Абылай - Ұлы тұлға
Абылай – Ұлы тұлға.
Есімізді енді ғана жиып, іргелі, егеменді ел бола бастаған қазіргі
тұста қиян-қилы заманда халықтың бірлігін, елдігін сомдай түсіп, үш жүздің
басын қосып, қазақ еліне ашкөзін тіге, қанды қолын созған қас дұшпан –
Жоңғар шапқыншыларына қарсы, бүкілхалықтық қозғалыстың ұйымдастырушыларының
бірі болған хан Абылайдың тұлғасы, оның тарихта алған ролі жайында көп
айтылып жүр. Қазақтың аңыз-жырларында,- деп жазған Шоқан Уәлиханов, -
Абылай есімі өте әсерлі мәнге ие болған. Жұрт Абылай дәуірін қазақ
қаһармандығының кемелденген тұсы деп сезінеді. Абылайдың жорықтары,
батырларының ерлігі тұрмыстық-салттық дастандардың аркауына айналған.
Абылай ханның бүкіл өмірі бір ғана мақсатқа бағынды. Ол ен далада
еркін өскен қазақ халқын аман сақтап қалу үшін барлық ақыл-ойы мен қажыр
қайратын сарқа жұмсады.
Осынау ұлы мұрат жолында Абылай хан пенделіктің бәрін тәрік етіп,
шын мәнінде иісі қазақтың бір туар көсемі бола білді.
Абылай өмір сүрген XVIII ғасыр – Қазақстан тарихында өзгеше,
ерекшеленіп көрінетін, қазақ қоғамының сілкініп оянып, канатын қомдап, оң-
солына жіті қарай бастаған тұсы. Мұның өзі ең алдымен ол жүргізгенү ішкі
және сыртқы саясатпен, оның қазақ рулары мен тайпаларының басын қосып,
іргелі ел етуге тырмысқан іс-арекетімен, өзі орнақтырған ошақтың ұланғайыр
кеңістігінде шаруашылық-экономикалық, этно-мәдени және этно-саяси
байланыстардың негізінде қалыптасқан аймақтық бірлестіктер, жүздерді аға
билер арқылы басқару жүйесімен жандана бастаған егіншілікке, сауда-
саттыққа, колөнерін дамытуға жасаған қамқорлығымен, тағы басқалармен
тікелей байланысты. Сол кездегі ел басынан кешкен отаншылдық каһармандык
оқиғалардың қай-қайсысы да Абылай есіміне қатысты. Қазақ жасактарын жауға
қарсы жұмылдыра отырып, талай-талай шайқастарда сөзсіз ерлік көрсеткен,
жеңіске жеткен Абылай ел арасында зор беделге ие болған. Жұрт оның есімін
жауға шапқанда айтатын ұранға, басына іс түсіп, нар тәукелге бел байлаған
шақта, қиналғанда сиынатын ұранға айналдырған.
Ел басқару екінің бірінің қолынан келе бермейтін бірегей өнер
екені әмбеге аян. Оның үстіне ел ұстаған екінің бірі есте қала бермейтіні
де белгісі ғой. Жымысқы жолмен түлкі боп таққа отырып, халқына қасқыр боп
тиген талайларды көнекөз тарих біледі. Бірақ олардың атын білгенімен, затын
ілтипатқа ілмейді. Демек, ақыл-парасатына, қажыр-қайраты сай, дегдарлығы
мен білімдарлығы бірдей, мінезі маңғыз, жүрегі мейірбан жетекші ғана
жұрттың жадында ұзақ сақталмақ. Міне, екі ғасырдан астам атақ-даңқы аңыз-
әнгімелер арқылы-ақ ұрпактан ұрпаққа жалгасып, үдеп бара жатқан Абылай хан
осындай қайраткер болса керек.
Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін көп ұзатпай қазақ халқының
басын құрап, жоңғар басқыншыларына ойсырата соққы беруді ұйымдастыруы ерен
еңбек емес пе. Сындарлы саясатшы, сарабдал мәмлегер ретінде ол көрші
мемлекеттердің бәрімен арақашықтықты сақтай отырып, терезесі тең байланыс
жасай білген көреген басшы. Абылай есімі қазақ тарихында ең көп аталып,
ардақталған тұлға.
Уәлиұлы Абылай хан (1711-1781жж.) қазақ халқының әйгілі ханы.
Шыңғысханның тікелей ұрпағы, төре. Шежіре деректері бойынша: Шың-ғысхан –
Жошы хан –оның төртінші ұлы – Тоқайтемір – Қожа – Бадақұлан – Орыс хан –
Құйыршық хан – Барақ хан - Әз Жәнібек – Жәдік – Шығай хан – Ер Есім хан –
Жәңгір хан – Уәли – сұлтан –қанішер Абылай сұлтан – Көркем Уәли – Абылай (
Әбілмәнсүр ) хан болып таралады.
Бақсақ, Абылай парасатты елбасшы ғана емес, қабырғалы қолбасшы да екен.
Қазақ халқының азаматтағы жолында қасық қаны қалғанша айқасқан аты аңызға
айлаған талай батырлар, басы Қанжығалы Бөгенбай мен Қаракерей Қабанбай
болып соның ақыл—кеңесіне жүгінген, қажет жерінде жігер-күшіне сүйенген.
Небір күрмеу қиын күрделі мәселе тап келсе, ол дереу билер алқасында салып
кеңінен кеңесіп, кемел байлам жасаған. Төле мен Әйтеке, Қаздауысты Қазыбек
сияқты кең толғар кемеңгер билердің, Бұқар жырау сияқты от ауызды, орақ
тілді, данагөй ақындардың ақылына жүгініп, болашақ ісіне бағдар алып
отырған. Осының өзі-ақ оның халықтың қайнаған ортасынан шығып, соның мұның
мұндап, жоғын жоқтап, сойылын соққан қайраткер екенін қапысыз аңғартса
керек.
Асылы, Абылайға бақ та, тақ та оңайлықпен келген жоқ. Оның атасы
атышулы Абылай Түркістан әмірі болған. Кемшілікке кеңшілігі жоқ,
екіжүзділікке қаны қас ол досқа да дұшпанға да қатал ымырасыз кісі болған
сияқты. Жоңғарларға қарсы отыз мың қолды бастап барып ұрысты ойдағыдай
ұйымдастыра алмай, жеңіліп қайтқан Қайып ханды жа кінәсін кешіре алмай
өлтіріп жіберген. Сол үшін өзі де қанішер атнып, елден аласталды деген сөз
бар. Оның орнын ұлы Көркем Уәлі басады. Бірақ оның бақыты ұзағынан
сүйіндірмей, Түркістанға тұтқиылдан басып кірген жау билеушінің отбасын
түгел қырып тастайды. Бір төлеңгіттің тапқырлығы мен адалдығы арқасында он
бір жасар ұлы Әбілмәнсүр ғана аман қалып, қаладан қашып шығады.
Бала сол бетімен атақты Төле бидің ауылынан бірақ шыққан тәрізді,
беймәлім жетім бала алғаш түйе баққаны, одан жылқышы болғаны да анық. Алғаш
қауіп ойлап атын айтпай сіз қалай атасаңыз есімім солай болсын деген соң
би шашы өскен, жүдеубас баланы Сабалақ атап кеткен.
Баланың жілік алмақ мінезінен емес пе, елгезек те әдепті, маңғаз
да мейірбан жеткіншек ұзамай, осы үйдің туған ұлындай бола кетеді.
Қанжығалы Бөгенбай батырдың хабарлағанындай, келесі көктемде
Әбілмәмбет хан қазақтан қол жиып, қалмақтан кек алуға аттанғалы жатыр деген
хабар тарайды. Осыны естіген ер жігіт биге келіп, майданға жіберуін
өтінеді.
Балам, саған соғысқа барудан гөрі жылқы баққан жақсы емес пе?!- дейді Төле
би.
Желіккен дудан, жерқайысқан қолдан қалғанша ер азаматтың өлгені артық қой,-
дейді жігіт. Сөзден тосылған би рұқсат береді.
Жау тілеп екі көзі шоқтай жанған жылқышы келгенде қазақ пен қалмақ
екі ошарылып, ортада Галдан Цереннің жиені, әскербасы Қонтәжінің ұлы, Шарыш
жекпе-жекке батыр сұрап тұр екен. Іркіліп қалған елдің ішінен суырылып
шыққан Сабалақ ханнан бата алады да, абылайлап Шарышқа қарай тұра шабады.
Әудем болмай қостай боп қоқиып тұрған қалмақ батыры төңкеріліп түседі.
Қайтар жолда қазақ каһарманы қарсыласының басын кесіп алып, жау қашты деп
қалмақтарға қайтадан ат қояды. Не керек осы ұрыста ол Абылайлап ұран сап,
кірген жерін тесік қып, шыққан жерін есік қып дұшпанның іргесің
айрандай ірітіп, тозандай тоздырады. Жұрт ұранына қарап, оның төре тұтқымы
екенін біліп, төбеге көтерліп құрмет көрсетеді. Мәнжайды білген
Әбілмәмбеттің ұсынысы мен үш жүздің тоқсанға тарта игі жақсылары жиылып,
Әбілмәнсүрді Абылай атымен хан сайлады. Бұл 1734 барыс жылы еді, дейді
шежіре, ал ақиқатына келсек, Абылай ағасының көзі тірісінде тағына отыруды
ыңғайсыз көріп, хандықтан бас тартқан сияқты. Әуелі Орта жүздегі Атығай-
Қарауылдың сұлтаны болса керек. Бұл жайында кей деректерде былай жазылады:
Атағы жер жарып шыққан хан Абылай XVIII ғ-да дүниеге келіп, Көкшетау деген
жерде қазақ жұртына 48 жыл хан болып тұрыпты.
Ел ауызында Абылайды алғаш Атығай-Карауыл хан көтеріп, алты отау тігіп
берген деген сөз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz