Дене дайындығының ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Самбо күресімен шұғылданатын жас спортшылардың техникалық-тактикалық дайындықтарының ғылыми теориялық негіздері

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

АНЫҚТАМАЛАР

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕРУЛЕР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 СПОРТТЫҚ КҮРЕСТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1 Спорттық күрестің тарихы және оның Қазақстанда дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.2 Самбо күресіндегі техникалық дайындық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.3 Самбодағы жатып күресудің техникалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ...

1.4 Самбо күресіндегі тактикалық дайындықтың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .

1.5 Дене дайындығының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 ЖАС балуандарДЫҢ ЖАТТЫҒУ КЕЗІНДЕГІ ЖАЛПЫ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҚТАРЫ

2.1 Жас балуандардың техникалық-тактикалық дайындықтарын оңтайландыру мақсаты мен жаттығу әдістерін өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.2 Жас балуандардың дене дайындығының әдістемелік негіздері ... ... ... ...

2.3Жас балуандардың техникалық-тактикалық дайындықтарының көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.4 Тәжірибелік жұмыстардың мазмұны және нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

АНЫҚТАМАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1
СПОРТТЫҚ КҮРЕСТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.1
Самбо күресіндегі техникалық дайындықтың ерекшеліктері ... ... ...

1.2
Самбо күресіндегі тактикалық дайындықтың ерекшеліктері ... ... ...

1.3
Дене дайындығының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ САРАПТАМАСЫ ... ...

2.1
Зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.2
Зерттеудің ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ... ... ... ... ... ..

3.1
Жас балуандардың техникалық-тактикалық дайындықтарының көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.2
Тәжірибелік жұмыстардың мазмұны және нәтижесі ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1. Осы дипломдық жұмыстағы сілтемелер келесі стандарттарда қолданылған:
2. ГОСТ 7.32-2001;
3. Ғылыми-зерттеу жұмыстары жайында есеп;
4. Жазу құрлымы және ережесі;
5. ГОСТ 7.1-2009;
6. Библиографиялық жазу;
7. Библиографиялық суреттеу;
8. Жалпы талаптар және құрастыру ережесі.

АНЫҚТАМАЛАР

Қимыл-іс әрекеттері - адамның еңбек, тұрмыстық, ойынды және басқада мақсаттарда жүзеге асыратын көптеген қимыл қозғалыстарының жиынтығы.
Қимыл дағдысы - құрамды элементтері автоматты түрде орындалатын қимылдар жиынтығы.
Дене тәрбиесі - адамға тән қимыл әрекеттерімен тәрбиелеуді үйрету үдерісі.
Дене шынықтыру - адамның денелік дамуын жетілдіру ден саулығын нығайту, қимыл әректеттерін жетілдіру мақсатында жасалатын, қолданылатын рухани және материалдық құндылықтар.
Дене жаттығулары - дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға арналған және оның заңдылықтарына бағынатын қимыл әрекетінің түрлері.

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР

АҚ - артериялық қан қысымы;
ДЖҚ - дене жүктемесі қарқыны;
ЖДД - жалпы дене дайындығы;
ЖДЖ - жалпы дамыту жаттығулары;
ЖСЖ - жүрек соғу жиілігі;
СҚ - систолалық артериялық қысым;
ДҚ- диастолалық артериялық қысым;
ПАД- пульстік артериялық қысым;
МҚК- минуттық қан көлемі;
СК- систолалық қан көлемі;
ГССИ- Гарвард степ-сынақтамасы индексі (ГССИ);
ҚазАСТ - Қазақтың спорт және туризм академиясы

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. Бүгінгі таңда жоғары мораль және адамгершілік ахуалын қалыптастыру проблемасы өсіп келе жатқан жасөспірімдер өмірінің өзге де салалары сияқты дене тәрбиесі және спорт аса үлкен маңызға ие.
Егеменді еліміздің олимпиадалық ойындарында қай спорт түрінен болмасын, үлкен жетістіктерге жетуінде жасөспірім спотшыларды дайындау мектебінің үлкен орын алатындығы белгілі, әйтсе де олардың дене дайындығы мен жаттығуларына арнаған ғылыми және тәжірибелік әдебиеттердің ойдағыдай толық емес екендігі абыржытады.
Еліміздің және алыс-жақын шетелдің мамандырының тәжірибелік ұсыныстар мен зерттеулерінде, палуандардың тәжірибелік ұсыныстармен зерттеулері мен жетістіктерге жетуіне бірден бір үлкен орын алатын негізгі мәселе, ол олардың технико-тактикалық және дене дайындықтарын жетілдіру екендігін басып көрсетеді.
Біздің бұл зерттеуіміздің маңыздылығы:Қазақстандағы өсіп келе жатқан жас палуандардың техникалық тактикалық дайындығын жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі әлі пайдаланылмаған қордағы жаңа мүмкіндіктерді іздестіру мен тығыз байланысты.
Сондай мүмкіндіктерді, біз алғашқы жылғы 16-17 жастағы жасөспірім самбошылардың бір жылғы технико-тактикалық меңгеру қабілетімен және айналысу мерзімінде олардың дене дайындықтарына әсер ету жиілігін зерттеу жұмысы жүргізілді.
Халқымыздың жан тәнімен құмарта шұғылданатын, ата-бабамыздан қалған, ұрпақтан - ұрпаққа мұра етіліп келе жатқан спорт түрі бұл- күрес.
Қазақстандағы осы спорт өнеріне үлкен үлес қосқанағаларымызды атап өтсек артық болмас. Олардың қатарына: қазақ күресінің атасы деп айтарлық, белгілі палуан ҚажымұқанМұңайтпасов, Балуан Шолақ, Молдабай палуан т.б., бертінірек келе тұңғыш қазақ олимпиада жүлдегері Жақсылық Үшкемпіров,Шәміл Серіков, А. Ғабсаттаров, Ә. Айханов, Қ. Байдосов, А.Бүғыбаев, Д. Түрлыханов, Б. Байсейітов, Қ. Мысықбаев т.б.палуандарымыз жатады..
Жалпы елімізде өте жоғары дамыған күрес спорты (оның ішінде самбо күресі) қазіргі жастарды тәрбиелеуде, оларды күштілікке, төзімділікке, ептілікке, икемділікке баулый отырып, қазақ халқын әлемде өз орнын табуға, әйгілі етуге жол салады.
Зерттеудің мақсаты: жас самбошылардың жалпы және арнайы дене дайындығын арттыру жолдарын қарастырып, ұсыну
Зерттеудің нысаны: алғашқы жылғы самбо күресімен айналысушы жасөспірімдердің қимыл - қозғалыстарының қалыптасуы, белдесуді алып жүруі, дене дайындықтарын байқау және оның әдістемесі.
Зерттеудің пәні: спорттық жаттығудағы бапкердің педагогикалық қызметі, оның жасөспірім палуандардың жаттығу әрекетіне байланысты, жаттығудың ерекше тәсілдері мен әдістерін мақсаттылық пен қолдану негізі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: самбо күесімен айналысатын жас балуандардың жалпы және арнайы дене дайындығы әдістерін жетілдіру
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: ғылыми-әдістемелік және тарихи түпнұсқаларды жинақтау, ҚР заңнамалық кесімдеріне, ресми статистика мен құжатнамалық материалдарға талдау жасау, анкеталық сауалнама, педагогикалық бақылау, күрескерлердің жарыстағы әдіс-қимылдарын тіркеу, дене дайындық сынақтары, педагогикалық эксперимент, математикалық статистика әдістері.
Зерттеудің тәжірибеге қажеттігі. Бұл жиналған мәліметтер бойынша Қазақстанда жасөспірімдердің техникалық тактикалық қорларын байытуға, күшейтуге ықпалын тигізеді.
Самбо күресіндегі дайындау әдістемелерін жасауға және жаттығу барысында, белдесу үстінде қолдану дайындығын жетілдіруге негіз бола алады.
Бұл жұмысты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, физиология ғылымының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы профессор мен спорт шеберіне үміткер жас жаттықтырушы автордың ғылыми практикалық қызметіндегі екі жылдық оқу мерзімі ішіндегі әдістемесін- эксперименталды зерттеулерінің нәтижесі көрсетілген.
Зерттеудің міндеттері мен ұйымдастырылуы:
- самбо күресінің әдістерін үйрету жолдары
- самбо күресіндегі әдіс тәсілдерінің түрлерін анықтау, оларды жүйелеу;
- зерттей келе әдістердің жеңіске жетудегі тиімді жағын анықтау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Жұмыс 3 тараудан, 7 тармақшадан, кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиет тізімінен, оның ішінде 9 суреттен және 5 кестеден тұрады.

1 СПОРТТЫҚ КҮРЕСТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

0.1 Самбо күресіндегі техникалық дайындықтың ерекшеліктері

Жасөспірімдер арасындағы алғашқы біріншілік 1979 жылы Испанияның Мадрид қаласында өткізілді. Осы жарыстаМонғолияның, Болгарияның, Испанияның және Францияның жас самбошылары жақсы өнер көрсетті.
Қазіргі спорт өзінің өте ерте мамандандырылғаныменсипатталды, алғашқы дайындық кезеңінің өзінде-ақ техникалық - тактикалық негіз қаланады.Кейінгі кездері шыныққан жастардың көбі күресөнеріне қызығушылықтарын танытты.
Бұл осы саладағы мамандардың жас балуандарды алғашқы үйретудің теориялық және әдістемелік негіздерін жасауға бет бұруын талап етеді. Көптеген мамандардың В.В. Громыков, 1968; В.С. Белов, О.П.Южков, 1974; О.П. Юшколов, В.П. Сердюк 1983; И.А.Конратский, 1985; Г.С. Туманян, 1987 т.б. [15,16]. зерттеулері менеңбектеріне қарамастан бастапқы үйретудің дәстүрлі әдістемесіжаттығушылардың жас ерекшеліктеріне толығымен есепкеалмайтынын көрсетіп отыр.
Ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау жас самбошыларды бастапқы дайындаудағы техникалық - тактикалық әрекеттерге үйрету әдістері негізгі жарыс кезіндегі ең соңғытехникалық әрекеттер болып келеді. Оның үстіне көптеген тәсілдер (әртүрлі тұрыста қалыптан шығару, басып алу және басып алудан босау, ығыстыру, үйреншікті емес жағдайда белдесуді бастау) ол әдістерді меңгеріп алғаннан кейін үйретіледі.
Бірақ бұл әрекеттер айқас кезіндегі әдістердің негізін құрайды.
Күрестің кез-келген түрі сияқты самбода да алғашқы жаттығулар сақтану, дұрыс құлау т.б. қауіпсіздік шараларына байланысты іс-қимылдардан басталады. Төмендегі 1 суретте (а,б,в,г) алға домалаудың үлгісі бейнеленген [17,18].

1 сурет - Алға домалау

Жүресінен отырып алға домалаған сияқты артқа да аунап түсуге болады.2 суретте артқа аунаудың техникасы бейнеленген. Палуан жүресінен отырған бойда арқасына құлап бара жатып жауырыны клемге тиген сәтте аударылып аяққа қайта тұрады.

2 сурет - Артқа құлаудың техникасы

3 сурет - Алға құлау техникасы

Алға құлаған сәттерде кілемге бетімен құламау үшін қолымен тіреліп сақтану керек. Бұл кезде қолдар шынтақтан бүгіліңкі болу керек. Алдымен дұрыс құлауды жетілдіру үшін жаттығуларды күрделендіріп, арттан аяқтан ұстап құлатып дайындалған дұрыс (3 сурет а,б,в,г).
Күрес техникасы құрылымы жағынан әртүрлі көптеген тәсілдерден тұрады. Күрестің әр тәсіліне ат қою мүмкін емес. Тәсілдің атының дұрыс болуы оны нақты түсінуге көмектеседі:
Тәсілдің атын анықтау үшін мынадай ережелер бекітілген [20].
Тәсілдің аталуы екі немесе үш бөліктен тұрады:
1) Бірінші бөлім тәсілдерінің негізгі техникалық белгісінкөрсетеді. Мысалы: лақтыру, жығу, айналдыру, ұстап тұру, иін, түйін, бастыру.
2) Екінші бөлім тәсіл құрамындағы негізгі элементке сипаттама береді. Мысалы бүгіп лақтыру, ұрып жығу, жанымен іліп лақтыру, жанымен ұстау, көлденең түйін, шынтақ иіні.
3) Үшінші бөлім тәсілдің бөлшектерін, қосымша қозғалыстарды анықтап, олардың бағыттары мен ерекшеліктерін анықтайды. Мысалы: қолы мен денесін, ұстай отыра иіп лақтыру; қолынан ұстап алыпжанынаніліп алып лақтыру; басы мен қолын ұстап алып, жанымен ұстау; қолдарын аяғының арасына қысып алып, шынтағын ию, етбетінен жату т.б.
Кейбір ұзақ терминдерді мағынасы өзгермейтіндей етіп, қысқартуға болады. Мысалы: жанынан іліп алып лақтыру терминін жанынан лақтыру деп өзгертеміз.
Тәсілді атаудың үшінші бөлімінің сөз саны өте көп болады. Мысалы дененің қандай бөлігін ұстау керек, қай жағынан, қандай жағдайда.
Сонымен, балуан орындайтын қозғалыс жаттығулары мен олардың қалыпты жағдайларының төмендегідей атаулары бар:
Алға, артқа, жанына, жоғары, төмен атаулары шабуыл жасалынып жатқан балуанға қатысты айтылған. Өзіне қарай, өзінен, өзіне тарту, оңға, солға, өзінен ары қарайбағыттары шабуыл жасаушы балуанға қатысты алынған [21].
Шабуыл жасаушының қарсыласына қатысты орны алдынан, артынан, төбеден, төменнен, бүйірден, көлденеңнен, йық тұсынан, бас жағынан, аяқ жағынан, үстінен болуы мүмкін. Бүл жерде балуандардың екеуінің де қалпы еске алынатын бағыттар бар - екеуі де түрегеп тұр, екеуі де жатыр, күресушілердің біреуі түрегеп тұр біреуі жатыр.
Шабуыл жасаушысының денесі қарсыласының денесіне мынадай қатыста болуы мүмкін: жоғарыдан, төменнен, алдынан, артынан, сыртынан, ішінен, қолдарының арасынан, аяқтарының арасынан т.б.
Қозғалыстың екі элементін не қозғалыстарды өзара байланыстыру үшін мен, және жалғаулары қолданылады.
Дененің белгілі бір бөлігін ұстауды анықтау және жалғауы арқылы байланысса, яғни бір қол дененің бір бөлігін ұстаса, екіншісі екінші бөлігін ұстаған мысалы. Денені және қолды ұстауегер мен жалғауы жалғанса, онда дененің екі бөлігі бірге жанасып қолдың саусақтары бірігеді, мысалы: денені қолмен құшақтау.
Егер мен жалғауы жалғанса, онда дененің екі бөлігі бірге жанасып қолдың саусақтары бірігеді. Мысалы денені қолмен құшақтау.
Егер мен жалғауы тәсілдегі екі элемент әрекет үшін қолданылса, онда бірінші әрекет негізгі, екінші әрекет қосымшаекендігін білдіреді [22].
Қарсыласты алға оң жаққа тепе-теңдіктен шығарып құлату. Сол қолмен қарсыласты жұлқып өзіңе тартып, оң аяғына көтерілуге мәжбүрлеп барып оң жаққа аударып құлату. (4 сурет)

4 сурет - Алға оң жаққа құлату техникасы

Аяқтан қағып құлату тәсілдері самбодағы ең тиімді тәсілдердің бірі болып саналады. Аяқтан қағып алға құлатудың көптеген тәсілдері бар. Солардың біреуі оң аяқпен қарсыласты аяғынан шалып құлату. Қарсыласты жұлқып тепе-теңдіктен шығарып аяғынан шалып құлату техникасы 5 суретте бейнеленген.

5 сурет - Шалып құлату техникасы

Аяғын орап алу арқылы жанынан үстау, жанынан үстау -
негізгі қимыл, аяғын орап алу арқылы қосымша. Барлық
жағдайларда жалпы қабылданған терминдерменерекшеліктерді мүмкіндігінше қысқа және сипаттайтынқозғалыстарын нақты көрсететіндей етіп алу керек [23].
Қазақстан балуандарының Еуропа, Азия, Әлем кубоктарында және олимпиадалық ойындарды жоғарғы дәрежелерге жету үшін балалар мен жасөспірімдерді дайындау, жаттықтыру жүйесін қайта жасауға тура келеді. А.А. Хмелевтің ойынша жаттығудың алғашқы және екінші жиында күрестің тұрып жасалатын тәсілдердің 45 түрін және жатып жасалатын тәсілдердің де осынша түріне үйрету техникалық әрекеттердің тек беткі жағын үйретуге әкеп соқтырады.
Одан қалса аяқтан ұстап тастау тәсілдерді үйрететін болса, онда жас балуандар осы тәсілдерді көбірек қолданады да, ал құшақтап лақтыру, артынан және алдынан шалу сияқты тәсілдер дамымай қала береді мұндай дайындықтар күрестің дәстүрін, стилін бұзып тұратын, күрес үстінде спортшының төмен қарап жүруіне барлық уақытта шықса да шықпаса да аяққа жабыса беруіне әкеліп соқтырады. Сол үшш спотршының қиын қимылқозғалыстарды үйлестіруіне, қорғанысқа қарсыласының бұрылу кезінде жасалатын тәсілдеріне, қимыл мен, аяқпен, бөксемен, көбінесе құлай жатып жасалатын тәсілдерге көбірек көңіл бөлген жөн.
Күресте шабуылдан басқа қорғаныс, жеке өзін - өзі қорғау әрекеттері қолданылады. Астахов А.М., Исаев А.П.[24].
Самбошылардың көпжылдық дайындығының жасқа байланысты
зерттей келе мынадай тұжырымдама жасайды. Олардыңпікірі бойынша, спортшылардың көпжылдық дайындығы кезіндегі оқу - жаттығу үрдісі дәл құрылған жас бағдарламасыменанықталуы тиіс. Өздері ұсынған тұжырымдама негізінде оларспорттың жасқа байланыстылығы туралы 12-13, 14-15, 16-17, 18-19, 20-21 жас не одан жоғары жастағы спортшыларды жаттықтырудың12 жылдық зерттеу тәжирибесін жинақтаған.
Балуандардың дене жәнеарнайы сапаларын, спортнәтижелерінің жүрек - тамыр, тыныс алу, жүйкежүйелерінің, жүйке - бұлшық ет дамуының динамикалық бақылауы қорытындыларына қарай зерттеушілер былай жіктейді:
Бірінші саты. Осы бақылаудың бірінші сатысында 12-13 жас жылдамдық сапаларын, спорттық күрес техникасының элементтері мен негізгі техниканы үйренуге бағытталған сабақтар жүргізіледі.
Екінші саты. Екінші сатыда 16-17 жас спортшыларының күреске жарамдылығы мен өзі тандаған спорттың түрне үирету мақсаты көзделді. Осы жастағы қозғалыс үйлесімділігі, күш жылдамдылығы мүмкіндіктері киіммен күресу мен техникалық іс әрекеттері, тактикалық қолдануды үйрену әрі қарай жалғастырылады[25].

6 сурет - Қарсыласты алға-оңға еңкейту

7 сурет - Қырқа шалып құлату

Осы жастан бастап жаңа қозғалыс дағдысын тез де ұзақ естеқалдыру үшін жасалған бағдарлама бойынша арнайықозғалыстарды оймен қайталау жаттығуларына көп көңіл бөлуі [26]. 16-17 жас аралығында спортшылар тандаған спорт түрінен техникалық шеберлігін шындау, спорттық жекпе - жекті жүргізуді тактикалық меңгеру, жылдамдық -жарылыс сипатындағы жүктемелерді үйрену сатысында болады.
16-17 жаста техникалық шеберлікті шындау, спорттық жекпе -жекте күрделі аралас комбинацияларын қолдану мүмкіндіктерін үйрену жалпы өзімділік пен спорттық - күштік мүмкіндіктерін дамыту жалғаса түседі. 20-21 жаста күш дайындығына, арнайытиімділікті дамытуға, техникалық әрекеттерді жетілдіруге жоғары талап қойылды. Негізгі қарсыласының мінез - құлқынидеомоторлық модельдеу қолданылды.
Спорттың топтауда үлкендер категорияларына жататын 21жастан асқан спортшылар үшін оқу - жаттығу үрдісі техникалықжәне тактикалық шеберліктің қол жеткен жетістігш қолдау жәнежетілдіру болып табылады.
Барлық жас сатыларында палуандардың дене сапаларының
дамуына, олардың техникалық дайындығына, арнайы төзімділігіне
динамикалықбақылаужүргізіліп,орында ушылардыңорганизмдерінің жоғарыда аталған функцияларды сипаттайтын көрсеткіштері анықталады.
Спортшылардың техникалық жағдайы мен жүрек - тамыржүйесінің қойылған жүктемеге әсерін бақылау үшін тестішіндегі қарсыласпайтын екі партнерге ыңғайлы да жоғарыжылдамдықта спорттың жекпе - жекке жақын күресушініңжұмысын айтады.
Бізге қажетті функцияның қалпын білу үшін түрлі зерттеу тәсілдері қолданылды; қарапайым, іздестіру, күрделі көру және кері - моторлық, рефлекс өлшеуіш жылдамдық - қозғалыстың қарқын өлшеуін саусақтың динамометрия, корректуралық тестер, тамыр соғуын өлшеу, артериалдық қан тамырын өлшеу, жел, дем алғанда және дем шығарғанда ауаның көлемдік жылдамдылығы дем алу жиілігін т.б. қолданылады.
Алған көрсеткіштерді талдау балуандардың функционалдық жағдайларының кейбір жақтары мен дене сапаларының дамуы мен оның спорттық қажеттіліктерін арасындағы қызықты байланысты ашып берді.
Тоқтап қалған реакциялар мен бұлшық еттердің дифференциясы, жүйкені -- бұлшық ет аппаратының жұмыс қабілетінің көрсеткіштері, лақтыру қарқыны тұрақтылық коэфиценті 16-17 жаста жақсара түсті. Шындығында осы кездің тактикалық спорттық нұсқауларды үйренуге және тактикалық ойнауға болады.
5-6 сатылардың арасында көрсеткіштердің (жүрек -- тамыр жүйесінен басқа) арасында бірте -- бірте тұрақталатын және ары қарай жетілдіретін екпін күш байқалды.
16 жастан бастап спорттық күштің мүмкіндіктері дами бастайды. Әсіресе, үшінші жас сатысында алған жылжу анық байқаладьі, алдыңғы жанымен лақтыру кезінде қолмен аяқтың күшін анықтау, орында тұрып ұзындыққа секіру, бел ағашта тартылу. Бүл алға жылжу 5 секунд ішінде қозғалыстың ең жоғарғы қарқынын талдаудан, сондай -- ақ кілемнің үстінде тізерлеп 30 минут ішінде нәтижелерінде байқалады.17жасқа қарай алға қарай жылжу байқалады, жалпы жәнеарнайы төзімділікті шамаларға талдау, жасайкеле олар жоғарыдакөрсетілген заңдылықтарды тапты, соның негізінде мынадайқорытындыға келді: жалпы алғанда төзімділікке жаттықтыру 14
жасқа дейін көп нәтиже бермейді. 18 жасқа қарай күресшілердің
осы жағынан алға басушылық байқалады. (500,1000 және 1500 метр
жүгіру)18 жаста төзімділік дамуы баяу болғанына қарамастан
организмнің функционалдық қорлары өте мықты болады. Бұл
үлкен жастағы самбашылардың көрсеткіштері нақтылай түседі.14 жасқа дейін сыртқы тыныс алуда кідіріс болады.
Сондай-ақ, антропометикалық жас элементтерінде осындай зандылықтар байқалды. Бұл сынаушылардың организімінің әлі толық жетіліп бітпегендігін. Артериялық қан қысымын өлшеу жас мөлшерінен басқа қандай да бір секірістік қозғалыстық байқалтпады.
19-20 жасқа қарай жүрек жиырылуы мөлшерде төмендейді. Жүректің мұндай үнемділігі ұзақ жиі жүргізілген жаттығу жұмыстарының нәтижесі болса керек.Көп жыл жүргізілген педагогикалық зерттеулер дене,техникалық, тактикалық мүмкіндіктерінің жасқа қарай қамиты-нын, оның негізгі сапаларын жетілдіруде олардың орнынкөрсетті.
Күресушілердің көп жылдық дайындығын былай деп көрсетті:
саты -- балаларды спорттық сабақтарға тарту
саты -- спортқа жарамдылығын анықтау
саты -- спорттық шеберлікті шындау
саты- басқа байланысты спорттық нәтижелерге жету
5.саты-жасқа байланысты спорттық нәтижені ұстап тұру
6.саты -- халықаралық жүлдегер спортшы ережесіне жету және оны ұзақ ұстап тұру
Самбо атауы -- бүл орыстың самозащита сөзіндегі алғашқы үш әріпімен және без оружия сөзіндегі бірінші әріптерінің қосылуынан пайда болған атау. Самбоның мақсаты -- жаттығуларға үйрене отырып шабуыл жасау, қарусыз қорғану және дене мен ерік жігерді тәрбиелей отырып үйрету, бағындыру өнерімен шектеледі. Ал дене тәрбиесінің құралы ретінде күшті дамытуға, денсаулықтың және теориялық білімнің арқасында барлық мүмкіндіктерін толық ашуға бағытталады.
Самбо - басқа спорттық күрес түрлері сияқты лақтырулардан жатып күресуден және аударулардан тұрады.
Самбо және спорттың күрестерде жаттығулардың ең басты амалы машықталу екені белгілі. Бұл амалдар түрі негізгі үш опқа бөлінеді: арнайы дайындық; жалпы дайындық; жарыстық дайындық; Мұндағы жарыстау дайындық техника элементтері мен кейбір тактикалық дайындықтың элементтерін қамтиды [27].
Өз еңбектерінде Данской Д.Д. [28] және Зациорский екі негізгі спортшының шеберлерінің көрсеткіштерін белгілейді:
1. Техникалық әрекеттердің ұтылулығы көлемі және оның жан -жақтылығы.
2. Осы әрекеттердің меңгерілуі, нәтижелілігі.
Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып жасөспірімдерді күрес өнеріне байлау және машықтауда оқу - жаттығу кезеңін сапалы болып саналады. Оған мысал ретінде басқа спорттыңтүрлері оның ішінде самбошыларды қоспағанда спортшылардың даярлықтарың әртүрлі түрлеріне үлгілеу әрекетін құру жүргізіледі. Негізгі үлгі -- дайындықтың келесі міндеттемелерін құрайды:
1. Техника тактикалық;
2. Физиологиялық;
3. Психологиялық;
б) Құлау өнері.
Құлау өнері - самбо күресіндегі аса маңызды біліктердің біріболса керек. Құлау техникасын, анықтап айтқанда, құлау кезіндеөзін-өзі сақтандыруды меңгермей тұрып, лақтыруды үйренунәтижесіз.Кез- келген жағдайда кез-келген бағытта құлауды ең алғашқы жаттығулардан бастап, барлық самбо сабақтарының бойында жетілдіру керек. Құлағаннан кейін тез тұрып кетіп, ұрысты жалғастыратындай, тәсілді қайталай алатындай дәрежеде үйрену керек.
Құлау өнеріне жаттығу тек грек- рим , еркін күрес, дзюдо және самбо палуандарына ғана емес, сондай - ақ күрестің спорттық және қолданбалы түрлері шеберлеріне де қажет.
Самбода шалқасынан, жанынан, етпетінен құлауда өзін-өзі қорғау түрлерін ажыратады.
Алдымен шалқалай құлағандағы, содан кейін жанымен құлағандағы, келесіде етпетінен құлағандағы өзін-өзі қорғауды үйренеді..
Сақтандыру және өзін-өзі сақтандыру.
Самбо күресінің тұрып және жатып күресу түрлерінің көптеген тәсілдері бар. Бірқатар әрекеттер аяқтан-қолдың буындарына ауыр әсер етеді. Сондықтан самбо тәсілдерін үйренбестен бұрын, қарсыласын және өзін-өзі сақтандыру тәсілін меңгерген дұрыс.
Қарсыласын сақтандыру - самбистердің түлегеп тұрып және жатып күресу кезінде әртүрллі жағдайлардан сақтану үшін арнайы жасаған әрекеті.
Самбо күресті қарсыласты
1.Түрегеп түрған лақтырушы қарсыласының жерге жұмсақ
кұлауы үшін оны киімінен ұстап немесе оның денесін айналдыруыкерек.
2.Егер тұрегеп тұрып және жатып күресуде
самбошылардың біреуіне екеуіне қауіп төніп түрса, оны көрген
адам дереуТоқтат! деген белгі береді, айқас дереу тоқтатылады.
3.Жатқан қалыпта ауырту тәсілдерін қолдану кезінде
күресуші оны байыппен, жайлап қолдануы керек. Көптеген осы саладағы авторлар: В.С.Спиридонов,Н.Ш.Галковский, И.И.Алиханов, А.А.Харлампиев [43,44], В.Г.Соловьев, Е.М.Чумаков [24,17 б.], Г.П.Галочкин, И.А.Кондрацкий, В.И.Игуменов,Г.М.Грузных еңбектерінде, жарақаттанудың алдын алу үшін,міндетті түрде акробатикалық негізгі және арнайы жаттығуларындұрыс меңгеруі керек, өзін-өзі сақтандырудың дұрыс қалыптасқан жаттығулары, жарақаттанудың қауіпсіздігін тудырады деген ой айтады.
Седлов В.С. [30] сақтандыру мен өзін-өзі сақтандырудыңарнайы жаттығуларының тиімділігін зерттеу - самбоның тәсілдерін үйрену және жетіддіру кезінде жарақаттанудың алдын алу құралы деп қарастырылады. Осы еңбегінде автор: 1) Жасалатын әдістерден алынатын жарақаттар: Өңгеріп жығудың (3,3 % жалпы баспенқұлау саны), арқадан асыра лақтырудан (17%), басқа құлау арқылы жарақат алса, денеге кеудеден асыра лақтырудан (0,6 %), қолға өңгеріп жығудан (3,4 %), аяқпен сырттан іліп жығу арқылы (2,1 %), жарақаттар алынатындығын анықтаған. Ал жаңа бастаушы және жасөспірім самбошыларда болатын жарақаттарды жеңіл, орта және ауыр жарақаттарға бөле келе мынадай көрсеткіштерді көрсетеді:
Жай жарақат 98 (39,88 %), буындардың созылуы 115 (46,76%), орнынан шығу 5 (2,03%), сыну 8 (3,21%), мидың қозғалуы 1 (0,4%). Осы еңбегіндегі зерттелген 50 палуанның көрсеткіштерінқорытындылай келе,ең көп жарақат алатын дене бөлімдерінкөрсетеді. Олар тізе буыны (21,1 және 24 % ), шынтақ буыны (20,2және 32 % ), иық буыны (15,9 және14 % ).
в) Самбодағы қимыл қозғалыс.
Самбодағы түрегеп тұрып күресу кезінде самбошы белгілі бір бағытта әр түрлі қозғалыстар жасайды. Қозғалыстарды шабуылға шығардың алдында немесе қарсыласының шабуылынақорғаныс ретінде жасайды. Барлық жағдайлардағы самбошы кез-келген қозғалысы кеңістіктегі қандай-да бір нүктеге (объектіге)қатысты жасалады.
Қозғалыстың бағытынан басқа жылдамдығын да еске алу қажет.Палуанның қозғалыс кезіндегі жылдамдығын ішкі (палуанның дене дайындығы, оның психикалық жағдайы, денсаулығы т.б.) және сыртқы қарсылас (табиғи жағдайлар, кілемнің сапасы), деп бөлінетін бірнеше факторларға байланысты.
Қозғалыстар бір немесе бірнеше адымдардан тұруы мүмкін. Олардың барлығы нақты қозғалыстың мақсатына байланысты. Кез-келген жағдайда кілем үстінде қозғалыста жүрген күрескермыналарды естен шығармауы керек. Кез-келген бағытта қозғалу кезінде аяқтың басуы оныңбұрылған жағына қарай бағытталады.
Дененің салмағы сүйенішсіз тұрған кезде аяққа түсірілмейді. Кез-келген бағытта адымдағанда аяқ кілемнен бірнеше миллиметр қашықтықта ғана көтерілуі керек (жанаса немесе жанама адым).
Айқас кезіндегі кез-келген секірулер, аттап өтулер күрескерге қауіп төндіреді.Қозғалыс кезінде аяқты айқастырмаған жөн.Екі аяқтың ара қашықтығы иықтың деңгейінде , одан артық та ,кем де болмауы тиіс.
Күрескердің қозғалысының сапасы оның дер кезінде дұрыс тұруды пайдалана білуіне байланысты.
Қозғала жүріп күресші өз қарсыласына мынандай түрлерде орналасады.
а) кеудесімен
б)қырымен
в) артымен
Қозғалыстар мен дұрыс тұруды қалыптастыруда қалып пен координациялық қабілеттіліктерді дамытатын алуан түрлі жаттығулар бар.
Самбо күресінде кез-келген тәсілдің әсерлілігі кобінесе спортшының сол жақ немесе оң жағының даму ерекшеліктерімен айқындалады. Спортшылардың күші шақ келмеген жағдайда өзінің аяқ -қолын қолдануы - қозғалыс ассиметриясы қатысты түрде үлкейіп, осының негізінде дененің конституциясының симметриясы өзгереді. Қозғалыс ассиметриясының ерекшеліктерінүйрету оның, спортшының техника- тактикалық дайындығы орнын және гармондық дамыған адамның құрылысындағы орнын анықтауға мүмкіндік береді. К.Д.Чермиттің айтуы бойынша [31] қозғалыс ассиметриясы палуанның техникалық даярлықтарына тікелей әсер етеді. Қозғалыс әрекеттерін екі жаққа да, оңға және солға және аяқпен бірдей әсерлі, үйлесімді жасай алатын спортшылар (амбидекстрлар деп аталады) қарсыласымен тең түскенжағдайлардың өзінде біржақты палуандардың алдында басымдылықкөрсетеді. Тәсілдерді екі жаққа да жасау техникасын неғүрлымтереңірек оқыту- спорттық шеберліктің кезеңдерінің ертеқұрылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Спорттың жетілдірудің жоғары кезеңдерінде тәсілді ыңғайсыз жанға жасау техникасын үйрету және өңдеу көп жағдайларда күтілген нәтижені бермейді,әйтседе табысты нақтылы қайта үйрету мүмкіндіктері болса дазерттеу жүмыстарының көбісі соның қатарында диссертациялықжұмыстарды палуандардың жарыс алдындағы дайындықтары менжарыстық қызметтері жайлы орындалған [32].
Бұрынғы Совет Одағының құрама командасының бас жаттықтырушысы, спорт шебері С.Ф.Ионов (4) әр-түрлі континенттегі спортшылармен жұмыс істей келе және олардың қозғалыс жүйелеріне үйрене келе барлық күресшілер әртүрлі әрекеттерді бір уақытта бірдей меңгере алмайтындығына көңіл аударды.
Негізгі қозғалыс жүйесін үйрету келесі жүйемен жүргізіледі деп бөлді:
1. Тұрыс;
2. Қозғалыс;
3. Ұстау;
4. Дайындық ерекшеліктері;
5. Лақтырулар.
Күнделікті машықтануда немесе үйрету әдісінде басында лақтыруларды көрсетеді сосын түсіндіреді.
Содан кейін барлық палуан ол тәсіл оған орташа қиын болмаса толық орындайды, ал қиын болса жартылай боліп орындайды. Олар тәсілдің бір бөлігін корсетеді және қарсыласпайтынсыбайласына немесе маникенде үйренеді, содан кейін барып бұл бөліктерді біріктіріп толық қимыл- лақтыруды үйренеді. Тағы бір басқа үйретудің жолында тәсілді толық орындап, сосын палуандардың көңілін жартылай жасалатын бөліктерге аударған болады. Мұндай жалпы тәсілді жартылай үйретудің жүйелілігі тәсілді әдеттегі орындалуымен бірдей екендігін анықтады.
г) Самбодағы тұрып күресу
Самбо күресінде белдесу тұрудан басталады.Ережедеайтылғандай тұрып күресу-күресушінің екеуі де табандарымен кілемге тиіп тұрған жағдайда болады. Егер де біреуінің табанынан басқа дене мүшелерінің кілемге тиуі жатып күресуге айналады. Тұрып күресу кезіндегі айқасу мақсаты қарсыласын кілемге жығу. Қарсыласының денесінің қай мүшесімен құлағаны және құлағаннан кейін қандай жағдайда қалғанына қарай ұпай есептеледі.
Тұрып лақтыру кезінде самбошы мынандай бағалар ала алады:
а) Таза жеңіс
б) 4 ұпай
в) 2 ұпай
г) 1 ұпай
Тұрып күресудің лақтырудан басқа да түрлері бар, алдымен күрескер кілемнің үстінде жүріп қарсыласын лақтыруға ыңғайлы сәттерді қарастырады, қарсыласын қалыпты жағдайдан шығару үшін әртүрлі шабуылдар жасайды.
Күрестегі аяқ пен дененің дұрыс қалпы, қарсыласты қалыпты жағдайдан шығару және дұрыс шабуылдар кез-келген лақтыруды жетістікке жеткізеді.
Бастапқы қалып.
Тұру-кеңістіктегі дененің әр түрлі бөлшектерінің бұлшық еттерінің дифференциялдық ширатылу мен босаңсу кезеңіндегі белгілі жағдай.
Самбо күресінде күресушінің тұруы 3 түрлі жағдаймен сипатталады:
Қарсыласына табанымен тұру.
Дене жағымен көлбеу тұру.
Аяғын бүгіп жартылай отыру.
1. Қарсыласына табанымен туру.
Мұнда тұру былай болады:
а) Табандарды қатар ұстап фронтальды тұру.
б)Оң аяқ алдында.
в)Сол аяқалдында.
Бұл жерде табандардың ара қашықтығына көңіл бөлу керек. Табандар бір-бірінен аз ғана қашықтықта болуы керек- аяқ бірге, орташа қашықтықта-аяқтар иықтың ара қашықтығына тең, ал үлкен ара қашықтық аяқтар кеңістігіне тең.
1.Денені ұстау жағдайы еңкею.
Жоғарыда көрсетілген тұру жағдайларының біреуін тандай отырып самбошы-түзу тұра алады, түзу тұру немесе алға иіліп тұру.
2. Тізеден аяқты бүгу, жартылай отыру. Бұл жерде 3 түрлі жағдайды бөле аламыз:
1. Биік тұру тізе бүгілмеген (аяқ түзу).
2. Орташа тұру тізе аздап бүгілген (аяқ жартылай отыруғажақындаған)
3. Аласа тұру тізе қатты бүгілген (аяқтың жағдайы отыруғажақын) (Қосымша Д).
Сонымен палуанның тұрысын сипаттасақ, мынандай болады:
Оң аяқ алда + дене тік + аяқ тізеден түзу=оң жақ жоғарғы деңгейдегі тұрыс.
Жоғарғы деңгейдегі тұрыс шабуыл немесе қозғалыс әрекеттерін тез жасауға бағытталған негізгі тұрыс. Иілген төменгі тұрыс сақтану-тұрысы. Бұл жерде шабуыл мен қозғалыс тәсілдерін жасау мүмкін емес. Осылардың қай-қайсысын болмасада қолдануда күрескерлер бір-бірімен мынандай қатынаста тұрады.
а) жалпы жағдайда, яғни екі күресші бір-біріне фронтальды
жағдайда тұрады.
б) өзіндік жағдай яғни күресші не сол жақ, не оң жақ тұрысты ұстайды.
в) әр түрлі жағдай, яғни бір күресші оң жаққа ал екіншісі сол
жақта тұрады.
г) солға-жалпылай немесе оңға жалпылай тұру, яғни бір
күрескер түзу тұрады, ал екіншісі оң не сол тұрысты қабылдайды (Қосымша Е).
Кез-келген күресшінің өзін-өзі сенімді үстайтын белгілі бір сүйікті тұрысында болады. Бірақ ережеге сәйкес күрес кезінде тұрыстың әр түрлі орын ауыстыру жағдайлары болады
Самбистердің біреуінің немесе екеуінің де дененің табанынан басқа қандай да бір бөлігімен кілемге тиіп күресу жағдайы.Жатып күресу кезінде лақтыру, қайта айландыру, құлату, ұстап шалужәне ауыр тәсілдерді қолдануға рүқсат етіледі.
Жатып күресу кезінде түрегеп тұрған күресшінің лақтыруы ғана бағаланады.
Жатқан күресшінің кез-келген лақтыруы, қайта айналдыруы есепке алынбайды. Яғни , бүл жатып күресушінің белсенділікті алып және басқа да тәсілдерге көшу үшін қолданылған қосымша тәсілі.
Давид Львович Рудманның [33] айтуынша, жатып күресу кезінде екі спортшы бірдей кілем үстінде еркін қозғалаалмайды. Егер жатып күресудің жылдамдығы туралы айтатынболсақ, қандай да бір тәсілмен шабуылдаудың басында ол жогары жылдамдықта, ал ауырту тәсілдерінде ұстағанда немесе үстап тұруда, ауырту тәсілдерін жасау кезінде бірқалыпты болу керек.

8 сурет - Жатып күресу (партер) әдістері

Қалыпты жағдай.
Күрестің басқа да түрлері сияқты самбо күресінде де жатып күресу, лақтырудан кейінгі құлау кезінде немесе жатып күресуге ауысу кезіндегі белгілі қалыптар бар:
а) Шалқасынан жату,
б) Етпетінен жату (төменгі партер),
в)Төрт тағандап тұру, бүл жерде орта және жоғарғы партер қалыптарын бөліп алған жөн,
г) Тіземен түру, оның ішінде бір тіземен түру қалпы (Қосымша И).
Негізгі қалыптардан шығатын кілемде отыру,қырымен жату сияқты тағы басқа аралық қалыптар бар. Күресші қарсыласына қарай "тұру" қалпын немесе жату қалпын ұстауы мүмкін. Шабуыл жасалынып жатқан күресшінің жағдайын қарастырайық.
Шабуыл мынадай жағдайдан болуы мүмкін:
а) бүйірден
б) бас жақтан
в) төбеден
г) аяқ жақтан
Сондай-ақ шабуылдар аралас бағыттардан келуі мүмкін. Мысалы, аяқ жақтан бүйірден, бас жақтан бүйірден және т.б. (Сондай-ақ күрес кезінде қарсыластың астында жатып, шабуыл жасайтын кездері де болады. Күрескердің шабуылда дамыту бағыттары мен жағдайларын білуі белдесу кезінде сәйкес тәсілдерді цәл қолдана білуіне көмектеседі.
Шалқасынан жату.
Көптеген спорттық және халықтық күрес түрлерінде шалқадан түскен жеңіледі деген сөз бар. Бірақ самбо күресінде жағдай басқаша. Мұнда шалқадан жатып қорғанып қана қоймай, шабуылдың тиімді түрлерін де жасауға болады.
1. Қосымша әрекеттерсіз-ақ (аударылып түсу, үстіне құлап түсу) ұстап алып шабуыл жасауға болады (10 секундішінде ұстағаны үшін +2 ұпай немесе 20 секунд үшін +4 ұпай).
2. Жату қалпында сіз қолдың,аяқтың буындарына жасалатын ауырту тәсілдерінің көптеген түрлерін қолдана аламыз (+ таза жеңіс). Осындай жағдайда сіз қарсыласыңызды бақылауға үлкен мүмкіндік бар.
Қарсыласыңыз белсенді түрде қорғануы мүмкін: Басқа қалыпқа түсуі, шабуыл жасай жатып ауырту тәсілдерін, ұруы, аяқ астысоққы жасауы, қылқындыруы, қолымен және аяғымен қысуы мүмкін.
Етпетінен жату
Спорттық самбода үндемей қорғану қалпы деп аталады (шабуылшы аударып түсіруі үшін көп күш жүмсауы мүмкін басқа жағынан алғанда самбоның арнайы бөлімінде бүл қалып ең қорғалмаған болып есептеледі (шабуылшы еркін түрде жарақат түсіретін соққы беруі мүмкін.
Төрт тағандап тұру
Күрескер самбошының салмағының жалпы орталығының (СЖО) орналасу деңгейінің орташа партер қалпы (күресші төрт тағандап тұрады, СЖО сүйеніп жанына өте жақындаған) және жоғарғы партер қалпы (күресші төрт тағандап тұрады СЖО сүйеніш жанына мүмкіндігінше алыстаған) деп бөлу қабылданған.
Негізінде , төрт аяқтап тұру алдыңғы қалыптарға өте ұқсас қорғаныс қалпы болып есептеледі.
Егер қарсылас төрт тағандап түрған болса :
1. Сіз оның әрекетін бақылап түрасыз,
2. Оның үстауына ауытқып түсесіз.
3. Оның ауытқу тәсілдеріне шабуыл жасайсыз,
4. Сіз өзіңіздің белсенді әрекеттеріңізбен қарсыласыңызды
тізерлеп тұруға мәжбүрлейсіз де лақтыруға қамданасыз,
5.Шабуыл варианттарында жарақат түсіретін соққылар,қылқындыру, "етбетінен жату" қалпына аудару, ары қарай ауырту тәсілдерінің қолдану жолдары бар.
Осы кезде төрт тағандап тұрған күрескер мынандай әрекет жасайды:
1. Тез тұру керек
2. Үстіден шабуыл жасап түрған адамды лақтыруы немесе аударып тастауы керек.
3. Аудару тәсілін жасау үшін аяқтан ұстау.
Жеңіске жету үшін осындай қалыпта тұрған күрескердің екеуінің де мүмкіндіктері бар.
Екі тіземен не тіземен отыру тіземен екітіземен отыру күрескердің тұрып және жатып күресу қалпының аралық қалпы болып табылады.
Егер қарсыласыңыз екі тіземен отырса, сіздің әрекетіңіз.
Лақтырып тастау (егер сіз түрып түрсаңыз +1 үпай, +2 үпай, егер жатқан қалыпта болсаңыз есептелмейді).
Өзіңіздің белсенді әрекетіңізбен қарсыласыңызды көтерілуге мәжбүр етіп, лақтыруға әрекет жасайсыз
Қарсыласыңызды қүлатып, әрі қарай үстап алу, ауырту
және қылқындыру тәсілдерін қолданасыз
4. Сіз қарсыласыңызға соққымен шабуыл жасайсыз.
екі тіземен, тіземен түрған адамның әрекеті:
Шалқасынан жату, төрттағандап түру қалыптарынан ерекшелігі өзінің қарсыласын көзбен бақылауға мүмкіндік бар.
Түрегеп түру қалпына тез келе қалып лақтырып тастау шабуылына шығу керек.
Үстап алу немесе ауырту тәсілдерін қолдану үшін лақтырып тастау мен шабуыл жасау.
Әртүрлі жығылуларды орындау.
Жарақат салатын соққылар беру
Аралық жағдайлар (Қосымша К).
Жоғарыда көрсетілген қалыптардан басқа күресте шандай аралық жағдайларда кездеседі: (сурет - 9)
Отыру (жанбастап отыру, жанбастап жату, бір қолмен кілемді ұстап, екі тіземен және тіземен отыру)
6) Ауырту тәсілдерінің техникасы [34,35].
Самбо күресі жатып күресу жағдайында (партер) ауырту тәсілдеріп жүргізу жағынап атағы шыққан.
Ауырту тәсілдері жатып күресу кезінде қарсыласы әлсіреген жағдайда тез жеңіске жеуге шатын өте тиімді тәсіл. Ауырту тәсілі деп нені айтамыз ? Бұл сұраққа жауап беру үшін самбо күрсінің ережелеріне жүгінейік, ол жерде былай делінген: ауырту тәсілі жатып күресу кезінде қарсыластың қолын не аяғын қарама -қарсы бағытта ию (иін) буында айналдыру (түйін), аяқтың ахиллес сіңірін ауырту немесе балтыр бұлшық етін жаншу арқылы қарсыласынан басым түсуіне болады.
Ауырту тәсілдерін жүргізу туралы, ең негізгі ауырту тәсілінде қарсыластың қолын не аяғын басып алу туралы Давид Львович Рудман [33, 58б] өте жақсы жазған:
Қарсыласты жақсылап басып алу керек, онсыз ауырту тәсілін қолдану мүмкін емес. Қарсыласты шабуылдан шығып кетпейтіндей етіп мығым ұстау керек. Оның үстіне қарама-қарсы бүгу, айналдыру, мыжып басу сияқты қимылдарды алдын ала білу керек.' Шабуыл жасаушы аяқты екі қолмен не бүкіл денемен басып алу үлкен күшті талап етеді. Қарсыласқа ауырту тәсілдерін қолдану кілем үстіндегі қозғалысын азайту үшін шабуыл жасаушы қолын не аяғын басып алуды талап етеді. Ауырту тәсіліне ала отырып басқа да техникалық тәсілдерге көшуге (үстап тұру, лақтыру, айландыру) дайын болу керек.
Ауырту тәсілдерінің техникасы

Қолға жасалатын ауырту тәсілдері
Аяққа жасалатын ауырту тәсілдері

Аяқтың ахиллес сіңірін ауырту
Шынтақ иіні

Түйін
Тізе иіні

Сыртқа түйін
Балтыр бұлшық етін жаншу

Бицепсті жаншу
Жамбас иіні

Аяқ түйіні
Иық иіні

9 сурет - Самбо күресіндегі ауырту тәсілдерінің техникасы

в) Қолға жасалатын ауырту тәсілдері.
Самбо күресінде қолға жасалатын негізгі бес түрлі ауырту әсілдері бар:
а) Шынтақ иіні
б) Түйін
в) Сыртқы түйін
г) Бицепті жаншу
д) Иық иіні
е) Шынтақ иіні
Шынтақ иіні - қолдың шынтағын оның өзінің бүгілуіне қарама-қарсы бағытта ию. Кейде қолды қайта бүгуді тез жүргізгендіктен , шынтақ буыны жарақаттанады.
Кез-келген ауырту тәсілдерін ақырындап қолдануға тырысады. Тез, аяқ асты қолданылған ауырту тәсілдеріне тыйым салынған.
Түйін
Түйін -- ауыр тәсіл, қарсыластың қолын шынтағынан 90 градустық бұрышпен айландыру. Шабуыл жасаушы қолдың жұдырығы қарсыластың бас жағына бағытталған.
Егер қарсыластың қолы ашылса, қолды айналдыру қиынға түседі.
Егер қарсыластың қолы бүгілсе шабуыл жасаушының күші азаяды және ауырту тәсілін қолдану әлсірейді.
Түйін самбо тәсілінің ішінде ең көп қолданылатын түрі. Самбошылар аяқты жоғарғы жағынан үстау арқылы жанынан ұстап түйін жасаужәне көлденең түю тәсілін қолданады.
Сыртқы туйін.
Сыртқы түйін - қарсыластың шабуыл жасап тұрған қолын тіке қарай ішіне (жұдырықпен аяққа қарай) бүгу. Бұл ауырту тәсілдері түйін тәсілдеріне үқсас.
Самбо спорттық күресінде қолды артқа қарай бүгуге тыйым салынған. Бүл әдіс түрған қалыпта қарсыласты әлсіретуге бағытталса, қарсылас етпетінен жатқан жағдайда ауырту тәсілі больіп табылад ы
Бицепті жаншу.
Бицепті қыстырып алу қарсыластың қолын шынтақтанбүге отырып оның бицептісін сүйектен саусақпен басу басқаша айтқанда, бұлшық етті басу. Шабуыл жасаған қолды оның өзінің иілуіне қарама - қарсы жаққа жазу арқылы ауырлық түсіру.
Иық иінінің жақын орналасқан қолды ию арқылы иықиіні, мойынды қолдың астына басып алып екі иыққа иін жасау, жақын жердегі қолды иықтың астына алып иық иінін жасау т.б. ауыртутәсілдерінің бұл тобы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОРТАША АРАҚАШЫҚТЫҚҚА ЖҮГІРУШІЛЕРДІҢ ЖАТТЫҒУ ПРОЦЕСІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Орта мектеп жасындағы дене дамуының ерекшеліктері
Қозғалыс кезінде
Жасөспірім дзюдошыларының дайындық үлгісін жасау және оны эксперимент барысында тексеру
Жарыс кезіндегі боксшының психологиялық дайындығын шыңдау
Жасөспірім шақтағы дзюдошыларды даярлауды теориялық тұрғыда негіздеу
Спорт жаттықтыруының әдістері
Алыс арақашықтықпен ұрыс әрекетіне оқыту
Жарысқа қатысудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру ерекшеліктері
Көпжылдық спорттық дайындық жүйесінің мазмұны
Пәндер