Табиғи газдың сығымдағыш станциясы


Андатпа
Берілген Дипломдық жобада орнатылған қуатты 6x40 МВт құрылған қазан-
утилизатормен газтурбиналы жылулық электр станциясының (ГЖЭС) есебі мен
экономикалық тиімділігі ұсынылады.
Жоба орналасуы Қарашығанақ өңдеу кешені (ҚӨК) территориясында және
оның құрылмдық бөлімшісімен болады.
ГЖЭС негізгі мақсаты құрылмалы қазан-утилизатормен ҚӨК электр және
жылулық (өндірістік) жүктемесін жабады.
Аннотация
В данном Дипломном проекте представлен расчет и экономическая
эффективность газотурбинной тепловой электрической станции (ГТЭС) со
встроенными котлами - утилизаторами, установленной мощностью 6x40 МВт.
Месторасположение проекта осуществляется на территории
Карачаганакского перерабатывающего комплекса (КПК), и является его
структурным подразделением.
Основной целью ГТЭС со встроенными котлами - утилизаторами является,
покрытие электрических и тепловых (промышленных) нагрузок КПК.
The summary
In the given Degree project the account and economic efficiency the gas turbine
of thermal electrical station (GTES) with the built - in boiler - recycling, established
capacity 6x40 MWt. is submitted.
The site of the project is carried out in territory Karachaganak of a processing
complex (КPC), and is its structural division.
The basic purpose GTES with the built - in boiler - recycling is, the covering of
electrical and thermal (industrial) loadings KPC.
Мазмұны
Кіріспе
1 ГЖЭС 6х40 жобасының орналасу аймағы мен климаттық жағдайы
Климаттық жағдайы
2 Отын және отынмен қамдау
2. 1 Отын
2. 2 Отынмен қамдау
2. 2. 1 Табиғи газдың сығымдағыштық станциясы
2. 2. 2 Газды дайындау пункті
2. 2. 3 Электрлік станцияның объекттерін дизельдік отынмен қамдау
2. 2. 4 Дизельдік отынды қабылдау-түсіру құрылғылары
2. 2. 5 Дизельдік отын қоймасы
2. 2. 6 Дизельдік отынды тұтынушыларға сорғылық беру
3 Электрлік станция ғимараты мен құрылымы
3. 1 Шығыр залының негізгі және көмекші қондырғылары
3. 1. 1 ГШҚ-ның қабығы (акустикалық қаптама)
3. 1. 2 Ауа қоршауының жүйесі (жылытуы бар)
3. 1. 3 Майлау жүйесі
3. 1. 4 ГШҚ және майлаушы майды салқындату жүйесі
3. 1. 5 Электрлік жіберу құрылғысы
3. 1. 6 Отын жүйелері
3. 1. 7 Газ тәрізді отынды беру жүйесі
3. 1. 8 Сұйық отынды беру жүйесі
3. 1. 9 Шығар газдар жүйесі (шу сөндіргіші бар)
3. 1. 10 ГТҚ бөліктерін желдету жүйесі
3. 1. 11 Азайтқыш редуктор
3. 1. 12 ГТҚ шаю жүйесі
4. Турбина залының негізгі және көмекші жабдықтарын ықшамдау
4. 1 Көмекші ғимараттар мен құрылғылар
4. 1. 1 Жылытулы қазандық
4. 1. 2 Апатты дизель-өндіргіш
5 Енгізілген пайдаға асырғыш қазаны бар газ турбиналы қондырғының
жылулық сұлбасының есебі
5. 1 Бастапқы берілгендер
5. 2 ГТД қысым артуының тиімді дәрежесін анықтау, ε ти
5. 3 Турбинадағы газ жұмысының жөнделген есебі
6 Г - 400 ПЭ пайдаға асырғыш қазанның жылулық есебі
6. 1 Буқыздырғыштың есебі
6. 2 Буландырғыш есебі
6. 3 Шойын сулық үнемдегіштің есебі
6. 4 Болат сулық үнемдегіштің есебі
7 Экономикалық бөлім
8 Өміртіршілік қауіпсіздік бөлімі
Қорытынды
Кіріспе
Қарашығанақ кен орнындағы дамудың толық жоспарына ‒ Батыс
Еуропа және Қазақстанның ішкі нарығындағы газ және сұйық
көмірсуларды тасымалдау шарттарын қамтамасыз ететін, Карашағанақ
өңдеу кешенінің құрылысы кіреді.
Қарашығанақ кен орнының кейінгі даму мүмкіндігі, сонымен қатар,
электрмен қамдау кен орын объектілерінің сенімділігі қазіргі кездегі
электрмен қамдау және жылумен қамдау жүйелерінің дамуына тәуелді
болып келеді.
Батыс Қазақстан облысы электроэнергияның жетіспеушілігі
бойынша біріншілік энергоқорларға бай. Қуат жетіспеушілігі Ресеймен
қамдалады, және энерготүйіндерді өзіндік көздерден электрмен қамдау
бойынша сұрақтар қарастылуда.
Өңдеу кешені құрамында өзіндік қорларды құру қажеттігі,
энергожүйе желілерінен болған кен орнының біршама артқан
жүктемелерін жабындауды қамдау мүмкіндігімен шартталады.
Сол себепті, барлық тұтыну кен орындарын электрмен үзіліссіз
қамдау үшін Қарашығанақ кен орнының даму жобасымен өндірістің және
электроэнергияны тарату жүзінде жаңа жүйені құру қарастырылады.
Бұл жүйеге, сол кен орынды және жұмысымен байланысты басқа да
тұтынушылардың барлық жүктемелерін жабындау мүмкіндікті,
электроэнергияның жаңа көздері ‒ электростанция қосылады.
Электростанция құрылысы тікелей Қарашығанақ өңдеу кешенінің
(ҚӨК) аймағында, кешеннің негізгі технологиялық бөлігінен батысқа
қарай орналасқан жеріне қарастырылады.
Электроэнергияны өндіру үшін PG6561-B. типті, GE жасап
шығарған 39, 62 МВт -ты, 5+1 схемасы бойынша, яғни алтыншысы
резервтегі 6 газшығырлық қондырғы қондырылады.
Оған қоса, газшықтағышты технологиялық тазалау үшін,
Қарашығанақ өңдеу кешеніне белгілі көрсеткіштегі өндірістік бу қажет.
Жылулық энергияны өндіру үшін жобаға сәйкес саны - 6 дана, 5+1схема
бойынша, яғни алтыншысы резервтегі, энергетикалық қазандар ‒ пайдаға
асырғыштар (ПА) қондырылады.
Батыс Қазақстан облысында электроэнергияның заманауи
жетіспеушілігі 0, 65 млрд. кВт*сағ (сұраныстың 80% - ы) құрайды және
Ресей импорты есебінде жабындалады. Оралдық ЖЭО - нан 25 МВт және
173 МВт дефицитті жабындаумен қатар, 1998 жылы Орал энерготүйінінде
максималды электрлік жүктемесі 198 МВт - ты құрайды. Қазіргі заманғы
Оралдағы ЖЭО - ның электроэнергия өндірісі 0, 15 млрд. кВт*сағ құрайды.
ҚӨК -тің қазіргі таңдағы және болашақтағы жүктемелері ҚӨК - тің
жобаланушы электростанциясынан орындалады. Электростанция
-
технологиялық кешеннің және жойылған пайдаланушылардың энергия
қамдауының негізгі көзі болып табылады.
Сонымен қатар, ол Ақсай қ. "УральскЭнерго" энергожүйесіне 20
МВт электроэнергияны экспорттайды.
Болашақтағы қарастырылушы ауданның жүктеме өзгерісінің
қозғалысы көп мөлшерде кен орнының меңгеру деңгейіне тәуелді. Келесі
мәліметтер бойынша, «1 кестеде» электрлік қуаттың теңдігі
құрастырылған ҚӨК-тің жүктеме өсуі болжанады.
1 кесте - Электрлік қуаттың теңдігі
Бұл көрсеткіштерге кен орнының даму сатысына қатысты
құрылушы объекттердің құрылыс алаңындағы күтілген жүктемелері,
күтілген вахталық ауылдың жүтемелері және жоспарланушы (өнім бөлімі
жайлы келісім-шарт бойынша) Ақсай қ. қуат жіберу кіреді.
1 ГЖЭС 6x40 жобасының орналасу жері мен климаттық шарттары
1. 1 Жобаның орналасу жері
6х40 МВт электростанциясы Қарашыганақ өңдеу кешен (ҚӨК)
құрылысының негізгі объект құрамына кіреді.
ҚӨК құрылысы, кен
орынның таулы солтүстік-батыс бөлігінде, Қазақстан Республикасы
Қарашығанақ кен орнында жасалады.
Құрылыс ауданы жақын елді мекендерімен, Ақсай және Орал
қалаларымен көліктік жолдары арқылы меңгерілген және байланысты.
Кен орнынан 15 км оңтүстікке қарай Уральск - Илек темір жол сызығы
өтеді,
жақын аралық темір жолдың жүк түсіруі ‒ Ақсай станциясы. Кен
орнын қатты жабындаулы Уральск - Оренбург көлік жолы қиып өтеді.
Кен орнының жақын маңында 9 елді мекен орналасқан.
Кен орын географиялық тұрғыда солтүстік-шығысқа қарай 51-
параллель солтүстік енінде және 50 меридиан шығыстық ұзақтықта,
Ақсай қаласынан 16 км қашықтықта, Орал қаласынан 150 км шығысқа
қарай, теңіз деңгейінен 80 - 130 м биіктікте орналасқан. Кен орнынан
солтүстік-шығысқа қарай 35 км-де «Оренбург - Западная граница» газ
жолы өтеді, ал 160 км батысқа қарай - «Мангышлак - Куйбышев» мұнай
жолы өтеді. Карашаганақ кен орнынан Оренбург газ өңдеу зауытына дейін
120 км-ге созылған газ жолдары мен шықөткізгіштері төселген.
1. 2 Климаттық шарттары
Қарашығанақ кен орнының
климаттық сипаттамалары «Ақсай»
метеостанциясында жылдар бойы жасалған байқаулар бойынша
құрылған.
Ауаның айлар бойынша және бір жылға орташа, абсолютті
максималды және абсолютті минималды температуралары 1. 1 кестеде
көрсетілген.
1. 1 кесте - Айлар бойынша температурасы
Мин. -44
-39
-36
-26
-8
-3
+3
0
-6
-21 -35 -40
-44
Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 147 күнді құрайды.
Ауаның салыстырмалы ылғалдығы жыл бойында кең аралықта
өзгереді: жазда - 47-53%
жетеді, қыста - 81-83%. 30%-дан кем
ылғалдылықты күндер саны орташа 84 күнді құрайды. Ауаның орташа
айлық салыстырмалы ылғалдығы 1. 2 кестеде көрсетілген.
1. 2 кесте - Ауаның орташа айлық салыстырмалы ылғалдығы, ϕ
![]()
1. 3 кесте - Жауындардың айлық орташа және жылдық саны
Қар жамылғысының орташа биіктігі «Ақсай» МС мәліметтері
бойынша 27 см-ге тең, максималды - 46 см.
Желді ауа-райы жергілікті климаттың сипаттамалық ерекшелігі
болып табылады. Желдің орташа айлық жылдамдығы 3, 6- дан 5, 7 м/сек
дейін ауысады. Қатты желдер
15 м/сек аса жылдамдықпен, жуық
шамамен 41 күн жылына байқалады.
2 Отын және отын қамдау
2. 1 Отын
Газшығырлық қондырғылар үшін негізгі отын ретінде өңдеулік
кешеннің тазаланған отындық газы қарастырылады; апаттық ретінде -
дизельдік отын.
Газшығырлық қондырғылар алдындағы отындық газдың қысымы
2, 5 МПа құру керек, бірақ ҚӨК -тен отындық газ жоғары қысыммен
келеді, сол себепті, қысымды төмендету үшін, алты агрегатты газбен
қамдау үшін есептелген редуциялық блогы қолданылады.
Бастапқы сатыда, газшығырлық қондырғыларды газбен қамдау
Оренбургтік газ өңдеу кешенінің табиғи газы магистралды газ жолынан
қарастырылады. Газдың қажетті қысымда қамдалуы үшін шығыр
алдында құрамалы газсығымдағыштық қондырғылар құрылады.
ГШҚ-ға дизельдік отынды түсіру, сақтау және жіберу үшін
номиналды сыйымдылығы 1250 м3 (жұмыстық - 1050 м3) сақтаудың екі
резервуары құрамындағы отын шаруашылығы және сорғылықтар
құрылады.
Сұйық отынның бұл қоймасынан электростанцияның (жылыту
қазандықтар) көмекші жабдықтарын отынмен қамдау да (апаттықты
қосқанда) орындалады.
Отындық газдың жылдық шығыны алты газшығырлық
қондырғыны 6 х 9, 62 МВт, бес жұмыстық және бір резервті агрегатты
енгізгенде 450, 25 млн. м3/жыл құрайды.
Дизельдік отын ГШҚ үшін апатты, жыл бойы жағылған мөлшері
газшығырлық қондырғы отынның жалпы шығынынан 5% - дан аспайды.
Бір қондырғыға дизельдік отынның жылу жану мүмкіндігі 42, 84 МДж/кг
(10224 ккал/кг) бойынша сағаттық шығыны 9, 83 т/сағ құрайды. ГШҚ
алдындағы дизельдік отынның жұмыстық қысымы 0, 28 - 0, 38 МПа
құрайды. "Бритиш Газ Аджип" компаниясы және Қазақстан Энергетика
министрі мен табиғи қорлар мамандарымен қатыстырылған кен орнының
бағалау қорлары 1993 жылы газ бойынша 1303 млрд. м3 және сұйық
бойынша 1114 млн. т. (жалпы шарттар) құрады.
2. 2 Отынмен қамдау
Электростанция объектін газбен қамдау екі сұлбамен
қарастырылады: пайдаланудың бастапқы кезеңі және тұрақты сұлбамен.
Электростанция объектін газбен қамдаудың бастапқы сатысында
табиғи газбен қарастырылады және өндірулігі бойынша есептеледі, тек екі
ГШҚ - ның және жылыту қазандықтарының жұмысы кезіндегі отынмен
қамдау үшін қарастырылады.
Табиғи газ электростанция алаңының оңтүстік жағынан жалпы
зауыттық эстакададан 8 дюйм қосөрелі құбырша арқылы 1, 5 МПа
(дәлденеді) қысымды құбыр бойынша келеді. Құбырда алаңға кіру кезінде
дистанционды жетегі бар, электростанцияның басқару шитінен
басқарылатын сөндіруші құрылғы қарастырылады.
Ылғал табиғи газдың келуі мүмкін, сол себепті жіберуші газ жолында
сепаратор (кептіргіш) қарастырылады. Сепаратор ашық жерде, шатыр
астында қондырылады. Сепаратордан өткен сұйық ыдыста жиналады,
содан кейін, қозғалғыш құралдармен пайдаға асыру үшін КӨК - ке
тасымалданады.
КӨК-нін енгізуден кейін, электрстанция объектін қамдау, алты
ГШҚ - ны (біреуі - резервте) және жылытулық қазандықтарды 60 000
Нм3/сағ отын газымен қамдау қарастырылады. Алаңға отындық газы
оңтүстік жақтан келеді. Отындық газ қысымы шамамен 3, 8 МПа құрайды.
2. 2. 1 Табиғи газдың сығымдағыш станциясы
ГШҚ-да 2, 5 МПа қысымды газ жағылады. Сол себепті, бастапқы
сатыда қажетті қысымды жасау үшін табиғи газдың сығымдағыш
станциясы керек. Сығымдағыш станция бөлек орналасқан ғимаратта
орнатылған, яғни, электростанцияның басқа да ғимараттарға және
құрылыстар мен КӨК - ге дейінгі ара - қашықтық Қазақстан Республикасы
Қалыптар талаптарына сәйкес. Қондырғыға әрқайсысы өндірулігі
шамамен 13 000 нм3/сағ - ты, PG6561В түрдегі екі ГШҚ газын тұтынуға
сәйкес екі сығымдағыш қабылданған.
Сығымдағыш тық агрегат жинағына келесі қондырғылар мен
жүйелер кіреді:
- сығымдағыш құрамасы;
- жетектік электр қозғалтқыш;
- маймен қамдау құрамасы;
- желдеткіштік типті ауалық секциондық салқындатқыштары бар
сығылған газдың салқындату жүйесі.
Газды механикалық қоспалардан тазалағыш сүзгілер де бар. Екі
механикалық сүзгілер орналастырылады, бірі - жұмыстық, екіншісі -
резервті және үш қадамды ауыстырғыш құрылғы.
Сығымдағыштың майлау майын салқындату, желдеткіштік типті
ауалық секционды салқындатқышта, сығымдағыштың ғимаратында
орналастырылады.
Газдық салқындатқыштардан басқа,
жоспарда
бағаналар осі бойынша
19, 5x10, 0 м және биіктігі 10, 0 м-ге жуық
сыртөлшемдегі ғимарат ішінде барлық сығымдағыш жабдықтар
орнықтырылады. Ғимарат екі кіру есіктерден тұрады, жөндеу алаңына
көліктік кіру ұйымдастырылған, қажетті технологиялық ойықтар,
жарықтандыру, желдету, газды анықтау және өрт сөндіру жүйелері бар.
Сығымдағыш агрегаттардың техникалық қызмет етуі стационарлы
электрлік көпірлік кранның көмегімен орындалады.
Сығымдағыш станцияда табиғи газдың басқарылуы
электростанцияның басқару щитінен және подстанция ғимараты бойында
орналасқан сығымдағышты басқару құраманың бөлмесінен орындалады.
Екінші сатыда, табиғи газ сығымдағыш станциясы жұмыстан
шығарылады, себебі, отындық газдың қысымы ГШҚ - да жағу үшін
қажетті қысымнан асып түседі.
2. 2. 2 Газды дайындау пункті
Сығымдағыш станциядан кейін газ тазалау құрамасына және
редуциялау және өлшеудің құрамасына бағытталады.
Тазалау құрамасы ашық жерде шатыр астында орналастырылады
және ортадан тепкіш типті екі сепараторлардан (скрубберлер) және
сыйымдылығы 2, 0 м3шықты жинау багынан құралған.
Скрубберлерде сепарацияланған шық төменгі бөлігінде жиналады
және жинау багына төгіледі. Электрлік станцияны басқару щитіне,
сепаратордың өзінде және жинау багында, шықтың деңгей дабыл қағуы
шығарылған. Бактан шыққан шық көлік тасымалмен КӨК - не пайдаға
асыру үшін бағытталады.
Шықтың төгілуін автоматтандырудың болмау мақсаты, пайдалану
қызметкері төгілген шықтың мөлшерін қадағалай отырып, келген газдың
сапасын бақылап отыруында. .
Қысқы жағдайда, жұмыс үшін, тазалау құрама жабдықтары
электрқыздырғышпен және жылулық оқшаулаумен жабдықталған.
Орналастырылушы екі скрубберлерден, бірі - жұмыстық, екіншісі -
резервті. Әрбір скруббердің өткізу мүмкіндігі үш ГШҚ - ны газбен қамдауға
арналып есептелген, яғни, шамамен 40 000 нм3/сағ.
Сепарациядан кейін, газ редукциялау құрамасына және өлшеу
құрамасына бағытталады. Құрама үнемі жұмыс істеп жүрген және үш
ГШҚ - ға ( үш жіптің өндірулігі 50% бойынша) газ енгізуге есептелген
реттеудің үш жібінен тұрады. Реттеу жібінің бірі істен шыққан кезде,
қалған екі жібі қажетті мөлшердегі газды үш шығыр үшін өткізе алады.
Реттеудің әрбір жібінде қондырылады:
- кірістегі және шығыстағы сөндірілуші арматура;
- сөндіруші құрылғының газ қадамы бойынша біріншіден кейін және
соңғының алдындағы бұрылушы бәсеңдеткіш;
- өндірулігі 50% мембранды газ қысымын реттеудің тура жүрісі;
- шу бәсеңдеткіш;
- атмосфераға газды атқып шығару құбырымен сақтандырғыш
қақпашасы, ал КӨК - ні енгізгеннен кейін оның жабық алаулы жүйесіне
шығару;
- азотпен үрлеу штуцерлері және үрлеу құбырлары;
- бақылау - өлшегіш құралдар.
Редукциялау құрамасынан кейін газ өлшегіш құрылғылардан өтеді
және жалпы тарату газқұбырына келеді.
Редукциялау құрама жабдықтары және өлшегіщтер, сыртөлшемі 7, 20
x 2, 50 x 2, 75 м құралған, есіктермен, технологиялық ойықтармен,
жылулық оқшаулаумен, жарықтандырылған, газдық дабыл қағу және өрт
сөндіру жүйелерімен жабдықталған шу бәсеңдеткіш контейнерлерде
орналастырылады.
Редукциялау түйінінен кейін діріл-шу сіңіруші оқшаулау
қолданылады. Сығымдағыштар мен ГБҚ жабдықтарының
газқұбырларын үрлеу атмосфераға азоттың көмегімен жүргізіледі.
Сақтандырғыш қақпашадан газ атып шығару құбырлары, ГБҚ
аумағында орналасқан келешекте КӨК - нің алаулы жүйесіне жіберу
арқылы үрлеу оттығы жүреді.
Таратушы газ құбырларынан әр ГШҚ-ға әр шығырдың газдық
шкафтарына алынған.
Жылыту қазандықтардың газ құбырлары газ скрубберлерден кейін
негізгі газжолынан редукциялауға дейін алынады. Қажетті тиектік
жинағы, реттеу және сақтандырғыш арматура редукциялау мен өлшеудің
негізгі құрамасының контейнеріне орналастырылады.
Құрылушы ППГ-нің бірінші сатысында өткізу мүмкіндігі үш ГШҚ-
ға есептелгендіктен, болашақта тағы үш қондырғыны газбен қамдау үшін,
тағы бір ППГ орнатуға, жалпы тарату газ құбырына қосылатын орын
қарастырылған.
Барлық газ құбырлары контейнерден және ғимараттардан тыс
эстакада бойынша жер үсті төселеді, электрқыздырғышпен, жылулық
оқшаулаумен және найзағай қорғағышпен жабдықталады. Газ құбырлары
болат құбырдан жасалады, жарылыстан қорғайтын герметикалық
жағынан бірінші класты болат арматура қолданылады.
2. 2. 3 Электрлік станцияның объекттерін дизельдік отынмен қамдау
ГШҚ, көмекші жабдықтар және КӨК қондырғылары үшін апаттық
отын ретінде жарқыл температурасы 70°С болатын дизельдік отын
қолданылады.
Дизельдік отын шараушылығына келесі құрылыстар кіреді:
- дизельдік отынның қабылдау-түсіру құрылғылары;
- дизельдік отынның қоймалары;
- дизельдік отынның тұтынушыға сорғылық жіберілуі.
Дизельдік отынды жіберу көлік тасымалы арқылы жүреді.
Автоцистернаны қабылдау мен түсіру үшін екі контейнерлер орныққан
қатты жабындаулы арнайы алаң жабдықталған. Біріншісінде, отынның
бір уақытта екі цистернадан құйылуын және жинауға арналған
резервуарға қайта айдалуын қамтамасыз етеді. Екінші контейнерде
дизельдік отынды жинау резервуарынан тұтынушыға жібереді.
2. 2. 4 Дизельдік отынды қабылдау-түсіру құрылғылары
Қабылдау-түсіру құрылғылары кірісінде қолмен басқарылатын
бөліктік қақпашамен жабдықталған екі қабылдағыш құбырмен
жабдықталған. Бұл құбыр әрбірі, торлы сүзгі арқылы
өндірулігі 40 м3/сағ бойынша түсіру сорғымен
байланысқан. Сорғылардың тегеуріндік сызықтары, қолмен
басқарылатын тиектік қайта оралу қақпашамен және сақтандырғышпен
жабдықталады. Сорғыдан кейін екі тегеуріндік сызықтар дизельдік
отынның жинау резервуарына келетін қосөремен бірге қосылады. Бұл
сызықта жалпы шығысөлшер құрылғысы орналасқан.
Тегеуріндік сызыққа сорғыдан кейін, бірақ шығысөлшер құрылғыға
дейін, темір жолдан қабылдау - түсіру құрылғыларына дизельдік отынды
жіберу үшін қосөресі тиектік арматуралы құбырмен қиылысады.
2. 2. 5 Дизельдік отын қоймасы
Дизельдік отын қорларын сақтау үшін, пайдалы сыйымдылығы
әрқайсысы 1050 м3 (толық сыйымдылығы 1250 м3 ), екі металдық жер үсті
резервуар орналастырылады.
Әрбір резервуар отын сақтағышты желдеткіштік тесіктермен, құйып
беруші және шығыстық құбыршалармен, рециркуляция
патрубкаларымен, тазалау патрубкаларымен қамдалған.
Қысқы кезеңдегі жұмыс үшін дизельдік отын және жылулық
оқшаулау жүйелерімен қамдалған әрбір резервуар электрқыздырғышы
қарастырылады.
Әрбір резервуарда дизельдік отын деңгей мен температурасы басқару
щитіне мәліметтеркелетін автоматты түрде қадағаланады. Резервуарда
максималды жұмыстық деңгейге жеткенде, сезгіштен резервуарды
толтыруды тоқтату дабыл келеді.
Қауіпсіздік мақсатында, резервуардың екеуі де биіктігі 1, 7 м
темірбетондық қабырғамен қоршалған. Қоршалған көлем дизельдік
отынды келесі резервуарға төгуге есептелген.
Дизельдік отынның сақтау алаңы келесі ағызулық жүйені құрайды.
Дизелдік отын резервуарларының астында полиэтиленді қабықша
жабыны бар тұтас темірбетонды фундаментті тақташа орналасады.
Резервуар түбінің орталығы астында орналасқан, беттік тақташалық
дренажды приямокқа жалпы еңіс қарастырылған. Түбі арқылы мүмкін
болатын ағулар, тақташаның беті арқылы құрғатулық прямокқа ағадыда
құрғатулық құбырмен қоршайтын қабырға сыртында орналасқан
бақылаушы (қараушы) құдыққа әкетіледі. Мұндай құрылғылар екі қойма
резервуарларына ие.
Дизельдік отын қоймаларын пайдаға асырғанда, мұнай өнімдерін
құраушы ағындар, оның аймағынан (резервуарлардың қоршаған
ауданынан, отын төгу ауданынан, және де өртсөндіру кезінде
қолданылатын су) өзағулық құбырлар арқылы СҚК коллектор бас
жолына және одан ары қарай тазартушы құрылыстарға әкетіледі.
СҚК құрылысы мерзімінде, жоғарыда көрсетілген ағындар қойма
қоршауы сыртында орналасқан, сыйымдылығы 36 м3
жерасты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz