ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ БЕСАРЫҚ АУЫЛЫН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОБАСЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы
АЙТУАР А. Ж.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ БЕСАРЫҚ АУЫЛЫН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОБАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
5В080500 - Cу ресурстары және суды пайдалану мамандығы
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ауыл шаруашылығы
минисТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультеті
«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы:
Орындаған
(аты-жөні)
20___ ж. «___» қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жетекші
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
Норма бақылау
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы
(қолы) (аты-жөні)
Алматы 2018
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультеті
«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы
5В080500 - «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы
Дипломдық жобаны (жұмысты) орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент
(аты-жөні)
Жұмыс (жоба) тақырыбы
Университет бойынша 20___ж «» № бұйрығымен бекітілген
Дайын жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі 20___ж «»
Жобаның (жұмыстың) бастапқы деректері
Дипломдық жобаны (жұмысты) өңдеуге арналған мәселелер тізімі
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
Жобаның (жұмыстың) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жоба жетекшісі
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
(қолы) (аты-жөні)
Дипломдық жобаны (жұмысты) орындау
ГРАФИГІ
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жоба жетекшісі
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
(қолы) (аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазіргі өркениеттің жылдам дамып келе жатқан шағында кез-келген мемлекеттің ойлайтыны келешек ұрпақтың саулығы, барлық жағдайы жасалған экологиялық таза қоғамда өмір сүруі. Ал сондай қоғамда өмір сүріп, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ең алдымен кез-келген тұтынушыға қажетті мөлшерде таза да сапалы ауыз су қажет. Үй-жай тұрмыстық шаруашылығы күрделі қазіргі таңда қалаларда су көп мөлшерде тұрғындарының мұқтаждары мен жасыл желектерді суарып баптау және де басқа мақсаттар үшін қолданылады.
Өнеркәсіп орындарында суды өте көп мөлшерде пайдаланылады. Судың сапасы мен оның дұрыс жеткізілуі өндіріс өнімдерінің сапасы мен құнына едәуір әсер етеді.
Елбасымыздың 2020 жылға дейін ауылдық елді мекендердің 90% таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін алға қойып отыр. Мұндағы басты мақсат ауылдың мәдениетін, тұрмысын, шаруашылығын дамыту. Елді мекендердің қаладан кемшілігі, қазіргі заманға сай жарақталған үйлердің болмауы, медициналық қызмет көрсетудің төмендігі және де ең қиыны кейбір елді мекендерде ауыз судың сырттан тасымалданатындығы. Шешімін таппай жатқан осы мәселелер, айналып келгенде жақсы жарақталған, білімді, қазіргі заман талабына сай сапалы, әрі арзан да тиімді жобалар жасай білетін мамандарды қажет етеді.
Биологиялық өмірде су - зат алмасу мен ағзалардың дамуын қамтамасыз ететін бірден-бір негізгі орта болып табылады. Мысалы, су өсімдіктерге топырақтан қоректік заттар жеткізеді, температурасын реттеп тұрады. Өсімдіктер өздерінің биологиялық тіршілігінде топырақ арқылы бойларына өте көп мөлшерде су сіңіреді. Жергілікті тұрғындарды кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету, судың ағын күшін пайдалану су көлігін дамыту, жерді суару және де басқа маңызды мәселелерді шешу әрқандай өлке аумақтардың су қорларын пайдаланумен тығыз байланысты.
Дипломдық жобаның мақсаты: елді мекендегі тұрғындар санын, қоғамдық нысандар, өрт сөндіру мәселесі, өнеркәсіп және суғару нысандарын ескере отырып, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу.
Шешілетін міндеттер: табиғи климаттық жағдайлары, нысанның орналасуы; су тұтынушылар құрамы және саны; есептік су шығындары; қамтамасыз етуші табиғи су көзін таңдау; сумен жабдықтау жүйесін және схемасын жасау; суды залалсыздандыру әдістерін жасау; тұтынушылардың су пайдалану шығындарын есептеу; құрылыс монтаж жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы; нысан құрылысының құнын анықтау; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы; қоршаған ортаны қорғау және т. б.
Дипломдық жобада Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы аумағында орналасқан Бесарық елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған.
1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1. 1 Табиғи-климаттық жағдайы
Нысанның орналасқан жері. Жобада қарастырылып отырған Бесарық ауылы аудан орталығы Жаңақорған кентінен 47 шақырым, облыс орталығы Қызылорда қаласынан темір жол бойымен есептегенде 185 шақырым, ал автомобиль жолымен есептегенде 201 шақырым қашықтықта орналасқан. Іргесі 1930 жылдары қаланып, алғашында колхоз орталығы, кейіннен «Талап» совхозының орталығы болды. Ауылдың алып тұрған жер аумағы 361 га құрайды. Ауылда 2700 адам тұрады. Мектеп, аурухана, балалар бақшасы, машина, трактор және басқа механизмдер тұратын тұрақ, монша, мешіт т. б. қоғамдық нысандар бар [1] .
Жер бедері ауылдың солтүстік шығыс жағында 7 шақырымнан ары Қаратау жоталары орналасқан. Тау бөктерінен Бесарық өзені ағып шығады. Ондағы жылдық орташа су өтімі 5, 4 м 3 /с құрайды және толығымен егістік мақсатқа пайдаланылады. Бесарық өзені көктемдегі еріген қар суымен және өте сирек жауатын жаңбыр суымен қоректенеді. Су тұздылығы аз болғанымен ауыз суға пайдалануға жетпейді (1. 1 - сурет) .
Сурет 1. 1 Бесарық ауылының топографиялық картасы
Климаты. Аумақтың орналасқан жері Еуразия континентінің дәл ортасында болғандықтан, бұл жерде континентті климат қалыптасқан, яғни қысы өте суық, ал жазы тым ыстық болады. Қыс көбіне желді, аязда ауа қысымы 25-30
-қа төмендеп, кейде 40
С -қа дейін барады. Қыс кезінде әлсін-әлсін ауа райы жылып, кейде оң температураға ауысып отырады Сібір және Арктиканың салқын желінің де соғып өтетін, сондай-ақ аяз 25 градусқа дейін барады. Бірақ, ұзаққа созылмайды, артынша температураны 10 градусқа дейін жылытып жіберетін Орталық Азияның антициклоны келіп орнығады. Көктем наурызда келеді. Дала жұмыстары суландыру жүйелерін дайындаумен және екпе дақылдарды суғарумен қатар ұштастырылып атқарылады. Бұл жылдық жауынның аздығына (120-130 миллиметрден аспайды) және буланудың тым күштілігіне (булану жауын шашын ылғалынан 12 есе асып түседі) байланысты.
Арал теңізінің тартылуына және экологиялық ортаның нашарлауына байланысты соңғы жылдары қышқыл жаңбыр жауатын болды. Жауын өткеннен кейін ауыл-шаруашылық дақылдары, әсіресе, бақшалық өскіндер солып қалады. Ауаның жылдық орташа ылғылдылығы өте төмен, 52-62 пайыз аралығында ауытқып, өзгеріске ұшырап тұрады. Өсімдіктердің өсу дәуірінде ылғалдың 32%, ал тәуліктің жекелеген сағаттарында 4-7 пайызға дейін төмендеуі байқалады. Көктемде осы өлкеде Арктиканың суық ауасы жиілейді, ол бауды, бақшалықты, жалпы ауыл шаруашылығы өндірісін зиянға ұшыратады. Көктемге қарай жел-құз, тіпті шаңды боран басталады [2] .
Жаз мамырда басталып, құрғақ әрі ыстық болады, қыркүйек-қазан айларында аяқталады. Маусымдағы орташа ауа температурасы +29, +35 градусқа дейін көтеріледі. Маусымның аяғына қарай шағын суаттар құрғап қалады.
Жауын-шашынның аз болуы бұл аймақтағы кең алқаптарды жайқалтып өсіруге, мол азықтық қорын молайтуды қиындатады. Егіншілік қолдан суару (оазис) арқылы ғана дамуда. Қаратау бөктері өңірінің топырақ-өсімдік әлемі шөл мен шөлейтті аймаққа тән және аратұра қара топырақ та кездеседі.
Инжинерлік гидрогеологиялық жағдайлар. Сыр өңірі Жаңақорған ауданындағы Қаратау бөктері бөлігінің жерінің бедері көбіне төбе-төбе болып келеді. Жазық жерлер мен төбешік сілемдер алмасып отырады. Жер беті деңгейінің абсолюттік белгісі Қаратау сілемдерінде 1500 м абс көрсетсе, Бесарық ауылының оңтүстігінде 305 м абс дейін төмендейді. Жалпы планетарлық климаттық өзгерістер бұл өңірге де өз әсерін тигізуде. 10 жылдықтың бір-екеуінде таудан ағатын судың мөлшері өте азайып, таудан ағатын судың егістікке жетпей қалу фактылары көптеп кездесуде.
Жалпы Арал теңізі деңгейін одан әрі төмендетуі бұл аймаққа да өз әсерін тигізуде. Егісті жерлер тұзданып, алынатын өнім мөлшері кеміді. Облыс жерінде жер қыртысы тұздануда, теңіз биологиялық өзгеріске ұшырауда.
Геологиялық құрылымы жағынан облыстың негізгі бөлігі ғылыми әдебиеттерде Сырдария ойпаты мен аса зор сопақша шұңқыр сияқты болып келеді. Осынау ойпат бірнеше жылдар бойына Сырдария арнасы мен оның айнала таулы қыраттардан қосылатын тармақтары арқылы ағып келетін қатты шөгінділермен толыққан.
Өлкеде аккумулятивті біртегіс, жұмсақ қабатты жазық жерлер мен Тұранның шоқырлары, сондай-ақ жаңадан пайда болған төбешіктер мен сілемі бұрыннан сақталып қалған үстірттер кездеседі. Жобадағы аймақта жер бетінен 150 метр тереңдікте жер асты сулары бар. Шаруашылық-тұрмыстық ауыз суға өзен суын тазартпай-ақ, әрі тиімді, әрі арзан жер асты суын таңдаған қолайлы. Өйткені өзен суымен салыстырғанда, жер асты суы әлдеқайда таза болады, және қарастырылып отырған жобада жер асты суы аса тереңде емес. Бұл таңдауымыз өзен суын тазартып алатын тазарту станцияларына кететін шығынды жояды [3] .
1. 2 Су тұтынушылар құрамы және саны
Сумен жабдықтау жүйелерін жобалағанда су мекен жайдың қандай қажеттеріне және оны қандай көлемде және қандай сапада тұтынатынын анықтап алған жөн. Ол үшін суды тұтынушылардың түрлерін толық қамтып, олардың судың көлеміне және сапасына қоятын талаптарын анықтау керек.
Су, әрине әртүрлі қажеттіктерге жұмсалады, бірақ соның бәрін қамти келе оны төрт топқа жіктеуге болады:
- Тұрғындардың шаруашылық- ауыз су қажеттеріне жұмсалатын су шығыны;
- Жасыл алқаптар мен көшелерді жуып себуге кететін су шығыны;
- Өндіріс, шаруашылық мұқтаждарына қажетті су шығыны;
- Өрт сөндіруге кететін су шығыны.
Халықтың ауыз су қажеттілігіне, шаруашылығына жұмсалатын су таза және мөлдір болуы тиіс. Оның құрамында жұқпалы аурулар тудыратын бактериялар, зиянды заттар және дәмі мен иісі жағымсыз болмауы тиіс. Жоба бойынша мемлекеттік маңызы бар объектілер темір жолдың сол жақ бетінде. Оның ішінде 1 мектеп, балабақша, аурухана, қонақ үй, монша және әкімшілік ғимараты бар. Негізгі жобадағы аймақта халық саны 2700, оның ішінде оқушы саны 670, негізінен жоғарыдағы объектілер суды көп пайдаланатын тұтынушылар болып табылады. Ірі қара мал фермасы мен Жөндеу шеберханасы бар [2] .
Есепті тәуліктік шығындар. Әдетте, тұрғындардың ауыз су шаруашылығына жұмсалатын су шығынының көлемі тұрғындарының санына байланысты. Сондықтан, тәуліктік су шығынын анықтау үшін бір адамға бір тәулікте кететін су мөлшерін білсе жеткілікті. Бұл су мөлшері мекен-жайдың ауа-райына және үй құрылысының санитарлық жабдықталу дәрежесіне байланысты болады. Ыстық аймақтарда және санитарлық жабдықталу дәрежесі жоғары үйлерде су шығынының мөлшері көбірек болады.
Тәуліктік су мөлшерін жобаланып жатқан мекенжайға (қалаға, елді мекенге, өнеркәсіпке) ауа-райы мен өнеркәсібінің өсу дәрежесі ұқсас болған сумен жабдықтау жүйелері бар қалалардың су тұтыну тәжірбиесінен алынған мәліметтер құрылыс қағидаларында жинақталып берілген. Көрсетілген су тұтыну мөлшеріне тұрғындардың шаруашылық ауыз су және үй-жай тұрмыстың мұқтаждарына кететін су шығындары енген. Демалыс орындары, аурухана және санаториялар үшін су мөлшері қосымша қабылданады [3] .
«Бесарық» ауылдық окургінің ресми мәліметтері бойынша, қарастырып отырған ауылдың тұрғын халқы 2700 адам, 25 адамдық монша, 40 орындық балабақша, 670 орындық мектеп, 15 адамдық қонақ үй, 20 адамға арналған ауылдық әкімшілік ғимараты, сондай-ақ ауылда 5000 сиыр, 1600 жылқы, 15000 қой, ешкі, 16000 тауық, бір машина-трактор тұрағы-шеберханасы бар.
Сонымен, орташа тәуліктік шаруашылық - ауыз су шығыны тұрғындардың санына және су тұтыну мөлшеріне байланысты мынадай формула бойынша анықталады:

мұнда:
-қала тұрғындарының саны;
- бір адамға мөлшерленген тәуліктік су шығыны, л/тәул.
Жыл бойы тәуліктік шығын өзгеріп тұратындықтан, жобалағанда ең жоғарғы және ең төменгі тәуліктік шығындарды да білген жөн. Оларды былай анықтаймыз:
мұнда: K жоғ. тәул -1, 1 . . . 1, 3, ал K төм. тәул -0, 7 . . . 0, 9 [8]
Бұлар максимал және минимал су тұтынудың біркелкі емес коэффициенттері. Олар тұрғындардың тұрмыс ерекшіліктеріне, өнеркәсіптердің тұрмыс кестесіне, үйлердің жабдықталу дәрежесіне және су тұтынудың мезгілмен апталап өзгеріп тұруына байланысты (1. 1 - кесте) .
Есепті сағаттық шығындар. Басқа инженерлік құрылыстар белгілі, нақты және аз өзгеретін ауырлықтарға есептелетін болса, сумен жабдықтау жүйелерінің ғимараттары адамдардың тұрмысы мен жұмыс істеу режимі қалай өзгеретін болса, соған қарай өзгеріп тұратын, алдын ала белгісіз су көлеміне есептелуі тиіс. Сондықтан, қабылданған судың шығындалу кестесі су құбырларын, сыйымдылықтарды және басқа қондырғыларды есептеуде негіз бола отырып, олардың құрылыстағы құнына және қызметтегі шығындарына үлкен әсер етеді [2] .
Кесте 1. 1
Ауылдағы тұтынушылардың тәуліктік су пайдалануын есептеу
Сутұтыну мөлшері, q
л/тәу
Орт. тәул шығын
л/тәу
Q max тәу
м 3 /тәу
Q min. тәул
м 3 /тәу
Балабақша
12
Кейбір тұтынушылар үшін судың шығындалу кестесін анықтау қиын емес. Мәселен, өнеркәсіп орындарында ол өндіріс бұйымдарының технологиялық шығару процестеріне тәуелді болып алдын-ала белгіленген болады.
Елді мекендерде мұны шешу қиын, себебі судың шығындалу кестесі адамдардың тұрмыс жағдайына байланысты жиі-жиі өзгеріп отырады. Қалаларда ол мерекелердің өту және жолаушылардың келіп кету кестесіне де байланысты болады.
Жаңа елді мекендердің су жүйесін жобалағанда судың шығындалу кестесін сол мекен жай үшін ауа-райы, тұрмыс жағдайы және өнеркәсіп өсуінің дәрежесі жағынан ұқсас келетін және бұрыннан сумен жабдықтау жүйесі бар қалалардың суды пайдалану режимінің мәліметтері негізінде анықтауға болады. Осындай мәліметтерге сүйене отырып, құрылыс ережелері мен қағидалары қала тұрғындары үшін сағаттың жоғарғы және төменгі шығындарды табу формулаларын ұсынған (1. 2 - кесте, 1. 2 - сурет) :


мұндағы: K жоғ, K төм -тәулік бойындағы сағаттық біркелкі еместік коэффициенттері. Коэфициенттердің мәндері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz