ТҚК және автомобиль жөндеу


Мазмұны
Көлік пен байланыс тәуелсіз Қазақстаның тыныс тіршілігіне аса маңызды рөл атқарады. Бір жағынан бұл еліміздің орасан үлкен аумағымен (2725 мың км), оның халқының сирек орналасуымен (орта есеппен 6 адам/км), шикі зат және өндіріс ресурстарының шашыраңқылығымен сабақтасады. Онда көлік коммуникациялар кешені (ККК) еліміздің әкономикалық қана емес, бірге саяси тұтастығын да қамтамасыз етеді.
ТҚ-1 және ТҚ-2 міндеттері - автомобильдің механизмдері мен агрегаттарының техникалық қалпының жұмыс барысында өзгеруін азайту, ақауларды анықтау мен алдын алу шаралары, тиімді жұмысын, қозғалыс қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды өз уақытында бақылау, майлау, бекіту, реттеу және басқа жұмыстарды атқару жолымен қамтамасыз ету. Диагностикалық жұмыс (диагностикалау үдерісі) автомобильдерге ТҚ және жөндеу технологиялық элементі болып табылады және сәйкес жұмыстарды орындағанда оның техникалық жағдайынан хабар береді.
Қызметі мен мерзімділігіне, диагностикалық жүмыстардың тізбегі мен орнына байланысты екіге бөлінеді: (Д-1) жалпы және (Д-2) бөлшекті тереңдетілген диагностикалау. ТҚ автомобильдердің агрегаттары мен буындарын, жүйелерінің қауіпсіз жұмыс атқаруын, тізбектегі үдерістерді бақылағанда, қалпына келтіргенде белгіленген мерзім аралығында қамтамасыз етілуі тиіс.
Көлік қандай да бір мемлекет болмасын оның экономикасында өте маңызды орын алады. Көліктік жүйе мемлекеттің денесіндегі қан жүретін тамырлары іспетті, оның дамуынан, ұйымдастыру деңгейінен, сол мемлекеттің жүк айналымы, жолаушылар тасымалдау қабілеттілігін анықтайды. Дүние жүзіндегі дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырған, ел экономикасының дамуына бірден бір себепші болатын осы көліктік жүйе. Сол себепті елімізде үлкен мән беріліп, экономиканың көлік жүйесінің дамуына арнаулы бағдарлама қабылданып, бірнеше миллиардтаған теңге қаржы бөлініп отыр.
Мемлекеттің көлік жүйесінің дамуы - оның технологиялық үдерісінің және өркениетінің маңызды белгілерінің бірі. Жоғары дамыған көлік жүйесіне деген сұраныс еуропалық және әлемдік экономикаға бет бұрған сайын одан да күштірек қарқын алуда, көлік жүйесі Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа тиімді кіруі үшін және жоғары дамыған мемлекет ретінде орын алуы үшін негіз болады.
Кіріспе
Автомобильдер паркі автокөлік жүйесінің бірлік жүйесі болып саналады. Оның қызмет етуі үшін белгілі материалдық және еңбек ресурстарын қажет етеді. Басқа жүйе бірліктері сияқты оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Осы ерекшеліктері автомобильді пайдалану кезінде айқындалып, техникалық қамтамасыз ету кезінде сұраныс құрылуына әсер етеді, осы құрылымын және өндірістік-техникалық базасының сипаттамасын шарттандырады.
Автомобиль көліктерінің барлық жылжымалы құрамның жұмысын жақсарту үшін ең маңыздысы техникалық күтімнің, жөндеуін технологиясын ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ еңбекте ғылыми ұйымдастыру және орындаушыларды осы ұйымдастыру-техникалық шараларды іс-жүзіне асыру серіктестіктің жылжымалы құрамын пайдаланудың техникалық аймағында ғылым мен техниканың осы заманғы жетістіктерінің негізінде атқаруға болады.
Осыған байланысты техникалық күтім және жөндеу барысында автомобиль көліктерінің жүйесіндегі және механизмдеріндегі ақауды анықтауда және оның жұмыс қабілетін болжауда, яғни автомобиль көлігінің техникалық күйін басқаруда техникалық күйін диагностау жылдан-жылға кең қолдау табуда
Автокөлік мекемелерінің техникалық қызметін бір-біріне ұқсас факторлар кешен ретінде қарастыруға болады. Бұл нақты бір критерий бойынша мекеменің техникалық қызметінің тиімділігін артыруға байланысты жалпы ұсыныстар құруға мүмкіндік береді. Осы жағдайда түрлі қызметтердің жеке міндеттерін, сонымен бірге міндеттердің өзін ресурстық мүмкіншіліктерге сәйкес келістіріп алу қажет.
Осы жағдайда өндірісті басқару міндеті келесі іс-шаралардан тұрады:
- ресурс түріне және оны тұтынушылығына әсер ететін негізгі арнайы факторларды ескере отырып, ресурстардың оңтайлы мөлшерлемесін анықтау;
- қажетті ресурс түрлерімен мекеменің қамтамазсыздығын анықтау;
- мекеменің ресурстық қамтамасыз деңгейін нормативтікке дейін жеткізу немесе жетпей тұрған ресурс түрін оның орнына ауыстырып өндірісте қолдануға болатын түрімен қамтамасыз ету.
Біздің республиканың жағдайында ең көп жүк тасымалдаушы транспорт автомобиль көліктері болып саналады.
Еліміз нарықтық эконимикаға бет алған тұста машинаны пайдалану кәсіпорындары түрлі иелік формасында құрылуда.
Жаңа қосалқы бөлшектер шығару оған жұмсалатын шығындарға байланысты. Осыған байланысты күрделі жөндеу барысында жарамсыздандырылған бөлшектердің шамамен 63%-ы жөндеуге жарамды болып табылады немесе оларды шамалы жөндеп пайдалануға болады.
Міне, сондықтан қосалқы бөлшектер өндірісін өркендетудің бір жолы автомобильдерді және олардың агрегаттарын жөндеу үдерісінде тозған бөлшектерді жаңартып қайтадан пайдалану. Тозуына байланысты істен шыққан бөлшектердің массасының кемуі 2-3%-дан аспайтынын жөндеу тәжірибесі көрсетті Бірақ бөлшектердің беріктігі іс жүзінде сол қалпында қалады. Мысалы: іштен жану моторының 30% бөлшектерінің істен шыққан тозығы 0, 3мм аспайды және олардың көпшілігі жаңартқаннан соң қайтадан пайдалануға жарамды.
Облыста жүргізілген реформалау және жекешелендіру барысында, бұрынғы ірі автокөлік мекемелері акционерлік қоғамдарға, шағын кәсіпорындарға бөлініп кетті. Осының салдарынан өз қуатында жұмыс істеп тұрған жөндеу шеберханалары, машина сақтау аулалары, мұнай сақтайтын қоймаларда бөлініске түсті. Қазіргі күннің талабы- осы кәсіпорындардың жұмысын жандандыру, яғни тұтынушыға сапалы қызмет көрсету.
Аталған мәселелерді шешу барысында менің дипломдық жұмысымда «Меркур» ЖШС автомобильдерге ТҚК және мойынтіректің сыртқы сақинасын шығару қондырғысын жобалау тақырыбы бойынша автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, олардың ақауларын анықтау жұмыстары нақтыланып келтірілген.
Аталған дипломдық жұмыс мақсаты:
- «Меркур» ЖШС автомобильдерге ТҚК көрсету;
- «Меркур» ЖШС автомобильдерге жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- күрделі жөндеу кезінде мойынтіректің сыртқы сақинасын шығару қондырғысын жобалау.
1 Ұйымдастыру бөлімі
1. 1 Автомобиль көліктеріне техникалық қызмет көрсету
Көлік құралдарын қолдану проблемалары Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған жолдауында мақұлданған «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді стратегиясында көрсетіледі. Осы құжатта инфрақұрылым, ең алдымен, көлік пен байланыс елдің әкономикалық дамуындағы басымдық ретінде белгіленеді.
Көлік пен байланыс тәуелсіз Қазақстаның тыныс тіршілігіне аса маңызды рөл атқарады. Бір жағынан, бұл еліміздің орасан үлкен аумағымен (2725 мың км), оның халқының сирек орналасуымен (орта есеппен 6 адам/км), шикізат және өндіріс ресурстарының шашыраңқылығымен сабақтасады. Ондай ахуалда көлік коммуникациялар кешені (ККК) еліміздің әкономикалық қана емес, бірге саяси тұтастығын да қамтамасыз етеді [1, 4] .
Екінші жағынан, Еуразия континентінің дәл кіндік ортасында, негізгі еңбек рыноктары мен капиталдан шалғай геогрфиялық орналасуы, экспорттық-импорттық операциялардағы көлік құрастырушысының сөзсіз өсуіне жетелейді және соның салдары ретінде әлемдік экономикалық жүйеге осал интеграция жасауына себеп болады. Дегенмен, Еуропаның, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның сыйымтал және қарқынды дамып келе жатқан нарықтары арасындығы Қазақстанның геосаясаттық жағдайы осы қолайсыздықты өтеу үшін, мәселен еле аумағына трансконтиненталды транзиттер тарту жолымен мүмкіндіктер береді.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен меншік құқығын жаппай қайта бөлу Қазақстан Республикасының әлеуметтік-әкономикалық тыныс-тіршілігіне жахандық өзгерістер әкелді.
Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге багытталған жалпы бақылау (кестені қараңыз) ; автомобильдің қалыпты сыртқы қалпын сақтау; автомобильге жанар май құю, жағармай және салқындату сұйығын құю, ал қозғалыс құрамының кейбір түріне кузовын санитарлық өңдеуден өткізу күнделікті техникалық қызметтің міндеті болып табылады. ТҚ қозғалыс құрамының жұмысынан соң және жолға шығар алдында орындалады. Автомобильдің техникалық жағдайын жолға шықпас бұрын және ауысым кезінде жүргізушінің өзі бақылайды.
Автомобильді ақаусыз күйде және жақсы жағдайда ұстап тұру елімізде қабылданған жоспарлы-алдын алу жүйесінің негіздерінде атқарылатын техникалық қызмет және жөндеу жұмыстарының арқасында орындалып жатыр. Бұл жүйенің мәні автомобильдердің техникалық қызметі профилактикалық, іс-шараларды жүйелі түрде белгілі бір жүрілген жолдың нәтижесінде міндетті жағдайда атқарылып отырады.
Мұндай жүйенің ұстанымдары мыналар: белгіленген мерзімде міндетті түрде техникалық қызмет барысында атқарылатын жұмыстарды атқару.
Белгіленген жөндеу аралық жүрістен кейін техникалық байқаудың арасында немесе техникалық қызмет үдерісі кезінде анықталса, онда автомобильді жөндеу жүргізіледі.
Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет негізгі жоспарларын алдын-алу жүйесінің негізгі ұстанымдары автомобиль көлігінің жылжымалы құрамын жөндеу және қызмет көрсету ережесімен белгіленеді.
Техникалық қызметке келесі жұмыстар түрлері кіреді: тазалау-жуу, бақылау-диагностау бекіту, майлау, жанармай құю, реттеу, электротехникалық және басқада жұмыстар, бұл жұмыстардың барлығы механизмдерді және тораптарды бөлшектемей атқарылады.
Егерде техникалық қызмет барысына көз жеткізілмесе, онда ол бөлшектер автомобильден алынып арнайы бақылау стендтерінде және приборларында тексеріледі.
Автомобильдің техникалық қызметке бейімделгендігінің алғы шарты пайдалану технологиялылығы, ол дегеніміз техникалық қызмет көрсетілген нысанға, агрегат, торап және агрегаттарға жақындау ыңғайлылығы.
Техникалық қызмет нысанына жақындау ыңғайлылығы дегеніміз - ол автомобильдің бос тұру уақытын және еңбек шығынын қысқарту, мұның барысында қосымша операциялардың күрделілік дәрежесі және саны ескеріледі, бұл дегеніміз шаршауды азайтады, уақыт шығынын төмендетеді және техникалық қызмет ақысының жоғарлауына әсер етеді.
ТҚ-1 және ТҚ-2 міндеттері - автомобильдің механизмдері мен агрегаттарының техникалық қалпының жұмыс барысында өзгеруін азайту, ақауларды анықтау мен алдын алу шаралары, тиімді жұмысын, қозғалыс қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды өз уақытында бақылау, майлау, бекіту, реттеу және басқа жұмыстарды атқару жолымен қамтамасыз ету. Диагностикалың жұмыс (диагностикалау үдерісі) автомобильдерге ТҚ және жөндеу технологиялық элементі болып табылады және сәйкес жұмыстарды орындағанда оның техникалық жағдайынан хабар береді.
Қызметі мен мерзімділігіне, диагностикалық жүмыстардың тізбегі мен орнына байланысты екіге бөлінеді: (Д-1) жалпы және (Д-2) бөлшекті тереңдетілген диагностикалау. ТҚ автомобильдердің агрегаттары мен буындарын, жүйелерінің қауіпсіз жұмыс атқаруын, тізбектегі процестерді бақылағанда, қалпына келтіргенде белгіленген мерзім аралығында қамтамасыз етілуі тиіс.
Мерзімдік қызметтің (МҚ) міндеті жылжымалы құрамды қозғалыс қүрамын пайдаланудың жыл мезгілі ауысымына жылына 2 рет дайындау болып табылады.
Агрегаттарды күрделі жөндеу оны толық бөлшектеу, ақауын анықтау, қалпына келтіру немесе бөлшектерін ауыстыру, ретімен қайта жинау, реттеу және сынау жұмыстарын қарастырады. Агрегаттың негізгі және негізгі бөлшектері оны толық шешіп қалпына келтіруді қажет еткенде, сондай-ақ агрегаттың жұмыс қабілеті ағымдағы жөндеумен қалпына келтіруге болмайтын жағдайда күрделі жөндеуге жіберіледі.
Ағымдағы жөндеу пайда болған ақауларды жөндеу, қалпына келтіру, сондай-ақ автомобильдер мен агрегаттарда қалыптасқан ереже бойынша күрделі жөндеуге дейінгі жүрісін қамтамасыз ету үшін қызмет жасайды
Автокөлік кәсіпорындарында атқарылатын ағымды жөндеу (АЖ) және арнайы кәсіпорындарда атқарылатын күрделі жөндеу (КЖ) .
Жоғарыда көрсетілген техникалық қызмет түрлеріне автомобильдің типіне және пайдалану жиілігіне байланысты мерзімділігі немесе жол жүру нормасы белгіленген, оның ішінде автомобильдің мемлекеттік немесе жеке секторға жататындығы.
Техникалық қызметтің әр түрлі қатаң тағайындалған жұмыс тізімі (номенклатура) бар, олардың орындалуы міндетті.
Бұл жұмыстар (операциялар) екі бөлімге бөлінеді: бақылаулық және орындаушылық.
Техникалық қызмет операциясының бақылау бөлімі (диагностикалық) міндетті, ал орындаушылық бөлімі қасиеттілігі бойынша атқарылуы тиіс. Бұл дегеніміз жылжымалы құрамға техникалық қызмет жүргізудің материалдық және еңбек шығындары әжептәуір қысқарады.
Диагностикалау дегеніміз автомобильдерге техникалық қызмет және ағымды жөндеу технологиялық процесінің бір бөлігі, автомобильдің техникалық күйі туралы бастапқы мәліметті алуды қамтамасыз ету болып табылады.
Автомобильді диагностау техникалық қызмет және жөндеу технологиялық процесіндегі орнын және қызметін сипаттайды.
Күнделікті техникалық қызмет (КК) автомобиль жұмыстан оралғаннан соң күнделікті орындалады және оған мына төмендегі жұмыстар кіреді: қозғалу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін механизмдер және жүйелер бойынша бақылау-қарау жұмыстары, сондай-ақ кузовы және кабинасы, жарықтандыру приборлары, тазалау-жуу және кептіру-сүрту операциялары, сондай-ақ автомобильді жанармаймен жағармаймен, қысылған ауамен және салқындату сұйығымен толықтыру.
Автомобильді жуу ауа райының жағдайына және санитарлық талаптарға сай, сондай-ақ автомобильдердің сыртқы түріне байланысты атқарылады.
Бірінші техникалық қызмет көрсету (1-ТҚК) автомобильді түгелдей сыртқы техникалық қарау және белгіленген көлемде бақылау диагностикалауды бекітулерді, реттеулерді, майлауларды электротехникалық және май құю жұмыстарын, мотор, рульдік басқару, тормоз және басқа механизмдерінің жұмысын тексеру.
(D-1) диагностикалау жұмыстарының кешені бірінші техникалық қызмет барысында немесе оның алдында орындалады, оның қызметі автомобиль жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, механизмдерді және жүйелерді диагностикалау.
Бірінші техникалық қызмет көрсету. Ауысым аралығында жүргізіледі, жүрілген мерзімділігімен және автомобильдің агрегаттарының механизмдерінің және жүйелерінің белгіленген мерзімділігінің аралығында тоқтаусыздығын қамтамасыз етеді.
Күрделі жөндеу (К. Ж) автомобильдерге, агрегаттарға және тораптарға буындарға арнайы жөндеу кәсіпорындарында, зерттеулерде, шеберханаларда жүргізіледі.
1. 2 Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету жай-күйлері
Автомобильдердің техникалық жай-күйлері жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей ықпал етеді. Ірі қалаларда автомобиль көлігі атмосфераға зиянды заттар шығарудың 50-90 % жауапты. Бұл ретте көптеген зерттеулер АКҚ техникалық жай-күйі нашар болғанда немесе көліктің жеке жүйелерін, тораптары мен агрегаттарын дұрыс реттемеген жағдайда зиянды заттарды шығару көлемінің едәуір ұлғаятыны туралы айғақтайды. Ең соңғы, нашар техникалық жай-күйдегі автомобиль, әдетте, көп мөлшердегі пайдалану материалдары (жағармай, май) мен қосалқы бөлшектерді талап етеді. Соның нәтижесінде көлікті пайдаланудың кұны, соның салдарынан көлік қызмет көрсетулерінің құны да жай өсіп кана қоймайды, сонымен бірге едәуір материалдык және еңбек ресурстары босқа жұмсалады.
Сонымен, автомобильдердің техникалық жай-күйлері техникалық мәселе ауқымынан шығып, көліктің осы түрінің кеңінен пайдаланылатыны себебінен әлеуметтік-экономикалық мағына алады. Осы жағдайларға байланысты автомобиль паркін техникалық жетілдіру үшін күрес автомобильдендіру деңгейі жоғары елдерде өзекті мәселеге айналып отыр. Әлемдік тәжірибе нарықтық механизмдердің жалғыз осы жолдары кедергілерді бағындыруға шамасы келмейтінін керсетеді. Мұнда қоғамның барлық мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының кепілі ретіндегі мемлекеттің реттеуші кызметі талап етіледі [4] .
АКҚ техникалық жай-күйі дегенде барлық автомобильдердің жиынтық ерекшеліктері ұғынылады, олар нормативтік кұжаттармен реттеледі және оларды көліктерді пайдалану кезінде әділ анықтауға болады (кұралмен немесе көзбен шолу арқылы) . Өкінішке орай, посткеңестік мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстанда да автомобильдің техникалык жай-күйіне баға беруді пайдаланушылар көбіне оның жұмыс мүмкіндігіне саяды немесе, басқаша айтқанда, белгіленген максатта пайдалану мүмкіндігімен өлшейді. Бұл ретте бірінші кезекте автомобильдің көлік жұмысын орындау мүмкіндігіне көңіл бөлінеді. Қауіпсіздік мәселелеріне немқұрайды қараса, ол экономикалық және экологиялық сапаларды сипаттайтын параметрлерді көзге де ілмейді.
Жұмыс мүмкіндігі бар автомобиль деген ұғым техникалық ақаусыз дегенге қарағанда анағұрлым маңызды. Техникалық ақаусыз автомобиль әрқашан жұмысқа жарамды, ал жұмысқа жарамды көлік ұдайы техникалық ақаусыз бола бермейді. Мәселен, істен шыққан әйнек тазалауышпен, дұрыс реттелмеген карбюратормен немесе қайсыбір агрегаттан май ағумен автомобиль белгіленген қызметті орындай беруі мүмкін. Бірақ оны пайдалану қауіпсіздігі, қоршаған ортаға әсері мен пайдалану үнемділігі қазіргі заманғы талаптар деңгейін қанағаттандыра алмайды.
Әлемнің дамыған елдеріндегі автомобиль паркінің техникалық деңгейі екі жолмен кұрылады. Біріншісі АКҚ техникалық сипаттамаларын реттеумен байланысты, олар өндіріледі (шығарылады) және немесе елде тіркелуге құқылары бар. Екіншісі жол арқылы пайдаланыстағы желілердің, агрегаттардың, жүйелер мен жалпы автомобильдің техникалық жай-күйін бағалау бойынша бақылау рәсімдерінің жиынтығын аныктайды.
Осы қаралған проблеманы шешуде шет елдердегі кешендік тәсіл сөзсіз қызықтыруы мүмкін. Бұл елде өзінің тиімділігі жағынан бірегей жүйе құрылған, осы жүйе жоғары техникалық деңгеймен автомобильді жасап шығарудан бастап оны пайдаға асыруға дейінгі бүкіл жұмыс сатыларында АКҚ пайдаланудың қауіпсіздігін камтамасыз етеді.
Шет елдердегі көлік туралы Заң кез келген меншіктегі және кез келген жұмыс мақсатындағы автомобильді елде белгіленген барлық талаптарға сай болған жағдайда ғана пайдалануға болатыны туралы кесім жасайды. Автомобильдерге және оның құрамдас бөліктеріне қойылатын техникалық талаптарды оларды шығарушылар әзірлейді және көлік Министрлігімен келісу арқылы жасайды. Қазіргі кезде габариттік-салмақтық параметрлерге, белсенді және бәсең қауіпсіздік сипаттамаларына, автомобильдердің жүргізілулеріне, экономикалық, экологиялық және тағы сондай сапаларына қатысты 90-ға жуық көрсеткіштер реттеуге жатады. Осы талаптарды сақтаудың бүкіл жауапкершілігі көлік Министрлігіне жүктелген, ол автомобильдерді тексерудің үш түрін ұйымдастырады.
Біріншіден, ел аумағында тіркелер алдында әрбір жаңа автомобиль аттестациядан өтеді, соның нәтижесі бойынша автомобильге белгілі бір мерзімге пайдалануға рұқсат ететін паспорт (төлқұжат) беріледі, немесе оны елде пайдалануға тыйым салынады.
Екіншіден, пайдалану барысында әр автомобиль өзінің белгіленген жұмыс істеу мерзімі біткен бойда паспортты жаңалау мақсаттарында мерзімдік инспекция тексеруіне жатады. Шет елдерде мерзімдік инспекцияның мынадай мерзімдері қолданылады: коммерциялық автомобильдер үшін (жүк автомобильдері, таксомоторлар, автобустар және т. б. ) - жылына бір рет; жеңіл автомобильдер үшін - аттестациядан (бастапқы инспекциядан) соң 3 жылдан кейін және одан әрі әр 2 жыл сайын бір рет; 11 жыл және одан көп мерзімде пайдаланылған автомобильдер үшін - жылына бір рет.
Үшіншіден, әрбір қайта жабдықталған немесе жаңғыртылған автомобиль техникалық инспекциядан өтуге жатады.
Инспекция жасауға кез келген шаруашылық жүргізуші субъект құқылы, олар мынадай міндетті шарттарды қанағаттандырулары тиіс: субъектінің инспекцияның түрлері мен көлемдеріне толық сәйкес келетін өндірістік қуаттары мен жабдығы болуы тиіс. Ол үшін көлік Министрлігі жабдық табелі (тізімі) (диагностикалық және бақылау-өлшеу стендтері, жарақ, құрал) мен оның өндірушілерін белгілейді және өндірістік алаңдар үшін стандартты орналастыру шешімдерін ұсынады;
арнайы бағдарламалар бойынша оқытылған қызметшілер тиісті емтихандар тапсыруы және олардың көлік Министрлігі немесе соның уәкілетті ұйымы берген тиісті үлгідегі куәліктері болуы тиіс. Автокөлікті кәсіпорындардың өндірісінде ТҚК-1 және жылжымалы құрамды жөндеудің және жылжымалы құрамды жөндеудің және автомобильдердің тоқтауында минималды шығынмен, барлық шараның жоғары тиімділікпен өткізілуі жүктеледі. Автомобильдерді күрделі жөндеу мен негізгі агрегаттар автомобильді зауыттарда жасалады. Көптеген автомобильді көлікті басқармаларда шаруашылық есептен өз автомобильдерін және тораптарды жөндеуге шеберханалар ұйымдастырылған. АКК түгелімен немесе жартылай осы шеберханаларға автомобильден шешілген тораптармен агрегаттарды жөндеуге өткізеді.
ТҚК және жылжымалы құрамның жөндеу өндірісінде жұмыскерлер мен қызмет ететін штат, өндірістік қоймалар, материалдармен және қосалқы бөлшектермен жабдықталған, және осы адамдармен техникаларды біріктіру АКК-ның басты мақсаты болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz