Қарабұта өзеніндегі бөгеттік су алу торабын қайта құру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Су ресурстары және мелиорация кафедрасы
МЫРЗАБАЕВ Е.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қарабұта өзеніндегі бөгеттік су алу торабын қайта құру
5В080500 - Су ресурстары және суды пайдалану мамандығы
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ауыл шаруашылығы
минисТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Гидротехника, мелиорация және бизнес факультеті
Су ресурстары және мелиорация кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:__________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ _____________________
Беттер саны _____________
Сызбалар мен көрнекі материалдар_____________
Қосымшалар_____________
Орындаған ___________________________________ ____________________
(аты-жөні)
20___ ж. ______________ қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)
Жетекші ________________ ______________________________
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
_____________________ _______________ ____________________________
(тарау) (қолы) (аты-жөні)

Норма бақылау _______________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы _______________ ___________________________

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент ___________________________________ _______________________________
(аты-жөні)
Жұмыс (жоба) тақырыбы
___________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _____________________________________________________
Университет бойынша 20___ж __________________ №____ бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 20___ж _________________
Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
___________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ ________________________________________________________________
___________________________________ _______________________________
Дипломдық жұмысты (жобаны) өңдеуге арналған мәселелер тізімі
___________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _____________________________________________________
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
___________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________________________________ _______________________________
Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы

Жұмыс жетекшісі ________________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ________________ _____________________________
(қолы) (аты-жөні)
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ГРАФИГІ
Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер

МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер
7
Анықтамалар
8
Белгілеулер мен қысқартулар
9
Кіріспе
10
1
Негізгі жағдайлары
12
1.1 Аумақтың физико-географиялық жағдайлары және климаты
12
1.2 Қарабұта өзені жөніндегі гидрологиялық мәліметтер
13
1.3 Қарабұра өзені су жинау аумағының геоморфологиялық сипаттамасы
17
1.4 Ауданның геологиядық құрылысы
18
1.5 Суару массивінің гидрогеологиялық жағдайлары
19
1.6 Суғару массивінің инженерлік-геологиялық шарттары
21
1.7 Гидрогеолого-мелиоративтік аудандастыру
23
2
Есептік бөлім
30
2.1 Тоғанның топографиялық сипаттамасы
30
2.2 Тоғанның су тепе-теңдігі
31
2.3 Тоғанның лайлану есебі
31
2.4 Топырақ бөгетін жобалау
34
2.5 Бөгет денесінің өтетін судың сүзгілік есебі
37
2.6 Топырақ бөгеттің төменгі беткейінің орнықтылығын есептеу
40
2.7 Су жібергіш құрылымы және еспетеулері
43
2.8 Су қашыртқы құрылысы
44
2.9 Су қабылдағыштың тұндырғышы
49
2.10 Өндіріс жұмыстарын жүргізуге нұсқаулар
54
3
Өндірістік және ұйымдастыру жұмыстары
59
3.1 Өндірістік және ұйымдастыру жұмыстары туралы қысқаша мәліметтер
59
3.2 Жұмыс жүргізу кезеңі
59
3.3 Құрылысты сумен және энергиямен жабдықтау
60
3.4 Техника қауіпсіздігі
61
4
Пайдалану бөлімі
62
4.1 Су торабын пайдалану туралы қысқаша мәлімет
62
4.2 Қоршаған ортаны қорғау
62
5
Экономикалық бөлім
63
5.1 Смета құжаттамасына түсініктеме жазу
63
Қорытынды
67
Қолданылған әдебиеттер тізімі
79
Нормативтік сілтемелер
Қазақстан Республикасының Су кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481-ІІ Кодексі
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты 2012 жылғы 14 желтоқсан
ҚР СНжЕ 1.03-05-2001 Құрылыстағы техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212-III Экологиялық Кодексі (22.07.2011 ж. жағдай бойынша өзгертулер мен толықтырулармен бірге).
Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 26 наурыздағы N 144-IV Заңы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңы
Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 160 Заңы.
Анықтамалар
Бөгет - су деңгейін көтеруге арнап су ағынын немесе су қоймасын жабатын гидротехникалық құрылым. Ол сонымен бірге құрылымның орналасқан жерінде арын және су қоймасын жасау үшін де қолданылады.
Канал - су жүруге арналған жасанды арна
Су қоймасы - халық шаруашылығында пайдалану үшін суды жинау және сақтау мақсатында өзен аңғарында су бөгеуші құрылымдар арқылы жасалынатын жасанды су қоймасы.
Арын (гидравликада және гидромеханикада) - сұйықтың меншікті механикалық энергиясы. Метрмен өлшенеді.
Берма: суды әкету және басқа мақсаттар үшін бөгеттің беткейінде орналастырылатын азғантай еңістігі бар горизонталь аумақ;
Бьеф - гидротехникалық құрылымға жанасатын өзеннің, каналдың, су қоймасының немесе басқа су нысанының бөлігі. Гидротехникалық құрылымнан ағыс бойынша жоғарғы бөлінде орналасқан су нысандарының бөлігін жоғарғы бьеф, төмен орналасқандарын төменгі бьеф деп атайды.
Су өтімі - уақыт бірлігінде көлденең қима арқылы өтетін су көлемі. Су өтімі бірлігімен (м3с) өлшенеді.
Су жібергіш - су қоймасынан артық суды төменгі бьефке жіберуге арналған гидротехникалық құрылым.
Жоғарғы беткей: бөгеттің жоғарғы бьеф жағындағы беткейі;
Жота: бөгет денесінің төбесі;
Дренаж: сүзілу және жер асты суларын әкететін құрылғы;
Бөгеттің тісі: сүзілу жолын ұзарту мақсатында бөгеттің негізіндегі жеке төмендеулер;
Төменгі беткей: бөгеттің төменгі бьеф жағындағы беткейі;
Бөгеттің табаны: негізге жанасатын бөгеттің беті;
Белгілеулер мен қысқартулар
ҚР - Қазақстан Республикасы
СШМ - су шаруашылығы мекемесі
ПӘК - пайдалы әсер коэффициенті
МС - метеорологиялық станция
ҚТД - қалыпты тірелген деңгей
МТД - максимальды тірелген деңгей
ПК - пайдаланылмайтын көлем
км - километр
м - метр
мс - секундына метр
0С - Сельция градусы
мм - миллиметр
см - сантиметр
м3с - секундына метр куб
км2 - шаршы километр
ҚНжәнеЕ - құрылыс нормалары және ережелері
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы экономикасының аграрлық секторында суармалы жерлер мен тиімді су пайдаланудың маңызы зор. 90-жылдардың басында елімізде егістікке пайдаланылатын жерлердің ішінде суғармалы жерлер (2,3 млн га артық) 6% құрағанымен өсімдіктерден алынатын өнімнің үштен біріне жуығын беріп отырды. Суармалы жерлерде рентабельділігі жоғары болып табылатын мақта, қант қызылшасы, күріш, жүгері, бау-бақшалар т.б. өсірілді. Ал дәндә дақылдардан алынатын өнім тәлімді егін шаруашылығымен салыстырғанда екі-үш есе көп. Өнімділіг аз жерлерді түбегейлі өзгертіп оны жоғары өнімділікке айналдыруға ирригацияның роль өте зор. Бірақ соңғы жылдарда елімізде болған меншіктің, шаруашылық түрінің, жүргізудің формаларының, материалдық-техникалық жабдықтау, қамтасыз ету және баға белгілеу принциптерінің өзгеруі суармалы жерлер зонасында өнім өндірудің өнімділігін арттырмай отыр. Егер ауылшаруашылығы өндірісінде 2,3 млн. га суармал ы жерлер пайдаланылған болса, қазір 1,2 млн га жер ғана суғарылып отыр.
Еліміздің экономикасын дамытуда ең негізгі мақсаттардың бірі - су шаруашылық құрылысын, энергетиканы одан әрі дамыту, су ресурстарын комплексті пайдалану, суғармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету, су транспортын және балық шаруашылығын өркендету, сондай-ақ су көздерін құрып кетпеудің қорғау болып табылады.
Құрылыс конструкциясын прогрессивті, үнемді қолдануда және оларды тұрғызу тәсілін дамытуда мамандарының көз қарамын қазіргі дәуір саласына қаратуға нәтижелі жетістіруге жететін бағдарлама орындалуы қажет.
Соңғы жылдары дүние жүзілік бөгет құрылысында топырақ,бөгет көп қолданылады. Шет елдерде біраз қарапайым конструкциялы топырақ бөгеттер салынады.Мұндай жауапты құрылыс жобалауда және тұрғызуда үлкен талап қойылады. Топырақтың құрылыстық қасиетіне лабораториялық жағдайда және құрылыс балында көп жақты экспериментті зерттеулер жүргізуді сондай-ақ есептеудің жаңа тәсілдері қарастыралады.
Қазіргі уақытта сенімді және үнемді құрылыс конструкциясын қарастыруда жыл зерттеуде бірақ тәжрибе жинаған. Әр жағдайда бөгет тұрғызуда топырақтың тапталу нәтижесін бақылауда және құрылыс басында тұрғын әр жақты сауалдарға жауап берілген. Топырақ бөгетінің жобалауда және тұрғызуда кеткен қателіктерін кей кезде әр түрлі зақымданулар апат жағдайлары кездесіп тұрады.
Қазіргі бар мелиоративтңк жүйелер бірнеше шаруашылықтың немесе ауданның жерін қамтыған ірі жер массивтерін суландыру үшін құрылған. Соңғы кездегі суладырылатын жердегі майда шаруашылықтардың көбеюі, маман кадрлардың болмауы, ирригациялық-егіншілік дәстүрдің сақталмауы суармалы жүйелердің бұзылуына әкеліп соғуда. Көптеген гидротехникалық құрылымдар иесіздіктің, қараусыз қалудың салдарынан көміліп, бүліншілікке ұшырады. Соңғы кезде Қазақстан Республикасы үкіметі тарапынан суармалы жерлерді игеуге біршама көңіл бөлінуде, ауылшаруашылығы министрлігі және жергілікті әкімшілік осы мақсатқа қаражат бөлуде.
Қарабұта өзенінде салынатын су алғыштан Ақтоған каналы бастау алады. Ақтоған каналы 1000 га жер көлемін тұрақты суырып отыруға арналған. Қиғаш таулы аймағынан өтетін бас канал Үржар сумен жабдықтау мекемесінің шаруашылық аралық каналына жатады. Ақтоған каналының шаруашылық аралық бөлігінің ұзындығы 1,55 шақырым.
Жасалынып отырған жобаның мақсаты климаттық және жергілікті жердің геологиялық гидрогеологиялық ерекшеліктерін зерттей отырып, Қарабұта өзенінде орналасатын су торабы орнын анықтау. Су алғыштың құрамына кіретін құрылымдарды белгілеу және өзеннің гидрологиялық берілімдеріне байланысты қажетті есептеулер жүргізу, онда жорындалатын жұмыстардыңкөлемін және жұмсалатын қаражаттың мөлшерін анықтау болып табылады.
Сондай-ақ жобада құрылыс жүргізу кезінде өндірістік және ұйымдастыру жұмыстары, қажетті машиналар мен мехнизмдер санын анықтау, техника қауіпсіздігін сақтау, су торабын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау мәселелері де қарастырылады. Құрылыстың қаржы жұмсау жүнінде сметасы жасалынып, құрылыс жүргізу мерзімі анықталынады.
1 Негізгі жағдайлары
1.1 Аумақтың физикалық-географиялық жағдайлары және климаты
Административтік жағынан аталып отырған гидроторабы бар массивтің территориясы Семей облысы Мақаншы ауданының құрамында болған. Суармалы жерлер Мақаншы және Бақты созхоздарының жер пайдалану аумағына қараған. Ірі елді мекендердіен бұл аумақта Қарабұра ауылы, бұрынғы Мақаншы совхозының орталығы және Бұғыбай ауылы бар. Қазіргі кезде гидроторап пен суармалы массив Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданына қарасты.
Аумақтың оң жақ бөлігінен Аягөз - Мақаншы - Бақты тас жолы өтеді. Мақаншыдан Қарабұта ауылыныа дейінгі арақашықтық 62 км құрайды.
Аумақтың климаты жалпы алғанда күрт континентальды. Температураның жылдық және сондай-ақ тәуліктік өзгерісінің амплитудасы өте үлкен. Қысы суық және жазы құрғақшылық.
Ауданның климаттық сипаттамалары Бақты метеорологиялық станциясының бақыланған көпжылдық мәліметтері бойынша келтірілген. Ауаның жылдық орташа температурасы +6,2оС, ең суық айдың (қаңтар) орташа температурасы -13,8оС , ал ең ыстық айдың орташа температурасы +23,1оС құрайды. Жылы периодтың ұзақтығы 233 күн. Жауын-шашынның жылдық орташа шамасы 262 мм, оның 50%-тен астамы жылдың жылы мерзімінде жауады. Қыстың соңындағы қар жамылғысының қалыңдығы 20-25 см құрайды. Желдің орташа жылдамдығы 2,2-3,5 мс. Жылына күшті желдердің (15 мс артық) күндерінің саны 30 күнге жетеді. Жыл бойында шығыс, батыс және оңтүстік батыстан соғатын желбің бағыттары басым болады. Көбінесе қарқыны әлсіз және орташа суаңшылық байқалады.
Сурет 1.1 Үржар ауданының географиялық орналасуы

Қарастырып отырған аумақтың гидрографиялық желісі өте сирек және онда тек Алакөл көлінің су жинау алабына жататын Қарабұра және Үшқатты өзендері бар. Олардың тау бөлігіндегі өзеннің аңғарлары тік су ағысы, кей жерлерде кедргілері бар ұзына бойлық кескін мен көлденең қимасында каньон түріндегі аңғар жармасы болады. Таудан шыққан жерде жер бетіндегі су ағыны шығару конусындағы шөгінділердің ішіне еніп кетеді. Тау маңындағы жазықта өзендердің арналары иректелгенжәне сынық ірі материалдардан тұрады, жағалауы тік. Өзендердің аңғарларының тереңдігі 0,5 м 3,0 м аралығында. Олардың режимі жыл ішінде өте тұрақсыздығымен сипатталады. Бастауын тау баурайынан және таудан алатын өзендердің су өтімі максимумы көктемнің наурыз айында, көктемгі қар еру мерзімінде болады. Негізгі қоректену көзі атмосфералық жауын-шашын мен жер асты суларының шығуы болып табылады. Қарабұта өзененің өзгермелілік коэффициенті 0,84 құрайды. Қарабұта ауылындағы өзеннің көпжылдық орташа су өтімі 1.1 кестеде келтірілген.
Кесте 1.1
Қарабұта өзенінің айлар бойынша көпжылдық орташа су өтімдері
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Жылдық
-
-
-
8,20
7,80
5,60
3,40
2,39
2,10
1,53
2,25
-
1,75
Кесте 1.2
Көпжылдық орташа су өтімі шамаларының эмпирикалық қамтамасыздығын есептеу
Реті
Жылдар
Су өтімі, Qi
Кему тәртібімен орналасқан су өтімі
к
к-1
(к-1)2
Қамтамасыздық, р, %
1
1954
1,75
3,68
1,02
0,02
0,0003
2,94
2
1955
2,51
3,65
1,46
0,46
0,2095
5,88
3
1956
3,68
3,48
2,14
1,14
1,2934
8,82
4
1957
3,65
3,45
2,12
1,12
1,2541
11,76
5
1958
2,54
2,87
1,48
0,48
0,2258
14,71
6
1959
3,45
2,62
2,00
1,00
1,0074
17,65
7
1960
2,62
2,56
1,52
0,52
0,2721
20,59
8
1961
2,87
2,54
1,67
0,67
0,4447
23,53
9
1962
2,48
2,51
1,44
0,44
0,1939
26,47
10
1963
0,84
2,48
0,49
-0,51
0,2623
29,41
11
1964
0,75
2,47
0,44
-0,56
0,3186
32,35
12
1965
0,45
2,14
0,26
-0,74
0,5456
35,29
13
1966
0,24
2,11
0,14
-0,86
0,7407
38,24
14
1967
0,24
1,97
0,14
-0,86
0,7407
41,18
15
1968
0,85
1,97
0,49
-0,51
0,2564
44,12
16
1969
0,95
1,75
0,55
-0,45
0,2009
47,06
17
1970
1,54
1,72
0,89
-0,11
0,0112
50,00
18
1971
3,48
1,54
2,02
1,02
1,0427
52,94
19
1972
2,11
1,23
1,23
0,23
0,0508
55,88
20
1973
0,54
1,12
0,31
-0,69
0,4711
58,82
21
1974
2,14
1,11
1,24
0,24
0,0590
61,76
22
1975
1,72
0,95
1,00
0,00
0,0000
64,71
23
1976
1,12
0,85
0,65
-0,35
0,1222
67,65
24
1977
1,11
0,85
0,64
-0,36
0,1263
70,59
25
1978
0,54
0,84
0,31
-0,69
0,4711
73,53
26
1979
0,85
0,84
0,49
-0,51
0,2564
76,47
27
1980
0,76
0,76
0,44
-0,56
0,3120
79,41
28
1981
0,84
0,75
0,49
-0,51
0,2623
82,35
29
1982
1,23
0,54
0,71
-0,29
0,0816
85,29
30
1983
1,97
0,54
1,14
0,14
0,0208
88,24
31
1984
1,97
0,45
1,14
0,14
0,0208
91,18
32
1985
2,56
0,24
1,49
0,49
0,2370
94,12
33
1986
2,47
0,24
1,43
0,43
0,1888
97,06
Барлығы
56,82
11,7002
Орташа
1,72
Құбылмалылық коэффициенті төмендегі формула бойынша есептеліеді:
;
1.1
Сурет 1.2. Қарабұта өзенінің көпжылдық орташа гидрографы
Сурет 1.3 Қарабұра өзенінің көпшылдық орташа су өтімінің
қамтамасыздық қисығы
1% қамтамасыздықтағы көктемгі тасқынның максимальды өтімін анықтау
Бұл су өтімі көктемгі гидрографпен бірге су жібергіш құрылымдағы су өтімін есептеуге, су қоймасындағы максимальды көлемді анықтауға және су қоймасының режимін белгілеуге қажет. Гидрометеорологиялық мәліметтер болмаған жағдайда көктемгі тасқын судың максимальды су өтімі редукциялық формула бойынша анықталады:
;
1.2
Мұнда: К0 - көктемгі қар еруінің бір мезгілділігі, рельефке және табиғи зонаға байланысты 1.3 кестеден анықталынады. Далалық зона үшін оның шамасы 0,020 тең.
Кесте 1.3
К0 коэффициентінің шамалары
Табиғи зоналар
Рельефтің категориялары
1
2
3
Тундра және орман
0,010
0,008
0,006
Орманды дала және дала
0,020
0,015
0,012
Рельефтің бірінші категориясына су жинау алабының көпшілігі көбелерде орналасқан өзендер жатады; екінші топқа су жинау алабында төбелер мен жазық жерлер араласып келтін өзендер жатады; үшінші топқа - тегіс жазықта орналасқан, және батпақтанған аңғары бар өзендер жатады.
μ - ағын қабаты мен максимальды су өтімінің статистикалық параметрлерінің бірдей еместігін ескеретін коэффициент, 1.4 кесте бойынша анықталынады:
Кесте 1.4
μ коэффициентінің шамалары
Табиғи зона
Р, %
0,1
1
3
5
10
25
Орман
1,02
1,0
0,97
0,96
0,93
0,90
Дала және орман
1,04
1,0
0,96
0,93
0,89
0,80
hр - жылдық асып кету ықтималдылығы Р% болатын жалпы көктемгі ағынның есептік қабаты (Qp төменгі қамтамасыздығына сәйкес келеді), мм:
;
1.3
мұнда Kр мәнін (Kр = f (P, Cv, Cs), [2] кітаптағы бірінші қосымшадан аламыз, Сv = 0,60 және Сs = 2 Сv үшін Кр = 2,89 болады.
h0 - көктемгі еріген қар суының көпжылдық орташа қабатының қалыңдығы, төмендегі формула бойынша анықтаймыз:
, мм;
1.4
= 92 мм
hр = 2,89 * 92 = 266 мм.
δ - су қоймасының, тоғандардың және көлдердің әсерін ескеретін коэффициент, мына формула бойынша анықталады:
;
1.5
Мұнда С - көктемгі қар суының көпжылдық орташа ағын қабатына байланысты анықталынатын коэффициент (1.5 кесте бойынша анықталынады);
fоз - су жинау алабының орташа көлділігі, %;
δ1 - тоғайы бар су жинау алабында максимальды су өтімінің төмендеуін көрсететін коэффициент, төмендегі формула бойынша анықталынады:
Кесте 1.5
С коэффициентінің шамалары
h0, мм
100 және одан артық
99 50
49 20
20 аз
С
0,2
0,2 - 0,3
0,3-0,4
0,4
;
1.6
Мұнда α1 - табиғат зонасынан және орманның су жинау алабында орналасуына (бірқалыпты, су жинау алабының жоғарғы немесе төменгі бөлігінде);
n2 - орманның ішіндегі топырақтың құрамына байланысты коэффициент.
Олардың шамаларын анықтамалық әдебиеттердің көмегімен аламыз, Біздің жағдайымызда орман көлемі және батпақтану өте аз болғандықтан δ1 және δ1 ескерілмейді.
n1 - функция дәрежесінің көрсеткіші, 0,17;
F1 - редукцияның төмендеуін ескеретін қосымша су жинау алабы, біздің мысалымызда 0 тең.
Сонымен табылған шамаларды орнына қоятын болсақ, Қарабұтақ өзені бойынша 1% қамтамасыздықтағы су өтімі
= 77 м3с
тең болады.
Су бетінен булану мөлшері Үржар метеорологиялық станциясының көпжылдық мәліметтері бойынша алынды, олар 1.6 кестеде келтірілген.
Кесте 1.6
Үржар метеорологиялық станциясының көпжылдық орташа мәліметтері
Көрсеткіштер
IV
V
VI
VII
VIII
IX
Булану, мм
95
148
189
215
207
144

Жобаланып отырған суғару массиві мен гидроторап Алакөл ойпатының солтүстік-шығыс шетінде орналасқан. Жер бетінің орналасуы сипатына, рельефтің құрылуы және гипсометриялық орнына байланысты қарастырып отырған аумақта төмендегідей рельефтің түрлері бар: эрозиялық- тектоникалық, тектоникалық-денудациялық және аккумулятивтік. Рельефтің эрозиялық- тектоникалық, тектоникалық-денудациялық түрлері аумақтың тау бөлігіне тиесілі, ал суармалы массивтің территориясында олар кездеспейді. Суармалы массивтің аумағында негізінен рельефтің аккумулятивтік түрі таралған және рельеф құраушы факторларға байланысты рельефтің бөктерлі- төбелі тау бөктері және Қарабұта және Үшқатты өзендерінің аңғарларымен тілгіленген тау бөктеріндегі еңіс жазықтық (өзендердің шығару конусы) бар.
Рельефтің бөктерлі-төбелі пішіні Тарбағатай тауының оңтүстік беткейі үшін сипатты және ортасында доғал сайлары бар тегістелген күмбез түріндегі төбелер, тегіс беткейлері бар жоталар болып келеді. Рельефтің мұндай формалары суармалы массивтің солтүстігінен тысқары жерде кездеседі.
Ал суармалы массивте тау маңайындағы еңісті жазықтық және Қарабұта және Үшқатты өзендерінің және уақытша су көздерінің шығару конусы кездеседі Негізінен тау маңайындағы жазық үшін оңтүстікке қарай бірқалыпты еңкіштенетін тегіс жартылай конус болып табылады. Суармалы массивтің солтүстік және оңтүстік бөліктерінің абсолютті белгіден биіктігі 160-170 м құрайды. Жазықтықтың беті тегіс. Тау бөктеріндегі жазықтық неогендік саздың бетінде жатқан жоғарғы төрттік және қазіргі аллювиальды және аллювиальды-пролювиальды шөгінділерден құралған. Қазіргі физико-географиялық құбылыстар мен процесстерден өзендердің және уақытша су көздерінің жаппай шайюы және эрозиялық іс-әрекеттерін айқын білінеді. Шығару конусының шеткі бөліктерінде кей жерлерде батпақтану және топырақтың тұздануы (суғару массивінің оңтүстік шетінде) байқалады.
Тау ішіндегі Қарабұта мен Үшқатты өзендерінің аңғарлары терең шатқал және каньон түріндегі жағалауы тік болып келеді. Кей жерлерде беткейлері құлама. Аңғардың жеке учаскелері кеңиді және кең алқап және бірінші алқаптан жоғары терраса құрайды. Таудан шығар жерде олардың алқабы кеңіп, арналары меандрланады.
Өзендердің аңғары қойтас және малта тастардын құралған. Өзеннің барлық жерінде де жағалау құлама болып, ойықтардың тереңдігі 0,5-тен 3,0 м дейін жетеді.
Өзен аңғары аумағындағы қазіргі физика-географиялық құбылыстар мен процесстерден желілік эрозия процессі (жағалаулардың шайылуы және опырылуы, арнаның тереңдеуі, бөлініп түскен материалдардың тасымалдануы және қайтадан бөлінуі қатты дамыған.
1.4 Ауданның геологиядық құрылысы
Ауданның геологиялық құрылысында кайнозой жасындағы қалыңдығы 20-дан 110 метрге дейін жететін шөгінділер көп кездеседі. Одан ерте жыныстардың қатарына Тарбағатай жотасының оңтүстік беткейін құрап тұрған палезой жасындағы вуканогендік-шөгінді жыныстар кездеседі.
Суармалы массивтың аумағында палезойдың шөгінділері шығару конусының солтүстік бөлігінде ұңғымалардың көмегімен 28 м тереңдікте табылды.Оңтүстік жақ, Алакөл ойпатына қарай палезойдың шөгінділері төрттік жастағы майдаланған борпылдақ материалдар мен неогеннің саз құрылымдарының астына түсіп кетеді. Майдаланған борпылдақ шөгінділердің қалыңдығы тау бөктерінен ойпаттың ортасына қарай арта түседі.
Тарбағатайдың дөңес-тегіс құрылымдарының құралуы кайнозой периоды тектогенезінің альпілік этапына жатады. Осы этапқа Алакөл ойпатында был жыныстардың жиналуы процессі жатады. Алакөл ойпатының шеттерінде неогендік және төрттік жастағы шөгінділер жинақталған. Саурмалы массивтің төңірегінде павлодарлық қабаттың Неоген (N1-2 рv) шөгінділері төрттік жастағы борпылдақ кесектердің астында 17-38 м тереңдікте ұңғылардың көмегімен ашылған.
Литологиялық жағынан ішінде карбонаттанған кірпіш тіріздес қызыл және қызыл-қошқыл түстегі, кей жерлерде ала түсті қиыршық тас, малта тас, құмы бар саздың қабатынан тұрады. Олардың қалыңдығы 30-35 м құрайды. Павлодар қабатының сазы регион бойынша су ұстаушы қабат болып табылады.
Массивтің аумағында төрттік жүйенің шөгінділері орта-жоғары төрттік және қазіргі жастағы кесек борпылдақ шөгінді түрінде барлық жерде кездеседі. Массивтің аумағында ішінде қой тас, малта тас, қиыршық тастары, ауыр саздақтар, кей жерлерде құмдақтар бар орта-жоғарғы төрттік шөгінділер барлық жерде кездеседі. Шөніндінің қалыңдығы 5-15 м құрайды және олар саздан тұратын павлодар қабатының үстінде жатыр.
Тұтас жоғарғы төрттік және қазіргі шөгінділер QIII-IV масив территориясында көп жерде кездеседі және ішінде қиыршық-малта тас, кей жерлерде ішінде майда қойтастары, малта тас пен қой тас-малта тастары бар құмнан, сирек ауыр саздақ және конгломераттардан тұрады. Құм кей жерлерде тозаң-саздақ аралас болады. Бұл шөгінділердің жалпы қалыңдығы 10-15-тен 30 м дейін джетеді. Олар генетикалық жағынан аллювиальды-пролювиальды шөгінділерге жатады.
Жоғарғы төрттік және қазіргі жастағы кесекті шөгінділер қалыңдығы 0,5-3,0 м, кейде 5-10 м (массивтің солтүстік бөлігінде) саздақ, құмдақ және сиректеу саз қабатымен бөлініп тұрады.

Қарастырып отырған аудандағы жер асты сулары кең таралған және жыныстардың барлық геологиялық-стратиграфиялық кешендерімен байланыста. Түрлері бойынша жер асты сулары жарықшақтағы, полезойдың үгітілген таулы жыныстарының жоғарғы зонасындағы және төрттік жастағы жоғарғы кесектелген шөгінділердің арасындағы қуыстардағы сулар болып бөлінеді.
Аумақтың территориясында негізгі көп кездесетіндері мыналар:
а) өзен аңғарларындағы қазіргі аллювиальдық шөгінділердің су ұстаушы горизонты;
б) өзендердің шығару конусындағы қазіргі сорташа-жоғарғы төрттік және қазіргі аллювиальды-пролювиальды шөгінділердің су ұстаушы горизонты. Қазіргі аллювиальдық шөгінділердің су ұстаушы горизонты өзен аңғарында өзен ағысының бағытымен сәйкес келетін еркін беті бар біртұтас ағын ретінде орналасқан. Жер асты суларының орналасу тереңдігі 2,0-5,0 м. Оның ішінде терең жерлері биік аңғарларғасәйкес келсе, өзеннің арнасынан ұзаған сайын және тау маңайындағы жазықта судың теңгейі төмендейді. Қазіргі шөгінділердегі жер асты суы ағысы жер үсту суларымен және төменде орналасқан су ұстаушы горизонтпен гидравликалық байланыста. Бірақ, іргелес орналасқан аудандардағы сияқты жер асты суларының режимі тұрақсыздығымен сипатталады және жер үсті суларының режимімен тікелей байланысты. Су ұстаушы горизонт жер үсті сулары мен атмосфералық жауын-шашынның есебінен қоректенеді. Су тұщы, негізінен құрамы гидрокарбонатты кальций-магний.
Массивтің аумағында орта-жоғарытөрттік және қазіргі аллювиальды-пролювиальды шөгінділердің су ұстаушы горизонты таралған. Су сидыратын қабат арасында қойтас-малтатас (шығару конусының солтістік бөлігі), малтатастар және қиыршықтас-малтатастар бар құм қабаттан, кей жерде саздан тұрады.
Шығару конусының аумағындағы жер асты сулары еркін беті және Алакөл ойпатына қарай біршама еңістігі бар тұтас груннтық ағыс ретінде жатады.
Жер асты суларының жату тереңдігі негізінен 10-20 м, тереңдігі аз жерлер шығару конусының шеттерінде кездеседі және олардың тереңдігі 2-5 м құрайды. Су ұстауғы горизонттың қалыңдығы бірнеше метрден 10 м дейін жетеді. Оның ішінде ағынның қалыңдығы оңтүстікке қарай жылжыған сайын арта түсіп, орташа алғанда 10-15 м құрайды.
Шығару конусының жер асты суларының таралымында анық зональдық байқалады.
Бірінші зона - қоректену және төмендеу зонасы - шығару конустарының жоғарғы бөлігінде (солтүстік) орналасқан. Бұл жерде қойтас-малтатас қабатына жер үсті суларының қарқынды жұтылуы және жер асты суы деңгейінің терең орналасуы байқалады.
Екінші зона - жер асты суларының жартылай табиғи жер бетіне шығу зонасы - конустың (массивтің оңтүстік бөлігіне жақын) шеттерінде байқалады.
Су тұрушы қабаттың фильтрациялық қасиеті үлкен ауқымда 2-5 мтәуліктен 30 мтәулікке дейін (толтырып тұрған малтатас жынысының құрамына байланысты) өзгереді.
Жер асты сулары тұщы, құрамы гидрокарбонатты кальций-магний, суғаруға және сумен қамтамасыз етуге жарамды.
Су ұстаушы горизонт жер үсті сулары, атмосфералық жауын-шашын және палезой жынысындағы жарықшақты сулардан қоректенеді. Жоғарыда айтылған су ұстаушы қабаттардың регион бойынша су жібермейтін қабаты павлодар қабатының сазы болып табылады.
Суғару массивінің көрсетілген су ұстаушы горизонттарының аумақ бойынша орналасуы оңтүстікке, Алакөл ойпатына қарай жаппай еңіс тұтас жер астындағы ағын болып табылады.

Жобаланып отырған суғару массивінің территориясында иілгіштігі және механикалық құрамы бойынша байланысқан грунттардың төмендегідей түрі болады - құмдақ, жеңіл саздақ, орта саздақ және ауыр грунттың кешенін (ауық саздақтар және саздар).
Құмдақтар массивтің оңтүстік-батыс бөлігінде, сондай-ақ саздақтардың арасында аралық қабат ретінде кездеседі. Құмдақтың қалыңдығы 0,7-2,0 м. Меншікті салмағы - 2,69 гсм3, көлемдік салмағы 1,68 гсм3, қатты түрінің көлдемдік салмағы - 1,62 гсм3, кеуектігі - 39,8%, кеуектік коэффициенті - 0,66, табиғи ылғалдылығы - 3,4%, ылғалдылық дәрежесі - 0,139, максимальды молекулалық ылғал сиымдылығы - 10,8, иілгіштік саны - 5,4. Топырақтың консистенциясы негізінен қатты және жартылай қатты.
Бір шөмішті эксковатормен өңдеу кезіндегі құмдақтың құрылыстық категориясы - І.
Аэрация зонасындағы құмдақтың фильтрация коэффициенті 0,74 мтәулік, қанығу жетіспеушілігі 0,26.
Жеңіл саздақтар массивтің шығыс және оғтүстік бөлігінде , сондай-ақ солтүстігінде аралық қабат ретінде кездеседі.
Саздақтың қалыңдығы 0,5-2,0 м. Меншікті салмағы - 2,7 гсм3, көлемдік салмағы 1,55- 1,7 гсм3, қатты түрінің көлдемдік салмағы - 1,37-1,65 гсм3, кеуектігі - 39,8%, кеуектік коэффициенті - 0,636-0,971, табиғи ылғалдылығы - 8%, ылғалдылық дәрежесі - 0,26, максимальды молекулалық ылғал сиымдылығы - 13,0, иілгіштік саны - 7,6-8,4. Табиғи ылғалдылығы кезіндегі ішкі үйкеліс бұрышы - 200-260, ілінісуі 0,05-0,15 кгсм2. Топырақтың консистенциясы негізінен қатты және жартылай қатты, қатаң иілгіш. Бір шөмішті эксковатормен өңдеу кезіндегі құмдақтың құрылыстық категориясы - ІІ.
Орташа саздақтар массивтің орталық бөлігінде, сондай-ақ солтүстігінде аралық қабат ретінде кездеседі. Қалыңдығы 0,6-2,0 м.
Меншікті салмағы - 2,71 гсм3, көлемдік салмағы 1,55- 1,67 гсм3, қатты түрінің көлдемдік салмағы - 1,47-1,59 гсм3, кеуектігі - 41,6-45,6%, кеуектік коэффициенті - 0,711-0,837, табиғи ылғалдылығы - 5,2-7,6%, ылғалдылық дәрежесі - 0,26, максимальды молекулалық ылғал сиымдылығы - 11,1-13,1, иілгіштік саны - 7,5-8,4. Табиғи ылғалдылығы кезіндегі ішкі үйкеліс бұрышы - -26, ілінісуі 0,05-0,125 кгсм2. Топырақтың консистенциясы негізінен қатты және жартылай қатты. Бір шөмішті эксковатормен өңдеу кезіндегі құмдақтың құрылыстық категориясы - ІІ.
Аэрация зонасындағы құмдақтың фильтрация коэффициенті 0,27 мтәулік, қанығу жетіспеушілігі 0,26.
Аэрация зонасындағы грунттардың фильтрация коэффициентінің есептік мәнін анықтау үшін лабораториялық жолмен және шурфтарда тәжірибелік түрде су құюдың нәтижелері алынды.
Ауыр саздақтар мен саздар массивтің оңтістік және қиыр солтүстігі бөлігінде кездеседі. Олардың оңтүстіктегі қалыңдығы 2,0 м, солтүстікте 5 м-ден 10 м-ге дейін.
Меншікті салмағы - 2,71 гсм3, көлемдік салмағы 1,77 гсм3, қатты түрінің көлдемдік салмағы - 1,6 гсм3, кеуектігі - 41%, кеуектік коэффициенті - 0,694, табиғи ылғалдылығы - 9,5%, ылғалдылық дәрежесі - 0,371, максимальды молекулалық ылғал сиымдылығы - 12,5, иілгіштік саны - 8,6. Топырақтың консистенциясы негізінен қатты және жартылай қатты.
Бір шөмішті эксковатормен өңдеу кезіндегі құмдақтың құрылыстық категориясы - ІІІ.
Аэрация зонасындағы құмдақтың фильтрация коэффициенті 0,10 мтәулік, қанығу жетіспеушілігі 0,18.
Территориядағы байланысқан топырақтардың көпшілігі тез жібігішке (суға қарсылығы жоқ немесе аз қарсылықты) жатады.
Жер бетінде жатқан қиыршықтас-малтатастардың фильтрациялық қасиеті Болдыревтың әдісі бойынша шуруфқа су құю арқылы зерттелді. Тәжрибелік су құюлардың нәтижесінде жарманың жоғарғы бөлігіндегі жер бетіндегі шөгінді қабаттың фильтрациялық коэффициенті 2,7-ден 6,3 мтәулікке дейін жетеді. Оның орташа шамасы - 3,9 мтәулік.

Жер бетіндегі қабаттың топырағы негізінен тұзданбаған (құрғақ қалдық мөлшері 0,1% аспайды).Тек суару массивінің оңтүстік бөлігіндегі саз және ауық саздақтардан тұратын учаскелерде топырақтың тұздылығының аздап көтерілуі байқалады.
Суармалы массивтің негізгі бөлігінде жар беті қабаты қалыңдығының жұқа болуына (2 м шамасында) байланысты топырақтар отырмайды - отырғыштықтың І түрі.
Есептеулердің нәтижесіне байланысты отыратын қабаттың қалыңдығы 5,5 м болғанда жалпы отыру 5 см аспайды. Жер бетіндегі байланысқан топырақтың максимальды қалыңдығы 10 м болғанда грунт шартының түрі ІІ, отырғыштық категориясы ІІ (жалпы отыруы 19,2 см).

Гидрогеолого-мелиоративтік аудандастыру Мелиоративтік құрылыс үшін гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулер бойынша әдістемелік нұсқау-ға сәйкес және гидрогелогиялық-мелиоративтік аудандастыру картасының бөлінген таксонометрикалық бірліктерінің сипаттамасын және жасалған эплдикацияны пайдалана отырып жүргізілді. Гидрогеологиялық структурасы бойынша ауданның территориясы Алакөл тау аралық ойпатына, оның солтүстік-шығыс бөлігіне жатады. Қарастырып отырған аумақта рельефтің морфогенетикалық типінің ІІ дәрежесі бойынша бір облыс - тау маңайындағы еңіс жазық бөліп көрсетуімізге болады.
Табиғи су сіңуі бойынша жобаланып отырған аумақта екі жеке бөлікті ауымызға болады. Табиғи су сіңетін және табиғи су нашар сіңетін.
Жер асты суларының жату тереңдігіне байланысты үш ауданды бөлуісмізге болады.
1 - судың жату тереңдігі 2-5 м аралығында;
2- судың жату тереңдігі 5-10 м арлығында;
3- судың жату тереңдігі 10 м артық.
Минерализация сы және химиялық құрамы бойынша жер асты сулары бөлінеді. Минералдық құрамы бойынша учаскенің аумағында екі бөлікке бөлінеді:
1. минералдылығы 1,0 гл дейін, негізінен құрамы гидрокарбонатты кальций-мсагний;
2. миенералдылығы 1-3 гл аралығында, құрамы сульфатты натрий-кальцийлік.
Жер бетіндегі қиыршықтас-малта тас қабатынан төмен жатқан шөгінділердің литологиялық құрылымы бойынша 5 учаскеге бөлінеді:
а - құмдақ;
б - жеңіл саздақ;
и - орташа саздақ;
г - ауыр саздақ және саздар;
д - құмдақтардың қабаттасып орналасуы.
Төменде белгіленген таксономикалық бірліктердің сипатамасы келтірілген.
Алакөл тау аралық ойпат провинциясы мезо-кайнозойда тұнған шөгінділерден тұратын тау аралық кең ойпат болып табылады. Мезо-кайнозойлық шөгінділердің қалыңдығы Тарбағатай тауы оңтүстік етегінен бірнегше ондаған метрден бастап өсе отырып ойпаттың орталық бөлігінде 200-450 метрге дейін жетеді. Ойпаттың аумағында арынды, сондай-ақ арынсыз жер асты сулары кездесетін артезиандық бассейн бар. Аумақтық су ұстаушы қабат ретінде саздан тұратын павлодар қабаты орналасқан.
А-1 облысы абсолютті белгілері 510-680 м құрайтын тау алдындағы еңіс жазықтан тұрады. Оның беті тегіс, бұйраттары аз, оңтүстікке қарай жалпы еңіс. Оңтүстік бөлігі (шығару конусының шеткі бөлігі) тегіс ойпаттармен әр жерінен бөлінген.
Жазықтық орта-жоғарытөрттік және қазіргі аллювиальды-пролювиальды қой тас және қиыршық-малта тас, саздақ, кей жерлерде құмдақ және үстінен қалыңдығы аз байланысқан топырақпен жабылған шөгінділерден құралған. Төрттік шөгінділердің қалыңдығы 30-40 м дейін жетеді.
Табиғи су сіңуі бойынша қарастырып отырған территория екі бөлікке бөлінеді. Табиғи су сіңу - А-11 және табиғи нашар су сіңу А-12. А-11 облысы массивтің солтүстік және орталық бөлігінде орналасқан. Мұнда жер асты сулары терең (5 метрден артық) және суды жақсы өткізетін ірі кесекті арасында орналасқан. Жер асты суларының минералдылығы төмен, бөлінген аумақтағы топырақ тұзданбаған. Сондықтан бұл жерді игеру кезінде арнайы мелиоративтік шаралардың жүргізілуін қажет етпейді.
А-12 облысы массивтің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ол нашар геологиялық-гидрогеологиялық жағдайлармен (жер асты суларының тұрақсыз терең емес деңгейде - 2,0-2,5 м жатуы, ішінде қиыршықтас, малта тасы бар ауыр саздақ қабаты, региондық су ұстаушы қабаттың жақын орналасуы) сипатталады. Суғару кезінде жер үстімен су ағып кеткенімен, жер асты бойынша ағып кетуі өте қиын.
Суғару кезінде кей учаскелерде (конустың оң жағы мен шеттері) жер асты суларының деңгейі қауіпті шамаға дейін көтерілуі мүмкін.
Құрылыс материалдары
Қарастырып отырған ауданда жергілікті құрылыс материалдарының қоры жеткілікті. Бұл жерде құрылысқа арналған тас, қиыршық тас, қиыршық тас пен құмның қоспалары, саздақтар қоры жеткілікті. Қарастырып отырған ауданда құрылыс материалдарының барлығына изденіс жұмыстары жүргізілген жоқ. Автомобиль жолдары мен көпірлер құрылысы үшін Казгидропроект инстиуты жеке іздестіру жұмыстарын жүргізген.
Бұл жұмыста осы инстиуттың барлаған жеке құрылыс материалдарының орындаы сипатталады.
Тастың кен орны.
Тастың кен орны Қарабұта ауылынан солтүстікке қарай 4,0 км жерде Қарабұта өзененің аңғарында орналасқан. Олар андезиттік порфит және құмтастан тұрады. Тастардың кен орнының тыңғылықты зерттеу жүргізілмеген. Көзбен қарағанда жартастық жыныстардың беріктігі жоғары, қоры шексіз. Кен орнына жақындап бару ыңғайлы.
Қиыршық тастың кенорны.
Қиыршық тастың кенорны Бақты кентінен 2,0 км қашық жерде бақыланған. Пайдалы қабаттың қалыңдығы 1,2-1,71 м. Ашатын қабатының қалыңдығы 0,2-0,3 м. Қиыршық тастың петрографиялық құрамы құмтас пен кремнийлік сланецтен тұрады. Кенорнының қоры 5850 м3 құрайды.
Құмның кен орны.
Құмның мол кенорны Емел өзенінің ағңарында Мақаншы кентінен оңтүстікке қарай 46 км қашықтықта бақыланған. Құм орташа түйіршікті, 5 мм фракцияның құрамы - 6%, тозаңдікі - - 1,4%, ірілік модулі -2,06. Табиғи жағдайдағы құм бетон араласпасын дайындауға жарамды. Қоры шексіз. Кен орныны таяп бару қанағаттанарлық, Қарабұта ауылына дейінгі қашықтық 126 км.
Суғару массивінде саздақтар кең таралған. Суармалы массивтің солтүстігінде (тау етегінің жоталары) олардың қалыңдығы 15 метрге жетеді және қоры шексіз.
Қорытынды
Административтік жағынан жобаланып отырған аумақ Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданының құрамына кіреді. Бұл жердегі ірі елді мекендер Қарабұта және Бұғыбай ауылдары болып табылады.
Аумақтың климаты жалпы алғанда күрт континентальды. Температураның жылдық және сондай-ақ тәуліктік өзгерісінің амплитудасы өте үлкен. Қысы суық және жазы құрғақшылық. Ауаның жылдық орташа температурасы +6,2оС, ең суық айдың (қаңтар) орташа температурасы -13,8оС , ал ең ыстық айдың орташа температурасы +23,1оС құрайды. Жылы периодтың ұзақтығы 233 күн. Жауын-шашынның жылдық орташа шамасы 262 мм. Қыстың соңындағы қар жамылғысының қалыңдығы 20-25 см құрайды. Желдің орташа жылдамдығы 2,2-3,5 мс. Жылына күшті желдердің (15 мс артық) күндерінің саны 30 күнге жетеді. Жыл бойында шығыс, батыс және оңтүстік батыстан соғатын желдің бағыттары басым болады.
Қарастырып отырған аумақтың гидрографиялық желісі кішігірім Қарбұта және Үшқатты өзендерінен тұрады.
Жобалық аумақ Тарбағатай тауының еңісті жазық баурайында, Қарабұта өзенінің шығару конусының шеткі аумағында орналасқан. Аңғардың аумағында ені 50 м дейін жететін өзеннің алқабы, кей жерлерде ені 300 м дейін жететін, алқаптан биіктігі 3 м дейін жететін кертпеші бар бірінші алқаптан жоғары терраса байқалады. Өзен аңғарының ені 100м-ден 300 м дейін өзгеріп тұрады.
Территорияның геологиялық құрылысында төменгі төрттік бөлімнің төрттік жүйесінің, тұтас орташа және жоғарғы бөлім мен қазіргі бөлімнің шөгінділері көптеп кездеседі.
Шығару конусы тұтас орташа-жоғарғы төрттік аллювиальды-пролювиальды шөгінділерден тұрады. Геологиялық құрылысы құмшауыт және сиректеу саздақ толтырғыштары бар қалыңдығы 20 м-де 50 м және оданда жоғары қиыршықтас және малтатастардан құралған. Барлық жерлерде оларды қалыңдығы 4 метрден 23 метрге дейін жететін сарғыш топырақты саздақтар жауып тұр. Астында төменгітөрттіктік саз бен саздақ қабаты орналасқан.
Қарабұта өзенінің аңғары қазіргі төрттік аллювиальды-пролювиальды шөгінділерден құралған және арасында қиыршықтас және малтатастар кездеседі. Олардың төбесін қалыңдығы 5-7 метрден аспайтын саздақ пен құмшауыт топырақ жауып тұр. Ал табан ретінде орташа және жоғарғы бөлімнің тұтас жыныстары орналасқан.
Геологи-гидрогеологиялық құрылысының, климаттық және гидрологиялық жағдайларының ерекшеліктері екі су ұстаушы горизонттың болуын қамтамасыз етеді.
1. Қазіргі аллювиальды-пролювиальды шөгінділердің су ұстаушы қабаттары. Бұл горизонт өзен аңғарының маңайында орналасқан және су ұстаушы қабат қиыршықтас пен малтатастан тұрады. Өзен аңғарының барлық ұзына бойында жер астында жер үсті суының ағысыман бағыттас тұтас еркін беті бар біртекті су ұстаушы горизонт бар. Эрозиялық жыралардың айналасындағы жер асты суларының тереңдігі 0,5-2,0 м ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz