Қызылорда облысының картасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Су ресурстары және мелиорация кафедрасы

Жұмабек Жансая Жорабекқызы

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Қызылорда облысы шиелі ауданы "Қарғалы" жеке шаруашылығы жерлерінде көкөніс дақылдарын суғару

5В081000 - Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау мамандығы

Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ауыл шаруашылығы
минисТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті

Су ресурстары және мелиорация кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы:__________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _____________________

Беттер саны _____________
Сызбалар мен көрнекі материалдар_____________
Қосымшалар_____________

Орындаған ___________________________________ ________
(аты-жөні)

20___ ж. ______________ қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)
Жетекші ________________ ______________________________
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
_____________________ _______________ ____________________________
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
_____________________ _______________ ____________________________
(тарау) (қолы) (аты-жөні)

Норма бақылау _______________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы _______________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні)

Алматы 2018
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті

Су ресурстары және мелиорация кафедрасы

5В080500 - Су ресурстары және суды пайдалану мамандығы

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент ___________________________________ _______________________________
(аты-жөні)
Жұмыс (жоба) тақырыбы
___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ __________________________________

Университет бойынша 20___ж __________________ №____ бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 20___ж _________________

Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ______________
___________________________________ _______________________________

Дипломдық жұмысты (жобаны) өңдеуге арналған мәселелер тізімі

___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ____________________

Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ____________________

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
___________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ ___________________________________________ _________________

Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы

Кафедра меңгерушісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)

Жұмыс жетекшісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)

Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ________________ _____________________________
(қолы) (аты-жөні)

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

ГРАФИГІ

Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер

Кафедра меңгерушісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)

Жұмыс жетекшісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)

Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ________________ _____________________________

(қолы) (аты-жөні)

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта әлемдік аграрлық экономика мен демографияның жаңа үрдістері қалыптасуда, өңірдегі ықпалдастыру процестері нақты дами бастады, жаһандық климаттық өзгерістер болуда. Қазақстан Кеден одағына (КО) кірді, таяу кезеңде Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жоспарлануда. Алайда, саладағы еңбек өндіргіштігінің төмен деңгейі, пайдаланылатын технологиялардың жетілдірілмегендігі, өндірістің ұсақ тауарлы болуы ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды негізде жүргізуге, материалдық, еңбек және басқа ресурстарды неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік бермейді.Осы факторлар отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, бұл ДСҰ мен КО жағдайларында шетелдік өнім импортының басым болуына, жергілікті өндірушілерді өткізу нарықтарынан ығыстыруға әкелуі мүмкін. Азық-түлік өнімдерін тұтынудың қарқынды өсуімен және тұтыну құрылымының неғұрлым сапалы өнімдер жағына қарай өзгеруімен ел халқының өсуі орын алуда. Елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі, халықты жұмыспен қамтуды арттырудағы және республиканы экономикалық дамытудағы ауыл шаруашылығының рөлін Мемлекет Басшысы бірнеше рет, оның ішінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты векторы атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті[1].
Сондықтан Қарғалы жеке шаруашылығының ауышаруашылық егістік жүйесінде ауыспалы егістік желісін пайдаланып, егістік жердің топырақ жүйесінің экологиялық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін егістік жерге жаңбырлатып-тамшылатып суғару жүйесін пайдаландық.

1 ҚАРҒАЛЫ ЖЕКЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

1.1 Орналасқан орны

Қарғалы жеке шаруашылығы Қызылорда облысы Шиелі ауданында, Сырдария өзенінің төменгі ағысының бойында орналасқан. Сырдария өзені оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа дейін орналасқан. Солтүстікте Сырдария хауызы еліміздің шекарасы ретінде Қаратау жотасының оңтүстік-батысында аралдың құмдары, Қарақұмы мен кіші Борсықтар, оңтүстігінде Қызылқұм мен Жуанқұм құмдары арасымен өтеді (сурет 1).

Сурет 1.1 Қызылорда облысының картасы
Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан Шиелі ауданы Қызылорда облысының оңтүстік-шығысына орналасқан. Оның жер көлемі солтүстік-батыстан, оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр, 150 шақырым. Ол батыс бөлігінде Сырдария ауданымен, ал шығысында Жаңақорған ауданының жерімен шектеседі. Жер аумағы - 34,3 мың км². Ауданның орталығы Шиелі кентінде орналасқан. Аудандағы 40 елді мекен 1 кенттік және 15 ауылдық округке біріктірілген[2].

0.2 Климаты

Қарғалы жеке шаруашылығының климаты күрт өзгермелі континенталды, жазы - ұзақ, ыстық және құрғақ, қыста - суық қары аз. Мұндай климаттық режим еуроазиялық материгінің ішінде орналасуымен, оңтүстік аймаққа жақындығымен, атмосфераның ауысымдылығының ерекшелігімен және басқа да факторлармен сипатталады. Жазы ыстық және ұзақ мерзімді. Жеке шаруашылығының жерлерінде шілде айының орташа температурасы 38 - 40°С, температураның абсолютті максимумы 44 - 48°С құрайды. Солтүстікке ашықтылық қасиеті жеке шаруашылығы аумағына кедергісіз салқын ауа массасының енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды, ауа температурасының абсолютті минимумы 420С градусқа дейін барады. Қарғалы жеке шаруашылығы үшін климатының ерекшеліктерінің бірі - құрғақшылық болып табылады, бұл жерде жауын-шашын өте аз жауады және орташа жылдық мөлшері 100-190 мм-ден аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес: барлық жауын-шашынның 60 пайызы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі[3].
Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан облыс аумағының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады, орташа жылдық жылдамдығы секундына 3,5 метрден 6,9 метрге дейін ауытқып отырады. Бұл жерлерде қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып алып кетеді, соның нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады, ал жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады.
Қарғалы жеке шаруашылығында топырақтың қату тереңдігі 67-100 см. Бұл аймақтың топырағы климаты күріштің орташа және ерте пісетін сорты үшін жағымды, сонымен қатар жүгері, картоп, көкөністі, бақшалы және басқада жылу сүйгіш ауылшарушылық дақылдарды өсіру үшін өте ыңғайлы.

Кесте 1.1
Қарғалы жеке шаруашылығының табиғи-климаттық көрсеткіштері (Шиелі метеорологиялық бекеті бойынша)

Айлар
Орташа айлық ауа-ның темпера-турасы, (), [о]С
Орташа айлық ауа-ның салыстырмалы ылғалдылығы, (), %
орташа айлық жау-ын-шашын мөлшері, (), мм

Max
Min
Aver
Max
Min
Aver
Max
Min
Aver
Қаңтар
-1.1
-19.0
-8,5
91
65
79
40.7
0.0
17.1
Ақпан
-0.1
-16.4
-7,7
88
62
77
29.9
0.3
15.0
Наурыз
5.4
-3.9
0,5
83
51
72
60.7
3.5
17.9
Сәуір
16.3
9.4
12,8
67
34
51
64.4
0.3
18.9
Мамыр
22.7
17.6
19,7
66
25
42
82.4
0.0
19.8
Маусым
28.4
22.7
25,7
59
24
36
69.4
0.0
8.0
Шілде
29.9
25.0
27,7
47
27
34
17.4
0.0
4.0
Тамыз
27.5
22.6
24,6
45
23
35
20.1
0.0
3.6
Қыркүйік
20.3
15.3
18,1
54
31
40
18.2
0.0
4.1
Қазан
12.3
4.3
9,1
73
34
54
42.9
0.0
12.5
Қараша
5.0
-5.9
1,
88
55
73
53.9
0.4
17.1
Желтоқсын
0.8
-14.9
-4,6
89
66
82
47.7
1.8
19.8
Орташа жылдық
11.8
7.8
9,9
65
49
56
310.8
80.7
157.8

Сурет 1.2 Қарғалы жеке шаруашылығының орташа айлық ауасының температурасы, оС

Сурет 1.3 Қарғалы жеке шаруашылығының орташа айлық ауаның салыстырмалы ылғалдылығы,%

Сурет 1.4 Қарғалы жеке шаруашылығының орташа айлық жауын-шашын мөлшері, мм
0.3 Географиясы

Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан облыс Арал теңізінің шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан, Тұран ойпатында бұл аумақтың негізгі бөлігі орналасқан (биіктігі 50-200 м): облыстың батыс бөлігі Арал теңізімен шектеседі, оңтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында Қаратаудың тау жоталары мен жазықтығы орналасқан және батысында - Қарақұм арал маңы құмдарының төбелері бар. Жаңадария мен Қуаңдария өзендерінің құрғақ арналары Сырдарияның сол жақ жағалауында кесіп өтетін Қызылқұм топырағының төбелері мен кең жазықтығы, оң жақ жағалауында үстірттері (Егізқара, 288 м.), құм учаскелері (Арысқұм және өзгелері), сорға толы таяз шұңқырлар кездеседі. Солтүстігінде - құм төбелері алқаптары (Кішкентай Барсұқ және Қарақұм топырағы) және Оңтүстік-шығыс бөлігінде Қызылорда облысының аумағына Қаратау тауының жоталары кіреді (биіктігі 1419 м-ге дейін). Жақсықылыш, Қамыслыбас, Арыс және т.б. жазды күндері кеуіп кететін көптеген тұзды көлдер бар. Солтүстік-шығысқа қарай Қызылорда облысының шекарасында Сарысу өзенінің сағасы кіреді[3].
Аумақтың біршама бөлігі өсімдігі аз топырақтары орналасқан, яғни қатайған жерлерінде тұзға бейімді дақылдар, жусанды бетегелер, көктемде құмдақ және сортаң жерлерде тұрақсыз дақылдар сорты және құмдардың арасында дүзгіндер өседі. Төбешіктердің құмдарында бұйырғандар, жыңғылдар,сексеуіл, теріскен және жусандармен бекіген[3].

1.4 Топырақ жамылғысы

Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан облысының топырағы сазды болып келеді. Күріш егілген жерлердің су өткізгіштік қабілеті төмен, топырағы өте қатты болып келеді және топырақтың 30 см қабатына дейін қарашірік мөлшері 2% шамасында жатыр, топырақтың тұздану түрі хлоридті сульфатты болып келеді. Тұздану дәрежесі бойынша әлсіз тұзданған және қатты тұзданған болып бөлінеді. Морфологиялық қалыптасу бойынша шалғынды әлсіз түзданған топыраққа жатады. Сортаңды топырақтар барлық кесінді бойынша жоғары құрылымды тұздармен ерекшеленеді. Тұздану түрі хлоридті-сульфатты және топырақтар механикалық құрамы бойынша саздармен құрылған[3].
Мелиоративті топтамасының негізінде топырақтың механикалық құрамы алынған: I топ бойынша жеңіл механикалық құрылым (жеңіл салмақты сұр топырақтар, II топ орташа механикалық құрылым бойынша орташа салмақты сұр топырақтар және III топқа механикалық құрылымы бойынша ауыр салмақты сұр топырақтар.
Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан Қызылорда облысының өзенді аймақтағы топырақтардың максималды бетінің тұздануы қабаты 0-15 см және шөлдік топырақтар кесіндісі орта бөлігінде-20-150 см, тұздалуы хлоридті-сульфатты кальций, натрий, магнийлі тұзды күкірт қышқылды игереді, сонымен қатар, суғару оазистері топырақтың тұздалуы бойынша өз аралықтарында тағы да ерекшеленеді. Мысалы, Оңтүстік Шиелі оазисі топырақттары судың ең аз тұздалумен сипатталса, ал Солтүстік Қазалы оазисі өте үлкен тұзданумен ерекшеленеді[3].
Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан аймақтың барлық топырақтары калий, фосфорларға бай, бірақ азотқа кедей, сондықтан мұнда органикалық заттарды және минаралдық тыңайытқыштарды, оның ішінде азотты енгізу қажет. Гумустың құрылымы 0,5 тен 4co-дейін аралығында және 6co сирек жетеді (сурет 5).

Сурет 1.5Қызылорда облысының жер қоры

Солтүстік қызылқұмда тақыр жаңа құм өте үлкен алқаптармен кездеседі және ол 10-40 см қабаттықтағы құмды қапшықты құрайды. Олар жақсы ылғалданумен, өсімдіктің қоюлығының жоғарлауымен ерекшеленеді және тұздардың құрамы 25co дейін жетеді, олар 60-200 см тереңдікте орналасқан, 2-қалыңдықтағы қоры - 190 тга. Тұздануы хлоридті-сульфат-ты; топырақтағы қарашірік мөлшері-1,5co дейін, құнарлы заттар аз[4].

Ыза сулары 10-25 см тереңдікке дейін орналасқан, қатты минералданған, хлорлы, тұздану дәрежесі 3-5co дейін. Ыза сулары 0-3 м тереңдікте тұщы және тұзды болып келеді.
Шөлді топырақтар барлық аумақта үлкен әртүрлілікпен, кең түрде таралған аймақпен ерекшеленеді.

1.5 Гидрохимиялық режимі

Сырдария өзенінің көпжылдық мәліметтерді талдау нәтижесінде суғармалы егіншіліктің қарқынды дамуы мен ірі гидротехникалық құрылымдардың салынуы басталмастан бұрын өзенде орташа есеппен 0,25 гл ден 0,50-0,60 гл дейін гидрокарбонатты кальцийлы минералды заттар болған. Суғарудың дамуына байланысты қайтарымсыз су қолданудың саны артты және өзен суының минералдылығы жоғарлады, оның негізгі себебі суғару аудандарынан өзенге минералданған коллекторлық-кәріз суларының келуі жатады. Сырдария өзенінің гидрохимиялық режиіміне су қоймалары да әсер етеді, бірақ көптеген зерттеулер Сырдария өзеннің жоғары және төменгі ағысында олар жылдың ішінде минералдылығының азайуына әкеледі және Шардара су қоймасының рөлі, Сырдария өзеннің жоғары және төменгі ағыстарын бөліп тұрады және минералдылығының жоғарлануына айтарлықтай әсер етеді [5, 6].
Қазақстанның шекарасына Сырдария өзенінің суы лайланған күйде жетеді. Оңтүстік Қазақстан облыстық санэпидемстанцияның мәліметі бойынша Өзбекстан республикасындағы өзен суының қышқылдануы 1,2 ден 6,4 мгл дейін толқуда, азот аммиактың концентрациасы-0,02-0,8 мгл, нитраттар-0,1-0,02 мгл, нитраттар-9-16,3 мгл құрайды. Кендік өндірістердің мазмұны 0,16 дан 0,24 мгл дейін, фенол 0,01-0,03 мгл-ға дейін толқиды. Құрғақ қалдықтарлың үлкендігі 1082-1320 мгл, хлоридтер 80-120 мгл, сульфаттар 340-520 мгл құрайды [6].

1.6 Геология және гидрогеологиясы

Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан облысының аймағы Тұран ойпатында орналасқан. Түзу рельефтерімен, үлкен бөлігі Сарысу, Шу, Сырдария өзенінің жазықтықтарын көрсетеді. Жазықтықтың абсолютті белгілері батыста 53 м-ден оңтүстік-шығыста 200 м орташа есеппен 600 м (максимумы-1418м) шатқалы кіреді. Геологияның құрылымында алқаб қазіргі кездегі жоғары тақсандық және орташа тақсанды қайырма бойынша көрсетілген. Қазіргі кездегі қайырманың қалыңдығы 3,5 м - ден 13 м - ге дейін[3].
Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан облысының аумағының үлкен бөлігі тақсандық қайырмамен көрсетілген. Олар Сырдария өзенінің атырау-аллювиалды жауынды көрсетеді. Жаңақорған, Шиелі, Қызылорда, Сырдария аймақтарында аллювиалды қуаты Арал теңізі бойынша 0-5 м - ден 80 м-ге дейін. Суғару аймағындағы аллювиалды қайырмадағы ыза суларының әртүрлі минералдылығы 3-10 м тереңдікке дейін және қатты минералданған. Химиялық құрамы бойынша ыза сулары сульфатты-хлорлы, натрилі-магнилі болып келген.

1.7 Ландшафтық жағдайы

Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан оңтүстік Қазақтанның біраз аумағы (Оңтүстік Қазақтан және Қызылорда облысы) Сырдария өзенінің төменгі алабында орналасқан, ол жалпы оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай созылып жатыр. (сурет 6).

Сурет 1.6 Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан Қызылорда облысының физикалық географиялық жағдайы

Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан Қызылорда облысының жер беткейі жалпы бір тегіс болып келеді, оның жоғарғы бөлігі тау етегіндегі жазықтықтан басталып біртіндеп көп аумақты алып жатқан Туран ойпатына дейін созылып жатыр, ал Сырдария өзенінің төменгі алабы Арал теңізіне қарай бағытталған біртегіс еңістікпен ерекшеленеді. Жер бетінің еңестігі Сырдария өзенінің 1647 км ұзын бойында Шардара су қоймасынан (236-279 м БС) Арал теңізіне (54 м БС) 182-225 м төмендейді және оның географиялық орналасу координаты Гринвичтың нұсқауы бойынша солүстік белдеудегі 42о38 ден 47о49 және шығыс белдеудегі 59о21 ден 68о9 және жалпы ауданы 248.996 мың км2, ол Қазақтан Республикасының 8.4 пайыз ауданын құрайды.
Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан Қызылорда облысы әкімшілік-аймақтық жағдайы бойынша сегіз ауданға бөлінеді: Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Қармақшы, Жалағаш, Қазалы және Арал. Табиғи климаттық жағдайы бойынша үш аймаққа бөлінеді: Жаңақорған және Шиелі аудандары; екінші - Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандары; үшінші - Қазалы және Арал аудандары(сурет 1.7).


Сурет 1.7 Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан Қызылорда облысының әкімшілік басқару желісі

Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан Қызылорда облысын 15 ландшафтқа бөлінген, ол біртектес аймақтық белгілерімен ерекшеленген бұртұтас генетикалық геожүйе және оның құрамына әртүрлі ерекшеленген жекеленген геожүйенің бөлшектері кіреді ( сурет 8, кесте 2). Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан Қызылорда облысының оңтүстік бөлігінің сол жақ жағалауында, жалпы ауданы 140000 га келетін , біркелкі орналасқан 34 ландшафт жатыр, оның ішікі бөлігінде ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге ыңғайлы, суғару ауданы 28500 га келетін Түгіскен суғару алқабы орналасқан.
Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан Қызылорда облысының сол жағалауында 25-40 км еңдікпен орналасқан , ауданы 198000 га 18 ландшафт жатыр, оның ішкі бөлігінде ауданы 46200 га келетін Сол жағалаудағы Қызылорда суғару алқабы орын тепкен.
Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан Қызылорда облысының солтүстік жағалауының ең солтүстік бөлігінде жалпы ауданы 155000 га келетін 24 ландшафт орналасқан, оның ішкі бөлігінде ауданы 18700 га

Сурет 1.8 Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан Қызылорда облысының ландшафттық жүйесі

Кесте 1.2
Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан Қызылорда облысының ландшафтық-географиялық сипаттамасы

Ландшафтар
Ландшафтар-дың түрі
Топырақтың түрі
Ауданы, га
Түрі


1
2
3
4
5
Солтүстік далалық Туран

14
Аллювиальдық
Батпақты-, сазды - батпақты
-

16
Аллювиальдық
Аллювиальдық-сазды, сазды - батпақты
300000

17
Аллювиальдық
Аллювиальдық-сазды
-

20
Аллювиальдық
Құрамында сор топырақ кездестетін аллювиальдық-сазды және сазды батпақты
100000

21
Аллювиальдық
Сазды- батпақты
70000

22
Аллювиальдық
Сазды, сазды - батпақты
-

23
Аллювиальдық
Сазды, сазды - батпақты
-

24
Аллювиальдық
Тақыр
155000

25
Аллювиальдық
Сортаң тақыр
-

31
Аллювиальды-пролювальдық
Сортаң тақыр
-
1.2 кестенің жалғасы
1
2
3
4
5

33
Аллювиальды-пролювальдық
Аллювиальдық - сазды, далалық сазды
-

43
Эолды
Барханды сазды
-
Оңтүстік далалық Туран

15
Аллювиальдық
Аллювиально-луговый и лугово-болотный
-

18
Аллювиальдық
Аллювиальдық- сазды және сазды - батпақ
198000

19
Аллювиальдық
Аллювиальдық- сазды және сазды - батпақ
80000

22
Аллювиальдық
Аллювиальдық- сазды және сазды - батпақ
-

24
Аллювиальдық
Аллювиальдық- сазды және сазды - батпақ
155000

28
Аллювиальды-пролювальдық
Далалық аллювиальдық- сазды
-

34
Аллювиальды-пролювальдық
Аллювиальдық-сазды, сазды- батпақ
140000

36
Аллювиальды-пролювальдық
Далалық аллювиальдық- сазды
-

41
Эолды
Барханды сазды
-

44
Эолды

Барханды сазды
-

келетін сол жағалаудағы Қызылорда суғару алқабының бір бөлігі орын тепкен.
Қарғалы жеке шаруашылығы орналасқан Қызылорда облысының оңтүстік жағалауында жалпы ауданы 100000 га келетін 24 ландшафт орын тепкен, оның ішкі бөлігінде ауданы 45600 га келетін Жаңақорған-Шиелі суғару алқабы орналасқан.

2 АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН ТАМШЫЛАТЫП-ЖАҢБЫРЛАТЫП СУҒАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2.1 Егістік танаптың орналасу жағдайы

Қазіргі кезде ауылшаруашылық дақылдарды тиімді суғарудың бірден бір әдісі ретінде, тамшылатып-жаңбырлатып суғару әдісін айта аламыз. Топырақ, су қоры және ауылшаруашылық дақылдардың түрлері туралы зерттеу жұмыстарының негізінде және суғармалы егістік жердің ауданына және тамшылатып-жаңбырлатып суғару машиналары мен қондырғыларының түрлеріне байланысты суғару жүйесін есептеу және жобалау үшін келесі жұмыстарды жүргізеді[]:
- суғармалы егістіктегі ауыспалы егістіктің құрамындағы ауыл-шаруашылық дақылдарының құрамын таңдайды;
- алдын ала суды тұтыну мөлшерін есептейді;
- ауылшаруашылық дақылдарының орналасу желісіне байланысты танаптар үшін суғару түтіктерінің санын есептейді;
- суғару танаптарын бөліктерге бөледі, яғни қатардың ұзындығы, сораптың қуаты, ұнғыдағы судың өнімі;
- танаптарға берілетін су мөлшері, суғару уақыты есепке алынып, сүзілу бекетін таңдайды;
- тарату және бас құбырларының түрлерін таңдайды.
Жаңбырлатып суғару жүйесі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде көкөніс дақылдарын суғару үшін арналған. Егістік танаптың топырақ картасы 2.1 суретте көрсетілген, яғни топырағы сұр және сұр-сазды болып келеді және әлсіз сорланған және көктем айларында жер асты суларының орналасу деңгейі 3.5-5.0 метр аралығында және олардың тұздылығы 2.0 гл аспайды.

Сурет 2.1 Қарғалыжеке шаруашылығы қарамағындағы егістік танаптың топырақ картасы

Сурет 2.2 Қарғалы жеке шаруашылығы қарамағындағы егістік танаптың топырағы туралы аңызы

Қарғалы жеке шаруашылығы қарамағындағы егістік танабының топырағы сұр топырақ тобына жатады.
Тамшылатып суғару жүйесі Қызылорда облысы Шиелі ауданының бұрыннан пайдаланылып келе жатқан шаруашылық аралық суғару жүйесінің бойында орналасқан Қарғалы жеке шаруашылығы қарамағындағы егістік танапқа арналып жобаланған (сурет 6).
Сонымен, Қызылорда облысы Шиелі ауданы қарамағындағы егістік танапқа жаңбырлатып суғару жүйесін жобалауға қажетті негізгі мәліметтер толығымен қамтамасыз етілген деп қарауға болады.

Сурет 2.3 Қарғалы жеке шаруашылығының егістік танабына тамшылатып-жаңбырлатып суғару жүйесін жобалау қарастырылып отырған шаруашылық аралық суғару жүйесінің желісі

2.2 Тамшылатып-жаңбырлатып суғару жүйесіндегі ауыспалы егістіктің құрамы

Ауылшаруашылық дақылдарының бір түрін (моно дақыл) егістіктің бір танабына ұзақ мерзім өсіре берсе, онда оның тамырларынан бөлініп шығатын кейбір заттар топырақ қабатын улайды, осының нәтижесінде дақылдардың өнімділігі төмендейді. Сондықтан ауылшаруашылық дақылдарды өсірген кезде, олардың егістік танаптарын барлық уақытта белгілі бір жүйемен алмастырып отыру керек, ол егістік жерлердің өзінің экологиялық орнықтылығын сақтап қалуына мүмкіншілік береді, яғни: топырақ қабатында шоғырланған зиянды және ауру тудыратын заттардың әсері төмендейді; топырақ қабатындағы қоректік заттарды ауылшаруашылық дақылдар тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, яғни бір жерге бір дақылды өсіре бергеннен, оның өніп өсуіне қажетті қоректік заттардың мөлшері төмендей бастайды; органикалық және минералдық тыңайтқыштарды тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді және әртүрлі ауылшаруашылық дақылдардың тамырына тән бөлетін зиянды заттардың кері әсеріне жол бермейді[].
Ауыспалы егістік желісін ауышаруашылық егістік жүйесінде пайда-лану егістік жердің топырақ жүйесінің экологиялық орнықтылығын қам-тамасыз етеді. Бірақ егістік жерді тамшылатып-жаңбырлатып суғарудың бір ерекшелігі, барлық ауылшаруашылық дақылдарына тамшылатып және жаңбырлатып суғару жүйесін пайдалануға болмайды (кесте 2.1).

Кесте 2.1
Қарғалы жеке шаруашылығында өсіруге болатын ауылшаруашылық дақылдарының суғару түрлері

Дақылдар
Суғару түрлері

тамшылатып
жаңбырлатып
мөлтек жаңбырлатып
1
2
3
4
Бақша
х

Бұрышақ
х

Дәнді

х

Көк өніс
х
х

Бақ
х
х
х
Қарбыз
х

Жүзім
х

х
Горох
х

Қарақұмық

Алмаұрт
х

х
Қауын
х

Орамжапырақ
х

Картоп
х
х

2.1 кестенің жалғасы
1
2
3
4
Зығыр

х

Пияз
х
х

Сәбіз
х
х

Сұлы

х

Қияр
х

Бұрыш
х

Күнбағар
х
х

Қызанақ
х

Бидай

х

Рапс

Х

Қант қызылшасы
х
х

Өрік
х

х
Томаты
х

Асқабақ
Х

Алма
х

х
Арпа

х

Мақта
х

Сондықтан, тамшылатып-жаңбырлатып суғару жүйесін жобалау алдында, алдымен егістік жүйеге өсірілетін дақылдардың түрін, тамшылатып-жаңбырлатып суғару жүйесінің ерекшеліктеріне сай таңдап алу керек және олардың жылумен қамтамасыз етілу дәрежесіне байланысты таңдап алу керек.
Қарғалы жеке шаруашылығының қарамағындағы егістік танапқа ауылшаруашылық дақылдарының өніп-өсу кезеңіндегі қажетті белсенді тем-ператураның жиынтығы, орташа көп жылдық белсенді жылудың жиын-тығына қарағанда 200- 400°C кем болмауы керек (кесте 3, суреттер 7 және 8).

Кесте 2.2
Қарғалы жеке шаруашылығының қарамағындағы егістік танабының жылумен қамтамасыз етілу дәрежесі (Шиелі метеорологиялық бекеті бойынша)

Көрсеткіштер
Айлар
Жылдық

III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X

,[о]С
-
12,8
19,7
25,7
27,7
24,6
18,1
10,0
6.04-12.10

-
320
610,7
771
858,7
762,6
543
120
3986

-
320
930,7
1701,7
2560,4
3323
3866
3986

Сурет 2.4 Қарғалы жеке шаруашылығының қарамағындағы егістік танабының жылумен қамтамасыз етілу дәрежесі (Шиелі метеорологиялық бекеті бойынша)

Қарғалы жеке шаруашылығының қарамағындағы егістік танаптары орналасқан аймақта дақылдардың өніп-өсу кезеңі 6.04 басталап 12.10 аяқталады.

Кесте 2.5 Қарғалы жеке шаруашылығындағы көкөністік ауыспалы егістігіндегі ауылшаруашылық дақылдарының жылумен қамтамасыз етілу мүмкіншілігі

Сонымен, Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде қарамағындағы егістік жерлеріне өсіруге арналған көкөніс дақылдарының барлығы жылу қорымен толық қамтамасыз етіледі.
Жаңбырлатып суғару жүйесін жобалауды қарастырып отырған Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде қарамағындағы егістік жерге орамжапырақ, сәбіз, картоп және пияз дақылдары өсіру жоспарланып отыр.
Пиязды себумен қатар тамшылатып-жаңбырлатып суғару желісін бірге орналастырады (сурет 9-11).

Сурет 2.6 Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде тамшылатып -жаңбырлатып суғару жүйесіндегі пияздың тұбірлерінің орналасу желісі

Сурет 2.7 Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде тамшылатып-жаңбырлатып суғару жүйесіндегі пияздың екі қатар орналасу желісі

Сурет 2.8 Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде тамшылатып-жаңбырлатып суғару жүйесіндегі пияздың екі қатар орналасу желісі

Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде пиязды тамшылатып-жаңбырлатып суғарған кездегі өте тиімді технологиялық тұрғыда жетілдірілген желісі болып табылады: 8+20+8+20+8+20+8+68 (160 см); 7+20+7+20+7+20+7+72 (160 см); 5+25+5+25+5+25+5+65 (160 см) (сурет 2.9).

Сурет 2.9 Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде тамшылатып-жаңбырлатып суғару кезіндегі егістік танаптардағы пиязды егу желісі

Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде орамжапырақтың тамыр қабатының қоректену ерекшеліктеріне байланысты қатармен егіп өсіреді. Бұл ауылшаруашылық дақылды жаңбырлатып суғарудың ең оңтайлы технологиялық желісі болып екі жақты қатармен себу желісі болып табылады, яғни 70х50 см (сурет 2.10 ).

Сурет 2.10 Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде тамшылатып -жаңбырлатып суғару кезіндегі егістік танаптарындағы орамжапырақтарды егу желісі

Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде сәбізді суғармалы егістік танаптарында өсірудің ең тиімді желісі ленталық қалтамен себу болып табылады. Бұл дақылдың екі ара қашықтығы және таспалық орналасу арасы егістік танаптарда жұмыс атқаратын механизмдердің жұмыс атқару бөлшектерінің өлшемдік көрсеткіштеріне байланысты таңдалып алынады. Оны суғармалы егістік танаптарға себудің жоғарғы технологиялық желісі болып: 60 +7 +24 +7 +24 +7 +24 +7 см (1,6 м), 70 +30 +30 +30 см (1,6 м) немесе механизмдердің доңғалақтарының ені үлкен болмаған жағдайда 20 +50 см (1,4 м) және басқалар табылады (сурет 2.11).

Сурет 2.11 Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде суғармалы егістік танаптарында сәбізді себу желісі

Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде картоптан жоғары өнім алу үшін бір гектар егістік жерге 55-60 мың түбір орналастырады және оған қол жеткізу үшін 70x25 см немесе 75x20 см желісімен орналастырады. Екі қатар орналастырылған картоп түптерінің ортасына тамшылатып-жаңбырлатып суғару кезінде жаңбырлатқыш жұмсақ түтіктер желісі орналастырылады (сурет 2.12)

Сурет 2.12 Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде жаңбырлатып-тамшылатып суғару желісіндегі картопты себу желісі

Қарғалы жеке шаруашылығы жерлеріндегі ауыспалы егістік жүйесінің құрамындағы ауылшаруашылық дақылдардың түрін және олардың себу желісінің негізінде сегіз мөлтек танапты ауыспалы егістік жүйесінің негізін құрдық (кесте 2.3 және сурет 2.13)

Кесте 2.3
Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде жаңбырлатып -тамшылатып суғару жүйесіне арналған ауыспалы егістік жүйесі

Дақылдар
Дақылдарды себудің ара қашықтығы, м
Тамшылатып суғару түтігінің ұзындығы, м
Танаптардың ауданы, га
1
2
3
4
Картоп
0.60
200
3.60
Картоп
0.60
200
3.60
2.3кестенің жалғасы
1
2
3
4
Орамжапырақ
1.20
200
3.60
Орамжапырақ
1.20
200
3.60
Пияз
1.50
200
3.60
Пияз
1.50
200
3.60
Сәбіз
1.50
200
3.60
Сәбіз
1.50
200
3.60
Қосындысы

28.8

Сонымен, Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде жаңбырлатып -тамшылатып суғару егістігінің жалпы ауданы 28,8 га, сегіз суғару танаптарынан тұрады және әр суғару танаптарының ауданы 3,60 га - ға тең ( сурет 2.13).

Сурет 2.13 Қарғалы жеке шаруашылығынің егістік жеріндегі ауылшаруашылық дақылдарының орналасу желісі

Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде қабылданған ауыспалы егістік жүйесінің құрамына байланысты тамшылатып-жаңбырлатып суғару жүйесінің сыңарларын, яғни тамшылатып-жаңбырлатып суғару жүйесінің құрамына кіретін бөлшектерін және қондырғыларын таңдап алу керек (кесте 2.4 және сурет 2.14)

Кесте 2.4
Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде тамшылатып-жаңбырлатып суғару жүйесінің сыңарларының тізімі

Суреттегі рет саны
Тамшылатып-жаңбырлатып суғару жүйесінің сыңарларының бөлшектері
Саны, дана
1
2
3
1
Байланыстыратын дөңгелек шүмек
1
2.4 кестенің жалғасы
1
2
3
2
Доңғалақ немесе торлы сүзгіш (200 mesh)
1
3
Қысымды реттеуші
1
4
Құбырға (дюмдік) арналған бейімдегіш
1
5
Бір дюмді ПВХ түтіктері
Қатар аралық қашықтыққа байланысты
6
Қабырғасы жұқа (15 мм) және диаметрі 20 мм, тамшылатқыш-жаңбырлатқыштары 20 см орналасқан жоғарғы турбулентті тамшыланту-жаңбырлату таспалары

7
Жарты дюмдік ПВХ түтікшесі тамшыланту-жаңбырлату таспаларың әрбір бөлігіне

8
Сегізге ұқсас бұқтырма
2
9
Бір дюмдік ПВХ түтікшесіне арналған бұқтырма
2
10
Бір дюмдік ПВХ түтікшесіне арналған шүмек
2
11
Бір дюмдік қыстырғыш үштармақ
1
12
Тамшыланту-жаңбырлату таспаларың әрбір бөлігі-не қажеті бір дюмдік қыстырғыш үштармақ (24 мм)
2
13
Фитинг-қосқыш - 12 мм
20
14
Тамшылатқыш-жаңбырлатқыш таспаслардың әрқайсысына арналған фитинг-бұқтырма (12 мм)
20
15
Жарты дюмдік шағын шүмек
2
16
Фитинг-бұрыштама (12 мм)
2

Сурет 2.14 Қарғалы жеке шаруашылығы жерлерінде тамшылатып-жаңбырлатқыш суғару жүйесінің сыңарларының орналасу желісі

2.14 суретте және 2.4 кестеде келтірілген шартты тамшылатып-жаңбырлатып суғару жүйесінің негізінде Қарғалы жеке шаруашылығы қарамағындағы егістік жерлеріне арналған ауылшаруашылық дақылдарын тамшылатып-жаңбырлатып суғару жүйесінің желісі құрастырылды (сурет 2.15).

Cурет 2.15 Қарғалы жеке шаруашылығының қарамағындағы егістікке арналған ауылшаруашылық дақылдарын тамшылатып-жаңбырлатып суғару жүйесі

Қарғалы жеке шаруашылығы жерлеріндегі тамшылатып-жаңбырлатып суғару жүйесінің бас, бөлімдік және тарату құбырларының көлденең бейнесі 2.16 суретте көрсетілген және құбырлар желісінің егістік жерлерінде орналасу желісі бойынша, оның су көзінен бастап суғару құбырларына дейінгі көлденең бейнесінде жер бетінің орналасу сызығы, жер бетінің еңістігі және құбырлардың жеке бөлімшелердегі еңістігі көрсетілген. Жобаланған гістік жердің еңістігі 0,0024 және бедерлік денгейінің биіктігі 2,0 м тең.

Сурет 2.16 Қарғалы жеке шаруашылығының егістік жерлеріндегі тамшылатып-жаңбырлатып суғару жүйесінің құбырларының көлденең қимасы

2.3 Тамшылатып-жаңбырлатып суғару кезіндегі суды тұтыну мөлшерін анықтау

Қарғалы жеке шаруашылығының егістік жерлеріндегі тамшылатып-жаңбырлатып суғару үшін суды тұтыну мөлшерін есептеу керек, ал ол топырақты ылғалданудың өзіндік ерекшелігіне байланысты ерекшеленеді. Бұл суғарудың жапай танаптарды ылғалдандыру суғаруынан ерекшелігі, суғару ауданы тамшылатып-жаңбырлатып суғару кезінде барлық аудан емес, тек қана өсімдіктің тамыры орналасқан, яғни өсімдіктің тамыры қоректенетін ауданның көлемінің жиынтығығы ғана суғару ауданы болып табылады. Осы кезде суды тұтынудың негізгі бөлігі - жеке ылғалдану ауданы пайда болады, ал қалған қатар аралық аудандар суғармалы егістік танаптардағы су алмасуға қатыспайды немесе өте әлсіз қатысады.
Көптеген ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша суғармалы егістік жерлердің суды тұтыну шамасы тікелей ауылшаруашылық дақылдардың түрлеріне, атмосфералық дәлелдемелердің қысымына және кернеуіне және өсімдіктің тамыры қоректенетін қабаттың ылғалмен қамтамасыз етілу дәрежесіне тікелей байланысты болады. Сондықтан оңтайлы суғару тәртібін қаматамасыз ету үшін ауылшаруашылық дақылдардың суды тұтыну мөлшері 5540 ден 6500 м3га дейін, нақты жылдардағы табиғи жауын шашындармен қамтамасыз етілу дәрежесіне байланысты болады.
Көптеген мәліметтерге сүйене отырып, ауылшаруашылық дақылдарының әртүрлі суғару тәртібінің нәтижесі бойынша: топырақтағы ылғал қорын, оның төменгі сиымдылығының 70-75% бойынша деңгейде ылғалмен қамтамасыз ететін суғару тәртібі оңтайлы болады және ықтимал қоректік затпен қамтамасыз ету үшін минералдық тыңайтқыштың N60P60K120 құрамына сай келу керек.
Тамшылатып-жаңбырлатып суғару кезінде су тұтынудың жиынтығы негізгі бас көрсеткіш болып табылады, ол арқылы суғару мезгілін және суғару мөлшерін, сонымен қатар суғарудың аралық кезеңінің ұзақтығын анықтауға болады. Сондықтан біз ауылшаруашылық дақылдарының суды тұтыну мөлшерін үш деңгейде, яғни өсімдік жамылғысының транспирациясын (), ауылшаруашылық жерлердің экологиялық су тұтыну шамасын () және ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық суды тұтыну мөлшерін () анықтаумыз қажет.
Қарғалы жеке шаруашылығының егістік жерлеріндегі ауылшаруашылық дақылдарының жалпы биологиялық суды тұтыну мөлшерін биоклиматтық әдістеменің негізінде анықтайды:

, мм,

мұнда - биологиялық коэффициент; - микроклиматтық коэффи-циент; - буланғыштық.
Буланғыштық Н.Н. Ивановтың өрнегі арқылы анықталады:

,

мұнда - буланудың энергетикалық дәлелдемесі; - ауадағы жетіспейтін ылғалдылық , мб; - желдің әсерін мінездейтін функция.
және буланудың өлшемдерін мына формулалар арқылы есептейміз:
;
,

мұнда - ауаның температурасы, 0С; - қаныққан будың серпінділігі, мб; - жер бетінен 2 м биіктіктегі желдің жылдамдығы, мс.
Жылудың, ылғалдың және қоректік заттардың табиғи тәртібін ескере отырып, ауылшаруашылық дақылдарының экологиялық суды тұтыну мөлшерін анықтауға болады, ол энергетикалық теңгермелігінің қағидасына негізделген және топырақ, ылғал алмасу мен жер асты сумен қаныққан аймағында экологиялық ықтимал энергетикалық тәртіпті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және келесі формула бойынша анықталады:
,

мұнда - радиациялық теңгерме; - буға айналдыруға қажетті жылу.
Ауылшаруашылық дақылдарының жапырақ бетінің транспирациялау мүмкіншілігі () және топырақ бетінен болатын физикалық булану () мына формулалар бойынша есептеледі:

;
;
;
,

мұнда - жер бетіндегі радиациялық теңгерме, кДжсм2; - буға айналдыруға қажетті меншікті жылу, 2,5 кДжсм2 тең және тұрақты өлшем; - радиациялық құрғақшылық белгісі немесе гидротермикалық тәртіптің көрсеткіші; - дақылдың жапырағының ауданы.
Қарғалы жеке шаруашылығының суғармалы егістік жердің суғару тәртібі суғармалы судың, атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің, топырақтың ішкі қабатындағы ылғалдың таралуының және булануға немесе суды тұтынуға керек шығын әсерінен құралады. Сондықтан осындай мәліметтердің негізінде әртүрлі дәрежедегі суды тұтынудың жетіспейтін шамасын немесе суғармалау мөлшерін анықтауға болады, яғни ауылшаруашылық дақылдарының жетіспейтін транспирациялық мүмкіншілігін:ауылшаруашылық дақылдарының жетіспейтін биологиялық суды тұтыну шамасын:
Және ауылшаруашылық жерлердің жетіспейтін экологиялық суды тұтыну шамасын: , мұндағы - жауын-шашын мөлшері; - топырақ және жер асты суының арасындағы тік су алмасу; - топырақтағы су теңгермесінің мөлшері; - құрғақшылық белгісі.
Ылғалдану коэффициентін () және гидротермикалық коэффициентті (құрғақшылық белгісін) () пайдалана отырып, Қарғалы жеке шаруашылығының аймағына жүргізілген табиғи жылу және ылғалмен қамтамасыз ету дәрежесін бағалау, кеңістік масштабында ауылшаруашылық жерлердің суды тұтыну мөлшерін дифференциялауға болады (өсімдіктің транспирациясы (), экологиялық суғармалау мөлшері () және биологиялық суғармалау мөлшері ())( Кесте 2.5).
Тамшылатып-жаңбырлатып суғару кезіндегі суғармалау мөлшерін есептеу ауылшаруашылық дақылдарының транспирациялау мүмкіншілігі болып табылатын жаңа қағидаға негізделген.
Кесте 2.5
Қарғалы жеке шаруашылығындағы ауылшаруашылық жерлердің суды тұтыну мөлшерінің көпжылдық орташа мәні

Агроклиматтық аймақ

Дақылдар
Суды тұтыну мөлшері (мм)

Оңтүстік шөл аймағы
0.10-0.20
Бақша
151
335
560

Күздік бидай
160
355

Сұрлемдік жүгері
207
460

Картоп
236
525

Бақ және жидектер
214
475

Көк өніс
277
615

Дәндік жүгері
232
515

Көпжылдық шөп
320
710

Қарғалы жеке шаруашылығының суғармалы егістік алқабтарында ауылшаруашылық дақылдардың суды тұтыну мөлшері 95% ылғалмен қамтамасыз ету дәрежесіне арнап есептеу ұсынылғандықтан, оны мына өрнек арқылы анықтауға болады: .
Тамшылатып-жаңбырлатып суғару картоп, сәбіз, пияз және орам-жапырақтың 95% ылғалмен қамтамасыз ету дәрежесіне сай келетін экологиялық суғармалау мөлшері 8030 м3га тең.
Ауылшаруашылық дақылдардың өніп-өсу кезеңіндегі ауылша-руашылық дақылдарының жетіспейтін су тұтыну мөлшерін анықтау үшін жылдың ішіндегі аймақтың энергетикалық қуатын сипаттайтын температуралық коэффициентін пайдалануға болады. яғни:

,

мұнда - есептік айдағы ауа температурасының жиынтығы; - өсімдіктің өніп-өсу кезеңіндегі ауа температурасының жиынтығы.
Температуралық коэффициентінің негізінде өсімдіктің өніп-өсу кезеңіндегі ауылшаруашылық дақылдарының жетіспейтін әртүрлі су тұтыну мөлшерін келесі формулалар бойынша анықтауға болады:

.

Тамшылатып-жаңбырлатып суғару кезіндегі тәуліктік жетіспейтін су тұтыну мөлшерін анықтау үшін келесі формаланы пайдалануға болады:

.

Қарғалы жеке шаруашылығының қарамағындағы егістікке арналған ауылшаруашылық дақылдарын тамшылатып-жаңбырлатып суғару жүйесіне өсіруге жобаланған ауылшаруашылық дақылдарының суғару тәртібі 2.6-шы кестеде берілген.

Кесте 2.6
Қарғалы жеке шаруашылығындағы ауылшаруашылық дақылдарының тәуліктік жетіспейтін су тұтыну мөлшері

Дақылдар
Көрсет-кіштер
Айлар
Қос-ын-дысы

IV
V
VI
VII
VIII
IX

Табиғи қорлар

11,0
19,2
25,3
27,4
26,2
18,6

330
595
759
849
812
558
3903
Картоп

-
595
759
849
812
-
3015

-
0,20
0,25
0,28
0,27
-
1,0

, м3га
-
677
846
947
914
-
3384

, м3га
-
21,8
28,2
30,5
28,4
-
-
Сәбіз

-
595
759
849
812
-
3015

-
0,20
0,25
0,28
0,27
-
1,0

, м3га
-
794
993
1112
1073
-
3972

, м3га
-
25,6
33,1
35,9
34,6
-
-
Орам-жапырақ

-
595
759
849
812
-
3015

-
0,20
0,25
0,28
0,27
-
1,0

, м3га
-
794
993
1112
1073
-
3972

, м3га
-
25,6
33,1
35,9
34,6
-
-
Пияз

-
595
759
849
812
-
3015

-
0,20
0,25
0,28
0,27

1,0

, м3га
-
794
993
1112
1073
-
3972

, м3га
-
25,6
33,1
35,9
34,6
-
-

2.4 Берілген ауданға қажетті су шамасын және суғару құбырының санын анықтау

Алғашқы кезеңде су көзінен алынатын су қорының шамасын анықтау үшін күн сайынғы тұтыну суының шамасын анықтау қажет, ал ол сүзу бекетін және басқада суғару жүйесінің құрылымдық бөлшектерін анықтау үшін қажет. Ал Қарғалы жеке шаруашылығының суғармалы егістік жерлеріндегі ауылшаруашылық дақылдардың ең жоғарғы тәуліктік су тұтыну шамасы 35.9 м3га. Осы көрсеткіштің негізінде, сүзу бекетінің су өткізу қабілетін алдын ала мына өрнек арқылы есептеуге болады:

,

мұнда - сүзу бекетінің су өткізу қабілеті, м3сағат; - суғару мөлшері, м3га; - жобаланған суғару ауданы, га; - жүйенің тәуліктегі жобаланған жұмыс істеу уақыты, 16-20 сағат.
Қарғалы жеке шаруашылығындағы ауылшаруашылық дақылдарының тәуліктік ең жоғарғы су тұтыну мөлшері және дақылдар орналасқан танаптардың ауданына байланысты жұмсақ түтікпен жаңбырлатып суғару танаптарына сағатына берілуге тиісті суды тұтыну мөлшерінің шамасы 2.7 кестеде берілген.

Кесте 2.7
Қарғалы жеке шаруашылығындағы ауылшаруашылық дақылдарына сағатына берілуге тиісті есептелген суды тұтыну шамасы


Дақылдар
Танап-тың ауданы, га
Тәуліктік ең жоғарғы суды тұты-ну мөлше-рі, м3га
Жүйенің тәуліктегі жобалан-ған жұмыс істеу уақыты
Бір сағат-тағы су тұтыну шамасы, м3сағат
Тәуліктегі танаптың су тұтыну шамасы, метр куб
1
Картоп
3.60
30.5
18
6.1
109.8
2
Пияз
3.60
35.9
18
7.2
129.2
3
Орамжапырақ
3.60
35.9
18
7.2
129.2
4
Сәбіз
3.60
35.9
18
7.2
129.2
5
Картоп
3.60
30.5
18
6.1
109.8
6
Пияз
3.60
35.9
18
7.2
129.2
7
Орамжапырақ
3.60
35.9
18
7.2
129.2
8
Сәбіз
3.60
35.9
18
7.2
129.2

Қарғалы жеке шаруашылығындағы ауылшаруашылық дақылдардың ең жоғарғы тәуліктік суды тұтыну мөлшері бойынша анықталған әрбір танаптардағы тәуліктік суды тұтыну шамасы жаңбырлатып суғару танаптарында 6,1-тен 7,2 м3 дейін өзгеріп отырады. Сондықтан, суғару жүйесіне таңдап алынатын тамшылату-жаңбырлату суғару түтіктерінің бірдей болуын қамтамасыз ету үшін, егістік танаптарына орналасқан ауылшаруашылық дақылдарының ең жоғарғы суды тұтыну мөлшері бойынша тәуліктік суды тұтыну шамасы анықталады, яғни:

= 35.9x28.818 = 57.44 м3сағат.

Егер егістік танапқа қажетті есептелген су шығынын Қарғалы жеке шаруашылығына беретін суғару көзі қамтамасыз ете алатын болса, онда жобаны есептеу жұмысының келесі кезеңіне көшуге болады. Суғару құбырларының санын есептеу, егістік танапқа егілген ауылшаруашылық дақылдарының түріне байланысты анықталады.
Қарғалы жеке шаруашылығындағы әрбір дақылға, оның орналасқан ауданына және егу желісіне байланысты суғару құбырының қажетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда экологиялық ахуал
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймағына
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын құрастыру негіздері
Қызылорда облысында туризмді дамыту
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Автокөлік жолдары
Зерттеу жұмысының мақсаты - Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік салалардан бөлек секторларын дамыту жолдарын қарастыру және ұсыну
Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері
Пәндер