Тахеометриялық түсірістің мәні


Жоспар:
- Тахеометриялық түсірістің мәні
- Тахеометрлік түсірістің пландық-биіктік негіздері
- Тахеометрлік түсіріс жұмыстары
- Түсіріс жұмыстарын өңдеу және планға түсіру
Тахеометриялық түсірістің мәні
Тахеометрлік түсіріс - топографиялық түсірістің бір түрі. Бұл түсірістің нәтижесінде ситуация мен рельеф бейнелегне план алынады. «Тахеометрия» сөзі греу тілінен аударғанда «тез өлшеймін» деген мағынаны береді. Бұл түсірісте жер бетіндегі әр нүктенің пландық және биіктік орнын көру дүрбісін рейкаға бір рет қана қаратып анықтайды, мұнда бір мезетте арақашықтықты, горизонталь бұрыштарды және вертикаль бұрыштарды немесе өзара биіктікті өлшеп алады. Ос себептен өлшеуге кететін уақыт азайып, өлшеу жылдамдығы артады. Тахеометрлік түсірістің аспаптарына теодолиттермен қатар, тахеометр деп аталатын арнаулы аспаптар жатады.
Тахеометрлік түсірістер кішігірім жердің ірі масштабты планын алу үшін қолданылады. Құрылыс салынған жерлерді, жол ізденістерінде трасса бойын түсіргенде және т. б. бұл түсірісті қолдану тиімді.
Тахеометриялық түcipicтe түсiрiлетiн нүктеде тұpғaн рейканы аспаптың дүрбiсiмен бiррет нысаналау арқылы осы нүктенің координаталарын, яғни бағытын, ара қашықтығын және салыстырмалы биiктiгiн анықтайды. Демек, тахеометриялық түсірістің мәні аспаптың нысаналау осінің бiр жағдайында вертикаль бұрышты ν, горизонталь бұрышты β және рейкадан қашықтық өлшеуiш жiптерiнiң аралығындағы бөлiктер санын есептеуден тұрады; осы мәлiметтер арқылы нүктенің кеңiстiктегi координаталарын есептеп шығарады. Тахеометриялық түcipicтe жергiлiктi жердiң топографиялық планы түсiрiлетiн нүктелердiң барлық үш координаталарын есептеп шығаруға мүмкiндiк беретiн мәлiметтердi жинайтын далалық жұмыстар мен планды сызу және есептеп шығарулардан тұратын ғылыми өңдеу жұмыстары натижесiнде жасалынады. Тахеометриялық түcipicтi тахеометрлермен немесе теодолиттермен атқарады.
Тахеометрлер болмаған кезде тахеометриялық түcipicтi теодолит пен рейканың көмегімен жүргiзуге болады. Мұндай жағдайда әрбiр пикеттiк нүктеге дейiнгi көлбеу ара қашықтықты жiптi қашықтық өлшеуiшпен горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшейдi. Салыстырмалы биiктiктi тригонометриялық нивелирлеумен анықтайды.
Тригонометриялық нивелирлеуде өзара биіктіктің формуласы
h=d*tgv+i-l+f
ал егер рельефтің өзгерісі бірқалыпты болса, жердің қисықтығы және рефракция ескерілмесе (d<300м) f=0 және көздеу биіктігі l мен аспап биіктігінің і шамасын теңестірсе, яғни айтқанда i=l онда
h=d*tgv
тахеометрлік түсірісте арақашықтық жіптік қашықтық өлшеуішпен өлшенеді, оның анықтау формуласы
D=Cn+c
Егер көздеу өсі горизонтпен v бұрышын құраса, онда оның анықтау формуласы d=D*cos 2 v
h=1/2D*sin2v
Горизонталь арақашықтықтың d және өзара биіктіктің h шамалары тахеометрлік таблицалардың көмегімен немесе калькулятор арқылы есептеледі.
Номограммалық тахеометр аспабын ТН қолданғанда өзара биіктік пен горизонталь қашықтық тікелей вертикаль рейкамен және дүпбінің ішіндегі номограммамен анықталады.
Тахеометрлік түсірістің ізденіс кезіндегі негізгі түсіру масштабтары: 1:500, 1:1000 және 1:2000. Бұл масштабтар қызметіне, жобалау кезеңіне, сондай-ақ рельефтің және ситуацияның өзгеруіне байланысты таңдалынады.
Тахеометрлік түсірісті орындау үшін келесі аспаптар қолданылады: теодолиттер Т15, Т15к (компенсаторлы), Т30, 2Т30, 2Т30П;
тахеометрлер: номограммалық: ТН, DALTHA-010, DALTHA-020; электрондық: - Та-3, Та-5, RECOTA, RETA, ТС-307, ТРК-110;
тахеометрлік және нивелирлік рейкалар; тахеометрлік қадалар; жер өлшейтін ленталар мен рулеткалар.
Тахеометрлік түсірістің пландық-биіктік негіздері
Пландық - биіктік негіздері немесе түсіру нүктелері арқылы жер бетінің рельефі мен ситуациясы толық түсіріледі, бұл негіздер екі әдіспен құралады:
1. Теодолиттік жүріс арқылы, мұнда лентамен немесе жарық қашықтық өлшеуішпен ұзындықтар, ал геометриялық нивелирлеумен биіктік анықталады.
2. Тахеометриялық жүріс арқылы - жіптік қашықтық өлшеуішпен ұзындықтар, тригонометриялық нивелирлеу әдісімен биіктік анықталады.
Анағұрлым үлкен территорияны алатын объектілерді жобалағанда түсіру негіздерін бірінші әдіспен, ал кішігірім территорияны жобалағанда түсіру негіздерін екінші әдіспен құрайды. Тахеометр түсірісінің түсіру негіздері ретінде пайдаланылатындар құрылыс трассасы, тұйық полигон, ықшам триангуляция торлары және аспалы жүрістер.
Түсіріс негіздерінің түрлерін таңдау жобалау кезеңіне, жердің рельефіне, көріну жағдайына, түсірістің аумағына және масштабына байланысты болады.
Түсіру нүктелері әрқашанда көруге ыңғайлы биік жерлерде орналасқаны дұрыс. Түсіру нүктелерінің арақашықтығы 350 м-ден көп, 50м-ден аз болмауы керек.
Түсіру негіздері сызықтық құрылыстың трассасы ретінде келесі жағдайларда: су ағызғыштарды жобалау үшін трасса бойын түсіргенде, күрделі жерлерді трассалағанда, кіші жасанды құрылыстарды және бір деңгейдегі жолдардың түйіспелері мен жанаспаларын жобалағанда, пайдаланатын жерлерге су арықтарын және каналдарын жүргізгенде және т. б қолданылады.
Егер объектілер үлкен аумақты болса, онда түсіру негіздері ретінде тұйық полигон түрін қолданады.
Ықшам триангуляция торлары арқылы құралатын түсіру негіздері лентамен тікелей өлшеуге болмайтын ойлы-қырлы және таулы жерлерді түсіргенде қолданылады.
Трассаға немесе тұйық полигонның қабырғасына көлденең орналасқан ені аз, созылып жатқан жерді түсіргенде аспалы жүріс арқылы түсіру негіздерін құрады.
Барлық түсіру негіздерінің нүктелерін станция деп атайды.
Тахеометрлік түсірістің далалық өлшеулерінің нәтижелерін өңдеу келесі кезеңдерге бөлінеді:
1. Өзара биіктіктің шамаларын үйлестіру және түсіру нүктелерінің (станциялардың) биіктіктерін есептеу.
2. Түсіру нүктелеріндегі рейкалық нүктелердің биіктігін есептеу.
3. Тахеометрлік түсірістің планын (топографиялық планды) жасау.
Тахеометрлік түсіріс жұмыстары
Техникалық теодолиттер арқылы тахеометриялық түсіріс белгілі бір тәртіппен жүргізіледі.
- теодолит нүктеге орнатылып жұмыс бабына келтіріледі. Аспап биіктігі і-ді өлшейді, оны рейкаға белгілейді.
- Теодолиттің вертикаль діңгегі сол жақта КЛ (немесе оң жақты -КП) тұрғанда, лимбтағы есепті нөлге келтіріп, дүрбіні артқы пунктке (1) көздейді (48-сурет), яғни теодолит лимбасын нөл бөлігімен бастапқы бағытқа қаратып бекітеді.
- Алидаданы босатып, дүрбіні рейкалық нүктелерге көздейді (мысалы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 т. б. нүктелерге) .
- Рейканың нүктелерге дейінгі қашықтықтарды, қашықтық өлшеуіш қыл жіптері арқылы станцияларда анықталады.
- Дүрбінің жетекші бұрандасы арқылы ортадағы қыл жіпті белгіленген аспап биіктігіне көздеп, микроскоппен горизонталь және вертикаль бұрыштыңмәндері алынады.
Алынған есептер тахеометриялық түсіру журналына жазылады (13-кесте) . Журналдың ескерту графасына түсірілген нүктелердің қай жерде орналасқаны, т. б. мәліметтер жазылады да, және вертикаль бұрыштың мәндері алынады.
бұдан кейін лимбты қозғамай, алидада арқылы келесі рейкалық нүктеге қарап, түсіру жұмысын жоғарыдағы тәртіппен қайталай береді. Түсіру кезінде жердің абрисы сызылып отырады. Абриста нүктелердің қай жерде орналасқаны, рельефтің ерекше сызықтары, аспап тұрған және оған көршілес станциялар көрсетіледі.
Түсіріс жұмыстарын өңдеу және планға түсіру
Тахеометриялық түсіріс нәтижелерін өңдеу жұмысы мыналарды қамтиды:
- далалық журналдарды тексеру;
- тахеометриялық жүріс нүктелерінің координаталарын (Х, У, Н) есептеу;
- әр станциядағы рейкалық нүктелерінің биіктіктерін есептеу;
- жергілікті жердің топографиялық планын салу.
Есептеу жұмыстары аяқталғаннан кейін түсірістің топографиялық планын жасауға кіріседі. Тахеометриялық түсіріс планын жасау жұмысы, жалпыдан жекеге көшіру принципін сақтай отырып жүргізіледі. Алдымен координаталық торды салады, мұнда теодолиттік түсіріс туралы айтылған тараудағы ереже сақталады. Содан соң планға тірек пунктерін, одан әрі түсіргі негіздеуінің нүктелерін түсіреді де, түсірген жүрістері мен ситуация нүктелерін салады. Ситуациялық нүктелер планға дала журналы мен крокидің мәліметтері бойынша түсіріледі. Тахеометриялық немесе топографиялық түсірістегі полярлық әдіспен түсірілген нүктелерді планға тахеограф- транспортир (49, а- сурет) көмегімен салу қолайлы. Мөлдір пластмасса винипроздан жасап шығарылған бұл аспап градустық бөліктерге (ең кішкене бөлігі 15′-ке тең) бөлінген дөңгелек. Дөңгелектің нөлдік диметрі арқылы сызғыш өтеді, оған тиісті масштабта ең аз бөлігі 0, 5 мм арақашықтық шамасы салынған. Осы шкаланы пайдалану қолайлы болу үшін, тахеографта тесік ойылған. Дөңгелектің ортасында органикалық шыныдан нөлге бекітілген, ол арқылы планның тиісті нүктесінің үстінде тахеографты центрлеуге арналған ине өтеді. Планға нүктені түсіру үшін тахеографты нөлден бастап өлшенген есепке сәйкес бұрады, содан кейін шкаламен станцтядан түсірілетін нүктеге дейінгі арақашықтық салады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz