Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Рахимжанова Алуа

Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастыру.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010100 - «Мектеп жасына дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы

Түркістан 2014

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

кафедра меңгерушісі

п. ғ. к., доцент м. а. Рысбекова А. Қ.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастыру.

5В010100 - «Мектеп жасына дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы

Орындаған: Рахимжанова А.

СМД- 211ДЖ

  1. Ғылыми жетекшісі, п. ғ. к., доцент: Кішібаева Д.

Түркістан 2014

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық сипаты . . . 7

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігін ойын арқылы қалыптастырудың ерекшеліктері . . . 16

2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың жолдары . . . 33

2. 2 Ойын арқылы Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . . 44

Қорытынды . . . 59

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 61

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы болашақ мамандарсыз инновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халыктарына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау. Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу және қоғамдық жаңару кажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын [1] .

Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр. Бұл міндеттер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру қажеттігін негіздейді. Айтылған мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, Мектеп жасына дейінгі балалардың білім алуы барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білу арқылы танылады. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру мәселесі қазіргі уақытта Мектеп жасына дейінгі мекеме үшін өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Сондықтан қазіргі бала-бақшадан бастап мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру маңызды міндет, ғылыми мәселе.

Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау дәрежесі мен дербес іс-әрекеттегі белсенділігінің қалыптасуына жан-жақты жағдай жасап, мектепте берілетін ғылыми білім сапасын жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгерту міндеттері олардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға тікелей байланысты. Осы күнге дейін, негізінен эмперикалық деңгейде қалып келген дәстүрлі оқыту жүйесі мен заман талаптары арасында пайда болған диалектикалық қарама-қайшылық бала бақшада оқытудың жаңа сапалық деңгейін қажет етуде. Баланы даяр білімді қабылдаушы объект емес, білімді өз бетімен ізденуші субъект ретіне қарау мақсатында оқыту жүйесін лайықтаудың қажеттігі артуда.

“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруға бағытталған міндеттер белгіленген. Әсіресе, Қазақтанның халықаралық білім кеңістігіне енуге бағытталған шарттары ретінде 12 жылдық білім беруге көшуді басты фактор деп қарастырады. Аталған міндеттердің толық жүзеге асуы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға тікелей байланысты десек қателеспейміз. Сондықтан, жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әрекетін қалыптастыруда дәстүрлі оқыту әдістерін әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын толықтыра отырып оқу үдерісін жетілдіру міндетіміз[2] .

Осыған орай мектепте дейінгі мекемеде берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытуды белсендірудің жаңа әдістемелік жүйесін жасау, ең алдымен, әрбір балалардың жан-жақты жетілуіне, ойлау белсенділігі мен ізденімпаздығының қалыптасуына, нәтижесінде шығармашыл жеке тұлғасының шығармашылық әрекетінің қалыптасуына қызмет етуі тиіс.

Тарихи тұлғалар, ғұлама ғалымдар Әл-Фараби, Ж. Баласағұн білім, тәрбие мәселелері жайлы ілімдері мол рухани мұра. Әл-Фараби алған білімнің философиялық негізін салып, ол білімді-философиялық категория және бүкіл шығармашылықның даму үдерісінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының жиынтығы деп қарастырады [3] .

Шығармашылық белсенділігін және ойын белсенділіктінің психологиялық негізін Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, Е. И. Машбица, С. Л. Рубинштейн, Ш. Таубаева, Н. Ф. Тализина, Мырзабаев А. Б., М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Г. М. Қасымова және т. б. зерттеулерінде түрлі аспектілері, психологиялық тетігі қарастырылған [4, 5, 6] .

М. А. Данилов, Б. П. Есипов, П. И. Пидкасистый, М. Н. Скаткин, В. А. Сластенин, И. Ф. Исаев, Е. Н. Шиянов, Т. И. Шамова, Г. И. Щукина, А. К. Маркова және т. б. еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері мен технологиясы анықталған [7, 8, 9] .

Елімізде мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әрекетін қалыптастыру мәселесіне байланысты соңғы кездері зерттеулердің мынадай бағыттары дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады: оқыту үдерісінде мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру мәселелері; оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану мәселесі; жеке тұлғаға бағытталған білім беру; оқыту үдерісін жетілдірудің маңызды аспектілері; шығармашылық белсенділікті қалыптастыру Ж. Оңалбек, Б. А. Тұрғынбаева және т. б. Қарастырылған жұмыстар бүгінгі таңда бастауыш мектеп балаларының, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда маңызды болып табылады [10, 11] .

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда маңызды қалыптастыруда ойынның мәнін психологиялық негізін және т. б. жүйелеген.

Ойын дамуының тарихи аспектісі адамзат әрекетінің ерекше формасы ретінде Е. А. Аркин, Е. А. Покровский, Р. И. Жуковская, Р. И. Меджерицкая, В. Г. Яковлева, Т. И. Шамова және т. б еңбектерінде көрсетілген [12] .

Шығармашылық әрекетті қалыптастырудың негізгі бағыты - жеке тұлғаны қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына, шығармашылық белсенділігінің қалыптасуы арқылы интеллектуалдық мүмкіндігінің жоғары деңгейге жетуіне жағдай жасау.

Елімізде Мектеп жасына дейінгі мекемелерде ойын әрекеті туралы оның ішінде ойындарды оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың жолдарын Ф. Н. Блехер, Джафарлы, Г. И. Камаева, Г. А. Ляпина, Э. М. Муртазина, М. Мұхамедин, А. К. Никифорова, Н. Н. Страздас, М. Т. Тұрыскелдина, Р. Т. Талипова,, Т. Иманбеков зерттеуінде Мектеп жасына дейінгі балалардың дамытушы ойындар арқылы шығармашылық әрекетін қалыптастыру мәселесі ішінара қарастырылған. Т. Ж. Бекботчаева, А. К. Айтпаева, Қ. Сағындықов, Г. М. Қасымованың зерттеулерінде қазақтың ұлттық ойындарын дидактикалық мақсаттарына жіктеген. Дей тұрғанмен, қазіргі Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың маңызды жағдайында ойындар арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың қажеттігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда және ғылыми-әдістемелік жағынан қажетті зерттелмеуі, сонымен қатар бүгінгі бала бақшаның нақты қалыптасқан жағдайында оқытуды белсендіру мүмкіндіктерін ескеру арқылы бұл мәселені шешуге бағытталған зерттеу жұмыстарының жоқтығы қарама-қайшылықтарды туындатып отыр [13, 14] . Осы қарама-қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты “Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастыру” деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастыру.

Зерттеудің міндеттері: зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектердің педагогикалық сипатын айқындау;

- Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігін ойын арқылы қалыптастырудың ерекшеліктерін қарастыру;

- Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың жолдарын анықтау;

  • Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін қолдану.

Зерттеу нысаны: Мектеп жасына дейінгі мекемедегі педагогикалық үдеріс.

Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастыру үдерісі.

Зерттеу әдістері мен әдістемелері. Әдебиеттерге теориялық талдау жасау, балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру әдістері, әңгіме әдістері, қалыптастыру және ұлттық, дидактикалық ойындар әдістемелері қолданылды.

Зерттеу жұмысының дерек көздері: философтар, психологгар, педагогтар, әдіскерлердің мектепке дейінгі балалар мәселелері бойынша жарық көрген еңбектер, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттар, тәрбиешілердің озық тәжірибелері.

Зерттеудің ғылыми жаңалықтары:

-шығармашылық белсенділігін қалыптастыру философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылымдар тұрғысынан зерделенді және оны іс жүзіне асырудағы әдіс-тәсілдер айқыналды;

- Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың ұғымдары нақтыланды.

Қорғауға ұсынылатын ғылыми тұжырымдамалар мен нәтижелер:

- Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың мазмұны айқындалды;

- Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері қолданылды.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық сипаты

Балаларды Мектеп жасына дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленген [15] .

Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы шығармашылық белсенділігін қалыптастыру мәселесі көп қырлы. Себебі білім беру және бала тұлғасын дамытуда шығармашылық белсенділігін ғылыми пәндердің кең аясын қамтитын ұғым болып табылатындығын көрсетеді. Мұндай тұжырым бұл ұғымды философиялық, физиологиялық, психологиялық, педагогикалық, дидактикалық тұрғыдан қарастыру қажеттігін анықтайды. Шығармашылық белсенділік, әдіснамалық талдау диалектика заңдарына, оның шығармашылық теориясына, сонымен қатар зерттеудің диалектикалық әдісіне шығармашылық тұрғыдан сүйенуді ұсынады. Ғылыми еңбектерде диалектикалық әдістің негізгі талаптары: пәннің барлық жақтарын меңгеру; пәнді өзіндік логикалық дамуы бойынша қарастыру; барлық адамдық практиканы пәннің толық анықтамасына енгізу; абстракциялық ақиқат жоқтығын, ақиқат әрқашан нақты екенін ескеру.

Шығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамытатын тәрбиеші өзі шығармашылықпен жұмыс жасауы керек.

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында өткізілетін ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті барысында жаңа технология элементтерін пайдалану тиімді. Бұл орайды баланы жалықтырып алмаудың жолдарын қарастырып, төмендегі тәсілдерді тиімді қолдану қажет:

*Мектеп жасына дейінгі балалардың белсенділігін ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;

* Білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;

* Жылы сөздер арқылы «сенің қолыңнан келеді», «сенің болашағың зор»- деп, үнемі балаға шабыт беріп отыру.

Белсенділікті педагогикалық, психологиялық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлықтағы мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепалды даярлықтың педагогикалық үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық-психологиялық зерттеулер мектеп жасына дейінгі балалардың белсенділігін қалыптастырудың тиімді құралы дамытушы орта екендігін дәлелдеп отыр.

Ж. Ж. Руссоның философиялық-педагогикалық көзқарастарында даму ортасы ерекше орын алады. Белсенді тұлғаның оңтайлы даму негізі деп ортаны қарастырғандардың ішінде Ж. Ж. Руссо алғашқылардың бірі болды. Ол тәрбие үрдісі тиімді өту үшін, әр тұлғаға оның шындықтағы мүмкіншіліктері мен табиғи сұраныстарының арасында тепе-теңдік орнататындай ерекше даму ортасы құрастырылуы керектігін атап көрсетті. Бұл ортада тұлға әзір білімді алмайды, ол сол білімді өзі тауып, тірі табиғатты бақылай отыра өзінің тәжірибесінің негізінде үйренеді. Б. Ә. Төтенаевтың пікірінше, тұлға дамуының негізгі кайнар көзі білімнің көлемі емес, сол білім көлемін өздігінен еркін пайдалана білуінде. Осылайша «табиғи саналылықтың» тәрбиесінде дамыған тұлға өз қасиеттерінің ішкі әлем дүниесінің еркіндігін сақтап қалуға мүмкіндік береді [16] .

Мектеп жасына дейінгі балалардың белсенділігін қалыптастыру мәселесі теория мен тәжірибеде жаңалықты іздеуді талап етеді, бүгінгі жағдайда ол өзіндік анықтаушы мағынаға ие болып отыр. Әсіресе балаларды мектепке дайындауда мектеп жасына дейінгі балалардың бойында оқу іс-әрекетін меңгеруіне қажетті қасиеттерді тәрбиелеу және мектеп жасына дейінгі балалардың толыққанды қалыптасуы үшін дамытушы ортаның өзіндік маңызы зор. Адамды қоршаған жағдайлардың жиынтығы - орта, адам ортамен ағза және тұлға ретінде өзара іс-әрекетке түседі. Ішкі орта - ағзаның күйімен анықталатын ортаның түрі. Сыртқы орта - адамды қоршаған сыртқы орта, ол екі түрге - денелік және әлеуметтік болып бөлінеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі ойын болғандықтан, әсіресе ойын арқылы балалардың интеллектуалдық және эмоционалдық жағы белсенді дамиды. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым сипаттағы түсініктері мен іс-әрекет әдістерін дамытуға ықпал етеді. Балалар ойын кезінде бақылайды, байқап көреді және тәжірибе жасайды, тексереді, талдайды, заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын, ерекшелігін салыстыра отырып, сұрақтар қояды және жағдайларға өзіндік қорытынды жасайды, шығармашылықдық іс-әрекеттерінің дамуына зор ықпал етеді. Себебі, ойын барысында мектеп жасына дейінгі балалардың дене және рухани жан дүниесі, ақылы, қиялы дамиды, тұлғалық бейнесі қалыптасады. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық тәжірибені меңгеру тәсілі, яғни, ол өзгелердің пікірімен санасуға, ортақ тіл табысуға, шешім қабылдауға т. б. көптеген әлеуметтік, өмірлік дағдыларға осы ойын арқылы қол жеткізеді. Ойын үстінде бала оқып-біліп жатырмын деген ойда емес, ойнаудамын деген түсінікте болады. Сонымен «дамытушы орталықтарда» мақсатты ұйымдастырылған іс-әрекеттер нәтижесі қалыптасып келе жатырған бала тұлғасына әлеуметтік, рухани жағынан өмір сүруіне аса керек қажеттіліктерді дер кезінде қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, оның әрі қарай дамуына жол ашады.

Ойынның ұзақ болуын, эмоционалды қанықтығына жету үшін және ойын міндетін интеллектуалдық тұрғыдан шешуде, педагог мектеп жасына дейінгі балалардың мақсатқа бағытталған тактикалық тәжірибесін байытуы, оны бірте-бірте шартты ойын жоспарына ауыстыруы, өз бетімен ойнайтын ойында мектеп жасына дейінгі балаларды шынайылылықты шығармашылықпен бейнелеуін оятуды қамтамасыз ету қажет. Эмоция ойынды қызықтырады, өзара қарым-қатынас үшін қолайлы жағдай жасайды, әр мектеп жасына дейінгі балалардың жан дүниесіне қажетті тонусын көтереді, бұл өз кезегінде мектеп жасына дейінгі балалардың біріккен құрбы-құрдастарымен әрекетінде және тәрбиелеу қызметінде қабілеттілік жағдайын қалыптастырады.

Психологиялық - педагогикалық әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей шығармашылық белсенділік терминiнiң негiзiнде белсенділігін жөнiнде түсiнiк жатыр. Ол әр түрлi салада талдауды талап етушi көп аспектiлi феномен ретiнде көрiнедi:

  • биологиялық, психологиялық, педагогикалық пікірлер берілген.

Биологиялық аспект - белсенділігін мәселелерi түсiнiгiмен байланысты белсендi бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесi болып табылатындығы жөнiнде түсiнiкпен тығыз байланысты. Ол өзiн-өзi ретке келтiрумен негiзделедi. Биологиялық белсенділігін адамның ортаға бейiмделуiн қамтамасыз ететiн оған тән тұқым қуалау қасиетi. Оны өзара қарым - қатынас кезiнде ағза мен оның тiршiлiк ету шарттарымен аралығында туатын қарама - қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар осы әсердi жоюға мүмкiндiк беретiн және мiнез-құлық құруға өткен оқиға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкiндiк беретiн физиологиялық механизмдер де туып отырады. Мұнда белсенділігін бейне белгiсiн тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тiрi материяның iштей детерминацияланған iс - әрекетiнiң бiр түрi болып табылады. Адам өзiндiк табиғи сапаларының күшiмен, әлеуметтiк мәндiлiк күшiмен де белсендi келедi.

Психологиялық аспект - тұрғысынан белсенділігін С. Л. Рубинштейн Б. Ә. Төтенаевтардың көзқарасындағы жалпы психика жөнiндегi детерминистiк түсiнiк беру сұрағының бiр бөлiгi ретiнде қарастырылады. Мұнда белсенділігін iшкi шарттар арқылы болатын сыртқы себептерiнiң әрекетiнде көрiнедi, сыртқы шарттардың нәтижесi және ол iшкi сапаларға тәуелдi. Iшкi мен сыртқының қарым - қатынасы өзбеттiлiктiң және сыртқы әсер жауап беру белсендiлiгiнiң өсуiнде көрiнетiн күрделi шарттардың жоғарылауына сай өзгерiп отырады. Белсенділігін адамның жаңа қарым - қатынасына айналады, бұл - адам жеке тұлға ретiнде көрiнгенде және белсендi әрекет қарым - қатынас иесi болған жағдайда болады.

С. Л. Рубинштейн адамның іс-әрекетін былай түсiндiредi: «Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан iшкi шарттар арқылы әрекет жасайды». Белсенділігін субъектiнiң объектiге қатынасын қарастырады. Ол қатынас мына сәттердiң болуын қалайды:

- объектiлерге бағытталған ыңғайлы таңдаушылық,

- объектiнi таңдаудан кейiнгi мақсаты,

- тапсырмаларды қою,

- iс-әрекетке объектiнiң қалыптасуы,

- мәселенi шешуге бағытталуы.

Практикалық әрекеттiң жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер етедi, таниды, өз қажеттiлiктерiмен мақсаттарына сәйкес құрады [17] .

Әлеуметтiк тұлғалық аспект мәселелерi iс - әрекет кезiндегi тұлғаның белсендiлiгiн зерттеумен байланысты. Тұлғалық белсенділігін - адамның тек табиғи қасиетi ғана емес дегенге сүйенедi. Бұл әрекет өз жеке тұлғасының өзгеруiмен және әлеуметтiк ортаның өзгеруiмен байланысты өзгеруi мүмкiн. Психолог Б. Г. Ананьев белсенділіктің ерекше түрі ретінде шығармашылық деп көрсетті.

Шығармашылық белсенділік тұлғаның әлеуметтiк сапасы деп қарастырсақ, оны әрекеттiң қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс. Әрекет бұл адамның қоршаған ортаның меңгеруiнiң және құрылуының бiр түрi. Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды. Тұлғаның әрекетке қарым-қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әртүрлi болуы мүмкiн. Белсендiлiк болмыстық қоғам формаларын құруға және адамның адамның қоғамдық мәнiн жүзеге асыруға бағытталған әрекет болып табылады.

Белсенділігін үдерісінде субъект нақты затты, алғашқы кезде субъективті мақсатқа, білімге, жоспарға айналдырады. Олар жасаған зат адами мағынаға ие болады және адамның жүйесі аясында қызмет атқарады, сондай-ақ «субъектінің қызмет органы» ретінде көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Танымдық белсенділіктің теориялық негіздері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойындар арқылы қалыптастыру
БАЛАБАҚШАДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда айқындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz