Қосылу деңгейі


7
![]()
8
![]()
9
![]()
АҢДАТПА
Бұ л дипло мдық жо бада байланыс жабдықтар ының дамуына
о р ай Алматы о блысының Өтеген Батыр а уы лында NGN
тех но ло гиясын қо лданып кө пар налық тел еко мм уникациял ық
жү йелер ді ұ йымдастыр у қар ас тыр ылған.
Құрылғы түрін таңдау негіздемесі және оның техникалық
сипаттамал ар ы келтір ілген.
Еңбекті қо р ға у және ө мір тір шілік қа уіпсіздігін ұ йымдастыр у
мәселе лер і қар астыр ылған, со нымен қатар қажет есепте улер
келтір ілген.
Экономика бөлімінде жобаның экономикалық пайдалы және
тиімді екенін дәлелдейтін техника -экономикалық көрсеткіштер
келтір ілген.
АННОТАЦИЯ
В данном дипломном проекте в связи с развитием средств связи
рассматривается организация многоканальных телекоммуникационных систем
в поселке Отеген Батыр Алматинской области с применением технологии
NGN.
Приведены расчёты основных параметров выбранного оборудования
данного проекта.
Рассмо тр ены во пр о сы о р ганизации ох р аны тр уда и
безо пасно сти жизнедеятел ьно сти, а та кже п р и ве дены тр ебуе мые
р асчеты.
В разделе экономики
приведены технико - экономические
по казатели п р о е кта, ко то р ый по дтвер ждает, ч то данный пр о ект
являет ся эко но ми чески выго дным и эффективным.
ABSTRACT
In this thesis project in connection with the development of means
of communication considered multichannel telecommunication systems
business in the village Otegen Batyr Almaty region using the
technology of NGN.
The calculations of the basic parameters of the selected equipment
for this project.
Discussed the organization of occupational health and life safety,
and lists the required calculations.
In the economy given technical and economic parameters of the
project, which confirms that the project is economically viable and
efficient.
10
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ЖОБАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ШЕШІМДЕРДІ НЕГІЗДЕУ ЖӘНЕ
ТАЛДАУ . . .
7
1. 1 Өтеген батыр ауылында жобаланатын NGN сипаттама . . . 7
1. 2 Өндіруші фирмаларды салыстыру мен таңдау . . . 9
1. 3 SDH шеңберлік желілерін синхрондау . . . 12
1. 4 NGN анықтамасы . . . 14
1. 5 NGN мультисервисті желілерді құру қағидалары . . . 17
1. 6 NGN архитектурасы . . . 18
1. 7 NGN қызметтеріне қосылуды ұйымдастыру . . . 22
1. 8 Huawei Technologies U - SYS жүйесі құрылғысын сипаттау . . . 22
1. 9 Иілгіш коммутатор . . . 23
1. 10 Беріліс жүйесін таңдау . . . … . . . 31
2 ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ . . . 34
2. 1 Оптикалық кабель типін таңдау . . . 34
2. 2 Көлік желілерін басқару . . . 36
2. 3 Оптикалық кабельдер параметрінің есебі . . . 36
2. 4 Сөну есебі . . . 39
2. 5 Дисперсия есебі . . . 41
3 БИЗНЕС ЖОСПАР . . . 44
3. 1 Жоспардың мақсаты . . . 44
3. 2 Компания және сала . . . 44
3. 3 Нарық талдамасы . . . 44
3. 4 Маркетинг . . . . . . 55
3. 5 Менеджмент . . . 45
3. 6 Қаржылық жоспар . . . 46
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚӘУІПСІЗДІГІ . . . 55
4. 1 Еңбек шартының анализі . . . 55
4. 2 ӨТҚ қамтамасыздандырудың техникалық шешімі . . . 58
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . 67
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
. . 68
А ҚОСЫМШАСЫ . . . 69
Ә ҚОСЫМШАСЫ . . . 70
11
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Қазақстанда телекоммуникациялық инфрақұрылымды
қалыптастыру 1998-2005 жж. кезеңіне арналған жалпы пайдаланылатын
байланыс желілерін жаңғырту мен дамыту бағдарламасына сәйкес жүзеге
асырылады.
Бағдарламада қызметтердің мынадай негізгі бағыттары анықталған:
- СЦИ (SDH) байланысының талшықты-оптикалық желісі негізіндегі
Ұлттық Ақпараттық Супермагистраль (ҰАС) құрылысы;
- қалалық және ауылдық ұқсас жүйелерді цифрлық жүйеге кезеңдік
ауыстыруды қоса алғанда, жергілікті телекоммуникациялық желілерді
жаңғырту мен дамыту, қалалық және аймақтық көлік желілерінің құрылысы;
- мәліметтерді беру желілерін құру;
- №7 ОКС желілерін құру және синхрондау.
Сондай-ақ онда желілерді жаңғыртудың мынадай негізгі принциптері
тұжырымдалған:
- әрбір елді мекенге жалпыға қолжетімді байланыс қызметтерін көрсету;
- заманауи технологияларды қолдану негізінде байланыстың ұлттық
инфрақұрылымын жедел дамыту есебінен көрсетілетін қызметтердің аясын
кеңейту;
- пайдаланудағы байланыс құралдарын пайдалану тиімділігін арттыру.
NGN желісін жасау жоғарғы икемділігі, төмен шығындар және кең
таратылуы оны ең жақсы хаттама етеді. Дәстүрлі желінің қалааралық
байланысына қарағанда, NGN IP технологиясында жұмыс істейді. Бұл шешім
қалалық желіні үнемді және экономикалық тәсілдермен және оның негізінде
жергілікті NGN желілерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
NGN - желісін еңгізу арқасында ескірген аналогтық телефондық
станциясының абоненттері цифрлық телефонды станциясына өтіп кете жаңа
платформаға ауыстырылады. Конвергентті желі тек қана дәстүрлі телефон
қызметтерін ғана бермей, сонымен қатар жаңа мультимедиалық қызмет
көрсетеді. Олар: видетелефония, мультимедиялық мәжіліс, мультимедиялық
хабарды және тексті тасымалдау қызметтері. «Қазақтелеком» АҚ NGN- желісі
арқылы Қазақстан кәсіпорындарына және бірлескен тапсырыс берушілерге
виртуалды жеке желі ұйымдастыру үшін, қорғалған дауысты тасымалдау
мүмкіншілігін және видеоны пайдалануды ұйымдастырылады.
Сондықтан осы дипломдық жобаның тақырыбы Өтеген батыр ауылында
NGN технологиясын пайдалану арқылы көп арналы телекоммуникациялық
жүйені ұйымдастыру болып табылады.
12
1 ЖОБАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ШЕШІМДЕДІ НЕГІЗДЕУ ЖӘНЕ
ТАЛДАУ
1. 1 Өтеген батыр ауылында жобаланатын NGN сипаттама
Өтеген батыр ықшам ауданындағы халық саны 1999 жылы 18 мың
адамды құрады, сол уақытпен салыстырғанда 2014 жылы халық саны 32 мың
адамға дейін өсті. Қызмет көрсету сапасы мен мәліметтерді беру жиілігіне
талаптар да өзгерді.
Қазіргі уақытта ұқсас станциялардың көпшілігі заманауи цифрлық
станцияларға ауыстырылды (Lusent Technologies фирмасының 5ESS, Alcatel
фирмасының S-12 және т. б. ), алайда, сонымен қатар қалалық желілер АТСК
типіндегі ескірген станциялармен жұмыс істейді, олар қазіргі заманғы
талаптар мен сұранымдарды қанағаттандырмайды. ҚТС арасындағы біріктіру
желілерінің жеткіліксіз саны мен сапасы абоненттік қызметтердің толық аясын
толық көлемде пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы Алматы қаласындағы
телефон желілерінің осындай кемшіліктерін шешу үшін осы дипломдық
жобада Алматы қаласында қалалық NGN шеңберін құру ұсынылып отыр.
Қазақстанда телекоммуникацияны қарқынды дамыту табысындағы
сенімділік мынадай алғышарттардан тұрады:
- шетелдік инвесторлар үшін Қазақстан Республикасының нық дамып
келе жатқан әлеуетінің тартымдылығы;
- ТМД-ның ғаламдық кеңістігіндегі тұрақты фактор ретінде Еуразиялық
континенттің орталығында орналасқан Қазақстанның тиімді географиялық
жағдайы. Бастапқы магистральдық желінің құрылымдары - ТОЖБ мен ЦРРЛ
магистральдық желілерде орналасқан ірі елді мекендер орталықтарына
ақпараттар ағынын енгізу мен шығару арқылы синхрондық-цифрлық
иерархияның артықшылықты жүйесін (SDH техникасы) қарастырады. Бұл
әрбір АМТС-тан және үш - әрбір МЦК-дан екі тәуелсіз шығаберісті
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Телекоммуникацияның қалалық желілерін бұдан әрі дамыту:
-
бастапқыда интегралдық қызмет көрсетудің (ISDN) тар жолақты
цифрлық желілерін құру АТС цифрлық базасында және болашақта кең
жолақты желілерге көшу арқылы (ATM, FR) байланыс қызметінің толық
көлемін көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
- Қуатты коммутациялық торапты (HOST) ұйымдастыру арқылы
цифрлық қондырғыны кеңінен пайдалану жолымен.
- ТОЖБ негізінде SDH көлік шеңберін пайдалану арқылы.
- WLL сымсыз мүмкіндікті қосымша ұйымдастыру арқылы жүзеге
асырылады.
Қазақстанда бөлінген арнаның көлемі - 1 арна, бұл республиканың
барлық облыстық орталықтарын, аудандық орталықтардың жартысынан көбін
13
және ауылдық елді мекендердің үштен бір бөлігін халықаралық цифрлық
байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Желілердің құрылымдық схемаларын жеңілдету және талап етілетін
қондырғының санын қысқарту SDH-мультиплексор өзінің функционалдық
ықтималдығы бойынша PDH мультиплексоры бағанына ауыстырғанының
арқасында мүмкін болды. Плезиохрондық мультиплексор бірнеше құрамдық
сигналдарды бөліп шығару үшін ағынды демультиплексирледі, содан кейін
құрамдық сигналдардың барлық жиынын қайтадан мультиплексирледі. SDH-
мультиплексор барлық ағынды талғамай-ақ талап етілетін құрамдық
сигналдарды бөліп шығарады. Бұл жағдайда қондырғы аз қажет болады,
қуаттандыруға талап төмендейді, алаңдар босатылады, пайдалану шығындары
азаяды.
Желіні орталықтан басқару арналар мен тораптар (мультиплексорлар)
жағдайының толық мониторингін қамтамасыз етеді. Шеңберлік топологияны
пайдалану резервтік жолға кез-келген апаттық жағдай кезінде арналардың
автоматты қайта бағытталу мүмкіндігін көрсетеді.
Конфигурация желісін басқару, апаттық жағдайларды бақылау мен
тіркеу басқарудың бірыңғай консолдары арқылы бағдарламалық құралдармен
жүргізіледі. Орталықтан басқару жүйесінің функциясына арналарды тестілеуді
қолдау және мультиплексорлардың негізгі блоктары жұмыстарының сапасын
бақылау кіреді.
Байланысты ұйымдастырудың схемасында шеткі пункттер мен
транзиттік пункттер көрсетіледі, мұнда осы тармақтарда белгіленген барлық
мультиплексорларды бөлу, сондай-ақ оларды өзара қосу қарастырылған.
Байланыс 1+1 схемасы бойынша резервтеу арқылы «желілік тізбек»
схемасы арқылы ұйымдастырылады.
Жобаланатын учаскедегі ағынның есептелген саны бойынша мыналарды
ұйымдастыру қажет:
- телефондандыру үшін: 128 екі мегабиттік ағынды;
- Іnternet мүмкіндігі үшін: 316 екі мегабиттік ағынды.
Осындай ретпен, Өтеген батыр ауылының станциясында 444 екі
мегабиттік ағын ұйымдастырылады.
14
1. 1 Сурет - Өтеген батыр ықшам ауданындағы байланысты ұйымдастырудың
құрылымдық сұлбасы
1. 2 Өндіруші фирмаларды салыстыру мен таңдау
Желілердің SDH-технологиясының базасында дамуы 1993 жылдан
басталды. Алғашқысы STM-1 деңгейіндегі мультиплексорлар болды. Бірнеше
уақыт өткен соң телекоммуникациялық компаниялар дамығанда және олардың
желілік қорлары таусылғанда мультиплексорларда STM-4, 16 деңгейінің
қажеттілігі туындады. Жақын болашақта STM-32, 64 мультиплексорының
қажет болатынын күтуге болады.
SDH қондырғыларының арасында саны бойынша бірінші орынды Nortel
-TN-1X фирмасының бірінші деңгейлі SDH мультиплексоры (STM-1) алады.
Бұл қондырғы алғашқыда ресейлік нарықта пайда болды, бірінші болып РФ
Байланыс министрлігі сертификациядан өткізді, бірінші болып жанды
трафикті өткізді. Бұдан басқа бұл күнде Nortel SDH (TN-1C, TN-1P, TN-4X, TN-
16X) бұйымдарының бірнешеуі ұсынылды. TN-1P және TN-1C
пайдаланушылық мүмкіндіктегі мультиплексорлар ретінде анықтауға болады.
STM-1 жинақты көлемі мен деңгейінің сәйкестігі оларды «соңғы миль»
учаскесі үшін оларды тура келетіндей етеді. Алайда қондырғы салыстырмалы
түрде пайдалану үшін жарыққа жақында ғана келді, сондықтан ол әлі көп
тарала қойған жоқ. TN - 4X және TN - 16X өнімдері тиісінше 4 - ші және 16 -
шы деңгейдегі SDH мультиплексорлары болып табылады.
Танымалдығы жағынан екінші орынды Philips маркасымен пайда болған
(бүгінде оны басқа фирмалар жеткізеді) SDH-қондырғысы алады. Желілерде
PHASE FNS - ADM 4/1 сериясындағы мультиплексорлардың пайда болуы
үздік техникалық шешім болды. «Біреуде екеу» тұжырымына сәйкес жасалған
олар бірінші және төртінші деңгейдегі жаңа SDH-желілерінің құрылысына,
сондай-ақ бірінші деңгейдегі барынша дамыған желілердің қорларын
арттыруға жақсы келеді. Мұндай бұйымдардың әмбебап текшесі бар-жоғы
15
![]()
тиісті карталарды қоса отырып, STM-1 мультиплексорын STM-4
мультиплексорына өзгертуге мүмкіндік береді. Осы бұйым VC - 12 бастап VC
- 4 дейінгі деңгейлердегі электронды кросстық біріктірулерді орындай
отырып, кросстық коммутатор функцияларын өте жақсы атқара алады.
Алайда ештеңе орнында тұрмайды, технология қарқынды даму үстінде,
оның үстіне кеше ғана танымал болған техникалық шешім, бүгін үйреншікті
болып қалды. Lucent Technologies, ECI, Siemens сияқты компаниялар
қондырғыларында жасалған SDH желілері пайда болды.
Әртүрлі фирмалардың сипаттамаларын қарастырайық:
Nortel фирмасы
Арналардың (ағындардың) және біріктірілген порттардың ықтимал
нұсқаларының үлкен жиыны
- Өткізу жолақтарын икемді басқару
-
Кіріктірме оптикалық күшейткіштер стандартты оптикалық
талшықтың үлкен қашықтығында жұмыс істеуге мүмкіндік береді
- Топология түрін бағдарламалық таңдау
- OSI моделінің элементі негізінде басқарудың кеңейтілген функциялары
- Басқа өндірушілер бағдарламаларының көмегімен желілік деңгейде
басқару мүмкіндігіне арналған Q3 интерфейсі
- Қателерді зияткерлік өңдеу
- Шеңберлік топологияны ақаулықтардан қорғау
- Ағындарды қорғау
- Желілік сервистердің қолжетімділік деңгейін тиісінше 99. %
қамтамасыз ету
Philips фирмасы
−
−
−
STM - 16 мультиплексорының стандартқа толық сәйкестігі
Өнімділіктің G. 826 мониторингі
Икемді құрылым терминалдық мультиплексор (TM), регенератор,
кіріс/шығыс мультиплексоры және жергілікті кросс-коннектор (DXC)
ретінде пайдалануға жол береді
−
−
−
−
−
−
Ағындарды қорғау
75 және 120 Ом - дық 2 Мбит/порт
Бағдарламалық қамтамасыз етудің қашықтықтағы жүктемесі
Басқарудың сыртқы сигналдарының ашық берілісі
Тапсырыс бойынша телекоммуникациялық инфрақұрылымды құру
Басқарудың зияткерлік жүйесі (UNIX)
Siemens фирмасы
16
−
−
−
−
−
SDH жүйесін әзірлеуде және өрістетуде көшбасшы
Міндеттердің бүкіл аясын қамтитын шешімдердің толық жиыны
Әзірленетін өнімдердің жоғары сенімділігі
«Дайын» шешім
Телекоммуникациялық қызметтердің жеткізімшілер үшін жан-
жақты толық шешімі
−
−
−
−
Басқарудың кіріктірме жүйесі мыналарға мүмкіндік береді:
сервистерді көрсету жылдамдығын ұлғайтуға
пайдалану шығындарын төмендетуге
Басқа өндірушілердің қондырғыларын пайдалану арқылы
желілерді жобалауға мүмкіндік беретін стандарттарға толық сәйкестік
−
Күйге келтіруді басқарудың икемді жүйесі құрылғыларды бірнеше
желілерде бір мезгілде басқаруға мүмкіндік береді
−
Ақаулықтарды өңдеу үзілістер туралы хабарламалар жиынын,
оқиғаны тіркеуді, қателіктерді оқшаулауды, ақаулықтар туралы
хабарламаны сүзгілеуді қамтамасыз етеді.
Siemens фирмасы сондай-ақ желілік операторға оның бәсекеге қабілетті
болуына мүмкіндік беретін артықшылықтарды да ұсынады.
− Желілерді жоспарлау процесін жеңілдету, әсіресе жүктеме
өзгерістері жиі өтетін жерлердегі нүктелерде, бұл:
− қолдағы қуаттылықты барынша толық пайдалануға
−
−
әрекет етудің жақсартылған уақытына
барынша жетілдірілген желілік деңгейлерді пайдалануға мүмкіндік
береді
− Құнды және желіге орнату күрделілігін төмендету
− Сенімділікті арттыру және желілік басқаруды жеңілдету
−
Толық шеңберлік құрылым немесе екі шеңберге іргелес STM-4
және бір SMA16 сегіз шеңберге іргелес STM-1
− 256 х 2 Мбит дейін/бір SMA16 сыртқа шығарылған өткізгіш
Барынша тиімді талшықты-оптикалық технологияны пайдалану
мақсатында келтірілген сипаттамалар бойынша SDH әзірлеудегі бірқатар
жетекші фирмаларды талдадық. «Siemens» фирмасы өзінің бағытында
жылдамдықтың, икемділік пен құнының бірден-бір сипаттамасы бар
телекоммуникациялық жүйені құру мақсатында заманауи электроника мен
бағдарламалау техникасын үйлестіру арқылы SDH стандартын оңтайлы
пайдаланады. Атап айтқанда, «Siemens» SDH жүйесі бірқалыпты, болашаққа
есептелген, бүгінгі плезиохронды цифрлық желілерден барлық салмақты
немесе жұмыс артықшылықтары бар ертеңгі синхронды цифрлық желілерге
көшуге мүмкіндік береді.
1. 3 SDH шеңберлік желілерін синхрондау
17
Желілерді синхрондауды қалыптастыру кезінде қойылатын негізгі талап
- синхрондау сигналын таратудың негізгі және резервтік жолдарының болуы.
Алайда, осындай және басқаша жағдайда да иерархиялық ағаштың
топологиясы қатаң ұсталуы және синхрондаудың тұйық ілмектері болмауы
тиіс. Екінші талап балама хрондаушы көздердің болуы болып табылады.
Мінсіз жағдай балама көздер олардың басымдығы мен мәртебесіне сәйкес
орындалғанда болады.
Синхрондау желілерін жүйелі қалыптастырған кезде шеңберлік, сондай-
ақ ұяшықты желілерде синхрондаудың тұйық ілмектерінің пайда болуына жол
бермеуге болады. Синхрондаудың мәртебесі туралы хабарламаны пайдалану
өз кезегінде синхрондау желілері қызметінің сенімділігін арттыруға мүмкіндік
береді. SDH шеңберлік желілерді синхрондаудың схемасы келтірілген, мұнда
жоғарғы схема желінің қалыпты жұмыс істеуіне, ал төменгі схема - А және С
тораптарының арасындағы кабельдердің ажырауынан болған үзілістерге
сәйкес келеді.
Схема классикалық иерархиялық әдіс қоятын мәжбүрлі синхрондауды
пайдаланады. Тораптардың бірі (А торабы) жетекші (немесе торап - шебері)
деп аталады және оған сыртқы PRC синхрондау сигналы беріледі. Осы
тораптан негізгі синхрондау (бірінші басымдық көзі) сағат тілінің бағытымен
бөлінеді, яғни В, С және Д тораптарына. Резервтік тармақтар бойынша
синхрондау (екінші басымдық көзі) сағат тілі бойынша бөлінеді, яғни Д, С
және В тораптарына. Тораптар бойынша синхрондаушы көздерді бастапқы
бөлу 1. 1 кестеде келтірілген.
1. 1 К е с т е - Шеңберлік желілерді синхрондау көздерін бөлу
В және С тораптарының арасындағы кабельдердің ажырауы кезінде С
торабы В торабынан синхрондау сигналын алмай-ақ синхрондауды ұстау
режиміне көшеді және Д торабына синхрондау сапасы деңгейінің SETS
мәртебесі туралы хабарлама жібереді. А және С торабынан синхрондау
сапасының деңгейі туралы хабарлама алған және үздік торапты таңдаған (А
бастап) Д торабы С торабына «Doun’t use» орнына «PRC» хабарламасын
жібереді. Д торабынан осы хабарламаны алған С торабы синхрондау көзінен Д
18
басталатын «PRC» өзгертеді. Қалыпты жұмыс істеу кезіндегі синхрондау
схемасы 1. 5 суретте келтірілген.
1. 2 Сурет - Қалыпты жұмыс істеу кезіндегі синхрондау сұлбасы
Ал байланыс үзілген кездегі синхрондау схемасы 1. 3 суретте келтірілген.
1. 3 Сурет - Байланыс үзілген кездегі синхрондау сұлбасы
мұндағы,
Синхрондаудың пайдаланылатын негізгі сұлбасы
Синхрондаудың пайдаланылмайтын резервтік сұлбасы
1-2 - Басымдықтар
PRC; пайдаланылмаған - Синхрондау мәртебесі туралы хабарлама
1. 4 NGN анықтамасы
19
![]()
![]()
![]()
![]()
NGN - дестелер коммутация технологиясын қолданатын, деректер,
бейнелер және сөздерді таратуға арналған, көпмақсаттық әмбебап желі.
NGN желісі ашық және реттелген сәулетпен сипатталады, онда
қызметтер шақырумен басқару фунцияларынан бөлінген, ал шақырумен
басқару фунциялары тасымалдау функцияларынан бөлінген. Ашық
хаттамалардың және интерфейстердің арқасында көптген қызметтерді
оперативті және иілгішті көрсету, ал абоненттерге жүйелік жабдығының
құрылымынан және тасымалдау қызметтерінің терминалдарының түрлерінен
тәуелсіз, өздерінің қалауынша қызметті ықтималдау мүмкіндігі беріледі.
Дестелі коммутациялы тіректі желі телефондық желінің интеграциясын,
деректерді тарату желісін және кабелдік теледидар (КТД) желісін
жылдамдатуды рұқсат етеді. Тәуелсіз желілік басқару деңгейінде шақырумен
басқарудың негізгі функциялары бағдарламалы түрде жүзеге асады,
шақыруды маршруттауды, басқаруды бақылауды және сигнализацияның
әсерлесуін қоса, осылай қолданушылардың керекті қажеттіліктеріне
тасымалдау қызметтерін және басқару хаттамаларын ықтималдауға рұқсат
беріледі. NGN жүйесі PSTN жүйесімен, PLMN ортақ қолданыстағы жер
үстіндегі ұялы байланысымен, 3G 3-ші ұрпақты ұялы байланыстың желісімен,
IN интелектуалды желімен, Internet желісімен және тағы басқа желілермен
жүйеаралық медиашлюздер, медиашлюздер жалғау жолдары және
сигнализация медиашлюздер арқылы өзара қатынасады.
Кәдімгі
қолданушылар NGN желісіне рұқсатты терминалды жабдықтар, ол дестелі
коммутациялы жүйелері бойынша дауыстық ақпаратты таратуды қамтамасыз
етеді және мультимедиялық терминалдар арқылы қол жеткізеді.
Корпоративті қолданушылардың желіге қосылуы (MG) медиашлюздері және
интегралды рұқсат құрылғылары (IAD) арқылы іске асырылады, олар
дауыстық байланыс, деректерді тарату және бейне ақпарат қызметтерін
әртүрлі қолданушыларының талаптарына толық сәйкесті.
NGN желілеріне қойылатын талаптар:
− “мультисервистік”, қызмет технологияларының транспортты
технологияларынан кедергісіз өту;
− “кең жолақтылық”, тұтынушының сұраныстары бойынша, кең
диапазонда ақпаратты тарату жылдамдығының иілімді және динамикалық
өзгерту мүмкіндігі;
− “мультимедиялылық”, қосылыстардың күрделі конфигурацияларын
пайдаланып, ақпараттарды (сөз, деректер, бейне, аудио) желіде тарату
мүмкіндігі;
− “интеллектуалдылық”, тұтынушы немесе қызметті жеткізушінің
қосылыспен, телефон шақыртулармен және қызметтермен басқару мүмкіндігі;
− “қатынау нұсқаулылығы”, қолданылатын технологияға байланыссыз,
қызметтерге қатынау ұйымдастыруының мүмкіндігі;
20
− “көп операторлылық”, қызметтер көрсету және қолданылатын салаға
олардың сәйкес келуін қамтамасыздандыру үрдістерінде көп операторлардың
қатысу мүмкіндігі.
Осылайша, келесі ұрпақтың байланыс желісі (NGN) -бұл басқаруы өте
иілгіш келетін шексіз көп қызметтер түрін пайдалануға мүмкіндік беретін
байланыс желісін тұрғызу, желі мәселелері унифициялау арқылы жаңа қызмет
түрлерін құру және жекелеу, жүйенің шеткі түйініне қызметкөрсету
функциясын шығару және дәстүрлі байланыс желілерімен интеграциялану
концепциясы болып табылады.
1. 4. 1 Жұмыстың мақсаты
Жұмыстың негізгі мақсаты: Өтеген Батыр ауылында, NGN негізінде,
Huawei құрылғысының көмегімен, сөз және басқа да мәліметтерді беру
қызметін ұсыну, қаладағы бар цифрлық арналарды тиімді пайдаланып
желілердің өнімділігін арттыру арқылы, және дестелік коммутациялар
технологиясы бойынша қызметтер көрсету негізінде транспорттық желі құру.
Осы жұмыстың мақсаттарын анықтау үшін, басқарушы әлемдік
телекоммуникация операторларымен ұсынылған, NGN желілеріне өту
стратегияларын қарастыру керек. NGN желілеріне өтуінің мүмкін
стратегияларын үш негізгі топтарға бөлген жөн: революциялық, эволюциялық
және «аралдық».
Бірінші стратегия екі жағдайда қолайлы: жаңа желі құрастырылады;
барлық эксплуатацияланатын коммутация мен тарату жабдықтары
ауыстыруды қажет етеді. Революциялық стратегияның қолданылуының
практикалық нұсқауы өте сирек кездеседі.
Екінші стратегия - операторлардың желіні түрлендіру үшін нақты
жоспар құруын мақұлдайды. Жалпы пайдалыныстағы телефон (ОҚТЖ)
желісінің цифрленуі кезеңінде қабылданған, «үстіне қойылған» желі
тұжырымдамасы осы келтірудің аналогі болып саналады.
Үшінші стратегия
-
оператор қажеттілік барысында, ескірген
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz