ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

1. 1. Неке және отбаcы құқықтық қатынастарының пайда болу тарихы

1. 2. Неке және отбаcы құқықтық қатынастарының түсінігі және оның түрлері

1. 3. Отбасылық құқықтық қатынастарды халықаралық деңгейде реттеуді унификациялау мәселелері

ii Бөлім. ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫ саласындағы коллизиялық МӘСЕЛЕЛЕР

2. 1. Шетелдіктердің Қазақстанда және қазақстандықтардың шетелде некеге отыру және некені тоқтату мәселелері

2. 2. Ерлi-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен

бала арасындағы құқықтық қатынастар.

2. 2. Шетелге баланы асырап алуға беру, қамқоршылық және қорғаншылық мәселелері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың қысқаша сипаттамасы . Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық жеке күкыктағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормаларда отбасы күкығы, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін қүқық саласы болып табылады.

Таңдалған тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Конституциясының 27-ші бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады (1-ші тармақ), балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы (2-ші тармақ) делінген [1] . Демек, отбасылық қарым-қатынастар мемлекеттің ең жоғарғы заңымен қамқорлыққа алынған.

Отандық зерттеуші А. Ұ. Мухамадиевтің сөзіне сүйенсек, адамзат қоғамының құрамдас бөлігі болып және әр бір адамның қалыпты өмір сүруінің мәні отбаылық қатынастар болып табылатындығы белгілі және осы отбасылық қатынастарда адам өзінің өмірлік маңызды мүдделерін жүзеге асырса, өз кезегінде отбасы қоғамдық қатынастардың дамуы мен өзгеруіне елеулі әсер етеді. Сондықтан отбасылық қатынастар әр адам және тұтастай алғанда қоғам үшін маңыздылығына орай тек мораль, әдет-ғұрып, діни нормалармен ғана реттелініп қоймай, мемлекеттегі құқық жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатын конституциялық, отбасылық, т. б. заңдарымен де реттелінеді. Ал отбасылық қатынастарды құқықтық реттеу, ең алдымен отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың арасында өзара түсіністік пен сүйішпеншілікке, бір-бірлерінің алдында өзара жауапкершілік пен көмекке негізделген қатынас қалыптастыруға, отбасына балаларды тәрбиелеуге қажетті барлық жағдайларды қалыптастыруға бағытталған [2, 3 б. ] .

Отбасылық қатынастар құқықтық табиғаты бойынша азаматтық қатынастарға жақын болуына қарамастан, олардың айтарлықтай ерекшеліктері бар. Осыны ескере отырып, ҚР-ның Азаматтық кодексі өзінің 1-ші бабының 3-ші тармағында отбасылық қатынастарға олардың азаматтық-құқықтық сипаты болса да азаматтық заңнама бір жағдайда ғана қолданылуы мүмкін, егер бұл қатынастар отбасылық құқығымен реттелмесе, - деп нақты бекіткен [3] . Яғни, азаматтық құқық отбасылық қатынастарға тек субсидиарлық тәртіпте ғана қолданылуы мүмкін. Бұл отбасылық қатынастардың және отбасылық құқықтың мәртебесін көрсететін өте маңызды ереже.

Қазақстандық ғалым Б. А. Джандарбектің айтуынша қазіргі отбасылық құқықтың көптеген мәселелері осы уақытқа дейін маңызды дейтіндей теориялық негіздеме таба алмай келе жатыр. Қазақстан Республикасында отбасылық құқық мәселелеріне арналған жекеленген еңбектер ғана кездеседі. Отбасылық-неке қатынастарын реттейтін заңнаманың ауқымды болуына қарамастан бұл заңнама нормаларын қолдану тәжірибесі әлі де тұрақты емес. Отбасылық-неке заңнамасы мен Қазақстанның отбасылық құқық теориясында доктрина жетістіктері құқық жүйесі жағынан отбасылық құқықтың табиғатын нақты анықтай алмай келе жатыр. Елімізде балаларды тәрбиелеудің құқықтық нысандары мәселелері бойынша тұрақты теориялық көзқарас осы кезге дейін қалыптаспаған, бұл болса патронат, балаларға сәбилер үйлерінде тәрбие беру, баланы асырап алу, қамқоршылық пен қоғаншылық мәселелерін қамтиды. Балалар тәрбиесін қамтамасық ететін қолданыстағы нормативтік құқықтық база, сондай-ақ сот тәжірибесі заман талабына сай болмай отыр. Қазақстан Республикасының отбасы мен оның жекеленген мүшелері құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық құқықтық актілер қосылуы, тұлға құқықтарын, балалық-шақты, ана және әке болу құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлетін 1995 жылғы Конституцияның қабылдануы, сондай-ақ құқықтағы гуманизация сияқты жалпы тенденциялар, Қазақстан Республикасының отбасылық құқық мәселелерін шешудің аса қажеттігін байқатады [4, с. 3] .

Бала құқықтарының заңи декларациялары мен олардың жүзеге асырылуы жағынан маңызды айырмашылық бар. Сол сияқты кәмелетке толмаған балалар мен еңбекке жарамсыз өзге де отбасы мүшелерінің құқықтары мен заңи мүдделерін қорғаудың іс жүзінде басымдылығын қамтамасыз етілуіне қол жеткізу керек. Осыған орай отбасының жекеленген мүшелерінің құқықтарын жүзеге асыру мәселелерін теориялық тұрғыдан зерттеп, құқықты қолдану тәжірибесіндегі тәсілдерді қайта ойластырып, бірқатар заңи актілердің нормаларынжетілдіру қажет [4, c. 4] .

Кейінгі кездері бұрын ұлтымыздың салт-дәстүрінде, әдет-ғұрпында болмаған, қанымызға жат - жас аналардың нәрестелерін сәбилер үйіне, перзентқанаға өткізу, далаға тастап кету, некенің тіркелгенінен көп уақыт өтпей жатып бұзылып жатуы, жастар мен жасөмпірімдер басқа да келеңсіз жағдайлардың кеңінен етек алуы қоғамымыздағы өткір де, өзекті мәселе болып отыр.

Ата-аналардың біреуі шетелдік азамат болса, немесе ата-аналар мен баланың азаматтығы әртүрлі болған жағдайларда аталған мәелелер одын әрі күрделене түседі. Осындай жағдайлардың көбеюіне байланысты азаматтардың құқықтық қорғалуы заманымыздың жаһандық мәселесінне айналып отыр, - дейді ресейлік автор Л. З, Павлик. Оның айтуынша мемлекетаралық салада осындай қорғалудың кепілдегі халықаралық жария құқық арқылы орнатылады, ал жеке әрі заңды тұлғалардың қатынастарында ондай кепілдіктер мемлекеттердің ұлттық құқығы аясында, атап айтқанда оның шетелдік сипаты бар кең мағыналы азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін және халықаралық жеке құқық деп аталатын бөлігіне жатады. Сонымен қатар, бір мемлекеттің шегінен шығатын азаматтық-құқықтық қатынастардың сипатының өзі мемлекеттің бір жақты тәртіпте қабылдаған ішкі нормаларымен ғана емес, мемлекеттер арасында келісу тәртібінде мемлекетаралық келісім нысанында жасалған нормалармен де реттелуді талап етеді. Осындай келісімдер арасында өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарттардың орны ерекше, өйткені халықаралық шарттар уағдыласушы мемлекеттер үшін шетелдік элементі бар азаматтық қатынамтардың белгілі бір түрін бірыңғай реттеу жағдайын тұғызады. Мұндай реттеу шарттарға біркелкі (унификацияланған) коллизиялық немесе материалдық-құқықтық нормаларды енгізу арқылы жасалады. Кейде халықаралық шарттар тиісті ішкі заңнама жоқ болып табылатын немесе толық емес болатын қатынастарды реттейді [5, c. 3]

Істі қарастырыа отырған сот жауап беруге тиісті куәлардың шетелде өмір сүруіне немесе танысуға тиісті құжаттар мен өзге де айғақтардың шетелде болуына байланысты елден тыс жерде айғақ іздестіру қажеттігіне кезігуі мүмкін. Әр мемлекеттің сот билігі өз елінің аумағыменшектелуіне байланысты аталған және өзге де әрекеттер «сот тапсырмасы» тәртібі бойынша жузеге асырылуы мүмкін. Халықаралық құқық доктринасында қалыптасқан пікір бойынша тиісті келісім-шарттың болмауы жағдайында бір мемлекеттің екінші мемлекеттен тапсырма алуы заңи тұрғыдан оны орындау міндетін туындатпайды; бірақ басқа мемлекеттің сот тапсырмасын орындаудан негізсіз түрде бас тарту халықаралық сыпайлықта бұзу ретінде бағалануы мүмкін және осы жағынан достастыққа жатпайтын акті ретінде қарастырыла алады. Халықаралық қауымдастықтың бірегей жағдайлардағы тапсырманы орындаудан бас тартуды осылайша түсінеді, ал егер мұндай жағдайлар тіптен көбейіп кетсе аталмыш мәселелер бойынша тиісті мемлекетаралық актілердің, келісім-шарттардың болмауы бірден білінеді [5, с. 4] . Бұған қосатынымыз жоғарыда айтылып отырған тапсырмалар тек қана сот органдарымен емес, басқа да мемлекеттік органдармен жіберілуі мүмкін.

Сол сияқты шетелдік құқықты, атап айтқанда прецеденттер жүйесіне немесе «әділет құқығына» негізделген ағылшын не шотландық құқықты, ішкі жүйелері көп индиялық құқықты, өзінің нормативтік жүйесінде федеративтік нормалар мен штаттардың нормалары бар АҚШ құқығын, не мазхабқа жататындығы жағынан айырмашылығы бар мұсылмандық құқықты қолдану кезінде соттар алдында сөзсіз қиындықтар туындайды. Бұл болса құқығы қолданылуға жататын мемлекеттің құзырлы мекемелерінен тиісті қорытындылар алуды объективті түрде қажет етеді [6, c. 366] .

Отбасылық істер саласында мұндай мәселелер, әсіресе некеге тұру және некені бұзу, сондай ақ халықаралық бала асырап алу істері бойынша жиі кездеседі. Егер некеге тұру мен оны бұзуға қатысты мәселелер ТМД елдері арасында көбірек болса, халықаралық бала асырап алу мәселелері Еуропа және АҚШ азаматтарының қатысуымен көбірек орын алып отырады. Осыған орай бүгінгі күні отбасылық істердің аталған салаларындағы Қазақстанның шарттық тәжірибесін зерттеу еліміздің құқық ғылымының аса маңызды мәселесіне айналып отыр. Осы күнге дейін бұл тақырып бойынша бірде-бір арнайы диссертациялық немесе өзге де монографиялық зерттеудің жүргізілмегені мәселені одан әрі өзектендіреді.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Отбасылық істер, оның ішінде некеге тұру және некені бұзу, сондай-ақ халықаралық бала асырап алу саласында құқықтық көмек көрсету бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық тәжірибесін зерттеп, оның ішінде: Халықаралық жеке күкыктағы отбасын қатынастарын реттейтін нормалар қатарына Балалар күкыктарын қорғау және халықаралық бала (кыз) асырап алу туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы халықаралық Конвенция, Адам күкыктары туралы Жалпыға бірдей Декларация, Экономикалық, элеуметтік және мәдени күкыктарды қорғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша қүқықтық қатынастар және қүқықтық көмек туралы 1993 жылы 1 қаңтардағы Минск конвенциясы, Қазақстан Республиксы заңымен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған Шет елден алимент өндіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, Балаларды қорғау және шет елдегі бала (қыз) асырап алу қатынастары жөніндегі қызметтік туралы 1993 жылғы Конвенция, 1966 жылғы азаматтық және саяси қүқықтар туралы пактініц факультативті протоколы, Бала қүқығы туралы 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен ұлттар ұйымыныц 1959 жылғы балалар қүқығы туралы Конвенциялар жатады. Қазақстан осындай көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық үйымдарға мүше болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты ретінде отбасылық істер, оның ішінде некеге тұру және некені бұзу, сондай-ақ халықаралық бала асырап алу мәселелері саласындағы Қазақстан Республикасының шарттық тәжірибесінің теориялық және қолданбалы тұстарын зерттеп, талдау негізінде осы институтты одан әрі жетілдіру жолдарын негіздеу болып табылады.

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер белгіленді:

  • ҚР-ның халықаралық шарттары шеңберінде отбасылық істербойынша ерекшеліктерін анықтау;
  • ҚР-ның заңнамасы мен оның халықаралық шарттарында белгіленген некеге тұру және некені бұзу институтына талдау жүргізу;
  • ҚР-ның заңнамасы мен халықаралық шарттарындағы халықаралық бала асырап алу институтының осал тұстарын айқындау;
  • ҚР-ның отбасылық құқықтық қатынастарын жетілдіру жолдарын негіздеу;

Жұмыстың құрылымы қойылған мақсат пен міндеттерге сай белгіленген. Ол кіріспеден, үш бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Бөлім. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

  1. Неке және отбаcы құқықтық қатынастарының пайда болу тарихы.

Отбасылық құқықтың дамуын құқықтық әдебиеттерде бірнеше кезеңге бөледі. Бірінші сатысы ретінде Х ғасырдың соңына дейіңгі кезеңді қарастыруға болады. Бұл кезеңде отбасы қатынастары әдет-ғұрып құқығы нормаларымен реттелген. О. А. Андрееваның айтуы бойынша сол кездің өзінде «отбасы күрделі одақ ретінде, яғни некедегі азаматтар, ата-анасы мен балалары және де басқа да туысқандар тұрып жатқан жанұя деп саналған». Оның түсіндіруі бойынша ежелден отбасы ұғымы қанды туысқандардан құралған. Осындай «қанды туысқандардың» қатарына заңды және заңмен анықталған туысқандар, яғни асырап алғандар, қамқоршылар, туыстар жатады [7, с. 39] .

М. В. Антольская және О. А. Андрееваның айтуы бойынша отбасы қатынастары бұрыннан қалыптасып келе жатқан ұғым [8, с. 46] . Мәселен орыс, қазақ және басқа ұлттарда алып қашу немесе жеңгетайлық мәселелері бұрыннан қалыптасқанын білуге болады. Алғашында ата-аналары балаларын аттастырған, яғни өздері шарт жасау арқылы (толық айтсақ құда түсу арқылы) келісімге келген, егер қыз баланы алып қашып кетсе, онда қыздың артынан апарылатын жасауы ата-анасының келісімінсіз берілмейтін болған. Сол сияқты отбасы қатынастарын реттеу кезінде некенің қиылу рәсімі ислам халықтарында имам арқылы мешітте жасалса, христиан халықтарында неке шіркеулерде қиылған. Қазақ елінде отбасын құруға байланысты «13 жас-отау иесі» деген сөз қалған.

Жалпы алғанда бірінші кезеңде отбасы қарым-қатынасының қалыптасуы отбасылық әдет-ғұрып құқығымен реттеліп отырған деуге болады.

Екінші кезеңнің ерекшелігін, яғни Х ғ. соңы - ХХ ғ. басында отбасы қатынастары жасылған заңи нормалармен реттеу қалыптасқаны және арнайы неке-отбасына байланысты кодификациялардың пайда болуы құрайды. Дегенменде бұл кезде де көптеген халықтар мен елдерде отбасылық қатынастар әдет-ғұрып нормалармен реттеліп келді. Мұның мысалы дәстүрлі қазақ қоғамы. Қазақ әдет-ғұрып құқығының ережелері бойынша неке күйеу жігіт пен қалыңдықтың ата-аналары немесе жақын туысқандары арасында мәміле ретінде қарастырылған. Бұл мәміле бойынша қалыңдықтың туыстары оны қалың мал үшін күйеу жігіттің үйіне беретін болған, яғни қалың мал төлеу неке қиюға теңестірілген. Басқа сөзбен айтқанда қалың мал төленгеннен кейін неке міндетті түрде қиылуы тиіс болатын және неке туралы шарт жасалған кезде некеге тұратын адамдардың келісімдері талап етілмеген [9, с. 302] .

Жалпы алғанда З. Ж. Кенжалиев қазақ даласындағы неке тәртібі мен отбасы аралық қатынастардың негізінде тікелей жаратылыс заңдары және табиғи сұрыптау факторының жатқанын көреміз дейді. Осыған байланысты ғалым әдет-ғұрып құқығының неке және отбасы саласын реттеуге бағытталған нормалары мен институттарының негізгі және басты принципі жеті атаға дейін қыз алыспау деп аталады. Яғни, жақын туысқандар арасында қан араластыруға жол бермеу неке және отбасы қатынасын реттеуге арналған әдет-ғұрып құқығы нормаларының басты мақсаты және мәні еді. Бұл принцип, - дейді З. Ж. Кенжалиев, - неке саласындағы әдет-ғұрып құқығының басты қағидасы болып есептелді, сондықтан осы саладағы өзге құқықтық институттар мен нормалар соған сүйенетін, соны негізгі арқау етіп алатынжәне соның талабына бағынатын. Өзге институттар мен нормалар осы принцип аумағында және бақылауында іске асты, оның ықпалынан шықпауға, талабын мойындауға мәжбүр және міндетті болды. Мұндай болмаған жағдайда кез келген некелік келісім немесе отбасылық қатынас, оларды реттеуге бағытталған норма өз күшін жоятын, қоғамдық сана және бақылау мұндай іс-әрекеттерге жол бермейтін [10, с. 75] .

Дәстүрлі қазақ қоғамында ең үлкен даулы мәселелер ретінде «жер дауы» мен «жесір дауы» танылған, яғни басқаша сөзбен айтқанда қазақ қоғамы үшін ең маңызды мәселелер мүліктік (меншік) қатынастар мен отбасылық-неке қатынастары болды деуге болады. ХІХ ғасырдағы дауларды шешу үшін жиналатын билер жиындарының ережелерінде отбасылық-неке мәселелері міндетті түрде белгіленетін болған.

Қазақтың билер соты ХІХ ғасырда халықаралық деңгейде де істерді қарастырған. Мұның мысалы ретінде 1894 жылғы Шубараш халықаралық төтенше съезінің ережесін келтіруге болады [11, с. 7] . Бұл жиын Ресей және Қытай империяларының аумағында шекараның екі жағында тұратын қазақтардың дауларын шешу үшін шақырылған болатын. Екі мемлекеттің де шенеуніктері осы жиынды өткізуге рұқсат берген еді. 45 баптан тұратын бұл Ереженің 8 бабы отбасылық-неке қатынастарын реттеуге тікелей қатысты. Мысалы, бұл ережелерде отбасылық істер жалпы негіз бойынша халықтың әдет-ғұрыптары бойынша қарастырылады (26 бап) . Бала таба алмайтын және тұрмысқа шыға алмайтын жасқа жеткен жесір әйел тұратын жерін өз қалауы бойынша таңдайды және қайтыс болған күйеуінің мал-мүлкісінің 1/8 бөлігін иемденеді (29 бап) және т. б. осындай отбасылық мәселелер белгіленген.

Неке туралы түсініктердің тарихи дамуы әлемнің әр жерінде әр түрлі көрініс тапты. Неке туралы діни көзқарастардың орнына кейде әтикалық көзқарастар да қабылданды. Бұл жағдайда неке құпия ретінде де емес, шарт ретінде де емес, ерекше бір институт түрі ретінде қарастырылды. Некеге мұндай анықтама берген И. Кант болатын. Оның ойынша келісім-шарт тұжырымдамасы некеге қатысты қолданылмауы керек, өйткені келісім-шарт некені тудыра алмайды. Келісім-шарттан тек белгілі бір мақсатты түсінуге болады. Ал неке адамның бүкіл өмірін қамтитын және белгілі бір мақсатқа жетумен емес, ерлі-зайыптылардың өлімімен ғана тоқтатылатын бір құбылыс.

Бұл теорияның кемшілігі, неке туралы әтикалық көзқарастарды құқық саласына аудару болды. Құқық, міндетті түрде сол кезеңнің әтикалық көзқарастарына сәйкес құрылуы тиіс еді. Бірақ құқық түгелдей тек әтикалық нормалардан тұра алмайды.

Плюралистік қоғамда, оның барлық мүшелерінің неке туралы бірдей көзқарастарды ұстануы мүмкін емес. Сондықтан да, құқық жүріс-тұрыс ережелеріне негізделе отырып, тек құқықтық реттеуге жататын әрі құқықтық реттелуге мұқтаж неке қатынастарының бөлігін қамтыды.

Некенің құқықтық мазмұнына қатысты бірнеше теориялар бар. Олар: некені келісім ретінде, құпия ретінде, ерекше бір институт ретінде түсіну.

Некені келісім ретінде түсіну теориясы Ежелгі Римде қалыптасты. Классикалық кезеңнің Рим құқығында, некеге тұрудың барлық негізгі нысандары қарапайым азаматтық шарттық белгіге ие болды. Өйткені Римде, құқықтық реттеу пәні ретінде тек ерекше неке қатынастары танылды. Кейіннен канондық нормаларға сәйкес, неке институты оның рухани жағына байланысты құпия сипатқа ие болады.

Некенің түрлі қатынастар тобын бөліп қарастыруға болады: рухани, физикалық және материалдық. Әрине, революцияға дейінгі және қазіргі таңдағы ғалымдардың көбі некенің рухани және физикалық әлементтері құқықпен реттелмейді деген көзқараспен келіседі.

Бірақ некелік одақты құрайтын қатынастарды осылайша бөлу теориясы бірден қабылданған жоқ.

Орта ғасырлардағы отбасы құқығы өте үлкен тарихи маңызға ие. Отбасы құқығы католик шіркеуінің істерімен қалай дамығандығына тоқталайық.

Неке институтына және жалпы еркек пен әйелдің арасындағы қатынастарға деген көзқарастар орта ғасырларда әволюцияға ұшыраған болатын. Католик шіркеуі некені өте кеш таныды. Орта ғасырлардың басында папа Ұлы Грегорий (530-604) мен әулие Иеронимнің (347-430) шығармаларына негізделген некеге деген көзқарас кең өріс алды. Шіркеу қызметкерлері кез-келген некеге адамзат атаулының ата-анасы боп есептелетін Адам ата мен Хауа ананың жасаған күнәсі деген сын көзбен қарады. 451 жылдан бастап шіркеу қызметкерлерінің некеге тұруына тыйым салына бастады. Қиылған некелер айыпталып, некеге тұрудан бас тартқан адамдар ғана «нағыз христиан» деп танылды.

Қазіргі таңда бұл көзқарас мүлдем жойылып кетті десек қателескен боламыз. Барлығына белгілі болғандай католик шіркеуінде, тек некеге тұрмаған адамдар ғана қызмет ете алды. Алайда әулие Иеронимнің кезінде-ақ некеге қатысты Қасиетті жазбада Гиппонск епископы Августинге (Блаженный Августин) тиесілі (354-430) басқа да анықтамалар болған. Августиннің айтуы бойынша заңды некедегі жыныстық қатынас өлі күнәдан кешірімді күнәға айналады. Августиннің бұл тұжырымдамасы IXғ. басында ресми түрде мақұлданды. Сол кезден бастап қана шіркеулік неке халық арасында кең тарала бастады. Бұған дейін неке қатынастарында екі дәстүр сақталып келді: соңғы антикалық және ежелгі грециялық дәуіріндегі дәстүр. Бұл екі дәстүр бойынша неке одағының бірнеше түрін бір уақытта қолдануға тыйым салынған жоқ. Орта ғасырлардағы неке қазіргі таңдағы неке түсінігінен мүлдем ұзақ болды. Ол кезде неке деп ұзаққа созылған некелік жыныстық одақ танылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық дербес құқық пәнінен дәрістер
Неке - отбасы қатынастарын құқықтық реттеу
Халықаралық жеке құқық. Лекция тезистері
Отбасы құқығы туралы жалпы түсінік
ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша некеге тұруды құқықтық реттеу
Халықаралық жеке құқық пәнінен дәрістер жинағы
Отбасы құқығы түсінігі
Отбасы құқығы мен мораль нормаларының мүліктік емес қатынастарды реттеудегі алатын орны
Халықаралық жеке құқықтағы неке қатынастарының түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz