Ауыл шаруашылығы техникасының паркі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 112 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысы
* Мәтін
* Ресми жарияланым
* Ақпарат
* Өзгерістер тарихы
* Сілтемелер
* Екі тілде
* Көшіру
* Қағазға шығару
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған Агробизнес-2020 бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2) Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар мен ұйымдар (келісім бойынша) Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысы;
2) Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 749 қаулысы;
3) Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 776 қаулысы.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 ақпандағы
№ 151 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған Агробизнес-2020
бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
Атауы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған Агробизнес-2020 бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауы
Жауапты орындаушы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - ҚР АШМ) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
Мақсаты
Қазақстан Республикасы (бұдан әрі - ҚР) агроөнеркәсіптік кешені (бұдан әрі - АӨК) субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау
Міндеттері
1. АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру.
2. АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру:
1) өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
2) астық сақтау жөніндегі қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру;
3) АШТӨ үшін судың экономикалық қолжетімділігін арттыру;
4) мал шаруашылығындағы және тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
5) ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өнімінің өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
6) қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
7) басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті арттыру;
8) білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру.
3. АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту:
1) фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту;
2) ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту.
4. АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру:
1) ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру;
2) АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін дамыту;
3) ауыл шаруашылығы дақылдарының мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;
4) АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін дамыту;
4-1) суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын мониторингтеу мен бағалаудың тиімділігін арттыру;
5) ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту;
6) АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру;
7) органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау;
8) ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту;
9) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Іске асыру мерзімдері
2013 - 2020 жылдар
Нысаналы индикаторлар
1) АӨК субъектілерін субсидиялау есебінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылы 4,5 есе ұлғайту;
2) АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен жалпы сомасы кемінде 300 млрд. теңгеге кемінде 8 жылға ұзарту;
3) кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредит қаражатының көлемі 2013 - 2020 жылдары 2 трлн. теңгеге дейін;
4) карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілік коэффициенті 2020 жылы 0,88;
5) мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесі 2020 жылы 0,4 %;
6) электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер үлесі 2015 жылы 62 %.
Қаржыландыру көздері мен көлемдері
Бағдарламаны 2013 - 2020 жылдары іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген жалпы шығыстар барлығы 3 122,2 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:
2013 жылы* - 339,7 млрд. теңге
2014 жылы* - 466,0 млрд. теңге
2015 жылы* - 322,7 млрд. теңге
2016 жылы - 340,7 млрд. теңге
2017 жылы - 383,5 млрд. теңге
2018 жылы - 406,9 млрд. теңге
2019 жылы - 414,3 млрд.теңге
2020 жылы - 448,4 млрд. теңге
* - сомалар тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады

Кіріспе
ҚР тәуелсіздігі кезеңінде елдің АӨК-де айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді: нарықтық қатынастар негізінде өндірістің тұрақты өсуі байқалады, еңбек өнімділігі мен өндіргіштігі артуда, саланың негізгі қорларын жаңарту және инфрақұрылымын қалпына келтіру жүргізілуде, негізгі тамақ өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізілді, дәнді, майлы дақылдар, балық аулау өнімдері экспортының айтарлықтай өсуіне қол жеткізілді.
2011 жылы елдің жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі - ЖІӨ) көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 5,1 %-ды құрады, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің еңбек өндіргіштігі 2005 жылдан бастап 2011 жылдар аралығындағы кезеңде жылына 9,3 % орташа жылдық өсу қарқынымен бір жұмыс істейтін адамға 304,2 мың теңгеден 498 мың теңгеге дейін өзгерді, ауылды жерлерде шамамен 7,48 млн. адам немесе Қазақстанның жалпы халқының 45%-ы тұрды.
Қазіргі уақытта әлемдік аграрлық экономика мен демографияның жаңа үрдістері қалыптасуда, өңірдегі ықпалдастыру процестері нақты дами бастады, жаһандық климаттық өзгерістер болуда. Қазақстан Кеден одағына (бұдан әрі - КО) кірді, таяу кезеңде Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) кіруі жоспарлануда. Алайда, саладағы еңбек өндіргіштігінің төмен деңгейі, пайдаланылатын технологиялардың жетілдірілмегендігі, өндірістің ұсақ тауарлы болуы ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды негізде жүргізуге, материалдық, еңбек және басқа ресурстарды неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік бермейді. Осы факторлар отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, бұл ДСҰ мен КО жағдайларында шетелдік өнім импортының басым болуына, жергілікті өндірушілерді өткізу нарықтарынан ығыстыруға әкелуі мүмкін.
Азық-түлік өнімдерін тұтынудың қарқынды өсуімен және тұтыну құрылымының неғұрлым сапалы өнімдер жағына қарай өзгеруімен ел халқының өсуі орын алуда. Елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі, халықты жұмыспен қамтуды арттырудағы және республиканы экономикалық дамытудағы ауыл шаруашылығының рөлін Мемлекет Басшысы бірнеше рет, оның ішінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты векторы атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.
Сыртқы және ішкі ортаның өзгерген жағдайларында Қазақстанның КО-ға кіруі мен ДСҰ-ға алдағы кіруіне, саланы мемлекеттік реттеу мен жаңғыртудың жаңа тетіктерін қолдану қажеттілігіне байланысты ҚР АӨК-ті дамытудың жаңа салалық бағдарламасы әзірленді.

I . Агроөнеркәсіптік кешендегі ағымдағы ахуалды талдау
Ескерту. 3-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
ҚР АӨК жалпы өнімінің көлемі ауыл шаруашылығы өнімдерінің 2007 жылғы 1089,4 млрд. теңгеден 2011 жылғы 2286 млрд. теңгеге дейінгі және қайта өңдеу өнімдерінің 2007 жылғы 490,8 млрд. теңгеден 2011 жылғы 828 млрд. теңгеге дейінгі өсуімен орнықты үрдісті көрсетті. Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің орташа өсу қарқыны 20 %-ды, қайта өңдеу өнімдері 12,2 %-ды құрады.
1-сурет. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерін өндіру көлемі

Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі
2-сурет. Тамақ өнімдері өндірісінің көлемі

Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі
5 жылда шешуші қайта өңдеу өнімдері өндірісінің орташа жылдық жалпы көлемі 650 млрд.-тан астам теңгені құрады.
1-кесте. Қайта өңдеу өнімдерін өндіру, млрд. теңге
Көрсеткіш
2007
2008
2009
2010
2011
Тамақ өнімдерін өндіру
490,8
623,5
629,8
695,2
828,0
Етті қайта өңдеу мен консервілеу және ет өнімдерін өндіру
50,2
59,7
69,7
77,6
102,8
Балықты, шаян тәрізділерді және ұлуларды қайта өңдеу және консервілеу
6,3
6,9
7,3
8,1
9,6
Жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу мен консервілеу
68,2
60,8
69,6
68,3
87,6
Өсімдік және жануарлар майлары мен тоңмайларын өндіру
43,6
60,4
42,9
85,6
72,3
Сүт өнімдерін өндіру
89,4
101,5
103,5
117,3
132,8
Ұн тарту өнеркәсібінің өнімдерін, крахмалдар мен крахмал өнімдерін өндіру
79,3
133,2
128,0
119,6
168,2
Нан-тоқаш және ұн өнімдерін өндіру
89,8
110,8
115,3
120,1
133,6
Өзге де тамақ өнімдерін өндіру
57,0
82,5
86,2
90,9
109,0
Жануарларға арналған дайын жемшөп өндіру
6,9
7,6
7,4
7,8
12,1
Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі
ҚР ауыл шаруашылығы әлемдік азық-түлік нарықтарына ықпалдасты және сауда теңгерімін қалыптастыруға белсене қатысады.
Алайда, АӨК қайта өңдеу өнімдерінің көптеген түрлері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігі қалыптасты, жеміс-көкөніс өнімдері, етті және сүтті қайта өңдеу өнімдері бойынша импортқа тәуелділік деңгейі жоғары.
2 -кесте. Қазақстанда 2009 - 2011 жылдары өнімдерді тұтынудағы импорттың үлесі, мың тонна
Өнім
Импорт
Тұтыну
Тұтынудағы импорт үлесі %
2009 - 2011 жылдарда орташа, мың тонна
Жемістер, жүзім және оларды қайта өңдеу өнімдері
573,6
678,3
84,57 %
Балық және балық өнімдері
67,2
88,7
75,72 %
Өсімдік майы және құрамында майы бар өнімдер
165,4
342,3
48,33 %
Ет және ет өнімдері
209,2
1 122,2
18,64 %
Сүт және сүт өнімдері
870,6
5 756,8
15,12 %
Күнбағыс тұқымы
28,7
316,4
9,06 %
Көкөністер, бау-бақша дақылдары және оларды қайта өңдеу өнімдері
193,2
3 169,0
6,10 %
Картоп және оны қайта өңдеу өнімдері
145,3
2 518,7
5,77 %
Астықты қайта өңдеу өнімдері
43,8
1 989,8
2,20 %
Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, млн. дана
33,4
3 565,5
0,94 %
Астық
110,0
11 973,7
0,92 %
Дерек көзі: ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (өзара сауда-саттықты қоса алғанда); ҚР Статистика агенттігі; АӨК экономикалық саясатты талдау орталығы ЖШС
2011 жылы ауыл шаруашылығында 2 196,1 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 26 %-ы) жұмыс істеді, оның ішінде жалданғандар - 604,8 мың адам (секторда жұмыс істейтіндердің 27,5 %-ы), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 1591,3 мың адам (секторда жұмыс істейтіндердің 72,5 %-ы).
ҚР-дағы егіс алаңдары 2011 жылы 21 083 мың гектарды құрады. Барлық егіс алаңдарының шамамен 65,7 %-на (13 848,9 мың гектар) бидай егілді. Дәнді дақылдарға 2011 жылы барлық егіс алаңдарынан 76,9 % (16 219,4 мың гектар) бөлінді. Мал басының саны 2012 жылдың басында 5,7 млн. бас ірі қара малды (бұдан әрі - ІҚМ), 18,1 млн. бас ұсақ малды (бұдан әрі - ҰМ), 1,6 млн бас жылқыны, 1,2 млн. бас шошқаны, 0,17 млн. бас түйені және 32,9 млн. бас құсты құрады.
3.1. ҚР агроөнеркәсіптік кешенінің өнімін өткізудің нысаналы ішкі және сыртқы нарықтары
Нарықтарды, оның ішінде Қазақстан үшін дәстүрлі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы (бұдан әрі - ТМД) экспорттық өнім өткізу нарықтарын игеру бойынша бірқатар мүмкіндіктер пайдаланылмауда.
Жүргізілген талдау нәтижесінде қазақстандық өндіріс өнімдерін өткізудің мынадай перспективалы нарықтары анықталды.
Бидай нарығында Орталық Азия (бұдан әрі - ОА), Еуропа одағында (бұдан әрі - ЕО) елдерінде, Ауғанстанда Қазақстан ОА елдері мен Ауғанстан халқының тез өсуін ескере отырып, 2020 жылы астық эквивалентінде (бидай, ұн, бидайды терең өңдеу өнімдері) 10 млн. тоннадан астам өнім өткізе алады. Шешуші міндеттердің бірі ұн экспорты бойынша көшбасшылық позицияны сақтап қалу болып табылады, ол импорттаушы елдердің ұн өндіру жөніндегі меншікті қуаттылықтарын дамытуға бағдарлануына байланысты қысқаруы мүмкін. Бидайды терең өңдеу өнімдерінің (крахмал, глютен, дән маңызы және басқалары) экспорты қазіргі уақытта іске қосылып жатқан ұнды терең өңдеу жобалары ойдағыдай болған жағдайда шикізат эквивалентінде 0,3 - 0,5 млн. тоннаны құрайды.
Ресей Федерациясы (бұдан әрі - РФ) шамамен 1 млн. тонна алманы экспорттайды, оның ішінде Қазақстан 2020 жылы 400 мың тоннаға дейінгі жеткізулерді қамтамасыз ете алады. Бұл ретте, Қазақстанның ішкі нарығы 2020 жылы шикізат эквивалентінде шамамен 600 мың тонна алма және 400 мың тонна алманы қайта өңдеу өнімдерін құрайды. Осы өнім түрі бойынша толығымен өз-өзін қамтамасыз ету және Қазақстанда өсірілген алмалардың РФ шығыс бөлігінде дәстүрлі өткізу нарықтарын қалпына келтіру мақсат болып табылады.
Көкөніс өнімдерінің, оның ішінде қызанақтардың ішкі нарығы 2020 жылы шамамен 3 млн. тоннаны құрайды, оның ішінде жергілікті өндірушілер ішкі сұраныстың 100 %-на дейін қамтамасыз ете алады. Көкөніс өнімдерінің экспорты 2020 жылы негізінен КО елдеріне 300 мың тоннаны құрауы мүмкін. Консервіленген көкөністердің ішкі өндірісі 2020 жылы болжамдар бойынша 85 мың тоннаға дейін өседі.
Ішкі нарықтағы жүгеріге деген сұраныс 2020 жылға қарай негізінен мал шаруашылығы тарапынан шамамен 1 млн. тоннаны құрайды және жергілікті өніммен қамтамасыз етілетін болады. Иран қазіргі уақытта жыл сайын 3 млн. тоннадан астам астық түріндегі жүгері импорттайды және осы өнімді өткізудің перспективалы әлеуетті нарығы болып табылады.
Рапстың ішкі нарығы 2020 жылы шамамен 500 мың тонна құрайды, ол жергілікті өніммен қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ ЕО елдеріне экспорт көлемін 70 мың тоннаға дейін шамамен екі есеге арттыру әлеуеті бар.
Сояның ішкі нарығы 2020 жылы шамамен 350 мың тонна құрайды, ол жергілікті өніммен қамтамасыз етілетін болады.
РФ-та импорттық сиыр етінің әлеуетті нарығы жыл сайын 600 мың тоннадан кем емес құрайды, оған Қазақстан 2016 жылы шамамен 60 мың тонна салқындатылған ІҚМ етін жеткізе алады. Сондай-ақ сиыр етінің ішкі нарығы 2020 жылға қарай шамамен 500 мың тоннаны құрайды, қой еті - 200 мың тонна, жылқы еті - 120 мың тонна, ол отандық өніммен қамтамасыз етілетін болады.
Қой еті мен жылқы еті бойынша ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағдар перспективалы, өйткені шектес елдердің ішкі нарықтарының ерекшелігіне байланысты осы өнім түрлерін үлкен көлемдерде экспорттау мүмкін болмайды.
Етті қайта өңдеу өнімдерінің ішкі нарығы болжамдар бойынша 2020 жылға қарай шамамен 115 мың тонна шұжық өнімдерін, 85 мың тоннадан астам өзге өнімдерді құрайды, оның ішінде жергілікті өнім шамамен 100 мың тонна шұжық өнімдерін және 60 мың тоннадан астам өзге өнімдерді құруы мүмкін.
РФ-та импорттық салқындатылған қызыл балық (арқан балық) нарығы жылына шамамен 75 мың тоннаны құрайды, оның ішінде Қазақстан 2020 жылға қарай 1,9 мың тоннасын импорттай алады, сондай-ақ РФ, ЕО мен басқа елдерге 2 мың тоннаға дейін бекіре мен қара уылдырық экспорты мүмкін болады. Балық пен балық өнімдерінің ішкі нарығы шамамен 196 мың тонна құрайды, оның ішінде жергілікті өнім шамамен 84 мың тоннаны құрауы мүмкін.
Сүт өнімдерінің ішкі нарығы Қазақстанда 2020 жылы сүт эквивалентінде шамамен 1,6 млн. тоннаны құрауы мүмкін, оның ішінде жергілікті өнім сүт эквивалентінде шамамен 1,5 млн. тоннаны құрауы мүмкін.
Мал шаруашылығына арналған құрама жемге деген қажеттілік жылына 3 млн. тоннаға дейін өседі.
Күріш бойынша Қазақстан өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізді, саланың басты проблемалары шешілген жағдайда ТМД елдеріне күріш жармасы экспортының көлемін 2020 жылға қарай 100 мың тоннаға дейін өсіру әлеуеті бар.
Мақта өндірісінде өсіру үшін жарамды аумақтар ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының үш ауданымен шектелген, осыған байланысты өндіріс пен экспорттың айтарлықтай өсуі мүмкін болмай отыр.
Биязы жүн нарығында өндірісті 6-8 мың тоннаға дейін өсіру мүмкін болады, сондай-ақ өндірілетін жартылай қылшықты және қылшық жүнді қайта өңдеу көлемдері жылына бірнеше мың тоннаға арттыруға мүмкіндік бар.
3.2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясатын талдау
Қазіргі сәтте АӨК-ні дамытуды мемлекеттік реттеу саясаты мынадай нысандарда іске асырылады:
1) АӨК субъектілері арасында субсидиялар, мемлекеттік сатып алулар және т.б. түрінде әртүрлі мемлекеттік қолдау нысандарын ұсыну;
2) негізгі өндірістік құралдарды - ауыл шаруашылығы техникасының паркін, жабдықтарды, мал басын жаңартуға арналған жағдайларды қолдайтын қаржылық құралдарды қолдану;
3) АӨК субъектілері үшін қаржылық-кредиттік құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
4) АӨК-ні дамыту жобаларына инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасау;
5) өнім экспортын қолдау;
6) ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
7) ҚР АӨК дамыту үшін қажетті көлік, су, сақтау, қайта өңдеу және өзге де инфрақұрылымдарды сақтау және дамыту;
8) салалық ғылымды дамыту және агротехнологиялық білімді тарату;
9) бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау.
Қазақстанда негізінен ақшалай және қаржылық қолдау құралдары басым болуда.
3-кесте. 2007 - 2011 жылдары АӨК-ні дамытуға бөлінген бюджет қаражатының құрылымы
Рс №
Қаржыландыру бағыты
Үлесі, %
1
Субсидиялар
28 %
2
Кредиттер
20 %
3
Инвестициялар мен инвестициялық жобалар
30 %
4
Өсімдік шаруашылығына, мал шаруашылығына, қайта өңдеуге арналған қызметтер
20 %
5
ҒЗТКЖ және консультациялар
2 %

Жиыны
100 %
Дерек көзі: ҚР АШМ
Сандық мәндегі жалпы сома тек 2011 жылы 283,5 млрд.-тан астам теңгені құрады.
3-сурет. 2007 - 2011 жылдары АӨК-ні дамытуға бағытталған бюджет қаражатының көлемі, млн. теңге

Дерек көзі: ҚР АШМ
4-кесте 2007-2011 жылдардағы субсидиялау түрлері мен көлемдері, млн. теңге
Субсидиялар түрлері
2007-2011 ж.ж. орташа, млн. теңге
Үлесі %
2011, млн. теңге
Өсімдік шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар
22 820,5
50,8
30 011,4
Мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар
14 757,4
32,9
26 211,3
Қайта өңдеуге арналған субсидиялар
3 140,8
7,0
5 000,0
Экспортқа арналған субсидиялар
2 555,8
5,7
5 000,0
Суару суына арналған субсидиялар
1 201,1
2,7
1 248,7
Сақтандыруға арналған субсидиялар
360,7
0,8
1 203,3
Стандарттарды енгізуге арналған субсидиялар
55,5
0,1
40,0
ЖИЫНЫ
44 891,7
100
68 714,6
Дерек көзі: ҚР АШМ
Соңғы 5 жылда АӨК-ні субсидиялау 3 еседен астамға ұлғайды.
4-сурет. 2007 - 2011 жылдары АӨК салалары бойынша республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау көлемі, млн. теңге

Дерек көзі: ҚР АШМ
Мемлекеттік қолдаудың жеткілікті жоғары деңгейіне қарамастан бірқатар кемшіліктер байқалады:
1) бірқатар субсидиялар оларға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің (бұдан әрі - АШТӨ) төмен қызығушылығына байланысты тиімсіз (дәнді, майлы, басқа да бірқатар дақылдар өндірісінің 1 гектарына арналған, ІҚМ 1 басына жұмсалатын жемшөпке арналған субсидиялар және т.б.);
2) субсидияларды әкімшілендіру жоғары шығындармен ұштасады;
3) АШТӨ-нің субсидияларды алуы кешіктіріледі;
4) субсидияларды бөлу тетігі нарықтық бағаларды бұрмалайды;
5) субсидияларды алудың атаулылығы жеткіліксіз бақыланады (қолдан ұрықтандыруға, өсімдік шаруашылығындағы тұқым шаруашылығына арналған субсидиялар және т.б.).
3.3. Агроөнеркәсіптік кешеннің басым салаларының проблемаларын талдау
3.3.1. Өсімдік шаруашылығының проблемаларын талдау
Ескерту. 3.3.1-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
Негізгі дақылдар бойынша түсімділік әлемдік өнімділік көрсеткіштерімен салыстырғанда төмен деңгейде.
5-сурет. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының түсімділігін салыстыру, цга

Дерек көзі: Қазақстан бойынша деректер - ҚР Статистика агенттігі (2011 ж.) шетелдер бойынша деректер - FAO (2008 ж.)
Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинау 2011 жылы жеткілікті жоғары деңгейге (мың тонна) жетті: бидай - 22732,1, жүгері - 482, арпа - 2593, күріш - 347, соя - 133, күнбағыс - 409, рапс - 149, мақта - 336, картоп - 3076, көкөніс - 2878, жемшөптік жүгері - 1053, жемшөп (тамыр жемістер, бақша, дәнді дақылдар, жүгерісіз сүрлем) - 279, алма - 115 мың тонна.
Бидайдың 2011 жылғы жоғары өнімі кезінде оны асыра өндіру орын алды, бұл өнімді экспорттау кезінде қиындықтар, сондай-ақ астық тасығыштар мен сақтау қуатының тапшылығын туғызды. Майлы дақылдар бойынша сақтау қуатының тапшылығы және АШТӨ-нің агротехнологиялар білімінің жетіспеушілігі байқалды. Соя мен жүгері өндірісінде өндірістің ұсақ тауарлығы өнімділіктің төменділігіне әкелді, сондай-ақ қайта өңдеу саласында проблемалар бар. Ұсақ тауарлы АШТӨ арасында бөлінген суармалы жерлердің тапшылығы, олардың мелиоративтік жағдайының нашарлауы, сақтау қоймаларының тапшылығы, қайта өңдеу өнеркәсіптері үшін шикізаттың жетіспеушілігі жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру үшін негізгі тежеуші факторлар болып табылады, бұл осы өнім түрі бойынша импортқа тәуелділіктің жоғары дәрежесіне әкеледі.
Жемшөп дақылдары егілетін жыртылған жерлер ауданы 2011 жылы 2484,3 мың гектарды, оның ішінде жиналған алаң 78 мың гектар жемшөпке арналған жүгері, 197,2 мың гектар бір жылдық шөптер және 1780,1 мың гектар көпжылдық шөптер құрады. Жемшөп дақылдарының өнімділігі төмендеуде, бұл жер пайдаланудың тиімсіз құрылымымен байланысты. Мал шаруашылығының өсіп келе жатқан қажеттіліктері сапалы құрама жеммен жеткіліксіз қамтамасыз етіледі.
ҚР-дағы фитосанитариялық қауіпсіздік деңгейі Қазақстаннан өсімдік шаруашылығы өнімдерін шығаруға тыйым салу жағдайларының төмен санымен қанағаттанарлық деңгейде.
3.3.2. Мал шаруашылығының проблемаларын талдау
Мал шаруашылығы өнімінің үлкен үлесі халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында өндіріледі, бұл төмен өнімділікке әкеледі, ішкі нарықтағы өсіп келе жатқан қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді, жоғары өзіндік құнына және бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі, импортқа тәуелділіктің қалыптасуына әкеп соқтырады. Осылайша, барлық ет түрлерін негізгі өндірушілер әлі күнге дейін халықтық шаруашылықтар болып табылады, оларда 2012 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша 76,7 % ІҚМ басы, 67 % қой мен ешкі, 72,5 % шошқа, 62,7 % жылқы және 40,9 % құс ұсталуда. Мал шаруашылығы өнімділігінің көрсеткіштері халықаралық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен.
6-сурет. Мал шаруашылығы өнімділігінің көрсеткіштері

Дерек көзі: Қазақстан бойынша деректер - ҚР Статистика агенттігі (2011 ж.), шетелдер бойынша деректер - FAO (2008 ж.)
Қазақстанның мал шаруашылығының әлсіз өнімділігінің негізгі себептері асыл тұқымды мал басының төмен үлесі (мысалы, етті бағыттағы малдың үлесі - 2,5 %-дан артық емес), сапалы жемшөптердің тапшылығы, күтіп-бағудың сәйкес емес шарттары болып табылады. Мал басының үлкен бөлігі тұрғындар шаруашылықтарына шоғырлануына байланысты мал шаруашылығы саласына малдардың төмен генетикалық әлеуеті және осымен байланысты төмен өнімділік, өнімділікті және өнімдердің сапасын қамтамасыз ететін күтіп-бағудың, азықтандырудың қазіргі заманғы технологияларын және басқа да технологияларды пайдаланудың жоқтығы, малдардың саулығына жеткіліксіз қарау секілді сипаттамалар тән. Бұдан басқа малдарды суаруға арналған су көздерінің қолжетімсіз болуына байланысты табиғи жайылымдардың әлеуеті пайдаланылмайды.

3.3.3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу проблемаларын талдау
Негізгі қайта өңдеу өнімдері экспортының-импортының теңгерімі бірқатар өнімдер бойынша Қазақстанның үлкен импортқа тәуелділігін көрсетеді.
7-сурет. Ішкі тұтынудағы негізгі азық-түлік тауарлары импортының үлесі, %

Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі деректерінің негізіндегі есептеулер
8-сурет. Қайта өңдеу өнімдері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігі, тауарлар импортының құрылымы, 2011 ж., %

Дерек көзі: ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
2011 жылы негізгі азық-түлік тауарлары импортының көлемі 1 093,7 млн. АҚШ долларын құрады. Импорттың негізгі үлесін шикі қантты қоса алғанда, қант (31%), өсімдік майы (13%), сүт және қоюлатылған кілегей (13%) секілді өнімдер алады.
Сусындарды қоса алғанда, тамақ өнімдері өндірісінің құрылымында негізгі үлесті астық өңдеу (31,1%), ет өңдеу (9,4%), сүт өңдеу (10,2%), балық өңдеу (3,2%), жеміс-көкөніс (2,2%) өндірісі, май-тоңмай (2,6%) салалары, сусын өндірісі саласы (9,5%) алады.
Қайта өңдеу секторының дамуын негізгі тежеуші факторлар мыналар болып табылады:
1) шикізаттың төмен сапасы және тапшылығы, сондай-ақ шикізатты дайындау, тасымалдау және сақтау бойынша логистиканың дамымағандығы, бұл қайта өңдеу қуаттылықтарының толық жұмыс істемеуіне әкеледі;
2) сауда-логистикалық инфрақұрылымның дамымағандығы, бұл азық-түлік нарығында көптеген ұсақ ойыншылардың жұмыс істеуіне және өнімнің негізсіз қымбаттауына әкеледі;
3) отандық ауыл шаруашылығы өнімдері мен оны қайта өңдеу өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтардағы төмен бәсекеге қабілеттілігі;
4) импорттың едәуір көлемінің болу себебі бойынша ішкі нарықта отандық тамақ өнімдерін өткізудегі қиындықтар.
Осы арада, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне, оның ішінде жасанды тауарлардың (декларацияланбайтын өсімдік майлары, соя қоспалары және басқа да алмастырғыштар, консерванттар, хош иістендіргіштер, бояғыштар, т.б.) болуына зертханалық талдауды жүргізе отырып, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты мемлекеттік бақылауды күшейту қажет.
Өз кезегінде бұл қолданыстағы техникалық регламенттерді метрологиялық сараптау жүргізуді және жетіспейтін сынақ зертханаларын салу және жаңғырту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ сынақтар стандарттары мен әдістемелерін әзірлеу бойынша шаралар қабылдауды талап ететін болады.
Үкіметтік емес ұйымдарға нарықта қолдан жасалған тамақ өнімдерін анықтау жөніндегі іс-шаралар жүргізу құқығын беретін мәртебе беру мүмкіндігін пысықтау қажет.
Қазіргі уақытта жүнді және былғары илеу шикізатын қайта өңдеу үлесі өте төмен деңгейде қалуда. Негізінен бұл осы тауарға сұраныстың болмауымен байланысты болып отыр. Жуылған жүнді және өңделген былғары шикізатын сату көлемдерін арттыруға жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындарын дамыту ықпал ететін болады.
Нарықты қорғау жөніндегі іс-шаралар идеологиялық қолдаумен нығайтылуы тиіс. Бұл үшін отандық тамақ өнімдерін тұтынуды насихаттау және халықтың отандық өнімдерге сенімділігін арттыру бойынша кең ауқымды науқан жүргізу қажет.
3.4. Агроөнеркәсіптік кешеннің қамтамасыз етуші салаларының даму деңгейін талдау
Ескерту. 3.4-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
Қаржыландыруға қол жеткізу
2001 жылдан бастап экономикада берілген кредиттер көлемі 18 есеге жуық өсті. Екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - ЕДБ) ауыл шаруашылығына беретін кредиттері де өсті, алайда, барынша аз ауқымда 2003 - 2011 жылдар кезеңінде бар болғаны 3,88 есеге өсті.
9-сурет. 2001 - 2011 жылдары жыл соңында берілген кредиттер көлемі, млрд. АҚШ доллары

Дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі
2011 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша берілген кредиттер көлемі 545 млрд. теңгеден астамды құрады. Күдікті және үмітсіз кредиттер үлесі ауыл шаруашылығында жалпы экономикамен салыстырғанда айтарлықтай төмен.
10-сурет. 2012 жылғы 1 қаңтарға банктердің кредиттерін жіктеу, %

Дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі
2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЕДБ және Қаз Агро ұлттық басқарушы холдингі АҚ (бұдан әрі - ҚазАгро ҰБХ АҚ) еншілес ұйымдарының АӨК саласындағы кредиттік портфелі (595 млрд. теңге). Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берілген күдікті және үмітсіз кредиттер сомасы мынадай негізгі факторлар әсерінің нәтижесінде шамамен 300 млрд. теңгені құрады:
1) негізінен 2006 - 2008 жылдары машина-трактор паркін жаңғырту мен жаңартуға қымбат және қысқа мерзімді кредиттік ресурстарды пайдалану;
2) 2008 жылғы қаржы дағдарысы;
3) қолайлы баға кезеңінде астық экспортына тыйым салу (2008 жылдың 15 сәуірі мен 1 қыркүйегі аралығында), валюталық түсімнің төмендеуі және астық экспортының дәстүрлі нарықтарын ішінара жоғалту;
4) Ресей мен Украинада жақсы өнім болғандықтан, 2009 жылы астық өндірушілердің сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндігінің болмауы, бұл ішкі нарықта тауарлардың іркілуіне және бағалардың күрт төмендеуіне әкелді;
5) валюталық кредиттік берешекті 25 %-ға ұлғайтқан 2009 жылғы теңгенің құнсыздануы;
6) ауыл шаруашылығы дақылдарының төмен өнімділігіне әкелген 2010, 2012 жылдардағы қолайсыз құрғақ ауа райы жағдайы.
Нәтижесінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары бұрын қабылдаған кредиттік міндеттемелер бойынша жоғары сыйақы ставкасын және кредиттер бойынша негізгі борыштың бөлігін төлеу проблемасына тап болды.
Осыған байланысты кредиттер мен жобаларды қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, қаржыландыру, сондай-ақ АШТӨ бар берешектерін өтеуге қаржыландыру жолымен АӨК субъектілерін бір реттік қаржылық сауықтыру шараларын қабылдау қажет.
Жалпы АӨК-ні дамытуға республикалық бюджет қаражатынан 2007 - 2011 жылдар ішінде 1 571,9 млн. теңге бағытталды, оның ішінде, субсидиялар үлесіне (суды пайдалануды субсидиялауды есептемегенде) 25,9% немесе 407 млн. теңге келді. Сондай-ақ соңғы 5 жылда (2007 - 2011 жылдар) ҚазАгро ҰБХ АҚ құрамына кіретін қаржы ұйымдары арқылы АӨК-ні қолдауға республикалық бюджет қаражатынан 332,2 млрд. теңге, Ұлттық қор қаражатынан 120 млрд. теңге бөлінді.
Ауыл шаруашылығын кредит ресурстарымен қамтамасыз етуде айтарлықтай үлесті ҚазАгро ҰБХ АҚ алады, ол АӨК-де іске асырылатын инвестициялық жобалардың жартысын қаржыландырады.
11-сурет. 2012 жылғы 1 қаңтардағы кредиттік портфель, млрд. теңге

Дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі, ҚазАгро ҰБХ АҚ
2007 - 2011 жылдар кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші өнеркәсіптерге ЕДБ берген кредиттер 1 289 млрд. теңгені құрады.
12-сурет. 2007 - 2011 жылдары АӨК-нің қайта өңдеуші салаларына ЕДБ-нің берген кредиттері, млн. теңге

Дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі
Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға инвестициялардың жыл сайынғы көлемдері шамамен 2 есе, атап айтқанда 2007 жылғы 56 млрд. теңгеден 2011 жылғы 107,4 млрд. теңгеге дейін артты. ҚР-ның экономикасына инвестициялардың жалпы сомасынан ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар үлесі соңғы 5 жылда іс жүзінде дәл сол деңгейде қалып, 2007 және 2011 жылдары тиісінше 1,7% және 2,2% құрады, бұл ретте елдің ЖІӨ-дегі өнімнің үлесі 5%-дан астамды құрады. Осылайша, ҚР АӨК-нің салыстырмалы инвестициялық тартымдылығы басқа салалармен салыстырғанда осы жылдары өскен жоқ.
Ауыл шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін АӨК жобаларын қаржыландыруға тартылатын кредиттерді арзандатуға бағытталған бірқатар қаржылық құралдарды және кредиторлар мен инвесторлардың тәуекелдерін төмендету құралдарын енгізу қажет.
Логистика қызметтері
Дәнді дақылдардың орташа жылдық өнімділігінің өсуі кезінде тасымалдау және сақтау қуаттылықтарының тапшылығы, бидайды дәстүрлі өткізу нарықтарына экспорттау кезінде қиындықтар пайда болады. Астық тасығыштар тапшылығы 3000 бірлікке, дәнді дақылдардың сақтау қуаттылықтарының тапшылығы - шамамен 2 млн. тоннаға, майлы дақылдардың - шамамен 200 мың тоннаға, жеміс-көкөніс өнімдерінің - шамамен 200 мың тоннаға бағаланады.
Жер ресурстарын пайдалану
Жерлерді пайдалану және топырақтың құнарлылығын сақтау мәселелерінде белгілі теңгерімсіздік бар. Ұзақ мерзімді жалға берілген ауыл шаруашылығы жерлерінің мәнді көлемі мақсаты бойынша пайдаланылмауда немесе ең төмен дәрежеде пайдаланылуда. Жалға алушылар пайдаланатын ауыл шаруашылығы жерлерінде топырақтың құнарлылығын сақтау және жел мен су эрозиясының алдын алу жөніндегі жеткіліксіз тиімді іс-шаралар жүргізіледі. ҚР Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің деректері бойынша ҚР-да ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 15%-ына дейін ұтымсыз пайдаланылады. Қазіргі таңда шамамен 125 млн. гектар жайылым суландырылмаған және пайдаланылмауда. Бұдан басқа, елді мекендерге жанасып жатқан 20 млн. гектардан астам жайылым ұтымсыз пайдалану салдарынан азып-тозған деп жіктеледі.
Топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру, минералдық тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану және осы негізде ауыл шаруашылығы өнімдерін орнықты өндіруге жағдай жасау мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде топырақ құнарлылығының тұрақты мониторингін жүргізу қажет. Бұдан басқа, жер, табиғат және басқа ресурстарды ұтымды пайдалануды ынталандыру мақсатында АӨК субъектілеріне салық салу жүйесін жетілдіру қажет.
Республикадағы суармалы жерлер 2013 жылғы жағдай бойынша 1991 жылмен салыстырғанда 0,26 млн.га азайды және олардың көлемі 2,09 млн.га құрайды, жыл сайын олардың шамамен 1,5 млн.га пайдаланылады. Пайдаланылмайтын суармалы жерлерден өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру кезіндегі жыл сайынғы шығындар шамамен 275 млрд.теңгені құрайды.
Ветеринариялық қауіпсіздік
Тұрақсыз эпизоотиялық жағдай АӨК-ні дамыту үшін негізгі қауіп болып табылады. Шекара маңы өңірлері ауруларға неғұрлым ұшыраған, сол жерлерден инфекциялар одан әрі елдің басқа бөліктеріне тарайды. 2011 жылы жіті инфекциялық аурулардың 227 ошағы тіркелді, осының нәтижесінде Қазақстанның бірқатар облыстары үшін мал шаруашылығы өнімінің экспортына тыйым салынды.
13-сурет. ҚР-дағы жануарлар аурулары жағдайларының саны, 2011 жыл

Дерек көзі: Республикалық ветеринариялық зертхана РМК
Неғұрлым таралған аурулар ІҚМ мен ҰМ бруцеллезі және ІҚМ лейкозы болып табылады. 2011 жылы бруцеллезге оң нәтижені 75 038 ІҚМ сынамасы және 32 705 ҰМ сынамасы көрсетті, сондай-ақ лейкозға 58 046 оң нәтиже анықталды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда аурулар санының тиісінше 14%, 15% және 10%-ға төмендеуін көрсетеді.
Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі жүйесін дамытуды бірқатар факторлар тежеуде. Мал басының басым бөлігі жеке үй шаруашылықтарында ұсталады, бұл ветеринариялық бақылауды қиындатады. Қазіргі таңда ақпараттық жүйелер фермадан үстелге дейінгі өнімді бақылауды қамтамасыз етпейді, эпизоотиялық қадағалау, аурулардың пайда болу мониторингі мен болжам жүргізуге қауқарлы емес. Малды бірдейлендіру рәсімі орталықтандырылмаған сатып алу, сырғаларды қайталау, жоғалту, сырға құнын иелерінің қайтармауы секілді бірқатар проблемалармен қиындатылған, сондай-ақ электронды бірдейлендіру жүйесі интернет желісімен қамтамасыз етілмеген ауылдық елді мекендер үшін қол жетімсіз. Ветеринариялық препараттарды, диагностикумдарды қатаң бақылау жоқ. Қолданыстағы инфрақұрылым ветеринариялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етпейді, ветеринариялық ұйымдар (коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, облыстық және аудандық ветеринариялық зертханалар) барлық қажетті жабдықпен тиісті түрде жарақталмаған.
Сақтандыру
Қазіргі таңда өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласында заңнамалық базаның бар болуына қарамастан аталған институттың әрекеті жеткілікті дәрежеде тиімді емес. Сақтандыру сыйақыларының мөлшері төлемдерге мемлекеттің қатысуына қарамастан іс жүзіндегі шығыстар мен әкімшілік ету шығындары мөлшерін жаппайды.
14-сурет. Өсімдік шаруашылығын сақтандыру нарығындағы сақтандыру сыйақылары мен төлемдерінің серпіні, млн. теңге

Дерек көзі: Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ
Бұл ретте, саладағы сақтандыру жүйесінің дамуына және тұрақты қызмет етуіне деген қажеттілік маңызды болып табылады, бұл оны жетілдіруге қажеттілік мәніне зерделеуді талап етеді.
Аграрлық ғылым
2007 жылы ауыл шаруашылығы зерттеулерін басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыру мақсатында ҚР АШМ құрамында ҚазАгроИнновация АҚ құрылды, оның құрамына барлық салалық ғылыми-зерттеу ұйымдары және ауыл шаруашылығы тәжірибе станциялары кірді.
ҚазАгроИнновация АҚ ұйымдастыру құрамында 5 600 астам адам жұмыс істейді, олардың ішінде шамамен 1 100 (20%) - ғылыми қызметкерлер. Ғылыми қызметкерлердің жалпы санынан 60%-дан астамында ғылыми дәрежесі бар, ғылыми қызметкерлердің орташа жасы 46,7 жасты құрайды. Едәуір материалдық-техникалық базасы - 280 мың гектардан астам жері, ауданы 900 мың шаршы м ғимараттары мен құрылыстары, шамамен 4 500 бірлік зерттеу жабдығы ауыл шаруашылығы техникасы бар.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі соңғы үш жылда орташа 3,3 млрд. теңгені құрады, бұл саланың жалпы өнімінен 0,17 - 0,25 % құрайды.
ҚР барлық негізгі ауыл шаруашылығы өңірлері мен отандық АӨК салалары зерттеулермен қамтылған.
2009 жылдан бастап ҚазАгроИнновация АҚ құрамында білім тарату жүйесі, технологияларды коммерцияландырудың салалық кеңсесі, Асыл - Түлік республикалық асыл тұқымды мал шаруашылығы орталығы және Бастау баспасы жұмыс істейді.
Отандық ғылыми әзірлемелерді енгізу ауқымдары жыл сайын артуда. Мысалға, 2011 жылы егіншілік шаруашылығында ылғал-ресурс үнемдеу технологияларын қолдану 11,7 млн. га. құрады (өсу 2007 жылмен салыстырғанда - 2,3 есе), бидайдың отандық сорттарын өсіру алқаптары 6,8 млн. га (бидайдың егістік алқаптарынан 42 %) құрады. Зерттеу процесіне тартылған ірі қара мал басының саны 760 мың бас құрады.
Сонымен қатар, АӨК өндіргіштігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторы ретіндегі ауыл шаруашылығы ғылымының одан әрі дамуын тежейтін жүйелі сипаттағы бірқатар проблемалар бар. Олардың ішінде негізгілер мыналар болып табылады:
1) жеткіліксіз қаржыландыру - ауыл шаруашылығы өнімдерін жетекші экспорттаушы елдермен салыстырғанда қаржыландыру көлеміндегі көп еселік айырмашылық;
2) жоғары білікті жас мамандардың - ғылыми қызметкерлердің, көмекші және техникалық персоналдың тапшылығы;
3) инфрақұрылымның моральдық және физикалық тозуы - 20 жылдан артық пайдаланылып келе жатқан ғылыми-зерттеу жабдығының үлесі 28 %, ауыл шаруашылығы техникасы мен автомашиналар - 41 %, 20 жылдан артық күрделі жөндеусіз пайдаланылып келе жатқан ғимараттардың үлесі - 95 % құрайды;
4) ғылыми әзірлемелерді енгізу және бизнеспен өзара іс-қимыл жасау құралдарының дамытылмауы;
5) отандық аграрлық ғылымның әлемдік ғылыми жүйеге ықпалдасуының жеткіліксіз деңгейі.
Осыған байланысты, АШТӨ үшін білім беру және консультациялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында аграрлық ғылымға реформалау жүргізу қажет.
Ауыл шаруашылығы техникасының паркі
Қазіргі таңда машиналар мен жабдықтардың абсолютті санының өсу серпініне қарамастан ҚР-дағы ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 80 %-ы тозған. Қазіргі уақытта пайдаланудың нормативтік мерзімі 8-10 жыл кезінде 80 %-дан астам астық жинау комбайндары мен тракторларының орташа пайдаланылған жылы 13-14 жыл, 71 % астық жинау комбайндары, 93 % тракторлар және 95 % тұқым себетін машина есептен шығаруға жатады, ауыл шаруашылығы техникаларының қолда бар паркі жалпы 87 % шегінде тозған. 2004-2009 жылдары техниканың қатардан шығып қалуының орташа коэффициенті оң болды (жылына 0,7 %).
5-кесте. ҚР-да ауыл шаруашылығы машиналарының негізгі түрлерінің бар болуы (жылдың басынан), бірлік
Техникалар түрі
2006
2007
2008
2009
2010
2011
Тракторлар
132 676
134 799
137 213
156 037
156 656
155 580
Астық жинау комбайндары
44 339
44 621
45 454
48 032
49 503
46 997
Тұқым себетін машиналар
87 625
90 362
90 743
91 599
90 960
77 187
Егу кешендері
771
1 126
1 520
1 995
2 408
2 651
Орақтар
15 458
15 575
15 243
15 439
15 200
15 233
Дерек көзі: ҚР АШМ
АШТӨ соңғы бес жылда жетекші шетелдік өндірушілердің өнімділігі жоғары техникаларын сатып алуда. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы өндірісін энергиямен қамтамасыз ету 2002 жылмен салыстырғанда 19,5 %-ға өсті және 165 жылқы күшін немесе 100 гектар жыртылған жерге 123 кВт құрайды. Салыстыру үшін, Ресейде ауыл шаруашылығы өндірісінің энергиямен қамтамасыз етілуі 259 кВт, Германия, Голландия, Италияда - 350 кВт, Францияда - 364 кВт, Ұлыбританияда - 404 кВт, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теміржол көлігі туралы
«Федоров ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Өндірістік практиканың құрылымы
Ауыл шаруашылығы - ҚР-ның агроөнеркәсіп кешенінің басты саласы ( АӨК дамытудын жоспарлары мен бағдарламалары
Лизинг-инвестицияны қаржыландыру формасы
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын 2007-2009 жылдары iске асыру
КазАгроФинанс акционерлік қоғамының лизингтік қызметін талдау
Қазақстандағы машина жасау кешенінің дамуы
Агротехнология мен машиналар
Батыс Қазақстан темір жолы
Пәндер