Құқықтық мәдениеттің табиғаты
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
6
1
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІК- ТЕРІ
8
1.1
Құқықтық мәдениеттің табиғаты
8
1.2
Құқықтық сана-құқықтық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етуші фактор.
16
2
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ
25
2.1
Құқықтық тәрбие құқықтық мәдениетті қалыптастырудың негізгі жолы ретінде
25
2.2
Құқықтық тәрбие берудің нысандары мен әдістері
35
2.3
Девианттық жүріс-тұрыс және құқықтық мәдениет
45
ҚОРЫТЫНДЫ
58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
61
КІРІСПЕ
Таңдалған тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Конституция оның ең жоғарғы құндылығы адам, адам өмірі, құқығы мен бостандығы деп ерекше атап өтті. Мұның өзі қоғамдағы көп жақты, көп сатылы қарым-қатынастарды реттеудің негізгі құралы ретінде құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің маңызының арта түсуіне жол ашты. Қоғамдық шындықтың объективті қисыны тек зиялы, білімді қоғамда ғана демократияның барлық мүкіншіліктері жан-жақты ашыла түсетінін дәлелдеп отыр. Демократияның қанат жайып көркеюінің басты кепілі -құқықтық мәдениеттің жан-жақты дами түсуі. Демократия дегеніміз шетсіз де шексіз кеңістік немесе әркімнің ойына келгенін істеушілік емес. Ол белгілі дәрежеде заңмен, тәртіппен реттеліп отыратын қоғамдық белсенділік.
Мемлекетіміз өзінің алдына ұзақ мерзімге үлкен жоспарлар қойып отырғанын біз жақсы білеміз. Еліміз 2030 жылдары Орта Азияның барысына айналғалы отыр.
Бұл дегеніміз еліміздің көркейіп, дамитындығын көрсетеді. Отанымыздың осындай дәрежеге жеткізетін, оның болашағына ие болып, гүлдендіре түсетін жастар болып табылады.
Қазіргі заманның басты талабы мемлекеттік және халықаралық стандартқа сай, бәсекеге икемді түрлі саладағы жас мамандарды даярлап шығару. Бұл өте күрделі іс. Оның негізіне жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесінде даярлығы мол, өзіне қойылатын әлеуметтік-адамгершілік талаптар мен этикалық нормаларды меңгерген кәсіпқой маман тұлғасын қалыптастыру, отансүйгіш, интернационалдық сезімде тәрбиеленген жастарды қалыптастыру, дүниежүзілік құқықтық дамудың тәжірибесін меңгеріп қана қоймай, өмірде кәсіптік мүддесіне сай өз көзқарасын қалыптастырып, пайдалана білуге дағдыланған азаматтарды тәрбиелеу жатады. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты жаңа заман қажеттілігіне сай қазіргі ақпараттық және жаңа технологиялық жаңалықтарды өз бойына жинаған, жоғары білікті маман иелерін даярлау құқықтық білім беру және құқықтық тәрбиемен ұштасып жатыр.
Құқықтық мәдениеті көптеген ғалымдар тарапынан жалпы құқықтық мәдениеттің мәселелерін қарастыру барысында сөз болады. Жалпы құқықтық мәдениеті кешенді мәселе болғандықтан кейін оның әрбір қыры жеке-жеке зерттеудің пәніне айналып отырған.
Тақырыптың зерттелген дәрежесі.
Құқықтық мәдениетін зерттеуде оны көбінесе құқықтық тәрбиесімен астастыра орын алған. Құқықтық тәрбиесі А.И.Долгованың, В.М. Фокиннің, В.И. Новоселовтің, К.Х. Наймановтың, А.П.Чугуновтың, В.В.Альхиминконың, А.Б.Козловскийдің, В.В.Бородиннің, Е.С.Кубанковтың, З.А.Бренчевтің, Г.Б.Елемисовтың, К.А. Бегалиевтің, А:И. Ибраеваның еңбектерінде кеңінен қарастырылып, арнайы зерттеу объектісіне айналады.
Диплом жұмысының объектісі. Объектісін негізінен құқықтық мәдениеттің жалпы теориясының мәселелері және құқықтық тәрбиенің құқықтық мәдениеті көтеру жолындағы орны мен ролі.
Диплом жұмысының пәні. Диплом жұмысының нақты пәнін құқықтық мәдениеттің негізі мәселелері және құқықтық мәдениетті көтерудегі көтеру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралардың мәні мен маңызын саралау құрайды.
Диплом жұмысының жұмысының мақсаты мен міндеттері. Негізгі мақсаты құқықтық мәдениетінің табиғатын ашу, құқықтық мәдениетке әсер ететін факторларды саралау. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен орнықтырудың негізгі мәселелерін зерттеу болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
- Құқықтық мәдениеттің ұғымын беру;
- Құқықтық мәдениеттің сипатын көрсету;
- Құқықтық мәдениеттің құқықтық санамен қарым-қатынсын көрсету;
- Құқықтық мәдениеттің құқықтық тәрбиемен өзара қатынасын байыптау
Диплом жұмысының әдісі және әдістемесі. Зерттеу жұмысының әдістемелік негізін әлеуметтік құбылыстарды жалпы философиялық бастаманың жүйесін зерттеуде қолданылатын диалектикалық фундаменталды ережелер құрайды.
Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы. Құқықтық мәдениетті, құқықтық тәрбиесі және мемлекеттің саясатына қатысты ізденістерді тереңдетуге негіз бола алады. Зерттеудің нәтижелерін елімізде жүргізіліп жатқан реформаларда жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің құқықтық базасын қандай басымдықтар мен қағидаларға сүйене отырып қалыптастырудың ғылыми негіздерін жасау барысында пайдаланылануға да болады.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, бес тараудан тұрады.
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Құқықтық мәдениеттің табиғаты
Жалпы құқық теориясында құқықтық мәдениет мәселесі әртүрлі аспектілерде, ракурстарда қарастырылып жүрген өте ауқымды мәселенің бірінен саналады. Әрине құқықтық мәдениет қана емес жалпы мәдениеттің мәселесі ғылымда осы күнге дейін өзінің бір ізді шешімін таба қоймаған, сан түрлі концептуалдық ғылыми ұғымдар мен теориялық бағыттарды өмірге әкелген күрделі түсінікке айналып отыр.
Мәдениет ұғымы да қоғам дамыған сайын толығып, әр қырынан байи түсетін ұғымдық жүйе. Мәдениеттің ұғымының ғылыми мазмұндалуы қоғам дамуының әрбір кезеңі тудырған ұстанымдар деңгейінде кемелденіп отыратын дамушы құбылыс. Мысалы: оны мына деректен көруге болатындай: По подсчетом зарубежных специалистов до 1919 года существовало семь определений кульуры, к 1950 году было 164, а к началу 70-х годов уже 250 [1, c 5]. Американдық ғылымдар А. Кребер мен К. Клохон 1950 жылдардың басында-ақ: "мәдениет" ұғымының 257 түрлі дефинициясын санап көрсеткен болатын [2, c 11]. Қазіргі кезеңде әлемдік әдебиетте 500 - ден астам мәдениеттің ғылыми дефинициясы бар [3, c 18]. Құқықтық мәдениет мәселесімен айналысқан көптеген ғылымдар өздерінің еңбектерінде "мәдениет" ұғымының әртүлі ғылыми түсініктерінің астарына терең бойлап, оны ашып талдауға және өзіндік байламдар жасауға ұмтылған болатын. Бұл мәдениетке қатысты айтылғандар бізден құқықтық мәдениет ұғымын, оның табиғатын ашу барысында үлкен жауапкершілік пен зеректікті, нәзік сезімталдықты қажет екендігі белгілі.
Құқықтық мәдениет жалпы мәдениет ұғымы секілді құқық теориясында бір жақты қаралып бағаланбайды. Бұны әрине түсінуге де болады. Себебі, құқықтық мәдениетті бір ұғыммен түсініктің аясында толығымен ашып көрсету мүмкін емес. Құқықтық мәдениет әлеуметтік феномен ретінде күрделі құбылыс. Ол өзінің бойына әртүлі маңызды белгілер мен критерилерді топтастыра алған өте ауқымды жүйелік құрылым. Сондықтан да құқықтық мәдениет ұғымы мен оның табиғатын ашуға қатысты сан түрлі көзқарастар мен пікірлердің жүйесі қалыптасқан болатын.
Құқықтық мәдениеттің теориялық және методологиялық мәселелермен терең айналысқан ғалымдардың бірі В.П. Сальников құқықтық мәдениет табиғатын ашуға байланысты көзқарастардың дамуының кейбір қырларына тоқтала келе: 60 жылдардың аяғы 70 жылдардың басында құқықтық мәдениет ұғымын беруде екі бағыт тұрғысынан: қоғам дамуының белгілі кезеңіндегі идеялық құқықтық жағдай тұрғысынан және құқық туралы білім жиынтығы, заңдарды қолдана білу және оған деген құрметке қатысты көзқарас қырынан келгендігін" сөз етеді. Сонымен қатар 70 жылдардың аяғы мен 80 жылдардың басында құқықтық мәдениеттің теориялық мәселелер зерттеушілердің көптеп көңіл бөлген тақырыбына айналғанын және оны әр қырынан: "как качественное идейное состояние правовой жизни общества на определенном этапе его развития, и как совокупность всех элементов юридической надстройки в их реальном функционировании, и как знание закона, умение принять его, и как разновидность общественного сознания" түсінігі, дамытқан тілге шек етеді.
Құқықтық мәдениеттің ұғымын беруде әртүрлі ғалымдар құқықтық мәдениеттің табиғатын сипаттайтын белгілерінің біріне ғана басымдық беріп, оны құқықтық мәдениеттің "приматы" ретінде сипаттауға тырысады. Сонымен бірге сол құқықтық мәдениетті сипаттайтын белгілердің ішінен бөліп алған, өздері өте маңызды деп санайтын белгінің төңірегіне қалған белгілерін жинастыруға тырысады. Құқықтық мәдениеттің анықтамасын беруде қалыптасқан бұл әдіс бүгінгі күні құқықтық мәдениеттің сан түрлі түсініктері мен ұғымдарын өмірге әкелді. Әйтсе де бұл көзқарастарды топтастырып көрсетуге де болады. Қазіргі кезеңде құқықтық мәдениет ұғымына қатысты түсініктер мен ұғымдарды топтастыруда белсенді- қызметтік, пәндік-құндылық құқықтық сананың аясында; қоғамдағы құқықтық өмірдің жақсы жақтарының көрінісі тұрғысынан тұжырымдау т.б. негіздер бойынша топтастыру орын алуда.
Енді осыларға жеке-жеке кіші-гірім талдау жасайтын болсақ, бірінші белсенді - қызыметтік бағыт бойынша құқықтық мәдениет адамның белсенді қызмет аясында қаралып, осыны негізге ала отырып құқықтық мәдениет ұғымын тұжырымдауға ұмтылыстар жасалады. Бұл бағыттың бір түріне құқықтық мәдениет ұғымын беруде негізге субъектінің әлеуметтік қызметінің әдістерін жатқызатын технологиялық" деген атпен белгілі түрін жатқызуға да болады. Бұл бағыт туралы Г. И. Балюк былай дейді: В последнее время в юридической литературе появились также технологические определения правовой культуры (В.П.Казимирчук, Е.А.Лукашева, В.П.Сальников и.др). Они аккумулировали теоретический опыт изучения правовой культуры и раскрыли ее целевое назначение состоящее прежде всего в формировании, развитии и становлении личности, ее направленности на активное поведение во всех сферах государственной и общественной жизни, урегулированной правом. Әрине сонымен қатар бұл көзқараста мәдениеттің құндылық қыры да көзден таса қалмайды. Сонымен қатар бұл бағытты сот әділдігі мен сот ісін жүргізудің мәдениетіне қатысты еңбектерінде Ликас А.Л. мен Волкодаев Н.Ф "Сот әділдігінің мәдениетін қызметік әдіс ретінде" өрбіте отырып дамытады.
Құқықтық мәдениеттің ұғымын ашып көрсетуге қатысты екінші бір көзқарастардың легін құқықтық сананың аясында өрбітуді жатқызуға болады. Бұл бағыт құқықтық тәрбие мәселесінде құқықтық сананың атқаратын ролін және құқықтық тәрбие мен құқықтық сананың арақатынасын ашуға қатысты арнайы еңбектерде негізінен орын алған болатын. Сонымен бірге біз бұл бағыттан құқықтық мәдениеттің түсінігін беруге қатысты алдын-ала мақсаттың айқындығын да аңғарамыз. Себебі, бұл бағытты қолдаушылар негізінен акцентті құқықтық мәдениеттің психологиялық өлшемдері мен көріністеріне жасайды. Бұл бағытты қолданушылар мен әрмен қарай дамытушыларға: Моралев К.А., Могилевский Р.С., Орехов В.В., Каминская В.И., Ратинов А.Р. т.б. жатқызуымызға болады. Белгілі ғалым А.Б.Венгеровтың құқықтық мәдениеті более высокая и әмкая форма правосознанияң деуі бізге оны да осы бағыттың қолдаушылары қатарына жатқызуға мүмкіндік береді деп есептейміз.
Ендігі құқықтық мәдениеттің ұғымын беруге қатысты бағыты пәндік-құндылық бағыты ретінде топтастыруға болады. Мұнда құқықтық мәдениет ұғымының екі аспектісі: "пәндік (құқық, құқықтық құрылымдар т.б) және рухани қыры (құқықтық сана, құқықтық білім т.б) бірін-бірі толықтыратын бір нәрсенің екі қырындай сабақтастықта қаралады. Ол туралы осы бағытты теориялық негіздеушілердің бірі Т.В. Синюкова құқықтық мәдениет түсінігінің негізіне мыналарды: "Совокупности норм, ценностей, юридических институтов, процессов и форм выполняющих функцию социоправовой ориентации людей в конкретном обществе (цивилизации). Әрине бұл бағыттың бір ұтатын қырына біз оның бағалаушылық позициядан келетіндігін жатқызуымызға болады. Бірақта біз бұл, бағыттан құқықтық мәдениетті қандай критерилердің жүйесіне сәйкес бағалауға болатындығын көре алмаймыз. Құндылықтың өзіне көп жағдайларда қоғамда қалыптасқан ұстанымдар жүйесі өте күшті әсерін тигізіп жатады. Оны біз кеңестік жетпіс жылғы тарихымыздан өте жақсы білеміз.
Жоғарыдағы құқықтық мәдениетке қатысты пайымдаулар мен қатар заң әдебиеттерінде оны құқықтық өміріміздің жақсы жақтарының көрсеткіші ретінде де бағалауды кездестіреміз. Аталған бағыттың негізгі ойын Р.К. Русиновтың құқықтық мәдениетке берген мына төмендегі мінездемесі толық ашып көрсетеді: Под правовой культурой понимается обусловленное всем социальным, духовным, политическим и экономическим строем качественное состояние правовой жизни общества, выражающееся в достигнутом уровне развития правовой деятельности, юридических актов, правосознания в целом, в уровне правового развития субъекта (человека различных групп, всего населения), а также степени гарантированности государством и гражданским обществом свобод и прав человека [4, С. 179-180]. Осымен астасатын пікірді құқықтық мәдениет теориясы бойынша белгілі ізденістер жүргізіп, қомақты нәтижелерге қол жеткізген осы саланың білгірлерінің бірі А.П. Семитконың еңбектерінен де кездестіреміз [5, С 1].
Біздің ойымызша құқықтық мәдениеттің табиғатын тануға, оның ұғымы мен негізгі белгілерін ашып көрсетуге қатысты жоғары да сөз еткен бағыттармен қатар тағы бір бағыттың қалыптаса бастағанын аңғарамыз. Бұл бағыттың ерекшелігі ол осы уақытқа дейін құқықтық мәдениет ұғымын ашып көрсетуге қатысты әр түрлі пікірлер мен көзқарастардың тұрақты, негізділеу қырларын бойына топтастыра білген синтезді жүйе десе де болатындай. Оны біз құқықтық мәдениет ұғымын берудегі кешенді кең мағыналы бағыт ретіде қарастырамыз. Себебі, мұнда осы уақытқа дейін құқықтық мәдениеттің анықтамасын беруде негізгі рольге ие болып келген белгілердің барлығы жинақтала отырып, жалпылама бір анықтаманың негізіне енгізіледі. Сөз етіп отырған әдісті құқықтық мәдениеттің мәнін ашуда Г.И. Балюк өте жақсы, орайлы ұштастырып былай дейді: "На основе высшеизложенного определение понятия правовой культуры можно сформулировать как качественное состояние правовой жизнедеятельности общества, определяемое способом материального производства и характеризуемое уровнем развития регулятивных свойств права в обществе, накопленных правовых ценностей, а также мерой освоения людьми и их объединениями права, степенью раскрытия и реализации на этой основе творческих возможностей трудящихся и доступа их ко всем областям жизнедеятельности государства и общества".
Негізі осы бағыттағы оймен әуедес пікір білдіре отырып, құқықтық мәдениетті құқықтық құрылымы, оның қызмет етуі, құқықтық ықпал ету механизмдерімен біртұтастықта қарай келе В.П. Федорин "В основе указанной трактовки лежит наиболее широкий подход к правовой культуре как особому социальному механизму, представляющему собой систему взаимодействующих элементов, направленных на развитие способностей, навыков субъектов права в процессе регулирования общественных отношений". деп оның аясының кеңдігіне көңіл бөледі.
Отандық заң ғылымында осы саламен 16-17 жыл бойы айналысып жүрген ғалым А.С. Ибраеваның да құқықтық мәдениетке қатысты қалыптасқан көзқарастар мен пікірлерді саралай келе берген өзіндік анықтамасын да осы сипатқа жатқызуға болады.
Құқықтық мәдениет қоғам дамуымен ілгері жылжып отыратын, тарихи сабақтастықта, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп отыратын құқықтық өмірдің шындығы іріктеп алып отырған құндылықтар мен тұлғаның құқықтық қызметін қалыптастырған озық мәдени маңызды өлшемдер жүйесі болып табылады.
Құқықтық мәдениетке оның негізгі мәнін көрсететін ерекше белгілер тән болып келеді. Оған біздің ойымызша А.С. Ибраеваның бөліп көрсеткен негізгі мына белгілері жатады:
это особое социальное образование, выражающее оценку правовых явлений как культурологических ценностей с точки зрения того, как и насколько они способны обеспечить наследование социальных форм жизнедеятельности, функционирование и продолжительность существования конкретных общественных систем;
это показатель использование правовой практике общества наиболее прогрессивных идей и ценностей, созданных в ходе исторического развития, что находит свое выражение:
а) В стабильности правовой системы общества, позволяющей человеку уверенно смотреть в завтрашний день;
б) В демократичности всех правовых институтов общества, гарантирующей человеку социальную защищенность от произвола в любой его форме и предоставляющей личности право участвовать в работе органов государства;
- это достаточно высокая степень правового развития личности,
выражающаяся в отношении ее к правовой действительности через индивидуальное правосознание и правовую деятельность [11, 25 б]. Көрсетілген құқықтық мәдениетті сипаттайтын белгілер шын мәнінде құқықтық мәдениеттің негізгі мәнін ашатын және оған тән белгілерді жалпылап көрсететін әмбебаптық сипаттағы белгілер десекте болатындай.
Құқықтық мәдениет теориясындағы тағы да бір маңызды мәселенің біріне құқықтық мәдениеттің құрылымы және оның элементтері жатады. Құқықтық мәдениеттің құрылымы теорияда әртүрлі компоненттер жүйесінен тұратын құрылым ретінде, көптеген авторлар тарапынан қарастырылуда. Былайша айтқанда құқықтық мәдениеттің құрылымдық сипатын құрайтын элементтерді ажыратып көрсету әлі болса теорияда өзінің біркелкі шешімін таба қойған жоқ. Соған қарамастан құқықтық мәдениетпен айналысушы ғалымдар бұл мәселені терең талдауға ұмтылған сайын, шешуі қиын шиыршықталған ойдың қармауында қалып отырады. Мұның өзі құқықтық мәдениеттің сан қырлы сипаты бар құбылыс екендігін тағы бір рет дәлелдейтіндей. Қанша дегенмен құқықтық мәдениеттің мәнін түсінуде, оның құрылымдық жүйесіне кіретін элементтерді ашып көрсету өте қажет. Әйтпесе құқықтық мәдениеттің мәнін толық ашып, бағалау мүмкін емес. Құқықтық мәдениеттің құрылымы арқылы біз жалпы құқықтық мәдениеттің тұтас құрылым ретінде қызмет етумен даму бағыттарын, ерекшеліктері мен оған тән негізгі белгілердің қырларын толық түсінуге мүмкіндік аламыз.
Заң әдебиеттерінде құрылым жалпы былай түсіндіріледі: "Внутреняя организация целостной системы, представляющая его компонентов" [12, С 21]. Құрылым әрқашанда жүйенің ұйымдасқан, белгілі тәртіпке енгізілген, элементтерінің өзара байланыстағы жиынтығы ретінде көрінеді.
Құқықтық мәдениеттің құрамына көңіл бөліп, талдау құқықтық мәдениетті құрайтын негізгі элементтерді ажыратуға, осы элементтердің маңызды өзара байланыстарын көрсетуге, сонымен қатар құқықтық мәдениеттің ең соңында біртұтас құбылыс екендігін сипаттауға жол ашатын дұрыс жол болып табылады. Құқықтық мәдениеттің құрамын бір жақты бағалауға болатын құбылыс емес, ол күрделі, қатпарлы феномендік сипаты бар жүйе. Сонымен қатар құқықтық мәдениеттің құрылымын зерттеуде тағы бір ескеретін жағдай қоғамдағы объективті және субъективті факторлардың ықпалымен оның өзгеріп отыратындығын ескеруіміз қажет. Құқықтық мәдениеттің өзгерісті тез қабылдап түрленуге бейім элементтерінің қатарына құқықтық сананы жатқызуға болады.
Заң ғылымында құқықтық мәдениеттің құрылымы мен оның элементтеріне қатысты әр түрлі көзқарастардың бар екендігін көругу болады. Енді оларға шолу жасап көретін болсақ, Е.В. Аграновская оған: "право, права, свободы, обязанности граждан,правовые явления в которых право непосредственно реализуется - правоотношения, законность, правопорядок, правовое поведение" жатқызады. Ал В.А. Бурмистров болса, құқықтық мәдениеттің құрылымын сөз ете отырып оның құрылымын:" такие социальные ценности, как право, его нормы и принципы, законность, правопорядок. провоотношения, субъективные право, свободы и обязанности, правомерное поведение, правосознание, правовые процедуры, правовые формы функционирования государства и общественных организаций, их органов" деп оны толықтыра түскендей болады. Бірақта біздің ойымызша екі авторда құқықтық мәдениеттің элементтерін бөліп көрсетуде құқықтық болмыстың жеке жақтарын құрайтын құбылыстарды алға тартады. Оның орнына аталған құқықтық мәдениеттің элементтерін жалпылама сипаттамалардың аясына кіргізіп көрсеткенде ойлары жүйелі және жинақы, әрі дәлірек болатын еді. Белгілі құқықтанушы ғалым С.С Алексеев құқықтық мәдениеттің құрылымын төмендегі төрт элементтен: "уровни правосознания, законности, совершенства законодательства, юридидческой практики" тұрады деп санайды. В.И. Каминской мен А.Р. Ратиновтың көзқарастары боынша құқықтық мәдениеттің құрылымы мынандай элементтерден құралады:
"-право как система норм, выражающих государственные веления;
-правоотношения, т.е. система общественных отношений, регулируемых правом;
-правовые учреждения как система государственных органов и общественных организаций, обеспечивающих правовой контроль, реализацию и исполнение права;
-правосознание, т.е. система духовного отражения всей правовой действительности;
-правовые поведение (деятельность), как правомерное, так и противоправное". Бұл жерде аталған пікірдің соңғы сөзі шындықтан алшақтау жатқандай. Себебі Құқыққа қарсы жүріс-тұрыс құқықтық мәдениеттің элементтерінің қатарына жатпайды. Үйткені құқықтық мәдениет деген атынан көріп тұрғанымыздай оның құрылымдық элементтерін негізінен жағымды компоненттер құрауы қажет.
Біздің ойымызша құқықтық мәдениеттің құрылымына қатысты ғылыми әдебиеттерде әр кезеңдер де орныққан көзқарастар мен пікірлерді саралай отырып, оны өзіндік тұрғыды белгілі дәрежеде бағалауға қадамдар жасаған А.С. Ибраеваның құқықтық мәдениеттің құрылымына қатысты элементтерді жинастыра келе оның: 1) правосознание; 2) право; 3) правовые отношения; 4) законность и правопорядок; 5) правомерная деятельность субъектов; 6) государственно-правовые институты; 7) юридическая наука; 8) юридические акты. тұратындығын көрсетуі біздің ойымызша құқықтық мәдениеттің құрылымының мәнін ашуға өте жақсы және дұрыс келетін тұжырым деп санаймыз. Сонымен бірге бұл пікір көтеріліп отырған мәселеге қатысты ойлардың дамуының тұтастығын қалыптастыруға ұмтылған және оған мүмкіндік беретін өте орынды сипаттама.
Құқықтық мәдениеттің табиғатын танудағы тағы бір келелі мәселенің қатарына оның қоғам өмірінде атқаратын негізгі қызметтерін жатқызуға болады. Құқықтық мәдениеттің қызметтері оның қоғамға шынайы ықпал етуін көрсетеді. Құқықтық мәдениеттің қызметтері арқылы құқықтық мәдениеттің деңгейін, оның әсер етуін байқай алмыз. Құқықтық мәдениеттің қызметтері дегеніміз оның қоғамда өмір сүруінің басты бағыттары. Осы күнге дейін теорияда құқықтық мәдениеттің басты-басты қызметтері және оларды жіктеуге қатысты бір бағытты көзқарастар жүйесі орныға қойған жоқ. Сонымен қатар құқықтық мәдениет мәселесімен айналысушы ғалымдар арасында да әлі терең жеке-жеке құқықтық мәдениеттің қызметтері талдана қойған жоқ. Бірақта бұдан оның негізгі қызметтері мүлдем зерттеуге түспеген деген ой тумауы қажет. Біз бұл жерде оның толыққанды, терең арнайы зерттелмегені туралы сөз қозғап отырмыз. Мәселенки, құқықтық мәдениет мәселесімен айналысып жүрген ғылымдардың бірі Е.А. Зорченко құқықтық мәдениеттің қызметтерін саралай келе, төмендегідей топтарға жіктейді:"функции, связанные с взаимодействием правовой культуры другими социальными институтами общества, т.е. функции по выработке установлению системы правовых норм, ценностей, стереотипов поведения, по обеспечению нормативного регулирования поведения граждан, по организации и реализации различных правовых форм социально-полезной деятельности (нормативная, интегративная, общественно-преобразующая, регулятивная аксиологическая, коммуникативная, накопления и сохранения ценностей и др.); функции обеспечивающие наиболее эффективное взаимодействие правовой культуры общества, социальной группы, трудового коллектива и правовой культуры личности (социализации, воспитания, информации, коммуникации); функции, связанные с существованием социально-психологического механизма перевода правовых требований в реальное поведение личности (позновательная, ценностно-орентирующая, преобразовательная)" [4]. Сонымен қатар құқықтық мәдениет теориясының философиялық-методологиялық мәселелерін арнайы зерттеуші Л.В Петрованың еңбегінде де құқықтық мәдениеттің қызметтері сөз болып ғылыми талдауға түседі. Әрине ол өзінің еңбегінде құқықтық мәдениеттің аксиологиялық қызметіне басты орын беріп, қалған қызметтерді осы шеңбердің ішінде қарауға тырысады. Л.В. Петрованың ұстаған бағыты туралы: "Основное внимание в работах Л.В. Петровой удалено аксиологической функции, которую она предлагает считать главной, отражающей социальный смысл правовой культуры. Остальные же функции, по мнению Л.В. Петровой, починены аксиологической функции и фактически выступает ее модификациями" деп З.Ч Чикеева оның көзқарасының келеңді тұстарына көңіл бөліп, өзіндік бағасын беруге тырысады. Өзі құқықтық мәдениет қоғамдағы өзінің ролін "творчески-преобразующей, нормативно-регулятивной аксиологической, коммуникативной, познавательной и вспитательной функцией" жүзеге асырады дейді. Құқықтық мәдениеттің қызметтері туралы екі-үш негізгі көзқарастарды сөз етуіміздің өзінен, бұл мәселе арнайы зерттеудің тақырыбы екенін көрсетіп тұр. Біз оны терең, жеке-жеке ғылыми талдауға аталған тараудың тарлық еткендігін және біздің арнайы пәндік зерттеуіміз жастардың құқықтық мәдениеті екендігін ескере отырып, бұл мәселеге қатысты ойымызды жоғарыда айтылғандармен шектеуге мәжбүрміз.
Егер біз тұлғаның құқықтық мәдениетіне, оның деңгейіне, қоғам өміріндегі көріністеріне қысқаша тоқталып өтпейтін болсақ, онда жалпы құқықтық мәдениеттің жастардың құқықтық мәдениетін тануда және зерттеудегі дүниетанымдық базалық ұғымы екендігін толық ашып көрсете алмаған болатын едік. Құқықтық мәдениет теориясында әртүрлі көзқарастар легін тудырып, бір жақты бағаланбай отырған мәселенің бірі тұлғаның құқықтық мәдениеті болып отыр. Тұлғаның құқықтық мәдениетіне қатысты көзқарастар құқықтық мәдениеттің жалпы, өзекті қырларымен, әр жылдары айналысқан құқықтық мәдениеттің ғылыми базасын толықтырып, өркедетуші: Е.В. Аграновская., В.А. Бурмистров., В.П. Федорин., А.П. Семитко., В.П. Сальников., Г.И. Балюк., Н.Л. Гранат., А.Р. Ратинов., В.И. Каминская секілді құқықтық мәдениет теориясының майталмандары білдірген болатын.
Тұлғаның құқықтық мәдениетінің көрініс беруі мен қоғам өміріндегі қатынастар жүйесінде бейнеленуіне қатысты т.б жағдайларға байланысты қарапайым, кәсіби, теориялық деген деңгейлерге ажыратылады. Қарапайым құқықтық мәдениет деңгейі көбіне-көп жалпы көпшілікке тән болып келеді. Арнайы маман емес, бұынымен кәсіби тұрғыда айналысып жүрмеген қоғам мүшелерінің құқықтық мәдениетінің деңгейі. Әрине бұл қарапайым адамның тек заңды біліп, оны бұзбай сақтауы ғана емес, сонымен қатар адамның құқыққа, оның қандай да болса көріністеріне деген терең құрметтің ішкі жан дүниеде орнығуын және оны мүлтіксіз орындауға деген құлықтылығын көрсетеді. Ал кәсіби құқықтық мәдениет заң саласындағы мамандарға тән. Оның түрлеріне соттың, прокурордың, полиция қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін т.б жатқызуға болады. Әрине бұл саладағы барлық қызметкерлерге кәсіби құқықтық мәдениет тән десек қателескен болар едік. Кәсіби құқықтық мәдениет заңды білу, осы саладағы мамандықты арнайы алумен қатар өзінің қызметінде заңды сақтау, құрметтеу мен басқа біреулерді де осы талаптарды бұзбауға шақыру, ықпал етуден көрініс береді. Ол өзінің қызметіне берілген, оған құрметпен, үлкен ілтипатпен қарайтын жеке адамдардың тобына тән құбылыс. Теориялық құқықтық мәдениетті біз ғылыми қызметкерлер мен педагоктық саладағы мамандардан кездестіреміз. Теориялық құқықтық мәдениеттің иелері, бұл бағытта сонымен қатар жетілдіре түсуде үлкен теориялық ұсыныстар енгізуі мүмкін. Сондықтан да бұл өте маңыздылау болып табылады. Көбіне бұл бағыттың өкілдері құқықтық мәдениеттің прогресшілдік идеяларын ортаға таратушы, оны уағыздаушылық та қызметтер атқарады. Оны өмірінің негізгі ретінде қабылдайды. Тұлғадағы құқықтық мәдениеттің қалыптасу кезеңдерін шартты түрде: "- период становления и период стабильной правовой культуры" деп бөлуге болады. Бірінші кезеңде тұлғаның құқықтық мәдениеті қалыптасу процесін бастан кешуде болады. Оның орнығуына қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық әртүрлі факторлар, заң түзу мен шығару ісіндегі тұрақтылық, заңдылық пен құқықтық тәртіп үлкен әсер етеді. Сонымен қатар мемлекеттегі адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдік деңгейі өте күшті әсер етеді. Бұл кезеңде тұлғаның құқықтық мәдениеті тұрақты емес, белгілі орнығу жағдайында болғандықтан жоғарыда аталған жағдайлардың ықпалын өзінің бойында өте күшті сезеді. Қоғамдық тұрақтылық оның орнығуына себепті жағдай жасайды. Ал тұрақты құқықтық мәдениет тұлғаның құқықтық мәдениетінің орныққан, терең тамыр жайған кезеңі. Оны тұлғаның құқықтық өмірге оң ықпал етуге деген құлшынысының пайда болуынан көруге болатындай. Тұлғаның құқықтық аядағы белсенділігінің кезеңі деп те атауға болады. Құқықтық белсенділік тұлғаның құқықтық мәдениетінің шыңы. Құқықтық белсенділік мақсатты терең түсіну мен міндеттерді айқын және ықыласпен атқаруға бағытталған әрекеттердің көрінісі. Құқықтық белсенділіктің (тұлғаның интелектуалдық белсенділігінің) Д.Б. Богоявленнойдің концепциясына сүйенсек үш деңгейі болады:
" 1) Если субъект право при самой добросовестной и энергичной работе остается в рамках заданного или первоначально найденного способа действия, его интеллектуальная активность относятся к пассивному уровню, что подчеркивает не отсутствие умственной деятельности вообще, а то, что это деятельность каждый раз определяется действием какого-то внешнего стимула;
2) если субъект права, имея достаточно надежный способ решение своей задачи, продолжает анализировать состав, структуру своей деятельности, сопоставляет между собой цели и задачи, что приводит его к открытию новых, внешне более остроумных способов решения к формулированию закономерности, то такой уровень интеллектуальной активности называется эвристическим. Этот уровень наиболее характерен для следователей и представителей других сходных профессий;
3) самый высокий уровень интеллектуальной активности носит название творческого. Здесь обнаруженная закономерность становится не эвристической формальным приемом (способом) действия, а самостоятельной проблемой. Не стимулированная извив, самостоятельная постановка проблемы качественная, особенность личностей, обладающих этим уровнем интеллектуальной активности. Интеллектуальная активность, в том числе правовой сфере, является интегративной характеристикой личности, объединяющей ее мыслительную и мотивационную сферы.
Қорта келгенде құқықтық мәдениет сан қырлы, әр түрлі деңгейлерде көрініс беретін маңызды құбылыстардың біріне жатады. Құқықтық мәдениеттің даму деңгейі, оның жоғарлауы қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайлармен айқындалатын өзгерістерге мезетте ыңғайлануға биім болып келеді. Оның құрылымы мен қызметтері қоғам талабы алдыға тартқан талаптарды қанағаттандыруға бағытталған. Құқықтық мәдениетті көтеру мақсатты ойластырылған шараларды үздіксіз жүзеге асырудың нәтижесінде қол жеткізілетін табыс десек артық кеткендік емес теп қортуға болады. Тұлғаның құқықтық мәдениеті құқықтық мәдениеттің ең жоғарғы деңгейін көрсететін жалпы мәдениеттің деңгейлік түрлерінің бірі.
1.2 Құқықтық сана - құқықтық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етуші фактор
Құқықтық сана жалпы құқықтық мәдениеттің қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Құқықтық сана дегеніміз - қоғамда кең етек жайған адамдардың құқықтық құбылыстарға қатысты сезімдерін, көзқарастарын, ой-пікірлерін білдіретін қоғамдық сананың бір түрі болып саналады. Құқықтық сананы белгілі ғылым Ғ.С. Сапарғалиев пен А.С. Ибраева былай тұжырымдайды: Құқықтық сана - Қазақстан Републикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқықтық сезімдердің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі [5]. Біз бұл жерде жалпы құқықтық сананы қарамайтын болғандықтан әрі қарай құқықтық сананың теориялық қырларына тереңдемейміз. Тек жастардың құқықтық санасының қалыптасу ерекшеліктері және оның қоғамның дамуына тигізетін әсері қырынан сөз етеміз.
Жастардың құқықтық санасы заң шығару үрдісіне, құқық қорғау органдарының қызметіне т.б. жағдайларға әсер етпей қоймайды. Керісінше жоғарыда аталған жағдайларда жастардың құқықтық санасының қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.
Жастардың құқықтық санасының ерекшеліктеріне көңіл бөлгенде біз бір жағдайды ескеруіміз қажет сияқты. Ол біздің ойымызша жастардың әр алуан топтарының әлеуметтік, құқықтық т.б. жағдайлары. Аталған жағдайларға байланысты қоғамдағы жастарды әртүрлі топтарға жіктеуге болады. Мәселен, жастардың ерекшеліктеріне байланысты: балалар (14-ке дейінгілер), жасөспірімдер (14-18 жасқа дейінгілер), кәмелет жасынан кейінгілер (18 жастан асқандар). Тұрақты жерлеріне қарай жастар ауыл жастары және қала жастары болып бөлінеді. Білім денгейлеріне қарай: орта білімді, арнайы орта білімді, жоғары білімді деп ажыратылады. Әртүрлі қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың мүшелігіндегі және ондай іспен айналыспайтын да жастарды бөліп қарауға болады. Жастардың құықтық санасының қалыптасуын зерттеуде көрсетілген жіктеулердің маңызы ерекше. Осы бағытпен көптеген жылдар бойы үздіксіз айналысқан В.В. Оксамытный төмендегідей салмақты пікір білдіреді: "Исследования правосознания различных котегорий молодежи позволяют, в частности, с большей мерой обоснованности выбирать определенные средства, методы и формы воспитательной работы исходя из различных характеристик воспитуемых; они дают возможность своевременно организовывать работу в нужном направлении, выбрать действенные подходы и приемы исправления возможных аномалий в правовом сознании молодых людей; и, наконец, использование их обобщенных данных, обоснованных предложений ведет к повышению эффективности правовоспитательного процесса". Шын мәнінде мектеп қабырғасындағы 15-16 жасар жасөспірім мен жоғары оқу орнын бітірген 29-30 жастар шамасындағы жастардың құқықтық санасының үлкен айырмашылығы болатындығы белгілі. Жастардың құқықтық санасын қалыптастыру бағытында жүргізілетін тәрбие мен басқа да ықпал етулерді қолдану барысында көрсетілген жастардың категорияларының ерекшеліктеріне, әрбір нақты жағдайды ескере отырып келу керек. Бұл жастардың құқықтық санасын жоғары деңгейге өте тиімді көтеруге мүмкіндіктер тудыратын бірден-бір дұрыс қадам болып табылады. Сонымен қатар әрбір категорияның ерекшелігін ескеру дер кезінде орынды әдісті таңдауға да бағыт көрсетеді.
Жастардың құқықтық санасының қалыптасуына және дамуына өте күрделі факторлар жүйесі әсер етеді. Жұмысшы жастардың құқықтық санасының қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеуші С.А. Батова ондай факторларға төмендегілерді жатқызады: "Социально экономические условия, общественно-политическая обстановка, идеологическая деятельность, система юридической практики, микросреда включенность молодого человека в социальную деятельность, личностные социально-значимые свойства, демографические особенности и, конечно, идейно-воспитательная работа, в который участвует целый ряд государственных учреждений, учебных заведений и общественных организаций" .
Жоғарыда көрсетілген факторлардың жастардың құқықтық санасына әсер ететіндігін мойындай отырып, біз жастардың құқықтық санасының қалыптасу үрдісінде мынандай элементтерге ерекше мән берген болар едік:
құқықтық білім;
құқық туралы түсінік;
қолданыстағы құқыққа қатысты көзқарас;
құқыққа қойылатын шарт (талап);
құқықтық талапты орындауға қатысты ой-пікір.
Жастардың құқықтық санасының көрсетілген элементтері бірімен - бірі өте тығыз байланысты және біріне-бірі тәуелді болып келеді. Әйтсе де бұлар жастардың құқықтық санасында өзіндік қызметтері бар түрлі элементтер болып табылады. Бұл жағдайды жастарға құқықтық тәрбие беру барысында ескеру керек.
Құқықтық білім немесе құқық туралы білім адамның тікелей құқықтық нормаларда көрсетілген актілерді оқып танысуы нормативтік актінің мәтінін оқу, радио арқылы есту т.б. барысында немесе онымен жаналамай басқа жақтардың қатысуы арқылы танысуымен (мысалы: біреулердің айтуы арқылы, өмірлік жағдайларда нақты кездесіп қалып құқықтық актімен танысу).
Бұл екі әдісте бірін-бірі толықтырып отырады. Заңның немесе басқа да нормативтік актінің мазмұнын заңгер емес адамдар белгілі жеңіл әдістер арқылы игере алады. Мұндай жағдайда оны түсіндіруші кім екендігі маңызды роль атқарады. Оның құқық туралы ақпараты қаншалықты білікті, толық және шынайы екендігінің орны ерекше. Бұл құқықтық ақпаратты еркін игеруге, терең түсінуге ықпал етеді. Осы жерде біз республикамызда жастардың өздерінің мүдделерін қорғайтын заңдарды білу деңгейлеріне көңіл бөліп көрелік: "Республикалық әлеуметтік сауалнама қортындылары бойынша жас жігіттер мен қыздардың 13,8 проценті ғана өз құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін заңдарды біледі. Қайта ересек жастағы жастар топтары өз хабардарлығының мұнан екі есе жоғары екендігін көрсетті. Білім деңгейі жоғарлаған сайын заңдарды білу деңгейі де жоғары (2,9 пайыз толық емес орта білімдіден, 22,7 пайыз жоғары білімдіге дейін)". Келтірілген мәлімет көңіл қуантарлық емес де болатындай. Бірақта бір заңдылықтың барлығы байқалады. Ол жастардың білімі неғұрлым жоғары болған сайын заңдар туралы (өздерінің мүдделеріне қатысты) білімі де жоғарлай түседі. Қазақстандық жастардың сонымен қатар, еңбек, білім, денсаулық сақтау, демалысқа қатысты құқықтық білімдері төмен екен. Жалпы құқықтық сананың құрылымында құқықтық білімнің маңызды орны бар. Оны өзінің зерттеу жұмыстарының бірінде салмай таныған Л.А. Сахипова "В структуре правосознания правовые знания занимают едва ли не определяющее место, они представляют собой необходимый фундамент его дальнейшего развития и совершенствования. Лишь при наличии определенного запаса правовой информаций, в сознании субъекта возможны возникновение оценочных суждений, а затем стойких, глубоких правовых убеждений".
Жастардың құқықтық санасын қалыптастыруда құқықтық білімнің орны ерекше екендігіне біздің көзіміз жетуде. Сондықтан да жастардың құқықтық білімін көтеру үшін оларды әртүрлі көздер арқылы құқықтық ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру қажет. "Қазақстан жастары" бағдарламасында жастарды ақпаратпен қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік тапсырыс ауқымында бұқаралық ақпарат құралдарында жастар тақырыбына арналған тұрақты айдарлар, телерадио хабарларын ашу, жастардың проблемалық мәселелері бойынша баспасөз маслихаттарын, тақырыптық дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар өткізу көзделген еді. Бұл жағынан республикамызда "Хабар" арнасы мұрындық болып өткізіліп жатқан "Азамат" бағдарламасының алатын орны ерекше. Болашақта оы тектес жастардың өмірінің әр қырынан сыр шертетін бағдарламалар легі көбейсе екен. Арнайы жастарға қатысты, олардың құқықтары мен бостандықтарын сөз ететін қызғылықты бағдарлама қажет. Оны еліміздің жастарының барлығына жеткізу үшін орыс және қазақ тілдерінде ұйымдастырған жөн болар еді. Мысалы: "Жас азамат өз құқығыңды біл және қолдан" немесе "Жас азамат сенің де құқығың бар" т.б. айдарлар беруге болатын еді.
Сонымен қатар жергілікті жердегі жастардың құқықтық білімінің деңгейін тану бағытында арнайы өзіндік те ізденістер жүргізген болатынбыз.
Оңтүстік Қазақстан облысы жастарының құқықтық сауаттылық дәрежесін анықтауда 14-25 жас аралығындағы жастар арасында әлеуметтік зерттеулер жүргізілді. Бұл жұмыс анкета, тест және сұрақ салу түрінде іске асырылды. Жастардың біліміне және жинаған құқықтық тәжірибесіне байланысты олардың 5 категориясы алынды: мектеп оқушылары, колледж және техникалық оқу орындарының оқушылары, студенттер, жоғары білім алған қызметтегі тұлғалар және ауыл жастары.
Жалпы сұралғандардың саны - 900.
Сұралғандардың ішінде "өз құқықтық мәртебеңіз жөнінде хабарыңыз бар ма?" деген сұраққа толық білемін - 19%, білімім жетіспейді - 25%, жартылай білемін - 31%, тіпті білмеймін - 25% жауап берді. Сонымен бірге "өз құқықтық мәртебеңіз туралы қайдан білесіз?" деген сұрақтың көрсеткіші мынандай болды:
Конституция мазмұнынан - 16%;
Конституцияда бар екенін білемін, бірақ айта алмаймын - 16%;
Өз құқықтық жағдайымды толық білемін - 17%;
Жастардың құқықтық ережелерін толық білемін - 15%;
Кейбір құқықтық ережелерді білемін, бірақ конституциядағы жастардың мәртебесін білмеймін - 22%;
Өз құқықтық мәртебемді сипаттай аламын - 15%.
Бұл көрсеткіштерден байқағанымыздай жастар арасында әліде болса көптеген жұмыстар жүргізудің қажеттілігі көрініп тұр.
Жастардың құқықтық өмірге ұмтылуы демократиялық қоғамның қозғаушы күші десек, ал оның тірегі азаматтардың өз құқықтыры мен міндеттерін білу болып табылады. Ендеше жастарға құқықтық білім берумен, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісі мемлекет алдындағы аса маңызды стратегиялық мәні бар бағыттардың бірі.
Бұл заңға байланысты сауаттылығын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Жастар құқықтық мемлекетте құқықтық құбылыстарды өз бетінше шеше білуге тиіс.
Құқықтық санасының өзіндік ерекшеліктерін зерттей келіп біздің байқағанымыз, олардың оғаш қылық жасауы заң талаптарын, құқық негіздерін білмегендігі немесе одан бейхабар екендігінен.
Құқықтық сауатсыздықты жою қоғамның құқықтық негізін, демократиялық заңдылықты және құқық тәртібін одан әрі нығайтудың басты бағыттарының бірі болып табылады. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында қоданып отырған бүкіл заңдарды әрбір жас азамат білуге тиіс.
Құқық туралы білім басқа да факторлармен қатар құқық туралы түсінікті қалыптастырады. Қарапайым тұрғыда бұл ненің құқыққа сай, ненің құқыққа қарсы екендігін ажырату мүмкіндігі. Құқық туралы түсініктің және оған сәйкес ұғымның қалыптасуы моральдық, саяси, экономикалық т.б. талаптардың негізінде орнығады.
Құқық туралы түсініктің қалыптасуына сонымен бірге жалпы құқықтық қағидаларды, заңдардың жалпы талаптарын білу де септігін тигізеді. Мысалы, жастарға еңбек заңдарында қарастырылған жеңілдіктер туралы жалпы белгілі. Осының негізінде олар жасөспірімдерді ауыр еңбекте пайдаланбау, жұмыс уақытының ұзақтығына қатысты жеңілдіктер т.б. туралы түсініктер пайда болды. Бірақта жасөспірімдер бұл мәселелерді реттейтін нақты нормаларды, заң баптарын білмеуі мүмкін.
Құқықтық білім оның негізінде орныққан құқық туралы түсінік жалпы қоғамда бірге, қатар әрекет етеді. Екеуі ықпалдаса отырып жастардың құқыққа қарсы әрекет пен құқыққа сай әрекеттің ара-жігін ажыратуларына мүкіндік береді. Сонымен қатар құқық туралы түсініктің қалыптасуында өмірлік тәжірибесінің тигізетін әсері зор. Ол туралы А.И. Долгова былай дейді: Жизненный опыт является важным источником представлений о праве. Молдые люди дают оценки наблюдаемым им правовым фактам не только с позиции самого права и текста закона, но и с позиции практики его применения. Если такая практика расходится с тем, что записано в праве, у молодых людей может создаться впечатление о формальности правовых ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz