Сырдария өзені бойына


КІРІСПЕ
Солтүстік Арал теңізін пайдалану ережесі КВР МСХ ҚР басшысы А. Д. Рябцевтің 2005 жылы 13 тамыздағы Хаттамасының (1-қосымша) және 2005 жыл 31 тамыздағы техникалық тапсырма негізінде, «Зарубежводстрой» БАҚ берген (2-қосымша), су сыйымдылығы 10 млн. м3-тан(РД 33-3. 2. 08-87. Москва ММ және ВХ СССР) көп су қоймаларын пайдалану туралы типтік ережелерін пайдалана отырып жобаланған.
1960 жылға дейін Арал теңізі әлемде төртінші орындағы ағынсыз жабық көл-теңіз болып келді. Теңіздің көпжылдық орташа деңгейі 1911 жылдан 1960 жылға дейін 53, 0(абс. ) белгіде болып келді. Бұл белгіде теңіздің ауданының деңгейі 68. 3 мың км3, оның ішінде сулы аудандар -66, 1 мың км2 және 2, 2 мың км2-жалпы ауданы-1100 аралды құрайды.
Судың көлемі-1064 км3, орташа тереңдігі 16, 1 м, ең үлкен тереңдігі 69м-ді құрайды. Жыларалық өзгерістер көрсеткендей тұздылықтың орташа шамасы 9, 8-ден 10, 3‰, маусымаралық 9, 0-ден 14, 6‰, оның ішінде минимум көрсеткіші көктемде бақыланды, максимум көрсеткіші қыста және жазда байқалған.
Теңіздің сулылық және тұздылық балансы, оның гидрохимиялық режимі, биологиялық өнімділігі, теңіздің географиялық нысан ретінде болуы тек Амудария және Сырдария өзендерінен келетін ағын арқылы анықталды.
1960 жылдардың басында суды есепсіз пайдалану, әсіресе егіншілікке, осыдан кейін теңізге келетін өзен ағыны деңгейінің төмендеуі басталды. Осының нәтижесінде теңіздің гидрохимиялық режимі және судың тұздылық балансы бұзылды, теңіздің деңгейі тез төмендеп, теңіздің тұздылығы өсіп, оның көлемі мен ауданы қысқарды.
1989 жылдардың басында теңіз деңгейі критикалық белгіге дейін, яғни 40, 0 м төмендеп, осының негізінде теңіз -Үлкен Арал теңізі (ҮАТ) және Кіші Солтүстік Арал (САТ) теңізі деп аталатын екі су айрығына бөлінді. Үлкен және Кіші теңіз Берг бұғазы арқылы жалғасты. Кейінгі жылдары және 2005 жылға дейінгі аралықта Кіші теңіздің деңгейі 40-40, 5м белгіде, су бетінің ауданы-2900 км 2 және көлемі 21, 0 км 3 құрады. Үлкен теңіздегі су деңгейі 36, 8 м, ауданы 30 мың. км 2 және көлемі 230 км 3 болды. Теңіздер арасындағы су айырмашылығы 3 м-ді құрады, қазіргі таңда үлкен теңіздегі су деңгейінің төмендеуі жалғасуда.
Кіші теңіздің Үлкен теңізге әсері іс жүзінде тоқтады. Яғни Үлкен теңіздің алаңы мен көлемі Кіші теңізге қарағанда 11-13 есе үлкен, Кіші Аралдан судың құйылуы Үлкен Аралға айтарлықтай пайда әкелмейді (Кіші Аралдағы 1 м су қабатының өзгерісі Үлкен Аралға 9 см дейін су қабатының өзгерісін тудырады) .
Барлық кезеңнің ұзақтығында теңіз деңгейінің төмендеуі, САМ-ның тұздануы БАМ-ға қарағанда барынша жылдам қарқынмен өтті және 1990 жылы үстіңгі қабаттағы теңіз суы тұздануының орташа мәні 33
жетті.
Арал теңізінің биологиялық жүйесі сондай-ақ елеулі антропогендік қысымға ұшырады. Судың тұздануы нәтижесінде зоопланктон мен зообентостың түрлік құрамы бірден жұтаңданып кетті. Зоопланктон түрінің бірінші түсуі 12-14
тұздану диапазоны кезінде, екіншісі - 25-30
тұздану кезінде өтті.
Зообентостың түсуі 12-14
тұздану кезінде өтті. Болжалды есеп бойынша Арал теңізінің шамамен 70% мекендеушілері қырылды, қалған 30% теңіздің байырғы мекендеушілері емес, салыстырмалы түрде жақында ғана орналасқандар. Сандық көрсеткіші бойынша теңіз суы планктонының бактериясы «ластанған» көрсеткішке жатты.
Солтүстік теңіз суы ластануының негізгі көзі Сырдария өзенінің суы болып табылады. Алайда соңғы жылдары олардың теңізге ағуы азайды, суарылатын егіншілікті азайту есебінен олардың ластануы да азайды, яғни теңізге де ластаушы заттардың түсуі айтарлықтай азайды, бұл оның ластану деңгейінің төмендеуіне жеткізді.
Арал теңізінде балықтардың 20-ға дейінгі түрі мекендеді, оның ішінде 15-і кәсіптік (табан балық, сазан, торта балық, көксерке, сүген, ақбалық, шортан, жайын, қылышбалық және т. б. ), оның 30% астамы Аралдың жалпы ауланатын балықтар үлесіне келеді.
Қазақстан бөлігіндегі Арал теңізінен жалпы балық аулау 1930-1965 жж. шамамен 35000 тоннаны (га/жыл 200 кг дейін), 1966-1975 жж. - 15000 тоннаны, 1982 ж. тек 76 тоннаны құрады, ал алдағы жылдары камбаладан басқа іс жүзінде ешқандай балық аулау байқалған жоқ. 1990 жылдан бастап Солтүстік теңізде жерсіндірілген камбаланы аулау 150 тоннаға дейін есептелді.
80-ші жылдың басында мекендеушілер ортасының өзгеруінен (су ағысының төмендеуі, химиялық құрамның өзгерісі), антропогендік әсерден (Сырдарияға бөгеттің салынуы, уылдырық шашатын орынның мекендеу орнынан бөлінуі, теңіздегі балықтарды өсіру жағдайының нашарлауы, жерсіндіру бойынша шаралар, олар планктон мен бентосқа тағамдық жүктемені ұлғайтуға және кейбір омыртқасыз жануарлардың балықтарды жеуіне алып келді, бұл азық базасының бірден қысқаруына әкелді), сондай-ақ қарқынды балық аулаудан Арал теңізі өзінің балық кәсіпшілігі маңызын жоғалтты. Балықтардың іс жүзінде жоғалып кетуі балықтар мен оларға байланысты құстардың және жабайы жануарлардың топтануының арасындағы түрлік сан алуандықтың қысқаруына және бұзылуына алып келді.
Қазіргі уақытта 1979 жылы Арал теңізіне түскен камбала ғана ондағы суды 20-30% дейін минералдандыру арқылы теңіздің барлық акваториясына тарай алды, ол бұл жағдайда кәсіптік санға жетті.
Сонымен қатар, теңіздің құрғау есебінен кеуіп қалған теңіз түбінің аумағынан желді тұзды шаңның көтерілуі және жағалау аумақтарының құрғауы басталды, бұл өңірдің климаттық жағдайының қатты нашарлауына алып келді.
90-шы жылдардың басында Арал маңы экологиялық апатты аймақ болып жарияланды. 1990 жылы Арал теңізі екі су айдынына бөлінгеннен кейін 1991 жылдан бастап Кіші теңіздің қарқынды тұщылануы өтуде. Теңіз суы тұздануының орташа мәні үстіңгі қабатта 33
бастап 19, 4
дейін төмендеді, ал Бутаквока шығанағында байқалған тұзданудың ең жоғары мәні бұл кезеңде 16, 2
азайды, сағалық кеңістік акваторийі 2005 жылға қарай 2 бастап 60 мың га дейін ұлғайды, осы аймақтағы судың тұздылығы 1, 1-17, 5
дейін төмендеді. Бұл жағдайда САМ-ның тұздану процесі бұрын болжанғандағыға қарағанда, едәуір қарқынды өтті, әсіресе Берга бұғазында уақытша бөлу дамбасын салғаннан және су деңгейі 42, 0 м дейін көтерілгеннен кейін. Алайда 1996 жылы Сырдария өзеніндегі ағын көлемінің төмендеу және бөлу дамбасының бұзылуы нәтижесінде тұщыланған арна алдындағы аймақ акваторийінің қысқарғандығын және судың тұздылануының артқандығын айта кеткен жөн. Бұл САМ-ның тұздану режимінің өте қарқынды және өзен ағынының түсу көлеміне, су деңгейіне және оның айналма сипатына байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан САМ-дағы судың белгілі деңгейін қолдау үшін, Сырдария өзеніндегі жыл сайынғы ағынды тұрақты шоғырландыру үшін суағар құрылысы бар және тазартатын жағдай жасау мүмкіндігі бар Берга бұғазында бөгет болған кезде, сондай-ақ әртүрлі ішкі табиғи судағы процестер есебінен (су массасының желмен араласуы, әртүрлі тұздылықтағы су массасы шегінде араласу және т. б. ) САМ тұщылануды жалғастыратын болады. Бұл САМ-дағы қоршаған ортаны одан әрі нашарлатуды тоқтатуға және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді.
Сырдария өзенінің сағасына жапсарлас тұщыланған су аймағында табан балық, сазан, торта балық, көксерке, сүген, ақбалық, шортан, жайын, қылышбалық және т. б. сияқты балықтар тобы пайда болды.
Тұщыланған судың аборигендік ихтиофаунасы негізінен көлдер мен Сырдария өзенінен түсетін балықтар есебінен жасалды. Тізбеленген балықтардың биологиялық көрсеткіштері жақсы және дәмдік сапасы бойынша көл балығынан асып түседі, алайда олардың популяциясы көп емес және кәсіптік маңызы жоқ.
Теңіздегі балықтардың жақсы биологиялық көрсеткіші және олардың тұщыланған аймақтағы жағдайда қалыпты дамуы, сондай-ақ САМ-да Сырдарияның келешектегі тұрақты ағысын ұдайы толықтыруға жағдайдың болуы және теңіздегі судың тұщылануы балықтар санын оларды өндірушілердің баққандығынан ғана емес, сонымен бірге Солтүстік Арал теңізінің ұлғайтылған тұщыланған аймағында аборигендік ихтиофаунаны жасау есебінен де ұлғайту үшін жағдай жасайды.
САМ-да имарат құрылысын (бөгет, суағызғыш) аяқтағаннан кейін судың тұрақты деңгейі (42-40, 5 м) орнатылады және теңіздегі тұздану жалғасатын болады, атап айтқанда:
- Сырдария өзені сағасының ауданындағы жағалауда ащылық 1÷3дейін төмендейді, ол ағыс пен толқын әсеріне ықпал етуі тиіс;
- Ащылық Шевченко және Бутаковка шығанақтарында 20және одан көпке жетіп, өзен сағасынан бастап артатын болады;
- САМ өзінің барынша терең бөліктерінде тереңдігі бойынша жоғары өнімді 5-метрлік аймақты бөле отырып, қатпарланады. Таяз аймақтар толқын ықпалында болады;
- Тұздылығы төмен Сырдария өзенінен келетін су ағыны болашақта жеңіл және жылы болады, оған қарағанда теңіздің (жылдың көп уақыты) терең қабаттарындағы тұзды су аса ауыр, суық бола отырып, оның үстінде жылжитын болады;
- Теңіздің 10-15 м барынша терең жерлерінде судың еке есе конвективті тіке араласуы өтеді - көктемде түпкі қабаттың көтерілуі және судың беті қалай жылығанда немесе 4ºС суығанда, үстіңгі беттен құлауы;
- САМ-да қазірдің өзінде айтарлықтай көлемде жағалаудағы балық шаруашылығы дами бастады. 42 м белгіде тұрақтанған және тұздылығы 2дейінгі беткі сулар деңгейі кезінде жағалаулық және теңіз жанындағы су өсімдіктерінің экожүйесі қазіргідей 40, 5 м белгіде дамитын болады, бұл кәсіптік балық шаруашылығын дамыту үшін қажет. Сондықтан барлық жоғарыда тізбеленгендер теңіздің балық өнімділігін 150-200 кг/га дейін ұлғайтуға және САМ-да балық аулауды жылына 5 тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
1999 жылы Қазгипроводхоз CES Consulting Saigitter Gmbh Sogreah ingenieric ассоциациясы бірінші саты ретінде жоспарланған «Арал теңізінің бассейнін оңалту және дамыту жөніндегі жалпыға бірдей бағдарламасының» «Сырдария өзені мен Солтүстік Арал теңізін реттеу» (СӨСАТР) жобасын әзірледі.
Болжанған Арал теңізінің бассейні жөніндегі іс-қимылдар жоспарының бөлігі болып табылатын бағдарламаны Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан Республикалары мемлекеттерінің басшылары мақұлдады.
Бірден-бір Жобаның ұзақ мерзімді мақсаттары:
- Солтүстік Арал теңізінің тұрақты су деңгейін сақтау және қолдау;
- балық өндірісін арттыру;
- халық пен жануарлар денсаулығын жақсарту;
- Арал маңындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту;
- экология мен аумақтың биологиялық сан алуандығын жақсарту.
Сонымен қатар, мыналарды қоса алғанда, ұйымдық құрылысты жақсарту жоспарланып отыр:
басқаруды, сондай-ақ негізгі гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен жөндеуді жақсарту;
жобаларды басқару;
жобалау мен құрылыс бойынша қызметтерге мониторинг жүргізу және бағалау;
арнайы жобалық зерттеулер жүргізу.
«Сырдария өзені мен Солтүстік Арал теңізін реттеу» жобасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сараптамасында және Бүкіләлемдік Даму Банкісінде қаралып, мақұлданды.
Жоғарыда көзделген жобаны дамытуда қазірдің өзінде 2006 жылы Берга бұғазында су шығару құрылысы бар бөгетті («САМ бөгеті» объектісі) және Сырдария өзенінің сағасына Ақлақ гидроторабын салу аяқталады. Бұл объектілер СӨСАТР жобасының бөлігі болып табылады.
Осы «Пайдалану ережесі» «САМ бөгеті» объектісінде құрастырылды. Осы « . . . ережесінің» қағидасы тұрақты және су тірейтін құрылыстары бар суайдынын уақытша, сондай-ақ тұрақты пайдаланатын мерзімге таратылады. Уақытша пайдалануға бастапқы кезеңдегі құрылыстарды пайдалану түсініледі, яғни толтырғаннан бастап ҚТД жеткен сәтке және гидроторапты тұрақты пайдалануға енгізгенге дейін. Уақытша пайдалануды, әдеттегідей, бас мердігерлік ұйым, атап айтқанда «Зарубежводстрой» ААҚ КФ жүзеге асырады, сондықтан Уақытша « . . . ережесі» бір мезгілде осы « . . . ережесінің» тапсырысшысы болып табылатын «Зарубежводстроеммен» қосымша келісілуі тиіс.
Гидроторапты тұрақты пайдаланудың басталуы құрылыстарды тұрақты пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның актіні бекіту күні болып табылады.
«Ақлақ гидроторабы» объектісін пайдалануға енгізгеннен кейін су тұтыну мен су пайдалану көлемінің шартында, сондай-ақ құрылыс құрамында өзгерістер өтеді. Сондықтан пайдалану ұйымының тапсырмасы бойынша тек осы « . . . ережені» әзірлеген Қазгипроводхоз институты ғана осы « . . . ережесіне» түзету енгізеді, оған Ақлақ гидроторабын пайдалану бойынша шаралар қосылуы тиіс.
Қазгипроводхоз институты «Пайдалану ережесінің» 6 данасын басып шығарды, оның төртеуі тапсырысшы «Зарубежводстрой» ААҚ КФ беріледі, ол болашақта 1 данадан төмендегілерге беруі тиіс:
- «Арал» СКБД РМК пайдалану басқармасына;
- «САМ бөгеті» объектісінің жөндеу-пайдалану учаскесіне;
- суды пайдалану мен қорғауды реттеу бойынша аумақтық Арал-Сырдария бассейндік басқармасына;
- гидрометрология және табиғи ортаны бақылау бойынша аумақтық басқармаға.
Бұдан бөлек 1 дана Қазгипроводхоз институтының мұрағатында және 1 данасы осы ережені әзірлеген институтын бөлімінде қалады.
Осы « . . . ережесінің» талаптарын сақтау су тіреуіш құрылыстарын пайдалануға, сондай-ақ аталған суайдынын САМ-ның және оның суқорғау аймағының пайдалануына қатысы бар барлық азаматтар, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер үшін міндетті.
- САТ БӨГЕТІНІҢ ОРНАЛАСУЫ, АНЫҚТАМАЛЫҚТАР, ҚЫСҚАША СИПАТТАМА
Солтүстік Арал теңізі Қызылорда облысының Солтүстік-Батыс бөлігінде, Арал қаласының темір-жол станциясынан 40-50км алыста орналасқан. САТ құрайтын бөгет Сырдария өзені сағасынан 5км, Арал қаласы оңтүстігінен 100 км, Жаңақазалы қаласынан солтүстік-батыста 130км қашықтықта. Қаратерең ауылы теңізден 30 км қашықтықта орналасқан.
САТ -орналасуы схемасы 3 кітап қосымшасындағы 1. 1 және 1, 2 беттерде көрсетілген. Үлкен тұрақты тоған (САТ) ұйымдастыру Іргелес аудандардың климаттық жағдайын айтарлықтай жақсартуды ұсынады, ауа ылғалдығын көтеру арқылы теңіз түбінен ұшқан тұзды-шаңды желді тоқтату жүргізіледі. Бұл осындағы халықтың жан-жануарлардың денсаулық жағдайын жақсартумен, аумақтың экологиялық және биологиялық алуантүрлілігінің жақсаруымен анықталады. Құрылған су ауданынан өндіріс және балық аулау жұмыстары халықтың "жұмыс орындарына" айналмақ, осы арқылы Аралдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартамыз.
Солтүстік Арал теңізі 42, 0 м белгідегі тіректе 3288 км 2 су бетілік ауданды, 27, 07 км 3 су көлемін құрайды.
Топографиялық сипаттама немесе су ауданына тәуелді қисықтар және деңгеймен толу көлемі № 1. 1 және 1. 2 суреттер болып табылады.
1. 1 САТ бөгеті орналасқан аймақтың қысқаша климаттық сипаттамасы
САТ орналасқан аймақ құрғақ, климаты тез континентальды, ұзаққа созылатын ыстық жазымен, суық қысымен, жылдық және тәуліктік тербелмелі ауа температурасымен, төмен ылғалдылығымен және аз мөлшерде жауатын жауынымен сипатталады.
«Арал теңізі» метеостанциясы мәліметтеріне сүйене отырып жасалған, орташа айлық негізгі метеорологиялық параметрлер №1. 1. кестеде келтірілген.
Кесте 1. 1
Орташа айлық негізгі метеорологиялық параметрлер
- кестенің жалғасы
- Максималды және минималды тіркелген ауаның температурасы -380С, +440С.
- Желдің бағыты- солтүстік-шығыс; максималды желдің жылдамдығы-25 м/с.
- Теңіздегі мұзұстағыш желтоқсан айының ортасында бақыланады. Орташа мұздың қалыңдығы 50-ден 70 см-ге дейін құрайды. Максималды қалыңдығы 90-нан 114 см аралығында. Мұздың еруі наурыз айының басында басталады. Мұз қабаттарының сақталуы орташа есеппен 100 күнді құрайды.
1. 2 Гидрологиялық шарттар. САТ-қа келетін ағын мүмкіндіктері
Кіші Арал теңізін толтырушы негізгі көз Сырдария өзені және оның ағындары. САТ бөгеті Сырдария өзенінің соңғы пайдаланушысы және негізінен балық шаруашылығына пайдаланады.
Сырдария өзеніндегі судың көлемі көпжылдық кезеңнің орташа шамасы бойынша 37, 6 км 3 -ті құрайды.
1960 жылдардан кейін, өзен бассейніне үлкен көлемдегі су қоймаларын салғаннан, суға деген талабы күшті егіншілікпен айналысқаннан өзеннің гидрологиялық режимі бұзылды. Қазіргі таңда САТ-не келіп құятын ағын режимі Шардара су қоймасынан шығатын ағын көлеміне тікелей байланысты.
Қазіргі таңда Сырдария өзенінің жоғарғы ағысындағы су ресурстары түгелдей дерлік реттелген. САТ-тан басқа Сырдария өзеніндегі суға талап қоятын негізгі нысандар егіншілік, энергетика, ауыз су, өндірісті, жайылымдарды сумен қамту, көл, табиғи кешендер, экологиялық қажеттіліктер.
САТ Сырдария өзенінің соңында орналасқан суға талап қоюшы болып табылады, сондықтан оған апаттық деңгейде су жетіспейді. Тек суы мол болған жылдарды және соңғы жылдары, қысқы уақыттағы Тоқтағұл су қоймасының жұмыстарына байланысты, сағаға түскен артық су төменге қарай жіберіледі және САТ-қа келіп түседі.
Бұрынғы КСРО басшылық органдарының шешімімен, 1982 жылдан бекітілген Шардара су қоймасынан келетін міндетті орташа ағын су мөлшері 12 км 3 /жыл-дан 10 км 3 /жыл-ға азайды. Қорытындысында тәуелсіз Орталық-Азия мемлекеттерінің құрылуына байланысты белгіленген су пайдалану шарттарын сақтауды қамтамасыз ету туралы құжатқа қол қойды.
Қазақстан бөлігіндегі Сырдария өзенінің оңайлатылған су шаруашылық балансы және Шардара су қоймасынан келетін ағын көлемі төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 1. 2
Сырдария өзенінің оңайлатылған су шаруашылық балансы және Шардара су қоймасынан келетін ағын көлемі
Шектелген,
(по лимиту) км 3 /жыл
Шындығынды
(по факту) 1975-95 жж. үшін,
км 3 / жыл
- кестенің жалғасы
Сурет 1. 1 Сырдария өзенінің Қазақстан аумағынан ағып өту сызбасы
1994 жылы Орталық-Азия мемлекеттері аймақтарының Нүкүс конференциясында Арал экологиялық тұрғыдан өзгеше су пайдаланушы ретінде қарастырылады деп келісілген, бірыңғай су-экологиялық стратегиясының негізінде барлық мемлекеттермен судың үлесі анықталған.
Аралға минималды түрде суға деген қажеттілік Амудариядан 8, 5 км 3 және Сырдариядан 3, 5 км 3 , 2010 жылы бұл көрсеткіш тиісінше 14 км 3 және 6 км 3 болды.
САРАТС жобасы бойынша Шардара су қоймасынан төменгі бьефке максималды су тастау мөлшері жазда 1500 м 3 / с мөлшерінде, қыста 700 м 3 / с мөлшерінде деп қарастырылған. Трансформациялық есеппен, Қазалыға дейінгі жолда (Шардара су қоймасынан 1442 км) максималды түрде мүмкін болу шығын көлемдері жазда 1000 м 3 / с және қыста 450 м 3 / с.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz