Лифт шахтасы


Аннотация
В данной дипломном проекте рассмотрены асинхронные двигатели в
системе электропривода лифтов.
По данной теме
спроектирована
электромеханическая система,
электропривода лифтов со скоростью
движения 2 м/с, отвечающая всем электромеханическим требованиям
высокоскоростных лифтов.
В проекте сделан обзор основных видов лифтов и их характеристик.
Также, с помощью технических параметров лифта построена тахограмма
движения кабины лифта.
Опираясь на расчеты подобран двигатель для высокоскоростных
лифтов. Сделан расчет элементов тиристорного преобразователя, выбраны
трансформатор и тиристор. Посторены механические характеристики
системы открытого ТП-Д.
В разделе безопасности жизнедеятельности произведен анализ охраны
труда в учреждениях по управлению системой лифтов. Произведен расчет
системы освещения в учреждениях по управлению системой лифтов и
расчет зануления электроприводов.
В экономической части определены расходы при мотаже приборов,
амортизационные платежи, эксплуатационные расходы и срок окупаемости.
Доказана экономическая эффективность новой системы электропривода.
Annotation
In this thesis project examined asynchronous motors in the motor drive
system of elevators. On this theme designed electromechanical system, electric
elevators with a speed of 2 m / s, which meets all the requirements of high-speed
electro-mechanical lifts.
The project provides an overview of the main types of elevators and their
characteristics. Also, using the technical parameters of the elevator built tachogram
movement of the elevator car.
Based on the calculations matched the engine for high-speed elevators.
Made the calculation elements thyristor converter, transformer and thyristor
selected. Postorit mechanical characteristics of an open TC-M.
In the life safety part analyzed OSH institutions management system lifts.
The calculation of the lighting system in the institutions management and payment
system lifts vanishing drives.
In the economic part of the costs identified in motazhe instruments,
amortization payments, operating costs and payback. Proven cost-effectiveness of
the new drive system.
Аңдатпа
Бұл дипломдық жобада лифтілердің электр жетек жүйесіндегі
асинхронды қозғалтқыш қарастырылған. Тақырыпта жоғары жылдамдықты
лифттердің электрмеханикалық талаптарына сай, қозғалыс жылдамдығы 2
м/с болатын лифт электржетегінің электрмеханикалық жүйесі жобаланған.
Жобада лифттердің негізгі түрлері мен олардың сипаттамаларына шолу
жасалған. Сондай-ақ, лифтінің техникалық параметрлері арқылы лифт
кабинасының қозғалыс тахограммасы тұрғызылған.
Есептеулерге сүйене отырып жоғары жылдамдықтағы лифтерге
арналған қозғалтқыш таңдалған. Тиристорлық түрлендіргіш элементтеріне
есептеу жүргізіп, трансформатор мен тиристор таңдалды. Ашық ТТ-Қ
жүйесінің механикалық сипаттамалары тұрғызылды.
Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде
лифт жүйесін басқару
мекемесіндегі еңбек қорғау жағдайына талдау жасалды. Лифт жүйесін
басқару мекемесіндегі жарықтану жүйесі мен электр жетектерінің нөлденуіне
есептеулер жүргізілді.
Экономикалық бөлімде қондырғыны монтаждауға кететін шығындар,
амортизациялық төлемдер, эксплуатациялық шығындар, оның өтелу мерзімі
анықталынып, экономикалық тиімділігі дәлелденген.
Мазмұны
Кіріспе
Бүгінгі таңда лифт - адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналу үрдісінде.
Біз оларды байқамай, әдет ретінде қолданатын болдық. Қарапайым жолмен
төменге түсу қиынға соққан себебтен өткен ғасырда лифттерді тек таулы
шахталарда қолданатын. Ал бүгінгі күні лифттердің басты мақсаты адам
өмірін жайлы және ыңғайлы ету.
Қала санының жылдам өсуі, жер құндылығының жоғарылауы,
қалалармен қатар ауылдық аймақтардағы ғимараттардың қабат санының
өсуіне алып келеді.
Ғимараттардың қабат санының өсуіне байланысты лифттерге де
талаптар жоғарылай түседі. Лифттік құрылғылардың сапасына үш фактор
әсер етеді, олар: жасап шығару, лифттің монтажы және олардың
эксплуатациясы. Өндірістік, сауда-саттық, емдік-шипалық және тағы да басқа
ғимараттардағы қабат саны өсуіне байланысты адам қызметінде лифтттің
мәні күрт өсуде. Лифтті күнделікті ондаған миллион адам қолданады.
Лифттер қазандықтағы бункерлерге көмірді, шойынды құю цехтарындағы
шойын балқытатын пештерге жеткізеді, баспаханаларда орамдарды, үлкен
кітапханалар мен мектептерде, сондай-ақ емханаларда азық-түлік пен
тауарларды тасымалдауда, көпқабатты гараждарда автомобильдерді көтеріп
шығаруда, өзен және теңіз флотындағы жолаушылар мен жүкті тасымалдауда
қолданылады.
Сонымен, лифт - қозғалтқышпен қатаң немесе серіппелі муфталы
редуктор арқылы байланысқан немесе тікелей электрқозғалтқышы арқылы
іске қосылатын көтергіш механизм. Ең көп қолднанысқа электрлік жетекті
және кабинасы арқан арқылы тартылған лифттер ие.
Соңғы жылдары лифттер жоғары дәрежелі автоматтандыру арқылы
орындалуда. Олар қолданудың көпке ортақтығымен, жайлылығымен және де
сөзсіз қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Тек қана электрлік жетек қазіргі
заманғы лифттердің қанағаттандыруы тиіс жоғарғы талаптарына сай келеді.
Ең алғашқы рет лифт жайлы римдік архитектор Вструвий жазған. Лифт
туралы мәліметтер б. з. д 236 жылдардан бастап кездеседі. Кейінірек жануар
күші арқылы немесе қолдай қозғалысқа келетін кабиналы лифттер жайлы
Египетте VI ғасырдың ортасынан, Францияда ХIII ғасырда, Англияда XVII
ғасырдан бастап айтылады.
Ресейде лифттер XVII ғасырдан бастап қолданылған. 1795 жылы
И. П. Кулибин Қысқы сарайға арналған бұрандалы жолаушылық лифттің
конструкциясын жасап шығарған.
1853 жылы АҚШ-та «аулағыш» құрылғы ойлап табылған. Бұл құрылғы
бағыттағыштар бойындағы кабинаны қалыпты жылдамдықтан асқан
жағдайда ұстап тұрған.
Бұл кезеңде лифттер бу машиналары арқылы қозғалысқа келтірілген, ал
көтергіш арқандар барабанға оралып және сырғып отырған.
1867 жылы арқан ды лифттерге қарағанда біршама артықшылықтарға
ие гидравликалық лифттер пайда болды. Бірақ бұл лифттердің бағасы
бірталай болды және қолданыс шығындары көп болды.
1878 жылы алғаш рет номиналды жылдамдықтан асқан кезде
аулағыштарды қосуға мүмкіндік беретін жылдамдық шектегіші ойлап
табылды.
XX ғасырдың басында электрлік лифттер таралымға ие болды.
1 Технологиялық бөлім
1. 1 Лифттер классификациясы
Лифттерді жіктестіретін көптеген белгілер бар. Олардың ішінен көп
таралғанын қарастырайық.
Жүктерді тасу бойынша лифттер төмендегі түрлерге бөлінеді:
− тұрғын үй ғимараттары үшін;
− қоғамдық ғимараттар үшін;
− адамдарды тасымалдау үшін және тұрмыста қолданылатын
өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін, егер олардың салмағы лифттің жүк
көтергішінен аспаса;
− ауруханаға, ауруларды тасуға арналған, оның ішінде
тасу
құралдарымен және алып баратын қызметкерімен, бұларды лифттер
басқарады;
− мүгедектер, өздерімен бірге өздері қолданылатын жолаушы лифттер,
тірек-қозғалтқыштық аппараттың функциясының бұзылуынан мүгедектерді
жоғары және төмен қарай төмендету үшін жасайтын;
− жүктік, жүктерді вертикальды орын алмастыруға арналған, оның
ішінде:
− жай жүктік;
− монорельс пен жүктік. Бұл лифттерде кабина төбесінің астынан
жүктік құрылғыларды ілетін (таль, тельфер және т. б. ) арқалық (бір
қабырғадан екіншісіне жеткізе салынатын жуан таяқша) бекітіледі;
− сықпа (қыспа), кабинаның төменгі жағына көтеру күші түсірілген;
− жаяу жүрушілер (тротуарные), шахта арқылы орналасқан люктің
жоғарғы бөлігінен шығып тұратын кабина. Бұл лифттер жерасты
автотұрақтарда, көшеден жер асты төлелерге орын ауыстыратын жүгі бар
автомобильдерді жоғары және төмен түсіру үшін үлкен жерастылы
сақтайтын орынды қоймаларда және т. б. жерлерде қолданылады.
− аз жүктік, өте көп емес жүктерді жоғарлату және төмендету үшін
арналған.
Тасымалдауды қоспау үшін адамдар 250 кг салмақтағы (одан артық
емес) жүк алып журуге есептейді, ал биіктігін 1250м-ден асырмау керек.
Арнайы (стандартты емес)
ерекше шарттармен қолданғанда, техникалық
талаптармен сәйкес арнайы өңделіп дайындалған. Оларға қатысты, мысалға
космостық кемелерде косманавтарды кабинаға көтеру үшін лифттер қажет.
Қызмет ету әдістеріне қарай лифттер жолаушылар өздері басқаратын өзіндік
пайдалану, сонымен қатар лифтер немесе жол көрсетуші бірге жүретін
лифттер болып бөлінеді.
Қозғалыс жылдамдығына байланысты лифттің кабиналарын баяу
жүретін (1 м/с дейін), жылдам жүретін (1-ден 2 м/с дейін) және жоғары
жылдамдықта (4 м/с-ден жоғары) болып бөлінеді.
Көтеру механизм жетегі сәйкес келетін лифттер электрлік (тұрақты
немесе айнымалы электр қозғалтқыштан жетекпен) және гидравликалық
(көтергіш гидроцилиндрлі түріндегі немесе айналатын типтегі
гидроқозғалтқышты шығыр) болуы мүмкін.
Шахталар түріне байланысты лифттерді орындауына қарай
төмендегідей бөледі:
− жырақ шахтада;
− металлкаркасты шахтада;
− құрастырылған (қосылған, араластырылған) шахтада.
Лифттер есіктер мен кабина құрылымы бойынша:
− ашылмалы есіктермен;
− вертикальды - немесе горизонтальды - жайылмалы есіктермен.
Есіктердің жетегіне байланысты лифттер бар:
− қолмен жасалынатын жетекпен (есікті және кабинаны жолаушы өзі
ашады) ;
− автоматты жетекпен;
− құрастырылған жетекпен (есіктер қолмен ашылады, ал жабылғанда) .
Тарту бөлігінің құрылымына байланысты лифттер арқанды,
шынжырлы (Галла шынжыры қолданылатын), ленталы, бұрандалы, негізі
беретін бұранда-гайкалы, плунжерлі, тісті доңғалақ және тісті білте тақтайша
қолданылатын реечті болып ажыратылады.
Арқанның қозғалысының сипаттамасынан кабинаға байланысты
лифттер кабинаны төмен жағынан ұстайтын тарту арқандары ілгіш және
қыспа жоғарғы арқанды болып ажыратылады.
Тарту арқанның запас сұлбасы бойынша лифттер келесідегідей
орындалады:
− тура, тік ілгішті;
− полиспасты ілгішті;
− арқанды мультипликатормен (әлсіз тоқтар күшін есептейтін аспап) .
Лифттің машиналы ғимараты шахта астынан, үстінен немесе тұтқадан
орындалуы мүмкін. Сонымен қатар, кейбір лифттер машиналы ғимаратты
керек етпейді. Қозғалыстың берілу әдісіне байланысты арқан бастаушы
бөліктен шығырлар тартатын арқан лифттер КВШ-лы, барабанмен және
жұлдызшамен болады. Лифттің шығырлары редуктормен немесе
редукторсыз орындауы мүмкін.
Лифт басқаруының келесі түрлері бар:
− ішкі, онымен кабина купесінен басқарады;
− сыртқы, кабина сырытынан;
− аралас - кабина купесінен және
тоқтататын аудандарда
басқарылады.
Басқару жүйесін қамтамасыз етуіне байланысты төмендегідей болып
бөлінеді:
− жай жеке басқару, тек қана бір топ (шақыру немесе бұйрық)
тіркелетін және жүзеге асырылатын кезде;
− жинайтын басқару, барлық топ тіркеледі, бірақ олардық орындалуы
лифттің жұмыс бағдарламасына сәйкес болғанда іске асады. Сондықтан
шақыру немесе бұйрық бойынша жолай аялдамалар болуы мүмкін. Адамдар
тұратын ғимараттардағы лифттер үшін шақыру бойынша жолай тоқтаулар
кабина төмен қарай қозғалғанда орындалады, ал қоғамдық ғимараттарда - екі
бағытта болады. Бұйрық бойынша жолай тоқтаулар барлық лифттерде екі
жақ бағытта да қарастырылған;
− жеке басқару (бір ғана лифтпен басқару) ;
− топтық басқару - бір шахтада орналасқан бір қабатта, бір қызмет
атқаратын және бірдей жылдамдықтағы лифттер тобымен басқару;
− топтық басқарудың әртүрлілігі лифтпен қос басқару болып
табылады, көпқабатты тұрғын үй ғимараттарында қолданылады.
1. 2 Лифтінің негізгі сипаттамалары
Лифтінің негізгі сипаттамалары болып қозғалу жылдамдығы, жүк
көтергіш, кабинаның жоғарғы биіктік көтергіші және тоқтамалар саны
табылады.
Лифтінің жұмыстық және номиналды жылдамдығын ажыратады.
Номиналды жылдамдық дегеніміз - лифтіге есептелген жалпы жылдамдық.
Ал, кабина қозғалысының жылдамдығы - жұмыстық деп аталады. ПУБЭЛ
оның ауытқуын тұрақтыдан бастап 15% пайызға дейін жібереді.
Жүккөтергіш дегеніміз - лифт тасымалдайтын жүктің едәуір үлкен
салмағы. Оған тұрақты қондырғылары бар кабинаның салмағы кіреді.
Лифтінің номиналды жүк көтергіші кабинаның жоғарғы пайдалы
ауданына тәуелді. Сонымен, 0, 37 м 2 кабинаның жоғарығы пайдалы ауданы
кезінде, бір адамдық лифтінің номиналды жүк көтергіштігі 100 кг құрайды,
ал екі адам үшін кабинаның жоғарығы пайдалы ауданы 0, 58 м 2 болса,
лифтінің номиналды жүк көтергіштігі 180 кг құрайды. Жүк көтергіштің 225
кг мәні 0, 7 м 2 кабинаның жоғарығы пайдалы ауданына сәйкес келеді 300 кг -
0, 9 м 2 ; 375 кг - 1, 1 м 2 ; 400 кг - 1, 17 м 2 ; 450 кг - 1, 3 м 2 ; 525 кг - 1, 45 м 2 ; 600
кг - 1, 6 м 2 ; 630 кг - 1, 66 м 2 ; 675 кг - 1, 75 м 2 ; 750 кг - 1, 9 м 2 ; 800 кг - 2, 0 м 2 ;
825 кг - 2, 05 м 2 ; 900 кг - 2, 2 м 2 ; 975 кг - 2, 35 м 2 ; 1000 кг - 2, 4 м 2 ; 1050 кг -
2, 5 м 2 ; 1125 кг - 2, 65 м 2 ; 1200 кг - 2, 8 м 2 ; 1250 кг - 2, 9 м 2 ; 1275 кг - 2, 95 м 2 ;
1350 кг - 3, 1 м 2 ; 1425 кг - 3, 25 м 2 ; 1500 кг - 3, 4 м 2 ; 1600 кг - 3, 56 м 2 ; 2000 кг
- 4, 2 м 2 ; 2500 кг - 5, 0 м 2 . Жүктеменің аралық мәндері үшін аудан сызықты
интерполяция әдісімен анықталады. Жүккөтергіштері 2500 кг асқан сайын әр
көтерілген 100 кг-ға 0, 16 м 2 қосылады
Лифтінің маңызды сипаттамасы болып, кабинаның нақты тоқтауы
кіреді (нақты тоқтау) -кабина еденінің вертикаль бойының аралығы мен
кабина тоқтағаннан кейінгі қабаттың аудандарының ара қашықтығын
айтамыз. Көліктің толы болуы баспалдақтан жолаушылардың кіріп, шығуына
қиындық тудырады, сол себептен кабинаның нақты автоматты тоқтауы
эксплуатациондық жұмыс режімі кезінде ±3, 5мм шамасында болуы керек.
1. 3 Лифтінің типтік құрамы мен құрылғы
Кез-келген типтегі лифт келесідей құрастырмалы бөліктерден тұрады:
құрылыстық
бөліктерден, механикалық қондырғылар мен электр
қондырғыларынан.
Лифтінің құрылыстық бөлімі, құрылыстық ұйымдарда салынған
лифтінің қондырғыларын орналастыруға арналған. Ол Құрылыстық нормалар
мен ережелердің (ҚНмЕ), ПУБЭЛ және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес
болуы керек.
Құрылыстық бөлім тізбектегі немесе арқандардың тартылуындағы
үзілуі, сонымен қоса лифтіні сынауда эксплуатация кезінде пайда болған
жүктемеге есептелінген.
Оның жобалануы құрылыстық бөлімнің
жобалануындағы тапсырмаға сәйкес және жолаушы тасымалдайтын, жүктік
лифтінің мемлекеттік стандартына байланысты іске асырылады.
Құрылыстық бөлім лифтінің барлық қондырғылары кіретін шахтадан
және машиналы ғимараттан тұрады. Құрылыстық бөлімге лифтінің
құрылғысынан тәуелді блоктық ғимараттар да кіреді.
Лифтінің қондырғылары орналастырылған ғимаратқа кіру мүмкіндігі
горизонталь аудан арқылы жүзеге асырылған. Орнатылған ғимарат 0, 35 м
жоғарылаған сайын оған әртүрлі жағынан жақындау мүмкіндігі бар, және де
баспалдақтар қажет, ол келесідей шарттарды қанағаттандыру тиіс:
-баспалдақтың биіктігі 1, 5 м болады, ол горизонтқа 60° бұрыштан
аспауы тиіс;
-баспалдақтар ені 0, 35 м, ал сатылардың ені 25 мм аспауы тиіс. Егер,
баспалдақты вертикаль орналастырған жағдайда баспалдаққа
орналастырылған саты мен қабырғаның ара қашықтығы 0, 15 мм аспайды,
сатылар 1500 Н жүктемеге есептелуі керек;
-биіктігі 0, 5 м болатын баспалдақ тұтқамен немесе биіктігі 0, 9 м
болатын сүйенішпен жабдықталуы тиіс;
-баспалдақтың жалпы биіктігі 4, 0 м болуы керек.
1. 3. 1 Машиналы және блоктық бөлімі
Машиналы ғимарат - бұл лифт жабдықтарын қоюға арналған жеке
бөлме. Лифт құрылымына қарай ол шахта астында, үстінде немесе алыс
болуы мүмкін.
Блоктық ғимарат - бұл блоктық құрылғыларға арналған жеке бөлме.
Олар тек шахта үстінде болады.
Машиналы ғимаратта орнатылуы мүмкін:
− шығыр 3 - лифттің көтеру механизмі;
− жылдамдықты шектеуіш 1 -қауіпсіздік құрылғысын қосқанда
механизмді қозғалысқа келтіретін құрылғы, ұстағыштар деп аталатын
кабинаны тоқтататын және оларды бағыттаушыларға ұстап тұратындар.
− басқару станциясы - төмен вольтты жинақталған құрылғы (ТЖҚ) 4,
лифт жұмысын басқарады;
− монорельс 2 - жүк көтеру құралдарын ілуге арналған құрылғы,
жөндеу жұмыстары кезінде лифт жабдықтарының орын ауыстыруында
қолданылады.
− қосу құрылғысы 16, лифттен кернеуді алуды және беруді қамтамасыз
етеді;
− жарық түсіруді шахта және машиналы ғимаратты өшіретін;
− төмендететін трансформаторы 20, түрлендіргіштер, түзеткіштер және
ТЖҚ құрамына кірмейтін басқа да электрқұрылғылары;
− арқан қанаттардың шынжыры (полиспастты шынжырлы лифттер
үшін) ;
− орталық қабатты аппарат (көшіру аппараты) ;
− бағытын өзгертетін блоктар және контршкивтер, егер олар шығыр
құрамына кірмейтін болса.
Машиналы және блокты ғимараттарда қондырғы орнатуға және лифтке
керектісі болмаса қоюға болмайды. Машиналы және блоктық ғимаратта
орналасады:
− лифтке қызмет көрсететін механизмдер;
− желдетуге және ауаны суыту және жылытуға арналған қондырғылар;
− күзеттік немесе өрттік белгі беру;
− өрт сөндіру құрылғылары.
Машиналы және блоктық ғимаратқа кіру есік арқылы іске асырылады.
Блоктық ғимаратқа, машиналы ғимаратқа люк арқылы кіруге болады.
Машиналы және блоктық ғимараттарға кіру үшін есіктер, құлпысымен бірге,
дөңгелек немесе шаршы ауданға 5 см 2 ауданмен бірдей таралған және оның
кез келген жеріне тік, түзу бұрыш астынан есік панеліне салынған және кез
келген жағынан серпімділік деформациясымен, 15 мм аспайтын, сонымен
бірге қалдық деформация жіберілмейтін 300 Н жүкті тиеуге шыдау керек.
Есіктер мен люктердің қақпақтары машиналы және блоктық ғимараттарға
кіру үшін сыртынан кілтпен, ал ғимараттың ішкі жағынан -кілтсіз ашылатын
құлпы салынуы мүмкін. Люк қақпағы ғимаратқа құрал-жабдықтар мен
құрылғылар беру кезінде де сол талаптарды қажет етеді.
Блоктық ғимараттарда да келесі қондырғылар орнатылады:
− ауытқитын блоктар;
− контршкивтер;
− жылдамдықты шектеуіш;
− полиспасты шынжырлы лифттер үшін тарту арқан шынжырлар;
− блоктық ғимаратқа жарық түсіруді ажырататындар;
− лифтті басқаруда шынжырын ажыратқыштар, жөндеу жұмыстары
немесе блоктық ғимараттарының қондырғылары жұмыс жасап жатқан
уақытта қажет етеді.
Машиналы және блокты ғимарат едені бірнеше деңгейде болуы
мүмкін. Егер деңгей айырмашылығы 0, 35 м -ден асатын болса, онда
стационарлы баспалдақ бір деңгейден келесі бір деңгейге өту үшін горизонт
жағынан 60° бұрышты немесе пандус, горизонт жағынан 20° бұрышпен
жабдықталуы керек. Егер деңгей айырмашылығы 0, 5 м жоғары болса, онда
баспалдық, пандус және жоғарғы алаң құлама аймақта деңгей биіктігі 0, 9м
биіктіктен төмен емес таянышпен (сүйеніш) қоршалуы мүмкін. Блокты
ғимараттарда биіктік 1, 5м -ден кем болмау керек.
1. 3. 2 Машина емес ғимараттарда
лифт
қондырғыларын
орналастыру үшін ПУБЭЛ талаптары
Машина емес ғимаратарда лифт қондырғыларын орналастырудағы
мүмкіндіктер. Ол үшін ПУБЭЛ талаптары орындалуы қажет:
1. Қызмет етушіге барлық жағдай жасалуы керек, егер кабина өздігінен
жабылып қалған жағдайда ол аймақты тастап кете алады.
2.
Кабинадағы жолаушыларға эвакуация жүргізу барысында
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz