Мектепке дейінгі мекемелер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мемлекеттік емес білім беру жүйесі шет ел мемлекеттерінде аса қатты танымалдылыққа ие. Алайда қазіргі уақытта елімізде мемлекеттік емес білім беру мекемелері бірте-бірте пайда болуда.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мемлекеттік емес білім беру жүйесінде сапалы білімге қол жеткізудің тиімді жолдарының ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу.
Зерттеу объектісі: Қазақстандағы мемлекеттік емес білім беру жүйесі.
Зерттеу пәні: Оқушылармен атқаратын қызметтің міндеті.
Зерттеудің міндеттері:
* Білім беру жүйесінің қалыптасуы туралы түсінік
* Мемлекеттік емес білім беру жүйенің даму тарихы
* Қазақстандағы мемлекеттік емес білім беру жүйесі
* Білім туралы Заңының қазіргі мемлекеттік емес білім жүйесінің дамуына ықпалы

* Қазақстандағы мемлекеттік емес білім беру жүйесінің мәні және маңызы
* Әлемдегі және Қазақстандағы мемлекеттік емес ЖОО-ның қалыптасу ерекшеліктері
* Мемлекеттік емес жоғары білім беру мекемелерінің дүниежүзіндегі дамуы
* Мемлекеттік емес жоғары білім беру мекемелерінің академиялық иерархияда алатын орны
* Мемлекеттік емес жоғары білім беру мекемелерін ұйымдастырудың заңнамалық саласы
* Қазақстандағы мемлекеттік емес білім беру: қалыптасуы мен заманауй талаптары
* 12 жылдық білім беру моделін оқытуды ұйымдастыру және басқару
* Қазақстандағы мемлекеттік емес білім беру жүйесінің тиімділігі мен тиімсіздігі
* Қазақстандағы мемлекеттік емес білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы
Tақыpыптың зepттелy деңгейi. Жүргізілген зерттеулер үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең - зерттеу мәселелерін қарастыру мен қойылым қою; зерттелетін тақырып бойынша педогогикалық фактілерді сипаттау және жіктеу; зерттеудің тұжырымдамасын айқындау.
Екінші кезең - алынған фактілерді талдау, интерпретациялау; зерттеу нәтижелерін апробациялау.
Үшінші кезең - зерттеу нәтижелерін жүйелеу, нақты мәліметтердің салыстырмалы талдауы; қорытындыларды тұжырымдау және диссертациялық жұмысты ресімдеу.
Зерттеудің бірінші кезеңінде педогогикалық зерттеудің келесі әдістері қолданылған: тарихи және логикалық талдау әдісі, тарихи және дерек көздерінің теоретикалық талдауы; отандық және заманауй мерзімді басылымдардың материалдары.
Екінші кезеңдегі зерттеу әдістеріне: статистикалық жинақтар мәліметтерін салыстыру мен жинақтау, елеулі ақпаратты мүшелеу мен жүйелеу, шет елдік зерттеу жұмыстарының және заманауй мерзімді басылымдардың материалдары.
Зерттеудің үшінші кезеңі үшін алынған мәліметтерді синтездеу, интерпретациялау әдістері, салыстырмалы талдау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы.
1. Мемлекеттік емес білім жүйесінің ерекшелігіне сай педагогикалық үдерісті ұйымдастыру;
2. Мемлекеттік емес білім беру мазмұнының жаңаруы;
3. Даму бағдарламасын жасап, оны іс асыруы;
4. Заманауи тәсілдерді қолдану арқылы сапалы білімге қол жеткізу.
Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжipибелiк маңызы.
oo Мемлекеттік емес білім беру жүйесінде сапалы білімге қол жеткізудің тиімді жолдарын пайдалануға байланысты әдістемелік ұсыныстар жасалды;
oo Жұмыс нәтижелерін мемлекеттік емес мектептердің, лицей мен гимназиялардың және педагогикалық колледждердің білім сапасына пайдалануға болады.
oo
oo
oo
І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

1.1 Білім беру жүйесінің қалыптасуы туралы түсінік
Білім берудегі басты міндет- ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологисыненгізу, білім беруді ақпараттандыру. Біз жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, біздің балаларымыз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі білім өрісі биік , денсаулықтары мықты өкілдері болады.Қазіргі кезде еліміздің білім беру жүйелерінде қайта құру жүріп жатыр, білім берудің жаңа ұлттық моделі құрылуда. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгілердің бірі орта мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады.
Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады.
1.2 Мемлекеттік емес білім беру жүйенің даму тарихы

ХХ ғасырдың 90-жылдары Қазақстандағы нарықтық қатынастарға көшу мен жаппай демократизациялау толқыны кезіндегі жұмыс істеп тұрған заңнама аясында білім беру саласында жаңа тарихы басталды, жаңа білім беру мекемелері - мемлекеттік емес білім беру орталықтары ашыла бастады.
Мемлекеттік емес білім беру - тәуелсіз Қазақстан үшін айтарлықтай жаңа құбылыс болғандығына қарамастан, оның алғашқы қалыптасуы жабайы бәсекелестік түрінде өтті. Жиырма бес жылдың ішінде мемлекеттік емес білім берудің мектепке дейінгі білім беруден жоғары білім беру орындарына дейін республикалық желілері пайда болды. Бүгінгі таңда мемлекеттік емес білім беру моделі өзін ел экономикасын көтеруде сауатты және жоғары білікті кадрлерді дайындауда мемлекеттің сенімді әрі лайықты серіктесі ретінде танылды.
Мемлекеттік емес білім берудің мазмұны - қолда бар дидактикалық қағидалар негізінде білім бұлағының сәйкес аймақтарынан алынатын, қандайда бір пәннің беретін білімі, дағдылары мен мүмкіндіктерінің нақты көлемі[26].
Таңдалып алынған ақпараттар оқушыларға белгілі оқыту құралдары мен ақпарат көздері арқылы жеткізіледі (оқу құралдары, техникалық және көрнекі құралдары).
Мектептегі мемлекеттік емес білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі қағидалары:
* Тұлғаның еркін дамуы, оның денсаулығы мен адами құндылықтарының басымдығын қамтамасыз ететін гуманизм;
* Мектепте сәйкесінше ғылыми оқуға ұсынылған мәдениет, әлеуметтік және ғылыми прогрестің соңғы жетістіктерін меңгерту.
* Әрбір ашылған жаңалық, алдыңғы білімге негізделеді, оның мазмұнын жоспарлауды қорытындылайтын бірреттілік.
* Тарихтың мектеп курсында белгілі бір ғылым саласының, ғалымдар тәжірибиесін, көрнекті ғалымдардың ағартушылық мәселеріндегі жұмыстарын тарихи мағынада ашып көрсету.
* Жүйелілік - жүйедегі біліктіліктің қалыптасуы мен оқылатын білімнің қаралуын қамтамасыз етеді. Барлық оқу курстары мен мектеп бағдарламасын түгелдей адам мәдениетінің жалпы жүйесіне кіретіндей құрастыру.
* Өмірмен байланыс - оқылған білімнің және қалыптасқан біліктіліктің шынайылығын тексеру әдісі. Сонымен қатар мектептегі білімді практикада бекітудің универсалды әдісі.
* Жас ерекшеліктерінің мүмкіндіктеріне және оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты қандайда бір білім, біліктілік жүйесі меңгеру үшін ұсынылады.
* Мектеп оқулықтарында ғылыми еңбектерді баяндау әдісі арқылы оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымымен, сонымен қатар таныстыру тәртібі және ғылыми ұғымдар мен терминдердің оптималды мөлшерімен анықталатын қолжетімділік.
Мемлекеттік емес білім беру жүйесіне:
* Мектепке дейінгі мекемелер;
* Жалпы білім беру мекемелері;
* Жоғары кәсіби білім беру мекемелері (ЖОО);
* Арнайы орта білім беру мекемелері;
* Мемлекеттік емес білім беру мекемелері;
* Қосымша білім беру.
Мемлекеттік емес білім беру мекемелері өз кезегінде жаппай және күрделі жүйені көрсетеді. Олардың тармақтары елдің және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер етеді. Білім беру мекемелерінде елдің әдет-ғұрыптары мен моральдық қағидалары дәріптеліп, оқушыларға, яғни ұрпаққа жеткізіледі. Білім беру жүйесіндегі маңызды әлеуметтік институтқа мектеп жатады.
Мемлекеттік емес білім беруді басқарудағы мәселелер:
* Мұғалімдердің жалақысының төмендігі;
* Мемлекеттік емес білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық толық қамтамасыз етілмеуі;
* Кадрлардың жетіспеуі;
* Білім берудің кәсіби деңгейінің төмендігі;
* Сенімділік деңгейінің қалыптаспауы.
* Мемлекет тарапынан қолдаудың аздығы.
Мемлекеттік емес білім берудің кез келген мемлекеттік-әлеуметтік сала секілді өзінің құрылымы болады.
Қазақстандағы мемлекеттiк емес бiлiм беру жүйесінің маңызы:
* бiлiмдi дамытудың нақты айқындалған басым бағыттары;
* мектепке дейiнгi және орта бiлiм объектiлерi желiсiнiң ұлғаюы
* бiлiм берудiң әрбiр деңгейi бойынша ұлттық және республикалық орталықтардың болуы;
* қазақстандық бiлiм беру құрылымының Бiлiм берудiң халықаралық стандарты жiктеуiшiмен сәйкестiгi;
* техникалық және кәсiптiк бiлiмдi қайта құрылымдау;
* Ұлттық бiлiм беру сапасын бағалау жүйесiнiң қызмет етуi;
* TIMSS - 2007 халықаралық зерттеуiндегi жоғары көрсеткiштер;
* Еуропалық бiлiм беру кеңiстiгiне кiру.
Осылайша, аталған бағдарлама мемлекеттiк емес бiлiм беру жүйесiн одан әрi жаңғыртуды және оның еуропалық деңгейге шығу перспективаларын болжайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 100 нақты қадам Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның 3-уі жалпы орта білім беру жүйесіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ БАЛАЛАР ҚАБЫЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ҚР білім беру туралы статистикалық көрсеткіштер жүйесі
Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні
Дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері
Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамыту
Мектепке дейінгі мекемелер ересектер тобына қазақ халық әндері негізінде эстетикалық тәрбие берудің ғылыми теориялық негізі
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері
Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
Пәндер