Технологияның артықшылықтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
1 Қазіргі заман оқыту технологияларының теория-әдіснамалық негіздері
1.1Жоғарғы мектепте информатиканы оқыту әдістемесіне кіріспе
1.2 Технология, педагогикалық технология, білім беру технологиясы туралы түсінік. Негізгі заманауи оқыту технологияларының сипаты
2 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ
2.1Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері
2.2Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану
2.3Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып информатика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі
ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі кезде оқушыны белгілі бір біліммен ғана қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар ізденімпаз, тапқыр, ой-өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы - қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдалану маңызды болмақ.
Жалпы ақпараттық-коммуникативтік технологияға тоқталатын болсақ, коммуникация - ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады.
Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы мұғалім оқушының интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізеді.
Бұл технологияны пайдаланудың негізгі мақсаты:
1. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:
- сабақты қызықты етіп өтікізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
- білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;
- оқыту процесінің сапасын арттыру;
- пәнаралық байланысты тереңдету;
- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
2. Оқушыны заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау.
- коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
- өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;
- компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру;
- пәнаралық байланыс орнату;
- ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.

Ақпараттық - коммуникативтік технологиямен жұмыс істеу - компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің мұғалім үшін тиімділігі неде? деген сұраққа тоқталатын болсақ:
- Жалпы компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты тартымды түрде қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;
- Оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;
- Аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;
- Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
- Шығармашылық жұмыстар жасайды;
- Қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде беру мүмкіндігі жасалады;
- Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы болады;
- Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасайды, сайттарға өз сабақтарын енгізе отырып, өз біліктілігін көтереді;
- Интернетте жұмыс жасау арқылы мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіреді;
- Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырады;
- Оқушылардың тынымдық қабілеттерін қалыптастырады;
- Сабақта этнопедагогикалық тәрбие беруге мүмкіндік туады;
- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды, өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді;
- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді т.б.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану - педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Сондықтан компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Курстық жұмыстың мақсат міндеттері:
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктерін анықтай отырып информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану және ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып информатика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру.

1 Қазіргі заман оқыту технологияларының теория-әдіснамалық негіздері
1.1Жоғарғы мектепте информатиканы оқыту әдістемесіне кіріспе
Қомпьютердің пайда болуы адамзат қоғамына көптеген өзгерістер әкелді. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында оны ақпараттандыру басым мәнге ие болып отыр. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінің қоғамдық даму негізі - білім, ақпарат және ақпараттық технологиялар болып табылады. Соған сәйкес өркениет дамуының қазіргі кезеңін ақпараттандырумен және ақпараттық қоғамды қалыптастырумен байланыстыру кездейсоқ нәрсе емес.
Қазіргі таңда республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - бұл қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми ақпараттық орта құру арқылы мемлекеттік білім сапасын арттыру.
Оқыту жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану қазіргі таңда білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды. Яғни, оқу үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану:
1.
оқу үрдісін жетілдіруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың беретін мүмкіндіктері;
2.
бастауыш мектепте мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың мүмкін нұсқалары;
3.
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану үшін пән мұғалімі мен оқушыға осыған сай дағдылары мен білімінің болуы.

Қазақстан Республикасы Білімді дамытудың 2011-2020 бағдарламасына сәйкес ақпараттық қоғам құруға көшуде. Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті - қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең саналуда.
Қазіргі білім беру электрондық оқытуға көшу жолында жер-жерлерде ақпараттық технологияларды - компьютерлер, программалар, ақпаратты сақтау және тарату құралдарын т.б. қолдануға негізделген. Ол өз кезегінде әр түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінің түлектерімен қатар бастауыш сынып оқушыларының білімдерінің өзгерістерін жедел бақылауға мүмкіндік береді.
Расында, мектеп түлектерді қазіргі заман өндірісі жағдайында - ақпараттық технологияны қолдана алатын, өндірістік қызмет үрдісінде жұмысқа дайындауы керек. Бұл тек компьютердің тетіктерін басып, түрлі бағдарламалармен жұмыс жасау деген түсінік емес, ол ақпаратпен жұмыс жасай білу, ақпаратқа сараптама жасай білу, дұрыс сараланған шешім қабылдай білу, қабылданған шешімді соңғы нәтижесіне дейін жеткізу болып табылады.
Ақпараттық қоғамға көшу үрдісі ол ақпараттандыру деп аталады. Мектептер де қазіргі қоғамға сай болуы үшін ақпараттық технологияны қолданып оқыту негізіне көшуі керек. Сондықтан да білімді дамытудың басым бағыты ол - электрондық оқуға (e-learning) көшу мәселесі болып табылады. Осыған орай, білім беру мекемелерін ақпараттандыру мәселелері тек информатиканы оқытуды ұйымдастыру ғана емес, ақпараттық технологияларды қолдануды барлық пәндерді оқытуға тиімді қолдану, информатика кабинеттерінің осыған сай жабдықталуы және мұғалімдер мен оқушылардың осындай жаңалыққа дайын болуы.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқушылардың берілетін білімді игерулерулеріне айтарлықтай үлес қосады, сабақ материалын балаларға жеткізуді жақсартады, сабақты түсіндіргенде оның көңіл-күйлік, эстетикалық және ғылыми маңыздылығын арттырады.
Компьютерді сабақта қолдану оқушылардың сол пәнге, оқытушыға деген көзқарасын өзгертеді, тәртіп пен үлгерімді де жақсартады.
Ақпараттық технологияны қолдану арқылы пәнді оқыту: оқушыларға сабақ барысында мұғалімнің жалаң сөзін тыңдап қана қоймай, көптеген мағлұматты өз көзімен көру арқылы қабылданған ақпаратты есінде жақсы сақтап қалуына мүкіндік береді. Пәнді оқыту барысында мұғалімнің оқушыларға қоятын талаптардың бірі: ақпараттық мәдениетінің дамуы, яғни: ой-өрісінің дамуына, түрлі ақпарат көзімен жұмыс істей білу және оны оқушыларға түсінікті етіп жеткізу арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы арттыру. Егер де, оқушының пәнге деген қызығушылығы жоғары болса, ол оқушының пән бойынша білім сапасының жоғары болуына әсер етеді.
Бұл мұғалімнің жауапкершіліктері мен міндеттері немесе өмірлік жоспарларын жүзеге асыруда қосымша мүмкіндіктер алу, бостандықтың бір түріне қол жеткізуі, кәсіби өсуі, оқушыларға жақындай түсу, олардың алдында беделінің артуы, балалармен бірігіп атқаратын шығармашылық жұмыстар, компьютер экранында тірек-конспектісінің болуы, әдістемелік материалының электрондық түрде жүйеленіп сақталуы, басқалардың тәжірибелерін сабақ барысында қолдануға мүмкіндіктердің пайда болуы және т.б. Осының барлығы да мұғалімнің қажет деп тапқан жағдайында оңай қолжетімді болады. Ал, егер мұғалім ізденбесе, алдыға жылжу болмайтыны белгілі. Сондықтан, әр бір педагог алдында осы бағытта өз қызығушылығын тауып, барлық күдік қорқыныштарын артқа тастап, сол тақырып бойынша балалармен бірігіп тереңірек жұмыс жасау керек.
Бүгінгідей таңда, ақпарат стратегиялық ресурс болып тұрған жағдайда, қоғамның дамуы, қазіргі заман білімі бұл үздіксіз үрдіс екеніне көз жеткізіп отырмыз. Сондықтан, дәл қазіргі уақытта білім беру үрдісін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып ұйымдастыру орынды болып тұр. Бұл жерде ақпарат көзі ретінде электрондық құралдар кеңінен қолданылады.
Модернизацияның негізгі міндеттері ол - бүгінгі мектеп білімінің сапасын арттыруға қол жеткізу. Білімді ақпараттандыру екі мәселенің шешілуіне көмектесуі керек. Білім бұл - барлығына және білімнің жаңа сапасы - әр қайсысына.
Бастауыш сынып үшін бұл білімнің мақсаттарын анықтатаудағы басымдылықтарының ауысуы: мектепте алғашқы сатыда білім алу мен тәрбиенің нәтижелерінің бірі ол - баланың заманауи компьютерлік технологияны меңгере отырып білім алуға дайын болуы.
Осыларды жүзеге асыру мақсатында бастауыш сынып мұғалімінің тәжірибелік қызметінде балаларды үйрету үшін білім беру мен тәрбие жұмыстарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың қажеттілігі туындады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың бастауыш сыныптардың сабағында қоршаған ортадағы ақпараттық ағында бағдар таба білуге, электрондық-техникалық құралдар арқылы ақпарат алмасуға, қажетті ақпаратпен жұмыс жасай білу әдістерін үйренуге мүмкіндік береді. Бастауыш сыныпта АКТ қолдану сабақты біржақты түсіндіруден екі жақты байланыс арқылы түсіндіруге ауысады. Бұнда оқушы оқу үрдісіне белсенді қатысу арқылы берілген материалдарды оңай меңгеруге мүмкіндік алады. Балалар сабақты түсіну қиын деген ойларынан оңай арылады. Бастауыш сыныпта АКТ қолдану мынадай мүмкіндіктер береді:
* оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға;
* сабақты жоғары эстетикалық дәрежеде өткізуге (әуен, анимация);
* әр оқушыға түрлі деңгейдегі тапсырмалар бере отырып әрқайсысымен жекелей жұмыс жасау.
Осылайша, заманауи мектепте білім беруде оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі күн мұғалімі өзі беретін пәні бойынша АКТ қолдана отырып сабақ дайындап оны өткізе білуі тиіс. АКТ қолдануымен өткізілетін сабақ бұл - түсті бояудағы көрнекі, ақпаратты, интерактивті, оқушы мен мұғалімнің уақытын үнемдейді, балаға өз жылдамдығында жұмыс жасауға мүмкіндік беретін, әр оқушымен жеке жұмыс жасауға ыңғайлы, білім сапасы мен нәтижесін жылдам және толық бағалауға да мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бастауыш сыныпта қазіргі ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқушылардың білімді сапалы да шығармашылық деңгейде қабылдауларына мүмкіндік берумен қатар, олардың білімді енжар қабылдаушы ролінен осы үрдістің белсенді субъектісіне айналуына да қолайлы жағдай туғызады.
Бұл мәселені шешудің негізгі мақсаты білім беру үрдісін жетілдіру, бірыңғай білім беру ортасын құру, білім беру сапасын арттыру. Ол үшін мыналар қажетті:

* әр түрлі пәндік салаларды интеграциялау;
* пәнді оқытудың дәстүрлі жүйесін модернизациялау;
* білім беру ресурстарын жинақтау;
* мұғалімнің заманауи ақпараттық технологияларды игеруі;
* тұлғалық-бағытталған оқутуды ұйымдастыру;
* оқушы мен мұғалім, мұғалім мен мұғалім арасында шығармашылық өзара байланыс.
Бұл мақсаттарға жету үшін келесі мәселелер шешілуі тиіс:

* оқушыларда заманауи ақпараттық технологиялар кеңістігінде бағыт-бағдар таба білу дағдыларының дамуы;
* жүйелі-талдап ойлай білетін адамдарды тәрбиелеу;
* оқушылар мен мұғалімнің шығармашылық бірлесіп жұмыс жасауына жағдай қалыптастыру және дамыту;
* оқушыларда компьютерге деген танымдық құрал ретіндегі көзқарасты қалыптастыру;
* білім беру қызметінің барлық бағыттары мен формаларында АКТ қолдана білу.
Болашақта отандық білім беруде басқа да білім беру формаларын енгізу қажет. Бүгінгі күннің өзінде барлық өзектілігімен АКТ негізінде қашықтықтан оқыту мәселесі тұр. Егер біз оқушыларымыздың расында жүгін жеңілдеткіміз келсе, онда бұның шешімін АКТ қолдану мен қашықтықтан оқытудан іздеуіміз керек. АКТ тек білім беру үрдісінде ғана емес тәрбие жұмыстары мен ұйымдастырушылық, әдістемелік жұмыстарда да қолдануды үйрену керек.

1.2Технология, педагогикалық технология, білім беру технологиясы туралы түсінік. Негізгі заманауи оқыту технологияларының сипаты
Қазіргі 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жолында Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім бағдарламасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі дамытуға, өзін толытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Дүниежүзілік білім кеңістігіне кіру мақсаты көзделіп, еліміздің дамыған елдермен қатар тұра алатын өркениетті ел ретінде танылып, олармен білімі мен ғылымы, мәдениеті мен технологиясы теңесуі үшін маңызды істер атқарылуда. Мұндай өзгерістер білім беру жүйесінің даму бағыттарын 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында нақтылайды.
Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту саналы деңгейге көтеру - бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді.
Технология дегеніміз не? Технология - tehne (шеберлік, өнер, білім) деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Академик В.М. Монаховтың айтуы бойынша: технология- оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. Ал педагог- ғалым Беспалько өзінің Слагаемые педагогической технологии деген еңбегінде былай дейді: Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы - белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы.
Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.
Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп.
Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-әрекетінің түрлері және мазмұны көрсетілген жобада жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.
Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп "Мақсатқа жеттік пе?"- деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада "диагностика арқылы анықталған мақсат" дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.

Технологияның кезеңдері:
:: Оқытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;

:: Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
:: Диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою. Технологияда оқушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі.
Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырылады, жаңа мақсаттар қойылады.
Сонымен, мақсат анық болмаса оқу процесінің жетілдірілуіне кедергі жасалады.
Педагогикада "технология" ұғымын қолданатын салалар
Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.

:: қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
:: нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т.б.)
:: қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөз екінші сөзбен алмастырылған. Бұрын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков, т.б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.
Екінші анықтамада "технология" ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.
Сондықтан, үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымына жақын. Технология дегеніміз - өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? "Білім - оқыту мен тәрбие" - деген анықтамаға сүйенсек, онда мүмкін емес. Оқыту мақсаты - оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс-әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай болса, оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.
Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі, адамға неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп, оның технологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны тексеретін нақты құралдар жоқ.
Берілген тапсырма қызықты, маңызды болған кезде ғана оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады.
Оқыту технологиясының негізгі сатылары:
1. жаңа тақырыпты түсіндіру;
2. төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру;
3. оқушылардың тақырыптан алған білімдерін бекіту;
4. оқушылардың білімдеріне сай үлестірмелер тарату. Яғни, 5, 4, 3-тік білімге сай;
5. оқушылардың білімін қолма-қол бағалау.
Мақсаты:
1. әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
2. денгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;
3. дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;
4. оқушының ынтасын қабілетін арттыру.
Ерекшелігі:

1. таланттылар, дарынды оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады;
2. оқушылардың оқуға деген ынтасы артады;
3. білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді;
4. түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру;
5. үлгермеушілерді анықтау және іріктеу;
6.
олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру;
7.
оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.

Күтілетін нәтиже:
1. оқушылардың психологиялық ерекшелігін, ақыл-ойының дамуы және өзін-өзі жетілдіру;
2. дарынды балалар болса қушының - зерттеу жұмыстарын дамыту;
3. мұғалімнің жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызады;
Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялар жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Сондай технологияларының бірі - деңгейлік саралау оқыту педагогикалық технологиясы. Бастауыш сыныптарда деңгейлік саралау оқыту технологиясы арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдылары мен танымдық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді. Біздің елімізде осы технологияның негізін қалаушылары Кобдикова Ж.У., Қараев Ж.А. болып отыр. Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін салмақтың артуы басты себеп болып отыр.
Білім беру технологиялары білім сапасын тексеруді жеке алып қарау оны жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Оқушылар материалды қаншалықты деңгейде меңгергені анықталып, атқарылатын жұмыстар белгіленеді. Мұғалім оқу материалын бекіте алады, бірақ оны меңгермеген жеке оқушылармен оқу жұмыстары ұйымдастырылады. Ал оқу материалын сыныптың көбі меңгермесе, онда өткен материалды бекітумен қатар оны меңгермеу себептері анықталады. Ол үшін диагностикалық құралдар (тест, бақылау жұмыстары, сұхбат, әңгімелесу) қолданылады.
Өмір талабы бойынша оқушы қазіргі кездегі сабақта қонақ болып отырмай, оның негізгі кейіпкері болу керек. Осыған қарай нәтижеге жеткізсе, әр технология тиімді. Оқу үрдісіннің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру мақсатымен, жеке технологиялармен танысып, оларды оқып, үйренуге әр бір педагог міндетті.
Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемалық оқу технологиялары, авторлық технология жəне т.б.
Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны жаңалық, жаңа әдіс, өзгеріс, әдістеме, жаңашылдық, ал инновациялық үрдісті жаңа әдістеме құралы деп атауға болады.
Инновацияны қолдану дегеніміз, инновацияны шаблон, трафарет ретінде пайдалану емес, өйткені әр мұғалімнің өз іс тәжірибесі бар. Бірақ, инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз іс тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету- педагогиканың ең асыл заты болып табылады. Ушинский К.Д. айтқандай, іс-тәжірибе толық көшіріліп алынбайды, тек оның негізгі ойы ғана алыну мүмкін. Осы негізгі ойды түсініп оларға шығармашылық көзқараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады.
Қазіргі заманғы білім беру үрдісінде оқу үрдісін жақсарту мақсатында көптеген білім беру технологиялары қолданылады. Соларға қысқаша тоқталып өтейік. Олар:

Бағдарламалап оқыту технологиясы
Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаланған оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен берілген.

Ойын арқылы оқыту технологиясы
Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

Дамыта оқыту технологиясы
Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Даму нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі үйренуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді. Оқыту дамытудың алдында жүруі керек, дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор. Дамытудың тиімділігі үшін: кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму, мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы,теориялық білімнің жетекші ролі, жоғарғы қиындық деңгейінде оқыту,материалды меңгеруде жедел ілгерілеу, оқу үрдісін баланың сезіну, оқыту үрдісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы жолындағы жұмыстары болуы керек.
Түсіндіре оза оқыту технологиясы
Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материадардың бірізділігі, жүйелілігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптарда біртіндеп ойнату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын ортаншылар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады; бірте-бірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту; түсіндіруді қабылдау.
Өздігінен даму технологиясы
Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады. Монтессори педагогиканың ұраны баланың мұғалімге: "мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер" деуіне жету
Ынтымақтастық педагогикасы
Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу.Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Оқыту мен үйретудің моделі: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс. Сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді.
Проблемалық оқыту технологиясы
::Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту:
::оқушының белсенділігін анықтау;
::оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу;
::оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;
::оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстығы.
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыруды және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты "ақпараттық қоғамға" даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей комьпютермен қатынасы арқылы орындалады. Яғни баланың жеке қасиетіне қарай компьютерге бейімделу, т,б
Модульдік оқыту технологиясы
Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Жобаланған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Технология жобасындағы негізгі объект - оқу тақырыптары, дидактикалық модуль. Оқушылар әр сатыға жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. оқушылардың жас ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып...

Оза оқыту технологиясы

Оза оқыту технологиясында грамматикалық ұғым, түсініктер тірек сызбаларды пайдалану арқылы блок бойынша оза оқытылады. Тірек сызбалардың проблемаларды шешеу құзіреттілігін қалыптастыруда үлкен рөлі бар. Өйткені мұндай сызбалар арқылы тілдік категориялардың ұқсастығын, айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге болады. Сызбаларда көбінесе дерексіз байланыстар мен қатынастар көрсетіледі. Мәселен, тірек сызба бойынша сөйлем құратуға, сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетуге болады. Сонымен қатар тірек сызбалар дербестікті дамыту үшін де қолданылады.

Жеке тұлғаға бағдарланған технологиясы

Жеке тұлғаға бағдарланған технологияда (Хуторской А.В.) оқу- тәрбие процесінде балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру, әр білім алушының оқу тапсырмаларын орындауына қолайлы жағдай жасау көзделеді. Аталған технологияның негізгі ұстанымдары төмендегідей:

- жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін ескеру ұстанымы (әрбір шәкіртті өзіндік еркшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сай оқыту);

-білім беру траекториясын таңдау еркіндігі ұстанымы (міндетті білім беру - деңгейінен төмен болмауы тиіс); -оқытудың жағдаяттылығы ұстанымы (құзыреттілікке бағдарланған -тапсырмаларды орындауға тілдік жағдай туғызу).

Жеке тұлғаға бағдарланған технология бойынша оқыту мазмұнының әдістері мен тәсілдерін таңдауға төмендегідей талаптар қойылады:

*
қарым-қатынастық әрекет; шығармашылық әрекет;
*
баланың жеке дамуын қолдау;
*
баланың өзіндік және шығармашылық әрекетін дамыту.

Бұл технологияны іске асыру екі жолмен жүзеге асырылады:

1) сыныпты дифференциациялау арқылы жоғары-орташа-төмен топтарға бөлу және оқу материалын күрделілік деңгейіне байланысты іріктеу;

2) білім траекториясын өзіндік мүмкіндіктеріне ыңғайлау.

Мұны жүзеге асыру оқытудың ерекше шарттарын қажет етеді: әр түрлі мазмұн мен көлемдегі білім нәтижелерін әкелетін әрбір білім алушының жеке білім траекторияларын таңдау оқу әрекеті арқылы үйретуші (мұғалім), үйренуші (білім алушы) рөлін өзгертуге ықпал ететін белсенді оқыту технологиясы шәкірттерді жаңа білімді өздіктерінен ізденіп алуына мүмкіндік жасайды. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аударған жөн:

*
сабақ құрылымының икемділігі;
*
оқығаны бойынша пікірталастың болуы;
*
дидактикалық ойындар;
*
интенсивті өзіндік әрекет;
*
тілдік бірліктерді салыстыруды, топтауды, жүйелеуді және тілдік құбылыстар заңдылықтарын дәйектеуді ұйымдастыруы;
*
білім алушының белсенділік көрсетуіне мүмкіндік беретін педагогикалық жағдаяттарды құруы.
Саралап (деңгейлеп) оқыту технологиясы

Саралап (деңгейлеп) оқыту технологиясының психологиялық негізі болып табылатын теория - Л.С.Выготскийдің "оқыту процесінде білім алушының ақыл-ойының дамуы"актуальді даму" аймағынан "жақын арадағы даму" аймағына ауысу " теориясы.

Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға арналған 1-деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғары деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы білім алушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды. В.П. Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей-"міндетті, білім алушылық", екінші - алгоритмдік, үшінші - эвристикалық және төртінші - шығармашылық деңгейлердегі қабылдау. Бұл деңгей әрбір тақырыптың ең негізгі де, басты қарапайым мазмұнын ашып, сол тақырыптың білуге міндетті тұтас бейнесін береді.

1 - деңгей базалық деңгей ретінде қабылданған. Бұл міндетті деңгей болғандықтан барлық білім алушы тапсырманы толық орындауы тиіс.

2 - деңгей Қосымша мәліметтер алғашқы деңгейде алған білімді одан әрі кеңейтіп, тиянақтайды, негізгі мазмұнын нақтылайды, ұғымдардың не үшін, қалай қолданылатынын көрсетеді. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды білім алушы талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.

3 - деңгей Өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында білім алушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Жаңа білімді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы меңгеруіне, қорытындылай білуіне жол ашылады. Бұл деңгейде ребус, сөзжұмбақ, анаграмма құрастырады.

4 - деңгей Бұл деңгейде берілген тақырып бойынша өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады. Реферат, баяндама, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш құрастыру тапсырмалары беріледі.

Деңгейлеп оқыту, біріншіден, білім алушының жеке қабілетін анықтауға, екіншіден, білім алушылардың бір-бірінен қалмауына мүмкіндік берсе, үшіншіден, әр білім алушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, төртіншіден, әр білім алушы өз деңгейімен бағаланады.

Оқытуды ізгілендіру технологиясы

Оқытуды ізгілендіру технологиясы (Таубаева Ш.Т., Апатова Н.В.) шәкірттердің рухани дамуын (қазақ тілінің мәдени-этникалық лексикасын, сөйлеу әдебі ерекшеліктерін, жағдаяттық қарым-қатынасты игеру), жеке тұлға ретінде қалыптасуын жүзеге асыруға бағытталады.

Мысалы, 2-сынып Қазақ тілі сабағында "Сөйлеу мәдениеті" тақырыбын өту барысында "Телефонмен әңгіме" ойынында телефонмен сөйлесу мәдениетін үйрету мақсат етіліп, кім сыпайы әрі ұтқыр екенін бағалау көзделеді. Білім алушылардың өздеріне қай жұптың сөйлеу мәнері дұрыс шыққанын таптыруға болады.
Педагогикалық технология - бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы. Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технология туралы ұғым, артықшылықтары
Білім беруді ақпараттандыру қоғам дамуының факторы ретінде
Бизнеске арналған бұлттық технологиялар
Совет Рақымбайұлы Әлімқұлов
Оқудың педагогикалық технологиялары жайында
Оқушы белсенділігін арттыру негізіндегі педагогикалық технологиялар
Математиканы оқытуда жаңа технологияларды қолдану мәселелері
Компьютерлік технологияларды пайдаланудың артықшылықтары
Технологияның кезеңдері
Тестілеуге арналған ақпараттық жүйелер
Пәндер