Конфликт субъектілері мен қатысушылары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
1 Дәріс 1. Конфликт жайлы көзқарастарға тарихи шолу.

Жоспар:

Конфликт жайлы ерте кезеңдегі көзқарастар.
Тарих шеңберінде Жаңа дәуірдегі конфликт жайлы ойлар (XVIII-XIX ғғ).
Қазіргі тұжырымдамалар.
Дәріс мазмұны:

1. Конфликт жайлы ерте кезеңдегі көзқарастар.
Конфликттер адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауында пайда
болады, сондықтан олар адаммен бірге жасап келеді. Техникалық ғылымдардан
бастап, әлеуметтік-философиялық ғылымдарда да конфликт зерттеу нысанасы
болып келеді. Конфликттер сонау антикалық заманнан бері Анаксимандр,
Гераклит сияқты орта ғасырдағы Фома Аквинский, қайта өрлеу дәуіріндегі
Т.Мора, э. Роттердамский, Ф.Рабле, Ф.Бэкон, жаңа ғасырда И.Кант, Г.Гегель
сияқты ойшылдарды қызықтырды. Тіршілік үшін әрекет механизмін қоғамға
енгізе отырып, Л.Гумплович Дарвиннің табиғи таңдау идеясын дамытты. Соның
негізінде социалдарвинизмнің негізін қалаушы болды. Ол әлеуметтік
конфликттер табиғаты жайында келесі ойларын атап көрсетті:
конфликттер тарихи дамудың бейнесі болып табылады;
қоғамның билеушілер мен бағынушыларға бөлінуі мәңгілік құбылыс;
конфликттер қоғамның бірлігіне жәрдемдеседі. Кең ауқымда бірлестіктердің
пайда болуына әсер етеді.
неміс әлеуметанушысы Георг Зиммель ғылымға “конфликт социологиясы” терминін
енгізген бірінші ғалым. Оның негізгі ойлары:

топ ішіндегі келіспеушілік күшейген сайын, топ аралық конфликттер жиілеген
сайын топ арасындағы шекараның жойылу мүмкіндігі бәсеңдейді;
конфликттер шиеленіскен сайын, топ қақтығысы бәсеңдеген сайын, конфликтті
топтың деспоттың орталыққа бағыну мүмкіндігі артады;
конфликт шиеленісе түскен сайын, жанжалдасушы топтардың ішкі бірлігі арта
түседі;
конфликттер бәсеңдеген сайын, әлеуметтік бірлік функционалдық өзара
бағынушылыққа бағытталған сайын конфликттің әлеуметтік бірілік үшін
интегративті салдары болуы мүмкін;
конфликттер жиілеген сайын және олар бәсеңдеген сайын бағынушы топтар
мүшелері жауласудан арылып, олар өз тағдырларының қожасы екендіктерін
сезініп, жүйе интеграциясын қолдайды.
конфликттер жиілеп, бәсеңдеген сайын конфликттерді реттеу нормалары құрылуы
мүмкін.
әр түрлі дәрежеде билеуші топтар арасындағы конфликттер бәсеңдеген сайын
және уақыты ұзарған сайын, олар өздерінің билікке деген көзқарастарын
өзгертуі мүмкін.
К.Маркс шиеленіскен кластық күрес жағдайында конфликттер ажырамас
бөлігі болып табылады дейді.

ХХ ғасырда конфликт мәселесі социал-дарвинизм психоанализ,
когнитивизм, математикалық модельдеу, ғылыми басқару, әкімшілік басқару,
адамзат қарым-қатынасы шеңберінде ғана зерттеледі.

Конфликтология конфликттердің пайда болуын, дамуын, шешуін зерттейтін
ғылым ретінде танылады. Конфликтология конфликттердің басталуы мен аяқталуы
жайындағы кейбір бағыттарын қарастыратын көптеген теориялардан дамуын
табады.
Конфликтологияның зерттеу нысанына конфликттің барлық түрі жатады,
конфликтология құралын конфликтке әкеп соқтыратын топтың немесе тұлғаның
әрекеті жатады.
Конфликттерді зерттей келе ғалымдар қоғам өмірінде конфликттер
жағымды рөл атқарады деген шешімге келді. Қазіргі уақыттағы конфликт
теориясының бастамасы бірқатар социолог ғалымдардың зерттеулері жасады.
Солардың ішіндегі танымалы – Г.Зиммель, конфликттің функционалдық
теориясының авторы ХХ ғасырдың 60 жылдар ортасында неміс оқымыстысы
Р.Дарендорф, соңынан “қоғамның конфликттік моделі” атанған әлеуметтік
конфликт теориясын айтып өтті. Конфликтті әлеуметтік қарым-қатынастың қалпы
ретінде қарауды Л.Козер, К.Болдинг, Дж.Бернард және басқалар өз
жұмыстарында жүргізді. Л.Козер жағымды-функционалдық конфликт теориясын
ұсынды. В.В.Дружинин, Д.С.Конторов математикалық аппарат қолдану арқылы
конфликттің бірыңғай теориясын құру әрекетін жасады. Бүгінгі күнде
конфликттерді зерттеу жан-жақты, әскери іс, философия, социология,
психология, құқықтану, педагогика, математика, тарих сияқты ғылымдар
жеттетіктерін пайдалана отырып жүргізіледі.
Бүгінгі таңда конфликтологияның дамуының бірнеше бағыттары
қалыптасты: философиялық-әлеуметтік (макродеңгейде конфликттердің даму
тенденцияларын қамтитын), әлеуметтік-ұйымдық (ұйымдардағы, ұжымдардағы
конфликттердің себептері мен дамуын зерттейтін) және жекетұлғалық –
психологиялық (жеке тұлғаның мінезін және психофизикалық ерекшеліктерін
зерттейтін).
Әлеуметтік – ұйымдастырушылық бағыт басқару әдістерімен тығыз
байланысады: әрекетті басқару, ұйымдастырушылық әрекетті, персонал әрекетін
басқару және т.б.
Конфликтология негізінен конфликт жағдайында іс-әрекеттің өзгеруін
зерттегенмен, бұл бағыттардың ортақ белгісі болып қарастыру нысаны болып
табылады. Конфликтология сипаттамасы оның жеке тұлға мен топтардың
қатынастары жүйесіндегі қарама-қайшылықтардың қалыптасуы және даму
себептеріне көп көңіл бөлуінде және оның конфликтке ұласуы, туындаған
конфликттердің алдын-алу және шешу жолдарын зерттейді.
2. Тарих шеңберінде Жаңа дәуірдегі конфликт жайлы ойлар (XVIII-XIX ғғ).
XVIII ғасырда ағылшын демократтары мен француз ағартушылары В.Д. Пристли,
Ш. Монтескье, Д. Дидро, Ж.Ж. Руссо, Вольтер қарулы қақтығыстарға қарсы ашық
пікірлер айта бастады. Сол кездегі феодальдық бастауларды жойғанда ғана
мәңгілік бейбітшілік болады.
Бұл кезең ойшылдары дүниежүзілік тарих шеңберінде қоғамдық өмірді бағалау,
әлемдік даму тұтас логикасын түсінуге тырысты.
Бұл ойлар әсіресе Жан Жак Руссоның (1712 – 1778) әлеуметтік философиясында
анық байқалады. Дүниежүзілік-тарихи үдеріс үш құрамды сәтте ыдырайды:
басында табиғи жағдай болады, адамдар еркін және тең, содан соң
өркениеттің дамуы адамдардың теңдігін жоғалтуға алып келеді, еркін және
бақыт, ақырында, қорытынды қоғамдық келісім, қоғамдық жағдайда адамдар
тағы жоғалған үндестікті табады, мәңгілік бейбітшілік, келісім және
бірлік.
Ұлы неміс философы Иммануил Кант (1724 – 1804) көршілес тұратын адамдар
арасындағы бейбітшілік жайы, табиғи жағдай емес... соңғысы, керісінше, соғыс
жағдайы, яғни, егер үздіксіз қастық әрекеттер, үнемі олардың қаупі.
Сондықтан бейбітшілік жағдайы орнауы тиіс деген пікірде болды.

Г.Зиммельдің теориялық көзқарастары ХХ ғасырдың жылдарының
әлеуметтанушылары чикаго мектебінің көрнекті өкілдері Роберт Эзра Парк
(1864 – 1944), Эрнест Уотсон Берджесс (1886 – 1996), Аббион Вудбери Смол
(1854 – 1926).

Қазіргі тұжырымдамалар.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында конфликт мәселесіне теориялық қызығушылық
төмендей бастады. Алғашында бұл тенденция АҚШ та содан соң Европада белгі
көрсете бастады. Конфликт мәселесін талдау көбінесе конфликтті жағдаяттарды
шешу әдістемесі аспектісінде жүзеге асты.

ХХ ғасырдың 40-жылдарындағы әйгілі болған қоғамның функционалдық моделіне
сәйкес конфликттіге жалпы қарым қатынас өзгерді. Бұл бағыт бойынша
американдық әлеуметтанушы-теоретик Толкотт Парсонс (1902 – 1979),
конфликттік құбылыстарға талдау жүргізген.

2 Дәріс 2. Конфликт қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретінде.

Жоспар:

1. Әлеуметтік конфликт ұғымы.
2. Конфликт субъектілері мен қатысушылары.
3. Конфликт нысаны.
Дәріс мазмұны:

1. Әлеуметтік конфликт ұғымы

Әлеуметтік конфликттер кез келген әлеуметтік құрылымға тән, себебі олар
қоғамдық дамудың қажетті шарты болып табылады. Қоғамның қызмет ету үдерісі
конфликт пен пәтуадан (консенсус), келісім мен қарсыласудан тұрады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы өзінің түрлі топтарын қатал саралаумен қатар,
әлеуметтік топтар, жеке интивидтер және топтар конфликтінің таусылмайтын
қайнар көзін білдіреді. Әлеуметтік құрылым қаншалықты қиын болған сайын,
қоғам соншалықты сараланады, еркіндік, пікір алуандығы қаншалықты көп
болса, соншалықты сәйкес келмейтін, кейде өзара бірін-бірі жоққа шығаратын
мүдделер, мақсаттар, құндылықтар да көбейеді, сәйкесінше, болуы мүмкін
конфликттер үшін негіз арта түседі.
Алайда қиын әлеуметтік жүйеде бір уақыттың өзінде конфликтіні сәтті шешудің
механизмдері де бар. Сондықтан кез келген қоғам мен әлеуметтік қауымдастық
мәселесі конфликттің келеңсіз салдарын болдырмау (барынша азайту) және оны
туындаған мәселенің оң шешімін табуда қолдану.
Конфликт (латынша — confliktus) қарама-қарсы мүдделердің қақтығысуы,
көзқарастар мен қатынастардағы қарама-қайшылық дегенді білдіреді.
Қақтығысқа өмірдің түрлі мәселелері себеп болуы мүмкін: материалдық
ресурстар, маңызды өмірлік нұсқаулар, билік етуші өкілеттіліктер,
әлеуметтік құрылымдағы мәртебелік-рөлдік айырмашылықтар, жеке тұлғалық
(эмоционалды-психологиялық) айырмашылықтар және т.б.
Қарама-қайшылық барынша жоғары немесе төмен қарқындылықта және барынша
жоғары немесе төмен күштеуде болуы мүмкін. Қарқындылық қатысушылар
тарапынан берілетін энергияны, сонымен қатар жеке шиеленістердің әлеуметтік
маңыздылығын білдіреді1. Қақтығыс формасы – еріксіз немесе күштеусіз –
көптеген факторға байланысты болып келеді, сонымен қатар қарама-қайшылық
субъектілері көздейтін мақсаттар мен шиеленісті күштеусіз шешу
мүмкіндіктері (механизмдері) және шынайы шарттардың болуына да байланысты.

Сонымен, әлеуметтік шиеленіс – бұл қажеттілік, мүдделер мен құндылықтарының
сәйкес келмеуі себебінен әлеуметтік өзара әрекеттесудің екі немесе одан да
көп қатысушылары және субъектілерінің ашық қарсыласуы, қақтығысуы болып
табылады.

2. Конфликт субъектілері мен қатысушылары

Конфликттің субъект және қатысушы ұғымдары әрдайым ұқсас келе бермейді.
Субъект – бұл конфликт жағдаятын туғызуға қабілетті және өз мүдделеріне
байланысты конфликт барысына әсер ететін белсенді тарап. Конфликт
қатысушысы саналы түрде (немесе қарама-қарсылық мақсаттары мен міндеттерін
толығымен түсінбей тұрып) конфликтіге қатыса алуы мүмкін, сондай-ақ
кездейсоқ немесе өз еркінен тыс конфликтіге тартылуы мүмкін. Конфликттің
дамуы барысында қатысушылар мен субъектілер мәртебесінің орны ауысуы
мүмкін. Сондай-ақ конфликттің тікелей және жанама қатысушыларын да ажырата
білуі керек. Соңғысы өзгенің конфликтсінде өзінің мүдделерін көздейтін
нақты күшті білдіреді.

Жанама қатысушылар:

а) конфликтті өршітуі және оның дамуына түрткі болуы мүмкін;

б) конфликттің қарқындылығын кемітуге немесе оның толығымен аяқталуына
негіз болуы мүмкін;

в) екі тараптың бірін немесе екі тарапты да қолдауы мүмкін. Конфликттің
жанама қатысушылары конфликт орын алатын қоршаған ортаның белгілі бір
бөлігін құрайды. Сондықтан қоршаған орта конфликттің дамуын арттыратын
катализатор ретінде және оны тежейтін немесе бейтарап фактор ретінде қызмет
етеді.

Әлеуметтік конфликттегі күш – конфликт тараптарының өз мақсаттарын
қарсыластың (оппоненттің) қарсы әрекетіне қарамастан жүзеге асыру
мүмкіндігі мен қабілеті. Ол қарсыластыққа тікелей қамтылған, сондай-ақ
потенциалды тәсілдер мен ресурстардың барлық жиынтығын қамтиды. Конфликт
пайда болу кезеңінде болған жағдайда оның потенциалды субъектілері қарсы
тараптың шынайы күші және қоршаған ортаның болжалды конфликтіге қатысты
мүмкін болған әсері туралы тек шамамен алғандағы көрініске ғана ие. Тек
конфликт басталған сәтте немесе оның даму барысында ғана қарсы тараптардың
күші туралы мәлімет толық беріледі.

Қоршаған орта – әлеуметтік конфликт құрылымындағы элементтердің бірі. Ол
физикалық орта (географиялық, климаттық, экологиялық және басқа да
фактордан) мен әлеуметтік ортадан (конфликт туындайтын белгілі бір
әлеуметтік жағдайдан) тұрады.

3. Конфликт объектісі (нысаны)

Конфликттің міндетті элементтерінің бірі объект, яғни, нақты себеп,
уәждеме, конфликттің қозғаушы күші болып табылады. Барлық объектілер үш
түрге бөлінеді1.

Бөліктерге бөлінбейтін объектілерді біреумен бірге игеру мүмкін емес.
Конфликт қатысушылары арасында түрлі мөлшерде бөлінетін объектілер.
Конфликт қатысушыларының екеуі де бірге игеретін объектілер. Бұл алдамшы
конфликт жағдаяты болып табылады.
Нақты бір конфликтте объектіні анықтау оңай емес. Конфликттің субъектілері
мен қатысушылары өздерінің шынайы және жалған мақсаттарын көздей отырып,
өздерін қарсыласуға итермелеген уәждерін білдірмеуі, жасыруы, ауыстыруы
мүмкін. Мысалы, саяси күресте конфликт объектісі қоғамдағы шынайы билік
болып табылады, алайда саяси қарсыласудың әрбір субъектісі қарсыласу
белсендігінің негізгі себебі өз сайлаушылары үшін мүмкін болған игіліктің
барынша жоғары деңгейіне қол жеткізуге екендігін дәлелдеуге тырысады.

Объектіні бұрмалау тараптардың біріне маңызды пайда келтіруге және
екіншісінің жағдайын маңызды түрде қиындатуға қабілетті болып келеді.
Мысалы, егер қорғалушының өзін-өзі қорғау мақсатында қару қолдануға мәжбүр
болғандығыны дәлелденсе, біреуді өлтірген адам сот тарапынан ақталуы
мүмкін. Конфликт себептері басқалармен алмасқан кезде және басқа да қиын
конфликттерде шынайы объектіні табудағы қиындықтар туындайды. Кейде
конфликттің субъектісінің өзі қарсыласудың негізгі себебін толығымен ұғына
алмайды. Мысалы, басшы мен қол астындағы кісінің арасында жағдаят туындауы
мүмкін:

Басшы қол астындағы кісіні қажетті қайтарыммен жұмыс жасауды қаламайтындығы
үшін айыптайды.
Қол астындағы кісі басшыны оның жеке өзіне деген біржақты қарым-қатынасы
үшін айыптайды;
Конфликттің шынайы себебі қол астындағы кісінің өз алдына қойылған
міндеттерді орындауы үшін қажетті білім мен қабілетті меңгере алмауы болуы
мүмкін.
Негізгі объектіні анықтау кез келген конфликттіні сәтті шешудің міндетті
шарты болып табылады. Ал керісінше болған жағдайда, ол мәселе өз шешімін
таппайды (тұйыққа тірелген жағдаят) немесе толығымен шешілмейді.

Дәріс 3. Конфликт түрлері, оның даму кезеңдері және негізгі қызметтері.
Жоспар:
1. Әлеуметтік конфликттің негізгі түрлері.
2. Конфликттің дамуының негізгі кезеңдері.
3. Әлеуметтік конфликт қызметтері.

Дәріс мазмұны:
Әлеуметтік конфликттің негізгі түрлері
Әлеуметтік шиеленісті топтастыру мәселелері бойынша зерттеушілер арасында
бірыңғай көзқарас жоқ. Егер топтастыру негізіне тараптардың ерекшеліктері
алынса, онда шиеленістерді былайша бөле аламыз: тұлғааралық, тұлға мен топ
аралық, топаралық, кіші және ірі әлеуметтік қауымаралық, ұлтаралық және
мемлекетаралық. Егер топтастыру негізіне қоғамдық өмірдің салалары алынса,
онда саяси, экономикалық, идеологиялық, әлеуметтік, заңгерлік, отбасылық-
тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және т.б. шиеленістер туралы айта аламыз.

Конфликт мотивациясына байланысты зерттеушілер әлеуметтік конфликттің үш
блогын бөліп көрсетеді:

билік жүргізуші өкілеттілігі мен ұстанымына байланысты туындағын конфликт;

материалды ресурстарға байланысты;
маңызды өмірлік ұстанымдардың құндылықтарына байланысты.
Конфликттің қозғалмалы күші мен тіршілік әрекеті саласының тоғыспалы
талдауының қызықты схемасын А. Г. Здравомыслов1 ұсынды.

Келісілмеу типімен қатар конфликт қатысушылары арасындағы өзара қарым-
қатынас сипатын ескеретін әлеуметтік конфликт типологиясын В.Н. Амелин
ұсынады3.

Конфликттің бір түрін қарсыласуға тараптардың әртүрлі деңгейлері қамтуы
мүмкін. Мысалы, билік өкілеттілігі, материалды ресурстар немесе құндылық
бағдары бойынша конфликттер адамдардың тұлғааралық, топаралық,
мемлекетаралық өзара әрекеті деңгейінде туындауы мүмкін. Қалыптасу және
даму үдерісінде конфликттің бір түрі екіншісіне жүктеліп, бірнеше түрден
тұратын қиын конфликттерді құрайды.

Конфликт мотивіне және жағдаятты субъективті түрде қабылдауды ескере отырып
конфликттің түрлерін анықтайды:

Жалған конфликт — субъект нақты себеп болмаса да жағдаятты конфликт деп
қабылдайды;
Потенциалды конфликт — конфликттің пайда болуына нақты негіздемелер бар,
алайда тараптардың бірі немесе екеуі де қандай да бір себеп негізінде
(мысалы, ақпарат жетіспеушілігінен) жағдаятты конфликт деп таныған жоқ;
Шынайы конфликт — тараптар арасындағы нақты қақтығыс. Өз кезегінде, шынайы
конфликтті төмендегідей тармақтарға бөлуге болады:
сындарлы — субъектілер арасындағы нақты қайшылық негізінде туындаған;
кездейсоқ — түсінбеушілік немесе жағдайлардың кездейсоқ тоғысуы бойынша
туындаған;
аралас — шынайы себеп жасырын болған кезде, жалған дерек негізінде
туындаған. Мысалы, өз біліміне қойылған төмен бағаға наразы студент емтихан
алушы оқытушымен қақтығысқа түсу үшін кез келген сылтау іздейді;
дұрыс тіркелмеген конфликт — нағыз айыпкер болып табылатын конфликт
субъектісі қарсыласудың сыртында, ал конфликтіге оған қатысы жоқ адамдар
тартылған. Мысалы, бір адамды өзі жасамаған қылмысы үшін айыптайды. Егер
жіктеменің негізіне тараптардың психикалық жағдайы мен осы жағдайға сәйкес
келетін конфликт жағдаятындағы адамдардың мінез-құлқы алынса, онда
конфликттерді рационалды және эмоционалды деп бөледі. Конфликт мақсаты мен
оның салдарына байланысты конфликттерді жағымды, жағымсыз, құрылымды және
құрылымсыз деп бөледі.

2. Конфликттің дамуының негізгі кезеңдері
Әдетте әлеуметтік конфликтте дамудың төрт кезеңі анықталады:

конфликтке дейінгі кезең.
конфликттің өзі.
конфликтті шешу кезеңі.
конфликттен кейінгі кезең.
Әрбір кезеңді нақтырақ қарастырамыз.

Конфликт алдындағы кезеңді шартты түрде дамудың үш сатысында бөліп
көрсетуге болады, олар үшін тараптардың өзара қарым-қатынасы негізінде
келесі ерекшеліктер тән:

Белгілі бір даулы объект бойынша қарама-қайшылықтың қалыптасуы;
сенімсіздік пен әлеуметтік қарбаластықтың артуы; бір жақты немесе өзара
шағымдарды ұсыну; қарым-қатынас пен ренішті азайту.
Өз ниетінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысу және даулы мәселелерді әділ
тәсілдермен шешуді қаламайтындығы үшін қарсыласын айыптау; өзінің жеке
стереотиптерімен шектелу; эмоционалды салада қате түсінушілік пен
жақтырмаушылықтың пайда болуы.
Өзара әрекет ету құрылымының бұзылуы; ортақ айыптаудан қауіп-қатерге көшу;
басқыншылдықтың өсуі; дұшпан образын қалыптастыру және күреске деген
нұсқау.
Осылайша конфликттік жағдаят бірте-бірте ашық конфликтіге өтеді. Алайда ол
өздігінен ұзақ өмір сүруі және конфликтіге айналмауы мүмкін. Конфликт нақты
болуы үшін жанжал қажет.

Инцидент (дау) — тараптардың тікелей қақтығысуына себеп болатын жағдай,
формалды сылтау. Мысалы, 28.08.1914 жылы бір топ босния террористері
тарапынан орындалған Сараево қаласындағы австро-венгерлік тақ мұрагері
Франц Фердинанд пен оның әйелін өлтіру ісі алғашқы дүниежүзілік соғыстың
басталуына формалды түрде сылтау болды. Алайда Антанта мен Германдық әскери
блок арасындағы қарбаластық көп жылдардан бері орын алып келеді.

Инцидент кенеттен болуы мүмкін, не конфликттің субъект (субъектілер)
тарапынан туындауы және оқиғаның табиғи барысы нәтижесі де болуы мүмкін.
Ұсынылатын бөтен конфликтте өз мүдделерін көздейтін қандай да бір үшінші
күш инцидентті дайындайды әрі туындайына негіз болады.

Внимание: конфликт! кітабының авторлары Ф. М. Бородкин мен Н. М. Коряк
қалыптасу сипатына қарай конфликттік жағдайының төрт түрі мен инциденттің
төрт типін атап көрсетті:

Объективті мақсатты (мысалы, оқытудың жаңа формалары еніп жатыр, соған
сәйкес оқыту құрылымын өзгерту мен оқытушылық құрамды ауыстыру қажеттілігі
туындайды).
Объективті мақсатты емес (өндірістің дамуының табиғи барысы еңбектің
ұйымдарымен қақтығысады).
Субъективті мақсатты (адам өз мәселелерін шешу үшін конфликтіге түседі).
Субъективті мақсатты емес (екі немесе бірнеше тараптардың мүдделерінің
кездейсоқ қақтығысуы); мысалы, сауықтыру орнына бір ғана жолдама, ал
үміткерлер бірнеше.
Инцидент конфликттің жаңа сапаға ауысқандығын білдіреді. Қалыптасқан
жағдаятта конфликтіге түскен тараптардың мінез-құлқының үш нұсқасы болуы
мүмкін:
Тараптар туындаған қарама-қайшылықты реттеуге және ымыраға келуге
тырысады.
Тараптардың бірі маңызды ештеңе болмағандай түр танытады.
Инцидент ашық қарама-қайшылықтың басталуына түрткі болады. Қандай да бір
нұсқаны таңдау көбінде тараптардың жағдаяттық нұсқауларына (мақсат,
эмоционалды бағдарға) байланысты болып келеді.

3. Әлеуметті конфликт қызметтері
Конфликт жағымды және жағымсыз әлеуметтік қызметтерді атқарады. Конфликт
салдарын бағалаудың объективті және субъективті түрлері де бар. Мысалы,
өндірістік (әлеуметтік-еңбектік) конфликт нәтижесінде мүмкін болған
кәсіпорынның қайта құрылуы – дәлелді түрде жағымды құбылыс, алайда
кәсіпорыннан штаттың қысқаруы нәтижесінде жұмыстан шығуға мәжбүр болған
жұмысшылардың белгілі бір бөлігі тарапынан аталған конфликт жаңымсыз деп
бағаланады.
Конфликттің жағымды және жағымсыз әсерлері көп жағдайда әлеуметтік жүйеден
туындайды. Конфликт қалыпты жағдай болып саналатын еркін құрылымдалған
топтар мен ашық қоғамдарда оны реттеудің түрлі механизмдері бар, конфликт
негізінен, өмірге бейімділікке, динамизмге және ілгері дамуға деген
қабілеттілікке негіз болады. Тоталитарлық қоғамда әлеуметтік конфликт
мойындалмайды, ал оны шешудің жалғыз механизмі күшті басу (мысалы, 1962 ж.
Новочеркассктағы жұмысшылар шеруіне қару қолдану) болып табылады. Тұншыққан
конфликт дисфункционалды болып, ескі қайшылықтарды ушықтыру мен жаңасының
пайда болуына, қоғамның ыдырауына себепші болады. Шешімін таппаған
қайшылықтар жинала береді, ал егер олар конфликт формасында көрініс тапса,
ол маңызды әлеуметтік сілкініске алып келеді.
Ашық әлеуметтік құрылымдарға тән конфликттің кейбір оң қызметтерін
қарастырайық.

Конфликт қарама-қайшылықты айқындайды және оның шешімін табады, сол арқылы
қоғамдық дамуға негіз болады. Уақытылы айқындалып, шешімін тапқан конфликт
ауыр салдарға жетелейтін ірі конфликттің алдын алады.
Ашық қоғамда конфликттер топішілік және топаралық қарым-қатынастың
ықпалдастығы мен тұрақтылығы қызметін анықтайды, әлеуметтік шиеленісті
төмендетеді.
Конфликт байланыстар мен қарым-қатынас қарқындылығын бірнеше рет
арттырады, әлеуметтік үдерістерді ынталандырады, қоғамға қарқындылық
береді, шығармашылық пен инновацияны ынталандырады, қоғамдық өрлеуге түрткі
болады.
Көпшілік эмоциялық конфликттерді және адамдардың әлеуметтік психологиялық
тұрғыдан үйлеспейтіндігі нәтижесінде туындайтын конфликттерді жағымсыз деп
тануға болады. Қажетті шешімді қабылдауды қиындататын конфликттерді де
жағымсыз деп атаймыз. Жағымсыз салдар ұзаққа созылған позитивті конфликтіге
ие болуы да мүмкін.

3

4 Дәріс 4. Конфликт динамикасы және механизмдері.

Жоспар:

Конфликттік жағдаят.
Әлеуметтік қысым.
Конфликт қатысушыларының психологиясы.
Конфликттің дамуы.

Дәріс мазмұны:

1. Конфликттік жағдаят.

Конфликтік жағдаят дегенде әлеуметтік субъектілер арасындағы шынайы
тайталасқа объективті түрде негіз болатын жағдайлардың тоғысуын түсінуге
болады. Еңбек ұжымдарындағы түрлі конфликтік жағдаяттарды талқылай келе,
Ф.М. Бородкин мен Н.М. Коряк 1 ұйымдардағы конфликтерге негіз болатын
кейбір себептерді былайша топтастырды:

Ұйымның құрылымдық бөлімшелері арасындағы технологиялық байланыстың айқын
еместігі;
Түрліше бұйрықтар беретін бастықтардың көп болуы.
Бір бастықтың қол астындағы адамдарының көп болуы басқарудағы ретсіздікке
түрткі болады.
Жауапкершілікті бір-біріне арту жалпы жауапсыздық жағдайына себеп болады.
Бірқатар қызметкерлердің жеке және іскерлік қасиеттерінің төмен болуы.
Мұндай жағдайлар себебінен ұжымда конфликтік жағдаят оңай туындауы мүмкін.
Бұл тізімге мекемеде басқару жүйесін қайта ұйымдастыру, штатты қысқарту,
еңбек ақысын төлеудегі қиындықтар және т.б. туралы жоғарыдағы органдарға
нұсқау беру секілді шиеленістерді тудыратын факторларды қосуға да болады.

5 2. Әлеуметтік қысым.

Әлеуметтік қысым қоғамдық таным және мінез-құлық жағдайын, шындықты бағалау
және қабылдаудың ерекше жағдайын білдіреді. Әдетте бұл жағдай конфликтке
тән. Әлеуметтік шиеленіс масштабы, негізінен, конфликт масштабымен
салыстыруға келеді. Қоғамдағы тұлғааралық, топаралық, ұлтаралық шиеленіс
туралы немесе жаһандық шиеленіс туралы сөз қозғауға болады. Орыс тілі
сөздігінде шиеленіс ұғымы қандай да бір қарым-қатынас жағдайының тынышсыз
әрі қолайсыздыққа ұшырататын қауіп-қатерімен түсіндіріледі. Құқық,
әлеуметтану, психология, әлеуметтік философия бойынша еңбектерді талдау
келе, біз әлеуметтік шиеленістің қысқа әрі нақты түсініктемесін беруге
тырыстық.

Әлеуметтік қысым табиғи немесе әлеуметтік орта қысымынан туындаған және
барынша ұзақ уақыт бойы созылатын топтың немесе қоғамның эмоционалды
жағдайын толығымен білдіреді. Адамдардың қарапайым жағдайы табиғаттың
бақылауға көнбейтін әсерлерінен күрт өзгереді: климаттың өзгеруі,
ресурстардың жойылуы, жер сілкінісі, т.б.

Әлеуметтік қысым кез келген қоғамдық құбылыс секілді нақты бір орын, уақыт
және жағдайлар үйлесімінде әрекет ететін жалпы алғышарт пен локалды
себептерге ие.

Қысымның жалпы алғышарттарына наразылықтың жинақталуына, психологиялық
шаршау мен ашуланшақ мінездің артуына, жеке топтар мен индивидтердің
агрессияшылдығының өсуіне алып келетін қажеттіліктер, мүдделер,
тұрғындардың барлық жиынын немесе белгілі бір бөлігін әлеуметтік тұрғыдан
күту және оларды қамтамасыз ету шаралары арасындағы келіспеушілік
жағдаятының тұрақты әрі ұзақ уақыт бойы шешілмеуі жатады.

Басқа сөзбен айтар болсақ, мәселе конфликтік жағдаяттың тұрғындар санасында
бейнеленуі туралы болмақ.

Әлеуметтік қысым кемінде екі түрлі жағдайда туындайды:

Көптеген адамдар басында өздерінің әлеуметтік, экономикалық, саяси, ұлттық,
мәдени немесе қандай да бір өмірлік маңызы бар қажеттіліктер, мүдделер мен
құқықтарын қанағаттандыру үдерісінің қауіпті екенін немесе тіпті мүмкін
еместігін күңгірт түсінген жағдайда;
Салыстырмалы тұрғыда бастапқыда қоғамдағы орын алған жағдай негізінде өз
қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және өз мүдделерін жүзеге асыруға
мүмкіндігі жоқ адамдардың шағын бір тобы қоғамда қанағаттанбау, қорқыныш,
торығушылық және т.б. көңіл күйді тарата отырып, анық (алдамшы)
кедергілерге немесе өз құқықтарына шынайы (ойластыра отырып) шек қоюға
қарсы күреске түседі.

6 Екі жағдайда да әлеуметтік шиеленіс пат жағдайында, яғни жетілген
дағдарыс өз уақытында анықталмай, ал оған қарсы тұру еш жойылмай тұрған
кезде туындайды.

7

8 3. Конфликт қатысушыларының психологиясы.

9 Кез келген қоғамда тұлғалық және топтық конфликтер тек сыртқы себептерден
(экономикалық, әлеуметтік, мәдени және т.б.) ғана емес, сондай-ақ жеке
тұлғалар мен топтардың психологиялық ерекшеліктерінен де туындайды. Сонымен
қатар көптеген зерттеушілер конфликтің ішкі және сыртқы (психологиялық)
нақты факторларын паритетті, шамалас ретінде қарастыруға бейімді.

Ішкі детерминантнақты фактор тұлғааралық конфликтерде ерекше маңызға ие,
себебі олар тұлғааралық және топаралық конфликттер болып көрінгенімен,
оларды өздері туындатады.

Психологтар үшін конфликтік жағдайларды талдау мен оларды реттеу бойынша
практикалық шараларды анықтаудағы ең маңыздысы – жоғары конфликтогендікке
себеп болатын тұлғалар мен топтардың мінез-құлқындағы типологиялық
психологиялық ерекшеліктерді ашу болып табылады. Мұндай ерекшеліктер
арасынан ең алдымен, талап, өзін-өзі бағалау, тәртіпсіздіктің аса көтеріңкі
деңгейін, жоғары доминанттық, өзіне қатысты ескертулерге тым жоғары
сезімталдылықты, қоршаған адамдар тарапынан құрметтеу мен таңдануға деген
қажеттілікті, ренжуді және т.б. атап өту қажет.

Осы негізде зерттеушілер (нақтырақ айтар болсақ, А.Л. Журавлёв) әлеуметтік
өзара әрекеттесудегі тұлғаның екі қарама-қайшы психологиялық типін атап
көрсетеді:

Агрессивті тұлға – эмоционалды түрде тұрақсыз, тынымсыз, мұны наразылық
табандылығымен, қатерге ұмтылу арқылы орын толтыруға тырысатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конфликт түсінігі
Конфликт психологиясы
Конфликтінің сипатты көрінісі қатысушы жақтар мақсаттарының айырмашылығы, нәтиже мен қарсы жақтар әрекеттерінің белгісіз болуы
Топ және конфликт
Қақтығыстарды шешу
Ұйымдағы қақтығыстарды шешу әдістері
Консенсус саяси технологиялардың демократиялық принципі ретінде
Саяси қақтығыстар және олардың қоғам өміріндегі орны
Конфликт барысындағы этностық ерекшеліктер
Саяси конфликт
Пәндер