Құрама-жем өндірудің технологиялық үрдістерін зерттеу


Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігі
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Жұман Н. И.
Құрама-жем өндірудің технологиялық үрдістерін зерттеу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
мамандығы «5В072800 - Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»
Алматы 2018
МАЗМҰНЫ
бет
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . .
1. 1 Құрама жем кәсіпорындары шығаратын өнімдердің жалпы сипаттамасы . . .
1. 2 Құрама жем рецептісі және оны қолдану реті . . .
1. 3 Құрама жем жасауда қолданылатын шикізаттар . . .
2. 1 Құрама жем өндірісінің технологиялық үдерістері . . .
2. 2 Құрама жем өндірісінде технологиялық үдерісті ұйымдастыру және жүргізу . . .
2. 3 Премикс өндірісі . . .
2. 4 Акуызды-витаминді қосымша өндірісі . . .
2. 5 Карбамидті концентрат өндірісі . . .
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттар қолданылды:
МЕМСТ 9267-68 Шошқаларға арналған құрама жем концентраттары. Техникалық шарттар
МЕМСТ 13299-71 Еметін торайларға арналған құрама жем концентраттары. Техникалық шарттар
МЕМСТ 9265-72 Жұмыс жылқыларға арналған құрама жем концентраттары. Техникалық шарттар
МЕМСТ 13496. 8-72 Құрама жем. Ұнтақтау ірілігін және жабайы өсімдіктердің ұнтақталмаған дәндерін анықтау әдістері
МЕМСТ 10386-72 Қояндар және су тышқаныдарға арналған құрама жем концентраттары. Техникалық шарттар
МЕМСТ 13496. 12-75 Құрама жем. Жалпы қышқылдығын анықтау әдістері
МЕМСТ 13496. 13-75 Құрама жем. Иісін, нан қорлары зиянкестермен зақымдануын анықтау әдістері
МЕМСТ 21669 76 Құрама жем. Терминдер мен анықтамалар
МЕМСТ 21904-76 Асыл тұқымды биелерге арналған түйіршіктелген құрама жем концентраты. Техникалық шарттар
МЕМСТ 22841-77 Жаттықтыратын және спорттық жылқыларға арналған түйіршіктелген құрама жем концентраттары. Техникалық шарттар
МЕМСТ 13496. 0-80 Құрама жем, шикізат. Сынамаларды іріктеу әдістері
МЕМСТ 10199-81 Қойларға арналған құрама жем концентраттары. Техникалық шарттар
МЕМСТ 13496. 9-96 Құрама жем. Құрамындағы металл-магнитті қоспаларды анықтау әдістері
МЕМСТ Р 51550-2000 Шошқаларға арналған құрама жем концентраттары. Жалпы техникалық шарттар
МЕМСТ 31482-2012 Құрама жем. Альдегидтер анықтау әдісі
МЕМСТ 28256-89 Сауын биелерге арналған құрама жем концентраттары. Техникалық шарттар
МЕМСТ 22842-88 Бордақыланатын жылқыларға арналған түйіршіктелген құрама жем концентраты. Техникалық шарттар
МЕМСТ 9268-2015 Ірі қара мал үшін құрама жем концентраттары. Техникалық шарттар
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:
Ақуызды-витаминді қосымша (АВҚ) - қажетті дәрежеге дейін ұнтақталған жоғары ақуызды жемдік азық пен микроқосымшалардың біркелкі қоспасы. Ол құрама жем өндіру үшін қолданылады.
Премикс - биологиялық белсенді заттардан (антибиотик, витаминдер, микроэлементтер және т. б. ) тұратын микроқосымшалар мен толықтырғыштың біркелкі ұнтақталған қоспасы. Ол құрама жем немесе ақуызды-витаминді қосымшаны байыту үшін қолданылады.
Шашыранды құрама жем - біркелкі ұнтақталған өнім күйінде болады. Шашыранды құрама жем дайындағанда шикізатты бөтен қоспалардан тазалап, қауыздайды (қауызды дақылды) және ұнтақтайды. Осылай дайындалған құрауыштар мөлшерленіп, араластырылады.
Брикеттелген құрама жем - бұл биологиялық дұрыс пішіндегі және белгілі өлшемдегі тақта күйіндегі өнім. Мысалы, сегізбұрыш пішіндегі брикеттер, ұзындығы - 160-170 мм, ені - 70-80 мм, қалыңдығы (биіктігі) - 30-60 мм болады. Оны дайындау үшін ұнтақталған құрауыштардың қоспасын дайындайды, алынған сусымалы масса арнайы араластырғышқа түседі, оған бір мезгілде мөлшерленген меласса да түседі. Ұнтақталған құрауыштар мен мелассадан тұратын қоспа сығымдағышта брикеттеледі, Кейбір брикеттелген құрама жемге ұнтақталған пішен мен сабан қосылады.
Түйіршіктелген құрама жем - белгілі пішін мен өлшемдегі тығыз түйірлерден тұратын сусымалы масса. Әдетте: белгілі диаметр мен биіктіктегі кішкене цилиндр күйінде болады. Түйіршік жасау үшін екі әдіс - құрғақ және сулы қолданылады. Түйіршіктелген құрама жем көбінесе тоған балықтары мен терілі аңдар үшін пайдалы.
Толық құнарлы құрама жем - малдың қоректік, минералдық және биологиялық белсенді заттарға деген кажеттілігін толық қамтамасыз ететін өнім. Тәуліктік жемдік рацион мөлшерінде толық құнарлы құрама жеммен құсты азықтандыруда оған қосымша басқа азық беру қажет емес. Бұл құрама жемді негізінен құсқа арнап шығарады.
Құрама жем концентраты - протеин, минералды заттар мен микроқосымшаны көп сақтайды, мал (құс) рационына қосымша енгізіліп, оны толық құнарлы азықтандыруға арналған азық. Оған ірі, шырынды азықтар және әртүрлі өндірістердің (қант қызылшасы, сыра, спирт және т. б. ) қалдықтары қосылады.
Карбамидті концентрат - карбамид, ұнтақталған дән мен бентониттің біркелкі қоспасын экструдерде өңдеу арқылы алынатын қиыршық күйіндегі өнім. Карбамидті концентратты күйісті малға арналған құрама жем, Авқ және жем қоспасында қолданады.
КІРІСПЕ
Құрама жем өнеркәсібі - жергілікті агроөндірістік кешендердің маңызды бөлігі болып саналады. Олардың жұмыс істеуі мал шаруашылығы өнімдерін жергілікті өндірушілердің нақты қызығушылықтарымен, өндіріс жоспарымен және ет, сүт, жұмыртқа, жүн және басқа өнімдер дайындаумен тығыз.
Ғылыми негізделген азықтандыруды ұйымдастыруда ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру мәліметтері негізінде құрылған құрама жемнің маңызы зор.
Жеке азықтар (дән, кебек, күнжара, пішен, сабан, балық ұны және т. б. ) немесе біртекті қоспалар (сұлы немесе сұлы ұны, бидай немесе бидай кебегі) малдың қоректік заттарға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмайды. Өйткені бұл қоспаға кіретін қоректік заттардың құрамы біртекті және организмге қажетті ақуыз, минералды тұздар, витаминдер, аминқышқылдарының толық жиынтығын сақтай алмайды. Соның нәтижесінде бұндай азықпен азықтандырылған малдар өнімділіктің қажетті мөлшерін бере алмай, дамуы тежеліп, өміршеңдігі төмендеп, көп ауырады.
Жеке азықтарды әртүрлі қатынас пен үйлесімде қолдану толық құнды рационды жасауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бір азықтағы кажетті қоректік заттардың жетіспеген мөлшері басқа азықтар арқылы толықтырылып, соның нәтижесінде құрама жемнің қоректік құндылығы жоғары болады. Құрамалы рационды құрауыштарды алдын ала дайындамай, яғни тазалау, кептіру, ұнтақтау, жылумен өңдеусіз қолдану мүмкін емес.
Сонымен, құрама жем дегеніміз - ғылыми негізделген рецепт бойынша дайындалып, малдың толық құнды азықтандырылуын қамтамасыз ететін әртүрлі жем қоспасы мен микроқосымшаның тазаланған және қажетті ірілікке дейін ұнтақталған біркелкі қоспасы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - құрама жем өндірудің технологиялық үрдістерін зерттеу.
Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер орындалуы керек:
- зерттеу тақырыбы бойынша әдеби шолу жасау;
- құрама жем өндірсіндегі шикізатты қабылдау, сақтау және өндіріске жіберуін зерттеу;
- шикізатты органикалық, минералдық және металды-магнитті қоспадан тазарту әдістерін зерттеу;
- тазартылған шикізатты ұнтақтау әдістерін зерттеу;
- ұнтақталған өнімді елеу әдістерін зерттеу;
- мөлшершлеу және араластыру әдістерін зерттеу;
- түйіршіктеу әдістерін зерттеу;
- құрама жем өндірсінде технологиялық үрдістерді ұйымдастыруын және жүргізуін зерттеу;
- премикс, ақуызды-витаминді қосымша және карбамидті концентрат өндірісін зерттеу.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Құрама жем кәсіпорындары шығаратын өнімдердің жалпы сипаттамасы
Мал азығында қолданылатын өнім жемдік азық деп аталады.
Ауыл шаруашылығы малдарына арналған жемдік азықтарға өсімдік және минералтекті азықтар жатады. Сонымен қатар, мал рационына минералды заттар мен ынталандыратын қоспалар енгізіледі. Азық өзінің шығу тегі, консистенциясы мен қоректілігіне байланысты мына топтарға бөлінеді:
- ірі;
- шырынды;
- жасыл;
- құнарлы;
- минералды;
- басқа өндіріс қалдықтары.
Ірі азыққа пішен, сабан, топан, ағаш азықтары, ал шырындыға (қыстық) - сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер, картоп, бақшалық дақылдар; жасылға (жаздық шырынды) - шөптер, шөпті және жемісті дақылдар; құнарлыға - әртүрлі дәндік дақылдар, дәнді өңдеуде алынатын қалдықтар мен жанама өнімдер, тамақ өндірісінің әртүрлі саласының қалдықтары мен құрғақ жанама өнімдер; минералдыға - ас тұзы, бор, әктас және т. б. әртүрлі; өндіріс қалдықтарына - қант қызылшасы, спирт, сыра және басқа өндірістердің жаңа қалдықтары (келтірілмеген) жатады [1] .
Азықтың қоректік заттарының қолданылуының ең көп тиімділігіне малды азықтың кейбір түрі немесе біртекті азық қоспасымен емес, құрамалы жеммен азықтандыруда қол жеткізеді.
Құрама жем дайындауда алуан шикізат түрлері қолданылады.
Шикізат - құрама жем зауыттарында құрама жем құрауышын дайындауда қолданылатын жемдік азық.
Микроқосымшалар - бұл малдың өсуі мен өнімділігін ынталандыратын биологиялық белсенді заттар: витаминдер (А 1 , В 2 , РР және т. б. ), микроэлементтер (кобальт, мыс, йод және т. б. ), антибиотиктер мен басқа да құрама жем құрамына ең аз мөлшерде (10мг - 100г дейін 1 т құрама жемде) кіретін заттар [2] .
Құрама жеммен азықтандырғанда мал, құс, терілі аң мен балықтың өнімділігі әжептәуір жоғарылайды, яғни ол малдан ең көп өсім, жұмыртқалайтын тауықтан ең көп жұмыртқа мөлшері алынады, сүттің сапасы жақсарып, сауылатын сүт мөлшерін көбейтуге ықпал етеді.
Кейбір зауыттарда құрама жемге енгізу үшін ақуызды-витаминді қосымша (АВҚ) мен премикс жасалынады [3] .
Ақуызды-витаминді қосымша (АВҚ) - қажетті дәрежеге дейін ұнтақталған жоғары ақуызды жемдік азық пен микроқосымшалардың біркелкі қоспасы. Ол құрама жем өндіру үшін қолданылады.
Премикс - биологиялық белсенді заттардан (антибиотик, витаминдер, микроэлементтер және т. б. ) тұратын микроқосымшалар мен толықтырғыштың біркелкі ұнтақталған қоспасы. Ол құрама жем немесе ақуызды-витаминді қосымшаны байыту үшін қолданылады.
Премикс толықтырғышы - микроқосымшалардың дұрыс таралуына қажетті орта ретінде қолданылып, премикстің құрама жемде араласуының ең жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін құрама жем құрауышы. Негізінен премикс толықтырғышы ретінде бидай кебегі көп қолданылады [4] .
Физикалық күйіне байланысты құрама жемнің келесі түрлері болады: шашыранды, түйіршіктелген, брикеттелген және галет күйінде.
Шашыранды құрама жем - біркелкі ұнтақталған өнім күйінде болады. Шашыранды құрама жем дайындағанда шикізатты бөтен қоспалардан тазалап, қауыздайды (қауызды дақылды) және ұнтақтайды. Осылай дайындалған құрауыштар мөлшерленіп, араластырылады.
Брикеттелген құрама жем - бұл биологиялық дұрыс пішіндегі және белгілі өлшемдегі тақта күйіндегі өнім. Мысалы, сегізбұрыш пішіндегі брикеттер, ұзындығы - 160-170 мм, ені - 70-80 мм, қалыңдығы (биіктігі) - 30-60 мм болады. Оны дайындау үшін ұнтақталған құрауыштардың қоспасын дайындайды, алынған сусымалы масса арнайы араластырғышқа түседі, оған бір мезгілде мөлшерленген меласса да түседі. Ұнтақталған құрауыштар мен мелассадан тұратын қоспа сығымдағышта брикеттеледі, Кейбір брикеттелген құрама жемге ұнтақталған пішен мен сабан қосылады [5] .
Түйіршіктелген құрама жем - белгілі пішін мен өлшемдегі тығыз түйірлерден тұратын сусымалы масса. Әдетте: белгілі диаметр мен биіктіктегі кішкене цилиндр күйінде болады. Түйіршік жасау үшін екі әдіс - құрғақ және сулы қолданылады. Түйіршіктелген құрама жем көбінесе тоған балықтары мен терілі аңдар үшін пайдалы.
Түйіршіктелген жемді ұнтақтау арқылы тағы бір дайын өнім - құрама жем қиыршығын алады. Оны жас балапаңдарға, балықтарға арнап дайындайды. Түйіршіктелген және брикеттелген құрама жемдер тасымалдау, сақтау мен азықтаңдыруда қолайлы болып саналады.
Өзінің құрамы мен жемдік құндылығы бойынша құрама жем екі негізгі топқа: толық құнарлы құрама жем мен құрама жем концентратына бөлінеді.
Толық құнарлы құрама жем - малдың қоректік, минералдық және биологиялық белсенді заттарға деген кажеттілігін толық қамтамасыз ететін өнім. Тәуліктік жемдік рацион мөлшерінде толық құнарлы құрама жеммен құсты азықтандыруда оған қосымша басқа азық беру қажет емес. Бұл құрама жемді негізінен құсқа арнап шығарады [6] .
Құрама жем концентраты - протеин, минералды заттар мен микроқосымшаны көп сақтайды, мал (құс) рационына қосымша енгізіліп, оны толық құнарлы азықтандыруға арналған азық. Оған ірі, шырынды азықтар және әртүрлі өндірістердің (қант қызылшасы, сыра, спирт және т. б. ) қалдықтары қосылады.
Құрама жем концентраты да шашыранды, брикеттелген және түйіршіктелген түрде дайындалады. Оны негізінен ірі қара малға, шошқаға, қояндарға және басқа малдарға арнап шығарады.
Құрама жем өндірісінде ақуыздың тапшылығына байланысты карбамидті концентрат қолданылуда.
Карбамидті концентрат - карбамид, ұнтақталған дән мен бентониттің біркелкі қоспасын экструдерде өңдеу арқылы алынатын қиыршық күйіндегі өнім. Карбамидті концентратты күйісті малға арналған құрама жем, Авқ және жем қоспасында қолданады [7] .
Қазіргі уақытта құрама жем ауылшаруашылығы малдары мен құстарының барлық түрлеріне, терілі аңдар мен балықтарға, иттерге арнап шығарылуда.
Ірі қара, жылқы, құс, қоян, тоғандық тұқы балықтарына арнап және сонымен қатар мал мен құстың жасы, қолданылу бағытын есепке алып құрама жемнің алуан түрлері шығарылады.
1. 2 Құрама жем рецептісі және оны қолдану реті
Барлық құрама жем зауытта жасалынып, бекітілген рецепт бойынша дайындалады. Рецепт - бұл өнімді шығару формуласы. Оны ауылшаруашылығы малдарын азықтандырудағы көпжылдық ғылыми және тәжірибелік зерттеулер негізінде жасайды. Сонымен қатар малдың түрі, физиологиялық жағдайы, өнімділік бағыты мен генетикалық мүмкінділігі ескеріледі [8] .
Барлық рецептті мына факторларды есепке алып құрастырады: малдың (құстың немесе балықтың) түрі, жасы, өсірілу бағыты, құрауышты ең көп енгізу мөлшері, малдың асқорыту органдарын тітіркендіретін улы заттардың енгізілетін мөлшері, дәмі ащы заттарды сақтайтын құрауыштарды құрама жемге енгізудің белгіленген шектік нормасы.
Бұл факторларды есепке алу себебі мынадай. Малдың, құстың, балықтың қоректік, минералдық заттарға және витаминдерге деген қажеттілігі мен әртүрлі заттарды қорыту коэффициенті әртүрлі. Әртүрлі малдардың қоректік заттарға деген қажеттілігі бірдей емес, сондықтан олар оны әртүрлі қорытады. Мысалы, ірі қара мен жылқы клетчатканы шошқаға қарағанда жақсы қорытады. Өз кезегінде ірі қара мен сүтті малдың клетчатканы қорыту коэффициенті жылқыға қарағанда жоғары. Сондықтан ірі қараға арналған құрама жем рецебіне клетчатканы көп мөлшерде сақтайтын құрауыштарды: қабықты дән, кебек және т. б. көп пайыз енгізуге болады [9] .
Әртүрлі жастағы мал (құс) әртүрлі заттарды бірдей қорытпайды, сонымен қатар өсіп келе жатқан организмнің ересек, қалыптасқан организмге қарағанда қажеттілігі бөлек.
Жас малға арналған құрама жем рецепт бойынша қоректік құндылығы жоғары, клетчатка мөлшері төмен, витамин және басқа да биологиялық белсенді заттарды көп сақтауы қажет. Мысалы: еметін торайлардың 100 кг құрама жемінде жемдік бірлік 105 кем емес, 1 ж. б. 140 г кем емес қорытылатын протеин және 6 % аспайтын шикі клетчатка болуы қажет. Ал майлы кондицияға дейін бордақылайтын шошқаға арналған 100 кг құрама жемде, кем дегенде 85 ж. б., 90 г қорытылатын протеин (1 ж. б. ), ал клетчатка 10 % дейін жіберіледі [10] .
Осыны есепке алып, жас малға арналған құрама жемде рецепт бойынша дәнді қабықсыз енгізу керек, өйткені қабық клетчатканы көп сақтайды.
Жас малға арналған құрама жемге өсіп келе жатқан организмдегі сүйектің дұрыс қалыптасуы үшін минералды заттардан кальций көбірек қажет.
Бір түрдегі және жастағы мал мен құстың өсірілу бағыты да әртүрлі. Мысалы, үйрек аналық бағыттағы немесе бордақылайтын, ал жылқы жұмыстық немесе жорғалық болуы мүмкін [11] .
Толық құнарлы құрама жемге арналған рецепті құрастырғанда мынаны ескеру қажет, олар мал (құс) рационына толық сәйкес келіп, жоғары өнімділігін, сапаны, мал (құстың) жақсы денсаулығы мен бірлік өнімдегі қоректік заттардың төменгі шығынын қамтамасыз етуі қажет.
Қолдануға ыңғайлы болу үшін құрама жемнің барлық рецептерін мал мен құстың түрін есепке алып нөмірлейді. Әр түрге белгіленген ондық бойынша мына нөмірлерді береді (1 кесте) :
1 кесте
Құрама жем рецептерінің нөмірленуі
Белгіленген ондық рецепт деңгейінде малдардың өндірістік топтары бойынша реттік нөмірлерін береді (2 кесте) .
Рецепті екі санмен белгілеп, сызықша қойып жазады. Бірінші сан - мал мен құстың түрі мен тобын, ал екінші - осы өндірістік топқа арналған рецептің реттік нөмірі (рецепт нұсқасы) .
Әртүрлі құрама жемдерді индекспен белгілейді: концентратты - К, толық құнарлы - Т және т. б. Индексті рецепттің нөмірін білдіретін санның алдына қояды. Мысалы, ТҚ - 1-13 мынаны білдіреді: жұмыртқалайтын тауықтарға арналған толық құнарлы құрама жем (олар бірінші топта тұр), ал рецептің нөмірі он үш [12] .
Ақуызды-витаминді қосымша (АВҚ) рецептерін де осындай құрама жемге арналған белгіленген нөмірлермен, бірақ ондық мәндерден кейін АВҚ әріптік мәндерін қосу арқылы белгілейді. Мысалы №60-1 АВҚ рецебі - сауылатын сиырларға арналған ақуызды-витаминді қосымшаны білдіреді.
Премикстің әр рецебіне құрама жемнің осы премикс енгізілетін мақсатын есепке алатын шифр қойылады. Премикстің (П) әріптік мәні П сандық шифрдың алдына қойылады. Мысалы, П2-1 рецебі - 1- 60 күндік жас құсқа арналған премиксті, ал П5-1 - 1-30 күндік еттік балапандарға арналған премиксті білдіреді [13] .
Карбамидті концентраттың (КК) әр рецебіне КК әрпі мен нөмірден тұратын шифр қойылады.
2 кесте
Мал мен құстың өндірістік тобы мен түрі бойынша рецептерінің реттік нөмірлері
2 кестенің жалғасы
2 кестенің жалғасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz