DOORS фирмаcына жергілікті желіні құру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі.
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.

Тақырыбы: DOORS фирмаcына жергілікті желіні құру.

Орындаған: Сыздыкова А.Б
Информатика-31 тобының

студенті.

Тексерген: Шукенова Г.П.

Көкшетау 2012 жыл

Мазмұны
Кіріспе. 4
Тапсырманың берілгені. 6
1 бөлім .План алдындағы дайындық. 7
1.1.Мәселенің шартын анализдеу. 7
1.2. Желінің керектігін дәлелдеу. 7
1.3. Желіні қолдану тәсілдері. 8
2 бөлім Желіні құрастыру. 8
2.1. Желінің түрін таңдау. 8
2.2. Желінің топологиясын таңдау. 9
2.3. Кабельдік жүйені таңдау. 12
2.4.Концентратор таңдау. 14
2.5.Сервер типін таңдау. 14
2.6.Сервердің ақпараттық қамсыздандыруын таңдау. 14
2.7.Microsoft фирмасының желілік операциондық жүйелері. 15
2.8.Желіні және мәліметтерді сақтау тәсілдерін таңдау. 16
2.9. Желіде ақпаратты қорғау. 17
3 бөлім. Керекті құрылғылардың саны мен бағасы. 17
3.1. Қанша кабель кететінін анықтау. 17
3.2. Жергілікті желіні құрастыру үшін спецификалық құрылғыларды таңдау.
18
4 бөлім. Желіні құруға кеткен қаражат. 19
5 бөлім. Қысқаша желілік планды құру. 20
Қорытынды. 22
Қолданылған әдебиеттер. 23
Қосымша. 24

Кіріспе.

Жергілікті есептеуіш желі – желінің ерекше типі, ол арқылы жақын
орналасқан компьютерлерді бір желіге қосады.
Қазіргі уақытта қандай мекеме болмасын, немен айналыспасын жергілікті
желісіз елестету қиын. Біздің ғасырда – ақпараттық технология және ғылыми-
технологиялық прогресс ғасырында мынадай мәселелер туады:
1. ақпаратпен алмасу жылдамдығы;
2. қымбат тұратын құралдар;
3. сыртқы құралдарды бірлесе қолдану;
4. ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпаратты өңдеу – жергілікті желімен орындалатын кең таралған
функциялардың бірі. Ақпараттық жүйелер құрамында мәліметтер қоры болады.
Мәліметтер қоры – үлкен массивті ақпараттар, ықшамдалған түрде сақталады
немесе іздеуге оңай индекстік формада болады.
Ақпараттық – есептеу желілерін қолдану үлкен көлемдегі ақпараттар
мәселесін шешуге көмектеседі. Желіде мәліметтерді жіберу және байланыс
ерекше орын алады. Компьютерлік желілерді қолданудың ең бір негізі –
күрделі сандық есептеулерді орындау болып табылады. Есептеу операцияларын
жергілікті желі специализациясында орындауы ақпараттық немесе программалық
болып құрылады. Бірақ та әртүрлі сандық есептеу түрлері болады: бугалтерлер
және басқарушылар көптеген сандармен жұмыс атқарады, бірақ бугалтердің
есептеуі мысалға инженердің есептеуінен айырмашылығы бар. Сондықтан да
есептеулер келесідей топтарға бөлінеді: ғылыми, инженерлік, статистикалық,
финанстік және тағы басқа. Айырмашылықтарына қарамастан бұлар бір мекемеде
және бір мәліметтер қорында орналасады. Сондықтан да бүкіл қызметкерлерді
бір жергілікті желіге қосу дұрыс шешім болады.
Басқаруда ақпараттық жүйелер шешімді қолдау үшін қолданылады.
Шешімді қабылдауды қолдайтын жүйелер жетекшілер мен мекеменің басқару
ұйымдарына нақты және оперативтік ақпаратты ұсынады, осыдан олар жағдайды
бағалап және дұрыс шешім қабылдайды.
Жергілікті желіні басқару, өндірушілік, шаруашылық, сауда – саттық
және тағы басқа түрлерінде қолданғанда, жетекшілер мен басқарушылар
электрондық поштаны қолданып оперативті мәлімет алуға мүмкіндік алады.

Тапсырманың берілгені.

Көкше-Дизайн архитектуралы-дизайнерлік фирма. Бұл фирма 1999 жылы
құрылған. Көкше-Дизайн фирмасы тапсырыс бойынша мекемелердің, үйлердің
макеттерін жасайды. Фирмада қызмет атқаратын адамдар:
1 бас архитектор;
1 бугалтер;
1 менеджер;
1 жүйелік администратор;
1 секретарь;
4 архитектор;
3 дизайнер;
1 күзетші.
Бұл фирма 3-ші қабатта орналасқан және онда жергілікті желі құру
керек. Шығармашылық практикасында жергілікті желінің рөлі өте зор.
Жергілікті желі арқылы қашықта орналасқан персональді компьютерлер бір
жүйеге қосылады және бір құрылғы мен ақпаратты қолданады. Қызметшілердің
жұмыс орындары, яғни компьютерлер бір желіге қосылады. Көкше-Дизайн
фирмасының жұмыс штаты 13 қызметшілерден тұрады. Жрегілікті желі үшін
фирма 12 компьютер бөледі. Қолданушылар саны 10-нан асқандықтан біррангтік
желі жарамайды. Сондықтан да бізде сервері бөлінген желі болады. Мәліметтер
қоры серверде, ал сервердің өзі бөлек бөлмеде орналасады.

1 бөлім .План алдындағы дайындық.

1.1.Мәселенің шартын анализдеу.

Құрылатын желі дамыған технологияларға байланысты, оңай басқарылып,
модульдік құрлымы бар және көп қаражат жұмсалмау қажет. Желі программалық,
ақпараттық және жүйелік әдістерді үлкен көлемде қолдану керек. Сонымен
қатар қолданылатын ақпараттық тәсілдер және технологиялар Қазақстанда
сертификатталған және оның телекоммуникациялық желілерімен оңай
интегралдану қажет.
Құрылған жергілікті есептеуіш желі мекеменің басқару персоналына
мынадай мүмкіндіктер береді:
• мекеменің финанстік өзгерістерін бақылап тексеру;
• мекеменің экономикалық жағдайын анализдеу;
• дұрыс та нақты ақпараттан тез арада дұрыс шешім қабылдау;
• қойма дайын товар туралы оперативті ақпарат алу;
• жергілікті желінің глобальды желіге шығуы, яғни бүкіләлемдік
желі Internet.

1.2. Желінің керектігін дәлелдеу.

Персональдық компьютерлерді желі түрінде қосқандағы тиімді жақтарын
қарастырайық:
Ресурстарды бөліктеу . Ресурстарды тиімді түрде қолданады. Мысалы:
қосалқы құралдармен, яғни желіге қосылған бүкіл жұмыс станциялардың
принтерлерін басқару. Сонымен қатар кейбір қолданушылардың принтер болмауы
мүмкін, ал оларға бір қағазды басып шығару керек. Компьютердің дискілерінде
бірнеше директорияларды бүкіл қолданыс үшін ұсынуға болады. Ал директорияға
файлдарды орналастырып, оны бірнеше қолданушылар бірлесе қолданады.
Мәліметтерді бөлу. Мәліметтер қорын басқаруды және қолжеткізерлік
мүмкіндікті туғыздырады.
Бағдарламалық әдістерді бөлу. Орнатылған бағдарламалық әдістерді бір
уақытта орталықтан басқару мүмкіндігін береді.
Ресурстарды бөлу. Желіге кіретін басқа компьютерлердің мәліметтерін
процессормен өңдеу.

1.3. Желіні қолдану тәсілдері.

Нақты бір нұсқа үшін, желінің қолдану нұсқалары әртүрлі болуы мүмкін.
Олардың ішінде:
• қолданушылар арасындағы байланыс организациясы;
• компьютерлік ресурстарды бірлесе қолдану;
• файлдарды бірлесе қолдану;
• қосалқы құрылғыларды (принтерлер) бірлесе қолдану;
• компьютерді орталықтан басқару;
• мәліметтер қорын бірлесе қолдану;
• мәліметтерді жоғарғы деңгейде қорғау;
• басты мекемемен байланыс және глобальды желіге шығу, яғни
Internet.

2 бөлім Желіні құрастыру.

2.1. Желінің түрін таңдау.

Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша 10 мың түрлі жергілікті желі
бар(олар 1978 жылы бесеу ғана болған). Желілерді қарастыру үшін, олардың
классификациялық жүйесін білу керек. Оларға басқару ұйымын, ақпаратты
жіберу ұйымын, топологиялық қасиеттерін, түрін жатқызуға болады.
Желілер конфигурация бойынша біррангтік, ресурстары бөлінген желі және
клиент-сервер болып бөлінеді.
Біррангтік желі. Бұл желіде сервер жоқ. Яғни бүкіл компьютерлер өзара
тең. Әр компьютер клиент те, сервер де бола алады.
Ресурстары бөлінген желі. Бір немесе бірнеше орталықтанған серверлер
файлдарды алып және жібереді. Сонымен қатар құрамдарында жұмыс станциялар
қолданатын ресурстары болады. Жұмыс станциялары бір-бірінің ресурстарын
қолдана алмайды. Сондықтан бүкіл есептеуді өздері орындайды.
Клиент-серверлік желі. Бұл желі 2 бөлікке бөлінген: серверлік – ол
клиенттердің сұраныстарын қабылдайды. Тапсырмаларын орындап және өңдеп,
олардың нәтижелерін клиентке жібереді.
Жоғарыда келтірілген желілердің түрінен мен сервері ерекшеленген
негіздегі желіні таңдаймын. Ол мынадай функцияларды орындайды: файл-сервер,
желілік ресурстарды орталықтан басқару, қорғанысты орталықтан
қамтамасыздандыру және қолданушылардың сұраныстарын орталықтан өңдеу.

2.2. Желінің топологиясын таңдау.

Желіні құру үшін, топологияның бірнеше нұсқалары бар.Топология
дегеніміз кабельдердің орналасуы және желі компоненттерінің бірігуі.
Желінің топологиясы кабельдердің физикалық орналасуын ғана анықтамайды,
сонымен қатар клиентердің желіге физикалық қосылуын анықтайды. Қазіргі
уақытта желілер көбінесе топологияның 3 түрінде құрылады. Топологияның бұл
түрлеріне шина, жүзік, жұлдызша жатады.
Шина топологиясында әр компьютер бір кабельге қосылады. Кабельдің
соңдарында терминатор қойылады (2.1.-сурет).

2.1.-
сурет

Жергілікті жүйеде желілік кабель әр компьютерге Т-разъемдері арқылы
қосылады. Шина топологиясында сигнал бір бастан екіншісіне дейін барады.
Сонымен қатар әр жұмыс станциясы жіберген адресті тексереді, егер ол жұмыс
станциясының адресімен сәйкес келсе, ол оны қабылдайды. Егер сәйкес
келмесе, сигнал линия бойынша әрі қартай кетеді. Шина топологиясында
желілер пассивті, яғни компьютерлер ақпаратты қабылдайды және ақпаратты
жіберуге жауапты емес. Егер де бір компьютер жұмыс істемесе, ол желінің
жұмысына кедергі келтірмейді. Бірақ егер кабельде үзіліс болса немесе
терминатор істен шықса, онда желінің жұмысы бұзылады. Бұл шина
топологиясының кемшілігі. 2.1. кестесінде шина топологиясындағы желінің
жақсы жақтары және кемшіліктері көрсетілген.
2.1. кесте
Жақсы жағы Кемшілігі
Бір жұмыс станциясының істен шығуы Кабельдің үзілуі бүкіл желіні істен
бүкіл желінің жұмысына кедергі шығару мүмкін.
келтірмейді. Өндірушілігі жоғары емес.
Кабель және разъемдері арзан. Басты кабель үлкен көлемде
Кабельді үнемдеуге болады. ақпараттарды жібергенде, оларды кей
Кабельді орналастыру қиынға соқпайды.кезде басқара алмайды.

Сақина топологиясы. Бұл топологияда соңғы компьютер бірінші
компьютермен қосылады. Сигнал бірінші компьютерден екінші компьютерге бір
бағытта өтеді. Әр компьютер күшейткіш ретінде жұмыс істейді, яғни сигналды
күшейтіп, оны әрі қартай жібереді. Бір компьютер істен шықса, онда желінің
жұмысына кедергі жасайды. Бұл топология активті, бірақ қазіргі уақытта оны
көп қолданбайды. 2.2.-суретте жүзік топологиясының схемасы көрсетілген.

2.2.-сурет

Жұлдызша топологиясы. Әр компьютердің өз кабельдері болады. Кабельдің
бір ұшы желілік адаптерге, келесі ұшы концентраторға қосылады. 2.3.-суретте
жұлдыз топологиясының схемасы көрсетілген.

2.3.-сурет

Концентратор сигналдарды жұмыс станциялар арасында бөліп, әр түрлі бағытта
кабельдермен жібереді. Егер де концентратор мен жұмыс станциясы арасында
үзіліс болса, онда тек осы станция ғана істен шығады. Желіде орналасқан
басқа компьютерлер өз жұмысын жалғастыра береді. Бірақ та концентратор
істен шықса, онда бүкіл желі өз жұмысын тоқтатады. Бұл топология да
көбінесе витая пара кабелі қолданылады. 2.2. кестесінде жұлдыз
топологиясындағы желінің жақсы жақтары және кемшіліктері көрсетілген.
2.2. кесте
Жақсы жақтары Кемшіліктері
Жаңа жұмыс станцияларлардың қосылуы Концентратор істен шықса, онда бүкіл
желіге ешқандай кедергі келтірмейді. жұмыс станциялары желіден шығады.
Желіні орталықтан басқаруға болады. Көп кабельді қажет етеді.


Жоғарыда келтірілген топологиялардың жақсы жақтарын және кемшілктерін
ескеріп, мен жұлдыз-шина топологиясын таңдаймын.

2.3. Кабельдік жүйені таңдау.

Артық кабель ешқашан болмайды. Кабелді орналастырған кезде, оны
артығымен кесіп алу керек. Расында да ешкім кабелді қайтадан
орналастырғысы келмейді. Ал егер кабель жетпей қалса, онда оны ұзарту үшін
арнайы розеткаларды қолданған дұрыс. Кабелді қай жерден тарту керек? Бұл
мәңгі сұрақ болып табылады. Қазіргі кезде көп желілерде кабелді төбе арқылы
жіберіп, әр жұмыс орнына арнайы кабель каналдар арқылы жіберіледі. Кабель
каналдар – бұл кабелдерді арнайы орналастыратын құрылғы. Қазіргі кезде
көптеген кабель каналдардың түрлері бар. Олар бір-бірінен түстері, ұзындығы
арқылы айырылады. Ең жақсы кабель каналдар Legrand француз фирмасында
шығарылады.
Мен өз фирмама кең кабель каналдарын таңдаймын. Өйткені оның мынадай
қасиеттері бар:
• Кабелдер бос жатады;
• Жаңа кабель қоссақ, каналдың ішіне оңай сияды;
• Мұндай кабель каналға телефон шнурын және т.б. орналастыруға
болады.
Егер кабелді қабырға арқылы жіберсек, оны плинтустан 15-20
сантиметр жоғары орналастыру керек.
Қолдану жағдайына сәйкес кабельдік жүйені таңдау керек. Әр түрлі
кабельдерді салыстыру характеристикалары 2.3. кестесінде келтірілген.
2.3. кесте
Жіңішке Жуан коаксиальдыВитая пара Оптоволокон-
Характерис-тикалакоаксиальды кабель (10 Base (10 Base T) ды
ры кабель (10 Base 5)
2)
Құны Жоғары емес Орташа Жоғары емес Жоғары
Кабель ұзындығы
185 м 500 м 100 м 2 км
4 Мбитс - 100 Мбитс
Жіберу жылдамдығы10 Мбитс 10 Мбитс 100 Мбитс - 1 Гбитс

Игіштілігі Игішті Игішті емес Аса игішті Игішті емес
Монтаж
қарапайымдылығы Орташа Орташа Жоғары Орташа

Кабельдің әр түрінің характеристикаларын қарап, мен өз желіме кабель
ретінде витая пара 10Base-T ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кескін терезесінің шекараларының араласуы
Ағылшын тілінен қазақ тіліне эпитеттерді аудару ерекшеліктері
Компьютерлік графика түсінігі және түрлері
Құрал - жабдық панелі
Сөйлемнің дәлме-дәл аудармасы
Көп мағыналы сөздерді аудару
Энергияны үнемдеу
Сөйлемді сөзбе сөз аудару
3D Max бағдарламасының қолдануы
OpenBSD
Пәндер