Алаңдарда қозғалыста ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Болатқұл Аяна

ШҚО Өскемен қаласындағы жол көлік оқиғаларын таңдап,

Буров көшесі мен Мызы көшесі қилысындағы ЖКҚ жетілдіру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандық 5В090100 - Көлікті пайдалану және жүк қозғалыс

мен тасымалдауды ұйымдастыру

Алматы 2018

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Инженерлік факультет

«Машина пайдалану» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ШҚО Өскемен қаласындағы жол көлік оқиғаларын таңдап,

Буров көшесі мен Мызы көшесі қилысындағы ЖКҚ жетілдіру

Беттер саны

Сызбалар мен көрнекі

материалдардың саны

Қосымшалар -

Орындаған Болатқұл Аяна

2018 жылы « » мамырда қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі
профессор Қаласқаров М. Қ
Кафедра меңгерушісі: Жетекші
профессор Қаласқаров М. Қ: қаум. проф. Жетпейсов М. Т.
Кафедра меңгерушісі: Арнайы тараулар кеңесшілері:
профессор Қаласқаров М. Қ:
Кафедра меңгерушісі: Конструкторлық тарау
профессор Қаласқаров М. Қ: Аға оқытушы Сафаргалиев А.
Кафедра меңгерушісі: Экономикалық тарау
профессор Қаласқаров М. Қ: аға оқытушы
Кафедра меңгерушісі: Норма бақылау
профессор Қаласқаров М. Қ: аға оқыт. Қашаған Б. Е.
Кафедра меңгерушісі: Сарапшы
профессор Қаласқаров М. Қ: доцент, т. ғ. к. Сыдықбаев Ж.
Мазмұны
Бет
Мазмұны: Кіріспе . . .
Бет: 6
Мазмұны:

1 Техникалық-экономикалық негіздеу . . .

1. 1 Өскемен қаласына қысқаша сипаттама . . .

Бет:
Мазмұны: 1. 2 Қазақстанда 2017 жылғы көлік құралдарының жағыдайы . . .
Бет:
Мазмұны: 1. 3 Көлік және көше-жол торабы . . .
Бет:
Мазмұны: 1. 4 Өсенмен қаласындағы күрделі қилыстар . . .
Бет:
Мазмұны: 1. 5 Жол-көлік оқиғаларын сараптау . . .
Бет:
Мазмұны:

2 Бір деңгейдегі күрделі қилыстағы қозғалыс қауіпсіздігін

жоғарылатудың әдістемелік негізі . . .

2. 1Қала жолдарымен көшелерінің бір деңгейдегі қилыстарындағы қозғалысты ұйымдастырудың ерекшеліктері . . .

Бет:
Мазмұны: 2. 2 Қилыстарды каналдау . . .
Бет:
Мазмұны: 2. 3 Айналмалы өзін-өзі реттелетін қиылыстар . . .
Бет:
Мазмұны: 2. 4 Алаңдарда қозғалыста ұйымдастыру . . .
Бет:
Мазмұны: 2. 5 Бағдаршамдық реттеулерді пайдалану . . .
Бет:
Мазмұны: 3Көше-жол желісі нысанындағы жол қозғалысын эксперименталды зерттеу . . .
Бет:
Мазмұны:

4 Қозғалысты ұйымдастыруды жетілдірудің тәжірибелік іс-шаралары . . .

4. 1 Бір деңгейдегі күрделі қиылыстарда қозғалысты ұйымдастыруды жетілдірудің іс-шаралар кешені . . .

Бет:
Мазмұны: 4. 2 Серикбаев - Карбышев - Виноградов - 30 гв. дивизия көшелерінің қиылыстары . . .
Бет:
Мазмұны: 4. 3 Буров - Мызы көшелерінің қиылысы . . .
Бет:
Мазмұны: 4. 4 Ушанов алаңы . . .
Бет:
Мазмұны: 4. 5 Орджоникидзе қиылысы - Ауэзов даңғылы - Красных Орлов жағалауы . . .
Бет:
Мазмұны: 5 Жобаның қауіпсіздігі және экологиялылығы . . .

5. 1. Бағдаршамдарды монтаждауда және пайдалануда қауіпсіздік техникасы . . .

Бет:
Мазмұны: 5. 2 Қоршаған ортаны қорғау . . .
Бет:
Мазмұны: 6 Экономикалық бөлім . . .

6. 1Реттелмейтін қиылыстағы ағымдық шығындарды . . .

Бет:
Мазмұны: 6. 2Реттелетін қиылыстардағы ағымды шығындарды есептеу . . .
Бет:
Мазмұны: Қорытынды . . .
Бет:
Мазмұны: Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі . . .
Бет:

Кіріспе

Қала жағдайында көлік проблемасына әкеліп соқтыратын нәрсе - автомобильдер паркінің өсуі мен тасымалдаулардың көлемінің артуы. Нақты мысал келтіретін болсақ:

Қазақстан автомобиль саласының кәсіпорындар одағы «КазАвтоПром» 2017 жылдың қортындысы бойынша автокөлік құралдарын тіркеудің динамикасы туралы ақпарат береді. 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 1170584 автокөлік құралдары тіркелген, бұл 2016 жылдың осындай уақытымен салыстырғанда 19, 2% артық. Оның ішінде 1100684 бірлік техника қайта тіркелген, демек иелері ауысқан, 19, 6% бір жыл бұрынғыдан артық (920654 бірлік) . Бірінші рет тіркелген техникалардың үлесі 69000 бірлікті құрады, 2016 жылмен салыстырғанда 13, 7% артық [1] . Демек жылдан жылға көлік құралдарының саны артуда.

2017 жылдың желтоқсан айының қортындысы бойынша есепке қойылған көлік құралдарының саны өткен жылғы нәтижені 8, 7% көтеріп 96773 бірлікке жетті. Оның ішінде 87986 бірлік қайталама нарықта алып сатылғандар (+7, 1% 2016 жылдың нәтижесіне) [1] .

Көліктер ағындарының және жаяу жүретіндер легінің өсе беруі көшедегі қозғалыстың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіні белгілі. Жол- көлік оқиғаларының 60 % астамы қалалар және басқа ауылдық жерлердің үлесіне тиесілі. Жол-көлік оқиғалары әсіресе көше қилыстарында көбірек орын алады. Бұл жерлерде көліктердің тұрып қалуы көбейеді, кептелістермен кезектер пайда болады, ол жылдамдықтың төмендеуіне, отыннның шығынына және көлік құралдарының агрегаттары мен тораптарының тозуын тездетеді.

Заманауи қалалардағы тез және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін архтектуралық жоспарлау және ұйымдастыру түріндегі ісшаралар кешенін пайдалануды талап етеді.

Архитектуралық-жоспарлау шараларына жаңа көшелерді, магистралдарды және өтпелерді салу және бар көшелерді қайта жасаулар жатады, көліктік қилыстарды әр деңгейде салу, жаяу жүргіншілер тонелін салу, транзитті көлік лектерінің айналып өтуі үшін қала сыртынан айналып өтетін жолдар салу жатады.

Ұйымдастыру шаралары бар көше - жол желілеріндегі қозғалыстарды реттеуге септігін тигізеді. Бұндай шараларға бір бағыттағы қозғалыстарды енгізу, қилыстарда айналма қозғалысын енгізу, жаяу жүргіншілер өткелдерін жіне аймағын, автомобил тұрақтарын, қоғамдық көліктердің аялдамсын, жол белгілерін орнатуды және бағдаршам нысаналарын ұйымдастыру, қилыстарда бағыттаушы жаяу жүргіншілер шарбақтарын, жол белгілерін салу және т. б. жатады.

Архитектуралық-жоспарлау шараларын іске асыру үшін, айтарлықтай капиталдық салымнан бөлек көп уақытты қажет ететін шаруа, ал ұйымдастыру шаралары уақытша болсада салыстырмалы түрде тиімділігі тез. Бұл жерде әңгіме қайта салуға келмейтін қалыптасқан кварталдардағы қозғалысты ұйымдастыру жайлы болып тұр. Сонымен қатар, көше-жол желісін дамыту жасыл желектерді жоюмен байланысты болады, көбінесе ол дұрыс емес.

Жол қозғалысын ұйымдастыру шараларын іске асырған кезде, қозғалысты реттеуге техникалық құралдарды енгізу негізгі рөл атқарады. Болсада бағдаршамдық реттеу қилыстардағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бірден бір негізгі құрал болып табылады.

1 Техникалық-экономикалық негіздеу

  1. Өскемен қаласына қысқаша сипаттама

Өскемен қаласы Ертіс өзенінің оң, жартылай сол жағалаунда, Ульба өзенінің екі жағында орналасқан. Өскемен қаласы 1720 жылы негізделген, Шығыс Қазақстан облысының өндірістік, мәдени және админстрациялық орталығы.

Өскемен қаласы 1868 жылы қала статусына ие болды. 20 ғасырдың басында бұнда пристань салынады, сауда дами бастайды, Ридерге (Лениногорск) темір жол салынады, ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеумен байланысты өнеркәсіп кәспорындары, тамақ және жеңіл өнеркәсіп пайда бола бастайды.

Қалалық құрлыстар Ертіс өзенінің оң және жартылай сол жағалауында орналасқан. Ертіс өзенімен Ульба өзенінің ағыны қала аумағын Ульбинский және Октябрьский аудандарына бөледі.

Ульба ауданында ірі өнеркәсіп кәсіпорындары шоғырланған, онда екі өнеркәсіптік солтүстік және солтүстік- шығыс тораптары қалыптасты.

Қаланың жалпы териториясы 203 км 2 құрайды, қала аумағының бөлінуі 1. 1 кестеде келтірілген.

Кесте 1. 1

Қала аумағының бөлінуі

Аталуы
Територя өлшемі, км 2
Пайыздық құрамы, %
Аталуы: Түрғын аймағы
Територя өлшемі, км2: 1991, 7
Пайыздық құрамы, %: 9, 8
Аталуы: Өнеркәсіптік және комуналды-қоймалық территория
Територя өлшемі, км2: 2689, 5
Пайыздық құрамы, %: 13, 3
Аталуы: Ауылшаруашылығына пайдаланылатын жерлер
Територя өлшемі, км2: 8140, 0
Пайыздық құрамы, %: 40, 1
Аталуы: Су айдындары
Територя өлшемі, км2: 1183, 0
Пайыздық құрамы, %: 5, 8
Аталуы: Көшелер, алаңдар, парктер
Територя өлшемі, км2: 1573, 5
Пайыздық құрамы, %: 7, 8
Аталуы: Басқалар
Територя өлшемі, км2: 4704, 0
Пайыздық құрамы, %: 23, 2
Аталуы: Барлығы
Територя өлшемі, км2: 20282
Пайыздық құрамы, %: 100

Заманауи Өскемен түсті металлургияның бірден бір орталығы. Бұл қалада машина жасау, прибор жасау, металлды қайта өңдеу, құрлыс материалдарының өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі даму үстінде. Қаланы Ертіс өзенінде тұрған Өскемен ГЭС энергетикалық базасы нәрлендіреді.

Қалада ҒЗИ, ЖОО, колледждер, кәсіби -техникалық училищелер, көптеген мәдени-ағарту және спорттық мекемелер бар. Қала қалқының саны 300 мың адамнан асады, тығыздық 1, 21 мың ад/км 2 . Адам санының тығыздығы жол қозғалысын ұйымдастыруға айтарлықтай әсер етеді. Біріншіден жаяу жүргіншілер ағыны концентрациясының дәрежесін анықтайды, екіншіден жолаушылар ағыны концентрациясын.

Өскемен қаласының климаты күрт континенттік, қаңтардағы орташа температура -17 дейін -26ºС, тауларда абсолюттік минус -55º С жетеді. Жаз жылы, шілденің орташа температурасы +19-дан +23º С құрайды, абсолюттік максимум +41º С. Жауын-шашын біркелкі емес, биік таулы аудандарда олардың саны 1000 мм құрайды тау баурайында 400-500 мм.

1. 2 Қазақстанда 2017 жылғы көлік құралдарының жағыдайы

2017 жылы қайта тіркелген көлік құралдарының үштен екі бөлігі (66 % ) 10 жылдан асып кеткен техникаларды құрады. 20 (36, 2% немесе 398 152 бірлік) жылдан асып кеткен көлік құралдарының үлесі көбірек болып тұр. 11 жылдан 20 жылға дейін-29, 4% (324 023 бірлік), 8 жылдан 10 жылға дейін-9% (99492 бірлік), 4 жылдан 7 жылға дейін-16, 6% (183012 бірлік), 1 жылдан 3 жылға дейін - 7, 6% (83 985 бірлік), 1 жыл болмаған көлікткер саны - 1, 1% (12 020 бірлік) . Цифрлар қуантарлықтай емес, отандық автопарктың ары қарай «кәртейіп» бара жатқанын көрсетеді. Сонымен, 20 жылдан асқан көлік құралдарын қайта сатудың қайталама нарықтағы үлесі 31, 5% -дан 36, 2%-ға артты, ал 1 жыл болмаған көлік құралдарының үлесі 2, 7%-дан 1, 1%-ға қысқарды.

2017 жылдың қортындысы бойынша ең көп қайта тіркеуден өткен Алматы облысында байқалды(167435 бірлік), Оңтүстік-Қазақстан облысы (148048бірлік) және Алматы қаласы(136079 бірлік) . Алматы облысының тұрғындары 20 жылдан асқан көлік құралдарын тіркеуден алдыңғы орынға шықты (82416 бірлік, 20, 7%), ізінше Оңтүстік-Қазақстан облысы (58172 бірлік, 14, 6%) және Қарағанды облысы (34848 бірлік, 8, 8%) . 1жыл болмаған көлік құралдарының ең көп саны Алматы (2540 бірлік, 21, 1%) Астана(1640 бірлік, 13, 6%) және Оңтүстік-Қазақстан облысы (921 бірлік, 7, 7%) қалаларында тіркелген [1] .

Кесте - 1. 2

2017жыл, Қайта тіркелудің жастық құрылымы

Категория
Саны, бірлік
Үлесі, %
№: 1
Категория: 2
Саны, бірлік: 3
Үлесі, %: 4
№: 1
Категория: 20 жылдан жоғары
Саны, бірлік: 398 152
Үлесі, %: 36, 2
№: 2
Категория: 11-20 жыл
Саны, бірлік: 324 023
Үлесі, %: 29, 4
№: 3
Категория: 4-7жыл
Саны, бірлік: 183 012
Үлесі, %: 16, 6
№: 4
Категория: 8-10жыл
Саны, бірлік: 99 492
Үлесі, %: 9, 0
№: 5
Категория: 1-3 жыл
Саны, бірлік: 83 985
Үлесі, %: 7, 6
№: 6
Категория: 1 жылдан төмен
Саны, бірлік: 12 020
Үлесі, %: 1, 1
№:
Категория: Барлығы
Саны, бірлік: 1 100 684
Үлесі, %:

Кесте - 1. 3

2017 жыл, қайталама тіркелудің аймақтық құрылымы

Аймақ
Саны, бірлік
Үлесі, %
№: 1
Аймақ: 2
Саны, бірлік: 3
Үлесі, %: 4
№: 1
Аймақ: Алматы обл.
Саны, бірлік: 167 435
Үлесі, %: 15, 2
№: 2
Аймақ: Оңтүстік-Қазақстан обл.
Саны, бірлік: 148 048
Үлесі, %: 13, 5
№: 3
Аймақ: Алматы қаласы
Саны, бірлік: 136 079
Үлесі, %: 12, 4
№: 4
Аймақ: Астана қаласы
Саны, бірлік: 85 773
Үлесі, %: 7, 8
№: 5
Аймақ: Қараганды обл.
Саны, бірлік: 80 333
Үлесі, %: 7, 3
№: 6
Аймақ: Шығыс-Қазақстан обл.
Саны, бірлік: 72 006
Үлесі, %: 6, 5
№: 7
Аймақ: Жамбыл обл.
Саны, бірлік: 60 507
Үлесі, %: 5, 5
№: 8
Аймақ: Ақтөбе обл.
Саны, бірлік: 49 979
Үлесі, %: 4, 5
№: 9
Аймақ: Мангыстау обл.
Саны, бірлік: 48 623
Үлесі, %: 4, 4
№: 10
Аймақ: Акмола обл.
Саны, бірлік: 43 499
Үлесі, %: 4, 0
№: 11
Аймақ: Павлодар обл.
Саны, бірлік: 40 617
Үлесі, %: 3, 7
№: 12
Аймақ: Костанай обл.
Саны, бірлік: 40 259
Үлесі, %: 3, 7
№: 13
Аймақ: Кызылорда обл.
Саны, бірлік: 37 473
Үлесі, %: 3, 4
№: 14
Аймақ: Батыс-Казақстан обл.
Саны, бірлік: 30 780
Үлесі, %: 2, 8
№: 15
Аймақ: Атырау обл.
Саны, бірлік: 30 239
Үлесі, %: 2, 7
№: 16
Аймақ: Солтүстің-Казақстан обл.
Саны, бірлік: 28 578
Үлесі, %: 2, 6
№:
Аймақ: Барлығы*
Саны, бірлік: 1 100 684
Үлесі, %:

* 456 бірліксіз, көлік құралдарының тіркелген аймағы анықталмаған [1] .

1. 3 Көлік және көше-жол торабы

20 ғасырдың 1 он жылдығының өзінде теміржол көлігіне бәсекелестік тудырған, автомобилдердің пайда болуымен ерекшеленеді, ал қалалардан жегін көліктерді тез ығыстыра бастады. Автокөлік паркінің құрамы елдегі әлеуметтік жағыдайға байланысты болады.

Қаланың көлік-жолдық желісін құрастыру қажетті жұмыс.

Қалада көлік-жол желісін қалыптастыру, оны талаптарға сай ұтымды ұйымдастыру қалаішілік тасымалдауды ғана емес, жүк және жолаушыларды да қанағаттандыратындай етіп ұйымдастыру маңызды міндет болып табылады.

Өнеркәсіптік жүктер автокөлікпен қалалық аумақтардағы өнеркәсіп кәсіпорындары арасында, қоймалар, темір жол тауарлық

станциялар және басқа да объектілер орналасқан, қаланың түрлі аудандарында үлкен көлемде тасымалданады.

Сондықтан еңбек өнімділігін көтеру талаптарын ескеретін, қозғалу қауіпсіздігін, адамдарға жұмыс істеп болған газдардан және автомобиль шуынан болатын зиянды әсерді төмендететін құрлыстық және өнеркәсіптік жүк тиеген автомобильдер легі қозғалысын жоспарлы ұйымдастыру өте актуалды

19-20 жүз жылдықтарда көптеген қалаларды қалыптастыру процесінде, қала териториясын кеңейту сыртқы жолдардың бойында болды олар уақыт өтісімен қала көшелеріне айналып кетті. Тәртіп бойынша, «дәліз» үлгісіндегі кірме магистраль-жолдарын жайластыру сыртқы автомобиль көлігінің қала орталығына енуіне ықпал етті. Тек кейбір қалаларда қала териториясын кеңіту процесінде радиалды магистральдармен қатар айналмалы тарататын көше магистральдары құрылды. Онымен автокөліктердің бір бөлігін орталықтағы қозғалыстан алыстатуға болады. Алайда ондай айналмалы магистральдардың орналасуы қалыптасып жатқан қоныстанумен, өнеркәсіп кәсіпорындары пайда болған аудандармен темір жол станциялары және қоймалармен келісілмеді. Сондықтан қалаларда қалыптасқан айналмалы, жартылай айналмалы айналып өтетін магистраьлдар сырттағы атокөліктерге және қалааралық тасымалдауларға әдетте қысқа жол және қолайлы бағыт бола алмайды. Нәтижесінде қалааралық көліктер қаланың орталығы арқылы қысқа бағытпен өтуге тырысады, бұл үлкен қалаларда кептелістерге, жол көлік оқиғаларына (ЖКО) әкеледі, жұмыс істеген газдармен және шумен ауны ластайды.

Айналып кететін және тарату магистральдарының рөлін атқару үшін айналмалы жолдармен көшелердің радиалды жолдармен салыстырғандағы көрсеткіштері өте жоғары қатынас жылдамдығына және өткізу қабілетіне ие болуы керек. Сондай жағыдайда ғана жүк және жеңіл автомобиль жүргізушілері радиалды жолмен емес, айналмалы магистральдармен жүргенді дұрыс санайды. Демек, тек жылдамдық сипатындағы және түрлі деңгейдегі қозғалыс жол айрығында айналмалы магистральдар орталықты қалаішілік транзиттен босататын шын мәніндегі айналма жол болады.

Көлік құралдары (КҚ) тек тұрғындарға жақсы қызмет көрсетіп қана қоймай, жұмыс істеген газдармен және шумен зиянды әсер етпеуі және жаяу жүргіншілерге қауіп төндірмеулері керек. Қазіргі уақытта жүк автомобилдері көптеген көшелерде жолаушылар көлік құралдарымен бірге жүреді. Жүк автокөліктеріне қатысты сонымен бірге жалпы қалалық қозғалысқада қатыстыда көше желілірін, көшелердің және қилыстардың өткізу қабілітін жоспарлауды қарастыруға тура келеді.

Көше желілерін жоспарлау олардың ұзақтығы және ені қалыптасқан қалаларда көпреген он жылдар бойы қалыптасқан. Құрлыс шекарасында болған су және көгалдандырылған кеңістік, көше желілерін жоспарлауға әсер етеді. Тұрғын үй, қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттардың сипаты, сондай-ақ кварталдардың өлшеміне және көшелер желілерін салуға әсер етті. Заманауи стандарттар бойынша бұл көп көшелердің ені қарқынды автомобиль қозғалысындағы магистральды көшелерге ғана емес, сонымен бірге 9-16 қабатты тұрғын үйлер салынып жатқан жергілікті маңызы бар көшелер үшінде жетпейді. Желдету, жарықтандыру және басқа шарттар бойынша, бұндай көшелердің ені кем дегенде 50-60 м., демек қазіргіден екі есеге үлкен болуы керек

Бір неше жіңішке көшелердің жүру бөлігінің ені бар бір көшенің өткізу қабілеті, әдетте осы жіңішке көшелердің жиынтық өткізу қабілетінен аз болады. Өйткені, жиі қилыстары бар кең жүру бөлігінде көп қатарлы, қатаң көлік құралдарының паралельді қозғалысы қиындайды: автомобильдер түрлі интервалмен кем дегенде 3-4 қатармен қозғалады, алайда жүру бөлігінің барлық ауданы тиімді пайдаланылмайды. Қозғалу жылдамдығына және қолайлылығына келетін болсақ, кең жүру бөлігі озып шығу қиындау немесе мүмкін емес жіңішкеге қарағанда дұрысырақ болады, ал тролейбустар мен трамвайлар тез жүретін жеңіл автомобильдерді ұстап қалады.

Өскемен қаласы бір неше көлік түрлері: әуе, өзен, темір жол және автомобиль жолдары шоғырланған ірі көліктік торап болып саналады.

Қалада жаппай жолаушылар көлігінің екі түрі пайдаланылады: трамвай және автобус. Қала маңындағы және халықаралық қатынастағы жолаушыларға автовокзал қызмет көрсетеді.

Қаланың магтстральды желісінің ұзақтығы 116, 6 км құрайды. Көше және жолдар желісінің тығыздығы 1, 87 км/км 2 құрайды.

Қаладағы көлік құралдарының орташа саны 44579 бірлік, қаладағы КҚ саны 1. 4 кестеде келтірілген.

Кесте 1. 4

Өскемен қаласының КҚ саны.

Аталуы
Саны
Аталуы: 1
Саны: 2
Аталуы: Жеке меншік көлігі
Саны: 32258
Аталуы: Жеңіл автомобильдері
Саны: 29430
Аталуы: Жүк автомобильдері
Саны: 2631
Аталуы: Автобустар
Саны: 235
Аталуы: Соның ішінде шетелдік
Саны: 3193
Аталуы: Мотороллер және мотоколяскілер
Саны: 41
Аталуы: Мотоциклдер
Саны: 4317
Аталуы: Барлық автомототранспорт
Саны: 36654
Аталуы: Тіркемелер
Саны: 2604
Аталуы: Заңды тұлғаларға тиесілі транспорт
Саны: 9468
Аталуы: Жеңіл автомобильдері
Саны: 1409
Аталуы: Жүк автомобильдері
Саны: 5495
Аталуы: Автобустар
Саны: 969
Аталуы: Соның ішінде шетелдік
Саны: 63
Аталуы: Мотокөлік
Саны: 52
Аталуы: Барлық автомототранспорт
Саны: 7925
Аталуы: Тіркемелер
Саны: 1543
Аталуы: Барлық автомототранспорт
Саны: 44579

Қаланың жоспарлау құрылымы көше-жол желісінің классификациясының сызылымына өзінің ізін қалдырды. Қала өзенмен және теміржолдармен бөлінген, сондықтан қаланың жеке аудандары арасында қатынастар атқарылатын жол және жасанды құрылыстар жоғары маңызға ие.

Ульбинск және Октябрь аудандары өз ара Ульба өзені арқылы өтетін көпірлермен байланысады. Солтүстік жағалаудағы аудандармен байланыс Ертіс өзені арқылы өтетін көпірлермен іске асады.

Негізгі магистральды көшелер: Абай даңғылы-қалаға ену, жергілікті мәні бар жолдар Өскемен-Зырян, қаланы солтүстік және солтүстік-шығыс өндірістік аудандарымен байланыстырады; Ленин даңғылы-жолаушылар көлігінің негізгі артериясы болып табылады, қаланы әуежаймен байланыстырады және Республикалық мәні бар Өскемн-Шемонаиха және Өскемен- Предгорное жолдарын енгізуге қызмет етеді. Бажов көшесі- Ленин даңғылын қайталайды, қаладағы жүк көлігінің негізгі артериясы болып табылады, қаланы әуежаймен байланыстырады және Республикалық мәні бар Өскемн-Шемонаиха және Өскемен- Верх-Уба жолдарын енгізуге қызмет етеді. Ушанов көшесі Республикалық мәні бар Өскемн-Георгиевка және жергілікті мәні бар Өскемен-Самарск жолын енгізуге қызмет етеді, жол өтпесі арқылы Октябрь ауданын солтүстік және солтүстік-шығыс өндірістік аудандарымен байланыстырады; Пролетарская көшесі Республикалық мәні бар Өскемн-Георгиевка жолын теміржол арқылы енгізуге қызмет етеді және Аблакетка ауылын Октябрь ауданымен байланыстыру үшін қызмет етеді. Орджоникидзе көшесі Октябрь ауданын Ульбинскімен байланыстырады. Әуезов даңғылы Октябрь ауданын Ертіс өзеніндегі көпір арқылы байланыстыруды іске асырады. Буров көшесі «Өскемен» теміржол станцасына көліктік кірме болып табылады

Қаланың көше-жол желісі (КЖЖ) қаланың жекелеген аймақтарының арасында қажетті жүк және жолаушы тасымалын қамтамасыз ететін қала қатынас жолдарының бөлігі болып табылады. Демек, Өскемен қаласының КЖЖ негігі элементтеріне магистральды көшелер және жалпы қалалық және жергілікті мәні бар жолдар жатады.

Қала көшелерінің және жолдарының байланысы қаланың жоспарлы құрылымының негізгі бір элементі болады және қамтамасыз ету керек:

адамдар тұратын орындар, еңбек ететін және мәдени -тұрмыстық орындар арасында, қала орталығымен және орталық аудандармен қысқа жолаушылар байланысын;

жүкқұраушы және жүкқабылдаушы нысандар арасында қысқа байланыстарды.

1. 4 Өсенмен қаласындағы күрделі қилыстар

Қаланың көше жол желісіндегі қозғалысты ұйымдастыру автомобиль көлігін рационалды жұмыс істету жолымен және қалалық жол қатынастарын пайдалану арқылы жүктерді және жолаушыларды тасымалдаудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету керек.

Көше жол желісінің тиімді жұмыс істеуі көбінесе қала көшелерімен жолдарының қилыстардағы жұмыстарымен анықталады. КҚ ондағы қозғалу жағыдайы бірқатар факторлармен анықталады, оған КЖЖ учаскелерінің сипаттамасымен қатар қиылысудағы қозғалысты ұйымдастыру сұлбасының мәліметтеріде кіреді.

Қала көшелерінің және жолдарының характелі ерекшелігі КҚ және жаяу жүргіншілердің әр бағыттағы қарқынды қозғалысы болады. Бір деңгейдегі күрделі қилысулар көбінесе қозғалысты жиі ұстап тұратын және жол көлік апаты (ЖКА) болатын жерлер болып табылады. Сондықтан дәл сондай жерлерде бірінші кезекте қозғалысты ұйымдастырудың тиісті шараларын қолдану талап етілуі керек.

Арнайы әдебиеттерде күрделі қилысуды бір жақты немесе нақты анықтау жоқ. Профессор Фишельсон күрделілік дәрежесінің көрсеткішін пайдаланады:

\[m=n_{o}+3n_{c}+5n_{\tau}\]
(1. 1)

мұндағы n o -ауытқу нүктесінің саны;

n c -бірігу нүктесінің саны;

n п - қилысу нүктесінің саны.

Бұл ретте көлік торабы m =120. . 150 күрделі болып есептеледі, тым күрделі - m >150.

Бұндай тәсіл Клинковштейннің [9] еңбектерінде пайдаланылады.

Біз күрделі қилысты келесідей анықтауды ұсынамыз. Күрделі қилыс - бұл сол аймақтағы қозғалысты ұйымдастыру тұрғысынан алғанда күрделі көлік торабы[17] .

Қазіргі кездегі Өскемен қаласындағы бір деңгейдегі 12 қилысқа жүргізілген сараптама олардың негізгі типтік белгілерін анықтауға мүмкіндік берді: күрделі геометрия; айналмалы қозғалыстың болуы; трамвайлы қозғалыстың болуы; айтарлықтай ЖКО саны; бағдаршамдық реттеудің болуы; реттеудің 2 фазадан көп болуы; реттеудің көп циклы (80 - 100 сек және оданда жоғары) [17] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіркеме машина - тракторға немесе энергетикалық құралға тіркелетін, салмағы көлік жағдайында оның жүріс жүйесіне жалғанатын машина
Сыртқы жарнама түсінігі және оның өзіндік ерекшеліктері
Сусымалы жүктердің көліктік мінездемесі
«Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» оқу құралы
Дене күшін дамыту
Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық
Олимпиада алауы
Жолаушылар тасымалданатын маршруттың сипаттамасы
Тарихи жанр - белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар
Процент нормасы қарыз капиталына алынған жалдық табыс саласының, қарызға берген капитал саласына қатынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz