықтау;
oo инвестициялық жобаларды қаржылық-экономикалық бағалау;
oo кәсіпорынның оперативті есептілік деректеріне қолжеткізу;
oo өндіру мен жүзеге асыру шығыны мәселесін шешу;
oo модельдер қоры мен әдістерін ПР тәсілдері арқылы толықтыру;
oo есептеулер нәтижесін түрлі кестелік және графикалық есеп берулер түрінде рәсімдеу, программалық жабдықтар түрлі сценарийлер арқылы алынған нәтижелері салыстыру.
Шешім қабылдау үрдісі иерархиясын тұрғызу барысында қолданушы иерархиядағы деңгейлер санын, әр деңгейдегі альтернативалар санын береді, иерархияның әр деңгейінің объектілері атауын енгізеді. Осыдан иерархияның математикалық құрылымы автоматты түрде тұрғызылады (1.8-сурет).
Сапалық шкала бойынша сарапшылардың пікірлерінің қалыптасып объектілердің әрбір жұбы бойынша бір объектінің басымдылық дәрежесі анықталады. Жұптық салыстыру матрицалары рефлексті қатынас ретінде автоматты түрде қалыптасады. Кейін автоматты түрде келісімділік, келісім индексі, өзіндік мәні есептеледі. Келісімділіктің жоғарғы көрсеткіші (20%-дан артық) пайымдауларды қайта қарау керектігін білдіреді.
1.8-сурет. Выбор ШҚҚЖ-нің иерархиялық математикалық құрылымы
Оператормен жүргізілген диалог соңында нақты емес логика негізінде шешім қабылдау тәсілі және ИТТ (метод МАИ) тәсілі арқылы қарастырылып отырылған альтернативалар мен олардың саралану басымдылықтарының мәндері есептеледі. Программа жұмысының нәтижесі есеп беру және графикалық форма түрінде де алынады.
Шағын сараптау жүйесі 2.0
Бұл программада логикалық енгізудің байестік жүйесі қолданылады. Ол қандай да бір іргелі аймақта мүмкін нәтижелер ықтималдығын анықтау мақсатында қолданушымен кеңес жүргізуге арналған және сол үшін қолданушыдан алған кейбір алғышарттардың шынайылық бағасын пайдаланады.
Мысалы, науқастың бойындағы түрлі аурулардың болу мүкіндігін анықтайды, бұл жағдайда программа дәрігер (сарапшы) рөлін атқарады, ол науқасқа ауру белгілеріне қатысты сұрақ қойып, алынған жауаптарға сүйене отырып, диагноз қояды.
Логикалық енгізудің байестік жүйесін қолдану сарапшы жүйе өңдейтін ақпарат нақты болмай, тек ықтималды сипатта болатындығын білдіреді. Қолданушы өз жауабының толықтай нақтылығына сенімсіз болуы мүмкін, ол сұраныстарға сенімділіктің белгілі бір дәрежесінде ғана жауап бере алады.
Консультация мақсаты - мүмкін нәтижелердің (медициналық білім қорын қолданған жағдайда науқас бойынан тұмау белгілерін табу (1.9-сурет) ықтималдығын анықтау.
1.9-сурет. Ауру белгілері бойынша ауру түрін анықтау
Мүмкін нәтижелер ықтималдылықтары пайызбен беріледі. Ең соңғы маңызды куәландыру өңделген соң, жүйе қорытынды жасайды. Консультация барысы хаттамада сақталады.
MIXER
Сараптау жүйесі програмистерге Texas Instruments СБИС TI990 үшін микропрограмма жазуға көмектеседі. Микропрограмма сипаттамасы бойынша жүйе TI990-ға арналған тиімді микропрограммалар алады.
MIXER жүйесі ПЗУ TI990 басқаратын микропрограммалардың талдауы мен басқармасынан алынған TI990-ға арналған микропрограммалау білімінен құралған. MIXER микропрограмманы жүзеге асыруда қай микрооперацияны қолданған тиімді болатындығын анықтау үшін қолданады.
MIXER Пролог тілінде жүзеге асырылған. Ол Токио университетінде құрастырылып, демонстрациялық прототип дейгейіне дейін жетілдірілген.
ACE
Сараптау жүйесі телефон желісіндегі ақауларды анықтайды, кейін қажетті жөндеу және қалыпқа келтіру шаралары бойынша ұсыныстар береді.
Кабелдік желідегі жөндеу жұмыстарын бақылайтын CRAS программасы арқылы кабель күйі туралы есеп беруді жинақтап, талдау жасап отырады.
ACE жүйесі жөнделмейтін телефон кабельдерін тауып, олардың жөндеуді қажет етуін немесе қажет етпеуін шешіп, жөндеудің қандай типі тиімді болатындығын анықтайды. Кейін ACE ұсыныстарын арнайы ДҚ-да сақтайды.
ACE жүйесі тәжірибелі эксплуатациядан өткен және коммерциялық сараптау жүйесі деңгейіне дейін жетілдірілген.
Codes
Сараптау жүйесі деректер қорының концептуалды сұлбасын анықтау үшін ІDEF1 тәсілін қолданатын деректер қорын құрастырушыға көмектеседі.
Құрастырушы диалог форматында жүзеге асатын Сodes жүйесі басқаруымен деректер қорында қандай қасиеттер мен байланыстардың орын алғаны дұрыс екендігін сипаттайды. Кейін жүйе құрастырылып отырған деректер қорының концептуалды сұлбасын құруға арналған idef1 ережелері мен эвристикалары түрінде өз білімін қолданады.
Сodes жүйесіндегі білім басқару стратегиясы ретіндегі пайымдаулардың кері тізбегін қолданылған ережелер түрінде көрсетілген. Сodes жүйесі UCI Lisp тілінде жүзеге асырылған. Ол Оңтүстік Калифорния штатының университетінде құрастырылып, демонстрациялық прототип дейгейіне дейін жетілдірілген.
2 Шешім қабылдауды қолдау жүйесін жүзеге асыру
2.1 Шешім қабылдау ортасының сипаттамасы
Сыртқа орта әсері мен шешім қабылдаушы тұлғаның ақпараттандырылуына байланысты шешім қабылдау мәселелерінің келесідей классификациялары анықталған [8]:
1) Анықталғандық жағдайы: шешім қабылдаушы тұлға моделдің барлық параметрлері нақты біледі немесе қажетті дәлдікпен бағалай алады, сыртқы орта есепке алынбайды. Анықталмағандық - бұл шешімді жүзеге асыру шарты туралы ақпараттың толық болмауы немесе сенімсіздігі, кездейсоқтық немесе қарама-қайшы фактордың орын алуы. Яғни, біз қандай да бір оқиғаның орын алу ықтималдығын анықтай аламыз, және осы ықтималдылықтары есепке ала отырып, шешім қабылдаймыз, ал анықталмағандық жағдайында болжамды оқиға қандай ықтималдылықпен орын алатындығын және жалпы орындалатындығын немесе орындалмайтындығы белгісіз.
2) Тәуекелдік жағдайында нәтижелері анықталмаған, алайда әрбір мүмкін нәтиженің ықтималдығын анықтауға болатын кезде шешім қабылданады. Бұл жағдайда сыртқы орта есепке алынады, модель параметрлері белгілі үлестіру ережелеріне ие кездейсоқ шама болып есептеледі. Мұндай мәселе сыртқы факторлар статистикалық бақыланған кезде туындайды. Тәуекелдіктің типіне байланысты (сақтандыру, валюталық, несиелік әне т.б.) математикалық және статистикалық әдістермен оның ықтималдығын анықтауға болады.
3) Анықталмағандық жағдайында сыртқы факторлар есепке алынады, алайда ықтималдылықтар үлестірімі орын алмайды. Бұл есепке алынуды талап ететін факторлар жаңа әрі күрделі болған кезде орын алады. анықталмағандық жағдайында шешім қабылдаушы тұлға екі басты мүмкіндікті қолдануы мүмкін. Біріншіден, қосымша ақпарат алуға тырысып, мәселені тағы да бір талдайды. Екіншіден, ол өз тәжірибесі арқылы оқиғалардың ықтималдығын болжай алады.
4) Конфликт жағдайында: сыртқы факторлар есепке алынады, алайда шешім қабылдау үрдісінің өзге қатысушылардың рационалды әрекеттерінің нәтижесі болып табылады.
2.2 Шешім қабылдау кезеңдері және олардың сипаттамалары
1-кезең: мәселені талдау - мәселені анықтау үшін сыртқы және ішкі ақпараттарды жинау қажет. Ақпарат - релевантты, яғни оны өңдеуді талап етпейтін болуы шарт. Ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда, кейбір факторлар ескерілмей қалады.
2-кезең: шешім қабылдау критерийлерін қалыптастыру - шешім нұсқалар бағалау үшін критерийлер таңдалуы тиіс.
3-кезең: мүмкін болатын шешімдер нұсқасын жинақтау.
4-кезең: шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің ақпараттық жүйесін жүзеге асыру - шешімді іс-әрекетке айналдыру, программалық өнім дайындау, нәтижелерді бағалау.
Төменде дипломдық жұмыс тақырыбына сай, дағдарыс жағдайында шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің ақпараттық жүйесін құру үрдісінің кезеңдік жоспары IDEF0 әдістемесінің констекстік диаграммасы (2.1-сурет) мен декомпозициясы (2.2-сурет) келтірілген.
2.1-сурет. Жылжымайтын мүлік таңдауда шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің ақпараттық жүйесін құру жұмысының IDEF0 әдістемесіндегі контекстік диаграммасы
2.2-сурет. Жылжымайтын мүлік таңдауда шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің ақпараттық жүйесін құру жұмысының IDEF0 әдістемесіндегі контекстік диаграмманың декомпозициясы
Шешім қабылдау барысында мынадай 2 ескерту орын алады:
oo барлық адамның сұранысын қанағаттандыратындай шешім болмайды;
oo шешім қабылдағаннан, қабылданбағаны көңілден шықпайды.
2.2.1 ШҚҚЖ ақпараттық жүйесін құрудың I кезеңі: мәселені анықтау
Еліміздің және жалпы жаһандық дағдарыс жағдайы экономиканың барлық саласына әсер етті. Оның ішінде жылжымайтын мүлік нарығының белсенділігі нөлдік көрсеткішке жуықтады. Дағдарыс басталған бойда жылжымайтын мүлікпен айналысатын кәсіпкерлер өз жұмыстарын уақытша тоқтатты. Жалдама бойынша белсендік 80%-ға, ал сату-сатып алу 90%-ға төмендеді.
Алайда, экономикалық дағдарысқа қарамастан, сарапшы мамандар мүмкіндік болған жағдайда, жылжымайтын мүлікті сатып алған жөн деген пікірді ұстанады [9]. Сол себепті туындайтын келесі мәселе - жылжымайтын мүлікті таңдауға қатысты шешім қабылдауда қателеспеу. Бұл мәселе тек қарапайым тұрғындарда ғана емес, жұмысы тікелей жылжымайтын мүлік таңдаумен тығыз байланысты болатын тұлғалар үшін де өте маңызды. Осыған орай шешім қабылдаушы тұлғалардың жұмысын жеңілдету мақсатында дағдарыс жағдайында шешім қабылдауды қолдау ақпараттық жүйесін жасадым. Бұл әрі экономикалық әрі әлеуметтік өнім болып табылады.
2.2.2 ШҚҚЖ ақпараттық жүйесін құрудың IІ кезеңі: шешім қабылдау критерийлерін қалыптастыру
Анықталмағандық жағдайында ең тиімді шешім таңдау мәселесі осы анықталмағандық дәрежесі қандай болғанына, яғни шешім қабылдаушы тұлға қандай ие болатын ақпаратқа тәуелді.
Анықталмағандық жағдайында шешім қабылдаудың екі негізгі амалы бар. Шешім қабылдаушы тұлға қолда ақпаратты және өзінің жеке пайымдарын қолдана алады. Бұл кезде анықталмағандық жағдайы тәуекелдік жағдайына ұқсас болады және тәуекелділік жағдайында қабылданатын шешім осы жолы да дұрыс болып есептеледі.
Егер анықталмағандық деңгейі тым жоғары болса, шешім қабылдаушы тұлға түрлі сыртқы жағдайлар ықтималдығына қатысты шешім қабылдамағанды жөн көреді, яғни тұлға ықтималдылықты есепке алмауы да мүмкін, немесе шамамен тең дәрежелі, бір бүтін ретінде қарастырыла алады [10].
Егер бұл тәсіл қолданылатын болса, онда болжалды стратегияларды бағалау арналған критерийлер қолданылады.
Шешім қабылдау критерийі - бұл шешім қабылдаушы тұлғаның (ШҚТ) басымдылық артықшылығын сипаттайтын және шешім қабылдаудың қолайлы немесе тиімді нұсқасын таңдау ережесін анықтайтын функция.
Қажетті ақпарат толық болмаған жағдайда барлық шешімдер шешім қабылданатын жағдайдың сандық сипаттамаларын есепке алып қабылданады.
Шешім қабылдаудың классикалық критерийлері [11]:
1) Вальд критерийі (немесе максимин критерийі);
2) Гурвиц шешімінің альфа-критерийі;
3) Сэвидж критерийі, немесее мимнимакстан бас тарту критерийі;
4) Байес-Лаплас критерийі;
5) Максимакс критерийі;
6) Ходжа-Леман критерийі;
7) Гермейер критерийі.
Бұл критерийлерді кезекпен қолдануға болады, сонымен қатар бірнеше нұсқалар арасынан олардың мәндерін есептеген соң, қандай да бір нақты шешім қабылдауға тура келеді. Бұл, біріншіден, шешім қабылдау мәселелерінің барлық ішкі байланыстарын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді, ал, екіншіден, субъктивті фактор ықпалын әлсіретеді.
Шешім қабылдаушы тұлға үшін нақты критерий таңдауда ұсынылған мәселеге қатысты ең тиімдісін таңдау болып табылады. Бұл жағдайда критерий таңдауы логикалық тұрғыда қарастырылуы тиіс. Анықталмағандық жағдайында шешім қабылдау барысында шешімдер матрицасын қолданады.
Төменде аталған пайымдаулар нақты мысал негізінде қарастырылған. Анықталмағандық жағдайында альтернативалар таңдауы моделінің элементері Ai, Sj шешім қабылдау матрицасы және EAi, w(Sj) мақсатты функциясы болып табылады (2-кесте) [12].
2-кесте. Шешімдер матрицасы
Альтернатива
S - қоршаған орта күйі
w(S1)
w(S2)
...
w(Sj)
...
w(Sm)
S1
S2
...
Sj
...
Sm
A1
e11
e12
...
e1j
...
e1m
A2
e21
e22
...
e2j
...
e2m
...
...
...
...
...
...
...
Ai
ei1
ei2
...
eij
...
eim
...
...
...
...
...
...
...
An
en1
en2
...
enj
...
enm
2-кестеде келтірілген матрицаның құрамы:
oo Ai -- іс-әрекет альтернативалары;
oo Sj -- сыртқы орта күйі;
oo w(Si) -- Sj күйінің орын алу ықтималдығы, мұндағы mj=wSj=1;
oo eij -- Ai альтернативасы таңдалып, сыртқы ортаның Sj күйі орын алғанда алынатын нәтиже.
(Ai; i = 1, ..., 5) альтернативалар мен сыртқы ортаның (Sj; j = 1,4) күйінің шешімдер матрицасы құрылды (3-кесте). Шешім салдары бағаналар мен жолдар қиылысында көрсетілген (eij).
3-кесте. Анықталғандық жағдайындағы шешім матрицасы
Альтернатива
S - қоршаған орта күйі
S1
S2
S3
S4
A1
6
6
6
4
A2
25
7
7
-15
A3
20
20
7
-1
A4
19
16
9
-2
A5
20
15
15
-3
Анықталғандық жағдайында шешім қабылданғанда, шешім мақсатты функцияны максималдау қажет. Осылайша, S1 оқиғасы орындалса, A2 альтернативасын таңдау қажет, және де сол сияқты: S2 -- A4, S3 -- A5, S4 -- A1.
Тәуекелдік жағдайында сыртқы ортаның Sj оқиғасы орындалмай тұрып шешім қабылдау керек (априори), бұл осы оқиғаның w(Sj) орын алу ықтималдығын есепке алуды талап етеді. Мұны осы оқиғаның w(Sj) орын алу ықтималдығын белгілі бір шешім қабылдаған кезде алынатын eij нәтижесіне көбейтіп, мәні ең үлкен Ai таңдау арқылы ұйымдастыра аламыз (4-кесте).
4-кесте. Тәуекелділік жағдайындағы шешім матрицасы
Альтернатива
S - қоршаған орта күйі
w(S4)=0.1
w(S3)=0.2
w(S2)=0.3
w(S1)=0.4
S1
S2
S3
S4
A1
0.6
1.2
1.8
1.6
A2
2.5
1.4
2.1
-6.0
A3
2.0
4.0
2.1
-0.4
A4
1.9
3.2
2.7
-0.8
A5
2.0
3.0
4.5
-1.2
Вальд критерийі (максимин ережесі)
Вальд критерийі (максимин немесе пессимизм критерийі)
α=maximinjeij (1)
болатындай α эффект параметрінің мәнін қанағаттандыруға міндетті критерий.
Бұл ережеге сай альтернативалардың ішінен сыртқы ортаның ең жағымсыз жағдайында көрсеткіші ең жоғарысын таңдайды. Осы мақсатта матрицаның әр жолындағы көрсеткіші ең минимал альтернатива белгіленіп, солардың ішінен ең максималын таңдайды. Минималдардың ішіндегі ең максимал альтернативаға басымдылық беріледі. Бұл мысалда (5-кесте) пессимизм критерийіне сай ең тиімді альтернатива А1 болады.
5-кесте. Вальд критерийіне сай альтернатива таңдау
Альтернатива
S - қоршаған орта күйі
S1
S2
S3
S4
A1
6
6
6
4
A2
25
7
7
-15
A3
20
20
7
-1
A4
19
16
9
-2
A5
20
15
15
-3
Максимин критерийі
4
-15
-1
-2
-3
Шешім қабылдаушы бұл жағдайда сыртқы ортаның максималды жағымсыз жағдайын болжап және әр альтернатива үшін ең мардымсыз дамуды есепке ала отырып, тәуекелге минимал дайын болады.
Вальд критерийі бойынша, шешім қабылдаушылар ең нашар ұтыс жағдайындағы максималды мәнге кепілдік беретін стратегияны таңдайды (максимин критерийі).
Максимакс критерийі
Бұл ережеге сай бағаланатын көрсеткіштің мәні ең жоғары болатын альтернатива таңдалады. Сонымен қатар шешім қабылдаушы тұлға қоршаған ортаның жағымсыз өзгерісін есепке алады.
Осы ережені қолдана отырып, әр бағана үшін максималды көрсеткішті белгілеп, олардың ішінен ең үлкенін таңдайды:
α=maximaxjeij. (2)
Максимакс ережесінің бір кемшілігі - шешім қабылдау барысында әр альтернатива үшін жағдай дамуының бір нұсқасын ғана қолдануы. Максимакс критерийіне сай А2 альтернативасы таңдалды (6-кесте).
6-кесте. Максимакс критерийіне сай альтернатива таңдау
Альтернатива
S - қоршаған орта күйі
S1
S2
S3
S4
A1
6
6
6
4
A2
25
7
7
-15
A3
20
20
7
-1
A4
19
16
9
-2
A5
20
15
15
-3
Максимакс критерийі
6
25
20
19
20
Гурвиц критерийі
Бұл критерийді анықталмағандық жағдайында қолданған кезде тек пессимизмге (әрқашан ең нашар нәтижені болжа, α = 0) немесе оптимизмге ғана (барлығы ең тиімді жолмен жүзеге асады, α = 1) сүйенбеген жөн. Қандай да бір орта шаманы қолданған дұрыс (0 = α = 1). Бұл ережені келісім (компромисс) ережесі деп те атайды.
Бұл критерий келесідей сипатталады:
H=max[αiminjeij+(1-α)maxjeij], (3)
мұндағы α - 0 мен 1 аралығында таңдалатын қандай да бір коэффициент.
Осы коэффициентті қолдану арқылы Гурвиц критерийі бойынша шешім қабылдағанда қосымша субъективизм енгіземіз. Қарастырылып отырған мысалда (7-кесте) α = 0.7 болған жағдайда, тиімді альтернатива А3 болады.
Альтернатива
S - қоршаған орта күйі
S1
S2
S3
S4
A1
6
6
6
4
A2
25
7
7
-15
A3
20
20
7
-1
A4
19
16
9
-2
A5
20
15
15
-3
7-кесте. Гурвиц критерийіне сай альтернатива таңдау
Критерий
M
α
α M
m
(1- α)
(1- α)m
d
6
0.7
4.2
4
0.3
1.2
5.4
25
0.7
17.5
-15
0.3
-4.5
13.0
20
0.7
14.0
-1
0.3
-0.3
13.7
19
0.7
13.3
-2
0.3
-0.6
12.7
20
0.7
14.0
-3
0.3
-0.9
13.1
Бұл жерде келесідей белгілеулер орын алады:
0α1, (4)
mi=minjeij, (5)
Mi=maxjeij, (6)
di=1-αmi+αMi, (7)
H=maxidi. (8)
Сэвидж критерийі (минимакс ережесі)
Кез келген жағдайда үлкен тәуекелге бармаған жөн болса, түрлі жағдайда максималды болатын тәуекел минималды болатын шешім ең тиімді болады.
Сэвидж критерийін қолданған кезде тәуекелдің максималды шамасының минималдығын қамтамасыз етеді:
S=minimaxjrij, (9)
мұндағы rij тәуекел шамасы rij = β - eij өрнегі арқылы анықталады, β - максималды мүмкін ұтыс.
Сэвидж критерийі, Вальд критерийі секілді, - бұл шеткі пессимизм критерийі, алайда максиминге қарағанда минимакс шығын минимизацисына емес, сол шығынға қатысты ұтылыс минимизациясына бағытталған.
Ереже қосымша кіріс алу үшін ақылға сыйымды тәуекелге бару болатындығын түсіндіреді.
Минимаксты іздеу төрт кезеңнен тұрады:
1) Әр бағанадағы ең жақсы нәтиже, яғни eij максимумы (нарық реакциясы) таңдалады.
2) Әр бағана үшін ең жақсы нәтижеден ауытқушылық, яғни maxi eij - eij анықталады. Алынған нәтижелер ауытқушылықтар (ұтылыстар) матрицасын құрайды, оның элементтері - нарық реакциясы мүмкіндігін қате бағалағандықтан, ұтымсыз шешім қабылдау нәтижесінде толық алынбай қалған кіріс.
3) Ұтылыстардың әр жолы үшін максималды мән табамыз.
4) Максималды ұтылыс басқалардан төмен болып тұрған шешімді таңдаймыз.
Қарастырылып отырған мысал үшін альтернатива таңдау нәтижесі төмендегі 8-кестеде келтірілген.
8-кесте. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz