Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару режимінің есебі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы

Абайкенов Бақыт Бағдатұлы

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы «Мәдениет » ЖШС-дегі

жем-шөп ауыспалы егістігін жобалау.

5В081000 - «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» мамандығы

Алматы 2018

Мазмұны:

беттер

Кіріспе . . . 6І. Массивтің табиғи жағдайы1. 1. Климаттық жағдайы . . . 71. 2. Жер еңісі . . . 71. 3. Геологиялық және гидрогеологиялық жағдай . . . 81. 4. Топырақ мелиоративтік жағдай . . . 8-9ІІ. Суармалы территорияны ұйымдастыру2. 1. Объектіні тағайындау және ауыл шаруашылығы өндірісіндамытудың жолдары . . . 10-112. 2. Суармалы территорияны . . . 12-13ІІІ. Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару режимі3. 1. Суару режимін есептейтін тәсілдер . . . 14-153. 2. Ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалау режимінің есебі. . 15-163. 3 Жасақталған және жасақталмаған гидромодуль графиктері . . . 16-28ІV. Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару техникасы4. 1. Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару әдістерінқабылдауға негіздеу . . . 304. 2. Жер бетімен суарудың тәсілдері мен техникасы . . . 314. 3. Жолақтап және жүйектеп суару техникасымен элементтерінің есебі . . . 32-344. 4. Суармалы учаскені суаруға дайындау . . . 35V. Шаруашылық ішіндегі және шаруашылық аралықканалдар тізбегі5. 1. Каналдар тізбегінің әр түрлі вариантын жоспарлау . . . 36-395. 2. Каналдардың гидравликалық есебі . . . 40-425. 3 Каналдардың ұзына бойғы қимасын судеңгейімен байланыстыру . . . 43VΙ. Коллекторлы-кәрізді тізбек және топырақты шаюдың есебі6. 1. Топырақ суының режимін болжау . . . 44-476. 2. Гидравликалық есеп және коллекторлы дренажды тізбектіңБойлыққимасы . . . 47-496. 3. Топырақты шаю . . . 50-51VΙΙ. Каналдар тізбегіндегі ғимараттарды жобалау7. 1. Су алатын орынды, суды алудың әр түрлі варианттары.Сағадағы ғимараттарды таңдау . . . 527. 2. Құбырлы су реттегіштің есебі . . . 52-547. 3. Бьефтің қабысу графигі . . . 56-587. 4. Тегіс темір қақпаның статистикалық есебі . . . 59-60VΙΙΙ. Суармалы жүйелерді техникалық пайдалану8. 1. Шаруашылықтың ішіндегі жүйелердіпайдалануды ұйымдастыру . . . 618. 2. Пайдалану шығындары . . . 62-648. 3. Су пайдалану жоспары және оны шаруашылықта ұйымдастыру . . . 65-68ІХ. Адамзат өмірін қорғауды қамтамасыз ету9. 1. Еңбекті қорғау . . . 699. 2. Құрылыс механикасын пайдаланғанда жұмыстыңқауіпсіздігін қамтамасыз ету . . . 69-709. 3. Өсімдік және жан-жануарларды қорғау . . . 70-719. 4. Топырақ энергиясына қарсы және орманмелиоративтік шаралар . . . 719. 5. Жан-жануарлар әлемін қорғау . . . 719. 6. Су және жер қорын қорғау . . . 72Х. Экономикалық тиімділік . . . 73-77Қорытынды . . . 78Вывод . . . 79Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 80:

Кіріспе . . . 6

І. Массивтің табиғи жағдайы

1. 1. Климаттық жағдайы . . . 7

1. 2. Жер еңісі . . . 7

1. 3. Геологиялық және гидрогеологиялық жағдай . . . 8

1. 4. Топырақ мелиоративтік жағдай . . . 8-9

ІІ. Суармалы территорияны ұйымдастыру

2. 1. Объектіні тағайындау және ауыл шаруашылығы өндірісін

дамытудың жолдары . . . 10-11

2. 2. Суармалы территорияны . . . 12-13

ІІІ. Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару режимі

3. 1. Суару режимін есептейтін тәсілдер . . . 14-15

3. 2. Ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалау режимінің есебі. . 15-16

3. 3 Жасақталған және жасақталмаған гидромодуль графиктері . . . 16-28

ІV. Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару техникасы

4. 1. Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару әдістерін

қабылдауға негіздеу . . . 30

4. 2. Жер бетімен суарудың тәсілдері мен техникасы . . . 31

4. 3. Жолақтап және жүйектеп суару техникасы

мен элементтерінің есебі . . . 32-34

4. 4. Суармалы учаскені суаруға дайындау . . . 35

V. Шаруашылық ішіндегі және шаруашылық аралық

каналдар тізбегі

5. 1. Каналдар тізбегінің әр түрлі вариантын жоспарлау . . . 36-39

5. 2. Каналдардың гидравликалық есебі . . . 40-42

5. 3 Каналдардың ұзына бойғы қимасын су

деңгейімен байланыстыру . . . 43

VΙ. Коллекторлы-кәрізді тізбек және топырақты шаюдың есебі

6. 1. Топырақ суының режимін болжау . . . 44-47

6. 2. Гидравликалық есеп және коллекторлы дренажды тізбектің

Бойлыққимасы . . . 47-49

6. 3. Топырақты шаю . . . 50-51

VΙΙ. Каналдар тізбегіндегі ғимараттарды жобалау

7. 1. Су алатын орынды, суды алудың әр түрлі варианттары.

Сағадағы ғимараттарды таңдау . . . 52

7. 2. Құбырлы су реттегіштің есебі . . . 52-54

7. 3. Бьефтің қабысу графигі . . . 56-58

7. 4. Тегіс темір қақпаның статистикалық есебі . . . 59-60

VΙΙΙ. Суармалы жүйелерді техникалық пайдалану

8. 1. Шаруашылықтың ішіндегі жүйелерді

пайдалануды ұйымдастыру . . . 61

8. 2. Пайдалану шығындары . . . 62-64

8. 3. Су пайдалану жоспары және оны шаруашылықта ұйымдастыру . . . 65-68

ІХ. Адамзат өмірін қорғауды қамтамасыз ету

9. 1. Еңбекті қорғау . . . 69

9. 2. Құрылыс механикасын пайдаланғанда жұмыстың

қауіпсіздігін қамтамасыз ету . . . 69-70

9. 3. Өсімдік және жан-жануарларды қорғау . . . 70-71

9. 4. Топырақ энергиясына қарсы және орман

мелиоративтік шаралар . . . 71

9. 5. Жан-жануарлар әлемін қорғау . . . 71

9. 6. Су және жер қорын қорғау . . . 72

Х. Экономикалық тиімділік . . . 73-77

Қорытынды . . . 78

Вывод . . . 79

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 80

:

Кіріспе

Қазақстан Республикасының климаттық жағдайы ауыл шаруашылығын дамытуға өте қолайлы және осы уақытқа дейін ол ел экономикасында елеулі роль атқарып келеді. Нарық жағдайында ауыл шаруашылығына деген көзқарас қаражат тапшылығы, техникалардың жаңармау салдары, инженерлік жүйедегі жерлерге деген көзқарас әртүрлі болуына байланысты, жоғарыдағы айтылған жағдайларға сәйкес ауыл шаруашылық саласы, оның ішіндегі егіншілік саласы алға дамудың орнына көптеген кедергілерге кездесіп өте ауыр кезеңге тап болды. Суармалы жерлерде агротехникалық шараларды толық егіншілік негізінен салыстырмалы түрде өнімділігіне жоғары мүмкіншілік бар. Сырдария өзені Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі өзендердің қатарына жатады.

Өзен суларын ауыл шаруашылық салаларына пайдалану, мемлекет араларындағы кейбір қарама-қайшылықтарға байланысты. Өзеннің төменгі ағысындағы орналасқан аудандағы орналасқан аудандарға экономикалық және экологиялық қалыптасып отыр.

Суармалы егістікте суды дұрыс пайдаланбаудың салдарынан және инженерлік жүйедегі элементтерінің су ысырабына жа беруніне байланысты агротехникалық шаралардың суармалы егістікті нашар жүргізілуне байланысты агротехникалық шаралардың суармалы егістікте нашар жүргізуне сәйкес суармалы егістік аймақтарында күрделі экологиялық мелиоративтік жағдайлар қалыптасты.

Сырдария өзенінің жаз айлар ортасында суының күрт төмендеуі облыс көлемінде егілген егіс көлемінің өнімдерін төмендеуіне әкеліп, өзен суының ағысының жылдамдығы нашарлап өзен арнасы барынша тарылды. Қысты күнгі жіберілетін мол суларды Сырдария өзені толық алмау салдарынан елді-мекен тұрғындарына қауіп төну процестері байқалуда. Арал теңізін сақтап қалу, оған берілетін қажетті су мөлшерін ұдайы арттырып отырған жағдайларда ғана іске асады. Бұл жөнінде мамандар арасында пікір-талас ғылыми-практикалық кеңестер жүргізіліп, әртүрлі жобаланып ұсынылады.

  1. Табиғи жағдайы

1. 1. Климаты

Жобадағы қарастырылып отырған жем-шөп ауыспалы учаске Сырдария өзенінің сол жағында «Мәдениет» шаруашылығының территориясында орналасқан.

Территорияның климаттық жағдай күрт өзгергіш, қысқа әрі аязды қысы, ұзақ-та ыстық жазбен ауысады. Аязсыз күндерінің ұзақтығы 170 -180 ге тең.

10 ºС жоғарғы жылылықтың қосындысы 3900 ºС - 4200 ºС дейін тербеледі, осы уақыттатағы жауын-шашынның мөлшері 50-60 мм, ал бір жылғы жауын-шашынның мөлшері 90-130 мм. Жауын-шашынның көпшілігі8 қысқы және көктемгі мезгілде түседі.

Климат жағдайының бір ерекшелігі, ол үнемі, көпшілік уақытта солтүстік-шығыстан соғатын желі. Соққан желдің орташа жылдамдығы 3-5 м/с дейін жетеді. Негізгі су артериясы Сырдария өзені болып есептеледі.

Топырақтың қату тереңдігі 0, 67-0, 97 м дейін жетеді.

Айтылған зонада суармалы егіспен айналысу арқылы дақылдан қалыпты өнім алуға болады.

Топырақ - климаттық жағдайы суармалы жерде барлық дақылдың түрін өндіруге болады.

Метеорологиялық станцияның көрсеткіштері төмендегі кестеде келтірілген. Кесте 1. 1. 1.

1. 2. Жер еңісітігі

Қарастырылып отырған суғармалы егістік жерінің бедері болготолқынды аллювиалды тегістік. Абсолюттік отметкасы 160-158 ортасында тербеледі.

Қазалы метеостанциясының негізгі климаттық көрсеткіштері

Көрсеткіштер
Айлар
Орт.
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Көрсеткіштер: Ауаның температурасы
Айлар: -13, 9
Орт.: -12, 2
-4, 2
10, 2
18, 2
23, 9
26
23, 8
17
7, 2
-9
-7, 8
8, 0
Көрсеткіштер: Жауын-шашын
Айлар: 19
Орт.: 20
23
15
14
8
7
8
9
16
23
23
178
Көрсеткіштер: Желдің жылдамдығы
Айлар: 4
Орт.: 4, 7
4, 4
4, 4
3, 9
3, 5
3, 3
3, 0
2, 8
3, 0
3, 4
3, 7
3, 7
Көрсеткіштер: Ауа ылғалдылығы
Айлар: 74
Орт.: 71
58
36
28
28
28
27
30
41
57
72
46
Көрсеткіштер: Судың ауаға ұшуы
Айлар: 142
Орт.: 247
314
337
313
222
337
313
222
117
45
-
1737

1. 3. Геологиялық және гидрогеологиялық жағдай

Зерттеліп отырған учаске геологиялық құрылымы жағынан соңғы жылдардағы тасындылардың шөгуінен пайда болған төртінші жастағы және полвагондық шөгінділер.

Соңғы кезде пайда болған төртінші аллювиалды шөгінділердің механикалық құрамы саз, саздақ, құм, құмшауыт болып келеді, қабаты 1-2м-ге дейін.

Одан төмен жоғарғы төртінші аллювиальді шөгінді механикалық құрамы сазбен құм қалыңдығы 2, 5м.

Одан төртінші қабатта төменгі төртінші аллювиальді шөгінді механикалық құрамы құм аздап линза түрінде саздар кездесседі, қалыңдығы 55-98м. Одан төмен неогендік шөгінде, механикалық құрамы құм, аздап линза түрінде саз кездеседі, қабат қалыңдығы 88-125м. Одан төмен тереңдікте колеогенді шөгінді.

Саздың түрі ақшыл-сары, қатты барлық қабатта жайылған. Қабаттың қалыңдығы 1-5м арасында тербеледі. Сүзгіштік коэффициенті 0, 1м/тәул.

Жазғы зерттеулердің кезінде топырақ суының деңгейі 1-2 м-ден 3-5 м-ге тереңдікте кездеседі. Топырақ сулары тұзды, тұздылығы 1-3 г/л - 10-35г/л дейін және одан да жоғары.

Тұздардың химиялық құрамы хлорлы-сульфатты натрий-магнийлы болып келеді.

Топырақ суының негізгі қорегі Сырдария өзенінен сүзілген сулар болып есептеледі.

Елді-мекенді жерді сумен қамтамасыз ету үшін Арал-Сарыбұлақ су құбыры жүргізілген.

1. 4. Топырақтың мелиоративтік жағдайы

Даладағы зерттеулер мен лабораториялық қорытындыларға сүйене отырып, тексеріліп отырған территорияда төмендегі топырақтардың түрлері кездеседі.

  1. Аллювиальді - шалғынды
  2. Шалғынды - батпақты суармалы
  3. Кебірлер

Аллювиальді - шалғынды топырақтар су бөлінетін биіктерде азғаньай массивтерде орналасқан, ауданы 69, 5 га, бұл барлық ауданның 8% құрайды. Гумустың құрамы өте аз 0, 7 млн. 4% аралығында тербеледі.

Топырақта қоректік элементтер өте төмен, далпы азот, топырақ салмағының - 0, 19-0, 20 көп емес, жылжымалы фосфордың құрамы 100г топырақта 2, 30мг/экв шамасында. Топырақтағы калийдің мөлшері орташа.

Бұл топырақтар салыстырмалы түрде қарағанда өте көп сортаңдалмаған, сонымен қатар, аз тұздалған, орташа және аздап кебіртектері де кездеседі.

Топырақ суының деңгейі 3, 5-5, 5м тереңдіктерде кездеседі, тұздылығы 3-10г/л.

Өсімдік құрамы негізінен ағашты-бұталы және шөптер формациясынан құралған.

Шалғынды батпақты суармалы топырақтар

Бұл топырақтардың ауданы 154 га болмаса барлық ауданның 18% құрайды. Бұлапр тегіс су бөлгіштер мен арналардың төменгі деңгейлерінде орналасқан.

Топырақ суларының деңгейі 4-5м тереңдікте кездеседі. Тұздылығы 10-35 г/л аралығында тербеледі.

Топырақта кездесетін өсімдіктер құрамы: ақбас, мия, жантақ және т. б.

Бұл топырақтардың сортаңдылығы әртүрлі өте аз сортаңдылықтан өте көп сотаңдылыққа жетеді.

Механикалық құрамы, жоғарыдағы айтылған топыраққа қарағанда ауырлау.

Кебірлер

Қалған 74% құрайтын топырақтар, кебірлер. Бұл топырақтар барлық жерде жайылған.

Гумус қабатының қалыңдығы 20см-ге дейін жетеді, құрамы 3% дейін.

Топырақта қоректік заттар (элементтер) өте аз төмен (азот, форсфор) ал калий орташа.

Сортаңдықтың түрі хлорлы-сульфатты.

Топырақтың пайда болу қабаты аллювиальді саздақ және сазды топырақтар.

Топырақ сулары 4-5м тереңдікте жаңбыр тұздылығы орташа және күшті.

Өсімдік құрамы өте кедей көпшілігі тұзға төмен беретін түрлері, кермек, мия және т. б.

2. Суармалы территорияны жүйелерді жобалаудың жағдайы

2. 1. Ауылшаруашылығы өндірісін дамытудың бағыттары

Дақылдарды шаруашылықтарда ғылыми негізделген ауыспалы-егісте себілетін аудандарда игеру арқылы жүргізуге болады. Бұл жұмысты табиғи және климаттық жағдайға қарап және ауылшаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін үзбей өсіру арқылы жасауға болады.

Шаруашылықтың орталығы районның орталығынан 32 шқ., ал облыстың орталығы Қызылорда қаласынан 114 шқ. орналасқан

Жақсы жатқан теміржол бекеті болып облыстың орталығы Қызылорда қаласы болып табылады.

Шаруашылық негізінен ауылшаруашылығы дақылдарын, оның ішінде негізгі дақыл күріш өсірумен айналысады. Қосымша жағдайы мал, оның ішінде ірі-қара малын өсірумен айналысады, оның өзі де қазіргі жағдайда азайып кеткен.

Қазіргі таңда шаруашылықта 4050 га суармалы жер бар, оның барлығы инженерлі дайындалған жерлер.

Кесте 2. 1. 1. Шаруашылықтың жер қоры келесілер (2011 ж) :

р/н
Дақылдардың аттары
Егістік ауданы, га
%
р/н:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

Дақылдардың аттары:

Бидай

Күріш

Дәндік жүгері

Картофель

Овощтар

Бахчалар

Сүрлем жүгері

Көп жылдық жоңышқа

Бір жылдық жоңышқа

Жиыны

Егістік ауданы, га:

400

2350, 0

40, 0

5, 0

2, 0

3, 0

330, 0

500, 0

420, 0

4050, 0

%:

9, 88

58, 02

0, 99

0, 12

0, 05

0, 07

8, 15

12, 35

10, 37

100

Шаруашылықтың бағытын ескере отырып, яғни: мал . Елді-мекенді картофель, овощтармен қамтамасыз ету үшін жобада жем-шөп аусыпалы егістігін қарастырып отырамыз.

Орташа жылдық ауылшаруашылық дақылдарының өнімі және жиналған өнімнің мөлшері төмендегі кестеде келтірілген.

Кесте 2. 1. 2. Өнім және жиналған астық (2011ж) .

р/н
Дақылдар
Өнім, ц/га
Жиналған ас тық, ц
р/н:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

Дақылдар:

Бидай

Күріш

Дәндік жүгері

Картофель

Овощтар

Бахчалар

Сүрлем жүгері

Бір жылдық жоңышқа

Өткен жылғы жоңышқа

Өнім, ц/га:

15, 4

35, 2

28, 0

39, 6

75, 5

190, 0

284, 0

19, 0

35, 0

Жиналған ас тық, ц:

617, 9

8272, 0

112, 0

19, 8

151, 0

57, 0

9381, 0

823, 0

1750, 0

Өнімнің төмендегі егілген дақылдардың өзіндік құнының жоғарылығының түсіндіру, негізінен суармалы жердің мелиоративтік жағдайының және шаруашылықтағы қолданылып жүрген агротехникалық деңгейінің төмендігіне байланысты.

Жоғарыда айтылғандай шаруашылық қосымша мал, оның ішінде ірі қара малын өсірумен айналысады.

Төмендегі кестеде мал басы, өнімділігі және жиналған өнімнің көлемі келтірілген.

Кесте 2. 1. 3. Мал басы өнімділігі

р/н
Малдың түрлері
Саны
Өнім түрі
Өнімділігі
Өндірісті өнімдер
р/н:

1.

2. 3.

4.

Малдың түрлері:

Ірі-қара (сиыр)

Байланған жас мал

Жылқылар

Жастары

Саны:

500

1971

168

93

Өнім түрі:

Сүт

Ет

Қымыз

Еті

Өнімділігі:

1482

61, 0

-

-

Өндірісті өнімдер:

755, 7
150, 9

-

-

Мал өнімділігі төменгі деңгейде, негізгі себебі мал - азығындық дақылдармен қамтамасыз етуінің төмендігі және жоғарғы сапасы керекті ассортименттерінің жоқтығы.

Қазіргі уақытта шаруашылықтың балансында төмендегі көрсетілген техникалар бар:

  • Шынжыр табанды тракторлар - 18;
  • Дөңгелекті - 63;
  • Егін оратын комбайндар - 80.

2. 2. Суармалы территорияны ұйымдастыру

Жобадағы жем-шөп аусыпалы егісі айналымға шабындық ретінде кіргізіледі, ауыл шарушылығының дақылдары тасымалға жіберілмейді.

Жобадағы суармалы аудан төмендегідей:

брутто ауданы - 304 га, нетто ауданы - 281 га жерді пайдалану коэффициенті - 0, 71%.

Мал басын жем-шөппен қамтамасыз етуде, жем-шөп ресурстарының сапасы, құнары үлкен орын алады.

Жем-шөп өндіруде көңілді негізінен жем-шөп бірлігінің шығуына бұру керек, микроэлементтерге, витаминдерге, минералдық заттарға, сонымен қатар жем-шөпті қорытуының жағдайының жоғарылығына көңіл аударған жөн. Даладағы жем-шөп өндірісінде негізгі экономикалық көрсеткіш өнім және жоғарғы көлемде жем-шөп бірлігін алуда және 1 га жерден шыққан өнімнің қорытылуы.

Жоғарыда айтылғандарға жету үшін негізгі орындалатын роль жем-шөп ауыспалы егісін кіргізу және игеру басым саналады.

Жобалайтын учаскеде төмендегі келтірілген схема ұсынылады (дақылдарды ауыстыру схемасы)

  1. Бидаймен араластырылып егілген жоңышқа

2., 3., 4. - өткен жылғы жоңышқа

5. Дәндік жүгері

6. Бидай

7. Сүрлем жүгері

Ұсынылған көкөніс, жем-шөп ауыспалы егісі Қызылорда массивінің оң жағалауындағы ауыл шаруашылығы дақылдарына арналған.

Жерді игеруге берілген комплексті тапсырмаға сай.

Таңдалған учаскенің территориясы бұрын ауылшаруашылығы дақылдары егілген жер. Өткеннен қалған іздер, бұрын ескі, ұзын және ретсіз жасалған каналдар.

Бұрынғы каналдарды пайдалану мүмкін емес, себебі, жобаға сәйкес келмейді.

Ауыспалы егіс орналасқан территорияда солтүстік-батыс ьағытында соғатын жел көбірек, сондықтан негізгі ағаш отырғызу сыртқы шекарада 4 қатарлы, жалпы ауданы 13, 8 га жүргізіледі.

Кесте 2. 2. 1.

IV
V
VI
VII
VIII
IX
: t, ºC
IV: 10. 2
V: 19. 9
VI: 26. 0
VII: 29. 5
VIII: 26. 5
IX: 17. 1
: q, %
IV: 48
V: 45
VI: 37
VII: 22
VIII: 32
IX: 43
: p, мм
IV: 16
V: 4. 7
VI: 0
VII: 0
VIII: 0. 3
IX: 0. 6

Топырақ - мелиоративтік жағдайын қамтамасыз ету үшін, жем-шөп ауыспалы егісін егу үшін массивте коллекторлы-дренажды тізбек соғу қарастырылған. Коллекторлы-дренажды тізбектеп шыққан су ЮК-4 арқылы тасталады.

Ауыспалы егіс шаруашылықтың орталығы және аудан орталығымен байланыс бұрынғы жолдар арқылы жасалады.

Мелиоративтік жағдайды тексеру үшін суармалы жерде бақылау скважинаның тізбегі қарастырылған.

3. Ауылшаруашылығы дақылдарын суару режимі

3. 1. Суару режимін есептейтін тәсілдер

Егіншілік жерді суландыруды жобалаудың негізін құүрайтын ауылшаруашылығы дақылдарын суару режимі. Бұл, топырақта су мен ауаның және қоректік заттың режимін жасау, жердің сортаңдануына жол бермеу, танаптарджа суды барынша, тиімді пайдалануды қамтамасыз етуі керек.

Әр дақылдың суару режимі, табиғаттың жағдайына қарай және нақты, жоспарын өнім алуды қамтамасыз етуі үшін, суармалы территорияның көлемінде дефференциалдануы керек.

Суару режимі жергілікті табиғаттың жағдайына суармалы дақылдардың биологиялық қасиетіне тығыз байланысты болады. Бұл байланыс ауылшаруашылығы дақылдарының дұрыс өсіп дамуына керекті су мен территорияның табиғи ылғалдылығын салыстыра отырып (топырақ суын пайдалануы, жауын-шашынның мөлшері) есептелінеді.

Ауылашруашылық дақылдарының суару режимін анықтағанда төмендегі көрсеткіштерді табу керек:

  • су тұтыну жиыны (су бетінен және топырақтар бетінен судың булануы) ;
  • табиғи ылғалдылықты;
  • суару мөлшерін;
  • маусымдық суару мөлшерін;
  • суару саны және уақыты.

Осы уақытқа дейін суару режимін анықтайтын тәсілдердің бірнешеуі бар, олар:

  • А. Н. Костяковтың графоаналитикалық әдісі, бұл әдіс топырақ қабатындағы жоғарғы және төменгі ылғалдылықтарды анықтау арқылы су тереңдігін есептеуге негізделген. Бұл әдіспен дақылдардың суару режимін есептеу үшін төменде келтірілгендерді білу керек:
  • онкүндіктегі суды тұтынудың жиыны мен орта тәуліктігін;
  • өсу дәуіріндегі дақылдардың суару мөлшерін;
  • онкүндіктегі топырақтың есепті қабатын;
  • жауын-шашын мөлшері;
  • топырақтың есепті қабатындағы ылғалдылық;
  • осы қабаттағы ППВ;
  • ауылшаруашылығы дақылдарының өсу дәуірлерінің түсетін мезгілі.

Графоаналитикалық әдісті қолданғанда суару мөлшерін бере отырып, суарудың орта күнін анықтайды, ол күн топырақтың ылғалдылығы графигімен қиысқан жер болады. Суару уақытын (ұзақтығын) бүкіл массивтегі суаруды ұйымдастыруға және шарушылықтағы жұмыстарды ұйымдастыру арқылы анықталады.

Бұл әдіс кейінгі кезде практикада қолдануын тоқтатты десе-де болады.

Екінші әдіс ағайынды Альпатевтердің биоклиматтық әдісі, бұл әдісте дақылдардың биологиялық қасиеттері мен ауа райының қамтамасыз жағдайларын ескере отырып орындалады.

Дипломдық жобада дақылдардың суару режимін анықтау үшін осы әдіс қолданылады.

Үшінші бір әдіс Шаровтың жылулық әдісі. Сонымен қатар әртүрлі теңдеулерді шешу арқылы дақылдардың суару режимін анықтауға болады.

3. 2. Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару режимінің есебі

Ауыл шаруашылығы дақылдарының суару режімі дегеніміз - суару саны және уақыты, суару мөлшерлері уақыты және тағы басқалардың косындысын айтады.

Дипломдық жобада ауылшаруашылығы дақылдарының суару режімінің есебін ағайынды Алпатъевтердің биоклиматтық әдісі арқылы есептелінеді.

Бұл әдіс басқа әдістерге қарағанда өте дәл, сонымен қатар, гидроэкологиялық жағдайларын ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының биологиялық қасиеттерін де ескереді.

Суару режімі әр дақылға кесте арқылы жүргізіледі. Оны есептеуге керекті құжаттар метеорологиялық станцияның берілгендері.

Ай сайынғы температурасының қосындысын орта тәуліктік температураны сол айдағы күнге көбейту арқылы табады.

Ауа райының ылғалдылық тапшылығын 100-ден сол айдағы ылғалдылықты алып тастау арқылы анықтайды.

∆d = 100 - d cp

Микроклиматтық және дақылдардың биологиялық коэффициенттерін табиғатқа және ай сайынғы температураның қосындысы арқылы 30, 33 кестелерді пайдалана отырып жылулық қисығын тұрғызу арқылы анықтайды.

Әр айдағы суды тұтынудың тапшылығын осы айдағы суды тұтынудың қосындысынантабиғи тұтынатын судың мөлшеріненалып тастау арқылы анықтайды.

∆Е =E v − (v n + 10 *P в + Г ), м 3 /га;

мұнда: e v есепті аудандағы суды тұтынудың қисығы, м 3 /га;

v п маусымның басындағы топырақтың ылғалдылығы,

дақылдар өсу фазаларында пайдалануы мүмкін, м /га;

Р в − вегетациялық мерзімдегі жауын-шашынның мөлшері;

Г −топырақтағы судың капилярлық түтіктер арқылы

дақылдар пайдалануы мүмкін, м 3 / га ;

V n =10*Р н *μ, м 3 /га;

мұнда, Р н −вегетациядан басқа кезеңдегі жауын-шашынның

мөлшері мм;

μ − күзгі-қысқы жауын-шашынды пайдалану коэффициенті.

Г = E v *g Г , м 3 /га;

мұнда, g Г − топырақтың капилярлық түтіктері арқылы қолданылатын коэффициенті, топырақ суының деңгейіне, қасиетіне және тамырлар жүйесінің өсіп-өнуіне байланысты. (36[ ] )

Дипломдық жобадағы дақылдардың суару режімінің есептері төмендегі З. 2. 1., 3. 2. 2., 3. 2. 3. кестелерінде келтірілген. Осы кестедегі есептеулердің нәтижелері арқылы дақылдардың суару мөлшерлері графиктері тұрғызылады, сурет 3. 2. 1., 3. 2. 2., 3. 2. 3.

3. 3. Жасақталған және жасақталмаған гидромодуль графиктері

Гидромодуль дегеніміз −берілген дақылдың 1 гектаржерін суаруға

кететін судың бірлік шығыны, л/с*1 га , оны төмендегі формула арқылы

табамыз:

q = α * m 86. 4 * t q = \frac{\alpha*m}{86. 4*t} , л/с*1 га;

мұнда: α− әр дақылдың ауыспалы егістегі алатын орны;

т − суару нормасы (мөлшері), м 3 /га;

t− суару ұзақтығы, тәулік.

Гидромодульдің графигі −ауыл шаруашылығы дақылдарын суару режимін график арқылы бейнелеу.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару режімінің есебін жасау арқылы жасақталмаған гидромодуль графигінің ведомастын толтырады. Осы ведомасть арқылы жасақталмаған гидромодуль графигін тұрғызады.

Жасақталмаған графиктің біраз кемшіліктері бар, олар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚО Төлеби ауданына қарасты «Алмалы» шаруа қожалығының 450 га көкөніс дақылдары алқабын суғару жүйесінің жобасы
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН СУҒАРУ
Ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың негізгі әдістері
Ауыл шаруашылық дақылдарының суару режимі
Ауылшаруашылық дақылдарының суару режимін есептеу
Ауылшаруашылық дақылдарының суару режимі
Қызылорда облысының суармалы егістік жерлерінің орнықтылығы
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік құқығын құқықтық реттеу
Қызылорда облысының егіс алқаптары мен суландыру жүйесі
ОҚО Мақтарал ауданы Тоған ЖШС жер алқабын суғару жүйесін жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz