Фото жұмыстарын орындау бойынша фирманың бизнес - жоспары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті

«Экономика және болжамдау» кафедрасы

Экономикалық мамандықтарының студенттеріне арналған «Бизнес-жоспарлау» пәнінен

курстық жұмысты орындау бойынша

Әдістемелік нұсқау

Орал - 2018

Рахимгалиев Б. К., аға оқытушы.,

Тулеугалиева Н. И., аға оқытушы.

Сын - пікір беруші: Рустенова Э. А., э. ғ. к., доцент.

Экономикалық мамандықтарының студенттеріне арналған «Бизнес-жоспарлау» пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау

Экономика және болжамдау кафедрасының отырысында талқыланды

Экономика және бизнес факультетінің оқу - әдістемелік бюросымен ұсынылды

Университеттің оқу- әдістемелік кеңесімен мақұлданды

Экономикалық мамандықтарының студенттеріне арналған «Бизнес-жоспарлау» пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау.

Курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау студентттердің тақырыптық бағыттарын анықтау мақсатын, орындау мақсаты мен міндеттерін, мазмұнына, көлеміне, рәсімделуіне қойылатын талаптарды кірістіреді.

©«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» РМК, 2013

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

  1. Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері . . . 5
  2. Курстық жұмыстардың үлгілік тақырыптары . . . 6
  3. Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны . . . 8
  4. Курстық жұмысты орындау тәртібі және кестесі . . . 24
  5. Курстық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар . . . 25
  6. Курстық жұмысты қорғау тәртібі және бағалау саясаты . . . 27

Ұсынылатын әдебиеттер . . . 28

Кіріспе

Бизнес-жоспарлау пәні бойынша курстық жұмыс дипломдық жұмысты орындауға кірісер алдындағы болашақ маманның орындайтын жұмыстарының бірі. Бұл курстық жұмысты орындау кезінде студент бизнес-жоспарды дайындау кезінде, яғни жоспарлау, маркетинг, өндіріст, еңбекті, кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару және ұйымдастыруда қажетті негізгі экономикалық пәндер бойынша білімін практикамен ұштастыра білу қабілеттілігін көрсете алуы керек. Бизнес-жоспарлау бойынша курстық жұмыс студенттің нақты әрекет етіп тұрған бизнес шеңберінде басқару шешімдерін шеше алатын қабілетін көрсетуі тиіс.

Бұл әдістемелік нұсқаудың міндеті - студентке тақырыптар, дайындау тәртібі, курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуі бойынша ұсыныстар беру, жұмысты дұрыс ұйымдастыруға көмек көрсету.

Кәсіпорынды басқару процесінде бизнес-жоспарлау айырықша орын алады.

Бизнес - жоспар компаниялардың нарықтық қызметінің нәтижелерінің объективті бағасы ретінде және осы уақытта нарық талаптарына сәйкес жобалық-инвестициялық шешімдердің қажетті инструменті ретінде көрінеді. Бизнес-жоспар бизнесті басқаруға мүмкіндік беретін құжат болып табылады, сондықтанда оны стратегиялық жоспарлаумен және оны оны орындау мен бақылауға басшылық етудің ажырамас элементі ретінде қарастыруға болады. Бизнес-жоспар инвестицияны тарту үшін қажетті негіз ретінде қызмет атқарады.

Бизнес-жоспарлау келесідей міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • фирма дамуының бағыттарының экономикалық мақсатталығын негіздеу;
  • қызметтің күтілетін қаржылық нәтижелерін есептеу, бірінші кезекте сату көлемін, пайданы, қаржыға кірісті есептеу;
  • таңдап алынған стратегияны іске асырудың қаржыландыру көздерін, яғни қаржылық ресурстарды шоғырландыру тәсілдерін анықтау;
  • бұл жоспарды іске асыруға қабілетті қызметкерлерді таңдау.

Әр міндет өзгелермен өзара байланыста ғана шешілуі мүмкін.

Бизнес-жоспардың негізгі орталығы - қаржылық ресурстарды шоғырландыру. Бизнес-жоспар - компанияның қаржысын ұлғайтудың басты құралы, болашақ әріптестермен келіссөздер жүргізу кезінде бизнес-ұсыныстардың негізі ретінде қызмет атқарады; фирманың негізгі персоналын жұмысқа шақыру кезінде маңызды роль атқарады.

Нәтижесінде келесі сұраққа жауап табуға мүмкіндік туады: «осы жобаға ақша салуға бола ма, ол барлық күш пен құралдар шығынын ақтап кіріс әкеле ме, тәуекелділігі жоғары емес пе?»

Сонымен, бизнес-жоспар фирманың ішкі құжаты ғана емес, сонымен бірге ол инвесторлар тарту үшін де қолданылуы мүмкін.

Инвестор қаржы салмастан бұрын жобаның мұқият дайындалғандығына сенімді және оның тиімділігі жөнінде хабардар болуы керек.

  1. Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері

Курстық жұмыс студенттің жеке дербес жұмысы болып табылады және оқытушыларға оқу жоспарында қарастырылған сәйкес пәнді оқыту кезінде алынған білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың негізгі оқу-әдістемелік міндеттері болып келесілер табылады:

  1. бірінші кезекте бизнес-жоспарлау пәні және сондай-ақ бизнес-жоспарлауда әдістері қолданылатын пәндер бойынша студенттердің білімдерінің тереңдігі мен игеру негізділігін анықтау.
  2. ғылыми және басқару зерттеулері мен жобалауды жүргізу дағдыларын меңгеру деңгейін, ғылымның қорытындылары мен ұсыныстарын нақты өндірістік-шаруашылықтық міндеттерді шешуге қолдана білу деңгейін анықтау.
  3. Студенттердің дайындаған ұсыныстарын тәжірибеде іске асырудағы әдістемелік және ұйымдастырушылық қабілеттерін анықтау.

Курстық жұмысқа талаптардың жалпы сипатамасы келесідей анықталуы керек:

  1. Курстық жұмыс нақты өндірістік материалдар негізінде дайындалуы керек, оның тақырыбы студент тәжірибеден өткен немесе жұмыс жасайтын кәсіпорынның нақты өндірістік міндеттерімен негізделуі қажет. Кусртық жұмыс кәсіпорынды басқару бойынша нақты ұсыныстардан тұруы тиіс.
  2. Курстық жұмыс кешенді сипаттта болуы тиіс, яғни оны орындау кезінде жобалау объектісінің макроэкономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, маркетингтік, қаржылық-экономикалық, өндірістік-технологиялық, ұйымдық жағы қарастырылады.
  3. Курстық жұмыстың ұсыныстары мен қорытындылары зерттеу және жобалау әдістерін негіздеудің жоғары деңгейі болуы тиіс.
  1. Курстық жұмыстардың үлгілік тақырыптары

1. Балаларға арналған тоқыма бұйымдарын шығару бойынша фирманың бизнес-жоспары

2. Контейнерлік типтегі саяжай үйлерінің өндіоісі бойынша фирманың бизнес-жоспары

3. Баспа қызметтерін көрсету бойынша фирманың бизнес-жоспары

4. Флордизайн қызметтерін көрсету бойынша фирманың бизнес-жоспары

5. Экологиялық таза ауыз суын өндіру бойынша фирманың бизнес-жоспары

6. Би клубтарын құрумени байланысты фирманың бизнес-жоспары

7. Үй шатырына арналған бұйымдар өндірісі бойынша фирманың бизнес-жоспары

8. Киім-кешек өндірісі бойынша фирманың бизнес-жоспары

9. Кеңселер мен дүкендердің терезелері мен витриналарын рәсімдеу бойынша фирманың бизнес-жоспары

10. Азық-түлік өнімдері мен қоғамдық тамақтану өнімдерін өндіру бойынша бизнес-жоспар

11. Сұйық әйнек өндірісі бойынша фирманың бизнес-жоспары

12. Көрнекілік балықтар өсіру және сервистік қызмет көрсету бойынша фирманың бизнес-жоспары

13. Электрогитар дайындау бойынша фирманың бизнес-жоспары

14. Дәрілік препараттар өндірісі бойынша фирманың бизнес-жоспары

15. «Тауарларды сақтау және өткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған қойма» фирманың бизнес-жоспары

16. Мамандандырылған тіркеуші қызметін көрсету бойынша «Металлургияның инвестициялық компаниясы» фирмасының бизнес-жоспары

17. Кеденшілердің тексеру кешендерін өндіру бойынша фирманың бизнес-жоспары

18. Қымбат бағалы металдарды қайтадан өңдеу бойынша фирманың бизнес-жоспары

19. Қара нан өндіру және өткізу бойынша фирманың бизнес-жоспары

20. Азық-түлік өнімдерінің және тауарлардың саудасы бойынша фирманың бизнес-жоспары

21. Ет өнімдерін өндіру бойынша фирманың бизнес-жоспары

22. Ағаш және болат есіктерді өндіру және өткізу бойынша фирманың бизнес-жоспары

23. Сүт өнімдерін өндіру бойынша фирманың бизнес-жоспары

24. Экологиялық көрме іскерлік орталығын құру бойынша фирманың бизнес-жоспары

25. Әйнек кесу бойынша фирманың бизнес-жоспары

26. Шағын бизнес үшін банк ұйымдастырудың бизнес-жоспары

27. «Балмұздақ кафесі» фирмасының бизнес-жоспары

28. Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету бойынша фирманың бизнес-жоспары

29. Қант саудасы бойынша фирманың бизнес-жоспары

30. Микросызбалар дайындау бойынша фирманың бизнес-жоспары

31. «Балет билері мектебі» бойынша фирманың бизнес-жоспары

32. «Дәмхана» фирмасының бизнес-жоспары

33. Автокөліктерге қосалқы бөлшектер сату бойынша фирманың бизнес-жоспары

34. Ауыл шаруашылығы өндімдерін өндіру бойынша бизнес-жоспар

35. Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі бойынша бизнес - жоспар

36. Қымыз өндірісі бойынша бизнес - жоспар

37. Шұбат өндірісі бойынша бизнес - жоспар

38. Астық сақтау қоймасы қызметін көрсету бойынша бизнес - жоспар

39. Тері өндірісі және оны өңдеу бойынша бизнес - жоспар

40. Пластикалық терезелер мен есіктер дайындау бойынша бизнес - жоспар

41. Шаштараз қызметін көрсету бойынша бизнес - жоспар

42. Шағын кафе қызметін көрсету бойынша бизнес - жоспар

43. Автосервис қызметін ұйымдастыру бойынша бизнес - жоспар

44. Азық-түлік дүкен бойынша бизнес - жоспар

45. Сауда үйі қызметін көрсету бойынша бизнес - жоспар

46. Автотұрақ қызметін көрсету бойынша бизнес - жоспар

47. Бау-бақша өнімдерінің өндірісі бойынша бизнес - жоспар

48. Балық өнімдерін өндіру және өңдеу бойынша бизнес - жоспар

49. Жиһаз салонын ұйымдастыру бойынша бизнес - жоспар

50. Жиһаз құрастыру және дайындау цехы бойынша бизнес - жоспар

51. Жанармай құю бекетінің қызметін ұйымдастыру бойынша бизнес - жоспар

52. Автотакси қызметін көрсету бойынша бизнес - жоспар.

53. Құрылыс материалдарын өндіру цехы бойынша бизнес - жоспар

54. Сақтандыру қызметін көрсету бойынша бизнес - жоспар

55. Ойыншықтар өндіру цехы бойынша бизнес - жоспар

56. Автокөлікпен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бойынша фирманың бизнес-жоспары

57. Несие карталарын пайдалануға болатын автожанармай құю станцияларын құру бойынша фирманың бизнес-жоспары

58. Контейнерлік жүк автомобильдерін тасымалдауды ұйымдастыру бойынша фирманың бизнес-жоспары

59. Керамикалық бұйымдар өндіру бойынша фирманың бизнес-жоспары

60. «Сұлулық салоны» фирмасының бизнес-жоспары

61. Бейне және аудио аппаратураларды жөндеу бойынша фирманың бизнес-жоспары

62. Нөмір анықтағышы бар көпбейінді телефондар өндірісі бойынша фирманың бизнес-жоспары

63. Кірпіш және төбе шатырын өндіру бойынша фирманың бизнес-жоспары

64. Күзет қызметтерін көрсету бойынша фирманың бизнес-жоспары

65. Дербес компьютерлер құрастыру бойынша фирманың бизнес-жоспары

66. Фото жұмыстарын орындау бойынша фирманың бизнес-жоспары

  1. Курстық жұмыстың құрылымы және мазмұны

Курстық жұмысты қажетті әдебиеттер, кезеңдік басылымдар мен нақты кәсіпорынның материалдарын таңдау және оқып білуден қажет.

Курстық жұмыс келесі мазмұннан тұруы тиіс:

  1. титуль беті (1-қосымша) ;
  2. мазмұны (тараулар) ;
  3. кіріспеден, бизнес-жоспар бөлімдерінен, қорытындыдан тұратын жұмыстың мәтіні;
  4. пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
  5. қосымша

Курстық жұмыстың басында әр тарау мен бөлімдері бойынша беттері көрсетілген жоспар келтіріледі.

Кіріспеде зерттелетін проблеманың өзектілігін негіздеу, зерттеудің мақсаты мен міндетін анықтау керек; жұмысты жазу кезінде пайдаланылған ақпарат көздері мен объектіні ашып көрсету қажет.

Бірінші тарауда зерттелетін проблемалардың теориялық сұрақтарын қарастыру қажет. Ол үшін бұл проблема бойынша жетекші ғалым - экономистердің еңбектерін, ҚР Президентінің жарлықтарын, халық шаруашылығын дамыту сұрақтары бойынша үкіметтің шешімдерін оқып зертетуі және осы проблема бойынша өзінің көзқарасын білдіруі қажет. Экономикалық процестерді оқып білуі үшін көрсеткіштер жүйесін белгіліп және негіздеу тиіс.

Екінші тарауда (курстық жұмыстың талдау бөлігі) зерттелетін объектінің ұйымдық - экономикалық сипаттамасы беріледі (кәсіпорынның орналасуы, кәсіпорынның мамандандырылуы және өндірістік бағыттары, өндіріс көлемі; кәсіпорынның өндірістік ресурстармен қамтамасыздығы; кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық қызметін сипаттайтын негізгі экономикалық көрсеткіштер) ; қарастырылатын сұрақтардың қазіргі жағдайына талдау жүргізіледі, жекелей алғанда: нақты материалда өндірісті дамыту деңгейі (өндірістік, жер, еңбек, материалдық және т. б. ресурстардың пайдалану деңгейі) және оған әсер ететін факторлар көрсетіледі; өндірістің экономикалық тиімділігі (ресурстарды пайдалану) ; өндірістің қалыптасқан мамандандыру, көлемі және интенсивтілігіне өндіріс факторларының сәйкестігін бағалау жүргізіледі.

Үшінші тарау (курстық жұмыстың есептік-құрастырмалы бөлігі) орталық бөлігі болып табылады. Бұл тарауда ұсынылатын іс-шаралардың экономикалық негіздемесі беріледі. Ұсынылатын іс-шаралардың мақсаттылығы мен нақтылығы сәйкес есептеулермен немесе нақты мәліметтермен нақтыланады. Жұмыстың бұл тарауы студенттің творчестволық жұмысының нәтижесін білдіруі тиіс және тақырып пен тиімді шешімдердің болашақтық сұрақтарын жүйелі дайындаудан тұруы керек.

Қорытынды мен ұсыныстар жүргізілген зерттеулерден алынған нәтижені көрсетуі, нақты, түсінікті, дәл болуы және автор дайындамасынан шығуы тиіс.

Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттердің библиографиялық тізімі көрсетіледі.

Бизнес-жоспардың бөлімдері:

1 бөлім. Жоба сипаттамасы (түйіндеме)

Жоба сипаттамасы (түйіндеме) келесі мәліметтерді кірістіруі мүмкін:

  • бизнес-жоспардың мақсаты мен міндеті;
  • кәсіпорынның сипаттамасы мен тарихы;
  • басқару персоналы және оның біліктілігі жөнінде, осы жобаға басқару персоналының қандай қабілеттерін пайдаланатындығы жөнінде қысқаша мәліметтер;
  • кәсіпорын өнімінің нарықтағы және саладағы артықшылықтары;
  • кәсіпорынның ресурстары, оның қаржылық жағдайы;
  • кәсіпорынның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді стратегиясы, өндірістің және кіріс өсімінің мүмкіндігі, қандай кіріс алу көзделген, уақыттың қай кезеңінде;
  • зерттелетін өндіріске қатысты нарықтағы және саладағы жағдайдың сипаты;
  • инвестицияға қажетілік, оларды пайдалану бағыттары, көзделетін қаржыландыру көздері, қарыз қаражаттарын қайтару тәртібі;
  • кәсіпорын қандай тәуекелдер күтуі мүмкін және олардың деңгейі қандай болмақ;
  • жобаның экономикалық негізделуі және тиімділігі.

Сонымен, түйіндеме бизнес-жоспардың қысқаша сипатын білдіреді. Оның көлімі машинамен жазылған мәтінде үш беттен аспауы тиіс. Түйіндеме ең соңғы кезекте жазылады, осыған байланысты мәтін әдетте бизнес-жоспардың өзге бөлімдерінің басты фразларынан құралады.

Түйіндеменің міндеті - қысқартылған формада бизнес-жоспардың негізгі идеяларын ұсыну, сондай-ақ қажет жағдайда потенциалды әріптестің, инвестордың немесе кредитордың назар аударту және қызығушылығын ояту.

2 бөлім. Кәсіпорынның, саланың, өнімнің жалпы сипаттамасы

Кәсіпорынның сипаттамасы келесі мәліметтерді кірістіреді:

  • кәсіпорынның толық және қысқартылған атауы, тіркелу мерзімі мен жері, заңды мекен-жайы, банктік реквизиттері;
  • жобаның бастамашысы;
  • кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасы;
  • жарғылық капиталдың көлемі;
  • жарғылық қордағы үлесі көрсетілген құрылтайшылар;
  • басқарудың ең жоғарғы буынының менеджжерлері - кәсіпорын директорының, бас бухгалтердің сипаттамасы (аты-жөні, жасы, білімі, біліктілігі, осыған дейінгі үш лауазымы және жұмыс орны, әр лауазымдағы жұмыс істеу мерзімі, коммерциялық құрылымдардағы, соның ішінде басқарудың жоғарғы және ортаңғы буынындағы жұмыс өтілі) ;
  • кәсіпорын қызметінің негізгі түрі;
  • кәсіпорын миссиясының сипаты;
  • бәсекелестер мен кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын бағалау.

Бәсекелестер мен кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын талдау және бағалауды кесте түрінде рәсімдеуге болады (Кесте 1)

Кесте 1

Бәсекелестер мен кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын талдау

Кәсіпорынды сипаттайтын факторлар: Кәсіпорынды сипаттайтын факторлар
Артықшылығы: Артықшылығы
Кемшілігі: Кемшілігі
Бағасы: Бағасы
Кәсіпорынды сипаттайтын факторлар:

Кәсіпорын менеджменті

• Кәсіпкерлік мәдениет және философия • Мақсаты және қалыптасатын стратегиялар Қызметкерлерді ынталандыру жүйесі

Артықшылығы:
Кемшілігі:
Бағасы:
Кәсіпорынды сипаттайтын факторлар:

Өндіріс

• Құрал-жабдықтар • Өндірістік желілердің икемділігі • Өндірістік жоспарлау мен басқарудың сапасы

Артықшылығы:
Кемшілігі:
Бағасы:
Кәсіпорынды сипаттайтын факторлар:

Ғылыми зерттеулер мен ізденістер

• Интенсивтілігі және нәтижелер • Ноу-хау • Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану

Артықшылығы:
Кемшілігі:
Бағасы:
Кәсіпорынды сипаттайтын факторлар:

Маркетинг

• Өткізуді ұйымдастыру • Өткізу филиалдарының орналасуы • Маңызды өнімдердің «өмірлік циклінің» фазасы

Артықшылығы:
Кемшілігі:
Бағасы:
Кәсіпорынды сипаттайтын факторлар:

Кадрлар

• Жасы бойынша құрылымы • Білім деңгейі • Персонал еңбегін ынталандыру және біліктілігі

Артықшылығы:
Кемшілігі:
Бағасы:
Кәсіпорынды сипаттайтын факторлар:

Қаржылар

• Өзіндік капиталдың үлесі (капитал и резерв) • Қаржылық жағдайдың деңгейі • Несиені алу мүмкіндігі

Артықшылығы:
Кемшілігі:
Бағасы:

Одан әрі кәсіпорын өнімі тұтынушы көзқарасы тұрғысынан сипатталады, оның кешенді бағалауы жүргізіледі, өнімді жетілдіру қажеттілігі негізделеді.

Өнім (тауар) жөнінде келесідей мәліметтер келтіріледі: қолдану саласы, қандай қажеттілікті қанағаттандырады; қолданудың екінші деңгейлі саласы; сапа көрсеткіштері (ұзақ мерзімділігі, сенімділігі, пайдалану және жөндеу қарапайымдылығы және қауіпсіздігі, ақау проценті және т. б. ) ; сыртқы рәсімделуі және қорапталуы; патентпен қорғалғандығы; шығаруға жоспарланған өнімнің артықшылығын сипаттау; тауардың күшті және әлсіз жақтары (кесте 2) ; өзге тауарлармен салыстыру; өнімді жетілдірудің негізгі бағыттары.

Кесте 2

Тауардың күшті және әлсіз жақтары

реттік№: реттік№
Тауардың күшті және әлсіз жақтарын оқу кезіндегі сұрақтардың қойылуы: Тауардың күшті және әлсіз жақтарын оқу кезіндегі сұрақтардың қойылуы
Өнімнің күшті жақтары: Өнімнің күшті жақтары
Өнімнің әлсіз жақтары: Өнімнің әлсіз жақтары
реттік№: 1
Тауардың күшті және әлсіз жақтарын оқу кезіндегі сұрақтардың қойылуы: Сіздің өніміңіз бағытталған нарықтың сегментін анықтай аласыз ба?
Өнімнің күшті жақтары:
Өнімнің әлсіз жақтары:
реттік№: 2
Тауардың күшті және әлсіз жақтарын оқу кезіндегі сұрақтардың қойылуы: Сіздің тұтынушыларыңыздың сұраныстарын зерттеп білдіңіз бе?
Өнімнің күшті жақтары:
Өнімнің әлсіз жақтары:
реттік№: 3
Тауардың күшті және әлсіз жақтарын оқу кезіндегі сұрақтардың қойылуы: Тұтынушыларға сіздің өніміңіз (қызметіңіз) қандай артықшылықтар ұсынады?
Өнімнің күшті жақтары:
Өнімнің әлсіз жақтары:
реттік№: 4
Тауардың күшті және әлсіз жақтарын оқу кезіндегі сұрақтардың қойылуы: Сіз өзіңіздің өніміңізді (қызметіңізді) оны пайдаланатын тұтынушыларға тиімді жеткізе аласыз ба?
Өнімнің күшті жақтары:
Өнімнің әлсіз жақтары:
реттік№: 5
Тауардың күшті және әлсіз жақтарын оқу кезіндегі сұрақтардың қойылуы: Сіздің өніміңіз (қызметіңіз) өзге өндірушілердің өнімдерімен (қызметтерімен) сапа, сенімділік, пайдалану және өзге де тауарлық сипаттамалар, баға, сұранысты ынталандыру, таралу аймағы бойынша табысты бәсекеге түсе ала ма?
Өнімнің күшті жақтары:
Өнімнің әлсіз жақтары:
реттік№: 6
Тауардың күшті және әлсіз жақтарын оқу кезіндегі сұрақтардың қойылуы: Сіздің өніміңіз (қызметіңіз) «өмірлік циклдің» қандай кезеңінде екендігін түсене аласыз ба?
Өнімнің күшті жақтары:
Өнімнің әлсіз жақтары:
реттік№: 7
Тауардың күшті және әлсіз жақтарын оқу кезіндегі сұрақтардың қойылуы: Өнімнің жаңа түрлеріне қатысты сіздің идеяңыз бар ма?
Өнімнің күшті жақтары:
Өнімнің әлсіз жақтары:
реттік№: 8
Тауардың күшті және әлсіз жақтарын оқу кезіндегі сұрақтардың қойылуы: Өнімнің (қызметтің) маңызды әртүрлі сипаты және моралдық ескіру деңгейі тұрғысынан оның теңдестірілген ассортиментіне иесіз бе?
Өнімнің күшті жақтары:
Өнімнің әлсіз жақтары:
реттік№: 9
Тауардың күшті және әлсіз жақтарын оқу кезіндегі сұрақтардың қойылуы: Тұтынушылардың сұранысына сәйкес сіз өзіңіздің өніміңізді үнемі жаңартуды жүргізесіз бе?
Өнімнің күшті жақтары:
Өнімнің әлсіз жақтары:
реттік№: 10
Тауардың күшті және әлсіз жақтарын оқу кезіндегі сұрақтардың қойылуы: Жаңа өнім құру саясатын жүргізесіз бе?
Өнімнің күшті жақтары:
Өнімнің әлсіз жақтары:
реттік№: 11
Тауардың күшті және әлсіз жақтарын оқу кезіндегі сұрақтардың қойылуы: Бәсекелестер сіздің өніміңізді (қызметіңізді» көшіріп алуы мүмкін бе?
Өнімнің күшті жақтары:
Өнімнің әлсіз жақтары:
реттік№: 12
Тауардың күшті және әлсіз жақтарын оқу кезіндегі сұрақтардың қойылуы: Сіздің өндірістік идеяларыңыз сауда және фабрикалық марка, патенттермен жақсы қорғалған ба?
Өнімнің күшті жақтары:
Өнімнің әлсіз жақтары:
реттік№: 13
Тауардың күшті және әлсіз жақтарын оқу кезіндегі сұрақтардың қойылуы: Тұтынушылардың шағымына көңіл бөлесіз бе?
Өнімнің күшті жақтары:
Өнімнің әлсіз жақтары:
реттік№: 14
Тауардың күшті және әлсіз жақтарын оқу кезіндегі сұрақтардың қойылуы: Тұтынушылар тарапынан шағымдар мен арыздар саны азаюда ма?
Өнімнің күшті жақтары:
Өнімнің әлсіз жақтары:

3 бөлім. Нарықты жәнеи негізгі бәсекелестерді талдау

Бизнес-жоспардың бұл бөлімінде келесі сұрақтарға басты назар аудару қажет: нарықтың көлемін (сыйымдылығын) анықтау; нарықтың тығыздылығы деңгейі; сыйымдылықтың және жақын болашақтағы нарықтың тығыздылығының өзгеруінің қарқыны; өткізудің неғұрлым болашағы бар нарықтарын анықтау, негізгі бәсекелестерді бағалау (кесте 4) .

Кесте 3

Өткізу нарығын бағалау

№ п/п: № п/п
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Жақын арадағы тұрғындар пункті немесе қала: Жақын арадағы тұрғындар пункті немесе қала
100 км шеңберіндегі тұрғындар пункті: 100 км шеңберіндегі тұрғындар пункті
100 км қашықтықтағы нарықтар: 100 км қашықтықтағы нарықтар
№ п/п: 1
Көрсеткіштер: Сұраныс деңгейі
Жақын арадағы тұрғындар пункті немесе қала:
100 км шеңберіндегі тұрғындар пункті:
100 км қашықтықтағы нарықтар:
№ п/п: 2
Көрсеткіштер: Сұранысты қанағаттандыру деңгейі
Жақын арадағы тұрғындар пункті немесе қала:
100 км шеңберіндегі тұрғындар пункті:
100 км қашықтықтағы нарықтар:
№ п/п: 3
Көрсеткіштер: Бәсеке деңгейі
Жақын арадағы тұрғындар пункті немесе қала:
100 км шеңберіндегі тұрғындар пункті:
100 км қашықтықтағы нарықтар:
№ п/п: 4
Көрсеткіштер: Өнімді сатып алуға дайын тұтынушылар үлесі
Жақын арадағы тұрғындар пункті немесе қала:
100 км шеңберіндегі тұрғындар пункті:
100 км қашықтықтағы нарықтар:

Кесте 4

Бәсекелестерді талдау және бағалау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БИЗНЕС-ЖОСПАР: Фотостудия
Туристік бизнес жайлы
Туризм – құқықтық реттелу объектісі ретінде
Туристік қызмет нарығында заманауи-ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері
ЖШС «Компас Тревел» турфирмасы
Бизнестің мүмкіндіктері мен өндірістің стратегиясы
Графикалық жарнамалардағы геометриялық фигуралардың маңыздылығы
Нақты маркетинг тұжырымдамасының схемасы
Қонақ үй маркетингі және қонақтарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Кредиттік оқу жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz