TRIPLE PLAY ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТАЛДАУ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

6

7

8

9

АНДАТПА

Бұл дипломдық жұмысында Triple Play технологиясын Қызылорда қаласы

Ақмешіт ықшам ауданында қолданысындағы Metro Ethernet мультисервистік

деректер тарату желілері негізінде жобалау қарастырылған. Қазіргі күні Triple

Play-дің барлық қызмет түрі үшін ең тиімді нұсқасы ол IP негізіндегі ортақ

транспорттық желі. Бұл технологияның іске асырылуының ақиқат шешімі -

жаңа жоғары жылдамдықты ADSL2+ құрылғысымен ІРTV цифрлық

теледидардың бас станциясын құру болып табылады.

Өндірістік бөлмедегі табиғи және жасанды жарықтандыруды есептеп,

өміртшілік қауіпсіздік пен еңбек шарттары сақталынды.

АННОТАЦИЯ

В данной дипломной работе рассмотрена проектирование технологии

Triple Play в микрорайоне Акмечеть города Кызылорды на базе существующей

мультисервисной сети передачи данных Metro Ethernet. Сегодня очевидно, что

оптимальный вариант для всех услуг Triple Play - единая транспортная сеть на

базе IP. Истинное решение реализации этой технологии является внедрение

головной станции цифрового телевидения ІРTV с новым высокоскоростным

оборудованием ADSL2+.

Рассчитано природное и искуственное освещение в производственном

помещении, соблюдены условия безопасности жизнидеятельности и труда.

ABSTRACT

In this diploma project deals with the design of technology in the district Triple

Play Akmechet Kyzylorda city on the basis of the existing multi-data network Metro

Ethernet. Today it is obvious that the best option for all services Triple Play - unified

transport network based on IP. True solution to this technique is the introduction of

digital television headend ІRTV equipment with new high-speed ADSL2 +.

Calculated natural and artificial lighting in the workplace, the conditions

zhiznideyatelnosti Security and Labour.

10

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 TRIPLE PLAY ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТАЛДАУ

1. 1 Ақмешіт ықшам ауданының сипаттамасы

1. 2 Triple Play технологиясы қолданатын «Metro Ethernet»

1. 3 Желі архитектурасы

1. 4 Мәселенің қойылымын негіздеу

2 ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

2. 1 Triple Play қызметтері

2. 2 Triple Play қызмет түрін байланыс операторлар желілеріне енгізу

3 ТЕХНИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕЛУ БӨЛІМ

3. 1 Желі жүктемесін есептеу

3. 2 Triple play желінің жүктемесін және трафигін есептеу

3. 3 Оптикалық талшықтың негізгі сипаттамаларын есептеу

3. 4 Қызмет сапасын қамтамасыз ету көрсеткіштері мен механизмдері

7

8

8

10

12

14

17

17

19

26

26

28

37

40

3. 5 Triple Play технологиясындағы VoIP қызметін пайдаланғанда кешігуді 43

және жалпы кідірісін есептеу

3. 6 Өткізу қабілеттілігі

4 ӨМІРТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

4. 1 Еңбек шартының жағдайына талдау жасау

4. 2 Жасанды жарықтандыру жүйесін

4. 3 Табиғи жарықтандыруды есептеу

4. 4 Қоршаған ортаны қорғау

5 БИЗНЕС-ЖОСПАР

11

45

50

50

51

54

57

61

5. 1 Түйіндеме

5. 2 Жобаны енгізу стратегиясы

5. 3 Жобаның мақсаты және талаптары

5. 4 Маркетингтік жоспар

5. 5 Жобаның инвестициялық жоспары

5. 7 Экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есебі

ҚОРЫТЫНДЫ

Әдебиеттер тізімі

А қосымшасы

Ә қосымшасы

12

61

62

62

62

63

63

73

74

75

76

КІРІСПЕ

Triple Play

-

телекоммуникациялық желісі барлық құрылған

телекоммуникациялық кешендерді біріктіреді. Сіз үйде немесе жұмыста немесе

достарыңызда қонақта жүріп бір телефондық нөмірмен қолдана аласыз.

Телебағдарламалармен бірге радиобағдарламаларды тыңдауға, желілік

компьютерлік ойындар ойнауға және web-чатпен қолдануға болады. Көркем

және дерек фильмдер желілік серверде сақталады және сіздің сұранысыңыз

бойынша теледидар экранында көрсетіледі.

Triple Play технологиясының мәні: кең жолақты енудің бір арнасына

қосылу арқылы, абонент үш сервисті пайдалана алады:

− жоғары жылдамдықты Интернет;

− сандық теледидар;

− телефония;

Triple Play технологиясының ең негізгі тиімділігі болып

- тұтынушыға

арналған барлық қызметтердің біріктірілуі. Енді сіз бұрынғыдай әр қызметке:

телефон, Интернет және теледидарға үш түрлі төлемақы төлемейсіз. Бұл

барлық стандартты және интерактивті байланыс қызметінің бағасын

төмендетеді. IP-теледидары экзотикалық және қымбат цифрлық анықталмаған

технология ретінде біздің елімізде қалыптасқан. Соңғы кездері IP-TV жаппай

еңгізуге қарсы болатын техникалық және экономикалық мәселелер толығымен

жойылмаса да, өз күшін жоғалта бастады. MPEG-4 құрылғысы қолайлысы мен

көп таралғаны болып бара жатыр. xDSL технологиясының жаңа жоғары

жылдамдықты желі негізінде тәжірибиелік орындалуында жетістіктерге жетті,

ADSL2+ және VDSL түрі біздің елімізде ІР - теледидар болашағын оптимистік

бағалауға негіздейді. Жоғары жылдамдықты «үй» ғаламторіне қосылу және

халықтың оған деген өзгеруіндегі прогресс маңызды деп саналады. Қазіргі таңда

күрделі қалаларда DSL немесе Ethernet желілері негізінде жоғары

жылдамдықты ғаламтор халықтың «әлеуметті сәтті» тобына жататын әрбір

төртінші жанұяда бар. Бұл әлеуметтік қабат үшін ғаламтор міндетті тұтыну

компоненттерінің біріне жатады. IP-TV over Docsis негізгі жүзеге асырылған IP-

TV қызметтерінің кабелдік теледидар операторлар арқылы технологиялық

еңгізуін болжауға болады. Docsis 3. 0 ақпарат тарату стандарты пайда болуымен

мұндай қызықты гибрид технологиясын күтуге болады. Жақында екі жыл

ішінде IP-TV желілері іске асырудың технологиялық мәселелер деңгейін

төмендеуін күтуге болады. Бағасын түсіру арқылы халықты қызықтыру IP-TV

желілері инвестициялау және кең құрылысы үшін экономикалық пайдылы

жағдай туғызыды. 3-4 жылдан кейін IP-TV технологиясына ауысу кең таралған

және жоғары табысты технологиялар қатарына жатқызуға болады.

13

1 TRIPLE PLAY ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТАЛДАУ

1. 1 Ақмешіт ықшам ауданының сипаттамасы

Ақмешіт ықшам аудан - қала ішіндегі тұрғын үйлер және мәдени -

тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері шоғырланған шағын құрылым. Оның

жалпы ауданы 20 - 35 га жерді құрайды. Шағын қалаларда ықшам аудан

тұрғындарының саны 4 - 5 мыңға, орташа және үлкендерінде 6 - 12, ал

ірілерінде 15 - 20 мыңға дейін жетеді. Негізгі транспорттық құрал: автобус

және бағыттық такси.

Аудан қала талаптарына сай гүлденген. Жерасты коммуникациялар

қазіргі заман талаптарына сай дамыған және қолдануға ұсынылған, олар:

суқұбырлары тораптары, факелді коммуникация, жылу торабы, телефондық

коммуникация, жерасты ЛЭП кабелдері мен байланыстар. Климаты

континенталды қыста суық, қары аз, ал жазда ауа ыстық, құрғақ болып келеді.

Жерасты суларын 2, 3-2, 8 м тереңдікте алуға болады. 1. 1 суретте Ақмешіт

ықшам ауданының картасы көрсетілген.

1. 1 Сурет - Ақмешіт ықшам ауданының картасы

Жобаны іске асыруға таңдалған аудан территориясында Сырдария өзені

мен Сарқырама каналы өтеді. Ауданның сейсмикалық шыдамдығы-6 балл.

14

Қазіргі уақытта Қызылорда қаласындағы телекоммуникациялық торап

цифрлық жабдықтар негізінде құрылған. Қаланың жергілікті тораптарында тек

қана цифрлық автоматты түрдегі телефондық стансалар әрекет етеді:

Сонымен, Қызылорда қаласының барлық ведомствалық стансалары

сиымдықтарын қосып септегенде, жалпы ГТС торабының сиымдылығы 102638

нөмірді құрайды.

Қызылорда қаласының ГТС торабында нөмірлеудің бесорынды жүйесі

қолданылады.

2007 жылы Қызылорда қаласында Metro Ethernet торабының құрылу

жобасын іске асыру қарастырылған. Мультисервистік жету технологиясын

қолдануда қаланың телекоммуникациялық торабын кеңейту Metro Ethernet

жобасының тиімділігін арттыруға алып келеді.

Бұл дипломдық жұмысында Қызылорда қаласындағы орталық АМТС-26

Ақмешіт ықшам ауданындағы

АТС-22 жобаланады . Ақмешіт ықшам

ауданында 4-5 қабатты үйлер тұрғызылған. Сол ауданға Triple Play

технологиясын жобалау қарастырылады.

2009 жылдың ішінде Қызылорда облыстарында телокоммуникация

желілері жаңартылып, оңтайландырылды және 100 пайыздық цифрландыру іске

асырылды. Қызылорда облысы телокоммуникация желілері 100 пайыздық

цифрландандырылған облыстардың қатарына жатады, және бұл көрсетілетін

қызметтер сапасы жақсарып кеңейе түсті.

2009 жылы «Облыстың ауылда қоныстанған пункттерді дамыту» және

«Облыстың барлық мектептерін телефондандыру және инвентарлау» секілді

мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды және аяқталды. 2010 жылдың

қаңтары күнгі жағдай бойынша, «Қазақтелеком» ҚТО телекоммуникация

желісінде 489 АТС қызмет етеді. АТС-тың өсу саны 2008 жылдың осындай

кезеңімен салыстырғанда 47 (данаға) өсті, ол 110, 6% -ды құрайды. АТС-ты

цифрландыру деңгейі 78, 4%-ды құрады және алдыңғы кезеңмен салыстырғанда

8, 4% -ға өсті.

Жұмыс істеп жатқан емдеу-алдын алу мекемелерінің жалпы 29 санынан,

2010 жылдың қаңтары күніне 29 мекеме телефондандырылды. 2009 жылдың

жаңа орнатылған телефондар саны 29 130 бірлікті құрады. Қала аумағындағы

жалпы саны 328 мектептің, барлығы телефондандырылды.

Қолданыстағы сақина бойынша арнадар санын көбейту үшін SDH

қондырғысын кеңейту жүзеге асырылған. Metro-Ehternet құрылғыларын

эксплуатацияланған және Megalainе қызметтерін ұсыну басталған.

2010 жылдың қаңтарына дейін Ғаламторды пайдаланушылардың саны

147 647 бірлікті құрады, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, (111

062 бірлік) өсу - 133, 0%-ды құрады. Ғаламтортды пайдаланушылардың жалпы

147 647 бірлік санынан, 133 388 бірлігі ADSL технологиясы бойынша

кеңжолақты қосылу қызметі қосылды, бұл 90, 3%-ды құрайды.

«Қазақтелеком» ҚТО-ның Қызылорда қаласында 250 мыңға жуық

тұтынушысы болса, соның 150 мыңға жуық жеке тұлғалар. Олардың

15

әрқайсысының үйінде желі тартылған, бірақ ғаламтор және кабельді теледидар

бәрінде орнатылмаған. Кейбірі оны толқынды байланыс арқылы алып отыр.

Бірақ оның сапасының төмен екендігін, бәсекелестікті ескере отырып, мекеме

қызметкерлері жаңа технологияны қолданысқа енгізді. Акционерлік қоғам осы

уақытқа дейін өз тұтынушыларын бір телефон желісі арқылы ғаламтор пен

телефон жүргізіп отырса, енді ол тіптен кеңейіп үш бірдей қызметті атқаруға

көшті. Яғни, қарапайым телефон желісі арқылы қызметтің үш түрі көрсетіледі.

Олар: телефон, ғаламтор және кабельді теледидар. Осы қызмет түрі аталмыш

агенттіктің көрсетілім алаңына қойылған. Көрсетілім алаңының басты міндеті -

«Қазақтелеком» АҚ жетекші байланыс операторы ұсынатын жаңа технология,

қызмет және сервис туралы қызметтерді пайдаланушылардың хабардар болуын

барынша көтеру.

Агентікте орын алған «Triple play» («үшеуі біреуде») - телефон (IP-

PHONE), деректер беру (ғаламтор) және теледидар (IP-TV) тұжырымдамасы

бойынша телекоммуникация қызметінің жиынтығын көрсетеді. IP-TV - бұл

әдеттегі қызметтерді ғана емес, сонымен қатар қосымша сервистерді ұсынуға

мүмкіндік беретін, интерактивті цифрлы теледидар. IP-PHONE артықшылығы,

бизнес үшін қажетті қызметтерді кеңейту ғана емес,

компьютерлік

технологиямен, офистік қосымшалармен, электронды пошталармен және т. б.

толық біріктіру болып табылады. Бұл қызмет түрі қазір сынақ мерзімінде

жұмыс істеуде. Осы жылдың қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіліп,

шамамен 4000 тұрғынға қызмет көрсету көзделуде. Келсі жылы 10-12 мың

тұрғынға қызмет көрсетсек деген ниетте. «Шығыс-3» Агенттігінде ноутбук,

қалта компьютерлерін, смартфондарды пайдаланушылардың, Wi-Fi сымсыз

радиобайланыс технологиясы бойынша Ғаламтор желісіне қосылуға мүмкіндігі

бар. Сондай-ақ, бұл жерде WLL CDMA радиоқосылу қызметі және үйде де,

сонымен бірге офисте де қолдану үшін ыңғайлы Wi-Max кеңжолақты сымсыз

байланыс технологиясы қызметі ұсынылады.

1. 2 Triple Play технологиясы қолданатын «Metro Ethernet» желілері

«Metro Ethernet»

технологиясында жоғарғы жылдамдықты деректерді

тарату желісін құру «Cisco» компанииясының құрылғысы негізінде

орындалады. Желі құрылымы «Қазақтелеком» ҚТО-ның қолданыстағы

оптоталшықты желісі қалаған «іргесіне» сәйкес. Ол IP/МPLS технологиялы

«Cisco 7609» құрылғысы негізінде 10 Gigabit жылдамдықты «орталық

сақинадан» және «Catalyst 3750 Metro» құрылғысы негізінде трафик

агрегациясы жылдамдығы 1 Gigabit төрт «кіші сақиналардан» тұрады. «Metro

Ethernet» желісіне қатынас ретінде «Corecess 6800 (6804) » құрылғысының

негізіндегі «Corecess» фирмасының мультисервистік платформасы

қолданылады. Аталған құрылғы үш қатынас құрылғыларын біріктіреді кәдімгі

DSLM, NAS (қатынас сервері) және бағыттаушы. Аталған желінің құрылысы

Алматы телекоммуникация қызметтері нарығында «Қазақтелекомның»

16

қосымша табысын арттыруға және Ғаламтор-қызметтерінің, және де жаңа

қызметтерді («интеллектуалды» ІР-қызметтері, жеке виртуалды желілер) ұсыну

спектрін кеңейту арқылы бәсекелесті позицияларын нығайта алады.

Сол сияқты

аталған жобаның іске асырылуы «1-де 3» (Triple

Play) техникалық шешімінің негізін құрып, жаңа ұрпақ желісін құруға (NGN)

мүмкіндік береді. Жалпы аталған мәселелердің шешілуі қолданыстағы

абоненттерді сақтап, жаңаларын тартуға, табыстың артуына, компания

беделінің артуына, негізгі бихнес-процесстердің уақыттық циклдарының

қысқаруына және көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын ұстануға

бағытталған. Бұл өз кезегіде «Қазақтелекомға» телекоммуникация

нарығындағы дара позициясында қалуға септігін тигізеді.

Ақмешіт ықшам ауданының қазіргі таңдағы телекоммуникация нарығы

тұтынушы сұраныстарының санды және сапалы көрсеткіштерімен, жаңа

технологиялардың қарқынды дамуымен, бәсекелестікпен және халыққа

байланыс қызметтерін ұсынуға мүдделі операторлар санының өсуімен

сипатталады.

1. 2 Сурет - ADSL технологияларының қосылуы

2007 жылы құрылған Metro Ethernet деректерді беру желісі Ақмешіт

ықшам аудан бойынша аймақтық бөлінген 3 түйіннен тұрады. Metro Ethernet

деректерді беру желісінің магистралді деңгейі - аймақтық бөлінген қалалық

байланыс түйіндерін біріктіретін MPLS магистралі.

Түйіндер 10Гбит Ethernet ОТТЖ-на қосылған. Магистралды түйіндер

ретінде жоғары өнімділікке және функционалдылыққа ие MPLS CISCO 7609

коммутаторлары пайдаланылады. Әрбір қатынас түйіні P/PE-router түрінде

орындалған.

17

Магистралдық деңгейдің ең басты мәселесі болып берілген қызмет

сапасы және минималды ретке келі уақытымен жоғарғы жылдамдықты

транспортты инфрақұрылымды ұсыну табылады. осы кезде, MPLS VPN жеке

виртуалды желі қызметтерін ұсынатын, MPLS PE шекаралас құрылғы түрінде

қатынас түйіндерінің функционалдылығы, сонымен қатар тұтынушылық

трафиктің шоғырлануы, қызметтердің дифференциациясы, жабық VPN

қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Қатынас деңгейі Fast Ethernet негіздік физикалық интерфейс ретінде

қолданып, ақырғы тұтынушыға қызметтердің кең спектрін ұсыну үшін керек.

Қатынас түйіндерін орындау үшін жобада түрлі сұранысты тұтынушылардың

негізгі қажеттіліктерін тиімді қамтуға мүмкіндік беретін Catalyst ME3750-24TE

коммутаторлары негізінде сақиналы технологияны қолдану көзделуде.

Алматы қаласында мультисервисті деректерді тарату желісін құру үшін

техникалық шешім, қатынас желісін құру және іске енгізу барысында алынған

техникалық талаптар және нәтижелер негізінде құрылған.

DSLAM және ADSL модемдеріне қойылатын талаптар :

Тұтынушыларды желіге қосу бірнеше әдіспен орындалуы мүмкін, бірақ

ADSL технологиясын қолдана отырып қосу жаппай әдіс болып табылады.

L2VPN қызметтерін ұсыну қажеттілігі қолданылатын ADSL құрылғыларына

кейбір талаптарды қояды:

- DSLAM және ADSL модемдері Ethernet фреймдерін ADSL арнасында

тарату кезінде оларды АТМ ұяшықтарының инкапсуляциясын

қолдануы керек;

- DSLAM және ADSL модемдері көпір (bridge) режимінде жұмыс істеуі

керек;

- DSLAM жобаланатын желіге қосылуды орындайтын порттары 802. 1q

технологиясымен жұмыс істеуі қажет;

- DSLAM тұтынушыны қосуға арналған ADSL порты тұтынушыға

бөлінген VLAN-мен ассоциацияланатын және тұтынушыдан келіп

түсетін дестелер осы VLAN нөміріне сәйкес коммутаторға беретін

режимді қолдануы қажет.

1. 3 Желі архитектурасы

Ақмешіт ықшам ауданының мультисервисті деректерді тарату желісін

құру үшін техникалық шешім, Ақмешіт ықшам ауданының қатынас желісін

құру және іске енгізу барысында алынған техникалық талаптар және нәтижелер

негізінде құрылған.

Мультисервисті деректердің АТС-ке қосылу сұлбасы 1. 3 суретінде

келтірілген.

18

1. 3 Сурет - Мультисервисті деректердің АТС-ке қосылу сұлбасы

Ақмешіт ықшам ауданының радиусы 30 км-ден аз сондықтан менің

жобама бір АТС- тің өзі жетіп жатыр. Желі орталық АМТС-тен басқарылады.

Желіге қосылған АТС арқылы әрбір абонентке сплиттер көмегімен оптика

талшығы келеді.

Сақинадағы тұйықталуды болдырмау үшін және трафикті тиімді тарату

үшін STP протоколы (Spanning Tree Protocol) қолданылады, атап айтқанда:

оның соңғы версиялары 802. 1s және 802. 1w. Ерекше жағдайларда, қатынас

коммутаторлары мен агрегация сақиналарында біріктіруді тиімдендіру және

арналарды қолану үшін тек Multiple Spanning Tree (MST) IEEE 802. 1s

протоколы қолданылады.

Тұтынушыларды желіге қосудың екі негізгі типі қарастырылады:

- тікелей қатынас коммутаторларының порттарына қосу;

- метро желі түйіндерінен біршама қашықтықтарда орналасқан

тұтынушыларды xDSL технологиясына негізделе отырып қосу.

Қатынас коммутаторларына қосылудың екінші әдісін іске асыру үшін

DSLAM қатынас құрылғылары қолданылады. Құрылғылар қатынас

коммутаторларына Gigaethernet 1000Base-SX протоколы бойынша оптикалық

байланыс жолдарының көмегімен қосылады. Бұл құрылғылар алыстатылған

тұтынушылардың ADSL және SHDSL технологияларының көмегімен қалалық

магистральға қатынасын орындайды. OSI үлгісінің екінші деңгейінде

тұтынушы жағынан АТМ деңгейі мен метро-желі жағынан Ethernet деңгейі

арасындағы мөлдір «көпірлер» (bridges) ролін орындайды. DSLAM-дар

тұтынушы дестелерін, оның Ethernet тақырыпшасындағы MAC мекендері

негізінде тарату кезінде шешім қабылдайды. Тұтынушылар және желі

коммутаторлары арасында Ethernet дестелері DSLAM және АТМ ұяшықтарына

салынған абоненттік құрылғылар арасында таратылады.

«Қазақтелеком» АҚ метро-желілеріндегі шешімдердің құраушы

бөліктерінің бірі болып, қызметтерді таңдау қызметі жұмыс істеу принципі -

19

оның компоненттерінің құрамы және оның көмегімен ұсынылатын

қызметтерінің құрвмы.

Шешім ретінде «қызметтерді таңдау шлюзін» (SSG - Service Selection

Gateway) қолдану ұсынылады, ол оператор Интернетке қатынастан басқа да

қызметтерді ұсынғысы келген жағдайда биллинг процедурасын біршама

қарапайымдауға мүмкіндігі бар. 1. 1 суретінде көрсетілген желі архитектурасы

тұрғысынан жүйе компоненттері магистралдық деңгей және агрегация

деңгейлерінің шегінде, осы екі функционалды өзінде біріктіре отырып,

орталасьырған жөн.

Қызметтерді таңдау жүйесі - құрал-бағдарламалық кешен, ол мыналардан

тұрады:

- қызметтерді таңдау шлюзі Cisco Service Selection Gateway (SSG)

SSG функционалдылығы PPP over Ethernet технологиясын қолдана

отырып, RADIUS протоколымен байланысқан тұтынушылар

идентификациясын, сонымен қатар белгілі қызметтер үшін олардың

авторизациясын, осы қызметтерге қатынасты бақылау және статистика

жинақтауды құрайды.

- Cisco Subscriber Edge Services Manager (SESM) Web-порталы

Cisco SESM желіге қосылған тұтынушыларға қызметтерді таңдау үшін

интерфейсті ұсынуды қамтамасыз етеді. Тұтынушы сетвисті таңдау үшін «үй»

web-парағына кіре алады. Кейбір жағдайларда қызметтерді таңдау шлюзі

автоматы түрде тұтынушыны үй парағына бағыттайды, мысалы бұл

тұтынушыға жабық сервиске қатынасьы орындамақ болғанда.

- RADIUS Cisco Access Registrar (CAR) сервері

Cisco Access Registrar тұтынушыларды идентификациялау, қандай да бір

қызметтерге

тұтынушыларды

авторизациялау,

статистиканы

жинақтау

функциясын қамтамасыз ететін элемент ретінде қолданылады. CAR SSG және

SESM-пен RADIUS протоколы бойынша әрекеттесетді. Сонымен қатар CAR

функциясына RADIUS протоколы бойынша биллинг жүйесімен немесе

қондырылған АРІ көмегімен біріктірілген мәліметтер қорындағы (биллинг

жүйесінің мәліметтер қоры) статистика синхронизациясы үшін әрекеттесу

енеді. Биллинг үлгісі оператормен, ол ұсынатын қызметтердің құрамы мен

көлеміне байланысты анықталады. Белгілі бір қызмет түрі үшін арнаулы

биллинг сұлбасы қажет болуы мүмкін, мысалы, фильмдер қарау үшін, ойын

серверлері аймағына қатынас үшін.

1. 4 Мәселенің қойылымын негіздеу

Жұмыс мақсаты - берілген орындау шарттарын ескеріп, іске асырылуы

кезінде қажетті нәтижеге жету.

Бітіру жұмысын орындаудың алдында келісі мақсаттар қойылған:

− Қызылорда қаласындағы байланыс желілерінің өлшемдері мен

құрылымын жете қарау;

20

− Triple Play технологиясын талқылап, қалалық желілерін құру

ерекшеліктерімен танысу;

− Оңтайландырылатын Ақмешіт ықшам ауданындағы байланысқа деген

сұраныс икемді болатынын бағалау;

− Оңтайландырылатын желілердің құрастыруының аса тиімді

жолдарын қарастыру;

Нәтижесінде,

Ақмешіт

ықшам ауданының

қазіргі таңдағы

телекоммуникация нарығы тұтынушы сұраныстарының санды және сапалы

көрсеткіштерімен, жаңа технологиялардың қарқынды дамуымен,

бәсекелестікпен және халыққа байланыс қызметтерін ұсынуға мүдделі

операторлар санының өсуімен сипатталады. Triple Play сервистерін іске

асырған операторлардың бизнесінің рентабельділігі туралы айтуга болады.

Мәліметтер, дауыс және бейнены тарату қызметтері жеке сатып алуы қиын.

Яғни жобаны ақтап шыгу туралы сұрақ туындайды. Негізгі капиталдық

шығындар бас тарату станция қондырғысын сатып алу мен орнатуға, сонымен

бірге QoS механизмдері және көп адресті хабарлаудың (multicast) желілік

платформаларына,

IP-стримерлер

және қондыргыны кодтайтын бейне

серверлерге, басқару (Middleware) және шартты қол жеткізу (CAS/DRM)

жүйелеріне кетеді. . осы шығындардың мөлшері әр жобада әртүрлі, себебі желі

архитектурасына, абоненттердің саны мен гегорафилық орналасқан жеріне,

желілік қондырғы және бейнесерверлер қажеттілігіне тікелей байланысты.

Жоба мәселелері

- құрылғыны сатып алуға байқау өткізу және оны дер кезінде жеткізу;

- кабельдерді төсеу үшін құрылыс-монтаждық жұмыстарды орындау;

- DSLAM құрылғысын қондырылуын және монтажын бақылу;

- құралғаны ретке келтіру және тестілеу жұмыстарын жүргізу;

- желіні басқару орталығынан құрылғыға орталықтандырылған

техникалық қызмет етуді ұйымдастыру;

- Catalyst ME3550 типтес Cisco құрылғысының қондырылуы мен

монтаждалуын орындау;

- Cisco 7206 NPE-G1, 3x10/100/1000, SSG құрылғысы негізінде

қызметтерді таңдау серверлерінің қеңейтілуін жасау;

- Catalyst ME3750-24TE негізінде 6 қатынас түйінінде Layer2 қызметін

енгізу және инсталляциясын орындау (Catalyst ME3750-24TE сатып алу 2006

жылға жоспарланған) ;

- Metro

Ethernet

желісінің топологиясының өзгеруі бойынша

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі замандағы TRIPLE PLAY технологиясының жұмыс принциптеріне талдау жасау
Triple Play технологиясын имитациялық талдау
PON желілер сәулеті
«Капитал-телеком» ЖШС-гі жөнінде мағлұмат және оның қызметі
Қатынау желісін жобалау
Байланыс операторлары ұсынған қызметтер
PON желінің қасиеттері
PON желінің трафигін есептеу
GPON технологиясында қолданылатын құрылғылар
GPON кең жолақты қатынау желісін құру принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz