Ислам шариғатындағы ижтиһадтың түсінігі мен түрлері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5

1 Жалпы ижтиһад ұғымының түсінігі 7

1. 1 Ижтиһад сөзінің тілдік ұғымы 7

1. 2 Ислам шариғатындағы ижтиһад түсінігі 9

2 Ижтиһадтың маңыздылығымен оның түрлері 23

2. 1 Ижтиһадтың түрлері 23

2. 2 Ижтиһадтың шарттары мен ижтиһад аясы 32

ҚОРЫТЫНДЫ 62

Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ 63

КІРІСПЕ

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Ислам діні шапағының нұры шашылғанына, адамзаттың ең ұлық ардақтысы, парасат падишасы Мұхамммед (с. а. у) -ның келгеніне он төрт ғасырдан артық уақыт болсада шариғатымыздың қыр-сыры әлі толығымен ашылмады. Әліде зерттейтін, зерделейтін шариғатымыздың тармақты мәселелері ұшан теңіз.

Дініміз ислам адамзатты ойлануға, толғануға, ой жүгіртуге шақырады. Сонымен қатар ол адам баласының осы дүние мен ақырет күнінде яғни адамның дүниеден өткенінен кейінгі өмірде өкініште қалып қоюдан сақтандырады. Сол үшін әлемдердің раббысы, он сегіз мың ғаламның жаратушысы Алла Тағала адамзатқа міндеттер жүктеп және сол міндеттірді орындауды өзінің кітабы Құран Кәрімде тілге тиек етті. Мысалы: намаз, ораза, қажылық. Осы міндеттерді қалай орындатындылатындығын қарастырып, зерттейтін және сол міндеттерді қай уақытта парыз, қай уақытта уәжіп, қай уақытта мәндүп екендігін бекітетін ғылымның түрі ислам құқығы деп аталады. Ал, осы ислам құқығындағы мәселелердің үкімін шығарып, белгілейтін ғылымның саласы фиқһ негіздері деп аталады. Осы фиқһ негіздері ғылымының маңызы қазіріг таңда өте зор болып табылады.

Ислам дінінен үкім шығарарда алғаш Алланың кітабы болған Құран Кәрімге сүйенеді, егер Құран Кәрімнен үкім табылмаса, Парасат падишасы болған, адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с. а. у) -ның сүннетіне сүйенеді, егер сүннеттен үкім таппаса ғалымдардың бір ауыздан келіскен мәселелеріне жүгініледі.

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаты. Осы дипломдық жұмысымызда ислам шариғатындағы ижтиһадтың түсінігі мен түрлерін қарастырдық.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Бұл дипломдық тақырыбымыздың өзектілігі жайында айтатын болсақ, ижтиһад сөзін әркім өз пайымы мен ақыл-ойының парасаттылығына сай түсініп жүр. Сонымен қатар әркім ешқандай бір үкім шығаратын дәлелдерге сүйенбестен өз ойынша ислам шариғаты үшін заң шығарып, соны өзгелерге насихаттап кеңінен таратуда. Шариғат үкімінен дәлелдер шығаруда ижтиһадтың маңызы өте зор, егер шариғат үкімін шығаруда ижтиһадтың шарттарын білмесе ол адамның ижтиһады дұрыс болып есептелмейді. Шариғат үкімінде ижтиһад етуге тек қана мұжтаһид ғалымдарға ғана рұқсат етіледі. Қазақта мынандай керемет сөз бар тауық сойса да, қасапшы сойсын деген сондықтан әркім өзінің ақыл-ойы мен парасат пайымының мөлшерінше ислам шариғатымен жүрсе дұрыс болар еді. Сол себепті ижтиһад ұғыының мәні мен мағынасын білу өте маңызды болып табылады.

Зерттеу жұмыстың мақсаты . Бұл тақырыптың мақсаты - фиқһ негіздері ғылымында қалыптасқан ижтиһад сөзінің ұғымының мәнісін ашып түсіндіру.

Зерттеу әдістемесі . Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде Аллаһ тағаланың әсем Құраны мен Алла елшісінің (с. ғ. с. ) мубәрәк хадистері алынды. Сонымен қатар фиқһ негіздері ғылымының қайнар көздері болып табылатын кейбір ғылыми жұмыстар негізге алынды.

Жұмыстың құрылымы және көлемі . Дипломдық жұмыс кіріспеден және екі тараудан құралған. Сонымен қатар осы дипломдық жұмыста ижтиһад ұғымы жан-жақты қарастырылып елімізге белгілі мүйізі қарағайдай ғалымдарымыздың ғылыми еңбектері пайдаланылған. Дипломдық жұмыс 63 беттен тұрады.

Жұмысты жазу барысында болған қыйыншылықтар. Жұмыстың жазылуында фиһқ негіздері ғылымының терминдік атаулары мен тілдік атауларына салыстырып мағына беруде және осы зерттеу еңбегіме байланысты ғылыми жұмыстарды іздеуде біршама қиындықтарға жолықтым.

.

1. ЖАЛПЫ ИЖТИҺАД ҰҒЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

1. 1Ижтиһад сөзінің тілдік ұғымы

«Ижтиһад» тілдік мағынада жимнің фатхасы және даммасымен келеді. Ол қиындық. Алла Тағала ижтиһад жайында:

«Олар: Алла өлгенді тірілтпейді деп Алланың атымен ант ішті», - деп баяндады[1, 16. 38] . Құран кәрімде ыждаһаттылық туралы үш жерде келеді. Оның үшеуінде күш-жігер, ынта деген мағынаға саяды. Зубайди деген ғалым: «Жаһду» яғни фатха және даммамен келеді . Тырысу, күш деген мағыналарды береді, -деді.

Ибн Ясир: «Жуһд» емес «жаһд» фатха харекетімен болады, -деді. Айтылды: ол шектен шығушылық, ұмтылу, талаптану деген мағыналарды да білдіреді, - деп[2, 2. 64] .

Лисанул араб сөздігінде: Ижтиһад және тужаһид деген деген екі сөз ынталану, тырысу, зер салу деген мағынаға саяды. Муғаз ибн Жәбалдан жеткен хадисте: Муғаз ибн Жәбал ойыммен ізденемін деп айтты. Ынталану әмір мағынасында араб тіліндегі морфология саласында اجتهاد сөзі افتعال бабында тұр.

Сағд Тәфтәзәни: Ижтиһад тілдік мағынада өзіне бір істі міндеттеу және ол қиыншылығы бар іс, - деді[2, 2. 18-б. ] .

Жалпы ижтиһад тілдік мағынасында бір мақсатқа жету жолында еш нәрсеге мән бермей, қарсы келген кедергіге мойымай қол жеткізу деген мағынаға саяды. Ижтиһад ісі сезімталдық істері сияқты жүру, істеу немесе мағнауи істер сияқты үкім, зерттеу, ақыл жүгірту, заңнама жүргізіледі. Тағы да мынандай ой бар: Қиыншылық пен маңдайтерді талап ететін істерде ғана ижтиһад жасалады. Бір заттың орнын ауыстыр, қаламды көтерерде, дәптерге сызарда т. б. қиындығы жоқ істерге ижтиһад жаса деп айтылмайды.

Ижтиһад сөзінің тілдік мағынасы: ижтиһад сөзі араб тілінен енген терминдік сөз. Негізінен ) араб тілінде جهد ) етістігінен шығады, негізгі мағынасы тырысу, ынта деген мағыналарға саяды.

Арабтың қазақ тіліне біраз сөздері енген. Сол сөздердің қатарында осы ижтиһад сөзі де бар. Ижтиһад сөзінің халқымызда қолданылып жүрген атауларына тоқталсақ.

Ижтиһад - ижтиһат - тырысу, ынта, жігер, ықылас (Араб тілінен ауысқан ижтиһад деген сөздің тек «Қ. Т. Т. С. » мен «Қ. Т. О. С. » сөздіктерінде қазақша 12 фонетикалық варианты бар екен. Бұл ол сөздің көп мағыналығынан емес, қазақша қате айту мен қате жазудан пайда болған. Мысалы, Абай арабша жақсы білген. Ол сөзді қате жазуы мүмкін емес. Бірақ дұрыс көшірмеудің салдарынан оның шығармаларында ежтиһад, иждиһат деген нұсқаларын кездестіруге болады. Бұл өзі ойланатын мәселе болғандықтан ол сөздің қазақ тіліндегі нұсқаларын осы сөздікке енгізіп отырмыз - Н. С. ) [3, 1т. б-14] .

Иждаһат . . . Әнуар онан сайын қылды иждаһат, Үміттің көргеннен соң жылы жүзін (С. Торайғыров) . Сәбең бәрінде зор иждаһатпен құлақ қойып тыңдады. (С. Шәймерденов) .

Иждиһат. Өзіміздің найманды кооперативке кіргізуді иждиғат істеу керек, - деді Ахметша (І. Жансүгіров) .

Иждиһат. Үшінші әрбір хақиқатқа тырысып, ижтиһатыңнан көзің жетсе, соны тұт, өлсең айырылма, егер ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге тұл болады (Абай) [3, 1т. б-15] .

Ыждағат. Оқиғаны қызықтап кету, мәндіні қосалқыдан «тазартып» екшей алмау, характерді әлден пісіру, ширатуға жеткілікті ыждағат етпеу көп.

Ыждаһат. Сәтбала сыңарынан қалыспауға бар ыждаһатын салып ақ баққанды. (Г. Сланов) . Өткен ғасырлардағы өз ыждаһаттарымен қазақ ауыз әдебиетін жинап, бастырушылардың еңбектерін біз бағалаймыз да құрметтейміз де (Қ. Жұмалиев)

Іждиһат. Ықылас, іждиһат пен жиһат етіп, шыбын жан шыдай алмас шерін тәнда. Жеміс ең пісіп тұрған бақшадағы, Ерік барма бұйырмаса біз мехманда(Әріп) Ұстаз әңгімесін бадана көзін кең ашып, аса бір іждиһатпен үнсіз тыңдаушы еді (Р. Тагор)

Іждаһат. Көңіл нені іждаһат қылса. соны алады екен (Ғ. Мұстафин)

Ыждаһаттану - тырысу, ынталыну, жігерлену. Сапа бірінші немісті атып түсіргенде, рота командирінің өзі ыждаһаттанып, оны «Жауынгерлік еңбектері үшін» медальна ұсынды (Ә. Нұрпейісов) Көрермендер Кенжебала Көшербаеваның әр қимылына ыждаһаттана көз тіге қалыпты (А. Тегінбаев)

Ыждағаттау. Ғалым әр шөпті сабағынан бәкімен қиып алып, ыждағаттап дорбасына салып, қойын дәптеріне әлденелерді жазумен әлек (Ш. Мұртазаев) .

Ыждаһаттау. Кім ыждаһаттап ықыласын соған салса, оқу соған табылады (С. Торайғыров) Өмірді ыждаһаттап, зертеп барып, көрген-түйгеніңді көкіректе қорыту арқылы дүниеге келеді (Ғ. Мүсірепов) [3, 1т. 16-б. ] .

Ыждағатты. Осындай қасиетті мінезіңді байқаймын хатқа жазған сөздер басып, жұмысқа ыждағатты деп айтады. Күнің жоқ бір жазылып қалған жасып (Ы. Мырзалыұлы) Коростылев ыждағатты, тындырымды адам болатын (Т. Ахтанов)

Ыждаһатты. Педагог ақын (Тайыр Жомартбаев ақын - Н. О. ) «Ыждаһатты бала», «жалқау бала», «ыждаһатты баланың надан ортаға айтқан сөзі» сияқты өлеңдерінде баланың бойындағы жақсы қасиеттері мен жаман да жарамсыз әдеттерін қатар алып, біріне-бірін қарсы қоя отырып суреттейді (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров) Орыс мекткбінде үш ай оқығанда ыждаһатты бала орысша оқу, жазуды үйреніп алады (М. Қаратаев) [3, 1 т. 18-б. ] .

Ыждиһатты. Оқуға ыждағатты зерек өзге, миына жинастырып біліп лезде (Г. Майкин) Саналы әскери тәртіптің нығаюына командир әр алуан шараларды жүргізе отырып, өзінің күнделікті ыждиһатты ісімен, уставтардың қағидаларына, үлкендердің тәжірибесіне, саяси ақпаратқа, әскери бұқараға сүйене отырып, бірте-бірте жетеді(Б. Момышұлы) .

Іждаһатты. І. Есенберлиннің тарихи трилогиясы, қазақ совет әдебиетінің тарихи роман дәстүрін дамыта түскен, өз тарапынан жаңа жетістіктермен байытқан, отаншылдық ойдан, іждаһатты ізденістен, халқымыздың көркемдік дәстүріне сүйенуден туған тамаша көркемдік әлем (Р. Бердібаев) .

Іждиһатты. Төр үйдің іші бұдан гөрі аз кеңірек . . . Бояуы көшіңкіреген ағаш төсек үстінде іждиһатты қолмен жиылған сұрғылт түсті көне-тоздау екі-үш көрпе, жастық (М. Әуезов ) [3, 1 т. 18, 19-бет] .

Ыждаһаттылық. Залда жиналғандар аса ыждаһаттылықпен В. П. Виноградовтың Ленин жайлы айтқан естеліктерін ұйып тыңдады. (Л. Ж. )

Ыждағаттылық. Әдебиетіміздің соңғы жылдардағы тағы бір ерекшелігі дегенде айтарымыз - оның бүгінгі тақырып пен бүгінгі замандас өміріне басым назар аудара отырып, халықтың тарихына, оның қайнар көзіне ыждағаттылықпен үңілу, өткеніміздің тереңіне, келешегіміздің биігіне көз тастауы (Ә. Әлімжанов) . Соңғы жылдары совет ғалымдары Иран, араб елдерінің фарабишілері оның еңбектерін асқан ыждағаттылықпен мұқият зерттеуге ден қойды (Е. Бекмұхамбетов) .

Ыждақаттылық. Мені таң қалдырған жіне сүйсіндірген - аудармашының өзі аударып отырған шығармаға терең ықыласы мен ыждақаттылығы, әр образ, әр бояуды дәл әрі көркем жеткізуге ұмтылушылығы, аударма кәсіп демей, таза өнер деп қарауы (Ж. Қыдыров) .

Ыждаһаттылық. Ғалым Мұхамеджанов өзінің ыждиһаттылығы, ұқыптылығы арқасында, зор журналистік талант-қабілетінің арқасында әдеби қызметкерліктен облыстық газеттің редакторлығына дейін көтерілді (С. Шаймерденов) .

Ежтиһатсыз. Ежтиһатсыз, михнатсыз табылмас ғылым сарасы. Аз білгенін көпсінсе, көп қазаққа епсінсе, кімге тиер пайдасы (Абай) [3, 1 т. 18-б. ] .

Іждағат. Ынта қоюшылық, зейін. Іждағаты іске аспады.

Іждеғатты. Іждеғаты бар. Әуелгі кезде іждеғатты еді. (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 10-том. Алматы 1986. «Ғылым» баспа. 665 бет)

Іждағат. Зейін, ынта, ықылас. Альбом беттеріндегі іждағатпен жазылған жазуларды оқып отырмыз (Байжанов) .

Іждағатсыз. Жігерсіз, ынтасыз, талапсыз.

Іждағатсыздық. Ынтасы болмаушылық, ықылассыздық. Тарихи мұрағаттарды сақтауда - болмасқа керек.

Іждағатта. Зейін салу, қадағалау. Ол жұмысын бітіріп қалды.

Іждағатты. Ықыласты, зейінді, ынталы. Ол ұғымталда ыждағатты - шәкірт.

Іждағаттылық. Ықыластылық, ынталылық, зейінділік. Әр түрлі деректерді үлкен іждағаттылықпен жинастырған. (Қазақ тілінің сөздігі. Алматы 1999ж. «дайк-прес» баспа. )

1. 2 Ислам шариғатындағы ижтиһад түсінігі

Ижтиһад сөзінің терминдік мағынасы өте көп. Алайда, ол жазылуы әр-түрлі болғанмен бір мағынаны береді. Ижтиһад сөзінің терминдік мағынасына көп тоқталдық. Шындығында ижтиһадтың не екеніне тоқталғанды жөн көріп отырмын. Осы сөзімі айғақ ретінде, шариғаттың негізі болып саналатын усулул фиқһтың салып кеткен сара жолына сүйенгім келеді. Ендеше, шариғат негіздерінің дара жолымен зерттеуімді бастайын.

Біріншіден: Ижтиһадтың түсінігі осы олардың көзқарастарының қайшы болуына себеп болуы[4. 45-б] .

Екіншіден:Кейбір шектеулердің айтылып, кейбірінің айтылмағанынан шығар. Мүмкін осы нәрседе, әсер еткен шығар. Алла қаласа кеңінен ашып түсіндіремін.

Көзқарастары қайшы болуына байланысты:

Бұл ижтиһадтың басталуы немесе ижтиһадтың көрініс тапқанына байланысты. Ғалымдар осы мәселені екі жолда қарастырды.

Олардың қарастырған әуелгі жолы: Ижтиһад дегеніміз - мүжтаһидтің ісі. Расында олар бұл бағытталу түсінігін күш жұмсау немесе бір нәрсені талқандау деп түсіндіреді. Шариғат негізі ғалымдарының кейбірі осы екі сөзді дұрыс деп тапса, енді біреулері тек біреуін ғана аламыз деп өз пікірлерін білдірді.

Имам Ғазали күш жұмсау яғни бірінші мағынаны таңдады. Ол оны былайша түсіндірді: Күш жұмсау дегеніміз - дін білгірлерінің танымында мүжтаһид ғалымның шариғат үкімдерімен білуге талаптануда ынта-шынтасымен бір мәселені зерттеуі. Және толық ижтиһад өзінің әлсіздік танытқан тұстарын жалпылай, кең көлемде зерттеу деп анықтама берді.

Имам Ғазалидің осы тұжырымдамасына бір сыпыра ғалымдар келісті оның ішінде ханафи ғалымы, фақиһ Имам Бәздауи, Кәмәл ибн Һумам, Ибн Қидам деген атақты ғалымдар бар.

Ал енді استفراع яғни қазақ тіліне аударғанда барлық күшін салу деген мағынаны Сәйфуддин Әл-Әмәди таңдады. Сөйтіп ол оған былай деп мағына берді: Өзіндегі сезілген әлсіздікті шариғат үкімдерін пайдалана отырып өз ойын жүзеге асыру. Осы тұжырымдаманы Ибн Хажиб, Байдоуи, Фатухи және т. б. ғалымдар дұрыс деп тапты.

Ал, Әбу Исхақ Әш-Ширози осы екі сөзді біріктіріп мынандай анықтама берді: Ижтиһад - дегеніміз дін білгірлерінің танымында шариғат үкімін талап етуде барлық күшін сарп ету және еңбектену.

Ижтиһад дегендегі мақсат мұжтаһидтің барлық күш-жігері мен ынтасын зерттеу жұмысында жұмсауы. Өзінің мойнына жүк түскен кезде, сөйтіп ол әлсіздігін сезінген кезде тіпті оның ижтиһады кемшіліксіз болса да, ижтиһады есептелмейді. Ширози егер екі сөздің бірін кемітетін болса, тіпті түсінігін айтпасада абзал болады, - деді.

Мүмкін, осы берілген анықтамалардың айырмашылығы тек сөздік құрылымында ғана шығар, бірақ мағыналарында айырмашылық жоқ шығар. Бұл мағыналарындағы айырмашылық еш нарсеге кедергі емес.

Екінші бағыт:

Мұжтаһид сипаттарының қандай болуы керек екендігі жайында. Бұл зерттеу бағыты ملكة деген яғни, дарын деген сөзге ғалымдар мынандай анықтамалар берді: Дарын дегеніміз - жеке-жеке дәлелдерден сонымен амал қылатын шариғи үкімдерді шығаруға күші жету. Осы анықтаманы хадис мамандарының кітаптарынан кездестіруге болады[5, 57-б] .

Тағыда мынандай анықтама берілген: Дарын - ол шариғат үкімдеріне дәлелдерді біріктіру немесе амал қылатын шариғи немесе шариғи емес тапсырмалар.

Расында алдындағы айтып өткен бірінші зерттеу бағытымыздағыдай, бұл зерттеуімізге көп тоқтала алмаймыз. Себебі, бұл зерттеу өте сирек кездеседі және өте қатты танымалда емес. Ал, енді осы анықтама بزل және استفراغ сөздеріне қарама-қайшы. Бұл екеуі бір істе зәру жағдай болғанда, үкім шығарылып істетіледі. Алдындағы берілген анықтама мұжтаһидтің хақысына кірмейді.

Біз бұл зерттеу бағытымызды ижтиһад анықтамасына бөтен және ада болғасын дұрыс деп қабылдамаймыз.

بزل мен استفرا сөздері анықтамада барлығын қамтып кетеді. Ол фақиһ немесе фақиһ болмаған адамдардың ақысында болсада. Және үкімдерде немесе басқа істерде болсада[6, 45-б. ] .

Екініші зерттеу бағыты:

Ол ижтиһадқа кейбір шектеулердің енгізіліп, кейбірінің еңгізілмегені жайында болмақ

Әл-Қоди Әл-Байдоуи ижтиһадқа мынандай анықтама берді:

Ижтиһад дегеніміз - шариғат үкімдерін зерттеуде барлық ынтамен, күш жұмсау.

Имам Ғазали ижтиһадқа мынандай анықтама берді:

Ижтиһад - шариғат үкімдерімен білім ізденуде мұжтаһидтің кең көлемде зерттеп, бар ынтасын жұмсау.

Ибн Хажиб ижтиһадқа мынандай анықтама берді:

Құқықтанушының шариғат үкімдері арқылы ойды жеткізу үшін кең көлемде барлық күшін жұмсауы.

Кәмал ибн Әл-Һумам ижтиһадқа мынандай анықтама берді:

Ижтиһад дегеніміз - құқықтанушының шариғат үкімдерін жеткізуінде ол ақли немесе нақли, бекітілген немесе бекітілмеген болсын бар күшін жұмсауы.

Осы зерттеуді қарай отыра ижтиһадтың анықтамаларын баяндап береміз.

Әуелгі: Алдында келтірген анықтамаларға сол анықтама бергендер «Бәзлун» немесе «истифроғун» немесе «уәсғун» немесе «жуһдун» сөздеріне т. б. лайықты сөздерге келісімдерін ижтиһадтың мағынасына лайық бір ауыздан келісті.

Сол сияқты құқықтанушы ғалымдар мұжтаһидтің жан-жақты, терең ізденудегі нәтижесінің жемісін атауы «хукмун» болатындығына да бір ауыздан келісімдерін берді.

Екіншіден:

Имам Ғазалидің ижтиһад жайында берген анықтамасына қарайтын болсақ ол мұжтаһидте истифроғ сипаты болу керек дейді. Бұл ижтиһад анықтамасында ауадай қажет. Осының түсіндірмесі. Біз ижтиһадтың қарқынын бекіту үшін сонымен қатар оны баяндап ижтиһад анықтамасын жалғастырып келеміз. Анығында мұжтаһидтің бір істі орындап бекітуі ижтиһадтың шарттарынан болып табылады. Сол секілді ижтиһадтың бірнеше түрлері болған. Егер біз ижтиһадтың бүдан алдын бірнеше түрі болды десек ғылымның дамуы дағдарысқа түскен дәуірлерде ижтиһадтың дамуы тәртіппен болар еді дер едік.

Сол себепті Ибн Хажиб пен Кәмал ибн Һумам «фақиһ» (білгір) яғни, қазақша баламасы құқықтанушыны мұжтаһид дәрежесінің айналасынан алыстатты. Алайда Сағд Әт-Тәфтәзәни бұл тұжырымдамаға қарсы шықты. Ол: «Фақиһ ижтиһад жасаумен ғана фақиһ болады деп тұжырым жасады. Және тағыда былай деп айтты: «Құқықтанушы дегендегі мақсат үкімдерді танып білуге дайындалған адам, - деді.

Сол сияқты Сағд: Егер олар мұжтаһидты хақиқи фақиһ сипатымен сипаттығысы келсе, онда мұжтаһид шариғат үкімдері үшін қамтушы болар еді. Біз олардың осы тұжырымдамасымен келіспейміз. Біз оларға Имам Ғазалидің анықтамасын қайтарамыз[7, 25-б] .

Құқықтанушы дегендегі мақсат, ол үкімдерді тану үшін таңдалған адам болғандықтан, олар үшін дұрыс болды. Расында мен өзімнен мағлұматты тану үшін бір себептің бар екенін ойлап, осыны дұрыс деп есептедім. Шындығында Кәмәл ибн Һумамның берген анықтамасы дұрыс емес.

Тағыда мынандай көзқарастар айтылды: Бәлкім фақиһ сөзін айту тіл мамандары немесе ақида мамандарында фиқһтық терминнің болмағанынан шығар. Олар ижтиһад сөзінің терминдік мағынасын атамаған.

Тағы мынаннай айтылған әлсіз бір ой бар:Егер кімде-кімнің фақиһ сөзін айтудағы мақсаты оны шығару болса, онда біз оны үкім үшін бекітілген шариғи мағынасынан шығарамыз. Сол кезде фақиһ сөзі үкім үшін шектелген шариғаттың шеңберінен шықпайды.

Бұл Имам Ғазалидің анықтамасынан өзгеше. Расында Имам Ғазали «фақиһ» немесе «мұжтаһид» сол екеуін айтты.

Үшіншіден:

Имам Ғазалидің анықтамасы мұжтаһид деген - білімді іздеген адам деді. Бұл анықтама ойды талап етудің барлығын қамтымайды. Үкімдердің көпшілігі зонни екендігі белгілі. Бұл анықтамаға нұқсан келтіреді. Егер Имам Ғазали мұжтаһид деген ілімді талап қылып ізденетін адам деп айтуды қаласа «ілім» деген сөз ақылға жүгінетін зонниді де, қамтиды.

Ал, Нәһж ибн Хажиб Имам Ғазалидің анықтамасының терісін келтірді. Ол анықтаманы «Зонни» мен шектеп қойып, фақиһ тек зонниді әдісті талап етумен ғана фақиһ бола алады деді. Ол осы тұжырымдамасын шариғи құрметтелмеген ойдың шығуы үшін, онда белгілі болмаған жеке-жеке істердің кіруінен тосылғаны үшін, үкімдерден білім терминін шығару үшін, белгілі болған жеке істерді жинап негіздеді.

Біз бұл тұжырымдамаға былай деп жауап береміз: Бұл жердегі зонни(ой) дегендегі мақсат шариғат аясында өзінің беделі бар білу үшін болған барлық нәрсе қамтылды дейміз. Олар былай дейді: Расында білім дегеніміз - қарсы шығуды қайтаратын онда ықтималды істер теңеспеген, ең дұрысырақ зерттеуді жүзеге асыратын нәрсе, -деді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылман құқығының қалыптасуы
Ахли сунна уа-л жама-адағы фықых ғылымы
Араб халифатының құрылуы
Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі
Талақтың тілдік мағынасы
Ислам дініндегі қылмыс пен жаза
Ислам – адамның екі дүниесін де бірдей қамтитын хақ дін
Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы
«Ханафи мазхабы -ХХ ғасырдатарихи-рухани жолымыздың заңды жалғасы»
Құран мен намаздың парызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz