Ауыл шаруашылығы саласында өндірісті қарқынды дамыту

Мазмұны
І - тарау. Ауыл шаруашылығы саласында өндірісті қарқынды дамыту
1.1.Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді интенсивтендіру
1.2. Қазақстан Республикпсындағы ауыл шауашылығының
даму деңгейін талдау
ІІ - Тарау. ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары
2.1 Стра
2.2 Батыс Қазақстан обылысының ауыл шаруашылығының дамуы
Кіріспе
Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді.
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы - бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы жаңа туған нәресте тәрізді нәзік те, әлсіз. Сол нәрестені құшағына қысып, аялап, мәпелеп, аяққа тұрғызатын ананың рөлін атқаратын бұл - мемлекет болып табылады. Мемлекет барынша ауыл шаруашылығына көмегін аямау керек.
Менің осы тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының жағдайы мен тағдыры алаңдатады және қазіргі таңда нарықтық экономикада бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы талдауда ауыл шаруашылығының проблемалары түгелдей дерлік шешіледі деп ойлау қате болар, бірақ қайтсе де шешу жолдарын іздестіру артық болмас.
Аталған тақырыпта мен барынша ауыл шаруашылығының жағдайын, оған мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жайлы, әрине субсидия мен несиелендіру жүйесі жайлы ой қозғаймын. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының алдында тұрған үлкен бір белестер жайлы, яғни Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болуды да тыс қалдырмаймын. Осы аталған мәселелердің бетін ашып, талдап, бірқатар проблемалардың басын қайырамын. Дегенмен, ауыл шаруашылығы күрделі сала және онда түсініксіз жайттар өте көп.
Келесі бөлімдерде осы мәселелерге тереңдей үңіліп қарастыратын боламын.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: жұмыстың басты мақсаты 2011-22015ж.ж. аралығындағы Республика экономикасының даму жолдарына талдау жасау.
Міндеті:
*
Республика экономикасына жалпы сипаттама беру;
*
Республикадағы өнеркәсіптің дамуына талдау жасау;
*
Ауыл шараушылығы өндірісінің даму жолдарын айқындау;
*
Республика экономикасының келешекте даму бағыттарын айқындау;

Ауыл шаруашылығы саласында ең алдымен аграрлық-өнеркәсіптік кешенді интенсивтендіру жалпыхалықтық іс болып табылды. Бүкіл ауыл шаруашылығы потенциалын қалыптасқан жүйе мен нарықтық емес қатынастар тұншықтырып, көп жағдайда экономикалық тиімділігін мардымсыз етіп, кейде бос жұмыс істетіп келді. Сөйтіп, Кеңес өкіметі мен Компартияның аграрлық саясаты ауыл шаруашылығын бүлдіріп қана қоймай, сонымен бірге бүкіл қоғамның дамуында елеулі қиыншылықтар туғызды. Көп укладты экономика талаптарына сай, экономикалық қарым-қатынастарды қайта құру, кәсіпорындар мен ұйымдарды (мемлекеттік агроөнеркәсіп жүйесіндегі) толық шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруға өткізу жұмыстары Қазақстан бойынша 1988 жылдан бастап облыс шаруашылықтарында бірінші болып жүргізілді. 1990 жылдардың бас кезінде республиканың аграрлық секторында жүргізілген экономикалық реформа нәтижесінде біріншіден, агроөнеркәсіптік өндірісте көп укладтылық қалыптасты, шаруашылық субъектілеріне толық дербестік беріліп, олардың өз қызметтерін жүзеге асыруына және өндірген өнімдеріне ие болуына мүмкіндік жасалды, нарықтық қатынастардың дамуы бір орталықтан басқару жүйесін әлсіретті, екіншіден, асығыс жүргізілген институционалдық өзгерістер, экономикалық қатынастардағы салааралық теңсіздіктің күшеюі, агроөнеркәсіптік интеграция мен кооперативтердің дамуы үшін жағдай жасаудың орнына ауыл шаруашылғы өнімдерін өңдеуші және қызмет көрсетуші кәсіпорындарды жекешелендіру, ауылдық тауар өндірушілердің басым бөлігінің ұсақ, жеке өндіріске бағыт ұстануы нәтижесінде, барынша тиімді ұйымдық қалыптастырмастан, нарықтық қатынастарға өту ауылдық тауар өндірушілердің негізгі бөлігінің ұсақ, жеке өндіріске бағыт ұстануы нәтижесінде барынша тиімді ұйымдық құрылымдар қалыптасты.
Аграрлық саясатты жүргізу барысында келесі проблемаларды шешуде келіспеушіліктер де кездесті: ол шаруашылық жүргізу нысандарын анықтау; АӨК-індегі жекешелендіру және кооперация, жер қатынастарын реттеу, аграрлық реформа жүргізу мерзімдері; нарықтық экономика шараларын ұйымдастыру мен реттеу еді. Алайда, ауыл шаруашылығын аяғынан тік тұрғызып, сала өндіретін өнімдер көлемін айтарлықтай өсіру, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шеңберін кеңейту, ондағы халықтың тұрмыс деңгейін көтеру үшін алдағы кезде қаражат пен үкімет көмегін көп талап ететін өте күрделі мәселелері республиканың күн тәртібіндегі мәселер болып саналды. Көп укладты экономика талаптарына сай, экономикалық қарым-қатынастарды қайта құру, кәсіпорындар мен ұйымдарды (мемлекеттік агроөнеркәсіп жүйесіндегі) толық шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруға өткізу жұмыстары Қазақстан бойынша 1988 жылдан бастап, облыс шаруашылықтарында бірінші болып жүргізілді. Республикада жүргізілген ұйымдық-экономикалық шараларға қарамастан, АӨК жағдайы қанағаттанғысыз болып қала берді. Мемлекеттік сатып алу, көтерме сауда жекелеп сату бағалары арасындағы айырмашылық арта берді, соның арқасында тауар өндірушілердің қаржы қиындықтары арта түсті, инфляция тұрақтамады, базардың құрылуы және дамуы қиындай түсті.Осы тарауға қорытынды жасасақ Кеңес өкіметі және тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына үлкен терең өзгерістер әкелді. Кеңес экономикасының орталықтандырылған басқару әдістерінің мемлекеттік монополизмнің ұзаққа созылған үстемдігінен кейін, нарықтық механизмі қалыптастыру қажет болды, нарықтық механизм мемлекет пен кәсіпорын арасындағы өндірістік қатынастар жүйесімен тұтасымен өзгертті. Егемен Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқару тұжырымдамасы да өзгерді. Қатаң әміршілдік-әкімшілдік әдістер біртіндеп мемлекеттік реттеудің икемді жүйесімен ауыстырылды [15, 156-б.]. Мемлекет ішінде демократия мен жариялық біршама дамыды. Дегенмен, өкінішке орай, экономикалық аяда ешқандай жақсы қозғалыстар бола қоймады. Оның үстіне тоқырау құбылыстары қайта орын ала бастады, олар нағыз шығынға ұласты.

даму деңгейін талдау.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнім өндірісінің көлемі 2011 жылы
27 %-ға өсті және 2,2 трлн. теңгеден асты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің осындай өсуі соңғы 10 жылдың ішінде ең жоғары көрсеткіш болып табылады.
2011 жылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 4,4 мың АҚШ долларын құрады.
2011 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың келуі 22,4 %-ға өсіп, 107,4 млрд. теңгені құрады.
2011 жылы Агроөнеркәсіпті (бұдан әрі - АӨК) қолдау үшін республикалық бюджеттен 253 млрд. теңге бөлінді (2010 жылы - 233 млрд. теңге).
ҚазАгро ұлттық басқарушы холдингі АҚ АӨК қаржыландыру көлемі 235 млрд. теңге құрады немесе 2010 жылдың деңгейінен 1,5 есе артық (151,5 млрд. теңге).
Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерін мемлекеттік қолдау субсидиялау, жеңілдетілген кредит беру, салық салу, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен халық болып саналатын негізгі тұтынушыларға (игілік алушы) арналған қызметтерді ақысыз түрде көрсету арқылы іске асырылады.
Өсімдік шаруашылығы.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2011 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 21,2 млн. га, соның ішінде дәнді дақылдар - 16,2 млн. га, оның ішінде бидай 13,8 млн. га құрады. Майлы дақылдар 1,8 млн. га, мақта - 160,6 мың га, қант қызылшасы 21,0 мың га, картоп және бақша дақылдары тиісінше 184,2 және 196,5 мың га алқапқа егілді.
Дәнді дақылдар алқабы 2010 жылмен салыстырғанда 427,3 мың га (2,6 %) қысқарып, 16,2 млн. га құрады, бидай алқаптары 448,1 мың га қысқарып, 13,8 млн. га құрады.
Сонымен қатар, 2010 жылмен салыстырғанда дәндік жүгері алқабы - 2,2 мың га, дәнді бұршақ дақылдар - 19,9 мың га, күнбағыс - 85,8 мың га, соя - 8,9 мың га, зығыр - 95,8 мың га, мақта - 23,4 мың га, қант қызылшасы - 0,9 мың га, көкөніс-бақша дақылдары - 12,7 мың га, картоп - 4,4 мың га, жемшөптік дақылдар - 97,3 мың га ұлғайды.
Астық дақылдар өнімділігінің рекордтық көрсеткіш нәтижесінде (гектардан 17 центнер) 2011 жылы таза салмағында 27 млн. тонна жиналған болатын. Астықтың осы көлемі елдің ішкі қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп, 15 млн. тонна шамасында астықты экспортқа шығаруға мүмкіндік берді.
2011 жылы су ресурстарын сақтау технологияларын пайдаланумен астық дақылдары 11,7 млн. га алқапта (астық алқабының 72 %) өндірілген, ал астық дақылдары егіс алқаптарын 47 %-да егу және жинау жұмыстары заманауи жоғары өнімді егіс кешендерімен және комбайндармен жүргізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 %-ға жоғары.
Құрылымдық және технологиялық әртараптандыру бағдарламасын сәтті жүзеге асыру нәтижесінде үш жылдың ішінде майлы дақылдар алқаптарын екі еселеуге мүмкіндік болды (905 мың тоннадан 2011 жылы 1,8 млн. га-ға дейін). Өз кезегінде осы жағдай 1,1 млн. тонна майлы дақылдарды жинауға мүмкіндік беріп, өсімдік майына деген ішкі қажеттілікті қамтамасыз етті.
Жылыжайлар құрылысы белсенді дамыды. Жабық топырақтағы көкөніс дақылдарының жалпы жиналымы 28 мың тоннаны құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 53 %-ға артты. Нәтижесінде, көкөніс дақылдарындағы елдің ішкі қажеттілігі маусым аралық кезеңде 29 %-ға қамтылған болатын.
Негiзгi проблемаларды талдау Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығында өзекті мәселелер де бар. Олардың ішінде негізгі дақылдар бойынша өнімділіктің әлемдік өнімділік көрсеткіштерімен салыстырғанда төмен деңгейде болуы, астық тасығыштар мен астық және майлы дақылдарды сақтау қуаттарының тапшылығы, ауыл шаруашылығы өндірушілері білімінің жетіспеушілігі және агротехнологияларды ендірудің төмен деңгейі, тұқымдық материалдың төмен сапасы. Жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру үшін негізгі тежеуші факторлар ұсақ тауарлы өндірушілер арасында бөлінген суарылатын жерлердің тапшылығы.
Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау .Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің саланы одан ары дамытуына сыртқы факторы ретіндегі табиғат - ауа райлық жағдайлардан жоғары тәуекелін есепке алғанда ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің тұрақтылығын кепілдеу үшін өсімдік шаруашылығындағы сақтау жүйесін одан әрі дамытудың қажеттілігі бар.
Осыған байланысты, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жөніндегі қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында сақтандыру компаниялары төлеген сақтандыру төлемдерін субсидиялау нысанында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, селекция, сортты сынаулар және тұқым шаруашылығы мәселесінің маңыздылығын есепке ала отырып, селекция жүйесінің дамуын, сорттар мен гибридтердің мемлекеттік және өндірістік сынауын, түпнұсқа және элиталық тұқымдардың өндірілуін, олардың бiрiншi - үшiншi репродукцияға дейiн тұқым шаруашылық желiсiнде көбеюiн, мемлекеттік сорттық және тұқымдық бақылау жетілдіретін болады.
Өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін ұлғайту және сапасын арттыру мақсатында тұқымдардың, оның ішінде, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егуіне арналған тұқымдардың сорттық және егістік сапасын мемлекеттік сараптауын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Астық өндірісінің инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылатын болады, өйткені дәнді дақылдар ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау құрылымында неғұрлым үлкен үлес алады. Элеваторлар мен астық тасығыштар жетіспеушілігі проблемасы астықты өңдеу мен сақтауға, сондай-ақ оны тасымалдауға арналған қуаттылықтарды құру және кеңейту есебінен шешілетін болады.
Мал шаруашылығы.
2011 жылы республиканың мал шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы малдың саны және мал шаруашылығы өнім өндірісінде оң серпін белгіленген, осында ірі қара малдың саны орта есеппен 12 %-ға, қой - 5 %-ға, жылқы - 17 %-ға, түйе - 6,2 %-ға, құс - 5,4 %-ға өсті.
Асыл тұқым жүйесінің шаруашылығында асыл тұқымды ірі қара малдың саны 178,8 мың бастан 196,2 мың басқа (10 %-ға) ұлғайды.
Еттің (сойылған түрінде) және жұмыртқаның өндірісі өткен жылғы деңгейде сақталды. Сүт өндірісі 3,0 %-ға төмендеді.
Соңғы 5 жыл ішінде құс етінің өндірісі 2 есе өсті (2006 жылы құс фабрикалары 55 мың тонна құс етін өндірген болатын). Сонымен қатар, өндірістегі отандық фабрикалардың үлесі республикадағы құс етінің жалпы өндірісінде 90 %-ды құрайды. Олармен 2011 жылы барлық санаттағы шаруашылықтармен өндірілген құс етінің 111 мың тоннадан 103 мың тоннасы өндірілген. Импорттық құс етінің үлестік салмағы 2006 жылғы 70 %-дан 2011 жылы 55 %-ға дейін төмендеді.
Мал шаруашылығы өнімінің өнеркәсіптік өндіріс жүйесінің құрылуына Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2011 жылдан бастап сәтті іске асырылып жатқан ірі қара мал етінің (бұдан әрі - ІҚМ) экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобасы әсерін тигізуде. Оның шеңберінде 2500 шаруа қожалықтарын құру жоспарланып отыр.
2011 жылдың қорытындылары бойынша 17,7 мың бордақылау орынға арналған бордақылау алаңдарының құрылысы қаржыландырылған, 13,5 мың бас етті ІҚМ әкелінген, шаруа және фермер қожалықтары 55,6 мың бас сүтті ІҚМ сатып алған.
Негiзгi проблемаларды талдау
Оң өзгерістермен қатар мал шаруашылығы саласында өзекті мәселелер де бар. Мал шаруашылығы өнімінің үлкен үлесі халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарда (2012 жылдың 1 қаңтары бойынша жеке қосалқы шаруашылығында (бұдан әрі - ЖҚШ) 76,7 % ІҚМ, 67 % қой мен ешкі, 72,5 % шошқа, 62,7 % жылқы және 40,9 % құс) өндірілетініне байланысты мал шаруашылығы саласы келесі сипаттамаларға ие: жануарлардың төмен генетикалық әлеуеті, күтіп-бағудың заманауи технологиялардың және басқа технологиялардың аз қолданылуы төмен өнімділіктің және өнімнің төмен сапасына әкеліп соғады, ішкі нарықтағы артып отырған сұранысты қамтымай, өзіндік құнының жоғары болуына және бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуіне, импортқа тәуелділіктің қалыптасуына әкеледі.
Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау Мал шаруашылығы саласын дамыту және тауар өндірушілерді өндірісін технологиялық қайта жаңғыртуға ынталандыру, сондай-ақ өндірілген мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен сапасын арттыру мақсатында мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жалғастыру ұсынылады. Мемлекеттік қолдау мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге жұмсалатын шығындарды өтеуге, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын азықтандыру үшін пайдаланылатын жемшөптің құнын арзандатуға бағытталатын болады, бұл олардың санын өсіруді ынталандыруға мүмкіндік береді және соның салдарынан алынатын төлдің саны ұлғаяды.
Асыл тұқымды малдардың үлес салмағын арттыру, етті малдың гендік қорын, сондай-ақ тауар өндірушілердегі ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділік сапасын қалпына келтіру және ұлғайту мақсатында отандық және шетелдік селекцияның асыл тұқымды өнімдерін сатып алу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдау жалғасатын болады.
Тауар өндірушілердің асыл тұқымды материал (малдар, тұқымдар және эмбриондар) сатып алу бойынша шығындарын өтеу мемлекеттік қолдаудың негізгі тәсілі болады.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жануарларының сапалық құрамы мен тұқымдық сапаларын жақсартумен айналысатын тауар өндірушілерге асыл тұқымды аналық басты және асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу бойынша, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу бойынша шығындарын субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қолдау қой шаруашылығын, жылқы шаруашылығын, түйе шаруашылығын және құс шаруашылығын дамытуға да таралатын болады, бұл ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы табынындағы асыл тұқымды мал басының үлесін ұлғайту үшін жағдай жасайды және олардың өнімділігін арттырады.
Отандық құс фабрикаларына асыл тұқымдық материал (тәуліктік балапан және инкубациялық жұмыртқа) сатып алу бойынша қолдау көрсетілетін болады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау 2011 жылы басталған ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін арттыру жөніндегі жобаны одан әрі іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
АӨК өнімінің өндірісі және оны қайта өңдеу.
Азық-түліктер өндірісінің көлемі өткен жылдың деңгейінде сақталған (747,4 млрд. теңге).
Азық-түлік өнімі өндіріс құрылымындағы негізгі үлесті астық өңдеу (31,1 %), ет өңдеу (9,4 %), сүт өңдеу (10,2 %), балық өңдеу (3,2 %), жеміс-көкөніс (2,2 %), май өңдеу саласы (2,6 %) және шырын өндірісі (9,5 %) құрайды.
Көкөністер консервілерінің, макаронның, күріштің, шырындардың, маргариннің, шоколадтың, кондитерлік тағамдардың, өсімдік майының және шұжық өнімдерінің, сондай-ақ сүт өнімінің барлық түрлер өндірісінің өсуі байқалады.
2011 жылы қайта өңдеу өнімінің экспорттық көлемі 1 001,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 3,4 %-ға артық. Экспорттық жеткізулер негізінен қышқыл сүт өнімдер, етті және етті-өсімдік консервілер, өңделген сүт, кондитерлік тағамдар және жеміс-көкөністік консервілер бойынша жүргізілген.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша негізгі капиталға деген жеке инвестициялар 4,4 %-ға (27,3-тен 28,5 млрд. теңгеге дейін), шетелдік инвестициялар 3,8 есе өсті (102-ден 384,9 млн. теңгеге дейін).
Негiзгi проблемаларды талдау
Қайта өңдеу секторын дамытуды бәсеңдететін негізгі факторлар ретінде шикізаттың төмен сапасы және тапшылығы, сауда-логистикалық инфрақұрылымның дамымауы болып табылады, бұл қайта өңдеу қуаттылықтары жүктемесінің аз болуына әкеп соғады.
Негiзгi iшкi және сыртқы факторларды бағалау
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында отандық өнім сапасын арттыру, азық-түлік тауарларының түр-түрін кеңейту және сол арқылы Кеден одағы бойынша біздің негізгі сауда серіктестерімен бәсекелестікке тең жағдайлар жасау үшін өндірісті техникалық және технологиялық қайта жарақтау, халықаралық сапа стандарттарына көшу өзекті болып қалуда.
Осыған байланысты, негізгі және аналым құралдарын сатып алу үшін ЕДБ алынған кредиттердің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау жалғастырылатын болады.
АӨК техникалық қамтылуы.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер соңғы бес жылда озық шетелдік өндірушілердің барынша өнімділігі жоғары техникаларын сатып алуда. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өндірісін энергиямен қамтамасыз ету 2002 жылмен салыстырғанда 19,5 %-ға өсті және 165 жылқы күшін немесе 100 гектар жыртылған жерге 123 кВт құрайды. Салыстыру үшін, Ресейде ауыл шаруашылығы өндірісінің энергиямен қамтамасыз етілуі 259 кВт, Германия, Голландия, Италияда - 350 кВт, Францияда - 364 кВт, Ұлыбританияда - 404 кВт, АҚШ-та - 405 кВт құрайды. Бұл ретте, мәселен жалпы техника санының 4,9 %-ын құрайтын Хорш, Джон-Дир, Кейс, Морис өнімділігі жоғары егу кешендері егіс алаңдарының 35,2 %-ын егеді.
Негiзгi проблемаларды талдау
Сонымен қатар, қазіргі таңда машиналар мен жабдықтардың абсолютті санының өсу серпініне қарамастан, Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 80 %-ы тозған. Қазіргі таңда пайдаланудың нормативтік мерзімі 8-10 жыл кезінде 80 %-дан астам астық жинау комбайндары мен тракторларының орташа пайдаланылған жылы 13-14 жыл, 71 % астық жинау комбайндары, 93 % тракторлар және 95 % тұқым себетін машина есептен шығаруға жатады, ауыл шаруашылығы техникаларының қолда бар паркі жалпы 87 % шегінде тозған. 2004-2009 жылдары техниканың қатардан шығып қалуының орташа коэффициенті оң болды (жылына 0,7 %).

Ауыл шаруашылығы техникасының паркін жаңарту және кеңейту мақсатында лизинг құралын және лизинг төлемдерін субсидиялау тетігін пайдалана отырып мемлекеттік қолдауды жалғастыру қажет.
Ғылыми қамтамасыз ету және АӨК кадрларын даярлау.
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі жылына 3,3 млрд. теңгеден астамды құрайды.
АӨК кадрларының даярлығы 18 мамандық бойынша 10 жоғары білім беру мекемесінде және 25 мамандық бойынша 168 техникалық және кәсіптік білім берудің ауылдық білім беру мекемесінде жүргізіледі.
Ең қажет етілетін агрономдар, зоотехниктер, ветеринариялық-санитариялық дәрігерлер мен фельдшерлер, фермер-менеджерлер, инженер-механиктер, ет және сүт өнімдерінің, астықты қайта өңдеу және нан пісіру өнеркәсібінің инженер-технологтары, техник-технологтар, техник-электриктер, техник-жерге орналастырушылар, шебер-жөндеушілер, электромонтерлер, тракторист-машинистер және тағы басқа мамандықтар.
Негiзгi проблемаларды талдау
Қазақстанның салалық аграрлық ғылымының қазіргі жай-күйі жеткіліксіз қаржыландырумен, ғылыми әзірлемелерді енгізудің қиындығымен, білім тарату жүйесінің жеткіліксіз дамуымен, алдыңғы қатарлы шетелдік технологиялар трансфертінің дамымаған деңгейімен, инновацияларды енгізудің бастапқы сатыларында қолжетімді қаржыландырудың жоқтығымен, инновациялық әзірлемелерге деген дамымаған сұраныспен және т.б. сипатталады
Аграрлық сала үнемі жоғары кәсіптік мамандардың жетіспеушілігін сезеді. Ол әсіресе саланың ерекшілігіне байланысты. Біріншіден, сала жалақысы ең төменгілердің қатарында (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығындағы орташа айлық жалақының мөлшері 36332 теңге, өнеркәсіпте 93043 теңге, республика бойынша 77482 теңге).
Екіншіден, ауылды жерлердің әлеуметтік инфрақұрылымы қалалықтан айтарлықтай артта қалуда.
Үшіншіден, ауыл шаруашылығы қызметкерлерін еңбек жағдайлары басқа сала қызметкерлерінің еңбегінен анағұрлым қиындау. Осы аталған себептер аграрлық мамандықтар түлектерінің жұмысқа орналасудың төмен деңгейіне себепші болды.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін білім беру және консультациялық қызметтерге қол жеткізуді арттыру мақсатында аграрлық ғылымын реформалау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Аграрлық секторды кадрлармен қамтамасыз ету мониторингке сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысты құру үшін Білім және ғылым министрлігіне АӨК мамандықтары бойынша кадрлар қажеттілігі туралы тапсырысын жыл сайын жолдайды.
2010 - 2011 оқу жылында бакалавриатта ауыл шаруашылығы - 1730 және ветеринариялық мамандықтары бойынша - 550, магистратурада: ауыл шаруашылығы - 110 және ветеринариялық мамандықтар бойынша - 50;
2011 - 2012 оқу жылында бакалавриатта ауыл шаруашылығы - 1930 грант орындары және ветеринариялық мамандықтар бойынша - 630, магистратурада: ауыл шаруашылығы - 372 және ветеринариялық мамандықтар бойынша - 110.
Фитосанитариялық қауіпсіздік.
Қазақстан Республикасындағы фитосанитариялық қауіпсіздік деңгейі Қазақстаннан өсімдік шаруашылығы өнімдерін шығаруға тыйым салу жағдайларының төмен санымен қанағаттанарлық деңгейде.
Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заманауи жабдықтарды қолдана отырып, карантиндік, ерекше қауіпті және зиянды организмдердің дамуы мен тарауының мониторингін уақтылы жүргізу, олардың таралу болжамын жасау, карантиндік зиянды организмдердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою жөніндегі және зиянды және ерекше қауіпті организмдерге қарсы күресу жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін олардың таралу координаталарын айқындау қажет.
Ветеринариялық және азық-түлік қауіпсіздігі.
Ветеринария саласында тұрақсыздығы елдің АӨК дамуына негізгі қауіп болып табылатын республикадағы эпизоотиялық қолайлылықты және тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар тұрақты негiзде жүргiзiлуде.
Негiзгi проблемаларды талдау
Ветеринариялық және азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін дамытуды бірқатар факторлар бәсеңдетеді. Мал басының басым бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда, бұл ветеринариялық бақылауды жүргізуді қиындатады. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер фермадан үстелге дейінгі өнімнің жолын анықтауды, эпизоотиялық қадағалауды жүргізуге мүмкіндігін жасауды, ауру тарауының мониторингін жүргізуді және болжамдауды қамтамасыз етпейді. Ветеринариялық препараттардың, диагностикумдардың қатаң бақылауы жоқ. Қолданыстағы инфрақұрылым ветеринариялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етпейді, ветеринариялық ұйымдар (коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, облыстық және аудандық ветеринариялық зертханалар) барлық қажетті жабдықпен тиісті түрде жабдықталмаған.
2011 жылы 227 аса инфекциялық аурулардың ошағы тіркелген еді. Осының нәтижесінде Қазақстанның бірқатар облыстарында мал шаруашылығы өнімінің экспортына тыйым салынған болатын.
Ең таралған аурулардың қатары ірі қара және кіші малдың бруцелезі және лейкоз. 2011 жылы бруцелездің 75038 ІҚМ және 32705 кіші мүйізді мал (бұдан әрі - КММ) сынақ сынамасы оң қорытындыны көрсетті, сондай-ақ лейкозға 58 046 оң сынама анықталды. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда аурулар саны тиісінше 14 %, 15 % және 10 %-ға төмендегенін көрсетеді.

Ветеринариялық зертханалар қызметін халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру мақсатында 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін зертханалардың құрылысы мен материалдық-техникалық жағдайын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, 11 облыстық, 15 аудандық ветеринариялық зертханалардың құрылысы аяқталды, олар жоғары сезгіш талдауларды жүргізуге арналған ең заманауи жабдықтармен қамтылған.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы малын тиісті ветеринариялық-санитариялық жағдайларда сою жүйесін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Соңғы екі жыл ішінде
(2010 - 2011 жылдары) ауыл шаруашылық малын союдың 1553 нысаны (178 сою пункті, 1337 сою алаңы, 38 ет өңдеуші кәсіпорны) құрылды, жалпы республикалық қажеттілікті 89 %-ға қамтиды.
Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) жоспарланып отырған кіру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден халықаралық тамақ қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес келетін сапалы және қауіпсіз өнімді жеткізуді талап етеді. Осыған байланысты, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде заңнамалық база жетілдіріледі, Жануарлардың ауруларына қарсы күресу стратегиялары қайта қаралады, ауруларды бақылау, қадағалау және мониторингі үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бар зертханалардың кең таралған желісі құрылатын болады.
Бұдан басқа, алдын алу іс-шараларын жүргізу тиімділігінің негізіне халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ветеринариялық диагностикалық және иммундық алдын алу препараттарын қолдану жүйесі, оның ішінде әлемнің жетекші өндірушілері қатысатын отандық биоөнеркәсіпті кезең-кезеңімен дамыта отырып GMPGLP алынатын болады.
3-бөлiм. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер,
нысаналы индикаторлар, iс-шаралар және нәтижелердiң
көрсеткiштерi
3.1-бөлiм. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, мiндеттер,

1-стратегиялық бағыт. Агроөнеркәсiптік кешенді дамыту.
1.1-мақсат. Қазақстан Республикасы АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау
Осы мақсаттарға қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламалардың кодтары 001, 009, 023, 043, 048, 074, 082, 090, 212, 213, 214, 215, 216, 217, 220, 222.
Нысаналы индикаторлар (қол жеткiзудiң соңғы мерзiмiн (кезеңiн) көрсете отырып)
Ақпарат көзi
Өлшем бiрлiгi
Есептi кезең
Жоспарлы кезең
2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1. Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы қосылған құны
статдеректер
өткен жылға %-бен
113,2
88,4
120,1
87,8
103
103,5
103
2. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі
статдеректер
мың. теңге
415,2
372,3
492,3
500
515
530
546
3. АӨК экспорттың жалпы көлеміндегі экспорттық әлеуеті
есептiк деректер
%
3,9
3,4
2,1
3,4
2
2,1
2,2
4. Азық-түлік тауарлары ресурстарының жалпы көлеміндегі отандық өндірістің үлесі
статдеректер
%
67,8
73,6
73
73
73
73
73
5. Кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредиттік қаражат көлемі
есептiк деректер
млрд. теңге
-
-
-
-
82,8
28,5
26,8
6. Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк рейтингіндегi Аграрлық саясаттың ауыртпалығы көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасының позициясы
Дүниежүзілік экономикалық форумның есебі
рейтингтегі орын
78
49
49
48
48
47
47
Нысаналы индикаторларға қол жеткiзудің жолдары, құралдары және әдiстерi
1.1.1-міндет. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық тұқымдары мен екпелерінің экономикалық қолжетімділігін арттыру
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
Ақпарат көзi
Өлшем бiрлiгi
Есептi кезең
Жоспарлы кезең
2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1. Субсидиялаумен қамтылған сатып алынған таңдаулы тұқымдар көлемі
есептiк деректер
мың. тонна
-
-
-
-
73,5
73,5
73,5
2. Субсидиялаумен қамтылған сатып алынған таңдаулы көшеттер көлемі
есептiк деректер
мың дана
-
-
-
-
2433
2433
2433
3. Субсидиялаумен қамтылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылғы көшеттерін отырғызудың алаңы
есептiк деректер
га
-
-
-
-
12,86
12,86
12,86
4. Субсидиялаумен қамтылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерінің аналықтарына қызмет көрсету алаңы
есептiк деректер
га
-
-
-
-
29,3
29,3
29,3
Тiкелей нәтижелердiң көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар
жоспарлы кезеңде iске асырудың мерзiмi
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
1
2
3
4
5
6
1. Бірегей және элиталық тұқымдардың субсидиялануын жүргізу
-
-
X
X
X
1.1.2-міндет. Тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптаудың экономикалық қолжетімділігін арттыру
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
Ақпарат көзi
Өлшем бiрлiгi
Есептi кезең
Жоспарлы кезең
2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1. Тұқымдардың сапасын анықтауға арналған зерттеулер саны
есептiк деректер
мың дана
-
-
-
-
330,4

2015
жыл
1
2
3
4
5
6
1. Тұқымдық және отырғызу материалдарының сорттық және егістік сапасының сараптауын жүргізу
-
-
X
X
X
1.1.3-міндет. Өсімдік шаруашылығындағы сақтандырудың экономикалық қолжетімділігін арттыру
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
Ақпарат көзi
Өлшем бiрлiгi
Есептi кезең
Жоспарлы кезең
2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1. Сақтаумен қамтылған егістік алқаптарының үлесі
есептiк деректер
%
-
-
-
-
73
74

1. Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру кезінде сақтандыру төлемдерінің субсидиялануын жүргізу
-
-
X
X
X
1.1.4-міндет. Малды күтіп-бағудың және мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің экономикалық қолжетімділігін арттыру
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері
Ақпарат көзi
Өлшем бiрлiгi
Есептi кезең
Жоспарлы кезең
2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1. Субсидиямен қамтылған аграрлық құрылымдардағы ІҚМ аналық малдың саны
есептiк деректер
мың бас
-
-
-
-
360,4
360,4
360,4
2. Құрама және байытылған жемшөпті арзандатуға арналған субсидиямен қамтылған өндірілетін сиыр етінің көлемі
есептiк деректер
мың. тонна
-
-
-
-
28,2
28,2
28,2
3. Құрама және байытылған жемшөпті арзандатуға арналған субсидиямен қамтылған өндірілетін қой етінің көлемі
есептiк деректер
мың. тонна
-
-
-
-
3,1
3,1
3,1
4. Құрама және байытылған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz