Ауыспалы егістіктің құрамы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы

АХАТ ҚАЗЫНА ҚАСҚЫРБАЙҚЫЗЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

ОҚО ОРДАБАСЫ АУДАНЫ «АЙАРУ» ЖЕКЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН ЖЕР БЕТІМЕН СУҒАРУ

5В081000 - «Жерлерді мелиорациялау, баптау және қорғау» мамандығы

Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ауыл шаруашылығы

минисТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультеті

«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы : ___ ОҚО Ордабасы ауданы «Айару» жеке шаруашылығындағы ауылшаруашылық дақылдарын жер бетімен суғару

Беттер саны
Беттер саны: Сызбалар мен көрнекі материалдар
Беттер саны: Қосымшалар

Орындаған Ахат Қ. Қ .

(аты-жөні)

20___ ж. «___» қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі E. C Capкынoв. уар

(қолы) (аты-жөні)

Жетекші Ә. Т. Қoзыкeeвa

(қолы) (аты-жөні)

Арнайы тараулар кеңесшілері:

Ж. C. Мұcтaфaeв

(тарау) (қолы) (аты-жөні)

(тарау) (қолы) (аты-жөні)

Норма бақылау Қ. Қ. Ануар беков

(қолы) (аты-жөні)

Сарапшы

(қолы) (аты-жөні)

Алматы 2018

КІРІСПЕ

Соңғы уақытта ауылшаруашылығы жоғары деңгейде дамыған елдерде кешенді мелиорация топырақ пен өсімдіктердің өмірлік белсенділігінің негізгі факторларын реттеу және басқару құралы ғана емес, сонымен бірге ландшафттық кешендерді сақтау және байыту құралы болып табылады. Мелиорациялауға негізделген жаңа тәсіл энергетикалық баланстың есебіне құрылған, атап айтқанда, кешенді мелиорация жүргізу кезінде жұмсалған энергия көлемі ауыл шаруашылығы дақылдарынан, суды мақсатты реттеу негізінде, табиғи жүйелердің жылу және жарық режимдерін бейімдей отырып, ауылшаруашылық дақылдар мен топырақтың тіршілік ету ортасында бақыланбаған факторлары болып саналатын топырақтың қоректік және ауалы режимдерінен алынатын энергиямен өтелуі тиіс. Бұл мәселелер ауылшаруашылық дақылдар мен топырақтың тіршілік факторларын кешенді мелиоративтік реттеу, яғни ауыл шаруашылық жерлерінің кешенді мелиорациялануы теориясымен ғылыми тұрғыда қарастырылады. Қойылған міндеттерді шешу үшін бірінші кезекте сыртқы ортаның шарттары мен өсімдіктердің талаптары сандық өрнекте болуы қажет, өйткені олардың салыстырмалары арасындағы сәйкессіздікті барынша азайтуға қажетті бақылау әрекеттерінің параметрлерін анықтайды. Болжамсыз бақылауда болмайды, сондықтан олардың жеке элементтері мен жүйелеріндегі өзгерістерді тұтастай шаруашылық қызметі нәтижесінде болжау мүмкіндігі кешенді мелиорацияларды негіздеудің ең маңызды шарты болып табылады[1] .

Ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялаудың басты мақсаты топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру сапасының жақсаруы және кеңеюі, топырақтың пайда болуына, қоршаған ортаға зиян келтірмей, ең аз шығын арқылы тиісті энергия шығындарының оңтайлы өнімділігін алу. Осылайша, ауыл шаруашылық жерлерін мелиорациялаудың мәні - топырақтың, гидрогеологиялық, геохимиялық және биохимиялық процестердің сапалық, мақсатты өзгеруі, материя мен энергия ағымын бақылау арқылы қамтамасыз етуге болады. Ауылшаруашылық өндірісінің нақты міндеттері өсімдіктердің өсуі мен дамуының әр факторларына оңтайлы режимдерді қамтамасыз ету қажеттілігінен анықталады және бұл тұрақты экологиялық жағдайды сақтай отырып, азық-түлік және өнеркәсіпке арналған шикізаттың жоғары өндірісін алудың шешуші шарты. Мұны практикалық түрде іске асырудағы жалпы ережелер егін шаруашылығы заңдарымен сипатталады.

Ең жоғары және тұрақты өнім алу үшін өсірілген ауылшаруашылық дақылдардың өсуі мен дамуы үшін барлық жағдайларды қамтамасыз ету қажет. Сондықтан менің дипломдық жұмысымда Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы «Айару» жеке шаруашылығындағы ауылшаруашылық дақылдарын жер бетімен суғару мәселесі қарастырылған.

1 «АЙАРУ» ЖЕКЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

  1. Алқаптың орналасқан жері

«Айару» жеке шаруашылығы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында орналасқан және бұл аудан Оңтүстік Қазақстан облы-сының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік болып табылады. 1. 1 суретте Ордабасы ауданының гербі көрсетілген[2] .

Сурет 1 Ордабасы ауданының гербі [2]

  1. суретте «Айару» жеке шаруашылығы орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысының картасы көрсетілген.

1. 2 Ауа-райының жағдайы

«Айару» жеке шаруашылығының суғармалы егістік жері Қазақстанның оңтүстік құрғақ ыстық агроклиматтық ауданында және өте құрғақ тау маңайында орналасқан және бұл аймақтың буланғыштығы өте жоғары, вегетациялық кезеңде ауаның ылғалдылығы өте төмен болып, көпшілік жағдайда құрғақшылыққа әкеліп соғады және соның нәтижесінде егістіктегі дақылдардың көпшілігі күйіп-қурап қалады.

Сурет 1. 2 Оңтүстік Қазақстан облысының картасы


«Айару» жеке шаруашылығының орташа тәуліктік ауа температурасының 10 о С жоғарғы шамасының жиынтығы 3600-3900 о С, гидротермикалық коэффициенттің (ГТК) мөлшері 0. 3-0. 5 шамасында ауытқып отырады. «Айару» жеке шаруашылығының суғармалы егістік жерінің ауа-райының жағдайының негізгі көрсеткіштері Шымкент метеобекетінің мәліметі бойынша 1- кестеде берілген.

«Айару» жеке шаруашылығының аумағында вегетациялық кезеңінде орташа есеппен 45-50 мм ғана жауын-шашын жауады және ауаның орташа жылдық температурасы 10, 5 0 С тең болады. Абсолюттік максимум 44 0 С, ал абсолюттік минимум - 41 0 С жетеді. Ауаның орташа ылғалдылығы 67 %, ал абсолюттік ылғалдылық 7, 8 тең. Жауын-шашынның ең жоғарғы мәні қысқы және күзгі-көктемгі айларында байқалады. Қар жұқа түседі және көп тұрақтамайды.

«Айару» жеке шаруаш ылығы орналасқан аумақтың климаты континенттік, яғни қысы қысқа, жұмсақ, жазы ұзақ, ыстық және аңызақты болады. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы -3-5°С, шілде айында 26-28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-380 мм жетеді. Желдің басым бөлігі шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан соғады, орташа жылдамдығы 3-5 м/сек тең. Желдің әсерінен жазда ауданның гидротермиялық көрсеткіші төмендеп (0, 3-0, 4), ылғалдылық мөлшері кемиді де аңызақ, құрғақ және ыстық кезең қалыптасады.

1. 3 Гидрогеологиялық және геоморфологиялық жағдайы

«Айару» жеке шаруашылығы орналасқан аудан арқылы Арыс және оның салалары - Боралдай (он саласы), Бөржар, Бадам, Шұбарсу т. б. өзендері ағып өтеді. Ауданның орталық бөлігінде Бөген бөгені салынған, одан Арыс-Түркістан каналы тартылған, Бөгеннің оңтүстігін бойлай Арыс каналы жүргізілген. Жер астындағы суы девон, таскемір қабаттарында және ол 30-50 м тереңдікте жатыр. Ыза сулары 3-8 м, кейбір жерлерде 8-12 м тереңдіктегі палеогеннеоген қабаттарында кездеседі.

«Айару» жеке шаруашылығы орналасқан ауданның жер бедері жазық, оңтүстік бөлігі солтүстігіне қарағанда біршама көтеріңкі және бұл бөлігі сай-жыраларға тілімденген және ауданның ең биік жері Қайнар ауылының шығысында (383 м) .

«Айару» жеке шаруашылығының жер қыртысы Тұран плитасының эпигерциндік құрылымынан түзілген және оның үстін төрттік жүйенің аллювийлі шөгінділері жапқан. Мезозойға дейінгі жер қыртысы 1000-1500 м тереңдікте орналасқан және жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған (сурет1. 3) .

Кесте 1. 1

«Айару» жеке шаруашылығы орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысының ауа- райының сипаттамасы

1. 1 кестенің жалғасы

1. 1 кестенің жалғасы

Сурет 1. 3 Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ картасы

«Айару» жеке шаруашылығы орналасқан топырақ жамылғысында карбонатты сұр, сортаңды бозғылт сұр топырақ басым, өзен аңғарларында шалғынды сұр топырақ қалыптасқан, ал далалық өсімдіктерден қияқ, қоңырбас, солтүстігінде бозжусан, ши аралас эфемероидті өсімдіктер өседі, ал дәрілік өсімдіктерден күріш қонағы, қара меңдуана, тұмаршөп т. б. кездеседі.

1. 4 Ордабасы ауданының егістік агроландшафттары

«Айару» жеке шаруашылығы орналасқан Ордабасы ауданының егістік агроландшафттары 79997 га алып жатыр және ол ауданның жалпы жер көлемінің 29, 3 %, ал ауыл шаруашылық жерлердің 34, 3 % құрайды. Бұл аудан аумағында жауын-шашынның жылдық мөлшері өте аз болуына байланысты мұнда тек суғармалы егістік кешендері дамыған. Арыс-Түркістан каналы ауданның егін шаруашылығында өте маңызды рөл атқарады, оның басты мақсаты аудан территориясында мақта аудандарын дамыту. Сонымен, егістік ландшафттарды аудандар кесіндісінде қарастырайық (кесте 1. 2) .

Кесте 1. 2

«Айару» жеке шаруашылығы орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысының егістік ландшафттарының көлемі [14; 15]

Аудан аты
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %
Аудан аты: 1
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га: 2
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %: 3
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %: 4
Аудан аты: Шымкент
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га: 11665
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %: 37, 7
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %: 57, 06
Аудан аты: Арыс
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га: 18030
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %: 2, 9
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %: 5, 75
Аудан аты: Кентау
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га: 1572
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %: 0, 03
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %: 15, 9
Аудан аты: Түркістан
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га: 46204
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %: 6, 2
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %: 11, 9
Аудан аты: Бәйдібек
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га: 86142
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %: 11, 9
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %: 15, 04
Аудан аты: Қазығүрт
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га: 102501
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %: 25, 04
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %: 38, 46
Аудан аты: Мақтаарал
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га: 131345
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %: 74, 2
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %: 82, 3
Аудан аты: Ордабасы
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га: 79997
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %: 29, 3
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %: 34, 3
Аудан аты: Отырар
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га: 16673
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %: 0, 9
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %: 2, 22
Аудан аты: Сайрам
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га: 90129
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %: 52, 6
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %: 67, 2
Аудан аты: Сарыағаш
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га: 61930
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %: 8, 1
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %: 14, 2
Аудан аты: Созақ
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га: 6703
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %: 0, 15
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %: 1, 3
Аудан аты: Төлебі
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га: 76134
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %: 24, 1
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %: 53, 9
Аудан аты: Түлкібас
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га: 64286
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %: 27, 5
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %: 42, 5
Аудан аты: ШараАйару
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га: 59648
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %: 4, 6
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %: 25, 06
Аудан аты: Барлығы
Егістік агроланд-шафттың ауданы, га: 852959
Егістік агроландшафт-тардың ауданның жалпы жер көлемін-дегі үлесі, %: 7, 2
Егістік агроланд-шафттардың аудан-ның ауыл шаруа-шлық жер көлемін-дегі үлесі, %: 19, 2
  1. Ордабасы ауданыныңландшафттық жүйесінің экологиялық өнімділігін бағалау

«Айару» жеке шаруашылығы орналасқан аумақтың табиғи-климаттық өнімділікті бағалау табиғи жүйеде энергиялық көрсеткіштердің көмегімен орындалады: биологиялық активті температураның жалпы мөлшері ( Σ t, ºC ), жалпы жауын - шашын мөлшері ( Ос ), аязсыз кезеңнің жалғасуы ( То ), ылғалдану ( Ео ), фотосинтетикалық активті радиация ( R ), орташа ауаның температурасы ( t i , ºC ) (кесте 1. 3)

Кесте 3

«Айару» жеке шаруашылығы орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысының ландшафттық табиғи-энергетикалық ресурсы

Аудан және қалалық әкімшілік
Метеобекет
Табиғи энергетикалық көрсеткіштер

Ос ,

мм

Σt ,

ºС

Σd ,

мб

Ео ,

мм

R ,

кДж

см²

Аудан және қалалық әкімшілік: 1
Метеобекет: 2
Табиғи энергетикалық көрсеткіштер: 3
4
5
6
7
Аудан және қалалық әкімшілік: Созақ
Метеобекет: Созақ
Табиғи энергетикалық көрсеткіштер: 186
3882
3541
1147
184. 8
Аудан және қалалық әкімшілік: Бәйдібек
Метеобекет: Шаян
Табиғи энергетикалық көрсеткіштер: 304
4200
4134
1312
204. 5
Аудан және қалалық әкімшілік: Отырар
Метеобекет: Арыс
Табиғи энергетикалық көрсеткіштер: 275
4419
4240
1325
204. 6
Аудан және қалалық әкімшілік: Ордабасы
Метеобекет: Шымкент
Табиғи энергетикалық көрсеткіштер: 243
4065
3382
1219
192. 9
Аудан және қалалық әкімшілік: Сайрам
Метеобекет: Шымкент
Табиғи энергетикалық көрсеткіштер: 243
4065
3382
1219
192. 9
Аудан және қалалық әкімшілік: Түлкібас
Метеобекет: Түлкібас
Табиғи энергетикалық көрсеткіштер: 951
3876
3233
1163
186. 6
Аудан және қалалық әкімшілік: Төлеби
Метеобекет: Ленинск
Табиғи энергетикалық көрсеткіштер: 560
3800
3500
1180
187. 0
Аудан және қалалық әкімшілік: Шардара
Метеобекет: Шардара
Табиғи энергетикалық көрсеткіштер: 264
4397
4168
1391
203. 9
Аудан және қалалық әкімшілік: Сарағаш
Метеобекет: Дарбаза
Табиғи энергетикалық көрсеткіштер: 325
4740
4438
1400
215. 3
Аудан және қалалық әкімшілік: Қазығұрт
Метеобекет: Ленинск
Табиғи энергетикалық көрсеткіштер: 560
3800
3500
1180
187. 0
Аудан және қалалық әкімшілік: Мақтарал
Метеобекет: Пахтаарал
Табиғи энергетикалық көрсеткіштер: 251
4548
3243
1343
208. 9
Аудан және қалалық әкімшілік: Түркістан
Метеобекет: Түркістан
Табиғи энергетикалық көрсеткіштер: 238
4350
4197
1305
202. 3

«Айару» жеке шаруашылығы орналасқан аумақтың ауыл шаруашылығындағы вегетациялық кезеңнің даму бағыты жылу ресурстарына байланысты температура нәтижесі жалпы түрде анықталады және оның нәтижесі бойынша облыстың жазық аудандарында жалпы орташа температураның тиімді нәтижесі 4000ºС -4500ºС, ал солтүстігінде 3000ºС-3800ºС - ты құрайды және белсенді ауыл шаруашылығымен айналысатын орташа таулы алқаптағы мөлшері шілде-тамыз айларында 2800 ºС-3500 ºС жетеді, ал биік таулы аудандарда 1300 ºС -1400 ºС құрайды (сурет 4) .

Сурет 1. 4 «Айару» жеке шаруашылығы орналасқан облыстың күн радиациясының жылдық жиынтығы

«Айару» жеке шаруашылығы орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы жылдық радиациялық көрсеткіштің мөлшері 180-210 кДж/см² құрайды, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы жоғары биоклиматтық ресурстармен табиғи климаттық қолайлы жағдайларға ие, яғни 10 ºС -н жоғары температураның жиынтығы 3800ºС-4600ºС, жауын-шашын мөлшері 250, 0-350, 0 мм тең.

1. 7 Ауылшаруашылығының қазіргі жағдайы

«Айару» жеке шаруашылығында 1840 га жер бар, оның 970 га өнім өндіретін және суғармалы жерлер, қалған 870 га мал жайылымы.

Шаруашалақтың жерді пайдалану мен орналастырылуы соңғы екі-үш жылда жақсарып келеді, себебі ауыспалы егістіктер енгізіліп, тәлімді және суғармалы жерлермен мезгілдік жайылымдар енгізілген.

«Айару» жеке шаруашылығында қазіргі кезде жақсы жерлер жыртылып, егіншілік және жайылым мен шабындық пайдаланылады және суғармалы жерлерде барлығы төрт көпжылдық шөп аралас астық дақылға ауыспалы егістік енгізілген. Оның біреуі негізгі бөлімде, ал қалғаны екінші бөлімде мал щаруашылығына жақын жерлерде орналастырылған.

«Айару» жеке шаруашылығында қазіргі және болашақта мал болып көбейтуге арналған жаспарға байланысты жердің жартысынан астамы осы малға қажетті дақылдар өсіруге арналғандықтан, жеткіліксіз болып отыр. Осыған байланысты Айару» жеке шаруашылығының көрсеткіштері өте төмен, әрі ауыспалы егістік танаптар топырағының құнарлығы да төмен. Негізінен көп жылдық бұршақ тұқымдас өсімдіктер малға жем-шөп қана болып қоймай, топырақ құнарлығын да арттырады. Бірақ қазіргі кезде шаруашылықта осындай жағдайлар қарастырылмаған.

«Айару» жеке шаруашылығында егістіктің бетін жақсылап тегістегенде, суғару техникасы элементтерінің деңгейін және тиімді ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс белгілінген жағдайда қарықтау суғару еңбек өнімділігін ылғалдандыру сапасын қамтамасыз етуі. Егістікті суғаруға әзірленудің маңызды кезеңі суғару атызын тілу болып табылады. Атыздың бағыты бөлімшенің еңістігі мен қолданылатын агротехникаға байланысты болады. Атызды бойлай суарғанда топырақтың ылғалдану сапасы мен біркелгілігі суғару техникасының негізгі элементтерін дұрыс белгілеуге байланысты.

«Айару» жеке шаруашылығында егіншілік негізінен мал шаруашылығына бағытталып жүргізілген, өйткені шабындықтың өнімі жеткіліксіз болғандықтан, егістік құрамында көпжылдық шөптер мен жүгері көптеп енгізілген.

«Айару» жеке шаруашылығындағы әр жылдардағы егілген ауылшаруашылық дақылдардың көлемі 1. 2-ші кестеде көрсетілген.

Кесте 1. 2

«Айару» жеке шаруашылығындағы ауыспалы егістікте егілген дақылдардың көлемі

Ауылшаруашылық дақылдар
жылдар
1994
1995
1996
1997
№: 1
Ауылшаруашылық дақылдар: 2
жылдар: 3
4
5
6
№: 1
Ауылшаруашылық дақылдар: Күздік бидай
жылдар: 230
258
201
200

1. 2 кестенің жалғасы

1
2
3
4
5
6
1: 2
2: Арпа
3: 170
4: 205
5: 200
6: 187
1: 3
2: Көп жылдық шөп
3: 188
4: 245
5: 290
6: 230
1: 4
2: Жүгері
3: 95
4: 180
5: 100
6: 120

«Айару» жеке шаруашылығындағы ауылшаруашылық дақылдарынан орташа шамамен : бидайдан - 12, 0 ц/га, сүрлемдік жүгеріден - 120 ц/га және жоңышқадан - 60 ц/га өнім алып жүр.


2 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН СУҒАРМАЛАУ ТӘРТІБІ

2. 1 Ауыспалы егістіктің құрамын негіздеу

Суғармалы егістік жердің ауа-райының ерекшеліктеріне және ауылшаруашылық дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты халық шаруашылығында атқаратын жұмыстарына және жеке шаруашылықтағы өндірістік бағытына байланысты ауыспалы егістіктің түрі және құрамы анықталады. Танаптардағы ауылшарушылық дақылдардың жылма-жыл орын ауыстырып отыруы арқылы суғармалы егістік жердің топырағының құнарлығын сақталады. Сондықтан «Айару» жеке шаруашылығында ауыспалы егістіктің құрылысы мен құрамы, ондағы танаптардың санына байланысты, ауылшаруашылық дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне сай, ғылыми-зерттеу институттарының және метеорологиялық бекеттердің егістік жүйесін аудандастыруға арналған ұсыныстарына байланысты және шаруашылықтың ішкі жерді орналастыру жоспарына байланысты қабылданды.

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының ауа-райының энергетикалық қуатының оңтүстік аймақтарда өсірілетін ауылшаруашылық дақылдардың көпшілігіне жеткілікті екенін ескере отырып, дипломдық жұмыста қарастырылып отырған суармалы егістік жерге мақта ауыспалы егістігін қарастыруға болады.

Арыс ауданының ауа-райының жағдайын Шымкент қаласында орналасқан метеорологиялық бекеттің мәліметтері бойынша қарастырдық, оның жалпы ауылшаруашылық дақылдарының өніп-өсу кезеңіндегі қорланатын ауа жылуының 10 о С жоғарғы шамасының жиынтығы 3600-4200 о С. Сондықтан Ордабасы ауданының аймағы өте құрғақ агроклиматтық аймаққа жатады және табиғи ылғалдану шамасы, яғни ылғалдану көрсеткіші 0, 18-0, 20 арасында. Жалпы ауа жылуының 10 о С жоғарғы шамасы байқалатын кезеңің ұзақтығы 180-200 тәулік. Көп жылғы мәліметтерге сүйенсек, ең соңғы ауа райының 10 о С төменгі жылуы сәуір айының соңғы онкүндігінде байқалады.

Суғару жүйесі Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы «Айару» жеке шаруашылығы қарамағындағы суғармалы егістікке арналған. Ауыспалы егістіктің топырақ картасы 2. 1-ші суретте және ол бойынша топырағы сұр болып келеді және тұзданбаған.

Сурет 2. 1 «Айару» жеке шаруашылығы қарамағындағы егістік танаптың топырақ картасы

Сурет 2. 2 «Айару» жеке шаруашылығы қарамағындағы егістік танаптың топырағы туралы аңыз

Суғару жүйесі Ордабасы ауданы «Айару» жеке шаруашылығының бұрыннан пайдаланып келе жатқан шаруашылық аралық суғару жүйесінің бойында орналасқан суғармалы егістік танаптарына арналып жобаланған (сурет 2. 3) .

Сурет 2. 3 «Айару» жеке шаруашылығының қарамағындағы суғармалы егістік танаптарына жобаланған шаруашылық аралық суғару жүйесінің желісі

«Айару» жеке шаруашылығының суғармалы аймағына ұсынылған ауыспалы егістік жүйесінің негізінде, жобаланып отырған егістік жерге 6 танапты мақталы ауыспалы егістік жүйесі ұсынылып отыр. (кесте 2. 1) . Ауыспалы егістік жерінің брутто ауданы 387, 5 га, нақты суғармалы жердің ауданы - 372, 0 га тең, оның ішінде суғармалы егістік жердің 20, 0 га ауданы құрылыс және техникалық қажеттілікке бөлінген, яғни бұл мелиоративтік құрылыс жұмысына бөлінген жердің ауданы жіне ол суғару жүйесін жобалаудың техникалық жағдайына және мөлшеріне байланысты анықталған:

- жалпы ауданы ( F ) - 407, 5 га;

- суғармалы егістіктің нақты егілген ауданы ( F н ) - 372, 0 га;

- суғармалы егістіктің брутто ауданы( F б ) - 387, 5 га;

Жерді пайдалану көрсеткіші:

ЖПК 1 = F б / F =387, 5/407, 5= 0, 95 ;

ЖПК 2 = F н /F б = 372/387, 5= 0, 96.

Кесте 2. 1

«Айару» жеке шаруашылығындағы мақталы ауыспалы егістіктің құрамы және құрылысы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егіс жүйелерін ұйымдастыру
Дара жеке шаруашылығы орналасқан облысының топырақ картасы
Ауыспалы егісті жобалау
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АРЫС ӨЗЕНІН СУҒАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІККЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ
«БҚО, Бөрлі ауданындағы Қарағанды селолық округінде орналасқан «Тулеугалиев Б.Е.» шаруа қожалығының территориясын ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы»
БҚО,Ақжайық ауданы, КӨКТӨБЕ ШҚ ауыспалы егісіне суару жүйесін жобалау
Қанат жеке шаруашылығының суғармалы егістік жерінің топырақ жағдайы
Топырақ бонитировкасы
Агроландшафттық жүйесінің экологиялық жағдайын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz