Дәрілік заттар түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

I Кіріспе бөлім

II Әдебиетке шолу

2. 1 Фармокологияға түсінік

2. 2 Мал шаруашылығында диспансеризация жүргізу

2. 3Инфекция туралы ұғым және эпизотологиялық процесс

2. 4 Індетке қарсы шаралар

2. 5Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы иммундеу

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.

Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында түрлі жұқпалы аурулар, иназиялық т. б. аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.

Індетке қарсы алдын алу және сауықтыру шаралары. Олардың кешенді және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуі.

Ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар. Инфекция қоздырушысының бастауы мен берілу тетіктеріне, ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін шекарадағы және мал фермаларындағы санитариялық бақылау, әкелінген жануарларды карантиндеу.

Жануарларды иммундеу, вакциналар және олардың түрлері, иммундеу әдістері. Жұқпалы ауруларды балау, індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, микробиологиялық, серологиялық, аллергиялық балау әдістері. Нозологиялық және эпизоотологиялық диагноз.

Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі.

Індетке қарсы шаралар кешенінде ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері маңызды орын алады. Өйткені, малды дұрыс бағып-күткенде, оның жайылым өрісін, азықтандыру мен су ішуін, қора-жайын тиісті талаптарға сай жолға қойғанда ғана аурудың шығуына және таралуына жол бермеуге болады. Малды өз төлінен өсіру, мал басын толықтыру ветеринариялық талаптарға сай жүргізілуі керек.

2. 1 Фармокологияға түсінік

Фармакология (грекше рharmakon - дәрі, logos - ғылым) -дәрілік заттар,

және олардың қасиеті, сау және ауру организмге әсері туралы ғылым.

Ветеринариялық фармакология дәрілік заттардың физико- химиялық және емдік- физиологиялық қасиетін, сонымен катар ауру малдарды емдеуде, емдік тәжірибе ретінде және ауруды алдын алуда жанжақты қолдануды оқытады.

Дәрі немесе дәрілік зат деп ауруды емдеуге тағайындалған арнайы затты айтады. Дәрі ретінде зияансыз сонымен қатар улы заттарды қолданады. Улы зат пен дәрі арасындағы ешқандай айырмасы зор емес, анықтауда оңайға түспейді. Мысалы ас тұзын шамадан көп колданса уландырады. Сонымен қатар қүшті уларды (стрихнин, мышьяк, атропин) дұрыс қолдана білсе жақсы емдік нәтиже алуға болады. У мен дәрі жөніндегі түсінік біркелкі мәлімдеме береді. Сонымен көптеген дәрілік препараттардың улылық қасиеттері бар, оларды дұрыс қолдана білмесе, сақтық танытпаса жануарларды уландыруға болады.

Ветеринариялық тәжірибеде дәрілік заттардың әртүрлі түрі қолданылады, олар минералды, органикалық, өсімдік және жануар тектес пен синтеткалық жолдармен алынған. Бұл емдік және ауруды алдын алуға арналған медикаментозды заттар, химиялық құрамы, құрылымы, физико -химиялық қасиеті, биологиялық белсенділігі және организмге физиологиялық әсер етуімен сипатталады.

Дәрілердің әсер ету ерекшеліктері Дәрілердің организмге әсер етуін күрделі биологиялық үрдіс ретінде қарастырып, олардың сипатын, заттың физико- химиялық қасиетіне, организмнің қалпына, қоршаған ортаның жағдайына байланысты анықтайды. Организмдегі ең байыпты өзгерулерді анықтаудағы ең бір тиімді жолы, ол дәрілік заттың негізгі емдік қасиеті, бірақ көптеген заттар маңыздылық танытпайды, организмде шамалы ғана өзгеріс туғызады. Дәрілік заттың әсері олар жалпы, таңдамалы, тікелей, жанама әсері - деп айырады. Тікелей әсер ету эффектісі - ол дәрілердің алғашқы әсер етуне ұлпалардың тиімді жауап қайтаруы. Бірақ организмдегі барлық ұлпалар мен мүшелер нейрогуморальды байланыста және функционалдық ара тәуельділікте болады, сондықтан бір жерге берілген эффект басқа мүшелердеде байқалады. Дәрілік туғызу нәтижесін жанама әсер етуі деп сипатталады. Дәрілік заттың тек бір орталыққа немесе бір мүшеге ғана әсер етуі таңдамалы әсері болып саналады. Мысалы апоморфин тек құсу орталығына. Гликозиттер тек жүрекке әсер етеді. Әртүрлі мүше мен жүйелердің жасушаларына біркелкі өзгеріс туғызатын биохимиялық үрдістерді дәрілік заттың жалпы әсері деп аталады. .

Дәрілік заттардың әсерінен организмде туындайтын өзгеріс кешенін фармакодинамика деп аталады. Фармакодинамиканы қарастырғанда, фармакология, академик И. П. Павловтың физиологиядағы жетістіктері, организмнің өмірәрекетінің барлық үрдістері рефлекторлық реттелу іліміне сүйенеді. Осы ілім тұрғысынан қарастырылатын болса, дәрілік заттар рефлекторлық аппараттың тітіркендіруші ретінде қаралады, ал қоздырушыға, физиологиялық әсерін, ми қыртысы мен басқада рефлекторлық тізбек түйіндеріне қоздырушы мен тежеуші ретінде сипатталады. Қоздырғыш химиялық дәнекерлердің ролі, мен жүйкелік импульстарды берушілерге нейромедиаторларға тиесілі (биогенді амин адреналин тәріздес, ацетилхолин, дафамин) . Олар жүйке жүйесі жоғарғы сатылы жануарлардың орталық жүйке жүйесіне байланысты мүшелердің қызметін келістіре отырып, ынталандырушы және жабырқандырушы икемділігін арттырушы болып есептеледі. Дәрілік заттар жіберген жерге немесе, ол сорылғаннан кейін жүйке жүйесіне, тікелей немесе рефлекторлы түрде жүйке аяқшаларына (рецепторларға) әсер етеді.

Ауруды емдеу үшін, дәрілік заттарды, аурудың патогенетикалық негізіне байланысты тағайындайды. Егер жануалардыің функцияларының әлсіреуі, жабырқауы байқалса онда организмнің күш-қуатын көтеруші, белсенділігін арттырушы, қалыпты ғана ындаландырушы дәрілік заттар қолдаланып, физиологиялық деңгейге жеткізіледі. Ауру организмнің функциясының қалпына келтіруде, патогениткалық емдік дәрілер қолданылады. Олар нервтік- эндокриндік, ферментативтілік, генетикалық және басқада организмнің реттеуші механизмініне әсер ете алады. Патологиялық рефлекстер туындауы шамадан тыс функцияның қарқындауы мен қозуда (жөтель, шаншу), стресстік реакция ретінде ауруға тыныштандырушы, ауруды басушы, стресске қарсы, седативті заттар тағайындайды.

Фармакологиялық эффектінің байқалу ерекшелігіне байланысты дәрілік заттарды жалпы, жергілікті, рефлекторлық әсерлі деп айырады. Рефлекторлық аймактардың тітіркенуімен туындайтын эффектіні рефлекторлы әсер деп атайды.

Дәрінің жергілікті әсері деп - дәрілік заттың қанға тарамай тұрып,

ұлпалармен (тері, кілегейлі қабаттар) тікелей әсерлесуіндегі, организмде туындайтын өзгеріс кешені.

Жалпы немесе резорбтикалық деп - дәрілік заттың қанға сінгеннен кейінгі әсері. Резорбтикалық әсердің сипаты, оны енгізу әдісіне, жылдамдылығына, санына, сіңу жылдамдылығына, қан мен ұлпадағы концентрациясына байланысты.

Жанама әсері деп - дәрілік затқа организм реакциясының жағымсыз жауабын айтамыз. Ол органдардың морфологиялық өзгерісі мен функционалдық бұзылуымен айқындалады.

Дәрілік заттардың мөлшері - дозасы. Доза дегеніміз - ағзаға физиологиялық әсер ете алатын дәрілік заттың нақты мөлшері. Заттың саны таразылық немесе көлемдік бірлікте көрсетіледі (грамм, миллилитр) .

Дозаларды емдік немесе терапевтикалық, токсикалық немесе өлім дозасы летальды деп айырады. Тәжірибеде қолданылатын дозалар терапевтикалық және профилактикалықтар. Олады бір реттік қолдану бір тәулікке, немесе аурудың емдік курсына. Емдік дозалар минималды, орташа, максималды болады.

Дозаны малдың түрін, жынысын, жасын, салмағын еске ала отырып тағайындайды.

Дәрілік заттарды ұластыра (комбинирование) қолдану. Егер организмге бір уақытта екі немесе оданда көп дәрілік заттар қолданылса онда оны уластыра әсер етуі деп аталады. Кейбір жағдайларда бір дәрінің әсері екінші затқа әсер етпейдіде, өзара әсер етеді синергизм не антогонизм түрінде байқалады. Синергизм екі немесе бірнеше дәрілік заттың бір физиологиялық бағытта әсер етуі. Осындай уақытта әсер ету эффелтісі қосылады. Антогонизм бір дәрілік заттың әсерін екнші затпен түсіру немесе төмендету. Антогонизм химиялық мысалы қышқылдарды сілтілермен бейтараптау. Физиологиялық ұйықтатқыш препараттар мен қоздыру препараттарын орталық жүйке жүйесіне қолдану. Физиологиялық антогонизм тікелей және жанама түрлерге бөлінеді. Тікелей ол бір физиологиялық жүйеге екі зат карама қарсы әсер береді (мысалы, атропин жабырқатады, ареколин парасимпатикалық жүйке жүйесінің қоздырады, соның нәтижесінде алғашқысы басымшылық көрсетсе, ал екіншісі ішектің жиырылуын -перистальтикасын жылдамдатады) . Антогонизм көбінесе уланулармен күрескенде пайдалынады. Улануларда қолданылатын химиялық антогонистерді андитот - деп атайды.

Дәрілік заттарды қайталау машықтану және куммуляция.

Кумуляция дәрілік заттың организм мүшелерінде шоғырлануы немесе организмнен дәрілік заттың бірте - бірте шығуы мен оның ақырындап бұзылуы. Машықтану дәрілік затты қайталап берген кезде организмнің сезімталдылығының төмендеуі

Дәрілік заттарды енгізу жолдары. Жануарларға дәрілік заттар ауыз арқылы ішке, клизма арқылы тік ішекке, ингаляциялық тыныс алу жолдарына, майлы заттар мен линименттерді теріге жағып сіңіру арқылы, асқорыту трактысын өтіп кету арқылы ғ инъекция ретінде тері астына, бұлшық етке, вена, артерия тамырларына жұлын каналына кеуде құрсақ қуыстарына жіберіледі.

Дәрілік заттар түрлері сұйықтар (ерітінділер, тұнбалар. Эмульсиялар микстуралар) , жұмсақ түрге жататындар (майлар ботқалар, пасталар), тығыз массалар (болюс, пилюлялар), қатты конситенциядағылар (таблеткалар, ұнтақтар) . Профилактикалық өңдеу кезінде аэрозольдар ұшқыш заттар қолданылады.

Дәрілік заттар түрлері

Микробтарға қарсы және паразитерге қарсы препараттар олар

антисептикалық заттар, дезинфекциялық заттар;

Формальдегид тобының препараттры:

Формальдегид, немесе құмысқа қышқылының альдегиды, 40% формалин

Фенол тобының препараттары;

Фенол, карбол қышқылы, крезол, кразот, лизол, креолин, деготь

Хлор препараттары;

Хлорлы әк немесе кальций гипохлорид, хлорамин Б, хлорлы су

Қышқылдар;

Хлорлы оттегі немесе тұз, күкірт, сіркесу қышқылдары

Сілтілер;

Натрий гидроокисі немесе күйдіргіш натрий, калий гидроокисі немесе күйдіргіш калий, кальций гидроокисі немесе қорытылған әк, құрғақ натрий гидрокарбонаты, калия карбонаты немесе поташ, натрия тетраборат немесе бура, магний окисі немесе күйдірілген магнезия,

Антибиотиктер

Сульфаниламид препараттары;

Стрептоцид норсульфазол, сульфамедизин, сульфазин, фталазол, этазол

Нитрофуран туындылары;

Фурациллин, фуразолидон, фуродонин, фуразол

Оттегін беруші заттар;

Оттегі асқыны, калий перманганаты

Тотықтырушы заттар;

Антисептик ретінде хлор препараттары, иод, дәрілік бояулар; риванол, пиоктанин, хинозол, бриллиант жасылы

Жергілікті қолданылатын түршіктіргіш заттар;

Аммияк, скипидар меңдуана майы, горчица, бұрыш, қызыл сары сынап майлары

Кілегейлі жараны тез бітіргіш заттар;

Крахмал, алтей түбірі, лень ұрықтары, жануар майлары, өсімдк майлары, вазилин, вазоген, парафин

Уылдырғыш заттар;

Танин, емен қабығы, висмут препараттары, алюмин квасылары,

Диеталық және емдік профилактикалық заттар;

Сүтқышқылының өнімдері, ацидофильды сүт, лизоцим, жасанды уыз

Ас қорытуды жақсартқыш заттар;

Эфир майлары, жусан, түймегүл, үш жапырақ т. б.

Іш айдағыш заттар;

Магний натрия сульфаты, өсімдік майлары, рәуағаш түбірі, сабур,

ареколин, пилокарпин, карбохолин, кастор майы

Қақырық түсіргіш заттар;

Аммоний хлориды, анис ұрығы, натрий би карбонаты- ас содасы, карловал

тұзы, сурьма, скипидар

Құстырғыш заттар;

Апоморфин, вератрин,

Несеп айдағыш заттар;

Уротропин, меркузал, теофилин, темисал, калий жіне калий

ацетаты, толокнянка жапырағы

Жүйке жүйесіне әсер етуші заттар;

Седативтик тежелу үрдісін күшейткіш және ауырсындырмаушы заттар; құстырғыш заттар

Бром препараттары; калий бромид, натрия бромид, кальция бромид, аммония бромид. Валериан препараты. Наркоздық препараттар

Журек препараттары;

Кофеин салицилат, жүрек гликозидтері, май лалагүлі, камфора, стрихнин

Зат алмасуға әсер етуші заттар;

витаминды препараттар

Биогенді стимуляторлар;

Гормондар, тканьды препараттар, қанның нәрлі сұйығы

Тканді терапия;

АСД. АЦС

2. 2 Мал шаруашылығында диспансеризация жүргізу

Диспансеризация - дегеніміз мал шарушылығындағы әртүрлі аулардыды

болдырмауға, олардың шаруашылықтық-тиімді сапасы мен сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына тұрақтылығына бағытталған шаралар жиынтығы. Мал шаруашылығында диспансеризацианың алдына қойылатын мақсат - ол малдардың анемиялық және гиповитаминдік жағдайын, зат алмасуының бұзылуын, созылмалы індетті ауруларға емдік және алдын алу шараларын өткізіп, денсаулығын қалпына келтіруді қамтамасыз ету.

Кешенді түрде өткізілетін шаралардың ішінде ерекше көңілді

аударылатын жай - ол азық цехі, онда қолданылатын азықтың сапасы мен азық қоспасының әзірлеу технологиясы. Етті балықты азықтар тек ветеринариялық сараптаудан кейңн ғана рационға енгізіледі. Шартты түрде жарамды азықтар, қой басы және шошқа еті термикалық өңдеуден кейін ғана қолданылады.

Дайындалып араластырылған азық қоспасына витаминдер, балық майы және микроэлементтер барлық азық көлеміне біркелкі бөлінуі қажет.

Диспанцеризацияны ветеринариялық мамандар жіргізеді күзде малды қолда қорада ұстаған кезде, және көктеде жайылымға шығар алдында. Онда диагностикалық, профилактикалық және емдеп-сауықтыру шаралары жүргізіледі.

Диагностиқалық шаралар олар : малды шаруашылықта қолдану анализі(өнімділігі, тұқымы, жасы, қонымдылығы т. б. ), азықтандыру (типі, деңгейі, санитарлық және азықтың өнімділік сапасы, рацион құрылымы, азықтандыру режимі, т. б. ), күтім жаңдайы (мал тұратын орынның тиі. Сырт бейнесі. Микроклиматы, моцион - серуен сипаты т. б. ) . Клинико - физиологиялық зерттеулер мал басының бәрін қамтиды, табын синдроматикасын зертегенде (сүт өнімінің деңгейін, жасы үлкен малдардың тірі массасының бірқалыптылығы мен туылған өнімін, акушерлік-гинекологиялық ауруларын, табындағы аналық бастардың бедеулігін, жаңа туған малдардың ауруларын, ақырғы үш жылда браққа шыққын малдардың себебін анықтайды т. б. ) . Сиырларды, құнажындарды, бұқаларды клиникалық зерттеуден өткізгенде олардың жалпы жағдайына көңіл аударады: мінез құлқына, салмағына, қоңдылыңына және тері жабынына, тұяқтары мен сүйектерінің деменерилизация болу мүмкіндігіне көңіл аударылады. Қажеттілік туындайтын болса организм жүйелері мен мүшелеріне толық зеттеуден өткізеді Өткен мерзімдегі өлім жітімге анализ жүргізеді. Індетті созылмалы аурулар диагностикасын (туберкулез, бруцеелез) және иинвазиялық (токсаскаридоз, дифилло-ботриоз, токсоплазмоз т. б. ) ауруларын жайсыз шаруашылықтарда тазарту мен табынды аурудан сауықтандыру, жоспарлы түрде жасалған шараларға сәйкес өткізіледі.

Жануарлардың зат алмасуының субклиникалық өзгерістерінде қан, несеп, нәжіс, сүт сынамалын алып жерттейді. Клиникалық белгілері айқын байқалатын организмің зат алмасуының бұзылуында, бедеулікте малдарды ерекше есепке алып бағадыда, нақтылы клиникалық, лабораториялық зерттеулерден өткізіп, ем тағайындады. Қанындағы белок, каротин, қальций фосфор тұздары, сілтілік резервтілікке, кетонды денелерге ж. т. б. зерттеледі. Сүтте қышқылдық және кетон денелеріне анықтайды. Несеп сынамасын инструкцияда қаралған көрсеткіштерге тексереді.

Ферментті және иммунды тесттерде өзіне тән қатаңдық байқалмайды, көптеген патологиялық жағдайларда қалпы өзгеріп тұрады - инфекциялық, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларда белсенділіктің жоғарғы немесе төменгі фонын ұстап тұрадыда, оң нәтиже беретін тиімділікті байқатып дамып келе жатқан сәтсіздкті білдіреді. Малдардың витаминаминдермен қамтамасыз екендіктерін олардың жиналатын - деполы мүшелерінен білуге болады (жиі бауырда) .

Лабораториялық анализ жұргізу үшін мал ішінен таңдап (әрбір түліктің ішінде, кем дегенде алтауынан түрі түсіне байланысты) қан алынады. Тексеру кезінде малдар ауырсынатын болса, онда тексеріс алдында новокаин блокадасын қолдануға болады.

Оранизм жағдайының информативтік ең негізгі көрсеткіші болып ферменттер - лактатдегидрогеназа (ЛДГ), (АСАТ), сілтілі фосфатаза (ЩФ), табиғи факторлардың гуморальды резистенттілігі -компонент, лизоцим, бетализиндер, қан белоктары, ағын қандағы гемоглобин мен эритроцит саны қағаздағы электрофорез әдісі арқылы анықталады.

Клиникалық - лабораториялық зерттеулер бүкіл табындағы малдардың зат алмасуының бұзылуы сипатталатын синдромы, себептері, олардан айығуы айқындалады. Лабораториялық анализдер мен клиникалық зертеулердің нәтижелерін, қалыпты физиологиялық көрсеткіштер салыстырады. Ол табындағы малдардың қаншасының биохимиялық көрсеткіштерінің өзгеруі мен зат алмасуының бұзылу дәрежесін анықтайды. Егер лабораториялық зерттеулер мен мал ауларының анализдерінің көптеген көрсеткіштерін салыстырғанда өзгерістерін анықтау қиынырақ және көбірек болса, онда статистикалық анықтау әдістері арқылы байланысын немесе корреляциясын қолданады.

Байланыстарды табу үшін корреляция коэффициентін формула - өрнек арқылы анықтайды: ad - bc

Р =

Ad +bc

Онда р - корреляция коэффициенті; а. b, c, d берілген анализдерге

сай көрсеткіштері.

Мысалы шаруашылықта 200 сиыр зерттелсе, оның 120 -сының қанында коротинының құрамы қалыптан төмен болса (сәтсіз топ болып табылса) . Осы топтан туған 120 бұзаудың 80-ні диспепсия мен ауырды. Ал 80 сиырдың қанында каротині қалыпты, 10 бұзау ғана диспепсиямен ауырды.

Осы мысалда берілген көрсеткіштер кесте түрінде көрсетілген

каротин бойынша мал саны ауырған бұзау саныауырмаған бұзау

зат алмасудың сан

жағдайы

Бұзылғаны 120 80 а 40 b

Қалпы 80 10 с 70 d

80 х 70 - 40 х 10

Р = =

0, 87.

80 х 70 + 40 +10

Биологиядағы математикалық статистика ережесіне сай, ең мықты корреляция коэффициентінің байланысы 0, 7 - 1. 0 тең болса. орташасы 0, 3-

0, 7 тең, ал әлсізі 0, 3 төмен болып саналады. 0, 87 корреляция коэффициенті сиырлардың қанындағы каротин көрсеткіші мен диспепсияға шалдыққан бұзаулардың байланысы мықты екенін көрсетеді. Сондықтан, бұзаулардың ауруын алдын алуда, сиырлардың рационындағы қаротинды теңдестіру мен, ауырған бұзауларды емдеу үшін витамин А концентратын қолдану керек. Диспансеризация нәтижелі болу үшін нақтылы шара қолдану қажет. Мал шарушылығының жетіспеушіліктерін жоюда, азық базасын нығайту, азықты рационалды түрде колдану, шаруашылықта технологиялық үрдістерді жетілдіру, малды күтіп бағуда зоогигиеналық және ветеринариялық - санитарлық жағдайларын кемелдендіру керек.

2. 3Инфекция туралы ұғым және эпизотологиялық процесс

Эпизоотология - эпизотологиялық процестердің заңдылығын (себебін, пайда болу жағдайын және инфекциялық аурулардың таралуын) және осылардың негізінде алдын алу шаралары мен күресу шараларын оқытатын ғылым.

Эпизоoтология ғылым ретінде жалпы және жеке-жеке ауру түрлерін қарастырушы болып бөлінеді.

Жалпы эпизоoтология эпизоотияның дамуы мен сөнуі, сонымен қатар пайда болу заңдылығы және инфекциялық ауруладан сақтандыру мен жою әдістерін оқытады.

Жеке эпизоотолгия әрбір инфекциялық ауруларды, олардың пайда болуын себебін, клиникалық, патологиялық белгілерін cипаттайды. Инфекциялық ауруладың көбі жойылған, қазіргі кезде жалпы ауруларға шаққанда оладың проценті төмен. Бірақ осы кейінгі кезде мал шаруашылығында зияны көбірек болып келеді. Олар мал басының төлінің аздығы, жанама шығындар-істелген шаралардың төлем ақысы малдарды карантинде ұстау, ауруды жою, емдеуге кеткен қаражаттар.

Эпизоотологиялық аурулар тек экономикалық шығынмен есептелмейді, ол аурулар адам денсаулығына да қауіп туғызады.

Күрделі бір биологиялық процесс, патогенді микроб - ауру қоздырғышы мен мал организмнің арасындағы белгілі бір сыртқы орта жағдайына байланыстың даму арақатынасын инфекция - деп атайды.

Организм мен микробатың айқын байланыс формасы инфекциялық ауру деп аталады. Ол қоздырғыштың әсерінен айқын патологиялық процесстің шығу жауабын организм қалпын көрсетеді. Инфекциялық процестің ағысы қоздырғыштың қасиетімен, организмнің реактивтілігімен айқындалады. Инфекциялық процесске үлкен ықпал ететінсыртқы факторлар (азықпен, күтім) . Жұққан аурудың бәрін ауыру туғызады деп есептуге болмайды, себебі ол жасырын өтіп организмде өзгеріс білдірмейды. Аурудың дамуына қосымша жағдайлар болуы керек. Кейбір қоздырғыштар жыл бойы организмге өтіп клиникалық өзгеістер туғызбайды, туберкулез, паратиф микробтары.

Ол қоздырғыштың қасиетімен, вирулентілік дәрежесіне байланысты. Азықтың шіруі, ылғалдылығы, суық, шектен шыға мал күшін жұмсау. Рацион балансының дұрыс болмауы, әсіресе витаминдердің аз болуы. Ретинол витамин А антиинфекциялық. В тобының аз болуы, фагоциттердің әлсіреуне, микробқа организм қарсылығы азаяды. Пневмония, энтероколиттер аскорбин қышқылының аздығынан болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәріхана ішін қадағалау түрлері
Таблеткаларды дайындау технологиясы
Фармацевтикалық химияның міндеттері
Таблеткалар технологиясы
Дәрілік заттарды енгізу жолдары
Қазақстан Республикасында медициналық препараттарды сертификаттау ерекшеліктері
Дәрілік өсімдіктер жайлы
Дәрілік өсімдіктердің биологиясы
Дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу қағидалары
Дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz