Коммерциялық банктердің инвестициялык қызметі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 БАНКТЕРДІҢ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ ДАМУ НЕГІЗІ
- Нарықтық экономикадағы банктердің рөлі мен мәні . . . 5
- Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы . . . 10
- Шетел банктері кызметтерінің ұйымдастырылу ерекшеліктері . . . 16
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖӘНЕ «БТА БАНК» АҚ-ның 2010-2012 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ НАРЫҚТЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ТАЛДАУ
- «БТА Банк» АҚ техникалық-экономикалық сипаттамасы . . . 20
- Екінші деңгейлі банктердің қызметтеріне салыстармалы талдау . . . 25
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3. 1 ҚР банк жүйесінің өзекті мәселелері . . . 30
3. 2 ҚР банк жүйесінің даму перспективалары . . . 32
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 39
КІРІСПЕ
Еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясында - қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекеттің мақсат-мұраты баян етілді.
Бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: "Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты!"
Президентіміздің Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында:"Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жекеменшік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті", - деп экономикамыздың барлық салаларын дамытуға мүмкіндігіміз бар деп пайымдаған еді.
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Экономикамыздың дамуына үлкен өзіндік үлесін қосып жатқан Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің дамып, халықаралық стандарттарға сай болып жатқандығын айта аламыз.
Екінші деңгейлі банктердің, яғни коммерциялық банктердің пассивті операциялары негізінде салымдар түрінде кәсіпорынның, ұйымдардың, басқа банктердің, халықтың уақытша бос қаражаттарын тартуға мүмкіндігі бар.
Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақты дамуы бірінші кезекте ұзақ мерзімді қайта құрудан өткен банктік мекемелердің дамуынан көрініс табады. Осыған байланысты еліміздің несие нарығының соңғы жылдардағы даму қарқыны банктердің несие көлемінің ұлғаюынан және халықтың банк жүйесіне деген сенімділігінің артуын байқалады.
Казіргі кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпінді түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бірі. Бұрын қатал түрде реттелетін коммерциялық банктер, бүгін дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында жұмыс істеп жатыр.
Дағдарысты құбылыстардан өтумен байланысты Қазақстан экономикасының қазіргі проблемалар тұрғысында банк жүйесінің алдағы уақыттағы дамуы мен жетілдірілуі үлкен тәжірибелік мәнділікке ие.
Қазіргі банктер клиенттерге қызметтің кең ауқымды спектірін ұсынып, банк операцияларының жаңа техникасын қолданып, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейін камтамасыз етіп отыр. Банктердің ең басты қызметі - несиелеу. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік фирмалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттары үшін іске асырылады. Банктер өздерінің несие қызметін қаншалықты тиімді жүзеге асырса, соншалықты клиенттердің экономикалық жағдайына әсерін тигізеді. Себебі, банктік қарыз жаңа кәсіпорындардың пайда болуына, жұмыс орны санының өсуіне мүмкіндік туғызады және олардың экономикалық өмірге икемділігін қамтамасыз етеді.
Курстық жұмысытың мақсаты : банк жүйесінің жағдайын және даму болашағын жан-жақты қарастыру болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер көрсетілген:
-Нарықтық экономикадағы банктердің рөлі мен мәні
-Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы
-Шетел банктерінің қызметтерінің ұйымдастырылу ерекшеліктері
-Қазақстан Республикасының банк жүйесінің және «БТА Банк» АҚ 3 жылдық нарықтық мүмкіндіктерін талдау
-«БТА Банк» АҚ техникалық-экономикалық сипаттамасы
-Екінші деңгейлі банктердің қызметтеріне салыстырмалы талдау
-ҚР-ның банк жүйесінің өзекті мәселелері
-ҚР-ның банк жүйесінің даму перспективалары
1 БАНКТЕРДІҢ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ ДАМУ НЕГІЗІ
- Нарықтық экономикадағы банктердің рөлі мен мәні
«Банк» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «айырбас орыны» дегенді білдіреді. Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылырдың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығының болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтындығын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар, салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қазметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметтерінің қолайлығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады. Банктің клиентер қатары ақырындып ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде клиентер арасында жасалатын келісім шарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда-саттық делдал қызметін атқарды. Есеп айрысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарады. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк-Ағылшын банкі 1649 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.
Банкте арнайы қызметкекерлер жұмыс жасайды, олар заттай еңбекпен емес, ақшалай операциялармен, сандық мәліметтер мен ақпараттарды өңдеу, экономикалық талдау, кәсіпорындар арасындағы есеп айрысуларды, есепті ұйымдастырумен шұғылданады.
Сонымен, қазіргі түсінікте «банк» - бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылыды.
«ҚР банктер және банктік қызмет туралы» заңның 1-ші бабына сәйкес
«банк-бұл осы жарғыға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға». [6, 6-8б]
Кенес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталақтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байлынысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері басқа да несиелік мекемелер кірді.
Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын, «Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» Заң қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстык басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналады. Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық Тұран банкіне, Агроөнеркәсіпбанк-Қазақстан Республикасы акционерлік жинақ банкі-ҚР акционерлік-коммерциялық Жинақ банкіне ауысты. 1993 жылы бұл
Банктер акционерлік банктер болып қайта өзгереді, ал Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банкі деген атқа ие болды.
1989 жылдың басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік, жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интервестбанк КРАМДС банк сияқты және т. б коммерциялық банктер құрылды. [4, 163б]
Банктік жүйе-нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлары ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейдегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушылардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын халықтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай асеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын сала аралық, аудан аралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.
Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы, орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қажылық делдалдық деп аталады.
Әр турлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының «тобын» құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады.
Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды роль атқарады.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек кызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе «ертегідей күшке» ие бола отырып «нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласу» мүмкін. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі екені ескеріледі.
Экономиканы басқару процесінде негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр коғамның экономикалық қатынастары ең алдамен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайданалады. Мүддені осыллай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе колма-қолсыз есеп айрысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банктер есеп ацырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем төлеу күніесозғаны үшін өсім, несиені өз уақытында қайтармағандығы үшін жоғары пайыздар алумен өзінің мүлдесін ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғайды.
Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық, салааық және аумақтарды басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Банктер экономикалық басқарудын органы болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы жаупкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсетіп меншік түріне, ведомоствалық тәуелділігіне байлынысты емес, шаруашылық органдырының, шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілітін, өзі және клиенттері үшін оперыцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.
Банктерде басқарудын басқа органдарын жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілген клиенттерінің негізгі қызметі туралы ақпарат болап табалады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік несиелерді қайтру үшін қаражаттың болмауы тек обьективті емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің жұмысының нашар екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген тауарларының өткендігін және т. б. білдіреді. Банктің мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын қызметттерінің көптеген маңызды факторы туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын ала көруге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды бақылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Ақша айналымы бірікпен сипатталады. Қолма-қолсыз ақша қозғылысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың жергілікте халықтың шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымың жиынтылғын, ал олар арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі ықпал етеді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шоғырландырған:
мемлекеттік шаруашылық буындардың аражаттары, халықтың жинақақшалары, т. б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысыды, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті. Қазақстаның нарықты экономикаға қөшумен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері, коопративтік қозғалыс кең етек алуда, меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда. Шаруа қожалықтыры санының есебі, олардыңбірлесуі, жалға беруші және жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар да осыған жатады.
Қоғамда белгілі бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, коғамда банктердің экономикалық ролі күшеюде. Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік-әміршілік эдестерінің орнын-экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрымдарының мағынасы арта түседі.
Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіаоррындардың банктен несие алуларын қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырады.
Жекешелендіруші кәсіпорындарға ркспубликада банктік реформаны құрудың барысында қажетті ипотекалық банктер маңызды көмек көрсетеді, яғни бұл жерде әңгіме жекешелендіруші кәсіпорындарға, оған тиісті мүлікті кепілге ала отарап, ипотекалық банктің ұзақ мерзімді несиесін беру мүмкіндігі туралы болап табылады. Бірақ ол үшін ең алдымен заң базасын жасау керек.
Банк жүйесін реформалау бағдарламасын іске асыру қазіргі кезде бәсекеге төтеп бере алатын, Қазақстаның экономиқалық дамуына ықпалын тигізе алатын банк жүйесін құру мен жақсартудың негізі болып табылады. Қазақстан Республикасының банк жүйесі өзге елдердегідей өзінің ұлттық ерекшеліктерімен, тарихи дәстүрлерімен айқындалуы керек, экономиканың мақсаттары мен шарттарына сәйкес келіп, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
Қазақстаның банк жүйесін жетілдірудің түпкі мақсаты оның тиімділік
көрсеткішінің жоғары болуы, тұрақтылығы, өркениеттілігі деп санау керек.
Банк жүйесін жетілдіру талаптарына сәйкес келетін мынадай ұсыныстар алуға болады:
1. Банктік қызметі басқа да түрлі экономикалық процесс сияқты қоғам, мемлекет және банктік қоғамдастық тарапынан басқаруды қажет етеді.
2. Халықаралық тәжірибеде банк қызметін реттеу органдары тәртібінің үш негізгі тұжырымдамасы бар. Бұл қоғамдық мүдде, «туындау теориясы» және қоғамдық таңдау теориясы.
3. Қазақстан республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясаты қазіргі таңда шаруашылық коньюнктураны және жалпы экономикалық міндеттерді реттеу мақсатында ақша-несие жүйесінің қызметін регламенттейтін мемлекеттік іс-шаралар жиынтығын білдіреді.
4. Қазақстандағы банк жүйесін дамытудың бірден-бір міндеті болып несиелік ұйымдарға деген несие берушілердің және ең алдымен салымшылардың сенімдерін арттыру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін Қазақстанда коммерциялық емес ұйым болып табылатын «Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қоры» АҚ құрылды. Әрине, бұл қор депозиттік нарықты дамытуға үлкен үлесін қосты.
5. Несиелеу банк қызметінің негізі болып табылады және көпшілік банктер үшін әлі де болса пайда табудың ең негізгі көзі болып отыр. Сөйте тұра, несие беру банктің сенімділігі мен қауіпсіздігі үшін өте үлкен қатер тудырады және қандай да бір кәсіпорын сияқты коммерциялық банк банкротқа ұшырау секілді тәуекелге бара отырып, өзінің пайдасын максималдандыруға тырысады. Сондықтын, несиелеу процесіндегі негізгі міндет тәуекелді төмендету мен ссудалық операциялардың пайдалылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін банктің тұрақты, тиімді басқарылатын портфелін құру.
6. Қазақстан Республикасы ұлттық банкісінің 2003 жылғы 3 маусымдағы «екінші деңгейлі банктер үшін» туралы пруденциялық нормативтер туралы 213 қаулысына сәйкес, Банктің өз капиталын есептеу кезінде сол банктің субординациялық қарызын қосуға болатындағы қарастырылады. Яғни, субординациялық қарыздың меншік капиталына барлық жағынан ұқсас екендігіне қарамастан, ол бәрібір ерте ме, кеш пе, әйтеуір иесіне қайтарылуы тиіс қарыз болып табылады.
7. Тиімді нарықтық экономиканың айрықша негізгі белгілері-бәсекелестіктің және нарықтық қатынасқа түсушілердің барлығының іскерлігі мен адамгершілігінің болуы.
Осы айтылған жағдайлар іске асып жатса, біздің ойымызша банк жүйесінің дамуы кезінде банк қызметтерінің негізгі көрсеткіштеріндегі аймақтық банктердің үлесі артпақ. Ал бұл өз кезегінде кіші және орта бизнестің несие ресурстарына қол жеткізуіне себепкер болып, осының нәтижесінде Республика аймақтарындағы халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі мәселенің дұрыс шешімін табуына оң ықпал етеді
1. 2. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің құрылымы
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Несие және қаржы операцияларының негізгі бөлігін шоғырландырады.
Өзінің практикалық қызметінде банктер мен банк жүйесі бюджет-салық және басқа да жүйелермен тығыз бірлесе отырып, экономикалық өмірді реттеу мен басқарудың ортақ тетігіне бірігеді. [16, 5]
- Банк жүйесінің элементтері орталық банк бастаған белгілі бір бірлікке бағына отырып, өзара әркет жасайды, онда кездейсоқ элементтер жоқ.
- Банк жүйесі оның құрамдас элементтері және олар арасындағы өзара әрекеттер арқылы айқындалған қасиеттерге ие. Онда елдің Орталық банкі белгілеген қосымша міндеттерді, тәртіптерді орындайтын тетік жұмыс істейді.
- Банк жүйесінің элементтері өзара алмасуға қабілеті. Оны тұтастық есебінде қарастыруға болады. Бұл оның жекелеген бөліктері қажет жағдайда бір-бірін алмастара аларлықтай болып байланысқанын көрсетеді.
- Банк жүйесі динамикалық жүйе және ұдайы қозғалыс үстінде болып, дамып отырады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толыға алады. Кредиттердің және қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болуда.
- Банк жүесі «жабық» жүйе ретінде көрінеді. Оның өз тәртіптері, ережелері, нұсқаулықтары болады. Оларда тек осы жүйеге арналған банк құпиясы деген бар. Бірақ оны толық мәнінде жабық деп айтуға болмайды, себебі ол сыртқы ортамен, өзге жүйелермен өзара байланысқа түседі.
- Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, «өзін-өзі ұйымдастыратын» қасиетке ие. Жалпы алғанда жүйе өзінің іс-әрекет саясатын құбылмалы экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалға байланысты өзгертіп отырады. Экономикалық дағдарыстар кезеңінде саясат басқа болады, ал экономика тұрақты дамыған кезенде өзге іс-қимыл саясаты қодданылады.
- Банк жүйесі басқаратын жүйе болып табылады. Ол арнайы банк зандарымен реттеліп, жұмыс істейді және орталық атқарушы немесе өкілетті органдарға бағынады.
Бұл белгілердің барлығы Қазақстанның банк жүйесіне тән. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңында (3-бап) былай деп жазылған:
-Қазақстан Республикасы (ҚР) екі деңгейлі банк жүйесіне ие;
-Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкі болып табылады және банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін құрайды;
-ҚР заңнамалық актісінде белгіленген айрықша құқықтық мәртебеге ие Қазақстан Даму банкінен өзге барлық басқа банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін құрайды;
-шетелдік қатысуы бар банк - екінші деңгейдегі банк, оның акцияларының үштен бірінен астамы:
а) ҚР резиденті еместердің;
ә) ҚР резиденті еместердің қаржысына иелік етушілер болып табылатын заңды тұлғалар - ҚР резиденттерінің иелігінде, меншігінде және (немесе) басқаруында болады;
- Мемлекет аралық банк - халықаралық шарт негізінде құрылып жұмыс істейтін банк.
Банк жүйесіне сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін орындайтын банктік емес мекемелер, банк инфрақұрылымын түзетін және кредит институттарының өмір сүруін қамтамасыз ететін кейбір қосымша мекемелер кіреді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР Заныңа сәйкес ҚР Ұлттық банкі және оның аумақтық органдары банк жүйесінің жоғары
денгейін білдіреді және елдің эмиссиялық, резервтік, есеп айырысу, кассалық орталығы болып табылады. Сонымен қатар норма белгілейтін, бақылаушылық құқыққа ие соңғы инстанциядағы кредитор рөлін атқарады, ақша-несие, валюта саясатын белгілейді. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын өмірге енгізу, елдің кредит жүйесіне басшылық жасау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz