Топырақтардың морфологиялық сипаттамасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы
ЯРБАБА АБДУЛ БАКИ
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ДОСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ АРАЛЫҚ КАНАЛЫНДАҒЫ СУДЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ОНЫ АВТОМАТТАНДЫРУДЫ ЖОБАЛАУ
5В080500 - « Су ресурстары және суды пайдалану » мамандығы
Алматы 2017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ауыл шаруашылығы
минисТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультеті
«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы:
Орындаған
(аты-жөні)
20___ ж. «___» қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жетекші
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
Норма бақылау
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы
(қолы) (аты-жөні)
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультеті
«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы
5В080500 - «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент
(аты-жөні)
Жұмыс (жоба) тақырыбы
Университет бойынша 20___ж «» № бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 20___ж «»
Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
Дипломдық жұмысты (жобаны) өңдеуге арналған мәселелер тізімі
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жұмыс жетекшісі
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
(қолы) (аты-жөні)
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ГРАФИГІ
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жұмыс жетекшісі
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
(қолы) (аты-жөні
МАЗМҰНЫ
ТҰЖЫРЫМ
«Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы Достық шаруашылық аралық каналындағы суды есептеу және оны автоматтандыруды жобалау».
Дипломдык жоба 73 беттен, 22 кестеден, 4 суреттен, 7 тараудан, кіріспеден, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты: Шаруашылық аралық арнасының Мақтаарал ирригациялық жобасының аймағында су және жер өнімділігін арттыру.
Шамаланып отырған шаралар және оларды іске асыру стратегиясы:техникалық, агротехникалық және институционалдық сипаттағы шараларды үйлестіру арқылы, Мақтаарал ирригациялық жобасының жұмысын жетілдіруге кедергі келтіретін факторларды жою.
Жоғарыда аталған шараларды жүргізу стратегиясы осы шараларды пилоттық жобалардың деңгейінде бастапқы сынауды шамалайды.
Пилоттық шаралардың нысандары болып екінші реттік К-26 және К-30 арналары таңдап алынды. Әр арна бойынша жеке жұмыс жобалары жасалатын болады.
Мақтаарал ирригациялық жобасының аймағында су және жер өнімділігін арттыру» жөніндегі концепцияға сәйкес жасалуға тиіс.
Концепцияда жалпы мәліметтер келтірілген және Мақтаарал суландыру жүйесінің қысқаша сипаттамасы берілген, сондықтан одан әрі жобада тек концепцияда баяндалғандарға қосымша қажетті ақпарат қана беріледі.
АННОТАЦИЯ
«Проектирование автоматизации и расчет воды межхозяйственного канала Достык в Мактааральском районе, Южно-Казахстанской области»
Дипломный проект содержит 73 листов текста, 22 таблиц, 4 рисунков, 7 разделов, введение, заключение, список использованной литературы.
Цель работы: «Проектирование автоматизации и расчет воды межхозяйственного канала Достык в Мактааральском районе, Южно-Казахстанской области» повышение продуктивности воды и земли в зоне Мактааральского ирригационного проекта межхозяйственного канала. Предполагаемые мероприятия и стратегия их реализации: Устранение факторов мешающих совершенствованию работы Мактааральского ирригационного проекта путем сочетания мер технического, агротехнического и институционального характера. Стратегия ведения вышеназванных мероприятий предполагает первоначальное испытание этих мероприятий на уровне пилотных проектов.
Объектами пилотных мероприятий выбраны каналы второго порядка К-26 и К-30. По каждому каналу будут разработаны отдельные рабочие проекты. В соответствии с Заданием на разработку ПСД настоящий Рабочий проект должен быть разработан в соответствии с концепцией по «Повышению продуктивности воды и земли в зоне Мактааральского ирригационного проекта в Мактааральском районе ЮКО».
КІРІСПЕ
Дипломдық жобаның тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы Достық шаруашылық аралық каналындағы суды есептеу және оны автоматтандыруды жобалау».
Жобаның мақсаты: Шаруашылық аралық арнасының Мақтаарал ирригациялық жобасының аймағында су және жер өнімділігін арттыру.
Шамаланып отырған шаралар және оларды іске асыру стратегиясы:техникалық, агротехникалық және институционалдық сипаттағы шараларды үйлестіру арқылы, МИЖ жұмысын жетілдіруге кедергі келтіретін факторларды жою.
Жоғарыда аталған шараларды жүргізу стратегиясы осы шараларды пилоттық жобалардың деңгейінде бастапқы сынауды шамалайды.
Пилоттық шаралардың нысандары болып екінші реттік К-26 және К-30 арналары таңдап алынды. Әр арна бойынша жеке жұмыс жобалары жасалатын болады.
ЖҚҚ жасауға Тапсырмаға сәйкес, осы Жұмыс жобасы Халықаралық су басқару институты жасаған «ОҚО Мақтаарал ауданындағы Мақтаарал ирригациялық жобасының аймағында су және жер өнімділігін арттыру» жөніндегі концепцияға сәйкес жасалуға тиіс.
Концепцияда жалпы мәліметтер келтірілген және Мақтаарал суландыру жүйесінің қысқаша сипаттамасы берілген, сондықтан одан әрі жобада тек концепцияда баяндалғандарға қосымша қажетті ақпарат қана беріледі.
К-26 жүйесінің суландыру арналарын суретке түсіру бойынша топографиялық-геодезиялық зерттеулерді «Құрылыс Сервис-БКК» ЖШС жүргізген.
Қарастырылып отырған ауданның климаттық, инженерлік-геологиялық пен гидрогеологиялық және топырақ-мелиоративтік сипаттамасы өткен жылдардың зерттеулерінің қордағы материалдары мен мұрағат материалдары бойынша келтіріліп отыр.
НЫСАННЫҢ ОРНАЛАСҚАН ОРНЫМақтаарал суландыру жүйесі Қазақстан Республикасының Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында орналасқан.
Мақтаарал ауданының әкімшілік орталығы - Жетісай қ., Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы - Шымкент қ.
К-26 пилоттық суландыру жүйесінің аумағы Мақтаарал суландыру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және оның орталық бөлігін алып отыр, орталығы Қазыбек би ауылы болып табылатын Қазыбек би ауылдық округының аумағында орналасқан.
К-26 Пилоттық жобасының шекаралары: солтүстік-батыста - Тоғайлы коллектор, оңтүстік-батыста - республика аралық «Достық» арнасы, оңтүстік-шығыста және шығыста - Солтүстік коллектор болып табылады.
Табиғи-климатық жағдайлары Ауданның климаты температуралардың үлкен тәуліктік және жылдық ауытқуларымен күрт континенталды болып келеді.Ауданның климаттық жағдайлары «Мақтаарал», «Шардара» және «Ленин кеңшары» жж. мәліметтерімен сипатталады (3. 1, 3. 2, 3. 3 кес. ) [1] .
Орташа айлық ауа температурасы қаңтар айындағы 0, 7 0 бастап, маусым айындағы 27, 4 0 С дейін өзгереді. Жылдың көпшілік бөлігіндегі орын алатын ала бұлтты ауа райы күн радиациясының көп келуіне себеп болады. Күннің сәуле шашуының ұзақтығы 2600-2800 сағат. 370-420 сағ. шамасында өзгере отырып, оның максималды ұзақтығы шілдеге келеді. Бұлтты күндердің саны шамалы - жылына 40-44, оның ең көп саны (айына 8-10) желтоқсан және қаңтар айларына келеді.
Жауын-шашынның жыл бойында бөлінуі көктемгі және қысқы кезеңде өте бірқалыпсыз, жазда жауын-шашын іс жүзінде жаумайды десе де болады. Атмосфералық жауын-шашынның жыл бойында бөлінуінің, максимумы төмен температуралар (ал демек, азырақ булану) кезеңіне келетін осындай сипаты, жерасты суларының қорларының толығуына қолайлы ықпалын тигізеді.
Қар жамылғысының қалыңдығы аз және орнықсыз, жылымықтар кезінде мезгіл-мезгіл еріп кетеді.
Желдің орташа айлық жылдамдығы, 14-18 м/с максималды жылдамдықтары кезінде, жаздағы және күздегі 0, 5-1, 2 м/с бастап, қысқы-көктемгі кезеңдегі 1, 7 м/с дейін өзгереді [2] .
1. 2 Инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және геоморфологиялық жағдайлары Қарастырылып отырған аумақтың жер бедері ұзақ уақыт бойына тектоникалық, денудациялық және аккумулятивтік процестердің әсерімен қалыптасты. Ауданда тау бөктерлеріне көшетін таулар дамуына ие болып отыр, тау бөктерлері алдыңғы қатардағы тізбектермен шашыраған тау аралық ойпаттардың толқынды кеңістіктерімен, ағын сулардың бірігіп кеткеншығару конустарымен құрылған кедір-бұдырлы толқынды жазықтықтармен, Сырдария өзенінің ежелгі және қазіргі аңғарларының жалпақ жазықтықтарымен және кедір-бұдырлы толқынды құмдауыт жазықтықтармен алмасады. Таулы жер бедерінің пайда болуына көтерілу облыстарының шайылуы және салыстырмалы төмен түсу аймақтарында бұзылу өнімдерінің шоғырлануы ілесіп отырды [3] .Ең көп дамуға Ташкент және Бетпақдала замандарының аккумулятивті түзілімдері (аллювиальды, аллювиальды-пролювиальды) ие болып отыр. Осы кезеңде таулардан ағып түсетін өзендердің шығарылу конустарының материалымен толтырылған тау аралық шұңқырлардың жер бедерінің түпкілікті қалыптасуы жүріп отырды.
Кесте 1. 1
Ауа температурасының ауытқуының мәліметтері
Кесте 1. 2
Орташа және максималды жел жылдамдықтарының мәліметтері
Жыл
дар
Таудағы өзендердің аңғарларында плиоцен-төменгі төрттік уақытта жайылма үстіндегі биік (V, IV, III) террасалардың сериясы түзілді; Сырдария кезеңінде аласа террасалар (II, I жайылма үстіндегі және жайылма) пайда болды [3] .
Тектоникалық қозғалыстардың қарқындылығына байланысты болатын эндогенді және экзогенді процестердің ара қатынасы жер бедерін 5 генетикалық категорияға бөлуге мүмкіндік береді:
А. Денудациялық-тектоникалық (биік тау, орташа тау) .
Б. Тектоникалық-денудациялық (аласа тау, адырлы жер бедері) .
В. Эрозиялық-аккумулятивті (тау аралық ойпаттар) .
Г. Аккумулятивті (аллювиальды, аллювиальды-пролювиальды, пролювиальды жазықтықтар) .
Д. Эол-аккумулятивті (құмдауытты жазықтықтар) .
Бетпақдала тау аралық шұңқырда орналасқан. Оңтүстіктен ол Джизак даласымен шекаралас жатыр, батыстан және солтүстік-батыстанАрнасай төмендеуімен және Қызылқұммен, солтүстіктен - Шардара су қоймасымен, солтүстік-шығыстан - Сырдария өзенімен шектелген.
Даланың оңтүстік бөлігін Түркістан жотасынан ағып түсетін ағын сулардың ежелгі және қазіргі шығару конустарының шеткері бөліктерінің пролювиальды-аллювиальды жалпақ жазықтығы алып отыр.
Солтүстік бөлікте, ежелгі шығару конустарының аумағында жазықтық толқынды, көбіне адырланған жер бедеріне ие, Қилыжәне Тоқырсай өзендерінің қазіргі аңғарларының маңайында салыстырмалы төмендеген жер бедері дамыған, мұнда сортаңдар көп таралымын алған, батысқа, Пістелітау және Балықтытау жаққа алға басуға қарай, Қилы және Тоқырсай өзендерінің шығару конустарыны даму аймағында жер бедері толқынды-адырланған сипатқа ие болады [3] .
Жер бедерінің жалпы төмендеуі солтүстік және солтүстік-батысқа қарай. Балықтыт аудың солтүстік бөктерінің маңында ағынсыз төмендеу орналасқан, оның орталығында ауданы 4 км 2 Балықты көлі орналасып отыр.
Жалпақ жазықтар солтүстік-шығысқа қарай Сырдарияның ежелгі аңғарының, гипсометриялық тұрғыдан III террасаның бетіне сәйкес келетін, аллювиальды-пролювиальды жазықтықтарымен алмасады. Жалпы құрғақ аңғарлармен бөлінген солтүстік-шығысқа 0, 0005-0, 0008 еңістігі бар жалпақ бетімен сипатталады. Жекелеген учаскелерде топырағын жел үрлеген шағын (50-100 м дейін) шұңқырлар байқалады. Литологиялық құрылысына орташа саздақтар және құмдақтардың бағынышты қабатшалары бар құмдар қатысады. Шығыс бөлікте лайы көп саздар және құмдақтар басым болып келеді. Құмдар көбіне көп қалыңдығы 30-35 м дейін бір қабат түрінде байқалады.
III террасаның пролювиальды-аллювиальды және аллювиальды-аллювиальды бөліктерінің арасындағы шекара бойынша солтүстік-батыс бағытта, шағын су айырықтарымен бөлінген бірыңғай тектоникалық иіліс ретінде қарастырылатын Жетісай-Сардоба және Қарой-Қарақой төмендеулері (ХI-2) созылып жатыр. Төмендеулер жиектерінің салыстырмалы асып түсулері 3-8 м болатын, ұзындығы бірнеше ондаған километр адырлармен және табақ тәрізді төмендеулермен күрделенген, түбі жалпақ ойпаттар болып келеді. Жер бетінің еңістігі солтүстік-батысқа 0, 0002 аспайды.
Төмендеулердің литологиялық қимасында, қалыңдығы 20 м асатын жоғарғы қабатта құмдақтардың және құмдардың қабатшаларымен саздақтар және саздар басым болып келеді. Төменде аймақтық су тірегіне дейін саздақтардың, саздардың және құмдақтардың қабатшаларымен құмдар
Төменде өңірлік су тірегіне дейін саздақтардың, саздардың және құмдақтардың қабатшаларымен құмдар ілесіп отырады. Байланысқан грунттың қалыңдық және аумақтық таралу бойынша ұсталған қабаты жергілікті су тірегі ретінде қабылданған. Арнасайға жақындай түскенде, құмдағы құмдақтардың қабатшалары арта түседі. Жоғарыда сипатталған төмендеулер Орталық Бетпақдала коллекторымен (ОБК) қиылысады.
Арнасай төмендеуі Бетпақдаланың батыс шетінде орналасқан. Ол биіктігі 6-18 м (Бетпақдала жағынан) бастап 25-26 м (Қызылқұм жағынан) дейін тік баурайлары бар, ені 2-3 бастап 23-41 км дейін ескі өзеннің арнасын еске түсіреді.
Төмендеудің оңтүстік бөлігі Тұзқан сортаңдарын қамтиды. Арнасай төмендеуі 0, 0008 еңіспен жазық жер бедеріне ие. Оңтүстік толқынды бөлігін солтүстік-шығысқа созылған тау тізбектері мен эол құмдауытты төмпешіктері жауып жатыр.
Ойпат қалыңдығы 1 м дейін құмдақтармен, құмдармен және саздақтармен қалыптасқан, төменіректе қимада құмдар басым болып келеді. Сырдария өзенінің III террасасының тегістелген аллювиальды-пролювиальды жазықтықтары солтүстік-батыс бағытта созылып жатады. Террасаның бет жағы солтүстік-батысқа жалпы еңіспен жазық болып келеді. Барлық жерлерде дерлік, үстіңгі жақтан 20-35 м дейін тереңдікке терраса саздақтармен немесе құмдақтармен, сирегірек саздармен, қиыршық тастардың-малта тастардың, саздақтардың, құмдақтардың және саздардың қабатшаларымен 0-200 м тереңдікке дейін төселіп жатқан құмдармен қалыптасқан.
Сырдария өзенінің екінші террасасының тегістелген аллювиальды жазықтығы салыстырмалы шамалы таралуға ие және морфологиялық ерекшеліктері бойынша террасаның өзіне және Шорұзақ төмендеуіне бөлінеді.
Екінші терраса арна тәріздес және көлдік төмендеулермен жырымдалған, ені 6 кем бастап 12 км дейін жазықтық болып келеді, қалыңдығы 10 м дейін ұсақ топырақпен, төсеп жатқанқұмдармен және қиыршық тасты-малта тастармен күрделенген.
II террасаның денесіне енген Шорұзақ төмендеуінің ұзындығы шамамен 60 км және ені 2 км бастап (Сырдария ст. жақын жерде) Гүлстан және Алтын Орда кент. ендігіндегі 12-13 км дейін. Төмендеудің баурайлары жазық, биіктігі 1, 5-2 бастап 5-6 м дейін (сол жаға) және 2, 5 м бастап 4 м дейін (оң жаға) . Литологиялық тұрғыдан қалыңдығы 5-25 м саздақтармен және құмдақтармен, төселіп жатқан құмдармен және малта тастармен құралған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz