Шекспир шығармашылығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Баяндама

Кіріспе:

Әлемдік әдебиеттің ұлы шеберлерінің бірі, классик, ақын, драматург Уильям Шексирдің шығармашылығында антикалық тақырып ерекше орын иеленеді. Бұл тарихи әдеби және қоғамдық жағдаймен байланысты болды, өйткені Шекспир өркендеу дәуірінің ірі әдебиет өкілдерінің бірі болып табылады. Ал Өркендеу дәуіріне келетін болсақ, оның өзі негізінен әдебиетпен, тарихпен, антикалық мәдениетпен тығыз байланысты.

Шекспир өз шығармашылығының алғашқы кезеңінен бастап - ақ антикалық тақырыпты кеңінен пайдалана бастады. Оның 1593 жылы жариялаған алғашқы туындылары - «Венера және Адонис», «Лукреция» поэмалары көне әлемнің тарихы және мифологиясымен тығыз байланысты болды. Осы туындылардың арасында екі үрдіс айқын көрінеді: шынайы тарих бойымен жүру немесе - жалған, қиял, аңыз. Көріністер жалған немесе шынайы тарихи ретінде баяндалады. Түрлі жанрлар келесі туындыларған тән болып табылады: олар - «Лукреция» және «Венера мен «Адонис» секілді поэмалар, «Қателіктер комедиясы» секілді комедия және «Антоний мен Клеопатра», «Троил мен Крессида», «Кориолан» трагедиялары. Шекспир трагедияларының қатарынан осы диплом жұмысы арналған «Афиналық Тимон» трагедиясын таба аламыз. Бұл трагедия Шекспирдің 1607 - 1608 жылдар аралығында жазған соңғы туындыларының бірі болып табылады.

«Афиналық Тимон» - Шекспир пьесаларының ішіндегі кең оқырман мен көрермендерге де, тіпті сыншыларға да мейлінше аз таныс туындыларының бірі. «Гамлет», «Отелло» немесе «Лир патшасы» бәріне де мәлім: бірақ оларды білетіндердің көпшілігі Шекпспирдің бұл пьесасының мазмұны түгіл, оның атын да есіне түсіре алмайды. Бұл пьеса сахнада жиі қойыла бермейді. Бұнда махаббат шытырманы, махаббат пен қызғаныш жоқ, оның мазмұны - адамға деген сенімділік турасындағы философиялық мәселе. Бұл пьесаның кейіпкерінің жексұрын адам, адам жеккөруші деп жиі айтып жатады және бұдан басқа ол кейіпкердің бойынан ешбір қасиетін байқамайды. Бірақта, бұл пьеса Шекспирдің басқа да туындылары секілді күрделі әрі көлемді және оған ерекше мазмұн мен стилдік қасиеттер тән.

Диплом жұмысының мақсаты - Уильям Шекспирдің «Афиналық Тимон» трагедиясын тақырыптық, мәселелік, мазмұны мен образы, сонымен қатар стильдік мәселе тұрғысынан зерттеу. Ол үшін келесі міндеттерді шешу керек:

Диплом жұмысының міндеттері:

- өркендеу дәуірі мен оның әдебиетінің антикалық тақырыппен ХVII ғасыр гуманизмі негізі ретіндегі қарым - қатынасу мәселелерін қарастыру;

- шекспир шығармашылығындағы антикалық тақырыптың дамуын және оның шынай тарихи түрғыдан, сонымен қатар жалған кейіпкерлер мен жағдаяттар арқылы түсіндірілу ерешеліктерін бақылау;

- шекспирдің антикалық тақырыппен байланысты туындыларына қысқаша сипаттама беру;

- пьесаның жазылу тарихын, мазмұны мен кейіпкерлерін, сонымен қатар стилдік ерекшеліктерін зерттеу.

Диплом жұмысының нысаны - Уильям Шекспирдің «Афиналық Тимон» пьесасы.

Диплом жұмысының құралы - тақырыптама, мәселенама, пьесаның стилі мен түр сипаты.

Диплом жұмысының өзектілігі - ұлттық және әлемдік әдебиеттің ұлы шеберілерінің бірі ретінде Уильям Шекспирдің шығармашылығын зерттеудің маңыздылығымен анықталады.

Диплом жұмысының жаңалығы Шекспирдің осы туындысының аз зерттелуімен айқындалады, оны одан әрі тереңірек зерттеу қажет.

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлім мен қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде мәселе тарихына, Шекспир туралы әдебиеттерге қысқаша шолу жасалынады, диплом жұмысында қарастыру жоспарланған сұрақтар асы анықталады, тақырып дәйектемесі беріледі.

Уильям Шекспир 1564 жылы 23 сәуірде Эйвон өзенінің бойындағы Стратфорд деген кішкентай қалада дүниеге келген. Оның әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді (саудагер болған, қала мэры болып да сайланған) . Уильям Джон Шекспирдің үшінші баласы еді, одан басқа тағы жеті баласы болған. 7 жасында Уильям ең жақсы деп есептелетін грамматикалық мектепке барды (1571-1578), онда латын және көне грек тілдерін үйренді. Әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай, 16-ға толар-толмас жасында жұмыс істеуге мәжбүр болады (ет сатушының шәкірті, ауылдық мектепте репетитор т. б. ) . 18 жасында Уильям Анна Хесуэй деген өзінен 8 жас үлкен фермердің қызына үйленеді.

Бірінші бөлім. Уильям шекспир туындыларындағы көне тақырып

І. І. Көне және қайта өрлеу дәуірі. Көне тақырыптың өркендеуі.

Қайта өрлеу дәуірінің асыл идеясы лайықты жеке тұлға туралы ой болатын. Уақыт осы идеяны қасіретті сынға салды, Шекспирдің шығармашылығы осының куәсі болды. Соңына қарай онда дауыл дәйек ойы ұлғая түседі, өйткені тап дауылдағыдай бәрі шыр айналып, матасып, жоқ болды. Ұлылық пен пенделік оп-оңай орын ауыстыратын болды.

Қайта өрлеу дәуірінің асыл идеясы лайықты жеке тұлға туралы ой болатын. Уақыт осы идеяны қасіретті сынға салды, Шекспирдің шығармашылығы осының куәсі болды. Соңына қарай онда дауыл дәйек ойы ұлғая түседі, өйткені тап дауылдағыдай бәрі шыр айналып, матасып, жоқ болды.

Шекспир ұлттық мәдениет пен ағылшын тілінің қалыптасу үдерісін аяқтайды; оның шығармашылығы еуропалық Қайта өрлеу дәуірінің қасіретті қорытындысын шығарады. Кейінгі буынның жадында Жаңа уақыттың бастауында оның адами тұрпаттары мен өмірдегі оқиғалар галереясын жасаған бәрін қамтыған алып данышпан ретінде Шекспирдің бейнесі қалыптасты. Шекспирдің пьесалары күні бүгінге дейін әлемдік театр репертуарының негізін құрайды. Олардың көпшілігі әлденеше рет кино мен теледидар үшін экранға шығарылды.

Қайта өрлеу дәуіріндегі театрдың толық гүлденіп өсуі Шекспир шығармашылығымен байланысты болды. Осы тұста Ұлыбританияда К. Марлоның, Б. Джонсонның және т. б. драматургтердің шығармашылығы шырқау биікке көтерілді. 1576 жылы Лондонда тұңғыш театр ғимараты "Театр", бертін келе "Глобус" (1599), "Фортуна" (1600) салынды.

Шамамен төрт ғасыр бұрын жазылған Шекспирдің трагедиялары, тарихи шежірелері мен комедиялары әлі күнге дейін көрермендер мен оқушы қауымды тебірентпей қоймайды. Ең озық әлем театрлары мен танымал актерлер Шекспир спектаклін қоюды және онда ойнауды бақыт, құрмет деп есептейді. Ұлы драматургтің өмірі туралы деректер өте аз. Шекспир өзінің ойларын жазып, күнделік жүргізбеген. Оның замандастарымен жазысқан хаттары да, тіпті пьесаларының қолжазбасы да сақталмаған.

1. 2. Уильям Шекспир шығармаларының дамуы: оның эстетикасы және көркемдік қағидаттары. Оның шығармаларындағы көне материал ролі.

Шекспир шығармашылығы үш кезеңге бөлінеді.

Шекспир шығармашылығының бірінші кезеңі 1590-1600 жж. қамтиды. Оның алғашқы шығармалары 90-шы жж. басында жазылған: драмалық хроникалар, комедиялар және екі поэма «Венера мен Адонис» (1593), «Лукреция» (1594) . Бұл екі поэманы Шекспир граф Саутгемптонға арнаған. Осы жылдары аралығындағы пьесалары оптимистік сарында болып келеді. Комедияларында адамдардың бақытқа ұмтылу жолындағы кездесетін қиындықтармен күресі суреттеледі, жаңа дендеп келе жатқан буржуазиялық қатынастар әшкереленеді («Қателіктер комедиясы» - қойылуы 1594 ж., басылуы 1623 ж. ; «Асауға тұсау» - қойылуы және басылуы 1594 ж. т. б. І кезеңдегі пьесаларында Шекспир адамның және оның тұрған жерінің сұлулығын, өмірдің қарапайым қуаныштарын мадақтайды. Драматург орта ғасырлық жазушыларда бұрын болмаған сұлулықтың жаңа, гуманистік идеалын жасады, сондықтан оның шығарған образдары айқын және көп-кырлы.
Шекспир комедиялары мен драмаларының әрекеті әр түрлі елдерде болады, бірақ олар қай жерде өтсе де, барлығында Англияның рухы сезіледі. Драматург өткен ғасырды суреттесе де, оның жасаған кейіпкерлері Қайта өрлеу дәуірінің өкілдері болып көрінеді.

Шекспир шығармашылығының екінші кезеңі (1601-1608) Англия өміріндегі қоғамдық-саяси өзгерістермен тұтас келді. Бұл кезде корольдық үкімет реакциялық күштердің тірегіне айналды да, капиталдың әуелгі шоғырлану процесі халықтың жағдайын әлсірете түсті. Осы жағдайлар Шекспир шығармаларында трагедиялық сарынның молаюына себепкер болды. Бұл жылдары ол бірқатар әлеуметтік- философиялық пьесалар жазды: «Гамлет» (1602), «Отелло» (1604), «Король Лир» (1606), «Макбет» (1606), «Антоний мен Клеопатра» (1607), «Афиналық Тимон» (1608), «Кориолан» (1608) т. б. Шекспир шығармашылығының желісі - қоғамның жаңаруын көрсету, қоғамдық зұлматтықтар мен адамды аздырар, өмірді сүреңсіз көрсетер діни сенімдерді әжуалау. Шекспир туындылары шындыққа қалтқысыз сенуді, өмірді сүюді уағыздайды.

Шекспир шығармашылығының үшінші кезеңі (1609-1612) бұрынғысынша зұлымдық пен адамгершіліктің күресін арқау ете отырып, тартысты көбіне ұнамды қасиеттің иесіне моральдық және реальдық жеңдіру арқылы шешеді. Бұл кезеңге «Перикл» (1609), «Цимбелин» «Қысқы ертегі» шығармалары жатады. Бұл трагикомедиялар - мазмұны драмалық болса да, соңынан жақсы аяқталатын пьесалар.

Шекспир шығармашылығы

Уильям Шекспир - ағылшын тілді жазушылардың ішінде ең ұлы. Оның пьесалары мен өлеңдер қазынасынан әрбір жаңа буын өзінің құпия мағынасын табады. Шекспир жиырма жыл бойы, 1592 бастап 1612 жылға дейін, екі монарх, Елизавета І (1558-1603) және Яков I (1603-1625) басқарған уақытта шығармашылықпен айналысты. Осы кезең ішінде Шекспир екі үлкен поэма, өзара байланысқан сонеттер циклін - әрқайсысында 10 буынды 14 жолдан тұратын ырғақты өлеңдер және 37 пьеса жазды. Уильям Шекспирді Уорвикшир графтығында Стратфорд-на-Эйвоне қалашығының махалла шіркеуінде шоқындырды. 1576 жылдан бастап отбасы ақша тапшылығын көре бастайды, қабілетті Уильямды университетке оқуға жібермегені де мүмкін сол себепті шығар.

Келесі жолы Шекспир есімі 1592 жылы еске алынады: оның жолы болғыш, Лондонда жұмыс істейді, онда оның Генрих VI туралы пьесаларын қояды. 1593-94 жж. эпидемияға байланысты Лондон театрлары жабылады да, Шекспир лирикалық поэзияға көшеді. Эпидемия аяқталған кезде Шекспир бірнеше жылға басқа театр тобына - "Лорд-камергер қызметшілеріне" қосылады. Олармен ол сахнада ойнайды және олар үшін пьесалар, көбінесе хроникалар мен комедиялар жазады, дегенмен көрнекті трагедиясы "Ромео мен Джульетта" осы кезеңге сәйкес келеді.

Одан әрі Шекспир табысты кәсіпорынның - «Глобус» театрының акционері болады, ол пьесаларға қарағанда табысты болып шығады, оның әрқайсысы үшін авторға бар болғаны 6 фунд қажет етілді. 1603 жылы Елизавета I қайтыс болады да, таққа король Яков I отырады. Оның сүйікті труппасы бірден "Король қызметшілері" деп қайта аталады және спектакльдерімен сарайға жиі шақырылды. Осы кезге қарай Шекспир байыды және туған қаласында жылжымайтын мүлік сатып ала бастады. Осы кезде ол өзінің ең ұлы, жан тербетер трагедияларын - "Гамлет", "Отелло", "Король Лир", "Макбет" және "Антоний и Клеопатра" жазды

Шекспир (Shakespeare) Уильям (1564-1616), ағылшын драматургі, ақын; король труппасының актері болған. Мифологиялық сюжетке құрылған «Венера мен Адонис» (1593) рим тарихынан «Лукреция» (1594) поэмалары бар. «Шекспир желілері» (даусыз оның өзі жазған пьесалар) 37 драмадан тұрады. Алғашқы пьесалары өміршеңдігімен ерекшеленеді: «Асауға тұсау» (1593), «Жаз түніндегі түс» (1596), «Болымсыздан бос айғай» (1598) комедиялары бар. Адам өмірімен бағаланған махаббат пен адалдық туралы «Ромео мен Джульетта» (1595) трагедиясын жазған. Тарихи жылнамалық шығармаларында («Ричард III», 1593; «Генрих IV», 1597-98), трагедияларында («Гамлет», 1601; «Отелло», 1604; «Король Лир», 1605; «Макбет», 1606), «Рим трагедияларында» (саяси - «Юлий Цезарь», 1599; «Антоний мен Клеопатра», 1607; «Кориолан», 1607), лирикалық-философиялық «Сонеттерде» (1609 жылы жарияланған) дәуірдің адамгершілік, қоғамдық және саяси қайшылықтары көрсетіліп, олар мәңгі-бақи, мүлде жойылмайтын ретінде, жақсылық, ар-ұят, намыс сияқты адами жоғары құндылықтар бәрібір өңі айналып трагедиялық қасіретке ұшырауы әлемнің жаратылыс заңдылығы ретінде пайымдалған

Шекспир көптеген сонеттер жазды. Сонет (сыңғырлау, сылдырлау деген итальян сөзінен шыққан) - әр шумағы 14 тармақтан құрылатын өлең түрі. Тармақтар екі рет төрт-төрттен, онан соң екі рет үштен топтасады (З. Ахметов «Әдебиеттану. Терминдер сөздігі») . Оның 154 сонеттен тұратын жинағы сақталды. Бұл жинақ ақынның алғашқы, оның тірі кезінде жарық көрген жинағы. Кітапқа кірген 126 сонет ақынның досына, ал 128 қарашашты сұлуға арналған. Зерттеушілердің ойынша, Шекспирдің досы ретінде шығатын бейне - граф Саутгемптон, ал қарашашты сұлудың кім екені белгісіз, оның аты тарихта сақталмаған. Сонеттерді бірнеше циклге бөлуге болады. Олардың тақырыптары - достық, сүйіспеншілік, қызғаныш, тағдыр туралы толғау. Сонеттерінде ақын достықты, сұлулықты, махаббатты мадақтайды. Сонымен қатар бақытсыз махаббат, әлеуметтік, философиялық мәселелер көтереді.

Шекспирдің комедиясы сатиралық емес еді, ол жанрдың одан кейінгі дамуының бәрінен осынысымен ерекше болды. Оның күлкісі өмірдің толысуын, оның қуатын, сұлулығын, құбылмалығын сезінуден бастау алады. Шекспир комедияларының өзінің ұлы тақырыбы бар ол - Жаратылыс. Өмір қызығын меңгерген болып көрінетін емес, шынайы нақты болмысымен берілген оның өзінің сүйікті кейіпкері - сайқымазақ бар. Шекспирдің барлық алғашқы комедияларын олардың бастапқыларының бірі - «Қателер комедиясының» атымен айқындауға болады.

1. 3. Шекспирдің көне туындылары: «Венера мен Адонис», «Лукреция», «Тит Андроник», «Қателіктер комедиясы», «Троил мен Кресоида», «Антоний мен Клеопатра», «Кориолан».

Шекспир ескі, феодалдық дүниенің күні бітіп жатқандығын түсінді. Бірақ ол ақша мен баюға құмарлық үстемдік еткен буржуазияның жаңа дүниесімен де келісе алмады. Жазушының пікірі бойынша жауыздық барлық жерді жайлаған, ол сезім атаулының - сенім, әділет, сүйіспеншіліктің бәрін де уландырып отыр. «Менің айналамда көріп отырғанымның бәрі де жексұрындық», - деп үндейді ақын.

Қателіктер комедиясы

Бұл пьеса - шекспирдің ерекше туындылдарының бірі - өмір жолында басып шығарылмады, тек қайтыс болғаннан кейін 1623 ж фолиода басылды. Мәлім болғаны сахнаға 1594 ж дейін қойылып шыққан. Бірақ дәлірек пайда болу уақытын белгілеуге бір тұспал көмек бола алады, оның мәтінінің мазмұны. «Қателіктер комедиясы» - бұл бөлек дүние, б. д. д ІІІ-ІІ ғасырдың римдік жазушысы Плавтаның «Менехма» комедиясының қайта жасалуы секілді. Оған қоса, Шекспир Плавтаның «Амфитриона» комедиясынан алынған, бірнешще кейіпті қосты, олар - егіздерге қосымшща жұп - қызметшілер. Бұл материалды таңдау және оның өңдеу әдебі шекспирлік пьесаның шынайылығын көрсетеді.

«Тит Андроник»

Трагедияның басынан-ақ (І, 2) сахнаға табыт әкелінеді, ол табытта шайқаста қаза тапқан Тит Андрониктің жиырма баласының сүйектері салынған. Отит қолбасшының салтанаты шеруін өткізу, тұтқындардың бірі ханзада Аларбаның бөлшектеп және отта жағып, құрбан шалумен байланысты болды. Бұл жаза Тамор ханшаның кекшілдігін оятып, келесі оқиғаларға себеп болады. Бірінен соң бірін өлтіріп жатады. Тит Андроник сөзін тындамағаны үшін өзінің баласы Муцияны түйреп өлтіреді. Тамордың ұлы Деметрий Бассиананы өлтіріп, кінәні Титің екі ұлына артып. Дарға астырады. Деметрий мен інісі Титтің қызы Лавинияны зорлап, оларды ұстап бермес үшін оның тілі мен қолын кесіп алады. Тит Андроник зұлым мавр Аронға сеніп, екі ұлын құтқарып қалу мақсатында сол қолын кесіп тастайды. Мавр Арон ханщаның асыраушысын, Таморамен байланысы жөніндегі құпияны ашпас үшін найзамен түйреп өлтіреді.

«Троил және Крессида»

Жанр, мерзімдеу, жасырын мағынасы, шығу жағдайы - барлығы осы шекспирлік шығармаларының бірқатар жұмақтарыболып табылады, осы уақытқа дейін қорытынды рұсатын ала алмады.

Пьеса 1609 жылы тек бір рет Шекспирдің өмірі барысында жарияланды, «Троил және Крессида тарихы» атауында, оның қызметшілері жүзеге асырған, «Глобус» театрында үлкен қойылым болды. Бұл туындысы екі нұсқада жарыққа шықты, айырмашылығы толық мәіні тек екіншісімен байланысты болды. Екінші нұсқа титулдық беттегі бастамасы анағұрлым кеңейтілген нысанды болып табылады, ал соның ішінде: « Троил және Крессида туралы атақты тарих, өте жақсы бейнеленген олардың махаббаттарының туындауы, Ликий ханзадасының қызықты Пандар елшілігі», бірақ сонда да бұл пьеса бір кездері шыққаны жөніндегі нұсқаусыз болды. Сонымен қатар, бұл екінші нұсқа жасырын сөзбасымен жабдықталған(баспагерге тиесілі болғандай), мұнда пьеса ешқашан сахнада қойылмағаны, және оның мағынасының ерекшелігі артықшылығы сол, білімсіз көрерменге түсініксіз болатыны айтылған.

«Антоний мен Клеопатра»

1608 ж пьеса кітапбасылымдарының тізімінде болғанымен, кітап басылып шығарылмады, тек пьеса мәтінін бере отырып, ең алғаш рет 1623 ж фолиода басып шағарылды.

Трагедияның екі тақырыбы - махаббат және саясат - бір-бірімен бірікті, бірақ біріншісі екіншісіне ықпал етпей, керісінше екіншісі біріншісімен бірігіп, оны әдемілей түсті. Барлығы мазасыз, субьективті, тұрақсыз болды. Сол себепті Антоний бұрынғы римдік емес. Филон айтқандай, рим ері рақат күй кешті.

Трагедияның басынан соңына дейін Антонийдің салмақтылығын, ерлігін, данышпандығын, адал сезімін, ұстамдылығын байқаймыз.

Антоний сезімін, Клеопатра оған римнен елшілер келді деп хабар берген кезде, өз тағдырынан да, королдігінен де артық екенін мына жолдарда тамаша суреттеген:

"Мейлі Рим Тибр толқынымен шайылсын!

Мейлі күмбез құласын!

Менің үйім ендігі осында. Королдік- тозаң.

Жер-көң; адам мен малға берерін тең берер.

Бірақ өмір ұлылығы - махаббатта . . .

Әлемге оны дәлелдеймін.

Ешкім де ешқашан бұлай сүймеген

Біз секілді".

Яғни, ол әлемге, грек данышпанының артықшылығын емес, рим кару-жарағының женілмейтінін емес, Антоний мен Клеопатраның берік махаббатын дәлелдегісі келді!

Трагедияның екі тақырыбы - махаббат және саясат - бір-бірімен бірікті, бірақ біріншісі екіншісіне ықпал етпей, керісінше екіншісі біріншісімен бірігіп, оны әдемілей түсті. Барлығы мазасыз, субьективті, тұрақсыз болды. Сол себепті Антоний бұрынғы римдік емес. Филон айтқандай, рим ері рақат күй кешті.

Трагедияның басынан соңына дейін Антонийдің салмақтылығын, ерлігін, данышпандығын, адал сезімін, ұстамдылығын байқаймыз.

Венера және Адонис

«Венера және Адонис» поэмасы 1593 ж басып шығарылды, ол кездін өзіндеШекспир драматург болып танымал еді, бірақ автордың өзі бұл туындысын тұңғышым деп есептейді. Шекспир поэманы атақты қолдаушының көңіліне және жоғары өнер туындысына лайықты жанры деп есептеген деген болжам бар. Отанының жаңғырығы өзін анық сездіріп тұр. Сюжетте талап етілгендей, ақынның рухани көз алдында, ландшафта жергілікті ортаағылшындық суреттемелер, жұмсақ тондармен және тыныш сұлулығымен бейбіт Уорикшир туған суреттер өріс болды. Сонымен қатар поэмада керемет жылқы туралы білгір және тамаша аңшы екені сезіледі.

2. 1Афиналық Тимон»: құрылу тарихы.

«Афиналық Тимонның» 1623 жылы түптеліп басылған бастапқы мәтіні өзіне зерттеушілер назарын бұрыннан бері аударып келеді. Көркемдік жағынан алғанда пьеса өте дәлсіз, ол оны негізге нұсқасын оқығанда аса білінеді. Шекспирлік трагедиялық көріністерге толы эпизодтарымен қатар, аса мәнерлі емес тұстары да бар. Мәтіннің кейбір жерлері стилі жағынан Шекспирдің мәнеріне тән емес.

Шекспирдің қайғылы кезеңінде жазылған басқа да ұлы туындыларына тән трагикалық тереңділік пен поэтикалық күш - қуатпен жазылған көріністер тұрады. Сыншылар «Афиналық Тимон» мен «Лир патшаның» арасында байланыс бар екенін бірнеше мәрте айтып жүрді. Екі туындының да негізгі тақырыптары жақсылықты бағаламаушылық.

2. 2 «Афиналық Тимон»: мазмұны және кейіпкерлері. Тимон бейнесі.

«Афиналық Тимонда» кейіпкердің тұлғалық дамуы біршама қарапайым көрсетілген. Біз оның екі түр - кейпінде көре аламыз. Ең бірінші біздің алдымызға алдымен барлығына да мейірбан және жомарт Тимон, соңынан оның санасында күрт бетбұрыс пайда болып, іркілмес жалынды ызасы бар адам көрушіге айналып кетеді. .

Тимонның бейнесі: Өркендеу дәуірінің гуманистік әдебиеттерінде жиі кездеседі. Біз оны итальяндардың, француздардың, испандықтар мен ағылшындардың туындыларынан кездестіре аламыз. Ол өзіне гуманизм теорияшылдарының, новеллисттердің, ақындар мен драмтургтердің назарын аудартты.

2. 3Пьесадағы дұшпандық мәселесі: философиялық мәні.

Трагедияның дүниежүзілік әділетсіздікті айыптайтын аса күрделілік ойымен қатар, оның драмалық композициясы сол кезеңдегі басқа туындыларымен салыстырғанда қарапайымдылығымен ерекшеленеді.

Белинский «Афиналық Тимон» туралы былай деген болатын:т « . . . бұл пьесаның қарапайымдылығы, күрделі еместігі, оқиғалар шытырманына толы еместігі соншалықты оның мазмұнын айтып беру тіпті қиын. Адамдар адамгершілігі мол азаматты алдап, оның асыл сезімдерін аяқа таптады, оны адамгершілік құндылықтарға деген сенімінен айырды, және сонын кесірінен ол бүкіл жер бетіндегі барлық адамдарды жек көріп, оларды қарғады. Осы пьеса туралы айтуға болатын сөздер осы ғана.

2. 4. Пьесаны айқын бейнелеу тәсілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уильям Шекспир
УИЛЬЯМ ШЕКСПИРДІҢ ӨНЕР ЖОЛЫ
Ағылшын әдебиеті
Уильям Шекспирдің «Афиналық Тимон» трагедиясын тақырыптық, мәселелік, мазмұны мен образы
Қазақ әдебиетімен Европа халықтары әдебиетінің байланысы
ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ТЕАТР ӨНЕРІ
Уильям Шекспирдің шығармаларының ерекшелігі
Сонет жанрының тарихы
Ағылшын әдебиеті және Шекспир драматургиясы
Гамлет трагедиясындағы Англядағы гуманизм трагедиясының көрінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz