Ұлпан - тарихи бейне


1. 2 «Ұлпан» шығармасындағы қазақ әйелінің болмыс-бітімі . . . 16
2. Ғ. Мүсірепов драматургиясындағы арулар бейнесі . . . 25
3. Кейіпкер характерін ашудағы жазушы шеберлігі
(портрет, мінездеу, монолог, диалог, пейзаждың жасалу жолдары) . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64
КІРІСПЕЖұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері, публицист, драматург, аудармашыәрі сыншы Ғабит Мүсіреповтың артына қалдырған мұрасы өте бай.
Ғабит Мүсірепов өз творчествосында жігерлі де ақылды, сұлу да адал, мейірімді да қайсар, өршіл де күрескер, белгілі бір мүдде жолында өз жанын пида етуге бар, өр рухты да ер мінезді, мәрт те нәзік, бір сөзбен айтқанда суреткер мұраты болып келетін - қаһарман әйелдер туралы үзбей жазған суреткер. Диплом жұмысында Ғ. Мүсіреповтіңана шеберлік деңгейі, қаламгерлік қарымы жан-жақты байыпталады.
Тақырыптың өзектілігі. Өмір өзегі өнер болғанда, сол өнер атаулының ішіндегі өрелісі де, өнегелісі де көркем әдебиет екендігі адамзат қауымына айқын да анық. Қай заманда болмасын, адамзат баласының қуанып қауышары да, жұбанып табысары да ұлы қаламгерлердің жылы жүректерінен, қанатты қиялдарынан өріс алып өрнектелген, өмір шындығынан туындаған шынайы болмысты шығармалар болмақ. Әдебиетіміздің дамуындағы бірқатар қайшылықтарға қарамастан, кеңес дәуірінде оның барлық жанрларының жан-жақты кемелденіп, өсіп, бүкіл одаққа, тіпті әлемдік даңққа ие болғаны көпшілігімізге белгілі. Ұлттық әдебиетіміздің көркемдік, шеберлік деңгейін арттыруда өлшеусіз үлес қосып, өзіндік өрнек қалдырған, көзі тірісінде-ақ «ұлы суреткер», «әдебиетіміздің классигі», «алыптар тобының соңғы тұяғы» саналып келген Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің прозаик, публицист, драматург, аудармашы, сыншы ретіндегі еңбегі ерен. Көркем әдебиет көгіндегі жарық жұлдыздарымыздың бірі болып есептелетін қаламгердің тырнақалды туындысы «Тулаған толқындадан» бастап, проза саласындағы «Кездеспей кеткен бір бейне», «Ұлпан», «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Жат қолында» секілді кесек туындыларымен бірге, драматургиядағы «Қозы-Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Амангелді», «Ақан сері - Ақтоқты», «Болашаққа аманат» іспеттес әйгілі шығармалары ұлтымыздың сөз өнеріне қосылған қомақты табыс, айрықша үлес. Бүгінгі зерттеу еңбегіміздің басты нысанына айналып отырған қаламгер қаламынан туған шығармаларындағы ана образын, қазақ әйелінің сом тұлғасын суреттеген шығармаларының өзі бір төбе. Атап айтар болсақ, «Ананың анасы», «Ер ана», «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ана жыры», «Ананың арашасы», «Ақлима», «Екі әйел -екі дүние», «Әмина», «Ана кесімі айнымайды» т. б.
Ғабит Мүсіреповтің басқа қаламгерлерден бір ерекшелігі - өз шығармаларында аналар, әйелдер өмірін жүйелі суреттеуі. Жазушының бұл тақырыпқа келуінің бірнеше себептері болған. Ең алдымен, ол қазақтың тарихи жырларында кездесетін батыр қыздар туралы көп оқып, білген. Тарихта жауға қарсы майданда ерлермен бірге қаһармандық көрсеткен, бейбіт кезде ел басқаруға қатысып, қайраткерлік танытқан әйелдер аз болмаған. Сондықтан да ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, батырлар жыры мен ғашықтық жырлардағы қазақ әйелінің жарқын бейнесі Ғабит Мүсіреповке де ой салып, толғандырғаны күмәнсіз. Екіншіден, ол өзі өсіп-өнген ортаның, ондағы қазақ әйелдерінің нелер бір жарқын мінездері мен қасиеттерін көріп, үнемі толғанып, ойланып жүрсе керек.
Қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен еңбегімен, асқан парасатымен, шексіз шыдамдылығымен және сүйіспеншілігімен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ сүті арқылы, бесік жыры мен туған тілі арқылы сіңіре білген әйел-аналар аз емес. Осымен байланысты ұлттың болмыс-бітімі, дүниеге көзқарасы мен рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес әйелдің өзіндік табиғатын, қоғамдағы, отбасындағы әлеуметтік қызметімен сабақтас анықтау мәселесін ұлттық таным қорында тіл арқылы жинақталған әйел бейнесі арқылы дәлелдеудің мәні ерекше. Оның өміршеңдік сипатына сәйкес қазіргі қазақ қоғамындағы «қазақ әйелі» бейнесінің даму динамикасын, жаңару үрдісін анықтау зерттеу жұмысының негізгі ұстанымы болып табылады, әрі оның өзектілігін де айқындайды.
Ғабит шығармашылығы жөнінде сөз еткенде, оған сол кезеңде дүниеге келген басқа да қаламгерлердің туындыларының әсері, оларға өзек болған негізгі тақырып, идея мәселелерін салыстыра қарау, солардың ішіндегі зерттеу нысанымыздың өзгешелігін, өзектілігін анықтау қажет нәрсе.
20 жылдардың алғашқы жартысында проза саласында қалам тербеген Жүсіпбек Аймауытов «Күнікейдің жазығы», Сабыр Шарипов «Алтыбасар», Сәкен Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешу», Смағұл Сәдуақасов «Салмақбайдың ауылында кооперация қалай орнады?» сияқты дүниелерімен көркем әдебиеттің бұдан әрі қарайғы қарқынды дамуына, кемелденуіне жол көрсетті. Қазақ әдебиетіндегі проза жанрының қалыптасуында айрықша еңбек сіңірген ұлы қаламгер, айтулы көркемсөз шебері М. Әуезов сөз болып отырған кезеңде халық өмірінің шындық болмыстарын шынайы бейнелейтін бірқатар туындыларымен бірге, «Қорғансыздың күні» тәрізді әйел теңсіздігі тақырыбындағы шығармаларын өмірге әкелді.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, проза мен поэзияда бірдей қалам тербеген Сәбит Мұқанов бұл кезеңде «Ақбөпенің сыры» (1927) және «Адасқандар» романдарын тудырды. Алғашқы туындыда қазақ әйелінің бас бостандығына қол жеткізіп, теңдік алуы негізгі тақырып болатын болса, «Адасқандарда» махаббат, екі адам арасындағы ғашықтық сезімі сөз болады.
Сондай-ақ, осы кезеңде Ілияс Жансүгіров пен Ғабиден Мұстафиндердің де жаңа, жарқын өмірді жырлайтын, төңкеріс алдындағы әлеуметтік теңсіздік, байларды кәмпескелеу мәселелерін баяндайтын туындылары баспадан шыға бастады. Бұл шығармалар, жалпы сөз болып отырған дәуірдегі барлық шығармалардың негізгі тақырыбы - сол кезеңдегі қазақ қоғамындағы әйелдер теңсіздігі, қалыңмалға сатылуы, әлеуметтік жағынан тең емес топтардың арасындағы бітімі жоқ күрес пен тартыс және қазақ қоғамының барлық мүшелері де тең құқықтылықпен өмір сүретін бейбіт, азат өмірге аяқ басуы аясында болды. Жоғарыда аттары аталған шығарма авторларының бәрі де өз туындыларында осы негізгі тақырыптар ауқымында ой қозғап, өз идеялық нысаналарын мүмкіндіктерінше бере білуге тырысты.
Біздің диплом жұмысымыздағы Ғ. Мүсірепов шығармашылығы да сол өз кезеңіндегі жоғарыда аталып өтілген озық шығармалардан үлгі-өнеге алып, тақырып ауқымы мен идеялық жалғастығы, сабақтастығы жағынан тығыз байланыста дамығандығы, олардың арасында өзіндік стилімен, қолтаңбасымен дараланғандығы шүбәсіз шындық.
Ғабит Мүсіреповтің жоғарыда аталған орасан зор табыстары мен ерен еңбегі өзі өмір сүрген кезеңде-ақ бағаланып, мақалалар мен очерктер жарық көріп жатты. Жазушы туындыларының әлемдік деңгейін танытатын, «Оянған өлке», «Жат қолында», «Қазақ солдаты» тәрізді айтулы романдарының шығармашылық тарихын сипаттайтын монографиялар мен зерттеулер легі әлі күнге толастаған жоқ. Бұлардың барлығында да қаламгер шығармашылығының шыққан шыңы, белгіленген биігі жоғары тұрғыда баяндалады.
Зерттеу нысаны. Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы қазақ әйелі образының жасалуы, сонымен қатар оның қоғамдағы орны мен рөлі туралы деректерді зерделеу. Ғ. Мүсіреповтің әңгіме, пьеса, роман жанрларында қазақ әйелі образын жасаудағы шеберлігін нақты мысалдар арқылы көрсету.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Зерттеудің негізгі мақсаты суреткер Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов шығармаларындағыәйел-ана бейнесінің сомдалу шеберлігін зерделеу. Ғ. Мүсіреповтің шығармаларына тақырып таңдау ерекшелігі, өмірден талғап алған тақырыпты игеру өзгешелігі, осы жолдағы көркемдік әдіс тәсілдерді қолдануы, аз сөзбен ауқымды мағына беру тәсілін игеруі, суреттелген өмір шындықтарына көзқарасын білдіріп, бағалауы, өзіндік стиль үлгісін таныта бастауы зерттеудің қажеттілігін туындатады. Қазақ әйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын оны сипаттайтын ерекшеліктерді айқындау және оны Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы әйел образдары арқылы көрсету, түсіндіру. Аталған мақсаттарға жету жолында мынадай міндеттер алға қойылады:
- жазушының тақырып таңдау әдісі және таңдалған тақырыпты асқақ рухта, көтеріңкі пафоста бейнелеу тәжірибесі қарастырылады;
- ұлттық болмысымызда қалыптасқан әйел-кие, әйел-ана, әйел-сұлулық, әйел-өмір сыйлаушы, әйел-дана сияқты ұғымдарымызды әйел-ер ана, әйел-еңбеккер, қуатты ана бейнелерімен нақтылап дәлелдеу;
- осы көркем образдар арқылы қазақ әйелінің ерлік, батырлық, жағымды істерін халыққа терең таныту;
- зерттеу мазмұнында талданған ассоциациялар мен бағалау - қазақ әйелінің сезімдік, әлеуметтік, психологиялық, мәдени дәйегін ұлттық сананың кілтін ашатын тілдік құралдары арқылы айқындау:
- кейіпкер сомдаудағы суреткердің ерекшелігіне: қаһарманының портреттік кескінін, түр-тұрпатын, бітім-болмысын диалог, монолог үлгілеріндегі сөйлеген сөзі, қимыл-қозғалысы, кесек істері, мінез-құлқы, психологиясы арқылы бейнелеуге ұмтылу шеберліктері сараланады;
- «көркем шығарманың жаны» болып есептелетін тартыстың қаламгер шығармаларындағы шынайы көріністері талдап-талқыланып, таразыланады;
- жазушының суреткерлік қолтаңбасы мен өзіндік көркемдік ерекшеліктерінің қалыптасу тарихы зерделенеді;
- жазушының повесть жанрындағы алғашқы және кейінгі туындыларының қазақ прозасы тарихындағы алатын орны белгіленеді.
Жұмыстың дереккөздері. Ғ. Мүсіреповтің қаламынан туған көркем туындылар, мерзімді баспасөзден алынған деректер.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Зерттеудің негізгі жаңалығы - «қазақ әйелі» образының көркем шығармаларда суреттелуін, соның негізінде анықталған мына жайларды зерттеудің жаңалығы және нәтижелері деп санаймыз:
- «қазақ әйелі» бейнесінің аясына кіретін сөздер, көркем мәтіндер, мақал-мәтелдердің мағыналары айқындалып, олардың этномазмұндық мәнін ашу арқылы қазақ әйелінің бейнесі көрсетілді;
- ассоциативтік тәжірибе әдісін қолдану арқылы қазіргі ұрпақ санасындағы «қазақ әйелі» туралы қалыптасқан ұғым-түсініктер, ұлттық стереотиптер анықталды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары қазақ тіл біліміндегі “қазақ әйелі” образының көркем шығармада қолданылуына байланысты зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосады. Зерттеу барысында талдау жасалынған Ғ. Мүсірепов туындыларын қазақ қоғамындағы әйелдің алатын орны мен маңызын түсіндіру үшін пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- қазақ әйелінің ойлау қабілеті, зейін зерде ерекшелігі, дүниетанымы, парасат-пайым деңгейінің, мінезінің, еңбекқорлық, төзімділік, махаббат, сұлулық т. б. қасиеттерінің көрінісі;
- «қазақ әйелі» бейнесі - ұрпақтан ұрпаққа беріліп, сақталған ұлттық таным ақпаратының санада қалыптасқан мән-мазмұны, қызметі;
− тілде, жадта бұрыннан сақталған ақпаратты қабылдау, тану, өңдеу арқылы жаңа сапада жаңғырту «қазақ әйелі» бейнесінің қазіргі қазақ қоғамындағы мәнін таным мен мәдениет сабақтастығын дәлелдейді.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Сипаттама, тарихи-салыстырмалы, сараптама әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, үш тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1Ғ. Мүсірепов прозаларындағы ана бейнесіКөркем әдебиет әлемді сөз арқылы эстетикалық жағынан игереді. Ол ірі табиғи өзгерістерді, қоғамдық құбылыстарды, халық өміріндегі басты оқиғаларды, адамзат баласының рухани өмірі мен іс-әрекет, қимыл-қозғалысын, ішкі жан әлемін қамтиды. Әдебиеттің тақырыбы мен идеясы, көркем шығармалардың мазмұны мен пішіні қоғам дамуы барысындабасқаша сипатқа енуі заңды да, себебікөркем әдебиет қоғамдық-тарихи құбылыстар қатарына жататындықтан, әдеби шығарманың бүтін болмысы мен элементтері қоғам дамуына сәйкес үздіксіз өзгеріске түсіп отырады.
Әдебиет біздің пайымымызша, өмір құбылыстары мен қоғамдық өзгерістерге нақты да айқын үн қосып отыратын мәңгілік қозғалыс, даму үстіндегі тірі жүйе, организм. «Көркем творчествоның екі объект тұтастығынан туатын бір ғана пәні бар: белгілі қоғамдық орта және сол ортада өмір кешуші адам. Көркем шығарма қоғамдық адам арқылы қоғам тынысын, оның ішкі сыр-сипатын, әлеуметтік бетін танытады. Қоғамдық түрлі құбылыстар арқылы адам жаратылысының сан салалы жұмбақ тылсымдарын ашады. Материалдық өмірдің санадағы сәулелену процесін көрсетеді. Суреткер барлық күш-қайратын адам жанының шындығын танытуға жұмылдырады. Көркем шығарманың әрбір жалқы сыңары, деталіне дейін адам өмірімен тығыз байланысты»[1, 155 б. ] деген ғалым Ж. Дәдебаевтың ғылыми тұжырымы жоғарыдағы пікірімізді нақтылай түспек.
Жоғарыдағы айтылған ой-пікірлерді толық қуаттай отырып, біз әдебиеттің өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс дами алмайтындығы тағы да ақиқат жай екендігіне толық көз жеткізе түсеміз. Әдебиет - өмір айнасы. Ал сол өмір өзін қоршаған ортаға тікелей тәуелді. Ол орта - сол кездегі халықтың саяси, әлеуметтік, қоғамдық жағдайлары.
Жарты ғасырдан астам уақыт бойына социалистік формацияда күн кешкен әдебиетіміздің тағдыры сол дәуірдегі Кеңес үкіметі жүргізген саясатқа тәуелді болды. Дегенмен бұл кезеңде халқы үшін жанын қияр ерлеріміз, ақылы биік, өресі кең, білімі мол ардақтыларымыз осылайша күн өткізудің ақыры жақсылыққа апармайтынын іші сезіп, халықтың ұлттық бітім-болмысын сақтап қалудың барынша ұтымды жолдарын іздестірумен болды.
Суреткер Ғ. Мүсіреповтің әдеби шығармашылығына үңіле отырып, кеңестік кезең саясаты мен сол тұстағы идеологиялық талаптардың әсерін аңғарамыз. Әлбетте, әдебиетіміздегі осы іспеттес келеңсіздіктерді қарастырғанда шығарма дүниеге келген дәуір ерекшеліктері, сол кезеңдегі қоғамдық жағдайлар мен саяси оқиғалар, тарихи өзгерістер мен әлеуметтік әл-ахуалдар есепке алынуы қажет. Бұл жөнінде қазақ әдебиеттанушы ғалым, зерттеуші Х. Әдібаевтің «Көркем шығармада терең ой мен тебіреніс, тоғысқан тағдыр мен шыншыл тіршілік болмаса, ол өзінің әлеуметтік, эстетикалық ролін атқара алмайды. Көркем шығарма міндетті түрде проблема көтеруі керек, жылдар бойы азаптаған ойды ортаға салар болар азамат-қаламгер. Сан-сапалық оқиғалар, сан қилы толғаулар, неше түрлі тартыстар түйінді проблемаларды шешсе ғана қажет. Ал, тек уақыт елесін ғана беріп, қат-қабат сыры, ұсынар ойлары болмаса, ол өнер туындысы емес » [2, 1 б. ] - деп кесек пікір, кесімді шешім айтуы ғасыр перзенті - қаламгер қауымының арқасына ауыр жүк, ауқымды міндет артқандай.
Көркем әдебиеттің биік қасиеті, көркемдік қуаты мен шынайы шеберлігі жөнінде қаламгердің өзі: «Көркем әдебиет деген ең әуелі жанды сөз, тек қана сыртқы емес, ішкі сөз. Адам жанын қозғай алар құдіреті болмаса, төрт аяғын тең басқан өлеңнен де, сағымдай құлпырған қара сөзден де пайда жоқ. Көркем сөздің сұлулығы сағымдай құлпырмасын, өзендей толқысын» [3, 86 б. ] - деп өз пікірін білдіріп, қатал да нақты шарт қояды.
Өмір ұстазы немесе адам жанының инженері аталған жазушы үшін жай адамның білгеніндей білу жеткіліксіз. Жазушы суреттеп отырған құбылысты ғана емес, жалпы өмірді жан-жақты білуі керек және көп нәрсені көзімен көріп, басынан кешірген болуы керек. Жазушылардың бірсыпырасының бүгінгі қайнап жатқан өмір туралы қалам тартуға жүрексінетіні, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен сырғанайтыны өмірді жетік білмеуі себепті болса керек.
«Әдебиет өз заманының саяси-әлеуметтік жағдайына сәйкес моральдық және рухани жағынан өсуі мен өзгеруінің, кері кетуі мен кемелденуінің таразысы әрі айнасы» [4, 6 б. ] .
Әдебиеттің өз өзгешелігі, өз әдісі, өз тәсілдері бар. Жазушы әлеуметтік күрделі мәселелерді жадағай қалпында шығарма өрнегіне түсіре салмайды. Бұл жайт Ғабит Мүсірепов шығармаларын оқығанда айқын аңғарылады. Қаламгер 20-30 жылдарда революциялық түбегейлі өзгерістерді, қазақ даласында қарқынды жүріп жатқан жаңалықты, қазақ ауылдарынан колхоз құрып, ауыл өмірін жаңалап жатқандарды жаза отырып, қазақ әйелдерінің тұрмыстағы өмірінің қоғамға, жаңа өмірге қадам басқан бейнелерін суреттеген шығармаларға қалам тартты. Жаңа өмірді суреттеген жаңаша тақырыптағы туындыларын тудырды. Сол жаңа тақырыпты, жаңа өмірді жыр етуге құмарлықты жазушы тұрақты әдетіне, дәстүріне айналдырғандығына оның сол кезеңде жазылған шығармалары айғақ. Суреткер Мүсірепов әлеуметтік, қоғамдық зор мәнді мәселелер жайында толғанған, әрдайым өзі өмір сүрген қазақ қауымының, кеңестік одақтың іргелі, толғақты мәселелерін, проблемаларына қалам тарта отырып, қазақ даласындағы ұлы өзгерісті, жаңа өмірдің қазақ қоғамына әсерін, қазақ әйелдерінің бейнесін суреттеді. Қоғам өміріндегі ең сүйікті, өзекті, шешуші мәселелер - халықтың, елдің экономикалық, мемлекеттік, мәдени-рухани тіршіліктері.
Өмірде бірде-бір оқиға, құбылыс жалқы, оқшау тұрмайды, көптеген басқа құбылыстармен астасып, сабақтасып жатады. Осы сырға қанық Ғ. Мүсірепов өмір оқиғаларын қат-қабат қайшылықта, күрделі күйде алып суреттейді.
Ғабит ұзақ жыл бойғы қаламгерлік жолында халық өмірінің сан-сала басты, күрделі, маңызды, шешуші мәселелерін көтерді, жаңа заманның топ-топ жарқын образдарын жасады, кеңестік өмірдің сыры мен сынын ашты, өрістей өскен заманның талғамына, талабына сай көркемдіктер жасады, халқымыздың көркемдік қорына зор да асыл, бағалы үлестер қосты, асыл қазынасын байытқан үстіне байыта түсті. З. Ахметов:«… Ғабит Мүсіреповтің жазушылық шеберлігі дегеніміз - алдымен ел өміріндегі ең келелі саяси-қоғамдық, ой-саналылық, мәдениеттік мәселелерді терең толғап түсіну, ой түю, пікір қорыту шеберлігі, халық тіршілігіне, тағдырына қатысты сан алуан құбылыстарды суретшіше сергек сезініп қабылдай білу, бейнелеп көрсете білу шеберлігі» [5, 2 б. ] .
Адам өміріндегі ең аяулы да құдіретті жан туралы әлем әдебиеті тарихында жүздеген жылдардан бері сөз болып келе жатыр (Ги де Мопассан, М. Горький т. б. ) . Ал қазақ әдебиетіндегі ана тақырыбына тереңдеп барып, бір емес бірнеше шығармасын ана тақырыбына арнап, қазақ әйелінің - қазақ анасының ішкі жан дүниесіне үңіліп, айқын аша білген дарынды да, талантты қаламгер - Ғабит Мүсірепов болды.
Ауыз әдебиетінен бастау алып, Совет дәуіріндегі қалам ұстаған ақын-жазушылардан әйел тақырыбына қалам тартпағаны кемде-кем. XX ғасырдың басындағы қазақ прозасында әйел теңсіздігі тақырыбы ерекше қазақ әдебиетіндегі өзекті тақырыптардың бірі болды. Қазақ әдебиетіндегі ірі, орта эпикалық туындылардың алғашқыларының -«Бақытсыз Жамал», «Қалың мал», «Шұғаның белгісі» атауларынан-ақ олардың тақырыптық-идеялық сипатын айқын аңғарамыз. С. Сейфуллиннің «Айшасы», Б. Майлиннің Шұғасы мен Раушаны, С. Мұқановтың Сұлушашы мен Ботагөзі, М. Әуезовтің Зересі мен Ұлжаны, Тоғжаны мен Әйгерімі, Ғ. Мұстафиннің Ардағы мен Шолпаны, Х. Есенжановтың Мүкарамасы мен Шолпаны, Т. Ахтановтың Айшасы мен Сәулесі, Ә. Нұрпейісовтің Ақбаласы, Ш. Айтматовтың Жәмиләсі, М. Сүндетовтың Жазирасы, Ә. Кекілбаевтың Ақтамағы, Т. Әлімқұловтың Гүлнашы толық дәлел бола алады. Қазақ әдебиетінде бұл образдардың да өзіндік шығу тегі, өсу жолы, ер жету, есею, кемелдену тарихы бар. Ал, М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Ж. Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы», М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» т. б. туындыларындағы әйел бейнесі - замана ағысымен түрленіп, жаңарып, қазіргі қазақ прозасының қуат алатын бастауы болып қала береді.
Ғ. Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық бейнесін жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел - Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел - Ана тұлғаларының галереясын байыта түсті. Ол “Ананың анасы” (1933), “Өлімді жеңген ана” (1933), “Ашынған ана”, “Ананың арашасы” (1934), “Ер ана” (1942), “Ақлима” (1944), “Әмина”, “Ана жыры”, “Ана” шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М. Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz