Эксперттік жүйені жасақтау технологиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

7

8

9

10

АНДАТПА

Берілген дипломдық жобада медициналық эксперттік жүйе жасақталды.

ЭЖ құрылымы мен ерекшеліктері толықтай зерттеліп, танылды.

Кіріспе бөлімінде дипломдық жобаның жалпы түсініктемесі және

қойылған мақсаттар туралы жазылды. ЭЖ-ге қандай факторлар әсер ететінін

математикалық теңдеулермен сипатталған.

Негізгі бөлімде

ЭЖ-лерге түсініктеме беріліп, егжей-тегжейлі

қарастырылған. Олардың заманымыздағы іскерлік әлемдегі ролі және негізгі

қолданылу облыстарына шолу жасалынды.

Кіріспе бөлімінде айтылып кеткен барлық алға қойылған мақсаттар

орындалды. Пәндік облыс зерттеліп, инструменталды құрал таңдалып,

бағдарлама тексеріліп ЭЖ жүзеге асты.

Экономикалық бөлім эксперттік жүйенің экономикалық тиімділігі мен

өтеу мерзімін енгізеді.

Жобада еңбек қорғаумен байланысты ұйымдастыру шараларымен

жұмысты атқарушы адамдарды және жұмыс орнын қауіпсіздендіру шаралары

қарастырылды.

АННОТАЦИЯ

В данном дипломном проекте разработана медицинская экспертная

система (ЭС) . Были исследованы и изучены структура и особенности ЭС.

В введении приведено общее пояснение и поставленные цели для

осуществления

дипломного проекта. Характеризуются математические

уравнении факторов которые воздействуют на ЭС.

В основной части были достигнуты цели, поставленные в введении.

Изучается предметная область, выбирается инструментальное средство,

программа тестируется, и таким образом ЭС была разработана.

Экономическая часть дипломного проекта содержит расчеты

экономической эффективности и сроки окупаемости ЭС.

В проекте приведены организационные мероприятия и рассмотрены

безопасность рабочего состава и рабочего места.

МАЗМҰНЫ

11

КІРІСПЕ

1 Эксперттік жүйенің түсінігі

1. 1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар

1. 1. 1 Эксперттік жүйелердің даму тарихы, алғашқы эксперттік жүйелер

1. 1. 2 Эксперттік жүйелердің ерекшеліктері мен негізгі функциялары

1. 2 Эксперттік жүйенің құрылымы

1. 2. 1 Статикалық және динамикалық эксперттік жүйелер

1. 2. 2 Эксперттік жүйені жасақтау технологиясы

1. 3 Медициналық эксперттік жүйелер

2 Пәндік облысты зерттеу

2. 1 Медицина облысы

2. 2 Жүрек аурулары Қазақстанда

2. 3 Сенімділік желілері

2. 3. 1 Демпстер-Шефер ақиқат теориясы

2. 3. 2 Демпстер-Шефер заңын эксперттік жүйеде қолдануының

математикалық моделі

3 Бағдарламалау технологиясы, тілі мен ортасы

3. 1 Жасақталған эксперттік жүйенің құрылымын анықтау

3. 2 Логикалық қорытынды механизмі алгоритмін жасақтау

3. 3 Эксперттік жүйені құрастыру құрылымы

3. 4 Қолданушымен интерфейсті жасақтау

3. 5 Тестілеу стратегиясын таңдау

4 Экономикалық бөлім

5 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қосымша А

Қосымша Б

КІРІСПЕ

12

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде күннен күнге эффективті басқару шешімін

қабылдаумен қатысты мәселелерге көп назар аударылады. Бұл іскерлік әлемнің

дамуының аса үлкен қарқындылығымен байланысты. Қажетті ақпаратты

оперативті түрде тауып, оны жалпылап, қолда бар ақпаратты талдап, себепті

түрде шешім қабылдап, және сол шешімдердің жүзеге асу тәуекелділігі мен

мүмкіндігін бағалау қажеттігі туатын жағдайлар бүгінгі күнде көптеп кездеседі.

Соған байланысты күрделі басқару шешімдерін қабылдаушы мамандардың,

жұмысшылардың рөлі артуда. ХХ ғасырдың 80-жылдардың басында

«эксперттік жүйелер» деген атау алған бағыт пайда болды. Эксперттік жүйелер

белгілі бір облыс бойынша маманның, эксперттің жинақтаған білімі негізінде

күрделі интеллектуалды мәселелерді шеше алады және шешуге көмек бере

алады. Қазіргі сәтте эксперттік жүйелер әр түрлі қиындық туғызатын

облыстарда қолданылады. Көбінесе эксперттік жүйелер бизнесте, өндірісте

және медицинада қолданылады [1] . Эксперттік жүйелер күрделі шешімдерді

қабылдау үшін қолданылады, бірақ өзінің қабылдаған шешімдерінің сапасы

бойынша маман-эксперттен қалыспайды және оларға шешімдерінің

«мөлдірлігі» тән. Сонымен қатар, олардың білім базасын эксперттің

қатысуымен толықтырып, жаңартып отырады.

Эксперттік жүйелердің басқа жасанды интеллект жүйелерімен

салыстырғанда бір үлкен айырмашылығы бар: мәселен, нейрондық желілер

немесе генетикалық алгоритмдер сияқты, олар қандай да бір жан жақты

мәселелерді шешуге арналмаған. Эксперттік жүйелер жасақтаушылар таңдаған

белгілі бір облыс бойынша, кей жағдайларда облыстар бойынша, сапалы түрде

шешім қабылдауға бағытталған.

Эксперттік жүйелер адамның білімі мен тәжірибесін және машинаның

жылдамдығын өз бойында сыйыстыра отырып, қойылған мәселені шешу

мақсатында жүйеге енгізілген мәліметтердің белгілі бір саны мен сапасына

қатысты шешім қабылдауға және оны түсіндіруге мүмкіндік береді.

Медицинада экперттік жүйелер адам ағзасының жұмысының бұзылу

себептерін анықтау үшін, басқаша айтқанда, диагноз қою мақсатында

қолданылады. Көпшіліктің пікірі бойынша ең белгілі диагностикалық

эксперттік жүйе болып MYCIN есептеледі.

Сонымен қатар дәрігерлерге күнделікті дұрыс диагноз қоюға және сәйкес

емделу тағайындауға көмектесетін көптеген медициналық эксперттік жүйелер

жасақталған. Осы күнге дейін жаңа эксперттік жүйелер жасақталу үстінде,

мысалы, НЕФРЭКС - балалардағы бүйрек ауруларының медициналық

диагностикалық эксперттік жүйесі, РЕПРОКОД - тамыр ауруларын анықтайды

(атеросклероз, гипертония), ДИАКОМС - көздің онкологиялық ауруларын

анықтау үшін, ES 4. 0 - сүт бездері және қалқанша без ауруларының

диагностикалық жүйесі және тағы басқалары.

13

Интерпретация, диагностика, реттеу, болжау, жоспарлау, нобайлау

мәселелері бар. Мұндай мәселелерді эксперттік жүйелер көмегімен шешуге

болады.

Мамандардың жұмыс істейтін көптеген адам қызметінің облысындағы

объектілер математикаға тиісті таза синтаксистік объекттерге топтастырыла

алмайды. Медицина мамандардың білімі күрделі формалданатын адам

қызметінің облыстарының бірі болып табылады. Медициналық диагностикалық

эксперттік жүйелер жасақтау мәселесі қазіргі сәтте өте маңызды.

Жүрек тамыры аурулары - еліміздегі ең көп таралған аурулардың бірі,

сондықтан медициналық эксперттік жүйенің нақты облысын таңдау кезінде

жүрек тамыры аурулары таңдалған болатын. Бұл дипломдық жобада жүрек

тамыры жүйесі аурулары себептері мен симптомдары және олардан емделу

тәсілдері туралы ақпарат танылып және жүйеленеді. Осыған орай дипломдық

жобада жүрек тамыры жүйесі аурулары туралы білімді жүйелеу, білім қорына

негізделген жүйе арқылы осы аурулардың алдын алу, оларды

классификациялау және бұл облыстағы маман үшін белгілі бір деңгейде

ұсынылған емдеу жолдары туралы шешім қабылдайтын көмекші құрал

жасақтау есебі қойылады.

Бұл дипломдық жобада медициналық білімді елестету мәселесін шешу

және логикалық қорытынды механизмінің алгоритмін жасақтау талабы

қойылған.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелер қарастырылады:

1. пәндік облысты зерттеу;

2. эксперттік жүйені жасақтау инструменталды құралын таңдау және

зерттеп тану;

3. медициналық эксперттік жүйенің мәліметтері мен білімі құрылымын

жасау;

4. жүйе жұмысының алгоритмдерін жасақтау;

5. эксперттік жүйені кодтау, тестілеу.

Зерттеудің мақсаты:

1. Мекеменің принциптерін меңгеру және эксперттік жүйелердің жұмыс

істеуі, сонымен қатар, оларды проектілеудің тәжірибелік дағдылар алу;

2. Эксперттік жүйелердің қолдану облыстарында және мүмкіндіктер

жайында және соның

ішінде медицина облысында, олардың

архитектуралық ерекшеліктерінде және құрылуларының амалдарында

жүйеленген көрсетілімдерді меңгеру;

3. Диагноз процесі талаптарын толықтай қамтамасыз ететін диагноз қою

бағдарламасын құру.

Зерттеу әдістері:

диалектикалық жалпылама, салыстырмалы,

аналитикалық, тарихи, логикалық әдістер, сонымен қатар жүйелік-құрылымды,

жүйелік-функционалды әдістер және жалпылама әдістері.

Дипломдық жұмыстың құрылымы:

кіріспеден, жеті бөлімнен,

қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан

14

тұрады. Жалпы жұмыстың көлемі 74 беттен тұрады, 16 суреттен, 8 кестеден

мен 4 қосымшадан құралады.

Бірінші бөлімде эксперттік жүйе туралы жалпылама түсінік, даму тарихы,

алғашқы эксперттік жүйелер, эксперттік жүйелердің ерекшеліктері мен негізгі

функциялары қарастырылып, құрылымы мен жасақтау технологиясы туралы

толық айқындалады.

Екінші бөлімде пәндік облыс зерттеледі, Қазақстанда кездесетін жүрек-

тамыр ауруларының түрлері сарапталып толықтай зерттелуі керек. Демпстер-

Шефердің ақиқат теориясы туралы ғана айтылып қоймай, медициналық

эксперттік жүйеде қолданылуы мен математикалық есептеулермен мысалдары

көрсетіледі.

Үшінші бөлімді негізгі бөлім десек те болады. Бұл бөлімде эксперттік

жүйе диагностика ретінде Delphi тілінде диагностика бағдарламасы құрылады.

Қолданушымен интерфейсті жасақталып, интерфейс графы құрылып,

эксперттік жүйе тестілеу стратегиясынан өтіледі.

Экономикалық бөлім эксперттік жүйенің экономикалық тиімділігі мен

өтеу мерзімін енгізеді.

Соңғы бөлімде жобада еңбек қорғаумен байланысты жұмыс орнын

қауіпсіздендіру және ұйымдастыру шаралары қарастырылады.

15

1 Эксперттік жүйенің түсінігі

1. 1 Негізгі түсініктер мен анықтамалар

Адам қызметінің әр түрлі салаларында нақты алгоритмі немесе әдісі жоқ

міндеттер жиі кездеседі. Ол міндеттерді тек қана сол кәсіппен шұғылданатын

білімді мамандар шеше алады. Ол аппаратураны диагностикалау, жұмыс

аптасын жоспарлау, операцияны болжау, аппаратурада жұмыс жасап үйрену

және т. б. жұмыс түрлері. Негізінен мұндай міндеттер болжау, оқыту, модельдеу

сияқты салалармен қоса медицина, заң, ғылым мен техниканың алуан түрлі

салалары, экономика, экология, әскери іс және т. б. кездеседі.

Осындай міндеттерді шешу үшін арнайы бағдарламалар кешені -

эксперттік жүйелер (ЭЖ) бар. Олар нақты емес қойылымы бар міндеттерді

арнайы білім базасына (ББ) жолыға отырып шешеді, яғни ол базада пайда

болған проблеманы шешуге арналған мәліметтер бар. Шешімді ЭЖ өз бетімен

табады. Сонымен қатар, ЭЖ әдетте мамандардың өздеріне ББ-сын жасауына

мүмкіндік беріп, оны өзгертуге немесе толықтыруға, басқаруға жол ашады.

Нарықтағы бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚЕ) әдетте өте қымбат тұрады.

Соған байланысты, қазіргі кезде екінің бірі өз ортасына ЭЖ тарата алмайды,

және де тиімді ЭЖ өзіне сондай қымбат аппараттық қамтамасыз етуді талап

етеді.

Экперттік жүйе дегеніміз бұл әдістер мен ұйымдастыру жолдарының

жиынтығы, күрделі міндеттерді шешуге арналған білімдердің сақталуы мен

қолданылуы. Эксперттік жүйе берілген шешімдердің арасынан ең үздігін

таңдай отыра, жоғары сапалы мамандар тобының тәжірибесіне сүйену арқылы

өзінің тиімділігін арттырады. Оларды стратегия құрылымы кезінде бағалай

отыра, үлкен көлемдегі жаңа факторлардың әсерін талдайды, алдын ала болжау

мүмкіндіктерін қалыптастырады.

Заманауи ЭЖ

-

білім базасын

қалыптастыратын, міндеттерді шешу кезінде жинақталған білім базасының

көмегімен адам-маманның әрекетін модельдейтін мамандандырылған

компьютерлік бағдарлама. ЭЖ-ні ойлап табу және пайдалану ақпараттық

технологиялардың дамуының концептуалды кезеңі болып табылады.

Проблеманы шешудің интеллектуалдық негізіне белгілі бір іс-әрекет

саласындағы тәжірибелі сарапшы-мамандардың білімдерін жаңғырту алынады

[2] .

1. 1. 1 Эксперттік жүйелердің даму тарихы, алғашқы эксперттік

жүйелер

ХХ ғасырдың 70-жылдардан бастап ЭЖ жасанды интеллект (ЖИ)

саласындағы жетекші бағыт болды. Оларды әзірлеу кезінде ертерек

дайындалған ЖИ қолдану әдістері табылды: білімді таныстырудың әдістері,

логикалық қорытындылау, эвристикалық іздеу, ана тіліндегі сөйлемдерді тану

16

мүмкіндігі және т. б. Осындай қуатты әдістерді қолдану арқылы ЭЖ өте үлкен

коммерциялық әсерге қол жеткізді.

1987 жылы АҚШ-та жарияланған ЭЖ каталогы мен оны дайындауға

арналған инструменталды бағдарламалық құралдар 1000-ға жуық жүйелерден

тұрады. Дамыған шетел мемлекеттерінде жүздеген фирмалар оларды дайындау

және таратумен айналысады.

Қазіргі кезде эксперттік жүйелердің 5-буыны - преценденттік эксперттік

жүйелер құрастырылған. Преценденттік ЭЖ-ні негізгі және ең маңызды белгісі

- “Преценденттер Базасының” болуы. Прецендент - нысанды қасиеттерін

зерттеу кезінде болатын нәтиже. Преценденттер базасы - нысанды зерттеудің

нәтижелер қорытындысын жинақтайтын база. Мұндай жүйелер өздерінің

шешімдеріне адамдардың байқауымен, математикалық алгоритмдермен қоса

шешімді қабылдауға адамдардың логикасын пайдаланады. Осы қасиеттер

олардың үлкен артықшылықтарын тудырады. Прецендентті ЭС әр түрлі

білімдерді өңдеу мен қолданудың универсалды құралы бола отырып, әр түрлі

ғылым саласында қолданылады: медицина (MYCIN), химия (DENDRAL),

геология (PROSPECTOR), математика (InterLisp), инженерлік іс (АВК,

ArhiCad), сондай-ақ әскери істе, информатикада, ғарыштық техникада,

метеорологияда, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, физикада, электроникада

және юриспруденцияда [3] .

Өздерінің артықшылықтарымен қоса, преценденттік эксперттік

жүйелердің дайындаудың жолы күрделі және тиімді жұмыс істейді, сонымен

қатар олар жүздеген мың преценденттік базалар жазады.

ХХ ғасырдың 60-70-жылдардағы жасалған атақты ЭЖ өз саласында

классикалық құрылғы болып табылады. Шығу тегіне, қызметтік саласы мен

сабақтастық идеясы, әдісі және инструменталды бағдарламалар жолдарына

байланысты ЭЖ-ні бірнеше түрге бөлуге болады.

1. META-DENDRAL. DENDRAL жүйесі тәжірибелік деректер бойынша

химиялық қосылулардың ықтимал құрылымын анықтайды (спектография

массалары, ядролық магниттік резонанс деректері және т. б. ) . M-D DENDRAL-

ға арналған білім алу процесін автоматтандырады. Ол химиялық элементтердің

құрылымдардың жасалу фрагменттерінің ережелерін жасайды.

2.

MYCIN-EMYCIN-TEIREIAS-PUFF-NEOMYCIN. Бұл мединициналық

ЭЖ мен сервистік бағдарлама құрылымдарының өкілі.

3. PROSPECTOR-KAS. PROSPECTOR- геологиялық сараптама негізінде

кеніш көздерін іздеуге арналған бағдарлама. KAS- PROSPECTOR-ға арналған

білім жинақтау жүйесі.

4. CASNET-EXPERT. CASNET- жүйесі көз ауруларын емдеу үшін

диагностикалық кепілдеме беретін медициналық ЭС. Оның негізінде EXPERT

инженерлік білім тілі жасақталған. Сонымен қоса, бірнеше диагностикалық

медициналық жүйелер де құрастырылған.

5. HEARSAY-HEARSAY-2-HEARSAY-3-AGE. Бұл реттің алғашқы екі

жүйесі берілген сөздіктен алынған сөздердің біріккен адам сөйлеуінде тануға

бағытталған интеллектуалдық жүйе. Айтылып отырған жүйелер хабарландыру

17

тақтасын қолдану негізінде құрылған өзіндік құрылыммен ерекшеленеді, атап

айтсақ - жүйенің ағымдағы жұмысынан тұратын глобальді деректер базасы.

Уақыт өте келе бұл жүйелердің негізінде HEARSAY-3 және AGE (Attempt to

Generalize - қарым-қатынас талпынысы) сынды инструменталдық жүйелер

жасалды.

6. AM (Artifical Mathematician- жасанды математик) және EURISCO

жүйелері Стэнфорд университетінде доктор Д. Ленат басқаруымен зерттеу және

оқу процесі мақсаты үшін жасақталды. Доктор Ленаттың айтуынша, кез келген

ЭС тиімділігі оған енгізілген білім дерекқорымен анықталады. Оның ойынша,

жүйе үйренуге дайын болуы үшін оған жалпы ақпараттардың миллиондаған

саны енгізілуі керек. Ол төрт жасар баланың орташа мүмкіндіктерімен

салыстыруға келетін ақпарат көлемі. Ленаттың пайымдауынша, аз

мамандандырылған білім көлемі кіші ЭЖ жасау жолы тығырыққа тіреледі.

АМ жүйесіне алғашында математикалық теориялар мен ұсынылымдарды

құрастыруға мүмкін болатын жүздеген қорытынды ережелер мен 200

эвристикалық білім алу алгоритмі енгізілді.

1. 1. 2 Эксперттік жүйелердің ерекшеліктері мен негізгі функциялары

Эксперттік жүйе технологиясында орныққан бағдарламалық жабдықтар

(БЖ) немесе инженерлік білімдер әлемде айтарлықтай танымал болды.

Эксперттік жүйелердің маңыздылығы мынада:

• Эксперттік жүйелер технологиясы компьютерлерде орындалатын

міндеттердің аймағын кеңейтеді. Олардың шешім табуы айтарлықтай

экономикалық нәтиже әкеледі;

• ЭЖ технологиясы дәстүрлі бағдарламалаудың глобальді

проблемаларын шешудегі ең негізгі құралы:

бағдарламаларды жасақтаудың қымбаттылығы;

ұзақтығы және күрделі

ЭЖ технологиясы мен дәстүрлі бағдарламалау технологиясының

қосылуы бағдарламалық құралдарға жаңа сапа қосады, яғни: пайдаланушыны

бағдарламаны тұтынуда динамикалық жаңартумен қамтамасыз ету.

Алдыңғы қатарлы мамандардың пайымдауынша, жақын арада ЭЖ-ге

төменде көрсетілгендей перспективалар табылады:

ЭЖ барлық проектілеу, құрастыру, өнеркәсіп, бөлу, сату, қызмет көрсету

фазаларында негізгі рөлге ие болады;

Коммерциялық таратуға қол жеткізген ЭЖ технологиясы дайын

интеллектуалды-өзара әрекет жасаушы модульдер көмегімен интеграциялық

бағдарламаларда революциялық алға жылжуға жол ашады.

ЭЖ негізінен бейформалды міндеттерді шешуге бағытталған, яғни ЭЖ

формалданған міндеттерді шешуге әрекеттенген дәстүрлі бағдарлама

жасақтаудың жолдарын жоққа шығармайды, өзгертпейді.

Бейформалданған міндеттер әдетте келесі ерекшеліктерге ие болады:

қателікпен, бір мағыналы емес, бастапқы деректердің қарама-қайшылығы мен

толық еместігімен;

18

Шешу аймағының ауқымдылығымен, яғни міндетті шешу аймағы өте кең;

мәліметтер мен білімдердің динамикалық өзгеруі.

Танымал және тиімді пайдаланылатын сараптамалық жүйелерге мысал:

• DENDRAL - күрделі органикалық молекулалардың құрылымын

олардың спектрлік анализдарының қорытындысы арқылы анықтауға арналған

ЭС (әлемдегі ең алғашқы сараптамалық жүйе болып есептеледі) .

• MOLGEN- ферменттермен тәжірибенің негізінде ДНК құрылымы

жайындағы гипотезалардың өнімін анықтауға арналған ЭЖ.

• XCON - DEC корпорациясындағы VAX-11 есептеу кешенінің сатып

алушы тапсырысымен келістіріле отырып кофигурация жасайтын ЭЖ.

• MYCIN - ішек ауруларын диагностикалайтын ЭЖ.

• PUFF - өкпе ауруларын диагностикалайтын ЭЖ.

• MACSYMA - алгебралық өрнектердің символдық түрленуін

көрсететін ЭС.

• YES/MVS - IBM корпорациясындағы көп қызметті үлкен

MVS

операциялық жүйесін басқаруға арналған ЭЖ.

• DART - IBM корпорациясының үлкен НМД диагностикалауға

арналған ЭС.

• PROSPECTOR - пайдалы қазбаларды іздеуде көмегін тигізетін ЭЖ.

• POMME - алма бағын күтуге ұсыныс беретін ЭЖ.

• ЭСПЛАН - Бакиндік мұнай өңдеу зауытында өндіріс жоспарын

жүргізетін ЭС.

• МОДИС - гипертонияның түрлерін диагностикалайтын ЭЖ [4] .

Эксперттік жүйенің өте атақты қабықтары 1-кестеде көрсетілген.

Кесте 1

Эксперттік жүйенің өте атақты қабықтары

Кейбір коммерциялық эксперттік жүйелер 2-кестеде көрсетілген.

19

Сонымен, эксперттік жүйелерді таңдау жеткілікті. Эксперттік жүйелердің

түрлері өте ауқымды.

Кесте 2

Коммерциялық эксперттік жүйелер

Қазіргі кезде дербес компьютерлердің таралуының арқасында оларға

қосалқы ЭЖ-лер де шығып жатыр. Көп жағдайда ДК арналған ЭЖ-лер өз

сипаттамалары бойынша үлкен ЭЕМ-нен кем түспейді.

Алайда, танымалдылығына қарамастан, жоғарыда айтылған барлық ЭЖ-

тердің негізінен кейбір кемшіліктері бар:

• Төмен сапалы интерфейс;

• Білімдерді көрсету үшін арнайы тілдерді білу қажеттілігі;

Үлкен көлем;

Жылдамдылық төменділігі;

Басқа бағдарламалармен байланыс дамымаған;

Білім базасын ауыстыратын құралдар;

Қымбаттылығы [5] .

Эксперттік

жүйе басқа қолданбалы бағдарламалардан мынадай

белгілерімен ерекшеленеді:

Адамның ойлау механизмін белгілі бір кәсіптік міндетті шешуге

белгілейлі. Бұл эксперттік жүйені математикалық модельдеу мен компьютерлік

анимациядан айырады.

Жүйе есептеу операцияларын орындаумен қатар нақты түсініктер мен

қорытындыларды қалыптастырады. Білім қоры жүйеде белгілі бір арнайы тілде

сақталып, өзінің жеке бағдарламалық кодынан бөлек тұрады. Олар түсініктер

мен қорытындыларды құрастырады. Бұл бағдарлама компонентін деректер

қоры деп атауға болады.

Міндетті шешуде негізгі болып эвристикалық және жақындатылған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эксперттік жүйені құру. Эксперттік жүйенің функциялары
Эксперттік жүйе
VP-Expert эксперттік жүйенің жазбасы жайлы
Мұнай өңдеу және мұнай химиясы технологиялық кешендерінің математикалық модельдер жүйесін құру методологиясы
VP-Expert эксперттік жүйенің жазбасы
Сараптамалық жүйелерді қолдану
Оңтүстік Қазақстын Облысының агроөнеркәсіпті дамытудағы инновацияның рөлі немесе оның қызметін жетілдіру жолдары
Туризм менеджментінің теориялық және әдістемелік негіздері
Ақпараттық технологиялардың базалық ішкі жүйелері
Сараптама жүйелерінің мысалдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz