Авиация



Авиация (франц. aviation, лат. аvis - құс) – Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (ұшақ, тікұшақ, т.б.) ұшуды білдіретін ұғым. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына енеді. Авиация азаматтық авиация және әскери авиация болып екіге бөлінеді. Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-спорттық, арнайы мақсатқа арналған , ал әскери авиацияға әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады. Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан басталған. Тасқа салынған қанатты адамдардың суреттері соның дәлелі болып табылады. Дүние жүзіндегі көптеген халықтардың ертегілері мен аңыздарында аспанға ұшу жөніндегі адам арманы айтылады. 1754 жылы орыс ғалымы М.В.Ломоносов серіппе күшімен қозғалысқа келетін тікұшақ моделін жасап, ондай аппараттың ұша алатынын іс-жүзінде дәлелдеді. 19-ғасырдың аяғында моторсыз ұшатын аппараттар – қалқыма ұшақтар жасала бастады. 1891-96 жылдары неміс ғалымы О.Лилиенталь бірқатар қалқыма ұшақ жасап, бірнешеуімен ұшып та көрді. 19-ғасырдағы бу машинасын жасаудың қарқынды дамуы бу қозғалтқышы бар ұшақ жасау ісіне алып келді. Ресейде теңіз офицері А.Ф.Можайский (1825-1890) өзі әуеде ұшатын оқ деп атаған осындай ұшатын аппаратқа патент алды. Қалқыма ұшақ 1885 жылы жасалды, бірақ ұшу кезінде апатқа ұшырады. 1894 жылы Англияда конструктор Х.Максим бу машиналы алапат ұшақ жасады, ол да ұшар мезетте жерге құлап түсіп қирады. Француз өнертапқышы К.Адер жарқанаттың қанатын көзге елестетін «Авьон» аппаратымен бірнеше ондаған қашықтықты ұшып өтіп барып (1897) құлады. Бұл сәтсіздіктердің бәрі де, негізінен, бу қозғалтқыштардың аса ауырлығы мен ұшу талабына сай келмейтінінен болып жатты. 19-ғасырдың аяғында автомобильдерде кеңінен қолданылған іштен жанатын қозғалтқыштардың жетілдірілуі жеңіл әрі қуатты авиациялық қозғалтқышты жасауға жол ашты. Оны ұшаққа алғаш болып америкалық ағайынды механиктер У. Және О.Райт пайдаланды. 1903 жылы 17

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
АВИАЦИЯ

Авиация (франц. aviation, лат. аvis - құс) – Жер маңайындағы әуе
кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (ұшақ, тікұшақ, т.б.) ұшуды
білдіретін ұғым. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі
де авиация құрамына енеді. Авиация азаматтық авиация және әскери авиация
болып екіге бөлінеді. Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-
спорттық, арнайы мақсатқа арналған , ал әскери авиацияға әуе күштері,
теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары
жатады. Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан басталған. Тасқа
салынған қанатты адамдардың суреттері соның дәлелі болып табылады. Дүние
жүзіндегі көптеген халықтардың ертегілері мен аңыздарында аспанға ұшу
жөніндегі адам арманы айтылады. 1754 жылы орыс ғалымы М.В.Ломоносов серіппе
күшімен қозғалысқа келетін тікұшақ моделін жасап, ондай аппараттың ұша
алатынын іс-жүзінде дәлелдеді. 19-ғасырдың аяғында моторсыз ұшатын
аппараттар – қалқыма ұшақтар жасала бастады. 1891-96 жылдары неміс ғалымы
О.Лилиенталь бірқатар қалқыма ұшақ жасап, бірнешеуімен ұшып та көрді. 19-
ғасырдағы бу машинасын жасаудың қарқынды дамуы бу қозғалтқышы бар ұшақ
жасау ісіне алып келді. Ресейде теңіз офицері А.Ф.Можайский (1825-1890) өзі
әуеде ұшатын оқ деп атаған осындай ұшатын аппаратқа патент алды. Қалқыма
ұшақ 1885 жылы жасалды, бірақ ұшу кезінде апатқа ұшырады. 1894 жылы
Англияда конструктор Х.Максим бу машиналы алапат ұшақ жасады, ол да ұшар
мезетте жерге құлап түсіп қирады. Француз өнертапқышы К.Адер жарқанаттың
қанатын көзге елестетін Авьон аппаратымен бірнеше ондаған қашықтықты ұшып
өтіп барып (1897) құлады. Бұл сәтсіздіктердің бәрі де, негізінен, бу
қозғалтқыштардың аса ауырлығы мен ұшу талабына сай келмейтінінен болып
жатты. 19-ғасырдың аяғында автомобильдерде кеңінен қолданылған іштен
жанатын қозғалтқыштардың жетілдірілуі жеңіл әрі қуатты авиациялық
қозғалтқышты жасауға жол ашты. Оны ұшаққа алғаш болып америкалық ағайынды
механиктер У. Және О.Райт пайдаланды. 1903 жылы 17 желтоқсанда олардың
керосинмен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар ұшағы сәтті ұшты. Ағайынды
Райттар жасаған ұшақтарын жетілдіре түсіп, 1908 жылы сенімді басқарылатын
және 1,5 сағатқа дейін ұша алатын күйге жеткізді. 20-ғасырдың басында
Еуропада, негізінен, Францияда, А. Сантос-Дюмон, Ф.Фербер және басқалар
бірінен соң бірі ұшақ жасауға кірісті. 1909 жылы 25 шілдеде француз
конструктор-ұшқышы Л.Блерио өзінің монопландық сұлбада жасаған Блерио-11
ұшағымен Франциядан Англияға Ла-Манш бұғазы үстімен ұшып өтті. 1909-14
жылдары Я.М.Гаккель, Д.П.Григорович, В.А.Слесаров, И.И.Стеглау жасаған
ұшақтар шықты. 1910 жылы Б.Н.Юрьев Ресейдегі алғашқы тікұшақтың жобасын
жасады. Дегенмен, бұл кезеңдегі ұшақтардың сапасы аса жақсы болған жоқ.
Соның салдарынан көптеген ұшақтар апатқа ұшырап отырды. Ілгері дамыған
көптеген елдердің ғалымдары авиация саласында теориялық және тәжірибелік
ізденістерге кірісті. АҚШ-та – С.Ленгли мен О.Шанют, Англияда – Дж.Кейли,
Францияда – А.Эйфель, Германияда – Л.Прандтль, Ресейде – Н.Е.Жуковский мен
С.А.Чаплыгин авиацияның дамуына үлкен үлес қосты. 1914 жылы басталған 1-
дүние жүзілік соғыс авиацияның шұғыл өркендеуіне себепкер болды. Ол
кезеңдегі белгілі ұшақтардың қатарына Ресейдің Илья Муромец, Францияның
Фарман, Вуазен және Ньюпор, ағылшынның Сопвич, немістің Фоккер
ұшақтарын жатқызуға болады. Олар сағатына 90-120 км жылдамдықпен ұшты.
Кейінірек ұшақтардың ұшу жылдамдықтары сағатына 200-220 км, биіктеуі 7 км-
ге жетті. 20-ғасырдың 20-30-жылдары Англияда, Францияда, АҚШ-та,
Германияда, Ресейде және басқа елдерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік авиация. Әуе көлігінің жаңа түрлері туралы ақпарат
Дүниежүзілік авиация. Әуе көлігінің жаңа түрлері жайлы ақпарат
Ұшақ құрылысы және оны құрастыруда қолданылатын металдар
Дүниежүзілік авиация. Әуе көлігінің жаңа түрлері жайлы мәлімет
Халықаралық әуе тасымалдары
Дүниежүзілік авиация. Әуе көлігінің жаңа түрлері туралы мәлімет
Әуетасымалдаудың тарихы және оның қазіргі туризмдегі ролі
Ресейлік Transaero әуе тасымалдау компаниясы
Халықаралық экономикалық байланыстарда көліктік қызмет көрсетудегі баға
Қазір ұшақ бортында жаңа экипаж
Пәндер