Психологтың құқықтары


Мектептегі психологиялық қызметтің маңызы және оны ұйымдастыру жолдары
Адам өмірі, оның ішкі жан дүниесінің әсемділігі, адам психологиясының қалыптасуы, адамзат қоғамының өркендеп гүлденуі ең алдымен білімнің даму деңгейіне байланысты.
Қазақстанның өркениетке ұмтылып бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруінің басты тетігі - білім екендігі анық. Ел басымыздың Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша «қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында «білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігінің қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деуі соған толық дәлел бола алады.
Сонау кеңес дәуірінде пайда болған мектеп психологының бүгінгі таңда атқарып отырған жұмысы сан саналы. Бүгінде психологияның енбеген саласы кемде кем. Өзіміз көріп, тыңдап жүрген жастар, тәрбие, ата-ана, отбасы, мектеп, қарым-қатынас, неке, саясат, идеология т. б. проблемаға байланысты берілген теледидар хабарларында психологтың жиі араласатынын көріп жүрміз. Бұның барлығы психологтың бүгінгі қоғамда алатын рөлін ерекше сипаттайды.
Ұстаздар қауымының сенімді тірегі, көмекшісі, сондай-ақ білімге ұмтылған әр баланың ішкі жан дүниесін түсініп, олардың танымдық деңгейлерінің дамуына бірден-бір ықпалын тигізіп, оларды өмірге психологиялық жағынан дайындайтын мектеп психологтары. Бұның өзі мектеп психологының жұмысы бүгінгі таңда мектепке, балаға, мұғалімге, ата-аналар үшін қажет екендігінің дәлелі.
12 жылдық білім алуға көшу, мектептердің соған дайындығы, жалпы бұқара халықтың 12 жылдық білімге психологиясын өзгерту т. б. проблемалар бүгінде психолог жұмысының бір түрі.
Мектептің педагогикалық ұжымы психологтермен тікелей байланыс орната отырып, баланы түсініп оларды психологиялық жағынан зерттеп, біліп түрлі бағытта жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда ешқандай мектеп балалардың жан дүниесін, ішкі сырын, жеке басының тәртібін, олардың ата-анамен, ұстаздармен қарым-қатынасын, балалардың өзара қарым-қатынасы, олардың арасында болатын түрлі конфликтілерді психологсыз шешу мүмкін емес.
Психолог баланың жас ерекшелігіне байланысты:
- психодиагностикалық
- психопрофилактикалық
- психокоррекциялық
- психологиялық ағарту, кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.
Аталмыш жұмыстардың мазмұны, оның түрі, формасы балаға оның оқу-тәрбиесіне, жеке басының қалыптасуына, әлеуметтік ортасына және мектептің проблемасына байланысты.
Мектептің іс-тәжірибесіне толық перспективті енген, жұмыстардың бірі-психопрофилактикалық жұмыс болса, өзекті деңгейде психокоррекциялық жұмыс болып табылады. Бірақ мектеп психологының психодиагностикалық жұмысы кез-келген деңгейде жүргізілетін жұмыстың түрі.
Қазақстан мектептеріндегі психолог жұмыстарының іс-тәжірибесін оқи отырып, оны талдасақ мектеп психологтары өз іс-әрекетін бірінші, психодиагностикалық жұмыстан бастайды. Неге?
· Біріншіден, қазіргі кезде мектептерде психолог шешетін психологиялық проблемалар санының көп болуы.
· Екіншіден, психодиагностикалық жұмыстың нәтижесіне байланысты психокоррекциялық және баланың жеке басын дамытатын шаралар жүргізілуінде.
· балалардың танымдық үрдістері олардың жас ерекшелігіне сәйкес дайындалмауы;
· балалардың мектепке психологиялық жағынан дайындықтарының төмендігі.
Мектеп психологы ретінде өз іс-әрекетімде бірінші сынып оқушыларын мектепке алғашқы қабылдау сәтін сынып жетекшісімен бірлесе отырып ұйымдастырған кезде ең басты көңіл бөлетін мәселем балалардың психологиясы, жеке бастарының қалыптасуы, мектепке дейінгі дайындықтары, таным үрдісінің даму деңгейі
Байқау, бақылау, сынау, әңгімелесу әдістерін пайдаланудың нәтижесінде, бастауыш сыныпқа келетін балаларды танымдық деңгейінің дайындығына және олардың жеке басының қалыптасып дамуына қарай үш топқа бөлдік:
1. Оқуды түйсініп, қабылдап, есте сақтап, оқуды әрі қарай алып кететіндер. Яғни танымдық деңгейі жақсы балалар
2. Бірінші аталған топқа қарама қарсы. Яғни танымдық деңгейі нашар дамыған балала
3. Үшінші топтың балалары өзін қоршаған ортадағы заттарды тануға, ажыратуға қабілеті нашар. Яғни танымдық деңгейлері педагогикалық олқылықтың салдарынан дұрыс қалыптасып, дамымағандар.
Оқу үрдісінде балалар үшін барлық пән маңызды. Дегенмен балалардың ақыл-ойының дамуына бірден ықпал ететін «математика» пәні болғандықтан, зерттеуге алынған балаларға арналған сауалнамалар, тестік тапсырмалар, психологиялық ойындардың мазмұндары математикалық ұғымдармен, түсініктермен байланысты.
Балалардың танымдық деңгейін көтеру мақсатындағы тренингтер:
1) Санай білуге арналған «Баспалдақпен көтерілу» тренингі.
2) Ойлауды дамытуға арналған «Екі қолдың ортасындағы математикалық белгіні ажырату» тренингі
3) Бала ойлауын дамытуға арналған «Аңдарды үйшіктеріне орналастыру» тренингі
4) Зейінді қалыптастыруға арналған «Назар» тренингі
5) Зейінді дамытуға арналған «Тұрақтылық» тренингі
Жаттығудың басында балалар қайта-қайта шатасты. Балалар суреттегі жазуды оқуға көңіл бөлмеді, әрі біздің көрсеткен тапсырмамызды көпшілігі орындай алмады.
Балалардың жаттығу барысында ойынды орындай алмау себебі оларды ременеценциялық (кешігіп еске түсіру) құбылыс басымырақ болды және ол бұл жасқа тән.
Жаттығу бірнеше рет қайталанғаннан кейін ғана балалар тренингтің алдына қойған мақсатты орындауға жаттықты.
Бұл тренингтің практикалық маңыздылығы сонда балалардың затқа деген түсінігін қалыптастырып қана қойған жоқпыз, балалардың заттарды дұрыс қабылдап, ойлай білуіне де көңіл бөлінді.
Мектеп психологының түрлі бағыттағы жұмыстары балалар психологиясынан, мұғалім және ана-аналар проблемаларынан туындайды.
Мектептегі ұжым, ата-ана, оқушымен жұмыс жүргізетін педагог-психологқа қойылатын моральдық-этикалық талаптар:
1. Қандай жағдайда болмасын психодиагностикалық жұмыстың қорытындысы балаға т. б. кері әсерін тигізбеу керек:
2. Балаларды диагностикалау арнайы жағдайда болмаса, ол ата-анасының балалардың келісімімен жүргізіледі;
3. Ата-ана, балалардың тәрбиелеушісі - зерттеу жұмысының деректерімен танысуға құқылы.
4. Психологиялық кеңес жұмысының т. б. сыры құпия сақталу керектігін естен шығармау.
Психологтың кәсіби этикасының маңызды категорияларының қатарына абырой категориясын жатқызамы. Кәсіби абырой - бұл психологтың өз борышын жан-тәнімен орындаудың жоғары әлеуметтік құндылығын педагогикалық ұжымның және ата-аналардың түсінуі және оның қоғамдық көзқараспен танылуы. Абырой сезімі - бұл психологтың істері мен әрекеттерінің қозғаушы күші.
Мектеп психологтарының барлығы - абыройдың адамдары. Бұл қасиет өз міндетін, борышын дұрыс орындағанда көрінеді. Психологтың басқа кәсіптен ерекшелігі сол қандай психологиялық жағдайда болмасын қайраттылықты, ұстанымдылықты, өз ісіне жан-тәнімен берілуді талап етумен сипатталады. Психолог өз кәсіби абыройын ұжым абыройынан бөлуге тиіс.
Психолог абыройы мен ұжым абыройының байланысуы екі жаққа да мақтаныш сезімін туғызады. Абырой психологтың сөзінен, білімінен, жүріс-тұрысынан, жұмысты нәтижелі орындауынан, шеберлігінен, сөзінің, ісінің тұрақтылығынан т. б. жағдайлардан туады. Психолог абыройы барлық кезде қайырымдылықтан туындайды. Балаға, адамға жасаған қайырымдылығыңыз пайдаға негізделмеу керек екенін кезкелген саналы маман білуі керек.
Психолог жұмысында іс әрекеттің қай түрі болмасын оның барлығы жетекші әрекеттер болып есептелінеді.
Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
Психологиялық қызметтің міндеттері:
1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар) .
2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.
4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.
Психологтың құқықтары:
1. Оқу-тәрбиелеу процесіндегі барлық субьектілермен жұмыстың формасы мен әдісін және белгілі бір кезеңде маңызды деген бағыттарды таңдай алады.
2. Әкімшілікке психологиялық қызметтің іс-әрекетінің нәтижелі, әрі өнімді іс-әрекетіне мүмкіндік беретін ұсыныстарды айта алады.
3. Оқыту - тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға байланысты мектеп құжаттарын қарастыра алады.
4. Оқыту-тәрбиелеу процесіне байланысты кеңестерге, жиналыстарға белсенді қатыса алады.
5. Мектепте психологиялық зерттеуді және әдістерді жүргізеді, түзетеді.
6. Психолог өзінің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында әртүрлі конференцияларға, семинарларға қатыса алады; психологиялық орталықтармен ассоциациялармен, практик-психологтармен, сонымен қатар оқу орындарындағы психология кафедраларымен іскер байланыс жасай алады.
7. Арнайы дайындығы жоқ адамдарға, психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстарды жүргізуіне тыйым сала алады.
8. Әкімшіліктің тапсырысы этикалық принциптерге, жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмеген жағдайда, орындаудан бас тарта алады.
Психологтың міндеттері:
1. Жұмыс барысында ҚР БжҒМ бекіткен нормативтік актілерге, құжаттарға, бұйрықтарға негізделуі керек.
2. Психология ғылымының кейінгі жетістіктерімен таныс болып, өз іс-әрекетінде тек ғылыми негізделген әдістерді қолдануы керек.
3. Психологтың этикалық кодексін білуі керек және жұмыс барысында негізге алуы керек.
4. Мектептегі құжаттарға психологиялық талдау жасауы керек (тәрбиелеу жоспарлары, оқыту бағдарламалары, педагогикалық кеңестің шешімдері және т. б. ) .
5. Әртүрлі деңгейдегі мектеп ұжымындағы тұлғааралық қатынастарға өз бақылауында ұстап, талдап, қажетті кезде түзету керек (мұғалім-әкімшілік, мұғалім-мұғалім, мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы) .
6. Психологиялық құжаттарды ерікті формада жүйелі түрде жүргізіп сақтауы керек (диск, магнитофондық жазбалар және т. б. ) .
7. Диагностикалық жұмыстың негізінде алынған мәліметтерді ешкімге жарияламауы керек.
Мектеп психологының жауапкершілігі:
1. Психолог психологиялық диагноздың дұрыс қойылуына, қолданылатын диагностикалық және коррекциялық әдістердің нақтылығына және берілетін ұсыныстардың ғылыми негізділігіне жауапты.
2. Психолог жүргізілген психологиялық зерттеу және тексеру жұмыстарының хаттамаларының сақталуына және құжаттарды жүргізуге жауапты.
Психологтың этикалық кодексі:
1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.
2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.
3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті.
4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады.
5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.
6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба.
7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл.
8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма.
9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін.
10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан!
11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!
Психологтың жұмыс бағыттары:
1. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отырып, олардың психологиялық сауатын көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру. Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:
- балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес, зейін, ерік, ойлау, сөйлеу, қабылдау т. б. ) ;
- бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру;
- оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеу мен ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау;
- оқушылардың әрбір психикалық үрдістерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру;
- арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау;
- интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне (күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т. б. ) байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу;
- педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру, ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.
Психолог психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін сынып жетекшілермен бірлесе отыра, оқушылар туралы мәліметтер жинақтайды:
- дарынды оқушылар;
- озат оқушылар;
- үлгермеуші оқушылар;
- «қиын» оқушы мәселесі.
Психолог сабақтарға қатысады:
- оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында;
- оқушылардың психикалық үрдістеріне, мінез-құлық, темперамент ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу мақсатында;
- мұғалімдерге педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында.
Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады:
- мұғалімдер үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу;
- педагогикалық-психологиялық консилиумдар өткізу;
- ІХ-ХІ сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін зерттеу;
- оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- мұғалімдер үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу;
Психопрофилактикалық жұмыс түрлері: психологиялық сауаттандыру, психологиялық кеңес беру, педагогикалық-психологиялық консилиум.
2. Психодиагностикалық жұмыстар - ол әрбір жас кезеңдеріндегі оқушылардың өзіндік психикалық үрдістерінің даму ерекшеліктерін түрлі зерттеу әдістері мен зерттеу әдіс темелерін қолдана отыра анықтайды.
Психодиагностикалық жұмыстарды мектеп психологы мынадай мақсатта жүргізе алады:
- оқушылардың психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай келе ме? Әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетін ерте анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізеді;
- балалардың жас дамуынан төмен психикалық ауытқушылықтарының себептерін, мінез-құлықтың бұзылу себебін анықтауға арналған диагностикалық зерттеулер жүргізеді;
- оқушылардың ересектермен (мұғалім, ата-ана), өз құрбыларымен қарым-қатынасының мазмұнын, қарым-қатынастың бұзылуының кейбір психологиялық себептерін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізеді.
3. Психокоррекциялық (түзету) жұмыстары. Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету. Білім беру мен тәрбие жұмыстарын қатар жүргізе отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігі, жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету. Ол үшін психолог:
- жас ерекшелігіне байланысты әрбір кезеңнің қалыптасу бағдарламасын жасауы керек;
- психикасында ауытқушылығы бар балалардың жүйке жүйесінің бұзылуының себептерін анықтайды;
- әрбір психикалық ауытқушылықтардың мазмұнына байланысты коррекциялық (түзету) жұмыстың бағдарламасын жасайды;
- шұғыл шара алатындай отбасы жағдайы қиын балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетудің бағдарламасын жасау.
Психокоррекциялық жұмыс ата-аналармен, пән мұғалімдері мен сынып жетекшісімен бірлесіп жүргізілуі керек. Психокоррекциялық жұмыстар барысында оқушыларға ойын тренингтерін беру, иммитациялық ойындар, түрлі маңызды ситуацияларды шешу т. б. тапсырмалар беріледі.
Қиындық туғызатын оқушылармен жұмыстың мақсат-міндеттері:
1. Оқушының жеке басын, отбасын жеке зерттеу;
2. Оқушының физиологиялық-психологиялық ерекшелігін диагностика арқылы анықтау;
3. Қиын оқушылармен ақыл-кеңес, әңгімелесу, сырласу жұмыстарын жүргізу;
4. Мектептің, сыныптың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде араластыру;
5. Арнайы мамандармен (дәрігерлер, психолог, заң қызметкерлерімен) кездестіру;
6. Арнайы комиссияларға апару;
7. Оқушыларға жауапты жұмыстар тапсыру;
8. Балаға сыйластықпен қарап, оның жағымды жақтарын ашуға тырысу;
9. Сабаққа қатысуын жүйелі бақылау;
10. Ата-анасымен үнемі тығыз байланыста болып, ақыл - кеңес беру.
Қиындық туғызатын оқушыны бақылау күнделігі
1 Аты-жөні
2 Жасы
3 Сыныбы
4 Отбасы құрамы, білімі, кәсібі. Ата-анасының қызметі
5 Отбасының педагогикалық жағдайына сипаттама
6 Педагогикалық қиындықтарды жою жолдары
7 Оқушымен, ата-анасымен жүргізілген жұмыстың нәтижелілігі: сауалнама, диагностика, бақылау, міндеттерді алу, түзету жұмыстары, нәтижесі.
Оқушыны мектепішілік есепке қоюға арналған есеп картасы
Оқушының аты-жөні, сыныбы
Туған жылы, айы, күні
Мекен-жайы, телефоны
Ата- аналары туралы мәлімет
Өзара қарым- қатынас беті
1. Оқушының ұжымдағы беделі?
Басшы, беделді, елеусіз, бөлектенген, енжар.
2. Ұжымның ескертпелеріне, сындарына, талаптарына қатысы?
Жағымды, ынтамен, қинала, бей - берекет, өштесе, селқос.
3. Достары бар ма?
Тек өзінің сыныбында, сыныптан тыс, сыныпта да, сыныптан тыс та, өзімен шамаластармен, өзінен үлкендермен, өзінен кішілермен, ешкімі жоқ.
4. Мектеп шараларына қалай және кім болып қатысады?
Басшы бола алады, ұйымдастырушы, белсенді мүше, енжар орындаушы, қарсы ұйымдастырушы, қатыспайды.
5. Кімдермен кикілжіңге түседі?
Сыныптастарымен, басқа сыныптағылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен, туысқандарымен.
6. Қандай еңбек түрін қалайды?
Ақыл-ой, дене, екеуін де, еңбек етуді ұнатпайды.
7. Өзіне деген қатынасы?
Өзіне-өзі сенімді, өзіне-өзі сенімсіз, өзіне сынай қарайды, өзін-өзі бақылайды, жетістікке ұмтылады.
8. Мәдениет дағдыларын меңгерген бе?
Қоғамда мәдениетті, шектен шығып кететін кезі болады, мәдениетсіз.
- Ерекше жасаған әрекеттері мен тәртіп бұзушылықтары?
Қиындық туғызатын оқушының тәрбиелік деңгейінің диагностикасы
Оқушының аты-жөні:
Адамгершілілігі,
саналылығы
Эстетикалық
талғамы
Өзін - өзі жетілдіру
дағдылары
Экономикалық
санасы
Бақылау картасы
Оқушының аты-жөні сыныбы
Оқу-іс-әрекеті;
- Немқұрайлылық;
- Оқығысы келмейді;
- Оқу үлгерімі төмен;
- Оқу бағдарламасын меңгеруде қиналады;
- Бір немесе бірнеше пәндерден үнемі үлгерімі төмен
Құрдастарымен қарым-қатынасы:
Сыныптағы жағдайы:
- Бөлек жүреді;
- Өзін сыныпқа қарсы қояды;
- Мінезі қиын балаларды басқарушы ретінде өзін сезінеді;
Басқа балаларға қатынасы:
- Өзінен әлсіз және кіші балаларға күш көрсетеді;
- Құрдастарын ұнатпайды;
- Әр түрлі жастар тобына кіреді;
Бос уақытын өткізуі:
- Үйірмелер мен секцияларға қатыспайды;
- Сабақтан бос уақытын үйден тыс (ауладағы достарымен) өткізеді;
- Ішімдік ішеді;
- Темекі шегеді;
- Өмір сүруіне ақша табумен айналысады;
Еңбекке қатынасы, кәсіптік бағыттылығы:
Мамандық таңдау:
- Өз мүмкіндігі мен қабілетін білмейді;
- Кәсіптік айқындалмаған;
- Өзі таңдаған мамандығына қатысты қасиеттері дамыған;
Еңбекке қатынасы:
- Еңбек етуге қарсы;
- Мектепте және үйде еңбек міндеттерін орындамайды;
- Жауапсыз қарайды;
Үлкендермен қарым-қатынасы
Ұстаздарымен:
- Бір немесе бірнеше мұғаліммен қайшылықты сипаттағы қарым-қатынаста;
- Дөрекі;
- Өтірік айтады;
Ата-анасымен:
- Қайшылықты мінез - құлықта;
- Өтірік айтады;
- Дөрекі;
Мінез-құлық және әрекеттер
Мектепте:
- Сабақтан қалу;
- Мектеп тәртібін бұзу;
- Дөрекі сөйлеу;
- Мектеп мүлкін бүлдіру;
- Сабақты бөлу,
- Төбелесу;
Үйде:
- Үйден қашу;
- Үй міндеттерін орындамау,
- Ешкімді тыңдамау;
- Өтірік айту;
Құқыққа қарсы әрекеттер
- Қаңғыбастыққа салыну;
- Қайыр сұрау;
- Құмар ойындар ойнау;
- Есірткі қолдану;
- Жезөкшелікпен айналысу;
- Ұрлық жасау;
- Алаяқтық алдау;
- Мүлікті бүлдіру;
- Дене жарақатын салу (төбелесу)
Қиындық туғызатын оқушы
Мектептегі тәрбиесі «қиын» оқушылармен әңгімелесу
Мақсаты: Мектептегі тәрбиесі «қиын» балалардың психологиялық даму деңгейін және шығу себептерін анықтау.
1. Сынып жетекшісімен әңгімелесу.
- осы мектеп оқушысының тәрбиесінде қандай қиындықтар бар?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz