Үзіліссіз қамыр илеу машинасының сипаттамасы
7
8
9
10
Аңдатпа
Дипломдық жобаның мақсаты - қамыр илеу машинасынан шыққан
қамыр ылғалдылығын реттеуді автоматтандыру болып табылады.Дипломдық
жобада қамыр илеу машинасының жұмыс істеу принципі
және
принципиалдық сұлбасы көрсетілген. Автоматтандыру сұлбасы жасалып,
қажетті құралдар таңдалған,
жүйе орнықтылыққа зерттеліп, қамыр
ылғылдылығы реттеуішінің параметрлері есептелген және контроллерде
объектті автоматтандыру жүйесінің бағдарламасы жазылған.
Экономикалық бөлімде қамыр илеу машинасының автоматтандыру
жүйесінің құрылыстық
-
пайдалану шығындары
есептелінген және
экономикалық тиімділігі анықталған.
Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде қамыр илеу цехында өндірістік
жарықтандыру және оның түрлері бойынша есептеме жүргізілген.
Аннотация
Темой данного дипломного проекта является автоматизация
регулирования влажности теста в тестомесильной машине. Данный проект
включает в себя принцип работы и принципиальную схему тестомесильной
машины.
Разработана схема автоматизации, осуществлен выбор
необходимого оборудования,
система исследована на устойчивость,
произведен расчет параметров регулятора и написана программа системы
автоматизаций объекта на контроллере.
В экономической части был расчитан строительно - пользовательский
расход автоматизированной системы тестомесильной машины и была
определена экономическая эффективность.
В разделе безопасности жизнедеятельности произведен
производственного освещения и его видов в тестомесильном цехе.
11
расчет
Мазмұны
Кіріспе
1 Негізгі бөлім
1.1 Нан зауытындағы нан өндіру және оның принципиалдық сұлбасы
1.2 Қамыр илеу процесінің жалпы түсіндірмесі
1.3 Қамыр илеу машинасының классификациясы
7
8
8
11
13
1.4 Қамыр илеу
машинасының жұмыс істеу принципі және
14
принципиалдық сұлбасы
1.5 Автоматты басқару теориясы және оның элементтері бойынша
талдау
1.6 Нан өндірісіндегі қамыр илеу машинасын автоматтандыруды
техникалық - программалық жабдықтармен қамсыздандыру мәселелері
1.7 Есептің қойылуы
2 Арнайы бөлім
2.1 Қамыр илеу машинасынан шығатын қамыр ылғалдылығын реттеудің
автоматтандыру жүйесі
2.2 АБЖ буындары және жүйенің математикалық моделі
2.3 Жүйені орнықтылыққа зерттеу
2.4 Орнықтылықтың графикалық бейнесін құру
2.5 Деңгей реттеу жүйесінің төменгі деңгейінің бағдарлама техникалық
кешенін құрастыру
2.6 Диспетчерлік пункті құру
3 Экономикалық бөлім
3.1 Бизнес - жоспар
3.2 Өнім
3.3 Маркетинг жоспары
3.4 Қаржылық жоспар
3.5 Автоматтандыру жүйесін ендірудің экономикалық тиімділігін
есептеу
4 Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімі
4.1 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша заңдық және нормативтік
актілер
4.2 Өндірістік жарықтандыру
4.3 Табиғи жарықтандыру және оны есептеу
4.4 Жасанды жарықтандыру және оны есептеу
4.5 Өртке қарсы қауіпсіздік шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Қосымша Б
12
15
18
20
21
21
26
32
36
37
40
45
45
45
45
45
50
54
54
55
55
58
63
65
66
69
77
Кіріспе
Өндірісті автоматтандыру - техникалық өрлеудің басты бағыттарының
бірі. Автоматиканың дамуына байланысты адамды өндірістік процесте тікелей
қатысуынан босатуға мүмкіндік туды. Машиналарды автоматттандыру тек
адамның физикалық еңбегінің орнын басып қана қоймай, сонымен қатар
өндірісті басқару функциясын атқарады. Мұнда энергияны, материалдарды
және ақпараттарды алу, түрлендіру, беру және пайдалану процестері
автоматты жүзеге асырылады. Автоматты басқару нан пісіру өнідірісінде де
кеңінен қолданылады.
Қазақстан Республикасында нан өнеркәсібі жақсы дамыған салалардың
бірі. Нан зауытында
процестердің орындалуы көп жағдайда
автоматтандырылған жабдықтарға тікелей байланысты. Халыққа сапалы
нанды тарату автоматтандырылған жабдықтардың көмегімен іске асады. Нан
зауытындағы жабдықтар үзілместен жұмыс жасауы қажет. Соның ішінде нан
зауытында үзілмей жұмыс істейтін жабдық - қамыр илеу машинасы. Алайда
бұл машина Концерн Цесна - Астық нан зауытында толығымен
автоматтандырылмаған. Сол себепті осы дипломдық жобада қамыр илеу
машинасы процесінің автоматтандырылуын дамыту өзекті мәселе болып
табылады.
Технологиялық процестің автоматтандырылуы өнімділікті арттыру мен
шығарылатын өнім сапасының жақсаруының және де өзіндік құнының
шешуші факторларының бірі болып табылады. Арнайы енгізілген автоматты
құрылғылар қондырғының қателіксіз жұмыс істеуіне ықпал етеді, жарақат
жағдайларын болдырмайды.
Қамыр илеу процесі болашақ нанның сапасын анықтайтын ең басты
және ең ұзақ кезеңмен өтетін процесс болып табылады. Орындалу сапасы
қамырдың технологиялық қасиетіне әсер ететін, негізгі операцияларға
шикізаттың және жартылай дайын өнімнің мөлшерлеуі, олардың
араластырылуы, ашуы, иленуі жатқызылады.
Әрі қарай бөлу, қалыптау, біраз уақытқа тұрғызу, пісіру және дайын
болған өнімнің сапасы қамыр илеу қасиетіне тәуелді деп есептелінеді. Қамыр
илеу нан өндірісінде орнатылған жабдықтарға және шығарылатын сұрыпының
түріне байланысты: мерзімді әрекетті қамыр илеу машинасы мен
мөлшерлеуіш аппаратурасын қолдану арқылы порционды және үзіліссіз
әрекетті қамыр илеу машинасын, мөлшерлеуіш аппаратурасын, ашу
құрылымдарын қолдану арқылы үзіліссіз жасалынады.
Бұл дипломдық жобаның мақсаты қамыр илеу машинасынан шыққан
қамыр ылғалдылығын реттеу және автоматтандыру жүйесін құру арқылы нан
өндірісіндегі қамыр илеу процесінің сапасын жақсарту және тиімділігін
көтеру.
13
1 Негізгі бөлім
1.1 Нан зауытындағы нан өндіру және оның принципиалдық
сұлбасы
Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі
- нан және нан
өнімдері. Нан және нан өнімдері тұрғындардың тамақтануында негізгі орын
алады. Бұл өнімдерді күнделікті қолданылып отырады, сондықтан да
тағамдық құндылығы жоғары болып саналады. Нан адамға қажетті
минералдық заттардың жеткізушісі.
Халқымызды жоғары сапалы тамақ
өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешудің басты жолы бұл - алатын
шикізаттарды дер кезінде ысырапсыз, шығынсыз, ұтымды, тиімді пайдалану,
ал жақсы өмір қозғалысын қамтамасыз ету үшін ортамызды үнемі қажетті
энергиямен, яғни белокпен, амин қышқылдарымен, май қышқылдарымен,
минералды заттармен, витаминдермен қамтамасыз етіп отыру. Бұл энергия
көздері нанда көп кездеседі және организмге күнделікті түсіп отырады.
Халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең негізгі кезек
күттірмейтін міндет. Сондықтан барлық тағамдар, оның ішінде астық және
оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан алға қойылған шартқа
сәйкес болу керек.
Нан пісіру өндірісінің наны мен өнімдері біздің өмірімізде орасан зор
рөл ойнайды. Нан адамның тағам рационында, әсіресе нан өндірісі терең және
ежелгі дәстүрлермен байланысты біздің мемлекетімізде маңызды орынға ие.
Нан ерекше
дәмімен, хош иісімен, қоректілігімен, сұрыптамасының
әртүрлілігімен бұрыннан әйгілі. Қазір формалық және жалпақ таба нандардың
әр түрін ғана емес, сонымен бірге батон тәрізді өнімдер, кондитерлік өндіріс
өнімдері, сонымен қатар нан пісіру өндірісінің өнімдерінің бүкіл спектрін
алуға болады.
Нан - адам ағзасы үшін қажетті заттардың үлкен көлемінен тұратын
пайдалы биологиялық өнім. Бұл ақуыздар, ақуыз байланыстары, жоғары
молекулалы майлар, крахмал, сонымен қатар витаминдер. Әсіресе нанда
адамның нерв жүйесінің қалып функциялануы үшін қажетті В тобының
витаминдері көп болады.
Нан өндіру процесі икемді, күрделі әрі бейнетті. Нан бөлкесі пештен
шығуы үшін ол көптеген машиналар мен технологиялық агрегаттардан өтуі
қажет. Өндіру процесі 12 сағатқа дейін жалғасады. Нан және түрлі нан
азықтарының технологиялық процесі келесі алты кезеңнен тұрады: шикізатты
қабылдау және сақтау; шикізатты өндіріске қосуға әзірлеу; қамыр дайындау;
қамырды өңдеу; пісіру және пісірілген өнімдерді сақтау, оларды сауда
торабына жіберу.
Нан зауытындағы нан дайындаудың принципиалдық сұлбасы 1.1 -
суретте көрсетілген.
14
1 - иілгіш құбыршек; 2, 3, 4 - силос; 5, 6 - шаң тазартқыш фильтр; 7, 8,
24 - электронды таразылар; 9, 16 - ұн мөлшерлеуіші; 10, 17 - елеу; 11, 14, 15,
16 - күбі; 12 - су резервуары; 19 - қамыр илеу машинасы; 20 - басқару
құралы; 21, 22 - дайын қамыр салатын бункер; 23 - қамырды төсеп - бөлу
машинасы.
1.1 сурет - Нан дайындаудың принципиалдық сұлбасы
Нан зауытына ұн тасушы машинамен 7 - 8т ұнды алып келіп босатуға
дайындайды. Пневматикалық жолмен ұнды босату үшін ұн тасушы машина
ауалы компрессор және қабылдаушы қалқаншамен иілгіш құбыршекке - 1
қосылады. Ұн тасушы машина сыйымдылығындағы ұнды қысым арқылы
құбыршектен силостарға - 2, 3 сақтау үшін 30 тоннаға дейін ұн жүктелінеді,
сәйкесінше 30 тонна силостың максималды массасы болып табылады.
Силостардың массасы электронды таразыларда - 7, 8, 24 көрсетіледі. Жүктеу
кезекпен жүреді яғни 2 - силосқа жүктейтін кезде клапан ашылады,
сәйкесінше 3 - силос клапаны жабық күйде болады. Ал силостарға жүктелу
кезінде ұннан шыққын шаңды фильтр - 5, 6 сорып алып келесі фильтрленген
ұн силосына жүктейді. Пайда болған ұн шаңдары жиналып ұнға айналады - 4.
Ашытқы дайындау процесінің түсініктемесі. Силостардағы ұн, ашыту
бөліміндегі ұн мөлшерлеуішіне - 9
барып, бөгде қоспалардан тазартып
елеуден - 10
өткізеді. Елеуден өткен ұнның белгілі мөлшері күбіге - 11
салынады, қосымша 100°С та қайнаған суды 30-40 °С - қа дейін суытылған
түрде су резервуарынан - 12 құяды. Тұз ерітіндісін, ашытқыны(дрожжи)
бункерде - 13 дайындап, күбіге - 11 қосады. Сонымен күбіде - 11 су, ұн, тұз
ерітіндісі 20-30 минут ашытқы араласады. Кейін 11 күбіден 14, 15 күбіге
кұйылып 60-120 минут
ашу процессі болады. Ашу ашытқының тіршілік
әрекетімен, сүт қышқылды ашу және басқа да бактериялардың пайда болуы
15
болып табылады. Ашу уақыты болғаннан кейін қоректендіріп сақтау күбісіне
- 16 жіберіледі. Қоректендіру уақыты 7 - 8 минут, бұл кезде пайдалы
микроағзалардың көбею үрдісі болады. Қоректендіру ашытудың соңғы үрдісі
болып табылады. Қоректендіріп сақталған қамыр ашытқысы дайын болып
есептеледі.
Қамыр дайындау процесінің түсініктемесі. Силостардағы ұн енді қамыр
илеу бөліміндегі ұн мөлшерлеуішіне - 16 барып, бөгде қоспалардан тазартып
елеуден - 17 өткізіп, қамыр илеу машинасына - 19 салынады. Ашыту
бөліміндегі қамыр ашытқысы қамыр илеу машинасына - 19 құйылады. Кейін
қамыр илеу машинасында - 19 ұн, қамыр ашытқысы араласып қамырға 10
минутта айналады. Қамыр илеу машинасының қалған уақытын, айналым
санын, салмағын (ұн, қамыр) басқару құралы - 20 арқылы бақылап, қажетті
уақыт, салмақ, айналым санының мәнін беріп меңгеруге болады. Қамыр илеу
машинасында дайын болған қамыр бункерлерге - 21, 22 сәйкесінше
жүктеледі. Бункерлердегі дайын қамыр, қамырды төсеп- бөлу машинасына -
23 керекті мөлшерде жүктеледі. Қамырды төсеп бөлу машинасының қызметі
- қамыр бөлігін бір массада бөліп РПА нан пісіру пешінің люлькасында
орналасқан формаға төсейді.
Қамырды бөлшектеу және пісіру процесінің түсініктемесі. Нан
зауытындағы нан пісірудің технологиялық сұлбасы 1.2 суретте көрсетілген.
1 - қамырды төсеп - бөлу машинасы; 2 - жағынды жағуға арналған
құрылғы; 3 - пеш; 4 - қамыр көтеру шкафы; 5 - Шығу транспортері; 6 -
жанарғы; 7 - қамыр көтеру уақытын қондыратын құрылғы; 8 - аспирация
желдеткіші; 9 - Басқару қалқаншасы; 10 - Жетек; 11 - Желдеткіш; 12 -
аспирация шығысы; 13 - Түтін тартқыш Ø400; 14 - Бу кірісі
1.2 сурет - Нан пісірудің технологииялық сұлбасы
16
Бункерлердегі дайын қамыр, қамырды төсеп - бөлу машинасына - 1
керекті мөлшерде жүктеп, қамыр бөлігін бір массада бөліп РПА нан пісіру
пешінің люлькасында орналасқан формаға төсейді. РПА пеші 2 қабаттан
тұрады: бірінші қабатында - нан пісіретін пеш орналасса, екінші қабатында -
көтерілу шкафы. РПА пешін басқару қалқаншасы - 9 арқылы іске асырылады.
Қамыр көтеру қабатында, формаға төселген қамыр көтерілу шкафында - 4 бу
арқылы көлемі 1,4 - 1,5 есе ұлғайып, тығыздығы 30 - 40% - кемиді. Төбеге
көтерілуге бу, бу кірісі - 14 арқылы келеді. Қамыр дайындамасы тегіс,
жылтыр, иілімді бетке ие болады. Онда ауа ылғалдылығы 65 - 85%,
температурасы 30 - 40 °С аралығында болуы қажет. Қамыр көтерудегі
қамырдың көтерілуіне 50 - 60 минут уақыт жеткілікті және оны Расстойка
уақытын орнатуға арналған құрылғы - 7 арқылы қоюға болады. Көтерілген
қамыр пешке - 3 кіреді. Пеш, жанарғы - 6 арқылы белгілі температураға
дейін қыздырылады. Пеште нан 200 - 250 °С аралығындағы температурада 50
- 60 минут уақыт ішінде пісіп шығу транспортері - 5 арқылы шығады.
Жанарғыдан шыққан түтін түтін тартқыш - 13 арқылы шығады. Ал
жанарғыдан шыққан тұншықтырғыш газ аспирация желдеткіші - 8 арқылы
аспирация шығысына - 12 дейін ауа алмастырылып, сәйкесінше аспирация
шығысы - 12 арқылы шығады. РПА пешінің шынжырын жағынды жағуға
арналған құрылғы - 2 арқылы майлайды. Ал РПА пешін жүргізу үшін жетек -
10 қолданылады. Жетек - машиналар мен механизмдерді жүргізу үшін
қозғалтқыштан, беріліс механизмдерден және басқару жүйесінен тұратын
құрылғы.
1.2 Қамыр илеу процесінің жалпы түсініктемесі
Қамыр илеу процесі - шикізатты (ұн, су, ашытқы қамыр, тұз, шекер, ұн
және басқа да құрамдастар) біртекті қоспаға араластыру, осы қоспаға қажетті
құрылымдық-механикалық қасиеттер беру, оны ауамен қанықтыру және
осылайша келесі технологиялық операциялар үшін қолайлы жағдайлар
құрудан тұрады. Илеу жай ғана механикалық процесс емес, ол биохимиялық
және коллоидтық көріністермен, араласып жатқан қоспаның
температурасының жоғарылауымен жүреді. Қамыр илеу процесінің негізгі
шиізаты - ұн мен ашытқы қамыр болып табылады. Осы ашытқы қамыр
мағынасы:
- онда ашытқылар көтеріледі және көбейеді;
- ақуызды заттар гидратталады және пептизделінеді;
- ашшылық, иіс шығарушы, су ерітінді заттар жинақталады.
Ашытқы қамырдың дайындалу технологиясы ұнның сұрыпына, нан пісу
қасиетіне, өнім рецептурасына және басқа да факторларға байланысты. Бидай
нанын өндіру кезінде ашытқы қамыр ылғалдылығы 47 -- 50%, тоқаш
өнімдерінде
44 -- 46 %
болу керек,
осы өнімдер үшін қамырдың
ылғалдылығының түрлі шамасымен түсіндіріледі. Болжырдың(клейковина)
17
дезегрегациясын тоқтату үшін, әлсіз ұнды өңдеу кезінде ашытқы қамырдың
ылғалдылығын төмендетеді. Егер де ұнның болжыры короткорвущаяся болса,
онда ашытқы қамырдың ылғалдылығын 2 -- 3% көтереді. Ашытқы қамырды
дайындау үшін пресстелген ашытқы саны 0,5 -- 4 % болу керек.
Ашытқы ашытқы қамырдан әрдайым жылырақ болады. Ашытқы
жасушаларының көбеюі үшін ашытқы қамырдың температурасы 28 -- 29°С
болу керек. Жаз мезгілде (әсіресе оңтүстік өңірлерде) температураны 2 -- 4 °С
төмендетеді, ал қыс мезгілінде 2 -- 4 °С көтереді. Гидролитикалық процесті
тоқтату үшін, әлсіз ұн мен көтеріңкі автолитикалық белсенді ұнды өндіру
кезінде ашытқы қамырдың (және қамырдың) температурасын 2 -- 3 °С
төмендетеді.
Ашытқыда рецепт бойынша тұз болады. Ол ферменттердің
белсенділігін төмендетеді және клейковинаны бекітеді. Егер ашытқы
қамырдың қышқылдығын көбейтсе, онда оған сүттің сарысуын, піскен
ашытқы қамыр порциясын немесе қамырды қосады. Егер ашытқыны майқоспа
өнімдеріне дайындаса, онда ашытқы қамырға сүт пен жұмыртқа (рецепт
бойынша) қосады.
Қамыр илеу процесі үш тізбекті сатыдан тұрады: механикалық
араластыру, құрылымның түзілуі және пластификация. Механикалық
араластыру құрамдастардың үлестірілуінің жоғары біртектілігімен, үш фазалы
қоспасының түзілуімен бітеді. Араластыру процесінде құрғақ құрамдастардың
ылғалдануы, олардың дисперсиялануы, агрегациясы жүреді. Бұл сатыны
жылдамырақ істеген жөн. Мұндай жағдайда энергияны минимальді
шығындаумен құрамдастарды біртекті араластыруға болады.
Екінші саты - құрылымды түзу - ылғал мөлшерін теңестірумен,
ылғалдың ұнның бөлшектері арасына диффузиясы, ақуыздардың ісінуі және
қоспаға ұнның суда еритін құрамдастарына өтуімен сипатталады. Мұнда
қоспаны қозғалтуға күш жұмсалымы жоғарылайды және соған сай,
араластырушы машинаның жетегінде энергия жұмсалады. Ісінгенде ылғалдың
көп бөлігін ақуыздық заттар сіңіреді. Ұн крахмалының суды жұтуы 30%-ға
жетеді, алайда крахмалдың жұту жылдамдығы ақуызға қарағанда жоғары.
Қамырдың жабысқақтығы жоғарылайды.
Екінші сатының жүру жылдамдығына ұнның қасиеттері, крахмал
түйіндерін майдалау дәрежесі, температура және ұнға қосылатын
рецептуралық қоспалар әсер етеді. Ылғалды жұтқанда ақуыздардың көлемі
ұлғайып, ісінген крамхал түйірлері мен ұнның ерімейтін бөлшектерін
бекітетін балауыздық қаңқа түзеді. Илеудің екінші сатысы энергиялық
пысықтауды талап етпейді.
Үшінші саты - пластификация - крахмал түйіршіктерінің құрылымдық
өзгеруі және крахмал түйірлерін байланыстыратын балауыздық шілтерлердің
құрылуымен жүреді. Мұнда олар біртіндеп майдаланады және құрылымдық
өзгеріске ұшырайтын ақуыздық пленкамен бүркеледі. Полипептидтердің
шиыршық тәрізді молекулалары жарылады және балауыздық пленка түзіп,
18
ақуыздардың құрылымын жұмсартады. Үшінші сатыда қамырдың құрылымы
теңесіп, оның ұсақталуы жүреді, ол әрі қарай ашығанда біртекті ұсақ
борпылдақтың түзілуіне ықпал жасайды. Илеуші органдардың жұмысының
тиімділігін салыстырмалы бағалағанда құрылымның түзілу механизмі әртүрлі
түрдегі деформацияларды жүзеге асырғанда илеу процесінде едәуір
ерекшеленетінін ескеру қажет. Созылудың деформациясында ақуыздық
тізбектердің және олардың бағытталуы деформациялайтын күш бағытына
созылуы болады. Созылу ұзын тізбектердің едәуір санын алуды қамтамасыз
етеді, олар жеке фрагменттерге аз бөлінеді, полимер торының түйіндерінің
санын азайтады және үлкен ұзындыққа созылады. Мұндай балауыз қаңқа
үлкен созылуды және қамырдың аз серпінділігін қамтамасыз етеді.
Жылжымалы деформацияда полимердің механикалық деструкциясы
қарқынды жүреді, тізбектер салыстырмалы қысқа фрагменттерге бөлінеді,
олар өзара әсерлескенде үлкен серпінділік пен аз созылыңқылыққа ие болатын
тығыз торды түзеді. Ақуыз макромолекулаларының ұнның бөлшектерінде
кіші өлшемі мен сирек орналасуын ескере отырып, илеуде қысу - жылжыту
деформацияларын қоспай-ақ макромолекулалар баяу және толықтығы аз
жабысады, ол ақуыздың ұндағы санының азаюында көрінетін құырылымның
түзілуіне қатысатын ақуыз тізбектерінің үлесін азайтуы қажет.
Осылайша, жылжудың деформациясы басым жағдайда қамыр жартылай
фабрикаттарының жабысқақ - серпінді қасиетін жоғарылатады. Осындай
әсерерлердің рационалды үйлесуі нан сапасының жақсаруын, әсіресе, әлсіз
ұнды қайта өңдегенде форма тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Пластификация оның тұтас ортасы бұзылмайтын материалдың жылжу
жылдамдығында жүргізілуі қажет, ал жұмыс беткейлері бойынша сырғанау
мен үйкелу минимумға келтірілді, илеуші камера ішінде қамырдың жеке
көлемдері пластификатордың жұмысшы органдарында едәуір ауысуы
(лақтырылуы) болмайды. Жұмысшы органдар өңделіп жатқан материалдың
қоспасында сырғанамай, домалайтын және қысылғанда онда
деформациялайтын пластификация тәсілдері перспективалы болып табылады.

Өңделетін қоспаға жұмыс органының әсерінің қарқындылығына
байланысты илеуші машиналар үш топқа бөлінеді:
- қарапайым ақырын жүретін, оларда жұмыс процесі қамырдың
айтарлықтай жылуымен жүрмейді, илеуге 5-12 Джг энергия жұмсалады;
- жылдам жүретін (қамырды қарқынды ілеу машинасы), жұмыс процесі
қамырдың 5-70С жылуымен жүреді, илеуге 15-30 Джг энергия жұмсалады;
- өтежылдам жүретін (өте қарқынды), олард илеу қамырдың 10-200С
жылуымен жүреді, және илеуші камера корпусының сулы салқындатылуын
немесе қамырды илеу үшін қолданылатын суды алдын ала салқындатуды
талап етеді, илеуге 30-45 Джг энергия жұмсалады.
19
Илеуші орган
осінің орналасуына байланысты машиналарды
горизонтальді, иілген және вертикальді осьтерімен бөледі.
Илеуші органның қозғалу сипаты бойынша илеуші органның
айналмалы, планетарлы, күрделі жалпақ және кеңістікті қозғалысты болады.
Илеудің әртүрлі сатыларында қажетті параметрлерді қамтамасыз ететін
илеуші камералардың санына байланысты бір камералы, екі камералы және
үш камералы қамырилеуіштер болып бөлінеді.
Басқарудың қолданылған жүйесіне байланысты қамыр илеуші
машиналар қолмен, жартылай автоматты және автоматты басқаруда болады.
Соңғы жылдарда нан пісіру өнеркәсібінде қарқынды илеуші жылдам
жүретін илеуші машиналар қолданыла бастады. Мақсаты илегеннен кейін
қамырдың жетілуін қарқындату, оның сапасын жақсарту. Мұндай илеуде
балауыздың макромолекулалары біртіндеп дезагрегацияланады, одан кейін
олар құрылымы қайтадан құрылады, бұл оның эластикалығын жақсартады.
Крахмал түйіршіктері бүлінеді және қанттық құрамын жоғарылататын -
амилазаның әсеріне икемді болады; газ түзу өседі. Нәтижесінде нанның
шығуы жоғарылайды, нанның қатуы баяулайды.
1.4 Қамыр илеу машинасының жұмыс істеу принципі және
принципиалдық сұлбасы
Қамыр илеу машинасының жұмыс істеу ұстанымы 1.3 - суретте
көрсетілген. Ең алдымен ұн себілетін түтікшеден - 1 ұн және ашытқы қамыр
құйылатын клапаннан - 2 ашытқы қамыр құйылмалы қабылдағышқа - 3
түседі. Құйылмалы қабылдағышта ашытқы қамыр мен ұн араластыру
қалағымен - 4 шала араластырылып, келесі қоспалауышқа - 5 түседі. Бұл
қоспалауышта ұн мен ашытқы қамыр араластыру қалағымен - 6 солдан оңға
қарай араластырылып, пластификаторға - 9 түседі. Осы пластификаторда
ылғал өлшегіш - 7 орналасқан. Ылғал өлшегіштің жұмысы пластификаторға
түскен қамырдың ылғалдылығын анықтау болып табылады. Яғни, егер қамыр
ылғалдылығы 28%-дан асып кетсе, ұн себілетін түтікшеден - 1 ұн қосылады,
ал егер қамыр ылғалдылығы 28%-дан кем болса ашытқы қамыр құйылатын
клапаннан ашытқы қамыр құйылады. Ары қарай араластыру қалағымен - 10
соңғы рет интенсивті түрде солдан оңға қарай араластырылып, конвейерге -
11 түседі. Ары қарай нан дайындаудың келесі процестеріне өтеді.
20
1 - ұн себілетін түтікше; 2 - ашытқы қамыр құйылатын клапан; 3 -
құйылмалы қабылдағыш; 4 - араластыру қалағы; 5 - қоспалауыш; 6 -
араластыру қалағы; 7 - ылғал өлшегіш; 8 - мотор-редуктор; 9 -
пластификатор; 10 - араластыру қалағы; 11 - конвейер.
1.3 сурет - Қамыр илеу машинасының принципиалдық сұлбасы

1.5.1 АРЖ құрудағы жалпы принциптер және қолданылатын
математикалық аппараттар
Ғылым мен техниканың дамуы, технологиялық үрдістердің күрделенуі
шығрылатын өнімдерге қойылатын талаптардың жоғарлануы автоматты
басқару жүйелерін құруда қазіргі таңға сай математикалық әдістерді
пайдалануды қажет етеді.
Қазіргі кезде обьекті теңдеуі мен сыртқы әсерлер белгілі деп алынатын
детерминді әдісті автоматты басқару жүйесін сараптау мен синтездеуде
пайдалану, тек жүйенің жұмыс істеу күйін алдын - ала бағалау үшін ғана қажет
бола алатындығы дау туғызбайтыны анық.
Автоматты басқару жүйесін құру үшін маман ең алдымен басқарылатын
обьектінің математикалық моделін тұрғыза білу керек. Ал бұл есепті
экспериментті және аналитикалық жолдармен шешуге болады.
Көп жағдайда аналитикалық модель бейсызықты болып шығады.
Сондықтан есептеуді әрі қарай жалғастыру үшін бейсызықты теңдеулерді
Тейлор мен Маклорен қатарларына түзу арқылы бұл модельді
21
сызықтандырады. Беріліс функциясы бойынша салынған өтпелі үрдіс
бойынша жүйенің реттеу сапасын бағалаудың аналитикалық әдісі щегеру
теоремасын қолдануға негізделген.
Жалпы кез келген автоматты жүйелерді уақыттық және жиіліктік
аймақтарды зерттеуге болады. Іс жүзінде бұл зерттеуді жиіліктік аймақта
жүргізу әлдеқайда жеңіл. Сондықтан автоматты реттеу теориясында реттеу
жүйесін талдау мен синтездеудің жиіліктік әдістері, жиіліктік сипаттамаларды
қолдану, трапециялық жиіліктік сипаттамалар бойынша өтпелі үрдістерді
тұрғызу секілді көптеген әдістер кеңінен тараған. Ал жиіліктік әдістерді
қолданудағы математикалық аппараттар Фурье қатары мен интегралын
пайдалануға негізделген.
Кез
-
келген өндірісте қондырғыда технологиялық процестің
бірқалыпты жүруі белгілі бір ереженің, қызмет алгоритмінің орындалуына
байланысты болады. Осы қызмет алгоритмін орындау үшін белгілі бір сыртқы
команданы орындайтын құрылғыны, не машинаны басқару обьектісі дейді.
Технологиялық процесті жүргізу үшін басқару обьектісіне әсер ететін
тиімді ықпалды басқару дейді. Егер бұл басқару адамның қатысуынсыз жүзеге
асса, оны автоматты, ал адамның қатысуымен болса қолмен басқару деп
атайды. Технологиялық процесті берілген қызмет алгоритмі бойынша өткізу
мақсатында обьектіге сырттан берілетін арнайы нұсқаулар жиынтығын
басқару алгоритмі деп атайды.
Басқару обьектісіне басқару алгоритміне сәйкес әсер ететін кез - келген
техникалық құрылғы автоматты басқару құрылғысы деп аталады.
Бір - бірімен байланысты және басқару алгоритміне сәйкес өзара
әрекеттесе жұмыс жасайтын автоматты басқару құрылғысы мен басқару
обьектісінің жиынтығы автоматты басқару жүйесі деп аталады.
Автоматты жүйе өзара байланысқан және белгілі бір қызмет атқаратын
дербес конструкциялық элементтерден тұрады, оларды автоматика
элементтері деп атайды. Элементтерді жүйеде атқаратын қызметтеріне қарай
салыстырушы, түзетуші, қабылдаушы, жоспарлаушы, түрлендіруші және
атқарушы деп ажыратады [2].
1.5.2 Автоматты басқару теорясының негізгі анықтамалары мен
классификациясы
Автоматика элементтерінің қолдану және технологиялық
ерекшеліктерін айқындайтын арнайы сипаттамалар мен параметрлері болады.
Басты сипаттамаларының біріне элементтің статикалық сипаттамасы
жатады. Статикалық сипаттама деп, тұрақталған режим кезінде Хшығ
шамасының Хкір шамасына тәуелділігін айтады:
Хшығ=f(Хкір)
22
(1.1)
Динамикалық сипаттама элементтердің динамикалық режимінде, яғни
кірістік шаманың шапшаң өзгерген сәттеріндегі жұмысын бағалау үшін
пайдаланад. Оны өтпелі сипаттамамен, беріліс функциясымен және жиілік
сипаттамаларымен өрнектейді. Өтпелі сипаттама Хшығ шығыстық шаманың t
уақытқы тәуелділігін көрсетеді: Хкір кірістік сигналының секірмелі өзгерісі
кезінде Хшығ= f(t).
Хшығ шығыстық шаманың Хкір кірістік шамасына қатынасын статикалық
беріліс коэффициенті деп атайды, яғни Кст = Хшығ Хкір.
Бейсызықты сипаттамасы бар элементтер үшін Кд динамикалық беріліс
коэффициентін пайдаланады. Кд =ХшығХкір ·Ксал. Ксал салыстырмалы беріліс
коэффициенті элементтің шығыстық шамасының салыстырмалы өзгерісінің
кірістік шамасының салыстырмалы өзгерісіне қатынасына тең:
Хшы.н
Хкір Хкір.н
,
(1.2)
мұндағы, Хшығ.н. - шығыстық шамалардың номинал мәндері;
Хкірн. - кірістік шамалардың номинал мәндері.
Сезімталдық деңгей шығыстық шаманың айтарлықтай өзгерісі
байқалатын кірістік шаманың ең кіші мәні. Ол элемент кострукциясындағы
тетіктер арасындағы үйкеліс, саңылаужәне люфтінің салдарынан болады.
Ауытқу бойынша басқару принципі пайдаланылатын автоматты
тұйықталған жүйелердің артықшылығына кері байланыстың болуы жатады.
Ақпарат басқарушы ықпалмен салыстырғанда кері бағытта берілетін каналды
кері байланыс деп атайды.Кері байланыс оң және теріс, қатаң және икемді,
негізгі және қосалқы болып ажыратылады.
Басқару жүйесінің құрылымдық график бойынша кескіндеуді
құрылымдық схема дейді. Құрылымдық схемасындағы бөліктері арасындағы
берілетін әсердің ағыны мен жолын көрсететін қарапайым құрамдас бөлігін
құрылымдық схеманың байланысы деп атайды.
Жүйедегі сигналдардың түріне сәйкес автоматты басқару жүйелерін
үзіліссіз және дискретті деп ажыратады.
Егер басқарылатын шама орнықты режимде сыртқы қобалжыту әсеріне
тәуелді болса, онда автоматты басқару жүйесі статикалық деп аталады, ал
тәуелді болмаса астатикалық деп аталады.
Статикалық сипаттамалардың сипатына сәйкес немесе жүйе
элементтеріне өрнектейтін дифференциалдық теңдеудің түріне қарай
жүйелерді сызықты және бейсызықты деп бөледі.Сызықты жүйелердегі
барлық элементтер сызықты алгебралық және дифференциалдық
теңдеулермен жазылады. Егер жүйедегі ең болғанда бір элементтің кірістік
және шығыстық сигналдарының арасында бейсызықты тәуелділік болса, онда
ол жүйе бейсызықты , мұндай жүйелердің сипаттамаларын сызықты
сипаттамалар арқылы жуықтауға болмайды.
23Ксал= Хшы
Жүйенің орнықталағы деп оның тепе - теңдік күйінен ауытқуына себеп
болған әсерді алып тастағаннан кейін, бастапқы орнықтылық қалпына оралу
қабілеттілігін айтады. Орнықтылыққа зерттеу бойынша бірнеше әдістері бар:
Ляпунов, Раус - Гурвиц критерийі, Михайлов критерийі және Найквитс
критерийі [3].
Автоматты реттеу жүйесі технологиялық процестің параметрлерін әр
мезеттегі мәндері туралы мәліметті адамның қатысуынсыз алуға арналған
құралдар мен әдістерді қамтиды.
1.6 Нан өндірісіндегі қамыр илеу машинасын техникалық-
программалық жабдықтармен қамтамасыздандыру мәселелері
Matlab келесі комплекс Matlab+Simulink+Toolbox+Blockset түрінде
беріледі,мұндағы Toolbox және Blockset бөлімдері ретінде Math Works
корпорациясы сәйкесінше Matlab және Simulink жүйелердің кеңейтулерін
атайды.
Matlab жүйесінің негізгі есептерінің біреуі қуатты бағдарламалау тілін
пайдаланушыға ұсыну болып табылады.Бұл тіл техникалық және
математикалық есептеулерді жасауға бағытталған және сандық әдістерді іске
асыруға көп жылдары қолданылған дәстүрлі бағдарламалық тілдердің
мүмкіншіліктерінен асып кеткен.
Simulink - визуалды модеьдеу құрылғысы. Пайдаланушыға әртүрлі
инжерерлік және ғылыми есептерді шешуге құралдар жиындарының өте
көптігі Matlab жүйесінің кең қолданылуының себебінің бірі болып табылады.
Осы құралдар арасында Simulink пакетінің ерекше орны бар.
Simulink жүйесі - блок-диаграммалардың графикалық тілін қолданатын,
динамикалық жүйелерді модельдеу және анализдеуге негізделген
интерактивті орта.
Simulink жүйесі:
- сызықты немесе бейсызықты үздіксіз, дискретті және гибридты
жүйелерді модельдеуге мүмкіндік береді;
- өзінің құрамында блоктардың (үздіксіз элементтер, дискретті
элементтер, математикалық функциялар, бейсызықты элементтер,сигналдар
көздері, көрсету құралдары, қосымша блоктар) кең библиотекасын орнатқан,
оларды жаңа жүйелерді жасауға қолдануға болады;
- блок-диаграммаларды құрамдасқан блоктарға бірлестіруге мүмкіндік
береді,сондықтан модель құрылымын иерархты көрсетуге болады;
- уақыт бойынша құрылымы өзгеріп тұратын жүйелерді жобалауға
мүмкіндік бар, бірақ осындай мүмкіндіктері шектелген.
SIMATIC S7-300 - бұл кіші және орташа дәрежедегі автоматты жүйесін
құруға арналған модульді бағдарламалаушы контроллер (1.4 суретті қараңыз).
Модульдік конструкциясы, шынайы салқындатқышпен жұмыс жасау,
локальді структураның қолданылуы және енгізу-шығару үйлесімі, кең
24
коммуникациялық қолданыстар, көптүрлі функциялар, эксплуатациялауға
ыңғайлы және өндірістегі автоматты басқару жүйесін құру үшін пайдалы
шешімдер қабылдау үшін өте қолайлы.
Контроллерді эффективті пайдалану мүмкіндігі, ол әр түрлі
өндіруліктегі орталық процессорларды қолдануы, функционалды модельдерді
және коммуникациялық процестерді қолдану болып табылады.
1.4 сурет - SIMATIC S7-300 контроллері
SIMATIC S7-300S7-300 - дің қолдану облысы:
- автоматты өлшеу қондырғылары және басқасы;
- арнайы мақсаттағы автоматты машиналарға;
- өндірістік техникалық құралдарды басқару автоматизациясына және
электротехникалық құралдарға;
- автоматты реттеу жүйесін құру және позициялауға.
STEP 7 - бұл SIMATIC S7-300S7-400WIN AC программалау
контроллері негізінде құрылған программалардың базалық пакеті. Оның
құрамына аппаратты конфегурация жасау
және өндірістік сеттерді,
параметрлерді күйге келтіру, программалау, диагностика және басқару
жүйесін күту сияқты барлық құрал жабдықтар жүйесін күту сияқты барлық
құрал жабдықтар спектрі кіреді.
STEP
пакетінің негізгі ерекшелігі, көптүрлі программаланатын
контроллерді қолданып, өндірістік компьютерлерде, өндірістік
байланыстардың сетьтік структурасында автоматизация проекттерін
комплексті түрде жетілдіріп базаланады.
Бұған кедергі болатын тек қана программатордың функционалдық
мүмкіндігі немесе STEP 7-ге қиын проекттерді оңайлату үшін құрал
саймандармен толықтырулар жасалады.
25
STEP 7 қолданушының барлық программаларының файлдарын және
блоктағы барлық файлдар мәліметін қосады. Олардың шақыру механизмы
шақыру қосалқы программасын еске түсіреді. Ол қолданушының
программасының структурасын жақсартуға, модификациясын қолайлы
қылуға, дайын блоктарды бір программадан басқа ға ауыстыруға көмектеседі.
STEP программасы организацонды блок (ОВ), функционалды блок (FB),
функциалар (FC), мәліметтер блогы (DB) және де операционды жүйеге
орнатылған CPU блоктары: функционалды жүйелік блок (SFB), жүйелік
функция (SFC) және жүйелік мәліметтер блогынан құралады. STEP 7 мықты
жүйелік бұйрықты ұстанады.Ол әр түрлі логикалық және математикалық
операцияларды орындайды.

Ұсынылып отырған дипломдық жобада негізгі қарастырылған
мәселелер:
- нан зауытының жалпы құрылымымен танысу: технологиялық
процесстер, қондырғылар, олардың атқаратын қызметтері;
- қамыр илеу машинасының жұмыс істеу принципімен танысу;
- қамыр илеу машинасынан шыққан камыр ылғалдылығын реттеу
жүйесінің автоматты басқару жүйесін және имитациялық моделін құру;
- құрылатын автоматты басқару жүйесін орнықтылыққы зерттеу;
- су деңгей реттеуішінің оптималды режимін зерттеу:
- микропроцессорлық басқару жүйесін программамен
қамтамасыздандыру және визуалдау терезесінде көрсету;
- экономикалық бөлімде нан өндіру технологиясының автоматтандыру
жүйесінің құрылыстық - пайдалану шығындары және экономикалық
тиімділігі есептемесін жүргізу;
- өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде нан зауытындағы өндірістік
жарықтандыру,
соның ішінде табиғи жарықтандыру мен жасанды
жарықтандыруды есептеу және өртке қарсы қауіпсіздік шараларымен танысу.
26
2 Арнайы бөлім
2.1 Қамыр илеу машинасынан шығатын қамыр ылғалдылығын
реттеудің автоматтандыру жүйесі
2.1.1 Үзіліссіз қамыр илеу машинасының сипаттамасы
Нан өнеркәсібінің кәсіпорындарында қамыр илеу үшін қамыр илеу
машинасын қолданады. Илеу үрдісі ұн, су, ашытқы, тұз, қант, май және де
басқа өнімдерді бірыңғай массаға араластыру, осы массаға керекті физикалық
және механикалық қасиет беру, ашу үшін қолайлы шарттарды құрастыру
мақсатымен ауамен қанықтыру болып табылады.
Қамыр дайындаудың екі түрі болады - порционды және үзіліссіз.
Порционды қамыр дайындау кезінде стационарлық бекітілген немесе
сырғымалы дежбен мерзімді әрекетті машиналары қолданылады. Қамырды
бұл машинада жеке порциямен белгіленген аралықпен илейді. Үзіліссіз қамыр
дайындау үшін үзіліссіз әрекетті қамыр илеу машинасы қолданылады. Бұл
машиналарда қамырдың иленуі барлық кезеңдерде және қамыр өтетін
аймақтарда бір уақытта болады және де машинадан үзіліссіз тасқынмен
шығады.
Үзіліссіз илеу процесінде қамырдың сапалы көрсеткішінің ауып кетуге
алып келетін, қатенің үш бастауын атап кетуге болады: мөлшерлеуіш
жабдықтың жұмысының кемшілігі, өндіріске келіп түсетін ұн сапасының
тұрақсыз болуы, илеу шартын дұрыс орындамау. Қоспалауышқа түсетін
компонент үзіліссіз әрекетті салмақты мөлшерлеуішпен мөлшерленеді.
Мөлшерлеудің қателіктерін рецепт бойынша көзделген компоненттердің
қатынасы бойынша өзгертеді және қамырдың сапалы көрсеткішінің өзгеруін
шақырады.
Қамыр илеудің шарттарына мына факторларды жатқызуға болады:
температура мен қоршаған орта ылғалдылығының өзгеруі, қамыр
компоненттерінің концентрациясы мен ылғалдылығы, жұмыс органының
айналу жиілігі, илеу ұзақтығы мен
машинада қамырды механикалық өңдеу
дәрежесі, илеу машинасы жабдықтарының тағы да басқа сипаттамалары.
Сәйкестендірілген мөлшерлеуішпен берілетін компонент шығындары
(ұн, ашытқы қамыр, тұз, қант, май) қамырдың кіріс (басқарушы) айнымалысы
болып табылады. Қамырдың шығуы, қамырдың температурасы,
ылғалдылығы, тұтқырлығы, қышқылдығы және тағы да басқа шығыс
(басқарылатын) айнымалысы болып табылады. Бұл технологиялық нұсқаумен
ұсынылған аса маңызды процесс көрсеткіші болып табылады.
Енді анағұрлым технологиялық түсініктерге жауап беретін РЗ-ХТО
үзіліссіз әрекетті типті машинасын қолданатын қамыр дай ындау процесінің
автоматтандыру сұлбасын қарастырайық.
27
РЗ-ХТО үзіліссіз әрекетті қамыр илеу машинасы РЗ-ХТН қамыр
дайындау агрегатының құрамына кіреді. Бұл машинада екі илеуіш жұмысшы
камерасы бар: алдын-ала компоненттерді араластыру камерасы және
интенсивті механикалық өңдеу камерасы. Алдын-ала араластыру камерасы
үшін 2,2 кВт, ал интенсивті қамыр өңдеу камерасы үшін 17 кВт, бұл деген 15
Джг дейінгі қамыр илеуге кеткен үлесті жұмысты қамтамасыз етеді.
Интенсивті механикалық қамыр өңдеу камерасының жұмыс органдарының
айналу жиілігі 15-180 айнмин аралығында болады.
Үзіліссіз процесті қамыр дайындаудың технологиялық процесі келесіге
негізделеді. Ұн және сұйық жартылай дайынөнім - ашытқы қамыр
мөлшерлеуіш көмегімен үзіліссіз илеуіш машинаға жіберіледі, бір қалыпты
масса - қамыр дайын болғанша араластырады, содан кейін дайын қамыр
ковейерге түседі. Үзіліссіз қамыр дайындау процесінің қамырдың сапалы
көрсеткіштеріне әсер ететін спецификалық ерекшеліктері бар. Ең алдымен
бұл, жартылай дайын өнім мен дайын өнімнің қателіктерін түзеу мақсатында
олардың қайталануын болдырмайтын технологиялық опеациялардың қатаң
фиксирленген тізбектілігі. Егер порционды илеу кезінде қамыр параметрлері
шектен тыс шығып кетсе, онда илеуді қайталауға болады, керекті
компонентер мөлшерін қосып, дұрыс қалыпқа келтіруге болады. Үзіліссіз
илеуде бұл қарастырылмайды; илеу машинасынан шыққан қамыр қайсыбір
параметрлерге байланысты қателікпен шықса, оны түзетуге болмайды.
Сондықтан үзілісіз илеу кезінде керекті сипатта қамыр дайындау үшін, бір
компоненттердің, мысалы ашытқы қамырдың, машинаға жіберілуін қадағалау
керек. Рецепт бойынша 30 -- 35% қамырға шығындалатын бірінші сұйық
фазаны (ашытқы қамырды) қолдану транспорттауды оңайлатады,
қондырғының жұмыс тұрақтылығын көтереді, қамыр дайындау басқаруын
оңайлатады және де ашуға кететін қамыр шығынын азайтады. Сыйымдылығы
мен аппаратура түрі, үлкен мөлшерді және барлық қамыр дайындау агрегат
комплекстері, әр түрлі дайындық кезеңінің өндіріс процесінде жүріп жатқан
өнімінің көлемі мен консистенциясына байланысты. Сонымен қатар,
анағұрлым өнім көп болса және тұтқырлық жоғары болса, соғұрлым машина
мен аппараттың технологиялық цепі бойынша орын ауыстыруына энергия
көбірек жұмсалады. Бұл тұрғыдан 65 -- 67 % ылғалдылықты сұйық ашытқы
қамырда екіфазалы қамыр дайындау, 42 -- 45% ылғалдылықты қою бірінші
фаза қолданатын сұлбамен салыстырсақ, біріншісінің артықшылығы көп
болар. Бірдей өнімділікте сұйық ашытқы қамыр ашуы үшін қажетті жұмыс
сыйымдылығы, қою ашытқы қамыр жұмысындағы керекті сыйымдылығынан
әлдеқайда аз. Осы артықшылықтарды ескере отырып, сұйық ашытқыш
қолдану мүмкіншілігімен сұйық ашытқы қамырмен әр - түрлі сұрыптан қара
бидай немесе қара бидай - бидай ұнынан илеген қамыр екісатылы қамыр
дайындау сұлбасын қолданған жөн.
Үзіліссіз қамыр дайындау процесінің автоматтандыру сұлбасы ұн мен
ашытқы қамыр температурасын бақылауды, ұн деңгейінің сигнал беруін,
28
қамыр илеу машинасында қамыр ылғалдылығын бақылау және реттеуді
қарастырады. Сонымен қатар қамыр ылғалдылығының өзгеруіне байланысты
жабдықтар мен орындаушы механизмдердің электр жетек жұмысын жергілікті
және дистанционды басқару. Ашытқы қамыр мен қамырдың температурасы,
қамырдың сапасына әсер ететін ең басты параметрлердің біріне жатады.
Температураны бақылау термометр кедергілер көмегімен іске асып
жатыр, ал ұн мөлшерлегіш бункерде деңгейді бақылау - ультра-дыбысты
деңгей өлшегіштері көмегімен іске асады. Қамыр ылғалдылығы ең басты
технологиялық параметр болып табылады. Оны анықтау үшін аса жоғары
жиілікті влагометр қолданылады.
2.1.2 Қажетті құрылғыларды таңдау
Таңдалынған қажетті құралдар тізімі:
- АИР80А4 типті орындаушы механизм;
- Микрорадар 114С типті қамыр ылғалдылығын өлшегіш датчик;
- SMART SG55329 типті басқарушы орган;
- Siemens Simatic S7-300 типті контроллер;
2.1 к е с т е - Программалық логикалық контроллердің салыстырмалы анализі
29 Контроллер
Rockwell Automation
Siemens Simatic S7-300
Артықшылығы
1. Кіріс-шығыс жүйесінің
жоғары сенімділігі.
2. Бағдарламалау тілдері
ыңғайлы, әрі қарапайым.
3.Сапасы және
функционалдылығы
жағынан ыңғайлы.
4. ТМД елдерінде кең
таралған.
1. Әртүрлі модельдегі орталық
процессорлары әртүрлі
есептердің тиімді шешімдерін
құруға мүмкіндік береді.
2. Эксплуатациялауға ыңғайлы
және сенімділігі жоғары.
3. Бағдарламалау тілдері
ыңғайлы, әрі орындалу
жылдамдығы жоғары.
4. Сапасы және
функционалдылығы жағынан
ыңғайлы.
5. Табиғи суиды;
6. Қазақстанда кең таралған.
Кемшілігі
1. Құрылған
функциялардың үлкен
көлемді болуына
байланысты жоғары
қуаттылығы.
2. Бағасы жоғары.
1. Бағасы жоғары
Таңдалынғаны
-
+
2.2 к е с т е - Орындаушы механизмнің салыстырмалы анализі
2.3 к е с т е - Қамыр деңгейін өлшеуіш датчигінің салыстырмалы анализі
2.4 к е с т е - Басқару органының салыстырмалы анализі
2.1.3 Қоректі АРЖ жобалау кезінде негізгі есептер
Қоректі АРЖ жобалау кезінде негізгі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz