GPON желісінің құрылысы
АННОТАЦИЯ
В данном дипломном проекте произведена разработка проекта сети
доступа по технологии GPON в 5 микрорайоне города Костанай.
Мероприятия по организацию сети доступа включают в себя следущее:
выбор и установка оптического оборудования OLT, прокладка оптического
кабеля в существующей телефонной канализаций от здания АТС, разводка ВОК
и установка оконечного оборудования ONT. Произведён расчёт нагрузки
создаваемой абонентами в час наибольшей нагрузки для одного дерева (для
одного
OLT
порта)
GPON. Составлена спецификация необходимого
оборудования и разработан план размещения оборудования на узле связи.
Рассмотрены вопросы обеспечения безопасности жизнедеятельности и
предоставлено технико-экономическое обоснование.
АҢДАТПА
Бұл дипломдық жұмыста GPON технологиясы бойынша Қостанай
қаласының 5 ықшам ауданында рұқсат желісі құрылды.
Рұқсат желісін ұйымдастыру бойынша іс-шараларға кіреді: OLT
оптикалық құрылғысын таңдау және орнату, АТС ғимаратынан телефон
канализациясы арқылы оптикалық кабельді тарту және ОТК жүргізу және
ақырғы ONT құрылғысын орнату. Ең үлкен жүктеме уақытында GPON рұқсат
желісінің бір ағашы (бір OLT порты) үшін абоненттерден келетін жүктеме мәні
есептелді. Байланыс түйінінде қажетті жабдықтардың саны белгіленді және
жабдықтардың орналасу жоспары құрастырылды.
Өмір тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылып,
техникалы-экономикалық дәлелдемелер келтірілген.
ABSTRACT
In this thesis project made drafting the access network GPON technology in
district 5 Kostanay.
Arrangements for access network include the following items: selection and
installation of optical equipment OLT, laying fiber optic cable in the existing
telephone exchanges sewage from the building, and installing wiring FOC terminal
equipment ONT. The calculation of the load generated by subscribers in time of the
most loadung for a tree (for one OLT port) GPON. Specification drawn up the
necessary equipment and a plan placement of equipment at Site.
The problems of security of life and provided a feasibility study.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1
БОЛАШАҚТЫ ПАССИВТІ ОПТИКАЛЫҚ ЖЕЛІЛЕР ТҰҚЫМДАС
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҰМЫСЫНА АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ
1.1 Қостанай қаласының PON желісінің сипаттамасы
1.2 PON технологиясының даму үрдісі
1.3 GPON технологиясы
1.4 GPON желісінің құрылысы
1.5 Оптикалық кабелді тарту трассасын таңдау
2 ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Ауданның абоненттік құрамының сипаттамасы
2.2 OLT жабдықтарының санын есептеу
2.3 G-652.D бір модалы оптикалық талшықтың параметрлерін есептеу
2.4 GPON аумағының максималды және минималды ұзындығын есептеу
2.5 Оптикалық бюджетті есептеу
2.6 GPON рұқсат желісінің абоненттерінен пайда болатын нақты жүктемені
есептеу
2.7 Жүйенің жылдамдығын анықтау
2.8 Желі сенімділігі
3 БИЗНЕС ЖОСПАР
3.1 Түйін
3.2 Маркетинг
3.3 Қаржы жоспары
3.4 Табыстар
4 ӨМІР ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
4.1 Операторлық бөлме жағдайын талдау
4.2 Қондырғылардың бөлетін айқын жылу мөлшері.
4.3 Бөлме ауасын желдету жүйесінің құрылғысы және есебі
4.4 Салқындатқышты таңдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ
А қосымшасы
Ә қосымшасы
Б қосымшасы
В қосымшасы
8
8
13
18
19
25
36
36
38
39
42
44
52
57
58
62
62
63
63
67
72
72
74
78
79
КІРІСПЕ
ХХI ғасырда телекоммуникациялық желілерінің даму тенденциясы
уақытқа сай жауап беруі тиісті, яғни олар жоғары ұйымдастырылған,
автоматтандырылған, зияткерлік, жоғары өркейген елдердің техникалық
деңгейіне сәйкес, алуан қатынастардың берілуін қамтамасыз ету, сонымен
қатар қолданушыларға жоғары сапамен және сенімділікпен қажетті
қызметтердің кең спектрін беру.
Желінің техникалық әлпеті модулдік, иілгіштік, үнемділік және жоғары
потенциалдық мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы
технологиялардың енгізілуін анықтап жатыр.
Алайда телефония адамға қажетті қызметтердің бірі болғанымен,
Интернет қызметтеріне сұраныс тек қана кеңсе орталықтарында ғана емес, үй
қолданушыларының ортасында едәуір өсті.
Соңғы кезде танымал үштік қызмет (Triple Play) тұжырымдамасы
қолданушыларға бір желі арқылы қоңырау шалу, мәліметтер алмасу және
видеомәліметтермен алмасуға мүмкіндік береді. Және де жоғары жылдамдықты
Интернет және видео желілік қорлардың кеңжолақтылығын талап етеді.
Сонымен қатар, кеңжолақты рұқсатқа сұранымның жоғарылауы келесі жаңа
технологиялардың дамытумен анықталып жатыр: сауал бойынша видео
көрсету, ағынды видео, интерактивті ойындар, видеоконференциялар,
компъютерлік желілерде дауыс жіберу (VoIP), теледидардың жоғары
анықтылығы және тағы басқалары жатады.
Кеңжолақты рұқсат технологияларын таңдау кезінде қолданушылардың
қажеттіктерін, яғни олардың орналасу жерін, негізгі сұралынды байланыс
қызметтерін, әр түрлі экономикалық жағдаят тұрғылары есепті болуға тиісті.
Дамып бара жатқан телекоммуникациялық нарықта қалай асығыс
шешімдер қабылдасан, солай жаңа технологиялардың пайда болуын күтіп
отыру қауіпті. Және де бұндай технология пайда болды - ол пассивті
оптикалық желі PON (passive optical network) технологиясы. Рұқсаттың
таратушы желісі PON, түйіндерде пассивті оптикалық тармақтаушылары бар
ағашқа ұқсас талшықты кабелдік архитектура негізінде жасалған. Сонымен
бірге бұл технология өте үнемді және алуан қосымшалардың кеңжолақты
берілуін қамтамасыз етеді.
PON архитектурасы қазіргі және болашақта болатын абоненттердің
қажеттіліктеріне байланысты желілердің түйіндерін ұзартуға және өткізу
қабілеттілігін қажетті тиімділікпен таратуға қол жеткізеді. Барлық абоненттік
түйіндер терминалды болып саналады, яғни, олардың біреуі ажырап немесе
істен шығып кеткен жағдайда қалғандардың жұмысқа ешқандай ықпалын
тигізбейді. Әрбір абоненттік түйін дағдылы тұрғын үйге немесе кеңсе
ғимаратқа есептелген және жүздеген абоненттерді қамти алады.
PON желісі жұмыстардың прагматикалық үлгісін ұсынып,
телекоммуникациялық нарықта күштің балансы едәуір өзгертіп жатыр.
Телефон түйіндерінен бір топ потенциалдық клиенттерді (кәсіпорындар немесе
жеке қолданушылар) ауданға дейін оптикалық талшық салса, оларды қолдану
жағдайында оператор үлкен дәрежеде қаржы шығындарға өтемне дәйекті
болады.
Сөйтіп, PON технологиясы сандық кеңжолақты желілерді қолдану
салаларын кеңейтуге ерекше мүдде ұсынып жатыр.
Бұл дипломдық жобада Қостанай қаласының 5 ықшамауданында GPON
рұқсат желілері технологиясы жобасы көрсетілген.
Осы жобаның мақсатына байланыс ұйымдастыру схемаларын әзірлеу,
тартылатын оптикалық кабельдің трассасын таңдау, орталық және терминал
түйіндеріне қажетті жабдықтарды таңдау және арналсыру жатады. Сонымен
қоса желі құрылысы кезіндегі қауіпсіздік сұрақтары қарастырылған.
1 БОЛАШАҚТЫ ПАССИВТІ ОПТИКАЛЫҚ ЖЕЛІЛЕР
ТҰҚЫМДАС ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖҰМЫСЫНА АНАЛИТИКАЛЫҚ
ШОЛУ
1.1 Қостанай қаласының PON желісінің сипаттамасы.
GPON желісінің сызықтық аумағы келесілерден тұрады:
− Магистральды аумақ - алыс териториядағы үлкен топты ғимараттарға
(аудан, квартал) ODF кросынан АТС-қа кабельді канал канализациясы арқылы
тартылатын ОТК.;
− Таратқыш аумақ - ОТШ-дан немесе сплиттерлі оптикалық муфталарда
телефонды канализацияда немесе грунтта тартылатын ОТК (аз қабатты
құрылыс аудандарында телефон канализациясы жоқ жерлерде диэлектрлі ОТК
аспаларына рұқсат етіледі), сондай-ақ ғимарат ішінде тік бағаналармен ОТҚСп-
ға дейін;
− Абоненттік аумақ немесе абоненттік разводка - қабатты ОТҚСп-дан
абонент үйіне дейінгі желі аумағы.
Магистральды аумақ
GPON желісінің магистральді аумағы барлық пассивті оптикалық желінің
басты элементтерінің бірі болып табылады. GPON желісінің аумағында (ODF)
кросынан ОТШ (ОРШ) немесе қызмет көрсетіліп жатқан түйіндік аудан мен
АТС аймағында орналасқан сплиттерлі оптикалық муфтадан ОТ магистральды
тарату ұйымдастырылады. Магистральды аумақтын басты міндеті - кабельді
канализация сыйымдылығын және топологиясын есептей отырып, жинақталған
абонент тобына ОТ-ны қажетті мөлшерін жеткізу.
Магистральды кабель сыйымдылығын есептеу ережесі келесідей.
Магистральды кабельдегі қолданыстағы талшықтың мүмкін болатын мөлшері
келесі жағдаймен анықталады: тұрғын аудандағы пәтер саны 64
дөңгелектелген үлкен жұп санға дейін, кабельдің орташа сыйымдылығы
қолданыстағы талшықтың мөлшері секілді алынады, қосымша 50% резерв
(Nот=Nпт64х1,5), бұдан басқа талшық корпоративті тұтынушылар мен мектеп
қажеттілігіне қосылады, содан кейін үлкен немесе тең есептемелі талшық
мөлшері алынады.
100% кіргізілген кезінде есептеме (Nот=Nпт32х1,3) формуласы бойынша
анықталады.
Nпт - аудандағы қосылуға жоспарлап отырған пәтерлер саны;
Nот - магистральды ОТК қажетті талшық саны.
Магистральды кабельдің жобалау сыйымдылығы 48 ОТ аз болмауы
керек. Магистраль соңына ОТШ, сплиттерлі оптикалық муфта орнату қажет.
1.1 және 1.2-суретте муфталар мен ОТШ қолданумен магистральды оптикалық
желіні жобалау сұлбасы көрсетілген.
8
1.1 Сурет - Муфталар мен ОТШ қолданумен магистральды оптикалық желіні
құрастырудың жалпы сұлбасы
ОК- 16
ОК- 16
ОК- 16
Микрорайон
Микрорайон
№1
№2
1 п.
1 п.
1 п.
Магистральная
муфта
2 п.
2 п.
2 п.
ОРШ№1
Сп. 1х4
3 п.
3 п.
...
3 п.
ОК- 48
Сп1х4
Разветвительная
Магистральная
муфта
Сп1х4
Магистральная
муфта
Сп1х4
ОК- 96
Разветвительная
муфта
МикрорайонОК-4
1 шт.
4 п.
ОК-4
1 шт.
4 п.
ОК-4
1 шт.
4 п.
ОК- 96
муфта № 1
ОК- 16
АТС- XX
ODF
ОК- 48
ОК- 48
9
этажная
застройка
ОК- 16
Дом№1
ОК- 16
Дом№2
ОК- 16
Дом№ N
АТС- XX
ODF
ОК - 16
ОК- 16
ОК-8
ОК -8
ОК-8
1 п.
1 п.
1 п.
1 п.
1 п.
1 п.
2 п.
2 п.
2 п.
Муфта
магистральная
Сп 1х4
2 п.
3 п.
2 п.
3 п.
...
2 п.
3п .
Магистральн.ая .
муфт.а
Сп1х4
3 п.
3 п.
...
3 п.
Микрорайон
№2
ОК-4
1 шт.
4 п.
ОК-4
1 шт.
4 п.
ОК-4
1 шт.
4 п.
5
Микрорайон
№3
этажная
ОК- 2
1 шт.
4 п.
ОК -2
1 шт.
4 п.
ОК - 2
1 шт.
4 п.
9
этажная
застройка
Дом№1
Дом№2
Дом№ N
застройка
Дом№1
Дом№2
Дом№ N
Кабели в диэлектрическом
исполнении
а)
Кабели в диэлектрическом
исполнении
б)
1.2 Сурет - а) муфта және ОТШ, б) муфталар қолданумен оптикалық
магистральды желі құрастыру мысалдары
Магистральды аумақта кабель тарту үшін міндетті түрде G-652-D типті
брондалған гофрирлі болат ленталы ОТК жоғары және орташа сыйымдылықты
талшық қолданылған жөн. Магистральды аумақтағы оптикалық қаржының
минимизация мақсатында ОТ дәнекерінде және құрылыс-монтаж
жұмыстарының бағасын қысқарту үшін, канализацияда және грунтта салуға
арналған модульді конструкциялы ОТ қолдану керек. Магистраль ғимаратына
алыстағы қосылушы абоненттер потенциалды мөлшерін, құрылыс сипаттамасы
(биік және аз қабатты) және ОТК тарту мүмкіншілігіне байланысты
магистральды аумақтың екі түрін ажыратады:
9
№1
.
.
тіке қоректендіру аумағы;
магистральды желі аумағы.
PON желісінің елдімекен аумағын қамту радиусы 9-суретте көрсетілген.
Тіке қоректендіру кабелі қызыл түспен белгіленген, магистральды кабельдердің
ОТШ-ға жасыл түспен белгілеген, таратушы кабельдер көк түспен белгіленген.
1.3 Сурет - PON желісі арқылы тұрғын аймақты қамту
Магистральдық желі аумағы
-
АТС-тан түбегейлі қашықтыққа
алысталған аумақ.
Магистральдық желі аймағы ОТШ-пен немесе оптикалық сплиттерлі
муфтамен аяқталады. Магистральдық желі аймағының шеткі құрылғысы көп
қабатты құрылыс жағдайында 600-1500 пәтер немесе жеке үй құрылысында
400-600 пәтер орналасатын аумақты қамту тиіс.
Магистральдық желінің шеткі құрылғыларын таңдау келесі түрде іске
асырылады: көп қабатты құрылыс жағдайында, абоненттердің жоғары
тығыздылығы және бөлменің бар болу жағдайында ішкі орнату үшін ОТШ
таңдалынады, жобаға лайықты дәлелдеу келтірілген жағдайында ОТШ
бөлменің сыртына қоюға рұқсат етіледі. Қалған жағдайларда сплиттерлі
оптикалық муфта таңдалынады.
Шахтадан тарту үшін модулдік құрылымды және стандартты G-652-D
типті сыйымдылығы 48 талшықтан кем емес жеңіл брондалған талшықты ОТК
қолдануға тиісті.
Тура қоректену аумағы
Тура қоректену аумағы - телефонды канализация инфрақұрылымы
дамыған тығыз биік құрлысты орталық желілік түйін немесе АТС
10
айналасындағы территория. 1 каскадтың сплиттерлері 1х4 тіке қоректену
аймағы оптикалық кросста қондырылады.
Тіке қоректену аумағында кабель тарту үшін міндетті түрде G-652-D
типті брондалған гофрирлі болат ленталы ОТК жоғары және орташа
сыйымдылықты талшық қолданылған жөн. Муфталарды таратқыш,
механикалық ОТ қатынау мүмкіншілігі болатындай ауыстырған жөн. Тіке
қоректену аумағында таратқыш аумаққа дейін 12-ден аз ОТ ОТК қолдану
кепілдеме берілмейді.
Таратушы аумақ
GPON желісінің таратушы аумағы - ОТШ әрбір кіріберісте орналасатын
ОТҚСп дейінгі учаскесі, (көп қабатты тұрғын ғимараттарында желінің қабатты
таратушы элементтері).
Этаж аралық вертикалды ОТК-тан этаждық көлденең тармақтардың
негізгі әдісі болып 5 қабатты үйдің 3-ші қабатында және 7 қабатты үйлердің 3-
ші мен 9 қабаттарында орналасатын ОТҚСп арқылы классикалық сұлбадан
тұрады.
Қызмет тұтынушыларының шағын қызмет көрсету тығыздығында 1
ОТҚСп қамтамасыз ететін аймағына екі қабаттыдан үш қабаттыға дейінгі
ғимараттар жатады. Ғимаратта вертикалды таратушы аумағын монтаждау
кезінде ғимараттың сипаттамалары есепке алынады, олардың ішінде ең
маңызды болып келетін:
Бір қабаттағы пәтерлер саны;
G-652D типті қалыпты талшығы бар (сыйымдылықпен 2 талшықтан
кем емес) ғимарат каналдарындағы оптикалық таратқыш кабель.
11
а)
б)
а) 9 қабатты ғимарат үшін кіреберіс ішіндегі таратылым
б) 5 қабатты ғимарат үшін кіреберіс ішіндегі таратылым
1.4 Сурет - Муфталарды қолдануы арқылы таратушы желі сұлбасы
1.4 суретте көрсетілген а) және б) нұсқалары 9 қабатты ғимаратта үшінші
және жетінші қабаттарында ОТҚСп-8 қоюын болжап жатыр, ал әрбір қабатта
абоненттік ОТК енгізу және олардың қорының есептері үшін ТКП
орналастырылады. Суреттегі б) нұсқасы 5 қабатты ғимараттың үшінші
қабатына ОТҚСп-8 қоюын болжап жатыр, ал әрбір қабатта абоненттік ОТК
енгізу және олардың қорының есептері үшін ТКП орналастырылады.
Вертикалды кабелдердің барлық саны әдетте ғимараттың қабаттылық санына
байланысты таңдалады, ал кабелдің ішіндегі талшықтардың саны - сплиттерлік
қораптың кірісіне берілетін 2-ден кем емес (бір талшық резервте), қабаттағы
абоненттердің санына байланысты алынады. Келтірілген мысалда 9 қабатты
ғимараттың кіреберісіне вертикалды құбырларда салынатын бір 4 талшықты
кабель, ал 5 қабатты ғимаратта бір 2 талшықты кабель тартылады.
Абоненттік аумақ
Абоненттік аумақ немесе абоненттік таратылым - PON желілер аумағына
оптикалық розетка және пәтер ішінде орнатылған ONT-дан абоненттің
пәтерінде қойылған терминалдарға UTP кабелі арқылы таратумен қоса, ОТҚСп-
12
дан абоненттің пәтеріне дейінгі аралық жатады.
ОТҚСп-дан абоненттің оптикалық розеткасына дейін G-657 типті
буферімен үдетілген сыйымдылығы 1 талшықты, иілгіштігі жоғары ОТК
қолданылуы тиісті. Абоненттік аумаққа GPON технологиясынан ажырамас
элементтеріне абонентке тараптағы белсенді жабдық (ONT) кіреді, сонымен
бірге G-PON желісін басқару жүйелерінің бақылау астында болады.
Магистральдық желілердің тура қоректену құрылымының мысалы 1.5
суретте көрсетілген.
1.5 Сурет - магистральдық желілердің тура қоректену құрылымы
Абоненттік аумақта оптикалық
талшықты кабелдерді Пассивті
оптикалық PON желілерін құрастыру үшін абоненттік оптикалық кабелдеріне
техникалық талаптар негізгі қолдану қажет.
Жеке абоненттік ONT терминалы оптикалық кіріс PON интерфейсінен
тұрады. ONT абоненттік терминалында шығыс FXS, FXO, 101001000Base-T
және Wi-Fi әртүрлі үйлесімділік пен сан жағынан ақырғы құрылғылардың
қосылу мүмкіндігі бар [1].
1.2 PON технологиясының даму үрдісі
PON желісі - бұл бір талшыққа көптік қосумен қосылған абоненттердің
трафик шоғырландыру үшін
пассивті оптикалық тармақтаушылар
(сплиттерлер) және оптикалық толқындық мультиплексорлар қолданатын
пассивті оптикалық желі. PON жүйесі оператордың рұқсат түйінінде оптикалық
порттар санын маңызды азайту мүмкіндігін береді және кішігірім өзекшелі
оптикалық кабелдердің кабелдік жүйеде қолдану мүмкіндігін береді. Сонымен
қатар PON технологиясы сервисттік сапа кепілдігімен мультисервисті
абоненттік қосулар (Triple Play) мүмкіндігін береді [7].
13
1.6 Сурет - PON сұлбасы
PON желілерінде мәліметтердің берілу қағидасы
PON құрылымының негізгі артықшылығы - көптеген абоненттік ONT
құрылғыларына мәлімет жіберу және олардан мәлімет қабылдау үшін тек бір
ғана OLT қабылдап-жіберуші модулін қолдану. Бұл қағиданың іске асырылуы
көрсетілген. Жалғыз қабылдап-жіберуші OLT модуліне қосылған абоненттік
түйіндерінің саны, қабылдап-жіберуші құрылғының максималды жылдамдығы
және қуаттар бюджетіне қаншалықты байланысты болса, соншалықты үлкен
болады. Ереже бойынша, тура (нисходящий) ағын - OLT-дан ONT-ға 1490 нм
толқын ұзындығында мәліметтер ағынын жіберу үшін қолданылады. Керісінше,
бірігіп кері (восходящий) ағын тудыратын, ортаңғы түйінге әртүрлі абоненттік
түйіндерден келетін мәліметтер ағыны 1310 нм толқын ұзындығында
жіберіледі. OLT мен ONT-ға тура және кері ағындарды бөлетін WDM
мультиплексорлары орнатылған.
Тура ағын
Оптикалық дабылдар деңгейіндегі тура ағын, кеңінен хабар таратушы
болып табылады. Әрбір ONT, адресті өрістерді оқи отырып, жалпы ағыннан тек
қана өзіне арналған мәлімет бөлігін ерекшелеп алады. Іс жүзінде, біз таратқыш
демультиплексорымен іс жүргіземіз.
1.7 Сурет - OLT- дан ONT- ға мәліметтер тарату
14
Кері ағын
Барлық абоненттік ONT түйіндерінде бір толқын ұзындығында кері
ағында уақытша бөлу TDMA (time division multiple access) көптік рұқсат
тұжырымдамасын қолдана отырып тарату жүргізеді. Әртүрлі ONT-дан келетін
дабылдардың қиылысу мүмкіндігін болдырмау үшін, олардың әрқайсысына
берілген ONT-дың OLT-ға қатысты алшақтауымен байланысты, кідіріс түзетуін
ескеретін мәліметтер таратылуының жеке уақыттық кестесі құрылады.
Бұл есепті TDMA хаттамасы шешеді.
1.8 Сурет - ONT- дан OLT- ға мәліметтер тарату

суреттің сол жағында көрсетілген.
Жалғыз қабылдап-жіберуші OLT модуліне қосылған абоненттік
түйіндерінің саны, қаншалықты қабылдап-жіберуші құрылғының максималды
жылдамдығы және қуаттар бюджетіне байланысты соншалықты үлкен болады.
Ереже бойынша, тура (нисходящий) ағын - OLT-дан ONT-ға 1490 нм толқын
ұзындығында мәліметтер ағынын жіберу үшін қолданылады. Керісінше, бірігіп
кері (восходящий) ағын тудыратын, ортаңғы түйінге әртүрлі абоненттік

1.9 Сурет - PON желісінің жұмыс істеу қағидасы.
15
PON түрлерінің бірі - Gigabit PON (GPON). Бұл стандарт таратудың 622
Мбитc немесе 1,25 және 2,5 Гбитс номиналды жылдамдығын ескереді.
Сонымен қатар әр түрлі сервистің (TDM, SDH, Ethernet, ATM) түрлерін,
басқарудың дамыған механизмдерін және хаттамалар деңгейінде қорғауды
қамтамасыз етеді. GPON жеке үйлерді және пәтерлерді қорғау жүйелерінің
үзіліссіз жұмыс істеу мүмкіндігін береді.
Келтірген мысалдарда барлық абоненттерге әрбір бағытта байланыс
каналдарының нақты кепілдендірілген өткізу жолағы бөлініп беріледі. Қазіргі
кезде GPON (Gigabit PON) стандарты және GFP (generic framing protocol)
транспорттық хаттамасы қолданылады. Тура ағын - 1490 нм, 2,4 Гбитс., кері
ағын - 1310 нм, 1,2 Гбитс.;
GPON технологиясы таратуда ортақ ортаны қолданғандықтан, барлық
ағындардың шифрлау қажеттілігіне алып келеді.
GPON технологиясында тура ағынды шифрлау Advance Encryption
Standard (AES) шифрлау стандартын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл
түпкі қолданушылардың жеке мәліметтерінің қауіпсіздігін жоғарылатуына
мүмкіндік береді [8].
Оптикалық пассивті PON желісінің құрылымы
GPON жүйесіндегі оптикалық пассивті желісінің құрылымы үш негізгі
аумақтан тұрады:
− Станциялық аумақ түйініндеорнатылған белсенді OLT құрылғысынан
және жоғары тығыздықты оптикалық кростан тұрады;
− Сызықтық аумақ (жалпы алғанда) станциялық және абоненттік
аумақтар арасында (ODF және ОТҚСп аумақ арасы) орналасқан оптикалық
талшықты кабель, муфта, шкаф, таратқыш қорабтар, сплиттерлер, коннекторлер
және қосқыштардан тұрады;
− Абоненттік аумақ, бұл жалпы таратқыш құрылғыларының
элементтерінен пәтердегі белсенді ONT құрылғысы мен оптикалық розеткаға
дейінгі бір талшықты ОТК (кеңселерге екі және төрт талшықты кабель
тартылуын есепке алмаған кезде) жеке абоненттік таратылым.
Станциялық аумақ
GPON желісің белсенді станциялық құрылғысы - GPON желісінің
қамтитын ауданын анықтайтын қызмет көрсету аумағы OLT станциялық
құрылғының орталық желілік түйінінде немесе АТС ғимаратында орнатылады.
OLT құрылғысы дауыс тарату, TV және интернет желісіне қосылу (Triple
Play қызметі) қызметін ұсынатын мәліметтер берілу желісін абоненттердің
ақырғы құрылғысымен байланыстырады.
OLT құрылғысының сызықты порттары оптикалық шнурлар - патчкорд
немесе мультипатчкордтардың көмегімен оптикалық жоғары тығыздықты ODF
кроссына қосылады.
16
1.10 Сурет - OLT-ның ODF оптикалық кроссқа қосылу сұлбасы
ODF оптикалық кростар ОТК бағыттар бойынша бөлу үшін арналған.
Оптикалық талшықты кабельдің ODF оптикалық порттармен сплайс-пластина
(дәнекерленген қосылулар үшін бокс және кассеталар) арқылы қосылады. OLT-
дың оптикалық талшықтың магистральдық кабелмен қосылуы OLT-дан тікелей
оптикалық талшықтың
магистральдық кабелінің оптикалық розеткаға
патчкордтың қосылуымен жүзеге асырылады.
1.11 Сурет - Пассивті оптикалық PON желісінің құрылымы
Сызықтық аумақ
Сызықты аумақ GPON-ның жалпы топологиясын анықтайды.
Магистральдық және таратушы оптикалық желі аумағының құрастырылуы,
тұрғын аудандардың болашақ құрылысы мен тұжырым есебімен, желіні
резервтеудің әртүрлі әдістерін қолданумен қазіргі кездегі кабелдік
канализацияларын мүмкіндігенше максималды қолданумен жүйелік түрде іске
асырылады.
GPON желісінде желілік түйіннен оптикалық таратушы шкафқа(ОТШ)
дейін немесе сплиттерлері бар оптикалық муфтаға дейін талшықтардың
17
магистральдық бөлуі жүргізіледі.
GPON желісін ұйымдастыру үшін біздің жағдайда сплиттерлердің
қосынды жиынтық тармақталу коэффициенті 1:32 болатын екі каскадты
сұлбасы қарастырылған. GPON желілері абоненттік сыйымдылығын облыстық
орталықтардың көп қабатты құрылысына және ірі қалаларға енгізу пайызын
пәтерлердің орташа санынан қабылдаған жөн:
жаңа құрылыстарда - 100%,
бұрынғы көп қабатты үйлерде 1 дамыту қадамында 50%-ға дейін,
Бірінші каскадта 1:4 тармақталу коэффициентті сплиттерлер қосылады.
Бірінші каскадтың сплиттерлері ОТШ немесе ОМСп қондырылады. Бірінші
каскад сплиттерлерінің шығыс порттары 100% іске қосылуы қажет.
Екінші каскадта 1:8 немесе 1:16 тармақталу коэффициентті сплиттерлер
қосылады. Екінші каскадтың сплиттерлері ОТҚСп орнатылады. Тармақталудың
қорытынды коэффициенті 1:32 немесе 1:64 құрайды. Жобаға лайықты
дәлелдеуде тармақталудың басқа коэффициентті сплиттерлер қою рұқсат
етіледі.
1:4 және 1:8 тармақталу коэффициенті бар сплиттерді қосу сұлбасы 7
суретте көрсетілген.
1.12 Сурет - 1:4 және 1:8 тармақталу коэффициенті бар сплиттерді қосу
сұлбасы
1.3 GPON технологиясы
Пассивті оптикалық желілердің тұқымдас технологиясының ерекше
перспективтісі GPON технология болып табылады. Соңғы жылдары
қабылданған стандарттарға негізделген, GPON операторларға жоғары
жылдамдықты соңғы миляның тиімді шешімін ұсынады, ағаш типті
18
желілерідің архитектурасы есебінен оптикалық талшықтардың маңызды
үнемделуін және элементтердің таралым пассивтілігінің арқасында - жоғары
сенімділікті қамтамасыз етеді. Толқындық мультиплексорлеудің заманауи
технологиясын қолдау кабелдік инфрақұрылымның жаңғыртылуынсыз
желілердің жалпы өткізу қабілеттілігін едәуір үлкейту мүмкіндік береді.
Сонымен бірге желінің ағаш типті нүкте - көпнүкте құрылымы клиенттік
сервистері үшін өткізу жолағымен еркін басқару мүмкіндігін береді.
Сақиналы және ағаш типті топологиялардың желілік интерфейстерін
толығымен резервтеу және байланыс каналдарының резервтеуге ауыстыруына
аз уақыт кететіндіктен желілік сервистердің қолжетімділігі мен сенімділіктің
биік деңгейімен қамтамасыз етеді.
Екі жақты бағытта таратудың жеткілікті жоғары жылдамдық (2,5 Гбитс
дейін) кезінде GPON кез келген сервистер үшін (АТМ, SDH, TDM, Ethernet)
ашық қызметін қамтамасыз етеді. Әрбір сервистің толық изоляциясы және
контенттің шифрлауы кірістірілген құралдарын қолдау, желі қауіпсіздігінің
биік деңгейіне жетеді.
Сонымен, оптикалық соңғы миля мен оның қалалық мультисервисті
байланыс желілерінде жоғарыжылдамдықты оптикалық рұқсат желілерін ары
қарай дамуын ұйымдаструды шешуде GPON технологиясының SDH және
Ethernet технологияларынан артықшылығын пассивті оптикалық желілер мен
ерекше мүмкіндіктер қатары анықтайды.
Пассивті оптикалық желілердің артықшылығы және сирек кездесетін
мүмкіндіктерімен
қатар
алдыңғы қатарлы
технологиялардың
артықшылықтарын анықтап, байланыста қалалық мультисервисті желілерде
рұқсат өте жылдам оптикалық желілер ұйымдастыру үшін оның ары қарай
дамытуын таратуға шешімдер бар [9].
1.4 GPON желісінің құрылысы
Қостанай қаласының 5 ықшам ауданы үшін технологияны таңдауға
дәйектеме.
Қостанай - әкімшілік, саудалық, өнеркәсіптік және қоғамдық-саяси
облысының орталығы болып келеді. Облыстың әкімшілік орталығы - Тобыл
өзенінің жағалауында орналасқан, 1879 жылда негізделген Қостанай қаласы.
Облыста 16 ауылшаруашылық аудан, 13 қалалық үлгідегі ауыл, 750 ауыл және
5 қала бар: Қостанай, Рудный, Лисаковск, Житикара, Арқалық.
Қала Тобыл өзенінің жағалауында далалық аймақта орналасқан. Қостанай
қаласының аумағы - 0,740 мың кв. км. Қостанай тұратын халықтар тұрғын сан
- 455,2 мың адам, бұл облыс халқының 56% құрайды.
Облыстың аумағы 196,0 мың кв. км. тең (Қазақстан аумағының 7,7%
құрайды). Қостанай облысы Қазақстан Республикасының төрт облысымен
(Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және солтүстік - Қазақстан обылыстарымен) және
Ресей Федерациясының үш облысымен (Орынбор, Челябі, Қорған) шектеседі.
19
Ресей Федерациямен шекаралас шектесудің орташа ұзақтығы 1242 км.
Қостанай облысында телекоммуникация саласында негізгі монополист
болып Қостанай облыстық телекоммуникациясының дирекциясы ААҚ
"Қазақтелеком" филиалы болып табылады. Алға қойған жобаларды іске асыру
барысында Қостанай және Рудный қаласындағы абоненттерді моралдық және
физикалық тұрғыда тозған декадалық -адымдық АТС - тен электрондық АТС
ауыстырып қосу жұмыстары бітірілген. Қостанай - Качар арасында сандық
радиорелейлік байланыс пайдаланымға енгізілген. Үлкен дамытуды ұялы
байланыс, IP - Телефония және глобалді Интернет желісі алды [10] .
Қостанай қаласының телекоммуникациялық нарығын талдау
Сыртқы ортаны талдау.
Бағалауда келесі факторлар қолданысқа енгізілген.
Арнаулы нарықтық экономикалық жағдайдың деңгейі және нарықтың ең
көп мүмкін болатын көлемі.
2014 жылдың 1 наурыз айының есепке алуы бойынша Қостанай
қаласының халық тұрғындарының саны 455,2 мың адам қалалық тұрғындары
құрады.
2014 жылдың 1 сәуір айы бойынша тіркелінген заңды тұлғалардың саны
13108 бірлікті құрады, сонын ішінде 50 - ден кем жұмысшылардың саны 12258
бірлікті құрады.
2014 жылдың 1 наурыз айының ГУ Қостанай облысының акиматтың
қаржы басқаруының мәліметтері бойынша Қостанай облысының табыстар
бюджеті 29239,5 млн. теңге, шығын - 21823,5 млн. теңгені құрады. 2013
жылмен лайықты мерзіммен салыстыру бойынша табыстар 30,1% - ға,
шығындар - 11,1% үлкейді.
Қазіргі уақытта Қостанай облысы бойынша халық тұрғындарының
орташа өмір сүру минимумы 16924 теңгені құрады. Осы жылдың қаңтар - ақпан
айлары бойынша бір жұмысшыға орташа айлықтың номиналды еңбек ақысы
77910 теңге құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2014 жылдың қаңтар-ақпан
айларын бағалауды есепке алғанда 19,6 млрд. теңгені құрады,. немесе 2013
жылдың қаңтар-ақпанға салыстырғанда 123,2% құрайды.
Өнеркәсіптік өнімдер физикалық көлемдің индекс 97% құрады. Облыс
өнеркәсібімен шығарылған өнімдердің 2014 жылдың қаңтар-ақпан айларына
қолданыстағы бағамен 76,8 млрд. теңге құрады.
Белсенді субъектілердің кіші және орташа кәсіпкерліктерге лайықты
мерзіммен салыстыру бойынша өткен жылға қарағанда 5,5% үлкейді, және
43894 бірлікті құрады.
2014 жылдың қаңтар-ақпанына байланыс қызметтерінің көлемі құрады 1
685,4 млн теңге құрады [11].
Осы жобаны жүзеге асыру негізінде телекоммуникациялық қызметтердің
стратегиялық нарығында Қазақтелеком АҚ болуы және қатаң бәсекелестік
20
жағдайында нарықтың едәуір үлесін ұстау көзделген. Осы нарықты жаулап алу
келесі сыртқы факторлардан туындады:
− нарықта бәсекелестердің болуы;
− жаңа клиенттерді өзіне қарату мүмкіндігі;
− клиенттердің жаңа телекоммуникациялық қызметтерді қажет етуі.
Қазіргі уақытта ADSL технологиясы бойынша абоненттерді ғаламтор
қызметтеріне қосу үшін бас тартулар бар. Бұл келесі бірнеше техникалық
себептермен байланысты:
− абоненттердегі қосарланған телефондар;
− абоненттер PCM арқылы қосылған;
− абонентке дейін қосылу жолы оған қойылған талаптарға сәйкес
келмейді;
− абонентке дейін ауа жолы;
− сымды СЛ жоқтығы.
Бәсекелестерді салыстырмалы талдау.
Қостанай қаласы бойынша ғаламтор қызметтерінің нарығында зерттеу
жүргізе отырып, қала нарығында ғаламтор-қызметтерін ұсынатын 5 компания
туралы айтуға болады: Нурсат АҚ, Tele2 АҚ, Астел АҚ, КаР-Тел
ЖШС және Қазақтелеком АҚ осы компаниялармен ұсынылатын қызметтер
1.1 кестесінде көрсетілген.
1.1 К е с т е - Қостанай қаласындағы ғаламтор-нарығындағы бәсекелестер
тізімі
Қолданушылардың сипаттамасы
Абоненттердің сандарын анықтау
21 Бәсекелес
компанияның атауы
Қызмет көрсету түрлері
АО Нұрсат
IP-телефония, спутниктік байланыс, ғаламтор
желісіне қатынау
АО Tele2
Мәліметтерді тарату қызметтері
Ғаламтор желісіне қатынау
АО АСТЕЛ
Мәліметтерді тарату қызметтері, халықаралық
байланыс, сымсыз байланыс
Ғаламтор желісіне қатынау
ТОО КаР-Тел
Мәліметтерді тарату қызметтері
Ғаламтор желісіне қатынау
АҚ Қазақтелеком

байланыс, спутниктік байланыс, ғаламтор желісіне
қатынау
1.2 К е с т е - Қостанай қаласының 5 ықшам ауданындағы тұрғын
үйлердің адрестік базасы
№
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
Үй
8
9
10
10А
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
Подъезд саны
6
6
2
2
4
4
4
2
6
2
2
2
4
2
2
5
5
5
Пәтер саны
85
85
42
42
65
65
65
42
85
80
91
91
144
24
24
180
180
180
Талшық саны
8
8
4
4
8
8
8
4
8
4
4
4
8
4
4
8
8
8
Барлық пәтер:
1570
Потенциалдық абоненттерді есептеу үшін, сонымен қатар үйлердің
кіреберістерін, қабаттардың санын және басқыш алаңдарда пәтерлердің санын
анықтау мақсатымен, тікелей желі құрылысының орнында зерттеуші жұмыстар
жүргізілді. Жұмыс барысы кезінде жобаланатын үйлерде кеңсе бөлмелердің
болиайтыны белгілі болды.
1.3 К е с т е - Қостанай қаласының 5 ықшам ауданындағы келешек тұрғын
үйлердің адрестік базасы
№
1
2
3
4
Үй
-
-
-
-
Подъезд саны
3
3
3
3
Пәтер саны
81
81
81
81
Талшық саны
6
6
6
6
Барлық пәтер:
324
Қазіргі байланыстың құрылысы және олардың мүмкіншіліктері
Рұқсат желісі құрылысының басталуының алдында, нақты айтса
сызықты-кабелдік құрылыс түйінінің тірек түйіндерінде (агрегациялық
түйіндер) орнатылған - OLT (optical line terminal) - желінің белсенді
22
құрылғысының тұрған орнын анықтап алу қажет; және ODF (магистральдық
оптикалық кросс) OLT құрылғысымен сызықты оптикалық желі коммутациясы
үшін арналған.
1.13 Сурет - Қостанай қаласындағы GPON технологиясының негізінде ақпарат
тарату желісінің сұлбасы
OLT және ODF құрылғыларының орналасатын бөлмесі қоректенудің,
жерге қосудың, жарықтың, өрт қауіпсіздігінің талаптарына, және көптеген
басқа регламенттеуші талап етілген шарттарды қанағаттандыру қажет. Төменде
байланыстар құрылғылары орналасатын бөлмелерге қойылатын шарттардың,
қысқаша тізімі келтірген:
− Автозалдың бөлме ауданы құрылғылардың құрамымен және типімен
анықталады;
− Аккумуляторлармен тығыз бекітілген ЭҚҚ құрылғысының
технологиялық қызмет бөлмелерінде (автозал) орнатуға болады;
− Ғимарат отқа төзімділіктің II дәрежесінен төменде болмауы тиісті (III
дәреже рұқсат етіледі);
− Байланыс құрылғысы орнатылатын бөлменің үстінде, су тұтынуымен
байланысты бөлмелер орналастыру рұқсат етілмейді;
− Кабелдер енгізу бөлмелері арқылы күш беретін кабелдердің және
өтпелі инженерлік коммуникацияларының тарту рұқсат етілмейді;
− Өндірістік бөлмелердің Таза едені өртенбейтін негізге төселуі тиісті;
− Түзеткіштерге және аккумуляторларға күн сәулелерінің тию
мүмкіндігін болдырмау;
− Өндірістік бөлмелер басқа бөлмелерден өртенбейтін қабырғаларымен
бөлінуі тиісті немесе отқа шыдамдылықтан 0,75 сағаттан кем емес қалқан
болуы тиіс;
− Еден жамылғысы - арнайы тағайындаулы статикаға қарсы линолеум;
− Жабдық қаңқалары, құрылғылар және металлдық бөліктер жерге
отырғызылуы тиісті;
− Сызықты құрылңылар: шкафтар, кабелдік жәшіктер, металлдық
23
қабықтар және кабелдердің экрандары жерге отырғызылған болу керек;
− Әрбір жерлестіруші құрылғы ЭҚЕ талаптарына сәйкес келуі тиісті,
жерге отырғызылу құрылымдарының сұлбасы болатын төлқұжат болу керек,
негізгі техникалық мәліметтері, және осы жерлестіруші құрылымның күйін
тексеру нәтижелері туралы мәліметтер, өндірістік жөндеулердің сипаты туралы
және осы құрылымдық конструкциясына енгізілген өзгерістерге сәйке болуы
тиіс;
− Қабатаралық саңылауларды немесе телефон немесе басқа кабелдер
өтетін шатырдағы аражабындарды, асбестпен тығыз жабылған болуға тиісті.
Оның үстінен цемент ерітіндісімен, алебастрмен немесе басқа өртенбейтін
материалдармен герметикаландыру қажет. Егер саңылаулар кабелдермен
жұмыс жасалғанда ашылған болса, онда жұмыстың аяғында олар қайта бітелген
болуы тиісті;
− Өрттің бөлмеден бөлмеге таралуын тоқтату үшін кабелдерден және
өткізгіштердің төсемінен кейін қалған еркін кеңістіктер толтыру немесе
бөлмелер арасындағы тұрбаларға, сонымен қатар оңай алып тасталатын
өртенбейтін материалдармен қамтамасыз ету;
− Олардың әкімшілік немесе қоғамдық бөлмелерде орналастырылған
жағдайында кірістірілген АТС және телеграфтардың кірулері жеке болуы
тиісті;
− Барлық өндірістік бөлмедің кірістерінде МСТ 12.4.026-76 сәйкес
бөлменің қауіп-қатер дәрежесі бойынша, электр тоғымен зақымдалу дәрежесі
мен жарылу, өрт-қауіпсіздіктер таңбалары, сонымен қатар өмір тіршілік
қауіпсіздігіне жауапты адамның аты ілінген тақтайшада көрсетілуі тиіс;
− Қызыметкерлердің бір уақыт мезетінде құрылғының металлдық
корпусына, жылытушы су құбырына және канализациянық құбырларға тиіп
кету мүмкіндігін болдырмау үшін тоқ өткізбейтін керегелермен арашалау
қажет;
− Үлкен қауіп-қатерлі және ерекше қауіптілігі бар өндірістік
бөлмелерде электр саймадарынының және қол электр шырақтарын қосуы үшін
арналған жоғары емес 42В номиналды кернеумен автономды элект желісі
салынған болуы тиіс;
− 42В кернеуге дейін розеткаларға қосу үшін арналған штепселді
шанышқыны өзінің конструктивтік орындауы бойынша 220 В розеткасына қосу
мүмкіндігінен айыру қажет. 220 В кернеу розеткалары үшін үшінші
жерлестіруші байланысуымен болуы тиісті;
− Жерлестіруші және жерлестірушілерге қатысты нөлдік өткізгішті,
жерлестіруші түйіске және жерлестіруші конструкцияларға нөлдік
өткізгіштердің қосылуы дәнекерлеумен істелінген болуы тиіс, ал жабдықтың
корпустарына - дәнекерлеумен немесе сенімді болттық қосумен орындалуы
қажет;
− Жабдықтардың жерлестірілуге немесе нөлдендіруге жататын әрбір
бөлігі, жерлестіруші немесе нөлдендіруші жеке өткізгіштің көмегімен желіге
24
қосылған болуы тиісті. Жерлестіруші немесе нөлдік қорғайтын өткізгіштің
жерлестірілетін және нөлдендірілетін жабдық бөліктерінің біртіндеп қосылуы
рұқсат етілмейді;
− МСТ 12.04.026 сәйкес бөлмедегі жерлестіруші өткізгіштердің енгізу
орындарында айрықша таңбалары ескерілуі тиісті.
Қойылған талаптармен танысып, оптикалық сызықты терминалды (OLT)
және магистральдық оптикалық кроссты (ODF) 9 ықшам ауданының 16 үй
мекен-жай бойынша орналасқан АТС-22 ғимаратында орналастыруды жөн
көрдім. Бұндай шешім сызықты жабдықтардың қызмет көрсетудің
ыңғайлылығымен, түйіннің рұқсат желілерінің құрылысы болатын ауданға
тікелей жақындылықпен және ары қарай оның қызмет көрсетуге, сонымен бірге
байланыс жабдығы орналасатын бөлмелерге қойылатын талаптарға
технологиялық сәйкес болуы қажет [12].

Талшықты-оптикалық кабелдің тарту трассасын таңдау кезінде ең
ұтымды нұсқасын таңдау қажет. Байланыс желілерін сызықты орнату өте
қымбат және күрделі бөлігі болып келеді, сондықтан трассаны келесі белгілерді
ескере отырып таңдалады:
− шеткі пунктер арасындағы ең қысқа қашықтық;
− құрылыс кезінде жұмыстардың ең кіші көлемін орындау;
− құрылыс жұмыстарының механикаландырудың тиімді құралдардың
максималды қолдану мүмкіндігі;
− орнату кезіндегі эксплуатациялық және олардың жұмыс сенімділігінің
пайдалану ыңғайлылығы.
Сызықты-кабелдік құрылыс бойынша барлық жұмыстарды екі кезеңге
бөлуге болады:
− абоненттердің орталық түйінмен (OLT) тікелей байланыстыратын
магистральдік талшықты-оптикалық желі құрылысы, яғни рұқсат желісінің
құрылысы.
-
ішкі модалы желілерді тарту және құрылысы.
Сондықтан құрылыстың әрбір кезеңінде оптикалық кабелдің тарту әдісін
және трассаны таңдау қажет.
Кабелді тарту әдісін таңдау ОТБЖ (ВОЛС) сенімділігіне ұсынатын,
ортаның және талаптардың төңіректегі нақты шарттардың қолдануына тәуелді
болып келеді. ОТК тартудың ұтымды технологиясы келесі талаптарды
қанағаттандыру тиісті: ОТБЖ (ВОЛС) құрылысының үнемділігі және ОТК қоса
тіркелген күштердің тиімділігін бақылау.
ОТК тарту технологиясына тікелей ықпал ететін маңызды факторларға
жатады:
− кабелдің құрылыс ұзындығы;
− мүмкін болатын тартылыс күштері;
− иілудің ең төменгі радиусы.
25
Бұл шектеулер кабель тартатын жабдықта, аспаптар мен құрал-
саймандарда есепке алынуы тиісті.
Қала ішінде оптикалық кабелді тарту бірнеше әдістер арқылы іске
асырылады, олардың ішіндегі ең қолайлысы - бұл ОК қазіргі кездегі
телефондық кабелдік канализацияларда және ОК қалалық электр
жарықтандыру тіректерінде аспа түрінде тарту.
Әрбір технологияның тарту әдісін таңдауы шешуші фактормен
байланысты бола алатын артықшылықтары және кемшіліктері бар, сондықтан
таңдаудың дәлелділігін жасау үшін, екі технология салыстырмалы талдау
келтіру қажет.
Қазіргі кездегі кабелдік канализацияда ОК тартур технологиясын қарап
шығамыз.
Қалалық және ауылдық телефон желілері мен Технологиялық жобалау
нормаларымен сәйкес кабелдерді жергілікті байланыс желілердің қазіргі
кабелдік канализациясында тартылуы ескерілу тиіс. Егер ондай мүмкіндік жоқ
болатын жағдайда жаңа құрылымды немесе қазіргі кабелдік канализацияға
жаңадан каналдардың салуын ескеру қажет.
Тапсырыс беруші серіктестік АҚ Қазақтелеком телефондық кабелдік
канализациялар меншік иесі болғандықтан, каналдардың жалдаулары мәселесі
болмайды.
1.14 Сурет - 5 ықшам ауданына дейінгі телефондық кабельдік канализациясы
арқылы кабель тарту жолы
5 ықшам ауданында кабельді тарту сұлбасы А қосымшасында және
тұрғын үй подъезінде абоненттік таратылым Ә қосымшасында көрсетілген.
Құрылғы таңдау
26
Осы жоба үшін мен Элтекс фирмасының құрылғыларын таңдаймын.
ЖШС Элтекс телекоммуникациялық желілер үшін кешенді шешімдерді
енгізу бойынша он бесі бойы жұмыс атқарып жатыр. Коммуникациялық
қажеттіктер мен заманауи ақпараттық технологияларға сәйкес байланыс
саласында жобалардың әзірлеумен, техникалық қолдаумен және оны іске
асырумен, сонымен қатар ақпараттық қызметтермен айналысады. Осы сәтте
барлық әлем бойынша бір миллиардпен қатар қолданушылармен қатар
көптеген басты дүниелік операторларға қызмет көрсетіп жатыр. Клиенттерге
құндылықтардың ұзақ мерзімді жүйесін құрып, потенциалдық өсуін
қамтамасыз етіп, серіктестік тапсырма берушінің техникалық шарттары
бойынша қызметтерін, шешімдер және инновациялық өнімдерін қамтамасыз
етеді.
Технологиялық мүмкіндіктері:
- барлық өнім құрастыру мен монтаждың технологияларын және
сапаларын жақсартуға мүмкіндік беріп, сыртқы монтажы тек қана заманауи
элементтерімен өндеп, өндіріп жатыр;
- бұйымдар заманауи автоматтандырылған жобалау жүйелер (САПР)
көмегімен өнделеді. Бұл барлық технологиялық кезеңдерінде параметрлерден
бақылаумен қағазсыз технологияға және тура автоматты өндіріске өту
мүмкіндігін береді, сонымен қатар, әр түрлі бұйымдарға және модуль жасауға
құрылғының жаңа күйге келтірулеріне тездік және иілгіштікті қамтамасыз
етеді;
- өнімдердің өндірісі барысында дүниежүзілік бас фирмалардың
заманауи жоғары тығыздықты біріктіру құраушысын қолданып жатыр;
- кәсіпорын өнімділігі жылына 1 млн-нан аса порт SMD-монтажының
автоматты меншікті жоғары өнімді саптың иегері болып келеді;
- меншікті программалық қамтамасыздандыруды әзірлеу арқылы сатып
алушының мұқтаждықтарына сәйкес шығарылған өнімнің тұрақты
модернизациялау мүмкіндік береді.
Маңызды өндірістік бағыттар:
- дәстүрлі және конвергентті кешенді шешімдер үшін жабдықтарды
жаңарту және дамыту;
- NGN желілері үшін жаңа бұйымдарды және кешенді шешімдерді
әзірлеу;
- пайдаланудың барлық мерзімде сервистің сапаларын қолдау.
Шешімдер және ELTEX өнімдері мультисервистік кабелдік желілердің
құрамындағы жабдықтар (кабелдік теледидар (ТВ) құрылғысы, кабелдік
теледидарды жобалау, GPON желілері, GPON Элтекс, GPON Corecess S5,
Corecess 3800, Corecess R1 және R1P, IP-TV құрылғылары, Middleware IP-TV,
MSAN MC1000-PX, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz