Нұра өзені сужинау алабының желісі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Су ресурстары және мелиорация кафедрасы

ҰЛАН А. Е.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

НҰРА ӨЗЕНІНІҢ СУ ҚОРЫНЫҢ ЛАСТАНУ ДӘРЕЖЕСІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ МӨЛШЕРЛЕУ

5В080500 - Су ресурстары және суды пайдалану мамандығы

Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ауыл шаруашылығы
минисТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті

Су ресурстары және мелиорация кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:__________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _____________________

Беттер саны _____________
Сызбалар мен көрнекі материалдар_____________
Қосымшалар_____________

Орындаған ___________________________________ ________
(аты-жөні)

20___ ж. ______________ қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)
Жетекші ________________ ______________________________
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
_____________________ _______________ ____________________________
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
_____________________ _______________ ____________________________
(тарау) (қолы) (аты-жөні)

Норма бақылау _______________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы _______________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні)

Алматы 2018
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті

Су ресурстары және мелиорация кафедрасы

5В080500 - Су ресурстары және суды пайдалану мамандығы

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент ___________________________________ _______________________________
(аты-жөні)
Жұмыс (жоба) тақырыбы
___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ __________________________________

Университет бойынша 20___ж __________________ №____ бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 20___ж _________________

Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ______________
___________________________________ _______________________________

Дипломдық жұмысты (жобаны) өңдеуге арналған мәселелер тізімі

___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ____________________

Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ____________________

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ _________________

Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы

Кафедра меңгерушісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)

Жұмыс жетекшісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)

Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ________________ _____________________________
(қолы) (аты-жөні)

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

ГРАФИГІ

Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер

Кафедра меңгерушісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)

Жұмыс жетекшісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)

Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ________________ _____________________________

(қолы) (аты-жөні)
МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

Анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... .8

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

1.
Нұра өзені сужинау алабының
физикалық-географиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

1.1 Нұра өзені сужинау алабының географиялық жағдайы ... ... 10

1.2 Нұра өзенісужинау алабының жер бедері ... ... ... ... ... ... ... . .11

1.3 Нұра өзені алабының климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... .11

1.4 Нұра өзені сужинау алабының топырақ жамылғысы ... ... ... 17

1.5 Нұра өзені сужинау алабының өсімдік жамылғысы ... ... ... 18

2.
Нұра өзені алабының гидрологиялық жағдайы ... ... ... ... ... ... ...1 9

2.1 Нұра өзені сужинау алабының гидрографиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

2.2 Нұра өзені сужинау алабының cу тәртібі және қоректену көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

3.
Нұра өзені ағындарының сипаттамаларын есептеу ... ... ... ... ... .35

3.1 Гидрометриялық ақпараттық деректер бойынша қалыпты жылдық ағынды анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

3.2 Нұра өзені су ағынының гидрологиялық сипатамаларын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37

3.3 Жылдық ағындының өзгергіштігі және оның мәндерінің есептік қамтамасыздықтарын анықтау әдістері ... ... ... ... ... ... ... .43

4.
Нұра өзені су қорының ластану дәрежесін бағалау және мөлшерлеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

4.1 Нұра өзені су қорының ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57

4.2 Нұра өзені су қорының гидрохимиялық ластануы ... ... ... ... .64

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..71

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..72

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмыста келесі стандартқа сәйкес сілтемелер қолданылған:
ҚР МЖБС 5.04.019-2011Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі
ережелерге.
МемСТ 2.105-95 Конструкторлық құжаттардың бірегей жүйесі. Мәтіндік құжаттарға ортақ талаптар.
МемСТ 2.11-68 Конструкторлық құжаттардың бірегей жүйесі. Норма бақылау.
МемСТ 7.32-2001. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Рәсімдеудің құрылымы мен ережелері.
МемСТ 7.1-2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың ортақ талаптары мен ережелері.

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:
Су қоры - су нысандарындағы пайдалануға болатын жер беті және жер асты суларының қоры;
Су нысаны - жер бетінде жинақталған табиғи су;
Сумен қамтамасыз етілу дәрежесі - бірлік көлем немесе пайызбен өрнектелген тұтынушыларды суға деген сұранысын қамтамасыз ету дәрежесі;
Су жинау - жер бетінің бөлігіндегі су ағатын жеке өзен немесе өзендер жүйесі;
Су жинау ауданы - су нысаны қалыптасатын аймақ;
Су ағыны - табиғи немесе қолдан тұрғызылған әртүрлі шығындағы су ағыны;
Сушаруашылық нысаны - су пайдалану, қалпына келтіру және қорғау нысандарының құрылымы;
Aғын-өзeндeгi нeмece өзгe дe cy apнaлapындaғы cy мaccacының көлдeнeң кeңicтiктi түгeл қaмтитын қoзғaлыcы;
Өзeн жeлici-кeз кeлгeн ayмaқтaғы бapлық өзeндepдiң жиынтығы;
Cy өтiмi-өзeн apнacының көлдeнeң қимacы apқылы yaқыт бipлiгiндe aғып өтeтiн cy мөлшepi;
Cy pecypcтapы-шapyшылықтa пaйдaлaнyғa жapaмды өзeн, көл, бөгeн, тeңiз, мұxит, жep acты, тoпыpaқ, мұздық, бaтпaқ жәнe aтмocфepaдaғы cyлap;
Гидpoлoгиялық eceптeyлep-гидpoлoгиялық peжiмнiң түpлi cипaттaмaлapының мөлшepiн eceптeyгe мүмкiндiк бepeтiн әдicтepдi жacayмeн aйнaлыcaтын инжeнepлiк гидpoлoгияның тapayы;
Гидpoлoгиялық peжим-cy ныcaндapы жaғдaйының мepзiмдiк, нeгiзiнeн aлaптың климaттық epeкшeлiктepiмeн aйқындaлaтын зaңдылықпeн өзгepyi;
Гидpoлoгиялық бoлжaм-өзeн, көл, бөгeндepдeгi түpлi құбылыcтapдың мepзiмдiк әpi кeңicтiктe дaмyын aлдын aлa eceптeyдiң ғылыми дәлeлдeнгeн әдicтepiн зepттey мeн қoлдaнy;
- орташа көпжылдық су ағынының мөлшері, м3с;
-- кезеңіндегі жылдық су ағынының мөлшері, м3с.
және- арнайы кестелер арқылы анықталатын көрсеткіштер;
және - белгілі моменттік әдіспен анықтайтын вариация және асимметрия көрсеткіштеріне сай ауытқыун бағалау;
- орташа жылдық су ағынының мөлшерінің ауытқуының орташа квадраттық ауытқуы, м3с;
- су ағынының көпжылдық орташа шамасы, м3с;
- модулдік көрсеткіш;
- су ағынының қатарының саны.

КІРІСПЕ

Нұра өзенінің сужинау алабында табиғи-техногендік қызметтердің дамуына байланысты табиғи жүйегеорны толмас зияндықтар әкелуде. Соңғы жылдары Нұра өзені сужинау алабына орналасқан Теміртау қаласының өндірістік аймақтарынан шыққан сынап қалдықтарының, өзеннің су ағынына қосылып кеткендігі туралы экологиялық мәселелер көтерілді. Бұрын өндірістік сынап қалдықтарын Нұра өзенінің бойындағы Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларының түбінде өскен сал ұстап қалып, оның табанындағы топырақ шөгіндісіне қорланып жататын. Бірақта, соңғы кездердергі Нұра өзені сужинау алабындағы ерте қатты су тасқындарының себебінен өзен суына қосылған сынап, оның барлық аймағына жайылып кеткен.
Осындай өте қауіпті экологиялық жағдайларды болдырмас үшін соңғы жылдары Бүкіләлемдік банктің қаржысымен Теміртау қаласында Нұра өзенін тазалау жөніндегі жоба жұмыс істеп келеді және оған ауыл шаруашылығы министрлігінің Су қорлары жөніндегі комитетінің мамандары бақылау жасайды. Жобаның негізгі мақсаты Нұра өзені сужинау алабындағы ластанған су көздерін сынаптан тазартумен қатар, Ынтымақ су қоймасының су бөгеттерін толық қалпына келтіру, Қорғалжын қорығындағы көлдерді қорғау жөніндегі кешенді экологиялық шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
Сонымен қатар Нұра өзенінің сужинау алабындағы су деңгейінің төмендеуі және ондағы сынаппен ластануға байланысты қалыптасқан экологиялық жағдай аймақтың экологиялық жағдайына біршама қәуіпті жағдайларды туындатуда.
Нұра өзені көп жылдар бойы Қорғалжын табиғи қоры мен Теңіз-Қорғалжын көлдері су жүйесінің негізгі көзі саналып келген. Бертін келе түрлі климаттық және антропогендік жағдайлардың орын алуына және өзеннің су ағынының жылдар аралығында бңркелкі еместігіне байланысты, ол өзі құятын көл деңгейінің кейде толып, кейде азайып кетуіне әсер етуде. Ондай жағдай Нұра өзені сужинау алабының өсімдік және жан-жануарлар жүйесінеде әсерін тигізуде.
Осындай табиғи-техногендік себеп-салдар Қорғалжын қорығының басты мақтанышына айналған Теңіз көліне, ондағы тіршілік иелеріне де нұқсан келтіріп отырғаны туралы ақпараттар жеткілікті. Қазақстан Республикасының Теңіз көлінің Тірі көлдер деп аталатын халықаралық жүйеге енгізілгенінескерсек, онда Нұра өзені сужинау алабының су ағынының экологиялық жағдайын сақтап қалу және жақсарту мәселелері, табиғи қорларды пайдалану саласынгың өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығына көз жеткізуге болады.
Сондықтан, Нұра өзені сужинау алабындағы су көздерінің гидрологиялық және гидрогеохимиялық тәртібінің қазіргі кездегі қалыптасуын бағалау жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
1. НҰРА ӨЗЕНІ СУЖИНАУ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКА ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

0.1 Нұра өзені сужинау алабының географиялық жағдайы

Нұра өзенінің сужинау алабы Қазақстан Республикасының Қарағанды және Ақмола облыстарының аймағында орналасқан (сурет 1.1).[1].

Сурет 1.1 Нұра өзені сужинау алабының желісі

Қарағанды және Ақмола облыстары Қазақстан Республикасының орталық аймақтарында орналасқан, солтүстіктен оңтүстікке қарай 600 км, шығыстан батысқа қарай 1100 км-ге созылып жатыр. Аймақтың ауданы 402,4 мың шаршы км. Аймақтың солтүстігі Қостанай және Павлодар облыстарымен, ал оңтүстігі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан және Қызылорда облыстарымен шектеседі [1; 2; 3; 4].
Нұра өзені сужинау алабы солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп үш географиялық аймаққа алмасады: қуаң (дала), жартылай құрғақ (жартылай шөлейт) және құрғақ (солтүстік шөл) [1; 2; 3; 4].
Қарағанды және Ақмола облыстарының аймағын кесіп өтетін өзендерге Сарысу, Нұра, Торғай, Ұлыжыланшылық, Тоқырау, Қалмаққырғын және де басқа шағын өзеншелер жатады, ал олардың барлығы Орталық Қазақстанның тұйық көлдер алабына жатады [1; 2; 3; 4].
Қарағанды және Ақмола облыстарының аймағы, бір жағынан Теңіз-Қорғалжан ойпатына жатады, оның көп бөлігі Қазақ Ұсақ шоқысының орталық бөлігіне орналасқан құрғақ шөлді аймақ.
Нұра өзені Қарқаралы таулы тізбегінің теңіз денгейінен мың метрден астам биіктігінен бастау алатын - Ақбастау және Қоңыртөбе өзендерініңжалғасы болып табылады. Жалпы ұзындығы 910 км және Орталық Қазақстанның ең ірі көлдерінің бірі болып табылатын Қорғалжан көліне құяды.

1.2 Нұра өзені сужинау алабының жер бедері

Қарағанды және Ақмола облыстарының аймағының жер беті көбінесе төбелі, яғни оның көп бөлігі Орталық Қазақстан ұсақ шоқысы алып жатыр [1].
Орталық Қазақстан ұсақ шоқысы әртүрлі тарихи заманның кезіндегі жер қатпарының нәтижесінде пайда болған. Ұсақ шоқының қазіргі жер бедері ұсақ тау жоталарының пайда болу арқасындағы аймақта қалдық таулар және шоқылардан жазық беткелер қалыптасқан. Күмбез және конус тәріздес шыңды шоқылар жаспарлас жазықтан 30 бен 40 м, ал кейде 80 мен 100 м-ге көтеріледі [1].
Аймақтың батыс бөлігі аласа таулы болып келеді, яғни 1135 м. абс. Ұлытау болып табылады.
Аймақтың орталық бөлігінде биіктігі 1000м Ақтау тау жотасы орналасқан. Олар Қарқаралы-Ақтауының аласа таулы алқабы болып табылады. Ең жоғарғы тау тізбек алқабының аймағының шығысында орналасқан және негізгі Балқаш-Есіл-Нұра суағары болып табылады. Бұл тау тізбек ірі және көптеген тау қыраттарынан тұрады [1].
Олардың ішіндегі ең биігі Қарақарлы және Қызыл-Рай таулары. Олар 1400 м. абс. Биіктіктен асып, аймақтың және Орталық Қазақстан ұсақ шоқысының ең биік нүктесіне орналасқан [1].
Бетпақдала жазығы аймақтың тек солтүстік бөлігіне кіреді. Бұл жердің басым көпшілігі тегіс жазық жер алып жатыр. Оның бетінде аласа сазды доңғалдар және кішкене құмды алқабтар көтеріліп жатыр.
Тұран ойпатының басым бөлігі Бетпақдала сияқты тегіс және доңғалды саз немесе құм жазықтар болып келеді. Ойпаттың Қазақстан ұсақ шоқысының батыс бөлігі жанында 200 ден 250 м-ге дейін, ал Қарақұмға қарай 80 нен 100 м-ге дейін төмендейді [1].

1.3 Нұра өзені алабының климаттық жағдайы

Нұра өзені алабының климаттық жағдайышұғыл континентальді және құрғақшылық аймақты сипаттайды. Бұл аймақтың үлкен су кеңістігінен алыстығымен, сонымен қатар аймақ шегінде Орта Азия шөлінің жылы, құрғақ субтропикалық ауаның және меридиан бағытымен ауысатын суық, ылғалға кедей арктикалық ауаның еркін келуімен байланысты. Жылдың жылы кезеңінде ауаның жоғарғы жылуы және мардымсыз жауын-шашын және едәуір үлкен салыстырмалы ауаның құрғақтығы, ал жылдың суық кезеңіндегі тұрақты қар жамылғысымен сипаты созылмалы қатаң қыс, едәуір жылдамдықты жел және жиі борандармен қосарласып жатады (кесте 1.1) [2; 3; 4; 5; 6].

Кесте 1.1
Нұра өзені сужинау алабының ауа-райының сипатамасы

Айлар
Ауа-райын сипаттайтын орташа айлық көрсеткіштер

Қарағанды
Астана

Ауа жылуы
(), оС
Ауаның салыс-тырмалы ылғал-дылығы
(), %
Атмо-сфера-лық жауын-шашын
(), мм
Ауа жылуы
(), оС
Ауаның салыс-тырмалы ылғал-дылығы
(), %
Атмо-сфера-лық жауын-шашын
(), мм
I
-13,5
78,0
25,0
-15,0
80,0
18,0
II
-12,5
77,0
20,0
-15,2
79,0
14,0
III
-7,5
78,0
18,0
-8,8
78,0
14,0
IV
5,6
63,0
24,0
5,1
58,0
22,0
V
13,0
52,0
40,0
13,3
39,0
34,0
VI
18,8
48,0
33,0
19,3
39,0
36,0
VII
20,8
51,0
36,0
20,9
42,0
49,0
VIII
18,2
51,0
26,0
18,1
42,0
29,0
IX
12,3
51,0
21,0
12,1
43,0
22,0
X
3,8
68,0
28,0
3,7
57,0
26,0
XI
-5,4
77,0
28,0
-6,3
77,0
23,0
XII
10,6
78,0
25,0
-12,0
82,0
20,0
Жылдық
3,6
64,0
324,0
3,1
54,0
307,0

Көктемнің наурыз айының соңында,сәуір айының басында басталады және небәрі екі айға ғана созылады. Жаздық кезеңінің ұзақтығы төрт-бес ай, ал күз-көктем сияқты қысқа, ал қыс қараша айында басталып, наурызда аяқталады[2; 3; 4; 5; 6].
Нұра өзені алабының сужинау аймағының радиациялық теңдестіктің кіріс бөлігін құраушылардың өзгерісі жергілікті жердің ендігіне байланысты өзгереді. Күн шуағының ұзақтығы аймақтың оңтүстігінен солтүстігіне қарағанда едәуір үлкен, бұл түрлі бұлттылықтың дамуына байланысты[2; 3; 4; 5; 6].
Нұра өзені алабының сужинау аймағында ауаның орташа жылдық температурасы солтүстіктен 2оС тен 5оС қа дейін, оңтүстікте 5оС тен 7оС қа дейін өзгереді. Қарағанды облысында жергілікті жердің жер бедерінің бір келкі еместігіне байланысты ауа температурасының солтүстіктен оңтүстікке қарай өсу заңдылығы жиі бұзылады. Ұсақ шоқының биік жерлерінде орташа жылдық температура 0оС тан 2оС аралығында тербеледі[2; 3; 4; 5; 6].
Жыл ішіндегі ауа температурасының жүрісі қыс кезінде тұрақты қатты аязбен, көктемде жылудың қарқынды өсуімен және жаз кезіндегі ыстықтың ұзақтығымен сипатталады.
Ең суық айдың, яғни қаңтар айының орташа температурасы аймақтың солтүстігінде теріс 16оС пен 17оС, ал оңтүстік бөлігінде теріс 13оС пен 15оС. Жеке жылдары абсолюттік минимум аймақтың оңтүстігінде теріс 40оС қа, ал солтүстігінде теріс 50оС қа жетеді[2; 3; 4; 5; 6].
Көктемде орташа тәуліктік ауа температурасы 0оС - тан оң таңбаға орташа есеппен оңтүстікте 20-30 наурыз, ал солтүстігінде 5-10 сәуір, ал оң 5оС-тан жоғарғы ауа жылулығы оңтүстікте 5-12 сәуір және солтүстігінде 16-22 сәуір аралығында өтеді. Ұсақ шоқының көтеріңкі бөлігінде оң температураның орнауы орташа есеппен 3-5 күнге кеш байқалады. Бірей ендіктегі батыс аудандарда көктемгі жылу, әдетте шығысқа қарағанда 2-3 күнге ерте орнайды. Көктемнің басталуы мен аяқталуы жылдан жылға 15-20 күн аралығында тербеледі. Күзде орташа тәуліктік ауа температурасының 0оС-тан өтуі солтүстікте қазан айының 20-25, оңтүстікте қазан айының 5-10 аралығында байқалады[2; 3; 4; 5; 6].
Жылы кезеңінің ұзақтығы (орташа тәуліктік ауа температурасы 0оС-тан жоғары) орташа шамамен 200-230 тәулік.
Көктемде ауаның орташа тәуліктік оң температурасы 5-12 сәуір аралығында өтеді. Жылы кезеңнің ұзақтығы орташа шамамен 200-бен 210 тәуліктің аралығында[2; 3; 4; 5; 6].
Ең жылы ай - шілде. Шілденің орташа айлық температурасы аймақтың солтүстігінде 20оС тан, оңтүстігігнде 25оС қа дейін өзгереді. Шілдеде температураның абсолюттік максимумы аймақтың солтүстігінде 40оСтан 42оС қа, ал оңтүстік бөлігінде 46оС дейін жетеді[2; 3; 4; 5; 6].
Сонымен, Нұра өзені алабының сужинау аймағының орташа айлық ауа температурасының тербеліс денгейі 35-40оС-қа жетеді, абсолюттік тербелісі 90оС-тан асады.
Нұра өзені алабының сужинау аймағының атмосфералық жауын-шашынның таралуы тым бірқалыпсыз. Жылдық жауын-шашынның 25-30 пайызы ған жылдың суық кезеңіне келеді. Жауын-шашынның максимумы, әдетте шілде айында байқалады, ал минимумы-ақпан-наурыз айларында, бірақ кейде қыстың бірінші айларындада болады[2; 3; 4; 5; 6].
Ұсақ шоқының таулы аймақтарында жылдық жауын-шашынның ең көп мөлшері түседі (Ұлытау тау аймағында 300-500 мм және аймақтың шығыс бөлігіндегі тау тізбегінде 400 мм-ге жетеді). Аймақтың оңтүстік бөлігінде жылдық жауын-шашынның ең аз мөлшері байқалады (150 мм). Аймақтың көп бөлігінде орташа жылдық жауын-шашынның жиынтығы 200 ден 250 мм аралығында өзгереді, сонымен қатар ұсақ шоқының солтүстік аймағында ол жылына 50 ден 70 мм оңтүстікке қапрағанда көп жауады. Ұсақ шоқының батыс және солтүстік беткейлері жақсы ылғалданады, ал оңтүстік шығысы-мардымсыз. Жеке тау сілемдері жауын-шашын таралуының ала-құла болуына әсерін тигізеді. Тау сілемдеріне түсетін жауын-шашын, кейде тау етектеріндегі аңғарларға түсетін жауын-шашынан 1,5-2,0 есе көп. Жауын-шашын, әдетте аз және әлсіз, көлемі бойынша жаңбыр немесе қар қоры түрінде жауады. Жыл бойында 0,1 мм-ден артық жаңбырлы күндердің саны орташа шамамен аймақтың оңтүстігінде 60 тан 70 күнге дейін, орталық аймақтарда 80 нен 100 күнге дейін, ал солтүстік аймақтарында 100 ден 120 күнге дейін жетеді[2; 3; 4; 5; 6].
Нұра өзені алабының сужинау аймағының жылдық жауын-шашын мөлшері және оның орналасу биіктігі бойынша таралу сипатамасына байланысты төрт аймаққа бөлуге болады[2; 3; 4; 5; 6]:
Бірінші аймақ Нұра өзенің алабының солтүстік аймағы, жылдық жауын- шашын мөлшері 300-375 мм.
Екінші аймақ Нұра өзенің алабының батыс бөлігі, яғни Шұбар Теңіз көлі, Торғай және Ұлыжыланшақ өзендерінің алабы, жер бедерінің биіктігі 300 м, жылдық жауын- шашын мөлшері 180-200 мм және таулы аймақтарда (600-700 м)жауын- шашын мөлшері 300-375 мм.
Үшінші аймақ Нұра өзенің алабының орталық бөлігі, яғни Сарысу өзені, Теңіз көлі және Бетпақдаланың солтүстік бөлігіндегі ағын сулар, жылдық жауын- шашын мөлшері 200 ден 300 мм ге дейін.
Төртінші аймақ Нұра өзені алабының шығыс бөлігі, яғни Қарасор және солтүстік Балқаш көлінің маңы, жер бедерінің биіктігі 500-600 м жылдық жауын- шашын мөлшері 150-200 мм, ал таулы аймақтарда (800-1000 м)жауын- шашын мөлшері 350-400 мм.
Қарағанды облысының аймағында жылдық жауын- шашын мөлшері 260 ммжәне маусымдық жауын-шашын жиынтығы облыстың аудандарының аймағында біркелкі емес (сурет 1.2).

Сурет 1.2 Қарағанды метеорологиялық бекетінің мәліметі бойынша Нұра өзенінің сужинау алабындағы көпжылдық атмосфералық жауын-шашынның орташа шамасы
Ұсақ шоқының көтеріңкі бөктерінде және облыстың солтүстігінде жылдың суық кезеңінде орташа жауын-шашын жиынтығының 25-35 % -ы келеді, ал оңтүстік аймағында 40-50 %. Жылдың жылы кезеңінде Ұсақ шоқының көтеріңкі бөктерінде 300 мм-е дейін жауын жауады, ал оңтүстік жазық аймағында 75-100 мм.Нұра өзені сужинау алабының аймағынкөп бөлігінде жылдың жылы кезеңінде орташа шамамен 150-200 мм жауын жауады.Ұсақ шоқының көтеріңкі бөлігінде және солтүстік бөлігінде ең көп мөлшерде жауын-шашынжаз айларында, яғни маусым және шілде айларында, ал оңтүстікаймағында сәуір және мамыр айларында байқалады. Ең аз жауын-шашын мөлшері, әдетте ақпан, наурыз және қыркүйек айларында[2; 3; 4; 5; 6].
Жылдар аралық қатардажауын-шашын жиынтығы үлкен аралықта тербеледі, яғни жауын-шашын көп болған жылдары, оның мөлшері Қарқарлы тауында 550 мм және оңтүстік жазықта 350 мм-ге жетеді, ал аз болған жылы сәйкес 150 және 75 мм (сурет 1.3).

Сурет 1.3 Қарағанды метеорологиялық бекетінің мәліметі бойынша Нұра өзенінің сужинау алабындағы көпжылдық атмосфералық жауын-шашынның орташа шамасы

Нұра өзені сужинау алабының көп бөлігінде қар жамылғысы қараша айының екінші және үшінші онкүндіктерінде қалыптасады. Қар жамылғысының жату ұзақтығы бес күнді құрайды. Жалпы Нұра өзені сужинау алабында қар жамылғысының таралуы географикалық белдеулікке байланысты. Бірақта қар жамылғысының түсу және еру уақыттары, сонымен қатар қарастырып отырған аймақ бойынша қар қорының таралу заңдылықтары жер бедерінің әсерінен бұзылады[2; 3; 4; 5; 6].
Алғашқы қар жауу және тұрақсыз қар жамылғысының Нұра өзені сужинау алабыныңсолтүстігінде кейде қыркүйектің соңында байқалады. Көп жағдайда қар жамылғысының пайда болуы солтүстік пен шығыста қазанның соңына және оңтүстік пен батыста қарашаның ортасына келеді[2; 3; 4; 5; 6].
Нұра өзені сужинау алабының көп бөлігінде тұрақты қар жамылғысы, әдетте қараша айының екінші және үшінші онкүндіктерінде байқалады, ал оңтүстікте желтоқсан айының басында түседі. Қар жамылғысының жату ұзақтығы алқаптың әртүрлі аймақтарында әр түрлі. Ұсақ шоқының биік жерлерінде және солтүстігінде тұрақты қар жамылғысы орташа шамамен 130 бен 150, ал оңтүстікте 100 бен 120 күн арасында[2; 3; 4; 5; 6].
Қар жамылғысының тығыздығы қыстың басында, әдетте 0,15 пен 0,20 дан арасында, бірақ қыс кезінде біртіндеп ұлғаяды және көктемнің басындағы қар сүрудің басталу алдында орташа шамамен 0,25 пен 0,35-ті құрайды. Көктемде қар жамылғысының еруі, әдетте оңтүстікте наурыз айының бірінші жартысында, ал солтүстікте және орталық аймақтарда наурыздың аяғында байқалады[2; 3; 4; 5; 6].
Орташа жылдық ауаның абсолюттік ылғалдылығы оңтүстікте 5,0 мен 5,5 мб- дан солтүстікте 5,8 мен 6,0 мб-ға дейін өзгереді, ал ауаның абсолюттік ылғалдылығыжылдық ауытқуы 9,0 ден 10,0 мб.
Орташа жылдық ауа ылғалдылығының тапшылығы солтүстік аймақтарында 5,0 дан 5,5 мб-ға дейін, ал оңтүстікте 7,5 тен 9,5 мб-ға дейін өзгереді. Нұра өзені сужинау алабының солтүстігінде оның орташа айлық шамасы наурызда 0,8 бен 0,9 мб дан шілдеде 13,0 пен 13,5 мб-ға дейін өзгереді, ал оңтүстік аймақта сәйкес 1,0 мен 1,7 мб дан 20,0 пен 25,0 мб-ға дейін. Қыркүйекте ауаның ылғалдылығының қанығу тапшылығы алқаптың солтүстік аймақтарында 7,0 мен 9,0 мб, ал оңтүстікте 12,0 ден 10,0 мб-ды құрайды, қазанда ол 3,0 тен 5,0 мб-ға дейін өзгереді[2; 3; 4; 5; 6].
Жер бедерінің салыстырмалы жазықтығы аймаққа енетін түрліше қалыптасқан ауа салмақтарының еркін ағынының әсерінен желдің қарқындылығының өсуіне жағдай тудырады[2; 3; 4; 5; 6].
Жылдың кезеңдері бойынша желдің жылдамдығы аз өзгереді, бірақ оның ең жоғарғы шамасы, әдетте қыс айларында байқалады. Осыған байланысты қыс кезеңінде бұрқасын және борандар жиі болады. Дауылдың жылдамдығына жететін қатты желдер кейде көктем айларында да байқалады. Жаз айларында желдер жиі құрғақ жел сипатына ие[2; 3; 4; 5; 6].
Орташа жылдық желдің жылдамдығы солтүстік аймақтарында 4,5 тен 5,0 мс-қа дейін, ал оңтүстікте 3,5 тен 4,5 мс-қа дейін жетеді. Жел жоқ күндер сирек болады, әсіресе солтүстік аудандарда.
Қыс кезеңінде желдің жылдамдығына ұсақ шоқының үстірттері мен таулары әсер етеді. Батыс және оңтүстік аймақтардағы жазық аймақтарда қыс кезеңіндегі орташа желдің жылдамдығы 4,5 тен 5,0 мс, ал солтүстік аймақтарда 5,0 пен 5,5 мс[2; 3; 4; 5; 6].
Жылдың жылы кезеңдерінде аймақтың солтүстік және орталық аймақтарында орташа желдің жылдамдығы 2,5 тен 3,0 мс.
Солтүстіктен соғатын шығыс желдеріне қарағанда аймақтың оңтүстік батысынан соғатын желдері басым. Балқаш көлінің жағалаулық белдеуінің жел тәртібінің ерекшелігі жазда айларындағы ау қысымының өзгеруіне байланысты. Бұл үдеріс көлдің су бетімен және оны қоршап жатқан шөлдердің әрекеттесуіне байланысты жүреді [2; 3; 4; 5; 6].

1.4 Нұра өзені су жинау алабының топырақ жамылғысы

Нұра өзені сужинау алабының топырақ жамылғысы қара-талшынды және ашық-талшынды топыраққа тән, ал ол аймақтың 40 %- н алып жатыр. Солтүстік және солтүстік шығыс аймақтарда негізінен қара-талшынды, ал ұсақ шоқы орналасқан орталық бөлігінде ашық-талшынды топырақ таралған [7; 8; 9].
Көктемде өзеннің су тасуының әсері, күз кезінде топырақтың ылғалдану дәрежесі үлкен әсерін тигізеді. Бір метрлік топырақ қабатындағы ылғалдың қоры күз кезеңінде алқаптыңсолтүстік аймақтарында орташа алғанда 120 дан 200мм-ді, ал оңтүстігінде 50 ден 150 мм-ді құрайды [7; 8; 9].
Жаңбырлы жылдары топырақтың бір метрлік саз және ауыр құмтасты қабатындағы күздік ылғалдың қоры солтүстік аймақтарында 200 ден 250 мм-ге жетеді, ал оңтүстікте аймақта дәл осы қабаттағы жеңіл құмтасты топырақтың ылғалдану дәрежесі100 ден 150 мм аралығында [7; 8; 9].
Топырақтың ең көп ылғалдануы көктем айларында байқалады, әдетте қар ерудің соңындағы бірінші онкүндікте.
Нұра өзені сужинау алабының топырағының біркелкі ылғалданбауы көктем айларында байқалады, әсіресе ұсақ шоқы аймақтарында. Күз айларында қыраттың сулану тереңдігі шамамен 30-40 см- ді құрайды, ал олардың тау етегінде, сай және жыра түбінде, ойпат және суайрық тілімдеріндегі топырақтардың ылғалдануы, оның ылғал сыйымдылығына байланысты 0,8-1,0 м де артық тереңдікке дейін жиі жетеді [7; 8; 9].
Нұра өзені сужинау алабының топырағының ерекшелігі ұсақ топырақтың қалыңдығының қуатының аздығында, оларға топырақ қабатының орташа терең емес тығыз жынысты немесе борпылдақ төсеніші әсерін тигізеді [7; 8; 9].
Нұра өзені сужинау алабының топырағы механикалық құрамы бойынша үш топқа бөлуге болады [7; 8; 9]:
Тығыз жыныстағы ұсақ тасты топырақ, аз күшті құмдар және жоғары сүзілгішті сипаттайтын жеңіл саздақты құмтастар. Олардың барлығы ұсақ шоқы және аймақтың құм алқаптарында таралған;
Алқаптың оңтүстік және орталық аймақтарында саздақты топырақ;
Ылғалды ең үлкен ұстап тұру қабілетімен ерекшеленетін сазды және ауыр саздақты топырақтар солтүстік аймақтарда орналасқан. Кейде оларды аймақтың оңтүстігіндегі өзен аңғарларында, көлдің қазаншұқырларында және басқа ойпаттың жамылғыларында кездестіруге болады [7; 8; 9].

1.5 Нұра өзені сужинау алабының өсімдік жамылғысы

Нұра өзенінің сужинау алабында сирек селеулі, бетегелі жусанды және бұталы өсімдіктер басым таралған, ал көктем айларында оларға эфемерлілер қосылады [7; 8; 9].
Нұра өзені сужинау алабының барлық солтүстік шығыс бөлігін алып жатқан құрғақ шөл аймақтар, яғни таулы аймақтардан басқа қара-талшынды топырақта бетегелер, сонымен қатар жусан кең тараған. Эфемерлі өсімдіктер сирек кездеседі. Өзен аңғарының бойымен дала өсімдіктері таралған [7; 8; 9].
Жер асты сулары жақын орналасқан немесе жер бетіне шығатын жерлерде , жыл сайын су басатын өзен жайылмаларының бөліктерінде, сирек батпақтанған жерлерде, оларға тән батпақты өсімдіктер кездеседі [7; 8; 9].
Жартылай шөлдердің өсімдік жамылғысында көпжылдық шөлге төзімді өсімдік түрлері басым, яғни бетегелер, эфемерлер, сонымен қатар жусан көкпек және майлы бұталар [7; 8; 9].
Күздың басында, құм-тастақ жерлерде және сортаң жерлерде өсімдік жамылғысы аз, өзен жайылмалары, уақытша өзен аңғарлары және таудың етектері өсімдіктерге бай, ал кей жерлерде далалық шөптер кездеседі. Сайлы жерлерде мия, көкпек бұталар тараған[7; 8; 9].
Шөл белдеулерінде сор жамылғысын қалыптастырмай жусанды сор және жартылай бұталы өсімдіктер басым тараған.
Нұра өзені сужинау алабының батыс бөлігінде жер асты сулары жақын орналасқан құмды шөлді өсімдіктер кездеседі. Мұнда жусаннан басқа дақылды өсімдіктер кеңінен тараған. Тақырлардың кейбір жерлерінде біржылдық сортаңдар өседі[7; 8; 9].

2. НҰРА ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Нұра өзені сужинау алабының гидрографиялық сипаттамасы

Нұра өзені сужинау алабының гидрографиялық сипатының ерекшелігі сирек өзен торы және тек көктемдегі қар еру кезінде ағындысы бар уақытша ағын суларының көп болуы болып табылады. Көптеген кішкене көл шұқырлары тек көктемдегі су тасудан кейін аз уақытқа суға толады [10; 11; 12; 13].
Нұра өзені Теңіз Қорғалжан ойпатының ең үлкен су көзі болып табылады. Нұра өзені бастауын Қазақ ұсақ шоқысының орталық бөлігі, Қарғалы тауының батыс беткейінің 1060 м абс. биіктігінен алады және ағынсыз Теңіз көліне 304,4 м абс. белгіде құяды. Су жинау алабының ауданы 55100 шаршы км. Өзеннің жалпы құламалылығы 756 м, орташа еңістігі -0,77[10; 11; 12; 13].
Нұра өзені сужинау алабында бес бекет орналасқан, яғни Пролетарское ауылы сағадан 768 км, Сергиопольское ауылы сағадан 723 км, Волковское ауылы сағадан 633 км, Романовское ауылы сағадан 394 км және Преображенское (кесте 2.1) [1; [10; 11; 12; 13]].

Кесте 2.1
Нұра өзенінің су жинау алабындағы гидрологиялық бекеттер мен тұстамалардың тізбегі

Гидрологиялық бекеттер
Бастаудан қашықтығы, км
Орналасу биіктігі, м
Су жинау алабының ауданы, км2
Пролетарское
200
719
8320
Сергиопольское
255
650
12300
Волковское
345
690
30700
Романовское
584
606
48100
Преображенское

48100

Нұра өзенінің сағасынан 714 және 696 км аралығында Самарканд суқоймасы орналасқан және 125 тен 100 км бөлімінде өзен бір топ көл арқылы өтеді, ал және 560 км де Қорғалжын көлі арқылы өтеді.
Нұра өзенінің сужинау алабындағы Ақмола облысының шегінде өзеннің ірі салалары жоқ және оның сыртында негізінен ағындысы қалыптасатын жоғарғы және орта бөлігінің алабында негізгі салалардың торы орналасқан. Көптеген салаларының ұзындығы 20 мен 60 км аралығында. Олардың ішінде ең ірілері Ащысу өзені ұзындығы 92 км, Шерубай-Нұра өзеніұзындығы 289 км, Үлкен Құндызды өзені ұзындығы 117 км. Алап өзендерінің жалпы ұзындығы 8660 км, өзен торының жилігі -0,16[10; 11; 12; 13].
Нұра өзенінің сужинау алабы ағынсыз Теңіз көліне жатады. Өзен алабының көлділігі елеусіз. Сондықтан Нұра өзенінде көлдер тек 5%-ын ғана алады. Оның аңғарларының ені 5 тен 10 км-ге жетеді.
Арнасының иректілігі қалыпты, әдетте ағыс бойынша төмен қарай ұлғаяды. Арнаның қолтықтануы тек орта және төменгі ағысында байқалады.
Нұра өзенінің сағасындағы Сергиопольсое бекеті Бекен ауылынан 4 км оңтүстікте, теміржол көпірден 500 м жоғары, Самарханд суқоймасынан 7 км жоғары орналасқан[10; 11; 12; 13].
Өзен аңғары жайылмалы және жайылмасы ашық, екі жақты, саздақты, уақытша ағындысы бар арналы және ескі арналы. Оң жақ жайылмасының ені 5,0 км, сол жақтікі - 6,5 км. Жайылма тек суы мол жылдары ғана толады.
Өзен арнасы бекет телімінде әлсіз иілген, құмды өзгеріске түскен және жағасының биіктігі 4 м саз топырақты[10; 11; 12; 13].

2.2 Нұра өзені сужинау алабы cу ағынының тәртібі және қоректену көздері

Жалпы өзендердің су тәртібі бір бірімен байланысты екі көрсеткішті сипаттайды: су деңгейі салыстырмалы көлденең беткейдің үстіндегі су бетінің биіктігі және су өтімі бірлік уақыт аралығында қимыл қима арқылы өтетін су көлемі (кесте 2.2 және сурет 2.1).[10; 11; 12; 13].
Нұра өзені сужинау алабының cу тәртібі негізгі ерекшелігі күрт анықталған көктемгі су тасу болып табылады. Көктемгі су тасудан кейін жазғы су сабасына түсіп, осы кезде көптеген ағын сулар кеуіп қалады. Қыс айларында бұлардың көпшілік құрғап қалған өзендер иірімдері және онда су ағыны қатып қалады.
Нұра өзені сужинау алабының негізгі қоректену көздері қар жамылғысы болып табылады. Қар жамылғысы су қоры қарқынды қар ерудің басында көктемгі және жылдық ағындының қалыптасуына басты рөл атқарады. Сұйық жауын-шашын жер беті ағындының қалыптасуына тек су тасу кезінде ғана елеулі әсер етеді. Жазғы жауын-шашынның рөлі өзен ағындысының қалыптасуына, олардың су алабының биіктігіне байланысты өседі. Көктемгі және жылдық ағындының қалыптасуына топырақтың күзгі кезеңдегі ылғалдануының үлкен маңызы бар[10; 11; 12; 13].
Нұра өзені сужинау алабының көптеген өзендері негізгі қоректі аласа таулы дөңдерден және ұсақ шоқының көтеріңкі аудандарынан алады. Ұсақ шоқының көтеріңкі жақтарында қар қалыңдығының қуаттылығы және қардағы су қорының көбірек болуы, жергілікті жердің биіктігіне байланысты және биіктеген сайын өсіп отырады.Ұсақ шоқының көтеріңкі жерлерінде жер бетінің бір келкілігі байқалады және жергілікті жердің еңістігінің мәні ағындарға әсер етеді, соның арқасында су алабының төменгі жерлерінде ақпайтын сулардың қорлануы төмендейді. Сондықтан, Ұсақ шоқының көтеріңкі бөлігі ағындының қалыптасуына ыңғайлы жағдай туғызады[10; 11; 12; 13].

Кесте 2.2
Нұра өзені Сергиопольское бекетінің орташа айлық су өтімі[10; 11; 12; 13]

Жыл
дар
Айлар
Жыл
дық

I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
1934
0,00
0,00
0,00
40,9
5,6
1,28
0,68
0,39
0,62
0,71
0,41
0,10
4,22
1935
0,00
0,00
0,00
47,9
7,37
2,03
0,81
0,51
0,45
0,46
0,29
0,025
4,99
1936
0,00
0,00
0,00
1,29
1,34
0,29
0,10
0,24
0,32
0,41
0,20
0,081
0,36
1937
0,00
0,00
0,00
7,29
4,26
0,64
0,33
0,10
0,15
0,20
0,26
0,043
1,11
1938
0,00
0,00
0,00
7,41
0,88
0,26
0,16
0,15
0,28
0,29
0,25
0,036
0,81
1939
0,00
0,00
0,05
13,8
1,19
0,20
0,20
0,063
0,15
0,18
0,15
0,006
1,33
1940
0,00
0,00
1,34
18,0
1,93
0,31
0,10
0,072
0,15
0,28
0,19
0,046
1,95
1941
0,00
0,00
0,05
126,0
9,03
1,74
0,99
0,74
1,01
0,98
0,52
0,17
11,8
1942
0,046
0,003
0,00
34,5
9,94
1,62
0,74
0,47
0,49
0,76
0,67
0,40
4,14
1943
0,039
0,00
0,00
87,8
5,87
2,21
0,80
0,46
0,44
0,73
0,36
0,13
8,24
1944
0,00
0,00
38,7
20,6
2,84
0,95
0,54
0,29
0,31
0,46
0,39
0,00
5,42
1945
0,00
0,00
0,00
96,5
6,40
2,00
0,77
0,33
0,27
0,47
0,30
0,069
8,93
1946
0,00
0,00
0,041
17,6
3,70
1,34
1,16
0,56
0,74
0,88
0,47
0,026
2,21
1947
0,00
0,00
41,9
33,6
13,4
6,91
12,6
1,88
1,50
1,92
2,01
0,52
9,70
1948
0,00
0,00
0,72
242,0
16,7
9,04
2,68
0,87
1,60
1,23
1,09
0,26
23,0
1949
0,00
0,00
0,00
110,0
18,8
4,59
1,97
0,94
1,26
1,35
1,06
0,13
11,7
1950
0,00
0,00
0,00
74,9
5,42
1,74
0,40
0,17
0,57
0,74
0,28
0,00
7,02
1951
0,00
0,00
0,99
10,1
2,17
0,35
0,076
0,041
0,14
0,28
0,20
0,19
1,21
1952
0,059
0,006
0,00
55,1
5,89
0,75
1,02
0,22
0,21
0,46
0,47
0,19
5,37
1953
0,073
0,044
0,85
29,2
5,42
1,95
0,42
0,23
0,16
0,59
0,43
0,21
3,30
2.2 кестенің жалғасы

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
1954
0,073
0,014
0,00
80,3
71,1
17,3
16,7
1,07
1,93
1,34
0,86
0,47
16,0
1955
0,26
0,14
2,72
38,1
4,68
0,60
0,14
0,08
0,21
0,31
0,33
0,23
3,98
1956
0,011
0,00
0,00
11,1
1,1
0,35
0,051
0,017
0,08
0,24
0,26
0,17
1,11
1957
0,009
0,00
1,27
12,3
1,94
0,15
0,08
0,34
0,30
0,35
0,32
0,25
1,44
1958
0,007
0,097
0,23
53,4
15,4
7,54
10,7
3,16
2,33
2,32
1,52
0,63
8,12
1959
0,11
0,20
2,16
61,6
22,9
3,68
2,35
2,34
1,90
2,50
1,64
0,79
8,51
1960
0,32
0,24
0,13
128,0
22,4
10,1
3,41
3,64
2,44
2,21
1,39
0,74
14,6
1961
0,63
0,35
3,77
56,6
7,74
2,68
2,42
1,51
1,32
1,89
1,45
0,63
6,75
1962
0,24
0,14
11,5
68,2
4,58
3,44
1,62
0,81
1,11
2,72
1,73
0,44
8,04
1963
0,28
0,37
1,79
5,53
0,59
0,20
0,09
0,16
0,21
0,34
0,39
0,26
0,85
1964
0,078
0,054
0,12
31,7
7,54
1,10
0,51
0,39
0,62
0,74
0,74
0,53
3,68
1965
0,25
0,14
3,08
22,3
1,31
0,17
0,048
0,045
0,20
0,37
0,66
0,44
2,42
1966
0,14
0,065
14,3
84,8
12,2
2,12
1,21
0,54
0,46
0,65
0,96
0,30
9,81
1967
0,00
0,00
0,21
1,97
0,58
0,10
0,25
0,20
0,22
0,47
0,84
0,21
0,42
1968
0,042
0,00
7,85
9,37
0,72
0,073
0,042
0,024
0,11
0,19
0,11
0,004
1,54
1969
0,00
0,00
0,00
52,0
1,91
0,30
0,28
0,18
0,19
0,78
0,68
0,30
4,72
1970
0,080
0,046
10,8
37,8
1,07
0,19
0,055
0,12
1,14
0,51
0,31
0,010
4,34
1971
0,00
0,00
1,33
110,0
8,38
1,34
1,33
2,48
1,59
1,96
1,89
0,50
10,9
1972
0,00
0,00
0,00
51,9
16,8
2,44
3,15
1,07
1,09
1,21
1,14
0,48
6,61
1973
0,15
0,00
0,00
51,7
12,0
1,66
0,71
0,72
0,59
4,37
15,1
4,71
7,64
1974
2,49
0,00
6,44
22,1
4,18
5,16
5,25
5,23
9,06
13,2
5,60
0,77
6,62
1975
2,85
3,04
3,33
6,14
4,98
8,65
15,1
19,2
19,6
12,5
7,15
6,01
9,05
1976
2,60
2,92
3,21
30,2
4,45
4,80
13,2
5,23
16,4
16,2
8,27
4,11
9,90
2.2 кестенің жалғасы

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
1978
1,55
1,17
3,69
21,2
2,62
15,2
11,5
12,4
11,3
2,46
2,17
1,42
7,35
1979
0,73
0,74
0,80
41,5
5,11
13,3
12,1
7,07
122,0
8,09
12,8
4,04
10,4
1980
1,09
0,78
1,24
12,5
1,99
10,1
14,9
13,9
13,4
4,91
4,44
3,51
7,12
1981
1,25
0,57
9,84
10,3
2,75
10,5
13,2
10,0
5,67
4,67
6,16
5,08
6,69
1982
1,32
0,50
0,00
43,6
1,64
4,75
88,8
3,64
6,29
7,99
6,55
6,91
7,67
1983
1,87
1,27
19,8
27,1
4,03
6,35
138,0
9,03
6,03
14,4
8,51
4,33
9,71
1984
2,02
0,84
8,62
17,3
4,18
7,29
125,0
7,48
6,45
11,0
7,54
2,47
7,31
1985
0,00
0,00
2,20
36,9
3,25
5,43
15,4
12,2
10,9
15,8
10,7
6,26
9,92
1986
1,30
0,92
3,80
63,5
9,3
12,7
14,2
9,57
9,35
16,7
11,6
7,47
13,4
1987
1,37
1,51
1,79
16,1
9,31
13,1
2,13
5,45
7,04
10,2
4,69
2,53
7,87
1988
1,32
1,28
0,49
72,5
8,5
5,35
15,4
19,2
15,4
16,8
19,2
5,71
15,1
1989
8,77
6,7
10,1
17,1
9,12
12,8
12,5
8,58
7,96
5,6
3,25
3,49
8,83
1990
4,55
10,3
6,8
93,1
14,6
13,4
14,5
12,5
9,29
6,13
5,13
3,01
16,1
1991
3,41
4,11
1,94
111,0
12,3
8,53
12,7
6,17
4,2
4,22
2,98
2,08
14,5
1992
2,68
2,46
3,79
9,77
1,74
2,2
229,0
3,66
3,31
2,72
2,08
2,12
3,23
1993
1,93
0,71
1,1
155,9
31,82
13,34
92,9
5,72
6,0
6,52
4,37
1,55
19,9
1994
0,63
0,32
3,43
13,82
7,17
3,96
4,43
4,15
4,15
4,69
4,62
3,63
4,58
1995
1,70
1,18
85,5
35,0
6,75
4,12
3,12
3,28
3,66
3,47
3,3
3,38
12,9
1996
2,87
2,44
2,57
8,89
4,53
4,26
4,78
4,58
4,97
4,80
4,09
2,6
4,28
1997
1,97
1,66
5,25
36,7
7,23
3,81
35,0
3,63
4,65
4,29
3,34
2,76
6,57
1998
3,32
3,97
4,24
14,3
9,31
3,6
23,7
2,29
4,11
3,45
3,93
3,14
4,84
1999
3,24
3,14
3,05
5,01
2,98
2,81
3,62
2,95
2,83
2,64
2,84
3,48
3,22
2000
4,39
2,17
2,69
13,6
3,34
3,2
1,45
1,39
1,40
2,17
2,03
0,82
3,22

Сурет 2.1 Нұра өзені Сергиопольское бекетінің тұсындағы орташа жылдық су өтімі, м3с
Тұрақсыз қыс және жылымықтардың жиі болуы, кейде қардың толық еруіне әкеліп соқтырады, құм топырақтың сүзу мүмкіндігінің жоғарлығы, жергілікті жердің кішкене еңістігі және тұйық ойпаттардың көптігі жергілікті ағындының қалыптасуына мүмкіндік туғызбайды[10; 11; 12; 13].
Бұл телімдер үшін жоғарғы сүзілуді, арнада аллювиальді шөгіндінің қалыптасу мүмкіншілігі, толық және жартылай толмаған арналық ыдыстардың көптігі, қайырдың кебуінен кейінгі, олардың жерасты суларымен қоректенуінің әлсіздігінекөрсетеді. Осыған қарап Солтүстік Қазақстанның өзендерінің қалыптасуын өткінші және жоғалту ағындылары аймақтарына бөліп қарастыруға болады[10; 11; 12; 13].
Ұсақ шоқының көтеріңкі бөліктерінде орналасқан өзеннің жоғарғы тілімі, ал ағынның жоғалу аймағы өзеннің жазыққа шығу жерінде басталады. Солтүстік Қазақстанның шегінде солтүстікке қарай ағатын өзендерде тек қалыптасу және өткінші ағын орналасады[10; 11; 12; 13].
Нұра өзені сужинау алабының су тәртібін негізінен үш кезеңге бөліп қарастыру керек, яғни су тасу, су тасқыны және су сабасына түсу.
Нұра өзені сужинау алабы өзендерінің су тасқыны толқынының көтерілу биіктігі елеулі. Нұра өзені Сергиопольское бекетіндегі су тасу кезеңінде су деңгейінің ауытқу тербелісі су аз жылдары 120 см, су мол жылдары 400 см және сулылығы орташа жылдары 180 см-ді құрайды.
Нұра өзенінің арнасында ең жоғарғы деңгейінің ауытқу тербелісі 773 см-ді құраған. Ең төменгі су деңгейі жазғы, күзгіжәне қысқы су сабасына түсу кезінде байқалады, ал олардың мәні өзеннің сулылығына байланысты әртүрлі болады[10; 11; 12; 13].
Қыста су сабасына түсукездегі ең төменгі деңгейсуы аз жылы (1967) -271 см, сулылығы орташа жылы (1984) -283 см. Қыста Нұра өзені көп жағдайда қатпайды, тек 1948 жылы өзен түбіне дейін қатып қалған (24.02-23.03)[10; 11; 12; 13].
Жазда су сабасына түсукезде су деңгейінің мәні 247 см ден 377 см аралығында тербеледі.
Күзде жауын жауудың әсерінен деңгейі елеусіз көтеріледі. Оның мәні суы мол жылы 345 пен 360 см, суы аз жылы 259 бен 281 см және орташа сулы жылы 294 пен 325 см аралығында[10; 11; 12; 13].
Су тасу кезінде су деңгейі мен су өтімінің арасындағы байланыс кейде күрделі сипатқа ие болады. Су деңгейінің тәртібі өзеннің сулылығының өзгерісін әрқашан бейнелей бермейді. Ең жоғарғы су деңгейі мен ағындының арасындағы айырмашылық көктемгі су тасу кезеңінде байқалады.
Нұра өзені сужинау алабыағындыларының көктемгі су тасу сипаты негізінен біркелкі, яғни су тасу қарқынды қар еру кезінде басталады. Алғашқы кезеңде су арнаға жиналып, ондағы мұзды бұзады, ал кеуіп қалған арналарда су қардың үстімен өтеді[10; 11; 12; 13].
Нұра өзені Сергиопольское бекетінде үш жыл: суы мол 1948 жылы, суы аз жыл 1967 жылы және сулылығы орташа жыл 1984 жылы байқалды (сурет 2.2, 2.3 және 2.4). Көктемгі су тасу шамамен 11сәуірде басталды. Судың тасу ұзақтығы әр жыл үшін әртүрлі: 1967 жылы -51, 1984 жылы-38 және 1948 жылы 42 күнді құрады[10; 11; 12; 13].

Сурет 2.2 Нұра өзені Сергиопольское бекетінің тұсындағы ең жоғарғы жылдық су өтімі, м3с (1- орташа айлық су өтімі, м3с; 2- орташа жылдық су өтімі, м3с)

Сурет 2.3 Нұра өзені Сергиопольское бекетінің тұсындағы ең төменгі жылдық су өтімі, м3с (1- орташа айлық су өтімі, м3с; 2- орташа жылдық су өтімі, м3с)

Сурет 2.4 Нұра өзені Сергиопольское бекетінің тұсындағы орташа жылдық су өтімі, м3с (1- орташа айлық су өтімі, м3с; 2- орташа жылдық су өтімі, м3с)

Көктемгі су тасу шамамен мамырдың 3-19 аралығында аяқталды. Су тасудың ең жоғарғы мәні әр жылда әр уақытта байқалады. Нұра өзені Сергиопольское бекетінде 1967 жылы 17 сәуірде, 1984 жылы 10 сәуірде, 1948 жылы15 сәуірде өткен. Ал оның көтерілу қарқындылығы шамамен 15 күн аралығында[10; 11; 12; 13].
Көктемгі су тасудан кейін жазғы су сабасына түсу басталады. Нұра өзенінің кейбір кіші салалары бұл кезде кеуіп қалады. Тек ірі өзендер ғана кеппейді. Нұра өзенінің барлық бағалау кезеңдерінде 1951 жылы кеуіп қалғаны байқалған[10; 11; 12; 13].
Кейде жазғы су сабасына түскен кезде кейбір өзен суының деңгейінің көтерілгендігі байқалады, ал ол жазғы жауын-шашынның әсері. Нұра өзені Сергиопольское бекетінде жүргізілген бағалау кезеңдерінде жеті рет жауындық су тасқыны байқалған. Соның үшеуі 1958 жылы өткен. Ал 1987 жылы оның өтімі 29,0 текше мс-ге жеткен. Оның тасқынының ұзақтығы 55 күн болған[10; 11; 12; 13].
Жазғы су сабасына түсуден кейін күзгі су сабасына түсу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есіл өзені сужинау алабының табиғи сипатамасы
Қара Ертіс өзені алабының негізгі өзендерінің жылдық ағынды үлестірімі
Төменгі ағынның қалыптасу факторлары
Таулармен жазықтардағы өзен аңғарлары
Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы
Нұра өзенінің негізгі гидрологиялық сипаттамаларын есептеу
ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ГИДРОЛОГИЯЛЬІҚ ЖЕЛІСІ
Есіл алабы өзендерінің ең жоғары ағындысын бағалау
Нұра өзені – Бес-Оба бекеті бойынша су өтімі қисықтарын тұрғызу және жылдық ағындыны есептеу
Қазақстанның өзендерінің экологиялық жағдайы
Пәндер