Балуандардың техникалық тактикалық даярлау маңызы


МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Аталмыш дипломдық жұмыс жазылуы барысында бірқатар мемлекеттік құжаттар негізге алынды.
МББС (ГОСТ) 7. 32 - 2001. Ғылыми - зерттеу жұмысы туралы есеп. Рәсімдеу құрылымы мен ережелері. Жалпы талаптар мен диплом жұмысының ережелеріне қойылатын талаптар.
МББС (ГОСТ) 7. 1 - 2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен диплом жұмысының ережелеріне қойылатын талаптар. Құрастыруға қойылатын жалпы талаптар мен ережелер.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 27 шілде 2007 жылғы №319-Ш (01. 01. 2017 ж. Өзгерістермен және толықтырулармен) заңы.
АНЫҚТАМАЛАР
Қимыл-іс әрекеттері - адамның еңбек, тұрмыстық, ойынды және басқада мақсаттарда жүзеге асыратын көптеген қимыл қозғалыстарының жиынтығы.
Қимыл дағдысы - құрамды элементтері автоматты түрде орындалатын қимылдар жиынтығы.
Дене тәрбиесі - адамға тән қимыл әрекеттерімен тәрбиелеуді үйрету үдерісі.
Дене шынықтыру - адамның денелік дамуын жетілдіру ден саулығын нығайту, қимыл әректеттерін жетілдіру мақсатында жасалатын, қолданылатын рухани және материалдық құндылықтар.
Дене жаттығулары - дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға арналған және оның заңдылықтарына бағынатын қимыл әрекетінің түрлері.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы;
ТТҚ - Техника-тактикалық құрылым;
С. к . - Спорттық күрес;
т. б. - тағы да басқалары;
т. с. с. - тағы да сол сияқты;
«БЖСМ» - Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі
ТТҚ - тактикалық-техникалық құрылымдар
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестілігі. Дипломдық жұмыстың өзектілігі самбошылардың жаттықтыру әдістемелерін жетілдіру қажеттілігімен анықталады. Арнайы әдебиеттерде ұстасу кезіндегі балуандардың жанжалды қатынастарын ашып көрсететін және осы қатынастардың тактикалық - техникалық құрылымдар түрінде процессуалдық дамуын қарауға мүмкіндік беретін жаңа теориялық әзірлемелер пайда болды [1] . Жаттықтырушы жұмысының практикасы тәжірибені интуициялық беруден жетекші балуандардың тактикалық-техникалық жаңалықтары жаттықтырушының тактикалық білім мүмкіндігін толықтыратын балуандардың спорттық шеберлігін игерудің дамушы әдістеріне көшу туралы мәселені табанды түрде қойып отыр. Бұл жаңа тиімді тактикалық және техникалық әрекеттерді спорттық практикадын балуандарды үйрету мазмұнына көшіруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда жоғары мораль және адамгершілік ахуалын қалыптастыру проблемасы өсіп келе жатқан жасөспірімдер өмірінің өзге де салалары сияқты дене тәрбиесі және спорт аса үлкен маңызға ие.
Егеменді еліміздің олимпиадалық ойындарында қай спорт түрінен болмасын, үлкен жетістіктерге жетуінде жасөспірім спотшыларды дайындау мектебінің үлкен орын алатындығы белгілі, әйтсе де олардың дене дайындығы мен жаттығуларына арнаған ғылыми және тәжірибелік әдебиеттердің ойдағыдай толық емес екендігі абыржытады.
Еліміздің және алыс-жақын шетелдің мамандырының тәжірибелік ұсыныстар мен зерттеулерінде, палуандардың тәжірибелік ұсыныстармен зерттеулері мен жетістіктерге жетуіне бірден бір үлкен орын алатын негізгі мәселе, ол олардың технико-тактикалық және дене дайындықтарын жетілдіру екендігін басып көрсетеді.
Біздің бұл зерттеуіміздің маңыздылығы: Қазақстандағы өсіп келе жатқан жас палуандардың техникалық тактикалық дайындығын жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі әлі пайдаланылмаған қордағы жаңа мүмкіндіктерді іздестіру мен тығыз байланысты.
Сондай мүмкіндіктерді, біз алғашқы жылғы 16-17 жастағы жасөспірім самбошылардың бір жылғы технико-тактикалық меңгеру қабілетімен және айналысу мерзімінде олардың дене дайындықтарына әсер ету жиілігін зерттеу жұмысы жүргізілді.
Халқымыздың жан тәнімен құмарта шұғылданатын, ата-бабамыздан қалған, ұрпақтан - ұрпаққа мұра етіліп келе жатқан спорт түрі - бұл күрес.
Педагогикалық процесс тиімділігі үшін жаттықтырушыда сол процестің ақырғы нәтижелері туралы нақты түсінік болуы қажет. Оқу-педагогикалық процесті жүргізудің мақсатты бағытталуы жаттықтырушының жекпе-жек кезіндегі жанжалды өзара әрекеттерді үлгілеуге мүмкіндік беретін, балуандарды техникалық-тактикалық даярлаудың ғылыми негізделген әдістемесімен құралдандыру міндетін қояды.
Субъект-объект аралық даулы қатынастардың әдістемелік позициясына негізделген күресу үлгісін жасау [2] әртүрлі стратегиялардағы балуандардың өзара даулы әрекетін анықтауға және ең бастысы, жекпе-жектегі жанжалды шешудің процессуалдық үлгісін құруға және спорттық күреске тән негізгі тактикалық-техникалық құрылымды қарастыруға мүмкіндік береді.
Педагогикалық процесстің тиімділігі үшін жаттықтырушының процесс барысынан және соңғы нәтиженің қорытындысы жөнінде нақты байламы болуы тиіс. Оқу-педагогикалық процессті жүзеге асырудағы мақсаттылық жаттықтырушыға жекпе-жек барысында текетірестік іс-қимылды қалыптастыруға мүмкіндік беретін палуандардың техника-тактикалық дайындығының ғылыми негізделген әдістемесін меңгеруді міндеттейді. Белдесу барысында іс-қимылдың текетірестік жағдайында балуандардың мінезін айқындау күрестің бірнеше түрлері бойынша жүргізіледі. Текетірестік іс-қимылды құрылымдар бойынша В. Л. Деменов пен О. Б. Малков [3], техника-тактикалық дайындықтың әдістемесі бойынша В. М. Игуменов, В. В. Березняк, О. Б. Малков, В. Л. Деменов [4] бұл аталған авторлар текетірестік әдіс палуанның мінезін қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге ең маңыздысы жаттығу барысында техникалық іс-әрекеттің көмегімен тактикалық тұрғыда жұмыс жасауға үйрететінің атап көрсетеді. Бірақ та, күрестің әр түрі текетірестік белдесуде тек қана жалпы заңдылықтарға сүйеніп қана қоймайды, сонымен қатар жарыс ережесімен анықталған өзіндік спецификалық ерекшеліктері болады.
Зерттеудің нысаны - самбошылардың оқу жаттығатын процесі.
Зерттеудің пәні - қазіргі таңда самбошылардың техника-тактикалық дайындықтың әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты. Самбошыларды бастапқы техникалық-тактикалық даярлау проблемалары және спорттық мектептерге қатысты проблемалар бойынша арнайы әдебиеттерді талдау зерттеудің міндеттерін, зерттеу тәсілдерін және ұйымдастыру процедурасын нақтылауға мүмкіндік берді.
Зерттеудің міндеттері:
1 Қазіргі кезеңде күресшілердің техникалық-тактикалық дайындықтың ғылыми теориялық алғы шарттарын анықтау.
2 Самбо күресіне тән негізгі тактикалық-техникалық құрылымдарды анықтау.
3 Спорттық жекпе-жектің вариативті даулы жағдайларға тән үлгілеуге негізделген самбошыларды техникалық-тактикалық даярлау әдістемесін әзірлеу.
4 Самбошыларды техникалық-тактикалық даярлаудың әзірленген әдістемесінің дәстүрлімен салыстырғанда тиімділігін тәжірибелік анықтау.
Зерттеудің тәжірибелік және теориялық маңыздылығы - жұмыстың нәтижелері «спорттық күрес секцияларында», «балалар жасөспірім спорт мектептерінде (БЖСМ) » және дене тәрбиесі мен спорт мамандығына арналған «дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі» курсында қосымша теориялық материал ретінде қолдануға болады, алынған нәтижелері балалар мен жасөспірім спорт мектептері мұғалімдерінің, мектептегі дене тәрбиесі мұғалімдерінің және жоғары оқу орындары (ЖОО) оқытушыларының, сонымен қатар дене тәрбиесі және спорт мамандығының студенттерінің практикасында қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыстың құрылымы ғылыми негізі мен міндеттеріне сай келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебие ттер тізімінен тұрады, көлемі дипломға қойылатын талапқа сай келеді.
1 ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ КҮРЕСШІЛЕРДІҢ ТЕХНИКА-ТАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
- Спорттық күрестегі техника мен тактика
Қазіргі заманғы спорт жарыстарында жеңіске жету спорттық қызметтің ақырғы нәтижесіне ықпал ететін көптеген деректерге байланысты. Спорттық күресте жеңіске жетудің шешуші факторларының бірі спортшының техникалық және тактикалық шеберлігі болып табылады [5, 6] .
Жетекші мамандар мен жаттықтырушылар техникалық-тактикалық шеберлік аса көп шамада жоғарғы нәтижелерге жетуге ықпал етеді деп санайды [7] .
Бұл ереже санақтық зерттеулермен дәлелденген, онда авторлар техникалық-тактикалық әрекеттерді орындау арқылы қарсыласынан артықшылыққа жету есебінен жеңген жеңістер үлесі 80%-ға жуық деп көрсетеді. Сөйтіп, жоғарыда мәлімденгендер техникалық-тактикалық даярлауды спорттық күрестегі балуандардың негізгі буыны ретінде бөліп көрсетеді [8, 9] .
Спорттық күрес арсеналы өте көлемді және ол әрдайым жаңа техникалық-тактикалық әрекеттермен көтеріліп отырады. Күрестің техникалық және тактикалық мұндай тоқтаусыз дамуы, бір жағынан өте күрделі спорттық бәсекелестікпен және осының салдарынан жаттықтырушылар мен спортшылардың жеңіске деген жаңа жолдарды іздеуімен, ал екінші жағынан жастар тәртібіндегі өзгерістермен түсіндіріледі [10, 11] . Күрес жөніндегі мамандар мен жаттықтырушылар техника мен тактиканы бөлінбес байланыс ретінде қарайды және осының негізінде техникалық-тактикалық әрекет туралы айтады [12] .
Зерттеу проблемаларын жеке-дара қарар алдында «үйрену ғылымилығы терминдерді дәл қолдануды талап етеді» деген сияқты жұмыста одан әрі қолданылатын негізгі терминдерді белгілеу қажет. Дегенмен, қазіргі уақытта спорттық күрес теориясы мен практикасында жалпы танылған терминдер мен түсініктердің дәл жүйесі жоқ екенін атап көрсету қажет.
Әдетте, мамандар өз монографияларында мағынасы жағынан бір-бірінен ерекшеленбейтін, бірақ негізінен ерекшеліктер мен толықтырулар болатын терминдер мен түсініктерді анықтау кезінде өз тұжырымдарын қолданады. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы техника деп, әдетте, қозғалмалы міндет мақсатты және тиімді шешілетін әрекет көмегімен оны орындау тәсілі түсіндіріледі [13] .
Техниканы беомеханика тұрғысынан әр тараптан: әрекет ретінде, қозғалыс сапасының сипаттамасы, қозғалыс туралы мәлімет ретінде қарастырады [14] .
Техниканы жарыс әрекетін суреттеуді жарыс әрекетінің үлгісі және біреу шынайы қолданылған нақты әрекет тәсілі ретінде қарастырады [15] .
Балуандардың ұстасу мақсаты жарыстың қолданыстағы тәртіптерін қолдану негізінде шабуылдау әрекеттерін және қарсыластың осындай әрекеттерінен қорғануды қолдана отырып, бір-бірімен тікелей күресте қарсыласты жеңуімен қорытындыланады. Сөйтіп, «спорттық жекпе-жек шарттылығының шынайы күрестен ерекшелігі жарыс тәртіптерімен реттеледі, бұл белгілі бір кеңістік жағдайы сияқты спортшылар арасындағы өзара әрекет нәтижелерін қарастыруға мүмкіндік береді . . . Спортшының бір жағдайдан екінші жағдайға көшуі техникалық-тактикалық әрекеттер арқылы жүргізіледі».
Балуандарды техникалық-тактикалық даярлауда мынадай анықтамалар қолданылады. «Жеңіске жету үшін қолданылатын тиімді, рұқсат етілген ережелер жиынтығы күрес техникасы деп аталады . . . Күрес әдісі - қарсыластың кілемге қатысты жағдайын өзгертуге бағытталған балуанның жекелеген ақырғы әрекеті» [16], ал «техника тараулары - бұл олардың тұрып немесе партер жағдайында орындау ерекшеліктеріне байланысты техникалық әрекеттер жиынтығы».
«Тактика - ұстасуда тұтастай алғанда жарыста жеңіске жету мақсатында жағдай ерекшеліктерін ескере отырып, техникалық, физикалық және ерік мүмкіндіктерін шебер пайдалана білу. Спорттық күресте тактикаға үйрету спортшыны тактикалық әрекеттерді дұрыс таңдай білу, онда күрес мақсатына жету жолдары мен құралдарын дұрыс анықтай білу, тактикалық әрекеттерді орындау дағдыларын қалыптастыру мақсатын ұстанады».
Жоғарыда келтірілген сәттердің аса елеулісі спорттық күрестегі техникалық әрекеттің негізгі мақсаты қарсылас жағдайын кілемге қатысты өзгерту болып табылады. Ал егер техникалық әрекеттерді орындау тактикасы туралы айтар болсақ, онда негіз балуандардың ұстасу барысындағы өзара әрекет кезінде туындайтын әдістер мен жағдайлардың өзара байланыстылығымен қорытындыланады. Іс жүзінде спорттық күресте өз араларында әр түрлі вариацияларды шырмалатын өте көп техникалық және тактикалық әрекеттер қолданылады. Осының негізінде ұстасудағы қозғалыс әрекеттерінің негізгі белгісі ұдайы өзгеріп отыратын жағдайларда балуанның тағайындау немесе қорғаныс жағдайында оларды қолдануы болып табылады.
Балуанның негізгі техникалық әрекеттеріне: әдістер, қорғаныс, қарсы әдіс және амал жатады [17] . Біз айтып өткендей, әдіс деп балуанның қарсыластың кілемге қатысты жағдайын өзгертуге бағытталған жекелеген ақырғы әрекеті, ал қарсы әдіс деп - қарсыластың жауапты әдісі орындауға кедергі келтіретін әрекет түсіндіріледі [18] . «Амал - әдістерден және қарсы әдістерден тұратын балуанның күрделі техникалық-тактикалық әрекеті, онда қорғаныс немесе қарсы әдіс алғашқы әдістен кейінгі келесі әдісті немесе қарсы әдісті орындау үшін қолайлы жағдай жасайды». Қазіргі уақытта әдістер амалдары [19] терминінің орнына күрделі техникалық-тактикалық әрекет [20] немесе техникалық-тактикалық кешен [21] термині жиі қолданылады.
Жаңа бағдарламалық материалды немесе техникалық-тактикалық даярлық әдістерін жасау кезінде, біздің пікірімізше, мыналарға; біріншіден, балуандардың жарыс әрекетіне, яғни, спортшылар белсенді де тиімді қолданатын техникалық және тактикалық әрекеттер көлеміне, ал екіншіден осы мәселе жөніндегі жаттықтырушылар мен мамандар пікіріне сүйену керек. Жарыс әрекетінің оқу-жаттығу процессіне қатысының алғашқылығы туралы ереже В. А. Демин [22] ұсынды және А. А. Новиков пен Р. А. Пилоян [23] дамытты. Балуандардың арсеналындағы техникалық-тактикалық әрекеттердің рөлі мен маңызын анықтау үшін спортшылардың жарыс әрекеттерін зерттеу қажеттілігі жарыс спорттың шарықтауы болып табыла отырып, балуандырдың жеке ерекшеліктерін зерттеуге, оқу-жаттығу процессінде қолданылатын техникалық-тактикалық әрекеттердің күрделілігін және маңыздылығын бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін басты критерий ретінде беріледі [24] . Сондықтан да балуандарды техникалық-тактикалық даярлау мазмұнын анықтау кезінде спорттық күрес жөніндегі мамандар [25] жарыс әрекеті мен анықталатын мазмұн арасында байланыс орнату қажеттілігін атап көрсетеді. Бұл байланыс жарыс жекпе-жектерінде техникалық-тактикалық әрекеттерді қолдануды және нәтижелілігінің оқу бағдарламаларындағы есеп талаптарында көрсетілген [26] .
Спорттық күрес тәжірибесі жетістікке жету үшін бүгінде күрес әдістерін жақсы білу және өз арсеналында олардың көп болуы жеткіліксіз. Ең бірінші, бұл әдістерді шабуыл кезінде де, қорғаныста да үйлестіре, яғни, оларды тактикалық әрекеттермен байланыстыра білу керек [27] . «Тактикалық-техникалық күрделі әрекеттерді орындауға тырысу, бірнеше әдістен шабуыл жасау көзге көрініп тұр. Бұл бір тәсілмен шабуылдау екі және одан да көп тәсілден тұратын амалдарға орын беріп, уақыты өткенін растайды» [28] . Техника мен тактиканың дамуындағы осы тенденция күрестегі бір тәсілді қолдану оны дайындау және жүргізу уақытты талап ететіндіктен, әрқашан да тиімді бола бермейтінімен, сонымен бірге шабуылдаушы спортшының пиғылын білу қиын еместігімен түсіндіріледі.
Сараптамалық бағалау әдістерін, тактикалық-техникалық әрекеттердің өсиеттік жазбаларын, бейне және кинотүсірілімдерді қолдана отырып, авторлар еркін күрестен ел чемпионатын талдады. Қазақстан балуандарының Еуропа, Азия, Әлем кубоктарында және олимпиадалық ойындарды жоғарғы дәрежелерге жету үшін балалар мен жасөспірімдерді дайындау, жаттықтыру жүйесін қайта жасауға тура келеді. А. А. Хмелевтің ойынша жаттығудың алғашқы және екінші жиында күрестің тұрып жасалатын тәсілдердің 45 түрін және жатып жасалатын тәсілдердің де осынша түріне үйрету техникалық әрекеттердің тек беткі жағын үйретуге әкеп соқтырады.
Одан қалса аяқтан ұстап тастау тәсілдерді үйрететін болса, онда жас балуандар осы тәсілдерді көбірек қолданады да, ал құшақтап лақтыру, артынан және алдынан шалу сияқты тәсілдер дамымай қала береді мұндай дайындықтар күрестің дәстүрін, стилін бұзып тұратын, күрес үстінде спортшының төмен қарап жүруіне барлық уақытта шықса да шықпаса да аяққа жабыса беруіне әкеліп соқтырады. Сол үшш спотршының қиын қимыл қозғалыстарды үйлестіруіне, қорғанықа қарсыласының бұрылу кезінде жасалатын тәсілдеріне, қимыл мен, аяқпен, бөксемен, көбінесе құлай жатып жасалатын тәсілдерге көбірек көңіл бөлген жөн.
Сол кезде алғышқы орындар санындағы басымдық айлалы стилдегі балуандарға тән екенін анықтады, «қарқындыларда» бұл көрсеткіш екі есе аз, ал күшке салу стиліндегі спортшылар арасында турнир жеңімпаздары жоқ; 1-ден 6-шы орындарды айлалы стильдегі балуандар жиі алады, оларда орындардың сомасы ерекше жақсы. Сонымен бір уақытта, Р. А. Пилоян, В. Т. Джапаралиев [29] жүргізген талдау техникалық-тактикалық даярлыққа уақыттың 84%-н бөлгенін анықтады.
1. 2 Спорттық күрестегі техникалық-тактикалық даярлық құралдары мен әдістері
Спортық күрес тактикасына жарыстарға қатысу тактикасы, ұстасу жүргізу тактикасы және техникалық әрекеттер жүргізу тактикасы жатады [29], техникалық даярлыққа техникалық әрекеттерді зерттеу және оларды жетілдіру кіреді, техника мен тактиканың интегралдық факторы техникалық әрекеттерді орындау тактикасы болып табылады. Сондықтан да біз балуанды техникалық-тактикалық даярлаудың негізгі сәттеріне осы тарауды арнаймыз. Балуандарды техникалық-тактикалық даярлау дидақтикалық қағидаларға: санаға, белсенділікке, көрнекілікке, жүйелілікке, қол жетерлікке және ашықтыққа сәйкес жүргізіледі. Сонымен бірге спорт физиологиясында да, теориясында да дағдыларға үйрету жөніндегі зерттеулер стандартты жағдайларда жүргізілгендіктен дәл осындай жағдайлардағы қозғалыс дағдыларын қалыптастыру әдістері жалпы танылған болып табылады. Бұл зерттеулер шартты рефлекторлы теорияға негізделеді, осыдан шыға отырып, оқылатын әрекетті көп мәрте қайталай отырып, қозғалыс дағдысы қалыптасады [30] . Сонымен бірге, спорттық күрестегі техниканы үйренудің негізгі күрделілігі дағды құрылымы қарсыластың белсенді қарсыласуынан вариативтіліктің жоғары дәрежесінен туындайды. Сондықтан да техникалық-тактикалық даярлық мазмұны мен әдістерін анықтауда әртүрлі тәсілдер болады.
Кең таралған тәсілдердің бірі Н. М. Галковский ұсынған техникалық әрекеттерді орындау қағидаларын таңдауға негізделген тәсіл болып табылады. Автор қарапайым және күрделі техникалық-тактикалық әрекеттерді жетілдіруді қарастыра отырып, негізгі көңілді шабуылдаушы әрекеттер рөліне аударды.
Балуандар меңгеретін ең қарапайым құрылым даярлық күш әрекетінен және шабуылдаушы әдістің техникалық құрылымынан тұрады. Құрылымдық топтардың әрі қарай күрделенуі шабуылдаушының белгілі бір әрекетіне жауап ретінде туындайтын қарсыластың реакциясын балуан пайдаланған жағдайларда болады. Шабуылдаушы балуан сөйтіп шабуылдаушы спортшы үшін қолайлы ырғақты ахуал жасайды. Қолайлы жағдайлар жасаудың негізгі қағидасы осымен қорытындыланады, ол үшін балуан айла, жалған қозғалыс, амалдар пайдаланады. Сөйтіп, шабуылдаушы балуанның техникалық қозғалысы ұдайы күрделеніп отыруы тиіс. Сонымен бірге, спорты күрделі қозғалыстың биомеханикалық өлшемдерінің өзгеруін, өзінің де, қарсыластың да әсер ету мен шешімдер қабылдау сәттерін ескеру қажет. Н. М. Галковский қарысластың күрделі сезінуінің шабуылдаушы әрекетін жасау кезінде пайдалану артықшылығын айта отырып, «күрделі шабуылдаушы әрекеттің екінші қозғалысы қарсылас реакциясының моторлы бөлігінің шабуылдаушы қозғалысының бірінші бөлігімен (шабуылдың екінші бөлігінің бағытымен сәйкес келетін), не болмаса, күрделі шабуылдаушы әрекеттің екінші бөлігіне реакцияның латентті мерзімімен (шабуылдаушы денесінің шешуші әрекет орындау үшін ыңғайлы жағдайы) сәйкес келетінін» атап көрсетті. Сонымен, балуандарды техникалық-тактикалық даярлауды жетілдіру кезінде мынадай маңызды сәттерді: 1) балуан бір қозғалысты орындаудан бірнеше қозғалыстар арасында байланыс орнатуға, жалған қозғалыстан шешуші қозғалысқа ауысу сәтін орнатуға көшу кезінде қозғалыс дағдысы құрылымын өзгертуді.
2) амалдардан бастапқы фазасында әр түрлі даярлықтарды қолдана білуді (қимылдатпай тасту, айла жасау, көнілін басқа жаққа аудару) [31] .
3) шабуылды бастау жағдайын атап көрсете білуді [32] бөліп айтуға болады.
Тактикалық-техникалық міндеттерді күрделендіру арқылы шабуылдаушы техникалық-тактикалық әрекеттерді жетілдіруді Р. А. Пилоян ұсынды. Автор ұсынып отырған тәсілді оң ұрығы - тактикалық-техникалық әрекеттерді құрылымдауды атап көрсету керек. Екінші бір тәсіл әрбір балуанда өзіндік кешен - «өзіне тән» деп аталатын әдістерді қалыптастыруда техникалық-тактикалық даярлықты жүргізуді ұсынады. Мұндай кешенге, біріншіден, ұстап алу, іліп алу, айла жасау сияқты даярлық әрекеттерді; екіншіден, олардың тұратын сүйікті әдістер мен амалдар; үшіншіден, басқа әдістермен байланыстыра отырып, өзіне тән әдістер кіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz