Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Ауыл шаруашылығы саласында өндірісті қарқынды дамыту

І - тарау. Ауыл шаруашылығы саласында өндірісті қарқынды дамыту

1. 1. Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді интенсивтендіру

1. 2. Қазақстан Республикпсындағы ауыл шауашылығының

даму деңгейін талдау

ІІ - Тарау. II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы

2. 1 Ауылшаруашылығын несиелеу жүйесі

2. 2 Агроөнеркәсіп кешенін техникалық жарақтандыру

III Тарау. ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары

Батыс Қазақстан обылысының ауыл шаруашылығының дамуы

КІРІСПЕ

Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы - ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы - ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздіқ қоғамдық - саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003-2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі әкономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегеніміз - сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Осынау саяси-моральдык және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет тарих ғылымына бұл мәселеге жаңа ғылыми тұжырым жасау міндетін туғызды. Бірақ осыған қарамастан, бұл мәселе бойынша қазақстандық зерттеушілер арасында тарихшы ғалымдар да біраз жұмыстар тыңдырды.

Кеңес өкіметі кезеңіндегі жүргізілген ауылдағы реформалар күткен нәтижесін бермеді, аграрлық сектордағы әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлап, өндіріс көлемі қысқарып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмендеп, әлеуметтік жағдай жылдан-жылға шиеленісті. Осы тұрғыдан қарағанда, Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізілген волюнтаристік саясаты халыққа жасалған қиянаты, дүниенені өзгертудің зорлыққа негізделген концепциясының жарқын бір көрінісі іспетті. Сондықтан да тоталитарлық жүйе кезінде біржақты, кейде субъективті және коммунистік идеология рухында зерттелген аграрлық мәселелерді қәзіргі заманның талабына сай, өткен тарихқа сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды.
Бүгінде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет жағдайына қол жеткізгенде тарихымыздағы осы олқылықтың орнын толтыруға жағдай жасалуда. Өтпелі кезеңнің зардабы ауыл шаруашылығына және бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың табиғаты, негізгі себептері және одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті көкейтесті мәселе, республика Президентінің еңбектерінде, түрлі Заң және атқарушы органдардың күнделікті іс-тәжірибелерінен күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ та ел экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының әлеуметтік проблемаларын, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге байланысты, аграрлық саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтау қажеттігі туындап отыр. Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығындағы алға басулар нарықтық қатынастарға көшу ауыл шаруашылығын реформалауды да талап етеді. Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін, өткен тарихи кезеңнің келеңді, келеңсіз тәжірибелерінен үйрене отырып алға басқанымыз жөн - деп түсінеміз. Сондықтан да, социализм тұсындағы аграрлық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезеңі, нарыққа өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың, олардың ішкі құрылымының ерекшеліктерін, аграрлық қатынастардың негізі болып табылатын жер қатынастарының қалыптасу заңдылықтарын, аграрлық өндірістегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, азық-түлік қауіпсіздігі, ғылыми-техникалық прогресс және оның ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктерін, кооперация мен жекешелендіру процесінің нәтижелерін, орталықсыздандыру саясатының ауылдық аймақтарға жасаған ықпалы және ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелері зерттеу тақырыптың өзектілігін анықтайды.

І - тарау. Ауыл шаруашылығы саласында өндірісті қарқынды дамыту

1. 1. Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді интенсивтендіру

Ауыл шаруашылығы саласында ең алдымен аграрлық-өнеркәсіптік кешенді интенсивтендіру жалпыхалықтық іс болып табылды. Бүкіл ауыл шаруашылығы потенциалын қалыптасқан жүйе мен нарықтық емес қатынастар тұншықтырып, көп жағдайда экономикалық тиімділігін мардымсыз етіп, кейде бос жұмыс істетіп келді. Сөйтіп, Кеңес өкіметі мен Компартияның аграрлық саясаты ауыл шаруашылығын бүлдіріп қана қоймай, сонымен бірге бүкіл қоғамның дамуында елеулі қиыншылықтар туғызды. Көп укладты экономика талаптарына сай, экономикалық қарым-қатынастарды қайта құру, кәсіпорындар мен ұйымдарды (мемлекеттік агроөнеркәсіп жүйесіндегі) толық шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруға өткізу жұмыстары Қазақстан бойынша 1988 жылдан бастап облыс шаруашылықтарында бірінші болып жүргізілді. 1990 жылдардың бас кезінде республиканың аграрлық секторында жүргізілген экономикалық реформа нәтижесінде біріншіден, агроөнеркәсіптік өндірісте көп укладтылық қалыптасты, шаруашылық субъектілеріне толық дербестік беріліп, олардың өз қызметтерін жүзеге асыруына және өндірген өнімдеріне ие болуына мүмкіндік жасалды, нарықтық қатынастардың дамуы бір орталықтан басқару жүйесін әлсіретті, екіншіден, асығыс жүргізілген институционалдық өзгерістер, экономикалық қатынастардағы салааралық теңсіздіктің күшеюі, агроөнеркәсіптік интеграция мен кооперативтердің дамуы үшін жағдай жасаудың орнына ауыл шаруашылғы өнімдерін өңдеуші және қызмет көрсетуші кәсіпорындарды жекешелендіру, ауылдық тауар өндірушілердің басым бөлігінің ұсақ, жеке өндіріске бағыт ұстануы нәтижесінде, барынша тиімді ұйымдық қалыптастырмастан, нарықтық қатынастарға өту ауылдық тауар өндірушілердің негізгі бөлігінің ұсақ, жеке өндіріске бағыт ұстануы нәтижесінде барынша тиімді ұйымдық құрылымдар қалыптасты.

Аграрлық саясатты жүргізу барысында келесі проблемаларды шешуде келіспеушіліктер де кездесті: ол шаруашылық жүргізу нысандарын анықтау; АӨК-індегі жекешелендіру және кооперация, жер қатынастарын реттеу, аграрлық реформа жүргізу мерзімдері; нарықтық экономика шараларын ұйымдастыру мен реттеу еді. Алайда, ауыл шаруашылығын аяғынан тік тұрғызып, сала өндіретін өнімдер көлемін айтарлықтай өсіру, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шеңберін кеңейту, ондағы халықтың тұрмыс деңгейін көтеру үшін алдағы кезде қаражат пен үкімет көмегін көп талап ететін өте күрделі мәселелері республиканың күн тәртібіндегі мәселер болып саналды. Көп укладты экономика талаптарына сай, экономикалық қарым-қатынастарды қайта құру, кәсіпорындар мен ұйымдарды (мемлекеттік агроөнеркәсіп жүйесіндегі) толық шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруға өткізу жұмыстары Қазақстан бойынша 1988 жылдан бастап, облыс шаруашылықтарында бірінші болып жүргізілді. Республикада жүргізілген ұйымдық-экономикалық шараларға қарамастан, АӨК жағдайы қанағаттанғысыз болып қала берді. Мемлекеттік сатып алу, көтерме сауда жекелеп сату бағалары арасындағы айырмашылық арта берді, соның арқасында тауар өндірушілердің қаржы қиындықтары арта түсті, инфляция тұрақтамады, базардың құрылуы және дамуы қиындай түсті.
Осы тарауға қорытынды жасасақ - Кеңес өкіметі және тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына үлкен терең өзгерістер әкелді. Кеңес экономикасының орталықтандырылған басқару әдістерінің мемлекеттік монополизмнің ұзаққа созылған үстемдігінен кейін, нарықтық механизмі қалыптастыру қажет болды, нарықтық механизм мемлекет пен кәсіпорын арасындағы өндірістік қатынастар жүйесімен тұтасымен өзгертті. Егемен Қазақстан экономикасын мемлекеттік басқару тұжырымдамасы да өзгерді. Қатаң әміршілдік-әкімшілдік әдістер біртіндеп мемлекеттік реттеудің икемді жүйесімен ауыстырылды [15, 156-б. ] . Мемлекет ішінде демократия мен жариялық біршама дамыды. Дегенмен, өкінішке орай, экономикалық аяда ешқандай жақсы қозғалыстар бола қоймады. Оның үстіне тоқырау құбылыстары қайта орын ала бастады, олар нағыз шығынға ұласты.

1. 2. Қазақстан Республикпсындағы ауыл шауашылығының

даму деңгейін талдау.

Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің элемге белгілі «Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде «Барлық стратегиялық басымдылықтардың көш басында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оны дәйекті де батыл реформалау, сандай-ақ тұтыну рыногын өнеркәсіп тауарларымен толтыру шаралыры жүретін болады» - деп атап көрсеткен болатын .

ҚР- да агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын, оның ішінде ауыл шаруашылығын әлеуметтік - экономиаалық дамытуға мүмкіндік мол. Егер де осы потенциалдық мүмкіндікті рынок жағдайында әрбір жекеленген аймақтардың табиғи-экономикалық өзгешеліктерін еске ала отырып ауыл шаруашылығының әлеуметтік салаларын дамыта білсек, еліміздің экономикасын бұдан да биік деңгейге көтеруге мүмкіндік жасар едік.

Аймақтағы агроөркәсіп кешенінің даму стратегйясы, оның негізгі

мазмұны нақтылы әлеуметтік-эканомикалық жағдайлар мен анықталады. Оның негізгі мәніне, біріншіден, аймақтық ішкі даму факторлары: табиғи ресурстары, эканомикасының нақтылы жағдайы мен оның құрлымы, маманданудың, шығын және орта бизнестің даму деңгейі, аймақтық рыноктың қалыптасқандығы және т. б жатады.

Екіншіден, аймақтағы сыртқы орта факторлары: мемлекеттің экономикалық және аймақтық саясаты, оның әлемдік ортадағы орны, сыртқа шығару - сырттан әкелу мүмкіндіктері, әлемдік рынок конъюктурасы негіз болады. Оған себеп:ауыл жүйесінде шаруашылықтың әлеуметтік -экономикалық даму стратегиялық жүйесінде аймақтың ішкі ресурстарын тиімді пайдалану мен қатар аймақ шеңберіндегі сегменттік рынокты, шағын бизнесті, өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылымдарды жетілдіру үлкен орын алады.

Қазақстанның көптеген аймақтарында ауыл шаруашылығының әлеуметтік -экономикалық даму рынок экономикасына сай жүргізілмей отыр. Оған себеп біздің мемлекет, эканомикасы қалыптасқан басқа елдер сияқты ықшамды територияда орналасқан аймақтардың ішкі резервін тиімді пайдалана отырып, Әлеуметтік салаларды дамытудың орнына, көптеген әлеуметтік- эканомикалық шараларды бүкіл республика шеңберінде жүргізуді мақсат еткендіктен, қаражаттың және басқа ресурстардың жетіспегендігінен олар өздерінің тиімділігін мезгілінде бере алмай отыр.

2003-2004 жылдары Қазақстан өнеркәсіп кешенінің дамуы үшін негіз бола алатын екі құжат қабылданды: Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылға арналған Мемлекеттік аграрлық азық -түлік бағдарламасы және 2010 жылға дейін селолық аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Олар агробизнестің оңтайлы құрлымы қалыптасуымен, агротехнология деңгейінің өсуімен, ауыл шаруашылық өндірісінің Маркетинг стратегияға көшуімен, ішкі рынокте импорт алмастырумен, алыс және жақын шетелдерге экспорттың артуымен, селоның әлеуметтік дамуының шапшаңдығымен байланысты аграрлық саладағы дамудың жаңа сапасына көшу қаралған. Ал бұған ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге түсуіндегі /конкуренция/ қаблеттілігін артуы және өндірісті диверсификациялау жолымен ғана қол жетуі мүмкін еді. Осыған байланысты эканомиканың аграрлық секторында қанда проблемалар туындайтынына тоқталамыз.

Нарықтық саясат кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы елеулі өзгерістерді бастан кешті. Саланың жалпы өнімі 2003 жылы 1990 жылмен салыстырғанда екі еседен астам төмендеді. Жан басына шаққанда 1990 жылғы деңгейге қарағанда астық өндіру -63 пайыз, ет-49, сүт -82, жұмыртқа-57 паыз болды. Осы мезгілде картоп өндіру жан басына шаққанда -10 пайыз өсті, көкөніс пен бақша дақылдары -94 пайызға өсті. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттік алынған дерек бойынша саланың жалпы өнімі жылдар ішінде төмендегідей құбылды.

Мал шаруашылығы өнімдерінің өсу қарқыны төмен болғанымен, бірақ, олардың өскені, ал өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өсу қарқыны жыл сайын елеулі өзгеріп отыратынын, өйткені, ол табиғи-климаттық жағдайлардың қандай болуына бағынышты екенін жоғарыдағы суреттен байқауға болады.

Осы саланың дамуына кедергі келтіретін факторлар деп, өндірушілер тәмендегілерді санайды:

- қаржының жетіспеуі - 55%;

- материалдық техникалық базаның тозуы- 44%;

- айналымда қаржының тапшы болуы- 30%;

- несие пайызының жоғары болуы -21%;

- жоғары салық-21%;

- тұтынушының төлеуге жарамсыздығы -11%.

Жалпы алғанда ауыл шаруашылығының дамуы осы уақытқа дейін бидай өндірісіне тікелей тәуелді болып отыр.

Сонымен ауыл шаруашылығының I жарты жылдық бойынша қаржылық жағдайы кемімелі түрде болды. Оған әсер етушілер:

- мезгілдік фактор;

- өндірістің жоғары ;

- дебиторлық және кредиторлық қарыздар;

Шаруа қожалықтарының қарыздарының жоғары болуы олардың мемлекеттік несиені уақтылы төлеуіне кедергілер келтіріп отыр, нәтижесінде келесі жылдарда мемлекет тарапынан көмек алуларына кедергілер туындайды. Осыған байланысты ауыл шаруашылығының облыстық басқармалар егін аз болған жылдарда және баға конъюнктурасы қолайсыз болған жылдарда мемлекеттік несиелерді қарыз пролонгациясын жасауды ұсынып отыр. Бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша бұл ұсынылған жобалар барлық мәселелерді толығымен шеше алады дей алмаймыз. Ол үшін төмендегідей арнайы шаралар қолдану керек:

- өнімнің сапасын көтеру;

- өндіріске қызмет көрсету құрылымын құру;

- жаңа технологияларға оқыту және ауыл үшін арнайы кадрлар даярлау;

Осы жылдарда ең бағалы деп саналатын мал шаруашылығы өнімдерінің үлес салмағы қысқарып кетті.

/2 сурет/.

Саладағы мұндай өзгерістерге: Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы өндірістік шаруашылық, ара қатынасының тұрақсыздығы, селоға мемлекеттік қолдаудың тоқталуы, инфляцияның

шарықтап кетуі, несие ресурстарының қымбаттауы сондықтан, оларға өнім иелершің қолы жетпеуі, төленушіліктің өсуі, ауыл шаруашылығы өнімдері мен оған қажетті ресурстардың бағалары арасындағы теңсіздіктің аса үлкен болғаны себепкер болды. Сала өніміне деген сұрныстың шектелуі- ауыл шаруашылығының негізгі проблемасына айналды. Азық- түлікке мемлекеттік дотацияның болмауы халықтың сатып алу қабілетінің кемуіне әкеп соқты. 2002 жылы халықтың жанбасына тұтынған еттің көлемі ғылыми негізделген норманың тек 54 пайызын ғана құрады, сүт-57, жүмыртқа-39 пайыз.

Өңдеуші өндіріс өнеркәсіптерінің ауыл шаруашылық өнімдеріне деген қажеттілігі қысқарды. Ауыл шаруашылық министрлігінің деректері бойынша, өндірілген сүттің 11 пайызы, еттің-10, дәнді-дақылдардың -14, майлы өсімдік дәнінің 48 пайызы ғана өнеркесіптік өңдеуден өтті. Осы арада айта кететін бір мәселе жеткілікті көлемде мемлекеттік қолдау болмай отырған кезде ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныстың деңгейі ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге өнім өндіруді айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік бермейді. Өйткені, олардың айналмалы қаржысы мен негізгі капиталға инвестиция алуға қажетті мөлшердегі қаражаты жоқ.

Нарықтық реформалар кезіндегі Қазақстанның аграрлық азық-түлік кешеніне тән ерекшелік халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарының ауыл шаруашылық енімдерін өндірудегі үлес салмағының айтарлықтай өскендігі болып табылады /1-кесте/. Мәселен, оның үлесі 1990-1992 жылдардағы 31 пайыздан 2002 жылы 51 пайызға дейін өсті. Статистика жөніндегі агенттіктің деректеріне қарағанда жеке косалқы шаруашылықтың /ЖҚШ/ өсімдік шаруашылық өнімдерін әндірудегі үлесі 26 пайыз, мал шаруашылығында - 87 пайыз. Сөйтіп, бүгінгі күнде халықтың жеке қосалқы шаруашылығы еттің, сүттің, көкөністің, бақша дақылдарының, жеміс пен жидектің, картоптың негізгі өндірушісі болып табылады.

Осы мерзім ішінде халықтың жеке қосалқы шаруашылығында, керісінше, ет ондіру -10 пайызға, сүт-30, картоп-22, жеміс пен жидек-38, көкеніс пен бақша дақылдары-2, 9 есеге өсті.

Шаруашылық санаттары арасындағы өнім өндірудегі мұндай ара қатынастың қалыптасуы республика халқының астықтан басқа азық-түліктің негізгі енімдеріне деген қажеті бүгінгі күні ЖҚШ есебінен қанағаттандыруына әкеліп соқты. Біздің жасаған есебіміз көрсеткендей 2001-2002 жылдары халықтың етке деген қажетінің 87-89 пайызы, сүтке-78-80, жұмыртқаға-45-48, жеміс, жидек және жүзімге-56-58, көкөніске-95-96, картопқа-78-80 пайызы қосалқы шаруашылықтар есебінен

қанағаттандырылып отыр. 2004 жылдың I жарты жылдығында өсімдік шаруашылығы енімдері 6, 4 млрд. теңгеге өндірілді, бұл 2003 жыл деңгейімен салыстырғанда 2%- ке жоғары. Ал екінші кварталда егін жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде ауылшаруашылығының жалпы көлемі 17, 4 млн. га жетті. Егіс құрылымын дәнді дақылдар құрады(13, 2 млн. га), ауыл шаруашылығының 80% үлес салмағын алады. 2004 жылы сұлы (22, 6%) және арпа (12, 6%) осіру кең көлем алды және бұл мал шаруашылығының дамуына өз әсерін тигізді. Мәдени дақылдар ағымдағы жылда жалпы дәнді дақылдардың 3, 7% құрады, бұл тек тұқымды сақтап қалуға ғана жағдай жасады.

Қант қызылшасы 2004 жылы 23, 5 мың га жерді алды, оның негізіг өсірілу аймағы бұрынғысынша- Алматы және Жамбыл облыстары болып қалды. Сонымен бірге қант қызылшасы ондірісінің көлемі республика бойынша қант зауыттарын және халықтың қантқа деген сүранысын қамтамасыз ете алмайды. Мақта осіру алдыңғы жылмен салыстырғанда 8, 6%-ке өсті. Бұл тенденцияның бірнеше жыл бойы сақталып келе жатқанын атап өткен жөн.

Азық - түлік қауіпсіздігінің басты міндеттері мыналар болуы тиіс: - тамақ өнімдерімен өзін -өзі жеткілікті қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;

- бағаның артуы т. б. жағдайларда, оларды қажетті мөлшерде сырттан әкелу үшін қолда қаражат болуы.

Халықтың саны да, сапасы да медициналық тұтыну талаптарына барлық жағынан жауап бере алатын ас-тағам өнімдерімен үнемі үзіліссіз жабдықтау ісі жолға қойылғанда ғана азық-түлік қауіпсіздігі сақталуына кепілдік бар.

Біз осы сәтте Қазақстанның азық - түлік қауіпсіздігіне қатер төндіретін бірнеше ішкі-сыртқы ахуалдарды бөліп айта аламыз:

Азық-түлік қауіпсіздігінің ішкі қатерлеріне мыналарды жатқызуға болады:

1. Экономикалық аграрлық секторындағы созылмалы дағдарыс.

2. Егіс көлемінің қысқаруы және астықтың жалпы түсімінің төмендеуі.

3. Ауыл шаруашылық мал басының кеміп кетуі.

4. Қайта өңдеу және ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау салаларының дамымауы.

5. Ауыл шаруашылық машиналарын жасау саласындағы дағдарыс.

6. Айтып келмейтін табиғат апаттарына дайын болмау.

7. Агроном кадрлар әзірлеу ісі сапасының нашарлығы.

8. Ауыл-саласы демографиялық құлдырауға әкеліп соқтыратын ауыл жастарының қалаға жаппай ағылуы.

Халықтың қосалқы шаруашылығының бұдан былайғы жерде дамуы негізінен -ел экономикасының осы манызды секторына қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатқа байланысты. Біздің ойымызша оларға қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік саясаттын басым бағыттары келесілер болмақ:

Біріншісі-халықтың жеке қосалқы шаруашылығы туралы арнайы заң қабылдау. Онда ЖҚШ құқықтық статусы анықталуы тиіс, тиісті жарна төлеген жағдайда ЖҚШ оз еркімен жүмыс істейтіндерді зейнетақымен және әлеуметтік сақтандырумен қамтамасыз етуі каралуы керек.

Екіншісі ЖҚШ ауыл шаруашылық және өндеуші кәсіпорындарымен, сауда ұйымдарымен және фирмалармен тікелей қатынасын белгілеу және олармен бірігуін ынталандыру. Онымен бірге, халықтың үй шаруашылығына өндірістік -техникалық қызмет көрсету жөніндегі, атап айтқанда, мал азығын ендіру мен дайындау, жерді өңдеумен ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру, өнімді сату, техниканы сатып алу және материалдық техникалық жабдықтау жөніндегі коммуналдық меншік кәсіпорындары мен маманданған кооперативтер құруды ынталандыру қажет.

Жеке қосалқы шаруашылықтардың ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен езара қарым қатынастарының маңызды түрі контрактылық /келісім -шарттық/ ауыл шаруашылығын дамыту болып табылады. Сол кезде кәсіпорын ЖҚШ-қа материалдық -техникалық ресурстарды, малдың төлін, қажет болған жағдайда несие береді, ЖҚШ өндірген өнімдерді сатады. Бұл байланыс өзара тиімді. Кәсіпорын менеджментке, инвестицияға жұмсалатын қаржыны үнемдей отырып, өз өндірісін ұлғайтады, ал ЖҚШ иелері өнімді өндіру мен сату жөніндегі өз проблемаларын шешеді.

Өзара әрекеттестіктің мұндай тәжірибесі Венгрияда бар, Батыс европалық елдермен АҚІІІ- да дамуда.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ЖҚШ мұндай әрекеттестігі КСРО кезінде де болғанды, ұжымшарлар мен кеңшарлар халыққа өндіруге малдың телі мен құсты, қант қызылшасын, көкөністі, басқа да дақылдарды беретін тұғын.

Үшіншісі-селолық несиелік және сақтандыру кооперативтері арқылы ЖҚШ-ға несие тұтыну кооперативтерінің ролі дала жұмыстарын атқару, енімді сату мен өңдеу кезінде ЖҚШ қаржыландыру үшін аса маңызды. Селодағы сақтандыру әлдеқайда тиімді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Қазақстан Республикасының ауылшаруа-шылық өндірісі
Қазақстан Республикасында жер меншігі құқығының түсінігі
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар (1991 – 2008 жж.)
Қазақстан Республикасында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайы
Кәсіпкерлік және оның Қазақстанда даму ерекшеліктері
Экономикалық реформалар және олардың нәтежиелері
Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі
Жерге меншік
Жер нарығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz